Бейнелеу өнері сабағында пән аралық байланысы. Пейзаж


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Искакова Ботагоз Кайроллиновна

« «Бейнелеу өнері сабағында пән аралық байланысы». Пейзаж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050107- мамандығы - «Бейнелеу өнері және сызу»

Көкшетау 2012

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағында пән аралық байланысы». Пейзаж.

На тему:

Мамандығы: 050701 «Бейнелеу өнері және сызу» Специальность:

Орындады: Искакова Б. К.

(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Жетекші: Қамбаров Қ. И.

(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Қорғауға жіберілді: «» 2012 ж.

Допускается к защите:

Кафедра меңгерушісі: Мағзумов Д. Н.

Зав. Кафедрой : (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Көкшетау 2012 ж.

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 4

I. Кескіндеме өнері

1. 1. Кескіндеме жайында қысқаша мәлімет . . . 7

1. 2. Пейзаж жанры және Қазақстан пейзажистері . . . 9 1. 3. Майлы бояумен жұмыс орындау тәсілі . . . 12

II. Әдістемелік бөлім

2. 1. Оқушыларға табиғатты бейнелеуге үйретудің негізгі мақсаты мен мазмұны . . . 17

2. 2. Табиғатты бейнелеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру . . . 20

2. 3. Табиғатты бейнелеуде нұсқадан жұмыс істеу әдісі . . . 21 2. 4. Табигатты бейнелеуге арналған методикалық сипаттама . . . 24

2. 5. Кеңістіктің формалары мен түрлерін түсіндіруге арналған көрнекі

құралдар . . . 28

2. 6. Тақырып бойынша кейбір ескертулер . . . 29 2. 7. Тақырыпқа байланысты әдістемелік сабақ жоспарлары . . . 30

Қорытынды . . . 58

Әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымша . . . 63

Кіріспе

Көкейтестілік . Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: «Аса маңызды міндет-оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Республика президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамын идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихы, мәдени тамырларына қайта оралу-бұл әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі мұның бірден бір айғағы. /“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал/.

Сабақты жүргізу үшін ұстаз да істің бұл жағына ерекше назар аударады. Сол арқылы көпшілік қауымға, әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделеді. Еліміздің ежелден келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оны көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өмір талабы. Бұл үшін ол қылқаламмен және бояулармен шебер жұмыс істей білуге өте жақсы сурет салуға, демек сурет салуды және кескіндеме өнерін үнемі жетілдіріп отыруға тиіс.

Қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт- дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі-бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде натюрморт жанры. Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, терең мәдениеттанулық, философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі құнды .

Міндеті. Осынау жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктелді.

Зерттеу мәселесі. Республика мектептерінің тәжірибесі бейнелеу өнері пәнін жүргізудің өзіне тән бірқатар қиындықтары бар екенін көрсетті Осындай қиыншылықтардың бірі -оқушыларды кеңістіктің көрінісін бейнелеуге үйрету деп айтуға болады. Оның өзі объектінің кеңістіктегі қалпын мөлшерлеп, дұрыс бейнелеп бере алу, оны көкемөнердің көз алдында кеңістіктегі қалпына сәйкес елестете алу мәселесіне өте-мөте қатысты.

Зерттеу мақсаты. Таңдамалы алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы дипломдық жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Бейнелеу өнері оның ерекшелігі мен дамуы, табиғатты бейнелей отырып өз отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, пейзаж жанырларының ттүрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу, олардың мән - мазмұнын ашып, даму эволюцициясын қарастыру қажет. Осы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайдайды:

- Табиғатты бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің мәнін ашу, оны оқушылар арасында олардың санасында, ұлттық көзқарастарына қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сауаттылығына яғни көркемдеп қабылдауға үйрету арқылы тиімділігін арттыру және оның педагогикалық негізін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленді. Олар:

1. Бастауыш сыныптағы және 5-6 сыныптағы оқушыларының бейнелеу өнері сабағында оның сауаттылығына үйрету, оны көркемдеп қабылдауға үйретуге қажетті философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан негізді айқындау.

2. Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің бүгінге дейінгі өтілу барысында талдау жасау.

3. Айқындалған жұмыс жүйелерін байқау, анықтау және оны бейнелеу өнері сабағының жүргізілу тәжірибесіне енгізу.

Зерттеу орны: Бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптардың оқу - тәрбие процессі.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен 6-сынып оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі.

Болжам. Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін:

-егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ;

-осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дұрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе . Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылсын. Жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде осы пәндер бойынша мұғалімдер кеңейтілсін, барлық кластарда эстетикалық цикл пәндерінен білікті мамандардың сабақ беруі қамтамассыз етілсін. Бұған студерттер интеллигенцияның творчестволық одақтары, барлық мәдениет барлық мәдениет ошақтары көмектесуге тиіс», -деп атап көрсетілгені мәлім.

Зерттеу көздеріне анализ. Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді: а) бейнелеу өнері пәнінің нәтижелі болуы, балаларды көркемдеп қабылдауға, дұрыс үйретуге тікелей байланысты екендігіне; ә) оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып, жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек екендігіне. Сондықтан, бейнелеу өнері пәні бойынша осы көркемдеп қабылдаудың оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғарғы сыныптағы білім ауқымын, оларды меңгертуге керекті педагогикалық негіз құрайтын жұмыс түрін айқындау қажеттілігі де туады. Әрине бұл болашақ іс.

Ғылыми жаңалық. Бейнелеу өнері сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім, білік пен дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін дәлелдеу; ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жасау, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету .

Практикалық маңызы . Ұлттық ойлау жүйесінің, дүние танымдық қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар өзіндік үлесі аз болмас.

Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді . Курстық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады. Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дұрыс пайдалану оқушылардың сана - сезімін, ой - өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды.

Қажеттілік. Сабақ жүргізуші ұстаз да істің бұл жағына ерекше назар аударады. Алай да қазақ тілінде бұл тақырыпта жазылған әдістемелік нұсқаулардың тапшылығы іске қолбайлау болмай отырған жоқ. Сондықтан тұтастай алғанда сурет пәнін, жекелей алғанда оның белгілі бір тарау тақырыптарын өтуге байланысты методикалық құрал нұсқаулардың жазылып, жарық көріп тұруы зәру қажеттілік болып отыр. Маңызды мәселе. Сурет сабағын өтудегі сондайда бір маңызды мәселе-оқушылардың кеңістік туралы дұрыс ұғымын қалыптастыру. Ол үшін кеңістік жайында түсінік беру, Соған қатысты көрнекі құралдарды пайдалану, өнер шығармаларына талдау жасау сияқты міндетті жұмыс түрлері жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде ғана барып кеңістік ұғымын игеріп, кеңістікті сол түсінік негізінде бейнелей білуге, сурет салу дағдысын қалыптастыруға болады. Мұғалімнің тікелей басшылығымен оқушылар кеңістікті бейнелеу тәсілдеріне жаттығып,, графикалық дағдыларды меңгереді.

Бұл жұмыстар бейнелеу өнері сабақтарында жүргізіледі. Мұндай сабақтарда әсіресе бейнелеу өнері туралы өткізілетін әңгімелердің білімдік-тәрбиелік маңызы зор. Оларда мұғалім бейнелеу өнерінің классикалық шығармаларына кеңістіктің қалай бейнеленетініне назар аударады. Зат пен кеңістіктің ара қатынасының байланысына талдау жасайды. Сәндік сурет салу барысында заттар мен құбылыстардың кеңістіктегі көрінісін стильдеу арқылы бейнелеуге көңіл бөледі.

Оқушыларды кеңістікті бейнелеуге үйретудегі қолайлы сабақтың бір түрі- тақырып бойынша сурет салу сабағы. Мұндай сабақ үстінде мұғалім оқушыларға кеңістіктегі заттарды бейнелеудің жолдарын көрсетумен қатар; оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, берілген объектілердің нобайын жасауға дағдыландырады. 1983 жылдан бастап бейнелеу өнерінің жаңа программасында кеңістіктегі заттарды бейнелеуге арналған сабақ сағаты көбейтілген болатын. Бейнелеу өнерін оқыту процесіндегі мұндай өзгертулер кеңістікті бейнелеу сабақтарын тиімді етудің методикалық мәселелерін жетілдіре, талдай түсуді қажет етеді. Ұстанып отырған бұл еңбектің де басты мақсаты -сол.

Бағыты. Сонда оқушылардың осы бағыттағы түсінігін қалыптастыру жолдары, кеңістікті бейнелеуге үйрету сабақтарын өткізу әдістері, бұл мәселедегі нобай жасау мен көрнекі құралдардың маңызы қарастырылады. Бұл методикалық талдаудың бәрі 1979-1985 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде және осындағы педагогика институты көркем сурет факультеті студенттерінің педагогикалық практикасында тексерілді.

Мәселенің тарихы. Сурет салу адамның еңбегімен байланысты пайда болып, оның айналадағы ортаға деген сезімін, ойын көңіл-күйін, көз-қарасын білдірген. Сондықтан өнер тарихы адам өзінің айналасындағы заттар мен құбылыстарды бейнелеуге талпыныс жасаған сонау ертедегі замандардан басталады. Ертедегі адамдардыңзаттардың беттеріне, үңгірлердің қабырғаларына салған бейнелері осыны дәлелдейді.

Бұл кезеңнің «суретшілері» жеке заттың көрінісін дұрыс бейнелегенімен, оның кеңістік пен қатынасын, кеңістіктегі орнын /қалпын/ бейнелеуде түрліше әдіс-тәсілдерді қолданады. Мысалы, ИспаниядағыАльпамир үңгірі төбесіндегі әр түрлі жануарлардың бейнелерінің түрде бейнелеудің өзіндік ерекшелігін байқаймыз.

Мозолит кезеңінде /б. э. д. 12-8 мың жылдар/ бұғы аулаушылардың суретін салушылар арасындағы жануарларды жазық беттің

  1. Кескіндеме өнері

1. 1 Кескіндеме жайында қысқаша мәлімет.

Живопись атауын қазақ тіліндегі әдебиеттерде кескіндеме деп аударып жүр. Ол негізінен силуэт, сыртқы пошым (бейне), яғни табиғаты жағынан графика түсініктеріне жақын. Ал бұл жерде кескіндеме бейнелеу өнері ретінде қолданалып отыр. «Кәсіби өнер» түсінігіне келетін болсақ («Профессиональное искусство»), әдейі академиялық білім алған суретшілер шұғылданатын өнер. Оның бұл түрімен айналысатын адамның академиялық машықтылық пен академиялық позициялық принциптері қоятын талап-тілектері кәсіби деңгейде меңгеру тиіс. Осыған байланысты «Кәсіби кескіндеме өнері» деген түжырымды анықтап айтатын болсақ академиялық позициялық принциптерінде қалыптасқан бейнелеу өнері. Қазақстанда Үлы Қазан төкерісінен кейін пайда болған Республикалық мәдени өнеріне түбегейлі әсер еткен академияның позициялық принцип негіздерін анықтайтын «Еуропалық классикалық реализм». Бізге Москва, Ленинград секілді орталық қалаларда орналасқан. Кеңес Үкіметінің көркем өнер орнындарынан енген еді. Біз бейнелейтін өнердің оның басқа түрлері секілді адамның көңіл-күй сазы мен сезімі тереңдеудің дамытуда, яғни эмоционалды тәжірибені арттыруда қосатын үлесіне рухани мәдениетімізді меңгеруге этикалық, эстетикалық тәжірибенің тиімді жолын ашуға табиғи жағдайда жасайтын қүрал ретінде қарастырамыз. Дегенме бейнелеу өнерінің негізгі критерилері. «Бейнелеу өнері» деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол затты, тұлғаны, табиғатты «бейнелеу» деген сөзден пайда болады. Яғни, көркем құрал-тәсілдер (бояу түсі, штрих, нақыштау, ою, шекімдеу) және материалдар (қағаз, кенеп (холст), саз, тас) арқылы табиғи объектінің образы бейнесін сомдау. Ол шындықтың образды көшірмесі болғандықтан «үқсас, ұқсасемес» деген критерилермен бағаланады. Бейнелеу өнерінің «реализм» түсінігін қатысты айқындау сипаты осыған байланысты. Бейнелеу өнерін әр кезеңде, әр жағдайда түрліше айтады. Өнердің осы түріне енетін шығармаларда көзбен қарау арқылы түсініп, бағалап, кеңістікке қабылдаймыз. Осыған байланысты кеңістік немесе кеңістікті бенелеу, яғни визуальді өнер түсініктері бейнелеу өнеріне синоним бола алады. Орысша айтқанда ол «профессиональное» немесе «визуальное искусство». Сызық пен жазықтық үшін масштабтылығымен пласстикалық икемділікке қатысты оның «пласстикалық өнер» деп қалыптасты. Бейнелеу өнеріне тағы бір синонимі - әсем өнер. Мүндай шығармалар сазды нақыш пен әсем бедерлік, айшықты бояу түсімен ырғақты сызық әуендері мен таңбалар кереқарлығымен анықталатындықтан және оның басты көркемдік бейнесі - сүлулық, әсемдік болғандықтан да, ол осылай аталады. Дегенмен осы түсініктердің ішінде жиі пайдаланатын термин - бейнелеу өнері. Ол заманның рухани мәнін, саяси философиялық көркем мәдени эстетикалық адамгершілік идеяларын мағыналы мазмүнға айналдырады. Осыған эмоционалды психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнерінің түрлеріне живопись, графика, мүсін, көркем фото т. б. жатады. Сонымен бірге сәулет өнері, қол өнері, дизайн үшін кеңістікті, пластиканы, визуальді әсем деген секілді түсініктерде ортақ екені белгілі. Қолөнер туындылары, дизайн бұйымдары, архитектуралык ғимараттар нактылы ешнәрсені бейнелегенмен, олардың образы, пішіні, құрайтын көркем пластикалық құрылымдары мен ырғақты тізілімше және синтезді сипатына қарай өнердің осы түрлерінде бейнелеу өнерінде жанаманы жатқызамыз. Ал живопись пен қол өнер арасындағы айырмашылық біз бейнелеу өнері деген түсінікті өзінің атауына сәйкес реалистік өнерімен синони ретінде қарастыру тәжірибесіне байланысты анықталады. Жалпы айтқанда бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып казіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ бейнелеу өнері жөнінде қалыптасқан өзіміздің білетін классикалық пікір мен қазақтың әстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы үқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын да ескеруіміз керек. Ол үшін біз бір жағынан бейнелеу өнердің өрбу аумағын камтитын заңдылықтарына назар аударуымыз керек. Оның реализм шеңберінде көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтың сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз.

Осы айтылған мәселені екінші бір бейнелеу өнерінің жалпы халықтың сипаты мен бірге оның үлттық ерекшелігі болатыны дауыссыз. Ал үлттық белгілердің қалыптасуы өнердің синтездік болмысы мен анықталатын күрделі күбылыстарымен байланысты. Алдымен бейнелеу өнерінің табиғи сипатына байланысты қалыптасқан реализм түсінігіне тоқталайық, бүл түсінік бүрынғы мектеп және жоғарғы көркем оқу орындарында жетекші орын алып келеді. Өнер тарихында реализмнің басты үғымы мен табиғатымыз жоғарғы тас дәуірі кезеңінен бері қарай дамытамыз. Бүл кезең өнері қуатты және өміршең болатын. Одан кейінгі ежелгі Қосөзен өмірі, Мысыр, Қытай, Жапон, Үнді секілді елдердің ішкі мәдениетіндегі үлттық ерекшелік пен реалихзм арақатынасындағы көркемдік римдерге әлемдік мәдениет тарихы үшін көкейкесті мәселелердің бірі.

Көне заманнан бері келе жатқан сурет салу өнері сызықтан (графикадан) басталады. «Графика» дегеніміз грек тілінен аударғанда «сызамын, жазамын, сурет саламын» деген мағынаны береді. Бірте-бірте графика техникасы күрделене түсті де, кескіндемеге жол ашты. ХУ-ХУІ ғасырларда Еуропада сурет салудың негізгі материалдары әр түрлі ағаш тақтайлар болды. Шығыста шүға, пергамент (бүзау терісі), күріштенжасалған қағаз пайдаланылды. Қазіргі суретшілер қалың қолданылады. Шығарманы жазуға кіріспес бүрын шебер оның жоспарын, қүрылысын (композиция) мүқият ойластырады, қағаз бетіне алдын-ала шағын суреттер (эскиз) салады. Ірі туындылар қажырлы еңбекті, үзақ уақытты талап етеді. Мысалы, Ренессанс дәуірінің алыбы Леонардо да Винчи өзінің әйгілі "Мона Лиза - Джокодасын" жасауға бір жылдан астам уақытын сарп еткен. Сәл ғана езу тартқан, бет әлпетінде күлкі өзі ойнаған уыздай жас келіншектің бейнесін салу үшін майталман шебер лайықты кеіпкерлер іздеп, Италия қалаларын аралады, көп аам жиналған сауық кештеріне, жәрмеңкелерге, шөп сататын базарларға барып түрды. Демек, Леонарданың кескіндеуді бейнелеудің басқа түрлерінің бәрінен жоғары қойып, "өнердің атасы" деуі өте орынды сияқты. Мүндай қүнды еңбек үзақ уақыт ізденуден туады. Ол айна бетіне шағылысып түскен бейнеден анағүрлым терең, мазмүнды әрі көркем болуы тиіс. Италия өнерінің тағы да бір кемеңгер қайраткері Рафаэль Санти осындай творчествалық азаптарды еске ала отырып: "Мен бір сүлудың салу үшін бірінен-бірі өткен жүздеген сымбатты арулармен жақын танысып, оларды көз алдымнан өткізуім керек", - деген екен. Осы бір ғана сөйлемде қаншама терең сыр жатыр. Ал орыс суретшісі Александр Иванов өзінің Третьяков галереясындағы "Мессияның халыққа көрінуі" деген атақты туындысына қайта-қайта оралып, оны толық аяқтауға жиырма бес жыл өмірін арнаған.

Көптеген суретшілеріміздің кескіндемелік шығармалары түрмыс-салтты, әдеп-ғүрыпты, халықтар дәстүрін баяндауға арналған. Мысалы, Әбілхан Қастеев салған революциядан бүрынғы қазақ елінің тарихын бейнелейтін туындыларды еске алайық. Оның «Сатылған қалыңдық» және «Қыз алып қашу» деген еңбектері көптеген ғасырлар бойы «мықтылардың» отымен кіріпкүлкімен шыққан, күң болған қазақ қыздарының революциядан бұрынғы қайғылы да зарлы өмірін көз алдымызға елестетеді. Бізді қоршаған жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана, оған күнделікті әсер ететін қүдыретті күш. Сондықтан да табиғат көрінісін бейнелеген орыс суретшілері Левитан, Шишкин, Васильев, Куинджи туындыларына таңырқамай қарау мүмкін емес!Туған еліміздің ақ қайынды ормандарын, түнық сүлу көлдерін, сылдырлап аққан мөлдір бүлақтарын поэзияға, жырға айналдырған суретшілер Грабаль, Сарьян, Герасимов, ГТименов, Рылов және тағы басқа пейзаж жанрына мол үлес қосқан кылқаламның көрнекті шеберлері. Демек, дүниеүзілік өнер өнер және мәдениет мүраларымен жан-жақты танысу ізгі міндет. Ол бүгінгі күнді, өткендегі қилы-қилы оқиғалар мен өмір қүбылыстарын түсіну үшін қажет. Бүл ретте, рухани өмірімізге кескіндеме айрықша орын алады. Бейнелеу өнерінің тарихында әлі күнге дейін өзінің көркемдік, қоғамдық маңызын жоғатпаған живописьтік туындылар аз емес. Мысалы, Рафаэльдің «Сикс мадоннасы», Брюллов салған «Помпейдің соңғы күні», Суриков қылқаламынан туған «Барыня Морозова» және тағы басқалары.

1. 2 Пейзаж жанры және Қазақстан пейзажистері

Живопись - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңап алады.

Пейзаж -("Раузасіе" деген француз сөзінен шыққан) - бұл ландшафтты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (УІІ-Х ғасыларда) Еуропадағыдан ертерек қалыптасты. Еуропаық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғарғы дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңына түспе-түс келді (И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих және басқа да көптеген суретшілер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Композиция ұғымы
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz