Бейорганикалық химия курсы бойынша оқыту және бақылау бағдарламасын құрастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Сергалиева Гульмира Амангельдиевна

Бейорганикалық химия курсы бойынша оқыту және бақылау бағдарламасын
құрастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 050112 – Химия

Көкшетау , 2011
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бейорганикалық химия курсы бойынша оқыту және бақылау
бағдарламасын құрастыру

Мамандығы: 050112 – Химия

Орындады: _____________ Сергалиева Г. А.
(қолы)
Жетекшісі: _____________ Тлеуова З. Ш.
(қолы) аға оқытушы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі _____________ Сергазина С.М.
(қолы) х.ғ.к.

Көкшетау, 2011
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 АТОМ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН ЗАҢДАРЫ
1.1 Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ...6
1.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...7
2 БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ
2.1 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .16
2.4 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы бойынша
зертханалық
жұмыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3 АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ
3.1 Атом құрылысы тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 20
4 ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ Д.И.МЕНДЕЛЕЕВТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ
ЖҮЙЕСІ
4.1 Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық
жүйесі тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22
4.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
4.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .22
5 ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС
5.1 Химиялық байланыс тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...26
5.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
5.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27
6 ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЭНЕРГЕТИКАСЫ МЕН БАҒЫТТАЛУЫ
6.1 Химиялық процестер энергетикасы мен бағытталуы тақырыбы бойынша бақылау

сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
6.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 31
7 ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ЖЫЛДАМДЫҒЫ. ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. КАТАЛИЗ
7.1 Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
... ... ... ... ... ...33
7.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 33
7.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .34

7.4 Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік тақырыбы бойынша
зертханалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

8 ЕРІТІНДІЛЕР
8.1Ерітінділер тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
8.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 39
8.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .40
8.4 Ерітінділер тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
9 ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
9.1 Электролиттік диссоциация теориясы тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... 44
9.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 44
9.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .45
9.4 Электролиттік диссоциация теориясы тақырыбы бойынша зертханалық
жұмыс ... ... ... ...48
10 ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ. ЭЛЕКТРОДТЫҚ ПРОЦЕСТЕР
10.1 Тотығу-тотықсыздану реакциялары тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ..50
10.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..50
10.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...51
10.4 Тотығу-тотықсыздану реакциялары тақырыбы бойынша зертханалық
жұмыс ... ... ... ... 53

11 КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
11.1 Комплексті қосылыстар тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 56
11.2 Есептер мен жаттығулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..56
11.3 Бақылау тест тапсырмалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...57
11.4 Комплексті қосылыстар тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің заман ағымына сай ақпараттануы жоғары оқу орындарында
жаңа инновациялық технологияның енгізілуіне мүмкіндік береді.
Білім берудегі инновациялық технологияның негізгі бағыты ретінде жаңа
ақпараттық технологияның жетілдірілуі және қолданылуы жатады. Жаңа
ақпараттық технологияның жетілдірілуі оқыту – бақылау бағдарламаларына
деген қызығушылықты тудырып, оның оқу процесіне кеңінен қолдануына
мүмкіндік туғызады. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – оқушылардың
мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер
өнегелеріне еліктеп, тағлымдық жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай
отырып, шығармашылық ойлауға үйрету.
Адамзат қоғамында болып жатқан елеулі өзгерістер жаңа ақпараттық
технологияның қолдануымен байланысты кәсіби мамандарды дайындау барысында
жаңаша талаптар қояды.
Жоғары оқу орнындағы оқытушылар студенттердің білім негіздерін меңгеру
әдістері мен тәсілдерін үйретуді, ұйымдастыруды басты мақсат ретінде
қарастырады. Ал компьютер білімді меңгеруді жеңілдететін тиімді құралға
айналып отыр. Химия және биология ғылымдары мамандарын дайындауда
экспериментальды бөлімі мен қатар компьютердің қолдану маңызы зор.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқытушыға басымдылық рөл берілсе,
ал қазіргі технологияларда білім алушы белсенділік көрсетуі тиіс, оларды
оқытпай, олар өздігінен оқып білім алуы керек.
Оқыту және бақылау бағдарламасы педагогикалық жаңашыл бағыт бола тұра
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруға және білім деңгейін әділ бағалауға
мүмкіндік береді. Сонымен бірге студенттердің дайындалу барысында жекеше
оқыту қарқынын айқындайды.
Ақпараттық технологияның бағдарламалық – педагогикалық әдісі мен
байланысы қазіргі кезеңдегі адаптивті оқыту және бақылау жүйесінің
қалыптасуына көмектеседі.
Химиядан білім беру стандарттарының болуы, көптеген бағдарламалар мен
оқулықтардың басып шығарылуы химия курсы бойынша оқытуды толығынан жақсарта
алмайды. Соған орай қазіргі кезеңдегі ақпараттану заманында білім беруді
жүйелі және таңдау принциптерін анықтау мәселесі туады. Химиялық
ақпараттануының үдемелі дамуы және химиялық білім берудегі сағат санының
азаюы химиялық пәндердің тіршілікпен байланысын аса күшейту арқылы,
инновациялық технология жетістіктерін қолдану арқылы оқу үрдісіне қатысты
білім алушылардың активтілігін және өз алдына дайындалу мүмкіндігін
арттыруы арқылы осы қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Білімді жүйелі түрде оқыту, тексеру және бақылау оқытудың тиімді,
маңызды шарты болып табылады. Бақылау бағдарламалары немесе тестердің
көмегімен жүргізілетін бағдарламалық бақылаудың жылдам әрі объективті түрі
барлық оқытушылар қауымының көзқарасын аударады.
Соған орай дипломдық жұмыстың мақсаты: бейорганикалық химия курсын
меңгеретін студенттер үшін оқыту және бақылау бағдарламасын құрастыру болып
табылады.
Әдістемелік нұсқау 050112 - Химия мамандығының бірінші курс
студенттерінің семинар сабақтарында қолданылып, оқыту іс-әрекетінің
жүйелілігін іске асырып, оның орындалу толықтығымен қамтамасыз етілуі, оқу
үрдісін бақылау барысында құндылылығын байқатты.

1 АТОМ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ. НЕГІЗГІ ХИМИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР МЕН ЗАҢДАР
1.1 Атом–молекулалық ілім. Негізгі химиялық түсініктер мен заңдар тақырыбы
бойынша бақылау сұрақтары
1. Атом–молекулалық ілімнің негізгі қағидалары.
2. Элемент, атом, молекула, моль ұғымдарының қазіргі кезеңдегі
анықтамалары.
3. Зат массасының және энергиясының сақталу заңы, оның химиядағы ролі..
4. Прусттың құрам тұрақтылық заңы.
5. Дальтонның еселік қатынас заңы.
6. Химиялық эквивалент. Эквивалент заңы.
7. Гей – Люссактың қарапайым көлемдік қатынас заңы.
8. Авогадро заңы және оның салдарлары.
9. Атом мен молекула. Олардың мөлшері мен массасы. Салыстырмалы атомдық
және молекулалық масса.
10. Моль.

1.2 Есептер мен жаттығулар
1.0,01 моль H2SO4 массасын анықта.
2. 0,02 моль оттегі молекуласының атомдар санын есепте.
3. Қалыпты жағдайдағы көлемі 30л азоттың массасы нешеге тең?
4.101,33 кПа қысымдағы 0,0611м газдың массасы 1,25 г тең. Осы газдың
молярлық массасын, бір молекуласының массасын есепте.
5.0,001 м3 газдың қалыпты жағдайдағы массасы 0,0021кг. Газдың молярлық
массасын және ауа бойынша тығыздығын есепте.
6. Массасы 14,6г хлорсутектің қалыпты жағдайдағы көлемі қандай болады?
7. Массасы 2 г металл 17,78 г бром мен 3,56 г күкіртпен әрекеттеседі. ЭS =
16гмоль. Металл мен бромның эквиваленттік массасын анықта.
8. Газдар қоспасының құрамында 56л аргон және 28л азот бар. Газдардың
көлемі қ.ж. келтірілген. Газдар қоспасының сутекпен салыстырғандағы
тығыздығын анықта.
9. 6г магний және 6,5г мырыш тұз қышқылының артық мөлшерінде ерітілген
кезде түзілетін сутегінің көлемін қалыпты жағдайға келтіріп есепте.
10. Кальций оксиді мен карбонатының қоспасын тұз қышқылының артық
мөлшерінде өңдеген кезде (қ.ж.) 112л газ бөлінген. Қоспаның массасы
0,8грамм. Қоспадағы кальций оксидінің массалық үлесін анықта.
11. Құрамында (массасы бойынша) 43,4 % натрий 11,3 % көміртегі
және 45,3 % оттегі бар заттың қарапайым формуласын анықта.
12. Құрамына сутегі, көміртегі, оттегі және азот кіретін массалар қатынасы
1:3:4:7 болатын заттың қарапайым формуласын анықта.
13. 2,73 г оксидте 1,53 г металл бар. Ванадий оксидінің қарапайым
формуласын анықта.
14. Құрамында (массасы бойынша) 26,53 % калий, 35,37 % xром және 38,10 %
оттегі бар заттың қарапайым формуласын анықта.
15. 36,6 г тұз қыздырғанда 5,4 г су буланады. Барий кристаллогидратының
формуласын анықта.
16. Құрамында (массасы бойынша) 54,5 % көміртегі 36,4 % оттегі және 9,1 %
сутегі бар май қышқылының молекулалық формуласын тап. Заттың сутегі
бойынша тығыздығы 44 тең.
17. Құрамында (массасы бойынша) 93,75 % көміртегі және 6,25 % сутегі бар
заттың молекулалық формуласын тап. Заттың ауа бойынша тығыздығы 4,41 тең.
18. 4,3 г көмірсутегі жанғанда 13,2 г газ түзіледі. Көмірсутектің сутегі
бойынша тығыздығы 43 тең. Заттың молекулалық формуласын анықта.
19. 3,00 г антрацитті жандырғанда қалыпты жағдайда өлшенген 5,30 көмір
қышқыл газы бөлінеді. Антрациттегі көміртегінің массалық үлесін есепте.
20. 265 г натрий карбонатынан қанша грамм натрий хлоридін алуға болады?
21. Құрамында 7,4г кальций гидрооксиді бар ертінді арқылы 3,36л көміртегі
(IV) оксиді (қ.ж.) өткізілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздардың
массасын анықта.
22. 7,4 г кальций гидроксидінен тұратын ерітінді арқылы қалыпты жағдайда
3,36 л көмірдиоксиді өткізілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздардың
жалпы массасын анықта.
23. 10 г мыс азот қышқылында ерітіліп, кейін буландырды. Түзілген Сu(NО3)2
∙ 3Н2О кристаллогидратының массасын есепте.
24. Натрий гидроксиді ерітіндісімен 3,90 г алюминий қоспасын өңдегенде
алюминийдің оксидімен бірге қалыпты жағдайда өлшенген 840 мл газ бөлініп
шықты. Бастапқы қоспаның құрамын анықта.

1.3 Бақылау тест тапсырмалары

1. test
Эквивалент заңдарын қай формула дұрыс анықтайды:
а. m1 Э2 = m2Э1
b. m1 m2 = Э2 Э1
с. m1Э2 = m2 э1
d. m1Э1 = m2Э2
е. m1 m2 = Э1Э2
2. test
Фосфор құрамы бойынша хлоридтің екі түрін түзеді. Бұл қосылыстардағы қай
элементтің эквиваленті тұрақтылығын сақтайды:
а. фосфора
b. хлорда
с. екеуіде де
d. тұрақтылығын сақтамайды
е. дұрыс жауап жоқ.
3. test
Оттегі мен сутегінің қалыпты жағдайдағы эквивленттік көлемінің дұрыс
мәндерін анықта:
а. 11,2 л 02 және 22,4л Н2
b. 11,2 л 02 және 11,2л Н2
с. 22,4л 02 және 11,2л Н2
d. 5,6л 02 және 11.2л Н2
е. 5,5л 02 және 5,6л Н2
4. test
7,1 г хлор 16 г бромды ығыстырса, 35,5 гмоль қанша бромды ығыстыра-тынын
есептеу арқылы бромның эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта:
а. эквиваленттік масса 40 гмоль, ал эквиваленті 40
b. эквиваленттік масса 80 гмоль, ал эквиваленті 80
с. эквиваленттік масса 51,5 гмоль, ал эквиваленті 52
d. эквиваленттік масса 80 гмоль, ал эквиваленті 40
е. дұрыс жауап жоқ.
5. test
FeCl2 мен FeCl3 қосылыстарындағы темірдің эквиваленттік массалары бірдей ме
:
а. ҒеСІ3 эквиваленттік массасы артық
b. молярлық масса
с. бірдей
d. әр түрлі
е. дұрыс жауап жоқ
6. test
Белгілі бір жағдайда заттың 1 эквивалентіне сәйкес келетін көлемді... көлем
деп атайды.
а. эквиваленттік көлем
b. эквиваленттік фактор
с. эквивалеттік масса
d. элемент эквиваленті
е. эквиваленттік массалық
7. test
Хлордың эквиваленті нешеге тең:
а. 17,7 гмоль
b. 70 гмоль
с. 35,5гмоль
d. 36гмоль
е. дұрыс жауап жоқ.
8. test
CrCl3 пен Cr2(SO4)3 қосылыстарындағы хромның эквиваленттері бірдей ме :
а. молекулалық масса
b. бірдей
с. әр түрлі
d. дұрыс жауап жоқ
е. анықтау мүмкін емес.
9. test
Металдың эквиваленттік массасы 12 гмоль тең. Оның оксидінің
эквиваленттік массасы нешеге тең:
а. 24гмоль
b. 28гмоль
с. 12гмоль
d. 20гмоль
е. анықтау мүмкін емес.
10. test
Күкірт : S2Cl2 және SCl2 хлоридтерін түзеді. Күкірттің SCl2 эквиваленттік
массасы 16гмоль тең. Күкірттің S2Cl2 –дегі эквиваленттік массасының дұрыс
мәнін анықта:
а. 8гмоль
b. 16гмоль
с. 24гмоль
d. 32гмоль
е. 40гмоль.
11. test
Металдың эквиваленттік массасы оттегінің эквиваленттік масасынан 2 есе
артық. Металдың массасынан оксидттің массасы неше есе артық:
а. 2 есе
b. 4 есе
с. 3есе
d. 2,5есе
е. 1,5 есе.
12. test

1 Сутегі атомдарының 1 молімен немесе кез келген заттың 1 эквивалентімен

әрекеттесетін мөлшерін ... деп атайды:
а. жай заттың эквиваленті
b. қарапайым заттың эквивалеті
с. күрделі заттың эквиваленті
d. эквиваленттік көлем
е. эквиваленттік фактор.
13. test
Алмасу реакциясына қатысатын негіздер мен қышқылдардың эквиваленттік
массаларын олардың молярлық массаларын реакция кезінде, жоғалтатын
гидроксид немесе сутегінің иондарының сандарына ... арқылы табады:
а. қосу
b. алу
с. көбейту
d.бөлу
е. дұрыс жауап жоқ.
14. test
Фосфор оксиді екі үш зарядты фосфат ионын түзетіндіктен, ЭР2О5
эквиваленттік массасы ... тең:
а. 47,32 гмоль
b. 23,66гмоль
с. 67,98гмоль
d. 35, 5гмоль
е.71гмоль.
15. test
Эквиваленттік массаның өлшем бірлігін ата:
а. гл
b. гкг
с. гмл
d. гмоль
е. дұрыс жауап жоқ.
16. test
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне ... мөлшерде әрекеттеседі:
а. тура
b. кері
с. пропорционал
d. әрекеттеспейді
е. қарама-қарсы.
17. test
Химиялық элементтің эквиваленті неге тәуелді болады:
а. элемент валенттілігіне
b. үнемі тұрақты шамаға тәуелді
с. элементтің атомдық массасына
d. заттың салыстырмалы атомдық массасына
е. зат мөлшеріне тәуелді?
18. test
f экв дегеніміз ...
а. эквиваленттік формула
b. элемент эквиваленті
с. атом массасы
d. эквиваленттік фактор
е. дұрыс жауап жоқ.
19. test
1,2 г көміртегін жаққанда 4,4 г көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Егер
оттегінің эквиваленті 8 болса, онда осы қосылыстағы көміртегініңң
эквиваленті қанша:
а. 9 гмоль
b. 12 гмоль
с. 18 гмоль
d. 0, 3 гмоль
е. 6 гмоль.
20. test
Магнийдің эквиваленті нешеге тең:
а. 24
b. 48
с. 1
d. 28
е. 4.
21. test
Құрамына 40 проц. мыс. 20 проц. күкірт, 40 проц. оттегінен тұратын
жай зат формуласын анықта:
a. CuSO4
b. CuS
c. CuSO3
d. CuSO2
e. Cu2S2О3
22. test
Мырыш рудасының құрамына 30 проц, мырыш сульфиді кіреді, 20 т рудадан
қанша грамм күкірт IV оксиді алынады.
a. 39,5 кг
b. 395к
c. 3,95кг
d. 0,395к
e. 0,0395кг
25. test
Құрамына 93,75 проц. көміртегі, 6,25 проц сутегі кіретін заттың молекулалық
формуласын анықта. Заттың ауа бойынша тығыздығы 4,41гсм3 тең:
а. C10H5
b. C10H7
с. C8H10
d. C10H8
е. C5H10
26. test
Реакция теңдеуі бойынша натрий гидросульфатының эквивалентін анықта:
NaHSO4+NaOH→Na2SO4+H2O M(NaHSO4)= 120гмоль
а. 120гмоль
b. 12гмоль
с. 60гмоль
d. 6гмоль
е. 30гмоль
27. test
3г антрацитті қалыпты жағдайда жандырған кезде 5,3 л көмір IV оксиді
бөлінеді. Антрацит құрамында қанша процент көміртегі бар:
a. 94 проц.
b. 94,6 проц.
c. 96,4 проц
d. 92,6 проц
e. 96,2 проц
28. test
3г антрацитті қалыпты жағдайда жандырған кезде 5,3 л көмір IV оксиді
бөлінеді. Антрацит құрамында қанша процент көміртегі бар:
a. 94 проц. С
b. 94,6 проц. C
c. 96,4 проц С
d. 92,6 проц С
e. 96,2 проц С
29. test
Қалайы екі оксид түзеді, біріншісі 78,8 проц. және екіншісі 88,2 проц.
қалайыдан тұрады. Оксидтердегі қалайының эквиваленттік массаларын анықта
a. 25 гмоль, 55гмол
b. 26гмоль, 56гмоль
c. 27гмоль, 57гмоль
d. 28гмоль, 58гмоль
e. 30гмоль, 60гмоль
30. test
Массасы 16,8 г металды еріту үшін 14,7 г күкірт қышқылы жұмсалды, күкірт
қышқылының эквиваленті 49-ға тең. Металдың эквиваленттік массасын және
бөлініп шыққан сутектің көлемін есепте қ. ж.
a. Эме=56гмоль VH2 =3,36л
b. Эме=5,6гмоль VH2=33,6л
c. Эме=0,56гмоль VH2 =0,336л
d. Эме=56гмоль VH2 =3,36л
e. Эме=5,6гмоль VH2 =3,36л
31. test
Құрамы масса бойынша 54,5 проц. көміртегінен, 36,4 проц оттегінен және
9,1 проц. сутегінен тұратын май қышқылының молекулалық формуласын
анықта. Заттың сутегі бойынша тығыздығы 44-ке тең.
a. С2Н2О4
b. С4 О2Н8
c. С4 ОН8
d. С8О2Н4
e. С6 О2О8
32. test
Бойль- Мариотт заңын өрнектейтін формуланы анықта:
а. V1Т1 = V2Т2
b. Т2Т1. = V2V1
с. Р2Р1 = V2V1
d. Р2Р1 = Т2Т1
е. Р2Р1 = V2V1
33. test
Газдардың қалыпты жағдайы үшін температура мен қысымның қандай мәндері
сәйкес келеді:
а. t = 25ºС, Р = 760 мм. сн. бағ.
b. t = 0ºС, Р = 1, 013 · 105 Па
с. t = 25ºС, Р = 760 мм. сн. бағ. t = 0ºС, Р = 1, 013 · 105 Па
d. t = 0ºС, Р = 1, 013 · 105 Па; t =0ºС, Р = 760 мм. сн. бағ.
е. а, в жауаптары дұрыс.
34. test
Берілген газдың массасын ұлғайту, оның көлемінің өсуіне әсер етпеу үшін
жағдайды қалай өзгерту қажет.
а. температураны төмендетіп, қысымды ұлғайту
b. қысымды ұлғайтып, көлемді төмендету
с. қысымды ұлғайтып, температураны жоғарылату
d. жағдай жасау мүмкін емес
е. дұрыс жауап жоқ.
35. test
Көлемі тұрақты газдың қысымы оның абсолюттік температурасына
... пропорционал тәуелділікте болады:
а. қарама-қарсы
b. кері
с. тура
d. тәуелді емес
е. қарапайым.
36. test
Кез келген газдың бір молі үшін Р0V0Т0 қатынасы тұрақты шама, сондықтан
оны ... тұрақтысы деп атайды:
а. реал газ
b. идеал газ
с. абсалюттік температура
d. универсал газ
е. барлық жауап дұрыс.
37. test
Ауадағы оттегінің парциалды қысымы 22 кПа тең. Оттегі құрамының көлемі
бойынша проценті нешеге тең:
а. 42%;
b. 84%;
с. 10,5%;
d. 20,5%;
е. 21%.
38. test
Гей-Люссак заңын өрнектейтін формуланы анықта:
а. V = V2Т2
b. Т2Т1. = V2V1
с. V1Т1 = V2Т2
d. Р2Р1 = Т2Т1
е. РVТ = V2V1
39. test
Ыдыс оттегі мен азот қоспаларымен толтырылған: Парциалды қысымның қандай
қатынасында газ массалары бірдей болады
а. РО2 = РN2
b. РО2 = 1, 14 РN2
с. РN2 = 0, 875 РО2
d. РО2 = 0, 875 РN2
е. РN2 = 1, 14 РО2
40. test
Кез келген газдың 1 молі үшін P0V0Т0 қатынасы тұрақты шама, сондықтан оны
... тұрақтысы деп атайды:
а. реал газ;
b. идеал газ;
с. униаерсал газ;
d. абсолюттік температура;
е. барлық жауап дұрыс.
41. test
Сутегін бір жағдайда судың бетінен, ал екіншісінде сынаптың бетінен қалыпты
жағдайда жинаған. Екі жағдайда да газдың көлемі бірдей болып шықты.
Сутегінің жиналған мөлшері бірдей ме:
а. бірдей
b. сынаптың бетінен жиналған сутегінің мөлшері артық
с. бірдей емес
d. судың бетінен жиналған сутегінің мөлшері артық
е. в, с жауаптары дұрыс.
42. test
Газ күйін оның ... сипаттайды:
а. температурасы, қысымы және көлемі
b. қысымы, көлемі және заттың концентрациясы
с. қысым және абсолюттік температура
d. а, с жауаптары дұрыс
е. дұрыс жауап жоқ.
43. test
Бірдей жағдайда N2 мен О2 көлемдері алынған. Осы газдар массаларының
қатынасы қандай:
а. mО2 mN2
b. mN2 mО2
с. mО2 = mN2
d. mN2 ≤ mО2
е. mО2 ≥ mN2
44. test
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ... болып табылады:
а. кг
b. моль
с. мольл
d. гмоль
е. кгмоль
45. test
6,02 · 1023 саны:
а. Кулон саны
b. Универсал газ тұрақтысы
с. Авагадро саны
d. Газдың парциалды қысымы
е. дұрыс жауабы жоқ
45. test
Сутегі мен хлордың тең көлемдері араластырылды. Реакция жүргеннен кейін
қоспаның көлемі қалай өзгереді:
а. өзгереді
b. өзгермейді
с. 2 есе артады
d. 2 есе кемиді
е. қоспаның көлемі ұлғаяды.
48. test
Алюминий гидроксидіндегі алюминий, оттегі және сутегінің массаларының
қатынасын есепте.
а. 9:16:1
b. 3:4:1
с. 4:12:1
d. 2:6:1
е. 2:1:1
49. test
Көлемі 10 л жанғыш газды жаққанда көлемі 15 л оттек жұмсалған және 10 л
күкірт (ІV) оксиді мен көлемі 10 л су буы алынды. Жанғыш газдың формуласын
анықта:
а. SО2
b. SО3
с. Н2SО4
d. Н2S
е. дұрыс жауап жоқ
50. test
Тұз қышқылының 4 л 0,2н. ертіндісін дайындау үшін жұмсалатын тұз қышқылының
массасын есепте:
а. 2,92
b. 22,2
с. 29,2
d. 36,5
е. 29,7

2 БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ
2.1 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары
1. Бейорганикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеттері бойынша жіктелуі.
Оксидтер жіктелуі (тұз түзетін, тұз түзбейтін, негізгі,
қышқылдық,амфотерлі).
2. Аралас оксидтер. Пероксидтер.
3. Оксидтердің алыну жолдары мен химиялық қасиеттері.
4. Қышқылдар жіктелуі ( оттекті және оттексіз). Алыну жолдары.
5. Қышқылдардың химиялық қасиеттері.
6. Негіздердің жіктелуі (суда еритін негіздер – сілтілер, суда ерімейтін
және амфотерлі негіздер).
7. Негіздердің химиялық қасиеттері.
8. Тұздардың жіктелуі (орта, негіз, қышқыл, аралас, қос, комплексі).
9. Тұздардың химиялық қасиеттері.
10. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының арасындағы генетикалық
байланыс.
11. Келесі өзгерісті орында:
а. Na→NaOH→Na2SO4→NaNO3→NaNO2
ә. Cr→CrO→Cr2O3→Na3[Cr(OH)6] →CrCl3→Cr(OH)3→Cr2O3→Cr
б. Fe2O3→Fe(OH)3→FeCl3→Fe(NO3)3→Fe2O3
в. P→P2O5→H3PO4→Na3PO4
12. SiО2, Р2О5 , Ғе2О3, ВаО, АІ2О3 қосылыстарының қасиеттерін дәлелдейтін
реакция теңдеуін жаз.
13. Келесі қосылыстардың амфотерлік қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеуін
жаз: мырыш оксиді, алюминий оксиді, хром (ІІІ) оксиді, қалайы (ІІ) оксиді.
14. Кальций оксиді, мыс оксиді, темір оксиді, литий оксиді қосылыстарының
химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеуін жаз.
15. Ғе2О3, Рв2О3, Рв3О4 аралас оксидтердің құрылымдық формуласын жаз.
16. Пероксидтер дегеніміз не ?
17. Келесі қосылыстарды алу үшін қышқыл мен негіз арасындағы реакция
теңдеуін жаз: никель нитраты, натрий гидро карбонаты, натрий
гидроортофосфаты, темір (ІІІ) сульфаты, сурьма нитраты.
18. Тұз қышқылы төменде берілген заттардың қайсымен әрекеттеседі: азот (V)
оксиді, мырыш, кальций оксиді, күміс нитраты, фосфор қышқылы, магний,
күкірт қышқылы, мыс, күміс, кремний оксиді.
19. Келесі тұздар берілсе жаңа қандай тұздар алуға болады. Күміс нитраты,
мыс сульфаты, калий фосфаты, барий хлориді.

2.2 Есептер мен жаттығулар
1.Берілген қышқылдарға сәйкес ангидрид формуласын анықта: H2SO4; H2BO3;
H4P2O7; HMnO4
2. Берілген гидрооксидтерге сәйкес оксидтер формуласын анықта:
H2SiO3;Cu(OH)2 ;H3AsO4 ; H2WO4 ;Fe(OH)3
3. Келесі өзгерісті орындап,реакция тендеуін жаз.
Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2BaSО4
Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2
4. Берілген қосылыстардың қайсысы сілті ертіндісімен әрекеттеседі:
HCl; H2S; NO2;; N2 ;Cl2 ; CH4 ;SO2 ;NH3? Реакция теңдеуін жаз.
6. Берілген қосылыстарды қолдана отырып, қандай тұздар болады: СuSO4 AgNO3
K3PO4 BaCl2? Реакция теңдеуін жазып, тұздардың атауларын бер.
7. Келесі қосылыстардың атауын бер: K2O2, МnO2, BaO2, MnO, CrO. V2O5
8. Амфотерлі қасиеттерін дәлелдейтін реакция жаз: ZnO; Al2O3; Sn(OH)2;
Cr(OH)3
9. Қандай реакция ерітінде жүруі мүмкін: СuSO4 + BaCl2 → BaSO4 +CuCl2
FeS+K2SO4-FeSO4+K2S; AgCl+KNO3→AgNO3+KCl. Түсіндір.
10. Ерітіндіде бірдей мезгілде мына заттар бола ала ма?
Ba(OH)2 және HCl; СаCl және Na2CO3; NaCl және AgNO3; KCl және NaNO3 қандай
комбинация мүмкін емес? Неге?
11. Қышқыл тұздар қандай қышқылдарға сәйкес келеді. Реакция теңдеуін жазып,
дәлелде.
H2Se; HJ; H2SeO3; HC2O4; CH3COOH?
12. Келесі оксидтердің сумен әрекеттесуі нәтижесінде қандай қышқылдар
түзіледі. Реакция теңдеулерін жаз. P2O5; CO2; N2O5; NO2; SO3?
13. Берілгеннің қайсысы тұз қышқылымен әрекеттеседі. Реакция теңдеуін жаз:
N2O5; Zn (OH)2; CaO; AgNO3; H3PO4; H2SO4;
14. Берілген қосылыстардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі.
Реакция теңдеуін жаз.
HNO3; CaO; CO2; CuSO4; Cd (OH)2; P2O5;
15. Негіздік қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жаз: FeO; Cs2O;
HgO; Bi2O3.
16. Қышқылдық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жаз: SeO2; SO3;
P2O5; CrO3.
17. Магний хлоридін алуға сәйкесті реакция теңдеулерін жаз: а) металдың
қышқылымен әрекеттесуі; б) қышқыл мен негіздің әрекеттесуі; в) тұз бен
тұздың әрекеттесуі.

2.3 Бақылау тест тапсырмалары
1. test
H4P2O7 қышқылына сәйкесті қышқыл түзүші элементтің тотығу дәрежесін
және ангидрид формуласын анықта:
а. P2 +5O5
b. P2 +3O3
с. P+4O2
d. P +2О
е. дұрыс жауабы жоқ
2. test
Негіздік оксидтің формуласын анықта:
а. SO3
b. P2 O5
с. ZnO
d. MgO
е. CO2
3. test
SO2 берілген заттардың қайсымен әрекеттеседі?
а. H2O
b. Na2O
с. KOH
d. NaOH
е. CaO
4. test
Пероксид формуласын анықта:
а. MnO2
b. BaO2
с. CrO3
d. V2O5
е. CaO
5. test
Қышқыл тұз формуласын анықта:
а. NaCl
b. H2SO4
с. NaHSO4
d. HCl
е. H2CO3
6. test
NaOH+Al2O3→ реакция теңдеуінің өнімін анықта:
а. NaAlO2+H2O
b. Na2O+Al(OH)3
с. Na+Al+H2O
d. Al(OH)3+Na
е. дұрыс жауабы жоқ
7. test
FeOHSO4 негіз тұздағы темірдің тотығу дәрежесін анықта:
а. +2
b. +3
с. +1
d. 0
е. +5.
8. test
Негіздік оксидтің формуласын анықта:
a. SiO2
b. N2O5
c. NO2
d. CaO
e. SO3
9. test
HgO берілген заттардың қайсымен әрекеттеседі:
a. H2O
b. Na2O
c. K2O
d. MgO
e. SO3
10. test
Пероксид формуласын анықта:
a. Na2O2
b. SnO2
c. Cr2O3
d. SnO
e. NO2.
11. test
SbONO3 тұзының дұрыс атаудың тап:
a. Сурьма оксид нитраты
b. Стибилнитраты
c. Оттегі сурьма нитраты
d. Сурьма оттегі нитриті
e. Сурьма нитраты.
12. test
Берілген өзгерісті орындау үшін Cu→CuS мысқа қандай зат қосылыды:
a. H2S
b. H2SO4
c. S
d. Na2S
e. H2SO3.
13. test
Sn(OH)2+NaOH→реакция теңдеуінің өнімін анықта:
a. SnO2+Na2O;
b. Na2SnO2+H2O;
c. SnO+Na2O+H2O;
d. Na2O+SnO2;
e. Na+SnO2
14. test
Негіз тұз формуласын анықта:
a. Al(OH)2NO3
b. Mg(OH)2
c. NaOH
d. NaHCO3
e. NaCl
15. test
Mg2P2O7 орта тұздағы фосфордың тотығу дәрежесін анықта:
a. +3;
b. +5;
c. +1;
d. 0;
e. +4.
16. test
Келесі формулалардың қайсысы барий хлоратына сәйкес келеді:
а. ВаСІ2
b. Ва(ОСІ)2
с. Ва(СІО3)2
d. Ва(СІО4)2
е. Н3ВаО4
17. test
Төменде берілген гидроксидтердің қайсысы негіз тұз түзе алады:
а. КОН
b. NаОН
с. LіОН
d. СsОН
е. АІ(ОН)3
18. test
(СuОН)2СО3 тұзын ата:
а. мыс гидрокарбонаты
b. мысгидроксо (ІІ) карбонаты
с. мысдегидро (ІІ) карбонаты
d. мыс гидроксокарбонаты
е. дұрыс жауабы жоқ

2.4 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы бойынша
зертханалық жұмыс
1-тәжірибе. Пробиркаға аз мөлшерде мыс (II) оксидін орналастырып, үстіне 2-
3мл 2н күкірт қышқыл құйып, толық ерігенше қыздыр. Ертінді түсінің өзгеруін
бақыла. Реакция теңдеуін жаз.
2-тәжірибе. Пробиркаға қалыңдығы 1,5см натрий хлоридін орналастырып, үстіне
толық сіңіргенше концентрлі күкірт қышқылын құй. Пробирканы газ өткізгіш
түтікшемен жауып, штитивке бекіт. Газ өткізгіш түтікшені құрғақ пробиркаға
орналастырып, қоспаны аздап қыздыр. Бөлінген газ пробиркадан ауаны толық
ығыстырып шығарғаннан кейін, пробирканың түбін жоғары көтеріп, ауызын
тығынмен жауып суы бар ыдысқа сал. Тығынды су астында аш, сол кезде
пробирка суға толады. Кейін пробирканы тығынмен жауып, штативке қой.
Алынған ертіндіні күміс нитраты және лакмус көмегімен тексер. Реакция
теңдеулерін жаз.
3-тәжірибе. а) Мыс (II) сульфаты ертіндісіне 1-2 мл 2н натрий гидроксидін
қос. Ертіндінің агрегаттық күйінің өзгеруін бақыла. Реакция теңдеуін жаз.
б) Аз мөлшерде мыс (II) гидроксидін алып, оған тұнба ерігенше 4н күкірт
қышқылын қос. Реакция теңдеуін жаз.
4-тәжірибе. Мырыш гидроксидін алып, оның амфотерлік қасиетін дәлелде.
Реакция теңдеуін жаз.
5-тәжірибе. Натрий сульфаты ертіндісіне тамшылатып барий нитраты немесе
хлоридің құй. Тұнба түзілуін бақыла. Реакция теңдеуін жаз.

3 АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ
3.1 Атом құрылысы
1. Атомның күрделі жүйе екені туралы эксперименьтальдық негіздері.
2. Электронның ашылуы. Резерфорд тәжірибелері.
3. Сәуле шығарудың корпускулалық- толқындық дуализмі.
4. Н.Бор теориясы.
5. Атомдағы электрон күйін анықтайтын квант сандары.
6. АО. Атомның негізгі және қозған күйлері. Атомдық s-, p-, d-, f-
орбитальдар
түрлері.
7. АО толтырудың үш принципі.
8. Клечковский ережесі. Электрондық формулалар.
9. Ядролық реакциялар. Радиоактивті элементтер және олардың бөлінуі.

3.2 Есептер мен жаттығулар
1. Орбиталь квант сандары 1=2, 1=3 болып келетін электрондардың
энергетикалық деңгейіне неше магниттік квант сандары сәйкес
келеді?
2. Бас квант саны п=4 болатын атомның электрон қабатында максимальды
электрон саны нешеге тең?
3. n+1 суммасын сипаттайтын электрондық орбитальдардың толтыру тәртібін
Клечковский ережесі бойынша анықта:
а.5 б.6 в.7.
4. Элементтің реттік нөмірін анықта:
а) электрондармен толтыру 4d орбитальда анықталады
б) 4р деңгейшеде электрондармен толтыру басталады.
5. Атомдарда 5s деңгейшеден кейін қандай деңгейше толтырылады?
6. Қай элементте 4f деңгейше толтырылады? Қай элементте бұл деңгейшенің
толтырылуы анықталады?
7. Атомдарда 5р деңгейшеден кейін қандай деңгейше толтырылады?
8. Берілген ядро зарядтарының мәні бойынша атом элементінің электрондық
формуласын жаз:
а) 8; б)13; в)18; г)23; д)53; е)63; ж)83. Валенттік орбитальдардың
электрондармен толтыру графикалық сызбанұсқасын құрастыр.
9. Берілген электрондық конфигурациялардың қайсысы мүмкін емес? Түсіндір:
а) 1p3 б)3р6 в)3s2 г)2s2 д)2d5 e)5d2 ж)3f12 з)2р7 и)3р4
10. Берілген атомдардың қозған күйінде неше вакантты 3d орбиталь болады:
а)СI б)V в)Мп
11. Берілген атомдардың қозбаған күйінде неше жұптаспаған электрон бар а)В
б)S в)As г)Cr д)Hg e)Сu
12. Fe2+ және Fe3+ иондарының электронды графикалық сызбанұсқасын жаз. Не
себепті Fe ионының электрондық конфигурациясы аса тұрақты болып келеді?
13. Мыс және хром атомдарының электрондық конфигурациясының ерекшелігін
түсіндір. Осы элемент атомдарының қозбаған күйінде 4s электроны бар?
14. Берілген элемент атомдарының валентті электрондық қабаты бойынша
элементтің реттік нөмерін анықта және атауын бер: а) 5s2 5p4; б)3d5; 4s1
15. Атомның электрондық құрылысының келесі формуламен берілген 1s2 2s2 2p6
3s2 3p6 3d6 4p2. Бұл қандай элемент?
16. Иондардың электрондық формуласын жаз: а)Sn2+ б)Sn4+ в)Mn2+ г)Cu2+
д)Cr3+ е)S2-
17. Қай период элементерінің сыртқы электрондық қабаты n+1=5 санымен
сипатталады?
18. Периоттық жүйенің VI топ элементтері аналогтарын анықта. Бұл элемент
атомдарының валентті электрондық деңгейінің жалпы түрдегі элекрондық
формуласын жаз .
19. Не себепті хром мен күкірт фосфор мен ванадий периодтық жүйеде бір
топта орналасады?
20. Бір топта және бір периодта орналасқан мыстың калиймен салыстырғанда
атомдық көлемі неге кіші болады?
21. Көміртегі атомының иондану потенциалының мәнері берілген В J1=11,3; J2
=24,4; J3 =47.9; J 4 =64; J 5 =392; Түсіндір: а) Иондану потенциалы
мәндерінің өзгеруін; б) J4- тен J5-ке өткенде мәніндегі үлкен
айырмашылықты.
22. Асыл газдар атомдарының иондану энергиялары берілген ЭВ He-24.6; Ne-
21.6; Ar-15.7; Kr-14.0; Xe-12.11; Rn-10.8. Осы топшада иондану
энергиясы мәнінің өзгеруін түсіндір.
23. Периодтық жүйедегі 1 топ элементтерінің иондану потенциялының бірінші
мәні берілген (В) Li-5.4; Cs-3.9; Cu-7.7; Ag-9.2; Түсіндір: а) 1топтың
қай топшасында металдық қасиеті айқын көрінеді; б)топшалардағы иондану
потенциалдың мәнінің әр түрлі өзгеруі.

4 ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ Д.И. МЕНДЕЛЕЕВТІҢ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ
ЖҮЙЕСІ
4.1 Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық
жүйесі
1.Д.И. Менделеевтің периодтық заңының ашылуы.
2. Периодтық жүйенің құрылысына түсініктеме бер.
3. Периодтар, топтар, топшалар. ПЖ элемент орнының атомның электрондық
құрылысына тәуелділігі. Элементтің электрондық формуласы қандай ақпарат
береді?
4. S-, p-, d-, f- элементтер дегеніміз не? Периодтық жүйеде олар қалай
орналасады? Негізгі айырмашылықтарын ата.
5. Экрандау эффектісі және ядроның эффективті заряды деген не?
6. Период және топ бойынша атом радиустары, иондану энергиясы,
электронтартқыштығы, электртерістілігі мәндері қалай өзгереді?
7. Периодтық заңның маңызы.

4.2 Есептер мен жаттығулар
1. Периодтық жүйе бойынша реттік нөмірі 8,12,13,15,24,25,29 атом
элементтерінің электрондық формуласын жаз.
2. Cl,Rb+,S2,Mn2+ иондарының электрондық формулаларын жаз.
3. Клечковский ережесінің анықтамасын бер. n+l = 3,4,5,6,7 тең болғанда
қандай атомдық орбитальдар бірдей болады?
4. Скандий, титан және ванадий атомдарында неше бос d –орбиталь бар? Осы
элементтердің электрондық формуласын жаз.
5. Хром, европий, темір және аргонның электрондық формулаларын жаз.
6. Бериллий мен алюминий амфотерлі гидроксид түзетінін ескере отырып,
Келесі қосылыстардың химиялық формулаларын жаз: бериллий нитраты, калий
бериллаты, бериллий қышқылы, алюминий гидроксиді, алюминий нитраты, мета-
және орто- алюминий қышқылдары, натрий метаалюминаты, калий ортоалюминаты.
7. Берілген екі қосылыстардың қайсысы күшті негіз бола алады: NaOH және
CsOH, Са(ОН)2 және Ва(ОН)2, Zn(ОH)2 және Cd(OH)2.
8. Келесі қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежесін анықта: N2, N2О, NO,
N2O3, NO2, N2О5, (NH4)2Cr2O7.
9. Ядролық реакцияны аяқта. 163 2S + 2 1D → 1 0 n + ...
10. 237 93 Nр - осы элементтің 200 83 Вi элементіне радиоактивті айналу
реакциясын жаз.

2 4.3 Бақылау тест тапсырмалары

1. test
Периодтық жүйеден 1S2 2S22P3 электрондық формуламен берілген химиялық
элементі анықта:
a. №2
b. №3
c. №5
d. №7
e. №4
2. test
Период бойынша элементтің реттік нөмірінің әсуіне байланысты
a. атом радиустары артады
b. атом радиустары кемиді
c. атом радиустары өзгермейді
d. атом радиустары периодты түрде өзгереді
e. атом радиустары секірмелі өзгереді
3. test
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элемент атомының энергетикалық
деңгей санын қалай анықтайды:
a. элемент атомының реттік нөміріне байланысты
b. топ нөміріне байланысты
4. test
Химиялық элемент қасиеті немен анықталады:
a. атом ядро зарядымен
b. валенттік электрон санымен
c. энергетикалық деңгей санымен
d. элемент атомының салыстырмалы атомдық массасымен
e. дұрыс жауабы жоқ
5. test
Көміртегі атомының қозған күйде неше жұптаспаған электрон бар:
a. 4
b. 3
c. 6
d. 2
e. 1
6. test
Берілген элементтердің келесі реттігі металдарға жатпайды:
a. Ca,Zn,Cd
b.Ga,Zn,Tl
c. B,As,N
d. W,Bi,Os
e. Pb,K,Mn
7. test
Аммоний ионындағы азоттың валенттілігі нешеге тең:
a. 2
b. 3
c. 4
d. 5
e. 1
8. test
Берілген қатар бойынша N2O3-P2O3-As2O3-Sb2O3-Bi2O3 реттік нөміріне өсуіне
байланысты қышқылдың қасиеті...
a. артады
b. ериді
с. өзгермейді
d. артады, сосын кемиді
e. кемиді, сосын артады
9. test
Қандай элементтің оксиді қышқылдық қасиет көрсетеді?
a. натрий
b. калий
c. алюминий
d. магний
e. фосфор
10. test
Қай элементтің сыртқы энергетикалық деңгейдегі...3s2 3p5 электрондық
формуласы берілген:
a. бор
b. хлор
c. магний
d. фосфор
e. азот
11. test
Д. И. Менделеевтің периодтық жұйесіндегі химиялық элементтің орналасуы неге
байланысты?
a. атом ядросындағы нейтрон санына
b. атом ядросындағы протон санына
c. атомның сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон санына
d. атом ядро зарядына
e. атом массасына
12. test
Периодтық жұйедегі химиялық элементтердің период бойынша ядро зарядының
артуына байланысты металдық қасиеті қалай өзгереді:
a. артады
b. кемиді
c.өзгермейді
d. периодты түрде өзгереді
e. дұрыс жауабы жоқ
13. test
Периодтық жұйе бойынша топтарда ядро зарядының артуына байланысты
бейметалдық қасиеті қалай өзгереді:
a. артады
b. кемиді
c. өзгермейді
d. секірмелі өзгереді
e. артады, сосын кемиді
14. test
Төртінші топтың элементінің жоғарғы оксиді қандай жалпы формуламен
берілген:
a. ЭО2
b. Э 2О5
c. Э О3
d. Э 2О
е. Э 2О3
15. test
Үшінші период элементтері оксидтерінің период бойынша...
Na2O,MgO,Al2O3,SiO2,P2O5,SO3,Cl2O7
a. негіздік қасиеті артады
b. қышқылдық қасиеті артады
c. амфотерлік қасиеті артады
d. негіздік қасиеті кемиді
e. амфотерлік қасиеті кемиді
16. test
V топтың негізгі топша элементтер Э2О5 оксидтерінің реттік көмірінің өсуіне
байланысты негіздік қасиеттері...
a. артады
b. кемиді
c. өзгермейді
d. артады,сосын кемиді
e. дұрыс жауабы жоқ
17. test
Кальций атомының қанша валенттік электроны бар?
a. 1
b. 2
c. 8
d. 10
e. 5
18. test
Қай элементтің оксиді негіздік қасиет көрсетеді?
a. барий
b. алюминий
c. сурьма
d. селен
e. фосфор
19. test
Барий атомында неше энергетикалық деңгей бар?
a. 3
b. 4
c. 6
d. 8
e. 3

5 ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС
5.1 Химиялық байланыс тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
1. Молекула дегеніміз не?
2. Химиялық байланыс, химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары.
3. Химиялық байланыстың жіктелуі.
4. Иондық, сутектік, металдық және ковалентті байланыстар.
5. Валентті емес әрекеттесу, Вандер – Ваальс күштері: бағытталушы,
индукционды және дисперсті.
6. Ковалентті байланыс. Валенттілік байланыс әдісі (ВБӘ).а) Әдістің
физикалық мәні: екі орталықты, екіэлектронды байланыстың түзілуі, атомдық
орбитальдың максимальды қаптасуы. Молекуладағы атомдар ядросы арасындағы
жалпы электрон тығыздығының локальдануы.
7. Ковалентті байланыстың түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың
жұптасуы және донорлы – акцепторлы механизмі.
8. І,ІІ,ІІІ периодтағы элемент атомдарының максимальды коваленттілігі.
Ковалентті байланыстың қанығуы.
9. Атомдық орбитальдар гибридтенуі. Гибридтену және молекула геометриясы.
Ковалентті байланыстың бағыты.
10. Байланыс және молекула полюстілігі. Молекула мен байланыстың дипольдық
моменті. Ковалентті байланыстың полюстенуі. (сигма-, пи – және дельта
байланыстар)
11. Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ).

5.2Есептер мен жаттығулар
1. Н –О –Сl молекуласындағы қай байланыс полюсті?
2. NH3молекуласы және NH4+ ионындағы байланысты ВБӘ бойынша түсіндір.
3. О2, HF, NH3 молекулаларының МО энергетикалық диаграммасын құрастыр.
4. Байланыс еселігі дегніміз не? Мысал келтір.
5. Қай иондардың поляризациялау қабілеті жоғары: Na+ және Cs+, Ba2+ және
Ве2+, AI3+ және La3+? Оны қалай түсіндіруге болады?
6. Не себепті заттардың молярлық массасының өсуіне байланысты олардың балқу
және қайнау температуралары артады?
7. Су және аммиак молекуласының диполь ұзындығын есепте, олардың диполь
моменті 6,19∙10-30 және 4,8∙ 10-30Кл∙ м тең.
8. МО әдісімен Li2, N2, F2 молекулаларының энергетикалық диаграмасын
құрастыр. Байланыс еселігін көрсет. Молекула тұрақтылығына қортынды жаса.
9. МО әдісімен келесі бөлшектердің болатынын не болмайтынын дәлелде.
Не2+, Н2-, Nе20, СІ20, О20.
10. Металдар үлгілері берілген: Cu, Hg, Na, Au, Ag, W.
Әр металдың берілген физикалық қасиеттерін анықта:
- өте жұмсақ, пышақпен оңай кесіледі
- сары түсті
- қиын балқиды
- бөлме температурасында сұйық түрінде
- қызыл түсті
- металдық жылтыры бар және электр өткізгіштігі жоғары
11. НСN циан қышқылы молекуласының диполь моменті 2.9Д
тең. Диполь ұзындығын есепте.
12. HF молекуласының диполь ұзындығы 4:10-11м тең . Диполь моментін
дебай және кулон –метрмен есепте. H2Oжәне H2S молекулаларының
диполь моменті 184Д және 0.94Д тең. Диполь ұзындығын есепте.
Қандай молекулада байланыс полюсті болады?
13. ВеСL2полюссіз молекуласының кеңістік құрылысын түсіндір. BeCL2
байланысын түзуде бериллийдің қандай АО қатысады?
14. SО2 және СО2 молекулаларының деполь моменті 1.61Д және 0 тең.
OSO және ОСО валентілік бұрышы бірдей ме?
15. CS2молекуласының диполь моменті 0 тең. Бұл молекуланың түзілу
көміртегінің қандай АО гибридтенуімен түсіндіріледі?
16. BF3 және NF3 молекулаларның диполь моменті 0Д және 0.2Д. Бұл
молекулалардың түзілуі азот және бордың қандай АО гибридтенуінен
түсіндіріледі.
17. СН4, С2Н6, С2Н4,С2Н 2 молекулаларына көміртегінің қандай АО
гибридтену типі сәйкес келеді.
18. SiH4 және SiF4 молекулаларына кремнийдің қандай АО гибридтену
типі сәйкес келеді?
9. SO2 және SO3 молекуласында күкірт атомы sp гибридтенуі күйінде
болады? Молекулалар полюсті ме? Олардың кеңістік құрылымы
қандай болады?
20. SiF4 және HF әрекеттескенде Н+ және SiF6-2 иондарына
диссоциацияланатын Н2SiF6 күшті қышқылы түзіледі. CF4 және HF арасында
реакция жүре ме? SiF6k - ионындағы кремнийдің АО
гибридтену типін көрсет.

5.3 Бақылау тест тапсырмалары
1. test
Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз...
a. әр түрлі элементтердің атомдары өзара әрекеттескенде пайда болатын
байланыс
b. бірдей элементтер атомдары өзара әрекеттескенде пайда болатын байланыс
c. иондық байланыс
d. металдық байланыс
e. сутектік байланыс
2. test
Ковалентті байланыстың пайда болуының келесі екі әдісі бар:
a. полюсті, полюссіз
b. дара электрондарың жұптасуы нәтижесінде, донорлы-акцепторлы механизм
арқылы
c. валенттілік, еселік
d. электрон жұптары, валенттілік бұрыш
e. дұрыс жауабы жоқ
3. test
Гибридтену дегеніміз...
a. атомдардың өзара тебісуі
b. атомдардың өзара байланысуы
c. атомның пішіндері және энергиялары әр түрлі орбитальдарының өзара
араласып, бір пішіндес және тең энергиялы орбитальдарға айналуы.
d. Орбитальдардың бір жазықтықта орналасуы
e. Дұрыс жауабы жоқ
4. test
BeF2 молекуласындағы берилийдің атомдық орбиталінің гибридтену типі қандай?
a. sp2
b. sp3
c. sp3d2
d. sp
e. дұрыс жауабы жоқ
5. test
Sp2-гибридтену типіндегі қосылыстарда байланыс бұрышы қандай:
a. 45°
b. 90°
c. 120°
d. 135°
e. 180°
6. test
HF-HCl-HBr-HJ қатарында байланыс тұрақтылығы қалай өзгереді?
a. Кемиді
b. өзгермейді
c. артады
d. кемиді, сосын артады
e. артады, сосын кемиді
7. test
NH4 ионы түзілгенде қай атом немесе ион электрон жұбы донорлы бола алады?
a. Н+ ионы
b. Н- ионы
c. N атомы
d. Н атомы
e. дұрыс жауабы жоқ
8. test
F2-O2-N2 қатарында байланыс еселігі мәндері қалай өзгереді:
a. артады
b. кемиді
c. артады, сосын кемиді
d. кемиді, сосын артады
e. дұрыс жауабы жоқ
9. test
Берілген қосылыста Н F химиялық байланыс типі қандай?
a. сутектік байланыс
b. металдық байланыс
c. ковалентті полюсті байланыс
d. ковалентті полюссіз байланыс
e. иондық байланыс
10. test
NO+ молекулалық иондағы байланыс еселісі нешеге тең?
a. 1,5
b. 2,5
c. 3
d. 4,5
e. 5
11. test
Коваленттік байланыс дегеніміз ...
a. бір не болмаса бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін байланыс
b. валенттілік байланыс
c. химиялық байланыс
d. молекулалық байланыс
e. дұрыс жауабы жоқ
12.test
Коваленттік байланысқа тән үш келесі сипаттамалар бар:
a. байланыс энергиясы, ұзырдығы, байланыс бұрышы
b. құрылысы, құрамы, қасиеті
c. байланыс, еселігі, энергия
d. толқындық функция
e. дұрыс жауабы жоқ
13. test
Коваленттік байланыстың бағытталуы дегеніміз...
a. ковалентті байланысты түзетін электрон бұлттарының белгілі бір бағытты
болып, молекулалар кеністікке белгілі құрылысқа ие болуы.
b. молекулаларлық байланыс
c. молекулаішілік байланыс
d. химиялық байланыстық пайда болуы
e. дұрыс жауабы жоқ
14. test
BF3 молекуласындағы бордың атомдық орбиталінің гибридтену типі қандай:
a. sp3
b. sp
c. sp2
d. sp2d2
e. дұрыс жауабы жоқ
15. test
Sp3- гибридтену типіндегі қосылыстарға байланыс бұрышы қандай:
a. 120°
b. 135°
c. 140°
d. 109°
e. 180°
16. test
H2O-H2S-H2Se-H2Te қатарында байланыс тұрақтылығы қалай өзгереді?
a. Артады
b. Кемиді
c. өзгермейді
d. артады,сосын кемиді
e. кемиді, сосын артады
17. test
BH4- ионы түзілгенде қай атом немесе ион электрон жұбы доноры бола алады:
a. H- ионы
b. H+ ионы
c. В атомы
d. B+3 ионы
e. дұрыс жауабы жоқ
18. test
F2-O2-N2 қатарында диссоциациялану энергиясы қалай өзгереді?
a. артады, сосын кемиді
b. кемиді, сосын артады
c. артады
d. кемиді
e. дұрыс жауабы жоқ
19. test
Берілген қосылысқа NaCl химиялық байланыс типі қандай?
a. полюсті байланыс
b. полюссіз байланыс
c. иондық байланыс
d. металдық байланыс
e. сутектік байланыс
20. test
NO- молекулалық иондағы байланыс еселігі нешеге тең:
a. 1,5
b. 2,5
c. 3
d. 4,5
e. 2

6 ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЭНЕРГЕТИКАСЫ МЕН БАҒЫТТАЛУЫ
6.1 Химиялық процестер энергетикасы мен бағытталуы тақырыбы бойынша бақылау
сұрақтары
1.Термодинамикалық жүйе дегеніміз не? Жүйе күйін қандай? Параметрлер
сипаттайды?
2. Жүйе күйінің функциясы. Функция күйі ретінде жүйенің ішкі энергияның
физикалық мәні.
3. Энтальпия.
4. Реакцияның жылу эффектісі.
5. Термохимиялық теңдеулер. Экзо – және эндо- термиялық процестер.
6. Энтропиялық фактор.
7. Гиббс энергиясы.
8. Гесстің термохимиялық заңының анықтамасы.

6.2 Есептер мен жаттығулар
1. 2, 1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3, 77 кДж бөлінді. Алынған темір
сульфидінің түзілу жылуын анықта.
2. Қалыпты жағдайда алынған 8, 4 л күркіреуік газ жарылғанда түзілген жылу
көлемін анықта.
3. Мына теңдеуден: 2РН3(г) + 4О2(г) = P2O5(к) + 3Н2О(с); ∆Нº = -2360 кДж
РН3 (фосфиннің) түзілу стандартты энтальпиясын (∆Нº298) анықта.
4. Реакцияның жылу эффектісі мәнін қолдана отырып, 3СаО(к)=Са3(РО4)2(к) ∆Нº
= -739 кДж
Кальций ортофосфатының түзілу энтальпиясын ∆Нº298 анықта.
5. Келесі реакция теңдеуінен: СН3ОН(с) + 32О2(г) = СО2(г) + 2Н2О(с) ∆Нº =
-726, 5 кДж түзілген метил спиртінің ∆Нº298 анықта.
6. 12, 7 г мыс (ІІ) оксиді көмірмен тотықсызданғанып, СО түзіле жүргенде
8,24 кДж жылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУҒА ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі
Орыс тілі мен әдебиеті
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Пәндер