Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛГІ
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Ахмеджанова Ардақ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
« Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері»
050117 - қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытудың түрі: сыртқы
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., Жәмбек С. Н.
Ғылыми сарапшы: «Көкше» академиясының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Есмағұлов А. Ы.
Диплом жұмысының қорғауға
Жіберілген күні:
Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., доцент Шапауов Ә. Қ.
Қоғайтын күні:
Бағасы:
Көкшетау 2010 жыл
Жоспар:
Кіріспе 3-4 бет
Негізгі бөлім
І тарау. Бернияз Күлеев поэзиясының тақырыптық - идеяның өрісі.
5-13 бет
1. 1. Лирикаларының ерекшелігі. 14 - 29 бет
1. 2. Поэмаларының ерекшелігі. 29 - 34 бет
ІІ тарау. Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері.
2. 1. Ізденіс іздері. 35-40 бет
2. 2. Шеберлік өрісі. 40- 49 бет
Қорытынды. 50 бет
Кіріспе
Қан майданда қайтыс болған
қарағым . . . Мағжан 1
Адам. Оның ішінде әсіресе ақын алдымен табиғаттың (ананың төлі) . Бірақ қалай шыр етіп жарық дүние есігін ашады, солай сәби қоғам құшағына тап болады. Яғни оның ішінде екінші анасы, тәрбиешісі әлеуметтік орта.
Алайда осы қоғамның өзі дайын дәнді Табиғат ана ұсынған негізді өрбітіп өсіруге мәжбүр етеді. Демек, әу баста табиғат берген нышан негіз адамның кімнен қашан жаралғанының маңыздылығын тілеме керек. Олай болса шағыс, қазақ күн тізбектерінде жылдар сипаттамасында, айлар анықтамаларында үлкен сырлар ұшығы жатыр.
20-30 жылдардан бастау алған әдебиет тану ғылымымыз осы кезең әдебиетіне қатысты идеалогиялық топтауларға толы бір жақты пайымдаулар мен тұжырымдар, жарты кеш шындыққа негізделген тұлғаларға әртүрлі дәрежедегі саяси айыптаулардың ауыры да жеңілі де болады.
Бұл жерде байшыл - ұлтшыл деп атаған ақын жазушылар жөнінде айтпаса да болады. Өздері қазақ әдебиетінің тарихына кіргізіп шығармаларын қарастырып отырған ақын жазушылардың, демократтардың көпшілігі дерлік осындай әртүрлі дәрежедегі саяси кіналаулардан құр қалған жоқ.
Міне, осындай саяси кіналаулардың негізгі нысаналарының біріне айналған ақын - жазушының бірі Бернияз Күлеев. Оны бірде дарашыл күйрен сезімнің ақыны, біреулер символист ақын, бірде байшыл - ұлтшыл жазушылардың құйыршығы деген секілді әртүрлі айдарлармен сан - саққа жүгіртіп келдік. Небары жиырма төрт - ақ жас ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың баснда жасаған қазақтың аса талантты ақындарының бірі Бернияз Күлеевтің есімі оқулықтарда бірде аталып, бірде аталмай, анда- санда зерттеу монографияларда сөз болып, топтама, жинақтарда, хрестоматияларда бірді екілі ғана өлеңдері жарияланып келді. Бернияздың таңдамалы тұңғыш жинағы 1969 жылы ғана «Айтшы, ақ қайың» деген атпен жарық көреді. Осы жинақтың алғы сөзін жазған белгілі ғалым Ысқақ Дүйсенбаев Бернияздың ақындығы туралы былай деп жазды: « Сыршыл да нәзік лирикасы, әсем баллада - поэмаларымен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық етіп, бірден көзге түскен аса талантты ақын Бернияз Күлеевтің есімі көп уақытқа дейін ұмытылып, жөнді атамай, қазақ поэзиясына қосқанының елеулі үлесі ескерілмей келді. Бұған бірнеше себептер бар. Ең алдымен ақынның өмірі қысқасынан қайырылып, кенетте шорт үзілді де, өз бойындағы зор дарынның сарқа көрсетуіне мүмкіндік мүлдем кесіліп қалды.
Оның бер жағында Бернияздың әдебиет майданына алғаш араласа бастаған шағы күрделі заман болғанында. Соның өзінде жас ақын аз жылдың өзінде талантының негізгі сипаттарын айқын таныта алды. Ол
200-ге тарта үлкенді- кішілі өлең толғаулар, үш поэма, бір баллада жазып үлгерді».
Ақын жолдасы қарт журналист Мерғали Ешмұхамедұлының айтуынша «Бернияз он төрт жасында өлең жаза бастады. Яғни 1916 жыл. Мұндағы өлеңдері жаратылысты суреттеу сияқты ұсақ өлеңдер, төселіп жаза бастағаны - 1918 жыл» дейді. Яғни поэзияға түбегейлі ден қойып, нағыз ақын ретінде танылуы осы 1918 жылдар шамасы. Жоғарыда айтып кетекенімдей Бернияздың алғаш әдебиет майданына араласқан кезі өте күрделі заман еді. Оны күрделі дейтін себебіміз тарихтағы болған ұлт - азаттық көтеріліс (1916 жыл) одан кейінгі Октябрь революциясы т. б.
Осы тұстан ақындардың көпшілігі сол қоғамдағы өзгерстереге жаңа заманға арнап көптеген өлеңдер жазды. Ал Бернияз Күлеев революцияны, жаңа заманды бірден қуанып қарсы алып, қолдап отыр. Түсінсе де, жаңа заман оны бірден түсіне қоймады. Оның жалпы адамзатқа емес, жеке адамға арналған «бізге емес, менге» құрылған лирикасы тосырқап, қабылдай алмады. Тіпті оны «Ойдағым», «Өзім» сияқты өлеңдерінен шошып кеткендей сыңайлы» - деп жазды Б. Сарбалаев [2. 5 ] .
« Өзім деймін, өзгелерді көрмеймін,
Өзімсіздік «ай бауырымға көнбеймін.
Өзім- патша өзім- төре, өзім - хан
Өзім ойымды сан сабазға бермеймін.
Өз қонымды өзім ашып қарармын,
Өз жасымды өзім ішіп қонармын.
Өзіме өзім әбден келіп алайын,
Өзімдейге сосын - ақ көз салармын»
Бұрын яғни Берниязға дейін мұндай «өзім - өзім» - деген өлең (лирикалық кейіпкер) қазақ әдебиетінде ұшырасқан жоқ. Жаңа өлең болды, сол себепті Берниязды түсінбеушілер, оның өлеңін қабылдамаушылар көп болды.
Негізгі бөлім
І тарау. Бернияз өмірі мен шығармашылығы
Бернияз Күлеевтің өмірбаянына қысқаша тоқталғанда, оның замандасы, жақын жолдасы, қарт журналист Мерғали Ешмұхамедовтың 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институнына табыс еткен естелігіне сүйеніп, соған әрдайым сілтеме жасап отыруға тура келді. Ал оның қолжазбалары жайлы сөз еткенде үш қол жазбаны негіз ету қажет. Себебі оның шығарамалары әлі толық жинақталмаған. Үш қолжазбаның біреуі М. О. Әуезовтың әдеби - мемориалдық музейінде сақтаулы. (Араб әрпімен жазылған) . Бұл қолжазба шамасы 1926-1927 жылдарда қағаз бетіне түскен тәрізді. Ал қалған екеуін 1967 жылы ақынның туған жиені Мәдина Бегімбетова Қазақ ССР ғылым академиясына табыс етті.
Ақын өмірбаянына байланысты Мерғали Ешмұхамедұлынынң алғашқы дерегі оның өмірі мен шығармашылығының жолына байланысты жазылған (Еңбекші қазақ) газетінің 1928 жылғы 30 наурыз күні шыққан № 72 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз» деген мақаласында берілген. Бұдан кейін «Еңбекші қазақ» газетінің 1923жылғы № 19 санындағы ақын қазасына байланысты берілген «Бернияз Күлеев» деген мақаласын сынау мақсатында жазған, айтыс ретінде деп берілген осы газеттің 1928 жылғы 10 сәуір № 81 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз туралы» деген мақаласын Жетісу облыстық «Тілші» газетінің 1923 жылғы 20 наурыздағы №28 санындағы Мағжан Жұмабаевтың «Бернияз Күлеев » деген мақаласын ақын өмірбаянына қатысты аздап деректер алуға болатын нұсқаларды жатқызуға болады.
1976 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопелиясының 6 томында ақын өмірбаянынан қысқаша мәліметтер берілген.
Ақын өмірінің соңғыкезеңі туралы хабарлар Қазан қаласында шығып тұрған «Исвестия» ТАТ ЦИК а » газетінде (1923 жыл 31 қаңтар, №21) татар тіліндегі «Татарстан» газетінде «Қайығылы уақиға» (1923 ж. 1 қаңтар, № 24) деген атпен жарияланды. Бұдан басқа ақынның өзінің сүйгені З. Ахмерова екеуінің өздерін - өздері өлтіргендігі туралы, сот экспертиза орындарының жүргізген материалдары Қазан қаласындағы Татарстан орталық архивінде тігіліп сақталған. ( ТаССР ОМА, қар. Р 3870. 3 тізім) .
Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы, Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші ауылында (қазір Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келді. Ақынның
ғалым Ысқақ Дүйсенбаев ақынның туған жылын 1897 жылы деп көрсетіпті. [3. 159-226] .
1969 жылы шыққан «Айтшы, ақ қайың» деген таңдамалы жинағында оның шығармашылық жолына қысқаша сипаттама ретіндегі алғы сөзінде белгілі Қазақ совет энциклопедиясының 6 томдығы Б, Күлеевтің өмірбаянына қатысты мәліметте де 1899 жыл деп көрсетілген. Және Ы. Дүйсенбаевтің өзінің «Ғасырлар сыры», «Эпос» және «Ақындар мұрасы» деген еңбегінде де 1897 жыл емес, 1899 жыл деп берілді. Осыған сүйеніп және ақынның бірден - бір биографы оның замандас серігі М. Ешмұхамедұлының естелік - деректеріне сүйеніп, осы жылды ақынның ақиқат туған жылы деп қабылдаймыз.
Ақынның сүйегі - Кіші жүз ішіндегі Әлім руынан. Бернияздың өзінің әкесі - Бекен, ал Күлей - оның ұлы атасы болған. Бекен орташа ғана дәулеті бар, дәңгелек шаруа адамы болған. Бекеннің бар арманы Берниязды оқытып, сауатты адам ету болған. Осы жолда өзінің шағын дәулетін аямаған адам. Осылайша Бекен Берниязды сегіз жасынан бастап мұсылманша сауат ашу үшін ауыл молдаларына оқуға береді. Болашақ ақын елдегі медресе, мектептерден әуелі ескіше, (хадимше), кейінен жазбаша (жәдитше) білім алған. Бернияз Орынбордағы Хусаиновтың мектебінде де, одан кейін екі кластық школда, оны бітіргеннен кейін Ақтөбе гимназиясында оқиды. Он бір жасында мұсылманша білім алуға ынталанып, құштар болуының өзі елінен шыққан оқыған, жұртқа бел ірі азаматтардың көптеп шығуымен де түсүнуге болады. Бернияздың немере ағасы Сағындық Досжанов көп уақыт бала оқытып, халық ағарту аясында қызмет етіп, Орынбор қаласында тұрған болатын. Ал сағындықтың қарындасы Аққағаз Досжанова осы ағасының тәрбиесінде болып 1914 жылы Орынбор гимназисян үздікке бітіріп, одан әрі жоғары дәрежелі оқу орнына түсіп, қазақ арасынан жоғары дәрежелі білім алған тұңғыш қазақ әйелдерінің бірі.
Ақынның туған апасы Мәриям да мұсылманша сауаты бар, ақындық өнерден хабары бар дарынды адам болған. Замандас құрбыларымен болатын айтыстарда үнемі жеңіп отырған. Өз туған туысқандарынан басқа ел арасына белгілі болған бірнеше оқыған адамдар шыққан. Мысалы ақынның «Хұсайын» медресесін бітіріп, кеңес өкіметі тұсында көп ұстарзық еткен Жұмабай Оразалин, көршілес елдерден шыққан Молдабаев, Жиенбаев, Тойбазаров Қазан университетін бітірген Н. Амантаев т. б. атауға болады.
Бернияз осы оқуларда оқып жүргенде тек қана оқумен шұғылданып қана қоймай, сол кездегі алғашқы қазақ зиялыларына нәр берген, бағыт бағдар сілтеген, ұлттық қараңғыда жол бастар шамшырақғы болған қазақ - татар тіліндегі басылымдар «Уақыт», «Тәрджиман», «Қазақ», «Айқап», «Шура» секілді газет - журналдарды үзбей оқыған. Орыс, қазақ, татар классиктерінің шығармаларын шәкірт шағында зер салып оқиды. А. С. Пушкин, М. Лермонтов, Абай, Тоқай, Дәрдімандтордың өлең поэмаларын сұқтана қабылдаса, кейінірек Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев тағы басқа замандас жазушылардың жазғандарына ерекше назар аударады, сол авторлардың ішінен кейбіреулерінің жеке жинақтарын басып шығару жұмысына белсене атсалысады. Сонымен қатар өз замандастары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың шығып жатқан дүниелеріне зер салып, ерекше назар аударып отырды. Әсіресе ақын мұрасының болашақ романтикалық - символикалық сипатына М. Жұмабаев лирикаларына және осы Бөртеде оқып жүргенде ресейдегі болып жатқан дүниежүзілік маңызы бар әртүрлі қоғамдық сілкіністер ақын сана -сезіміне әсер етіп отырған. М. Ешмұхамедовтың айтуынша 1915 жылдың күзінде Бернияз Күлеев Бөртедегі екі кластық орыс-қазақ учидищесіне түседі. Бұл мектепте басқа шәкірттердей емес, өзін байсалды ұстап, көп ізденудің нәтижесінде ой - санасы, көзқарасы жедел қалыптаса бастайды, саяси өмірдегі бой көрсеткен өзгерістерге де айрықша көңіл бөліп, ерекше зер салатын болады. Мысалы, 1916 жылғы әйгілі оқиға Берниязға қатты әсер етеді, зерделі шәкірт бұқара көпшіліктің басына төнген ауыр халді өткір сезініп, қинала толғанады. Февраль революциясына байланыста Б. Күлеевтің басында болған бір жағдайды келтіріп, ақынның бірінші биографы М. Ешмұхамедов былай деп жазады: «1917 жыл, март айының алғашқы күндері. 2 кластық училище Орынбордан небары 100 шақырымдай болса да, қатынастың қиындығынан ауылға жөнді хабар жетпейтін, көп кешігіп баратын. Ал қаладағы оқиғалар туралы ел ішінде сан алуан лақаптар тарай тұрса да, төңкеріс жасалып, патшаның тақтан түскенін ешкім біле бермейтін. Оны сезінген жергілікті әкімдер жұрттан жасыруға тырысатын еді. Бір күні кешқұрым Бернияздың өзі алдырып тұратын газеттердің бірнеше саны келеді. Екі жақтағы класс бөлмелерінің ортасындағы залда ешкім жоқ, Бернияз жалғыз отырып газетті қараса, Петербургте революция (февраль революциясы) жасалған Россияны 300 жыл бойына билеген Романовтардан соңғы патша Николай ІІ тағынан түсірілген. Бұл туралы сол кездегі прогресшіл - демократияшыл «Уақыт» газетінде (редакторы татардың демократ қайраткері Фатих Каримов) толық жазылыпты». Патша өкіметінің Россия халқына көрсеткен жәбір - жапасы, жұмысшы тобының өмір халі, әсіресе «бұртана» саналатын халықтарды езіп, жаншуы түгел айтылған. Оннан әрі оқыған сайын Бернияз ызалан түседі. Зығырданы қайнайды, енді ол көп нәрсені түсіне бастағандай болады. Тіпті өзін - өзі билей алмайтын дәрежеге жетеді. Газетті оқып шыққан соң, басын көтергенде залдың қабырғасында ілулі тұрған Николай ІІ, оның бояуымен әдеміленіп салынған алтындаған рамкалардығы суреттеріне көзі түседі. Ойланбастан орнына ұшып тұрып жанағы суретті жұлып алып талқандай бастайды!» [4. 421] .
Бұл әрине, шәкірт сынның бір қырын ғана бейнелейтін шағын көрініс, патша өкіметі жасап келген зорлық зомбылыққа қарсы реакцияның болмашы ғана елесі. Сонымен бірге жас Бернияздың халық мұңын, қазақ елінің ауыр халін түсінуіне білуінің айқын айғағы.
1917 жылдың күзінде Бернияз Күлеев Орынбор қаласындағы учительдік семинарияға түседі. Бірақ онда тұрақты білім алуға мүмкіндігі болмайды.
Өйткені сол бір уақыт толқымалы, құбылмалы кез еді. Оның бір жағында, октябрь революциясынан кейін іле - шала бастаған азамат соғысы күшейе түсіп, сол кезде Орынбор қаласын алады. Бернияз сол мезгілден бастап, оқуын қоя тұрады да, совет қызметіне белсене араласады. Осы қарсанда жаған «Шын сүйсіскендер» атты пьессасын сол жылы март айында өткізілген Торғай облысы советтері съезінің делегаттарына арнап оқып береді. Бас рольді де өзі ойнайды. Бұл съезде советтердің облыстық комитетіне Бернияз Күлеев мүше болып сайланады.
1918 жылы Чехословак корпусының ылаңымен Қызыл гвардия Ақтөбеге қарай ығысып, Орынбор қаласына атаман Дутовтың әскері кірген кезде, әлде жүрген Бернияз ауылында қалып қояды. Ақынның осы бір шақтағы өмірін М. Ешмұхамедов былай баяндайды:
« Әкесі Бекеннің кішкене ағаш үйі ауылдың шетінде еді. Терезенің алдынан өскен екі - үш терек, оның арғы жағы қара су, онда балапандарын ертіп жүрген үйрек - қаз. Аспанда Жайықты бойлап солтүстікке қарай әртүрлі ән құбылта, тізбектеліп тартып бара жатқан қараша қаз тырна. Ауыл шетінен, басталатын көкмайсалы құлпырған жайылым, кең дала. Таң атып, күн көтеріліп келе жатқанда немесе кешқұрым күн жиекке таянып, кең далада ымырт жабыларда ашық терезе алдында шапан жамыла орындықта терең ойланып, домбыра шертіп отырған Бернияз қасындағы үстелдің үстінде сия, қалам. Ол қоңыр дауыспен домбыраға үзіп - үзіп үн қосады. Бұл бұрын мәлім ән де емес, күй де емес, үні де жаңа, сөзі де жаңа, домбыра үні соған сай. Сонда үн сөзден туа ма, әлде екеуі домбырадан шыға ма, не болмаса домбыра шабыт беруші күй құралы ма? Бірақ сол кезде де байқағаным, қазір де байқаймын, Бернияз өлеңдерін терең ойлана дауыстап оқығанда оған мазмұнына сәйкес күй - саз туғандай болады. Әлде бұл өлеңді шақырғанда әуелде домбыраға үнмен қосып айтудың қасиеті ме екен ? Қайткенде де өлең мен күй- саз тууы тереңірек зерттеуді керек ететін мәселе болса керек». Бұдан біз Ешмұхамедовтың бір сәтке болсын ақынның көңіл - күйін сипаттап, оның өлең шығарудағы шабытының сырын ашпақ болғанын көреміз. Шын мәнінде Бернияз лирикасының түп- көрпіні қайда жатқанын тура мегзейтін тәрізді». [5]
1918 жылдың күзінде Бернияз семинарияда оқымақ болып, тағы да Орынборға барады. Бұл кезде қала ақтардың қолында еді. Бірақ көп ұзамай 1919 жылдың бас кезінде М. В. Фрунзе жолдас бастаған Қызыл Армия әскері ақтарды Орынбордан қуып шығарады. Дегенмен, ақ гвардияшылар қаланы торып, ара- тұра шабуыл жасауын тоқтатпайды. Тап осы уақытта қалада қалып қойған Бернияз негізінде совет қызметін атқарып, оқуына жөндеп көңіл бөле алмайды.
1919 жылдың күзінде Орынбордан шыға сала Қызыл Армия қатты шабуыл бастап, ақтар әскерін шығысқа қарай дүркірете қуады, революциялық құдіретті күштің дүмпуіне жау төтеп бере алмайды. Сол қарсанда В. И. Лениннің Декреті бойынша Әліби Жанкелдин бастаған топ Орынборға келіп, енді сол Декретке сүйеніп, қазақ даласын басқаратын соғыс революциялық комитет құрады.
Міне, осындай саяси өмірдің қайнаған шағында Бернияз Күлеев тіршілікте болып жатқан түбегейлі өзгерістерден сырт қалмайды, оқиғаладың жуан ортасында жүріп, бар жігер - күшін аямай атсалысады. Ол түрліше жауапты қызметтер атқарумен бірге жергілікті советтерді құрып, олардың жұмысын жолға қою ісіне қатысады. Оннан соң ревкомның органы «Ұшқын» газетінің редакциялық коллегиясына мүше болып тағайындалады. Сонымен қатар осы газеттің бетінде өзінің мақалалары мен өлеңдерін жариялап тұрады.
Ақын өмірінің желісін әрі қарай тарқағандай болсақ, 1920 жылдың күзінде Қазақстанның халық ағарту комиссариаты Бернияз Күлеевті оқу және көркем әдебиет нұсқаларын бастырып шығару ісіне басшылық ету үшін Қазан қаласына жібереді. Сол 1920 жылдар Бернияздың тікелей басқарумен бірнеше кітаптар жарық көреді, олардың ішінен Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және Сәкен Сейфуллиннің шығармалар жинағын атап көрсетуге болады.
Осылайша қазақ мәдениеті мен өнерінің әдебиетінің қаз - қаз тұра бастаған шағында Б. Күлеев халқы үшін осындай үлкен қоғамдық, мәдени істер тындырды. Қалыптасып келе жатқан мәдени істерімізге ұйтқы болып, оның оннан әрі өр істеп, қанат жанына мұрындық болды. Осындай жауапкершілігі мол, қоғамдық мәдени істің басында ақын өмірінің ақырына дейін, яғни 1923 жылға дейін болды. Ескі мұраны тани да, талғай да алатын алғырлығымен білімділігін көрсетсе, сондай - ақ ақындық өнері де өрістеп барып, тосын ажалдан қарсығанын еркісіз сөнеді.
1923 жылдың 29 қантар күні Бернияз Бекенұлы Күлеев Қазан қаласында кенет ажалға ұшырап, қыршын жастай шағында өзін - өзі атып, дүниеден қайтты. Жиырма төрт - ақ жаста екен. Бернияздың өз өмірін өз қолынан бітіріуіне қандай себеп болғаны бізге мағлұмсыз. Бірақ кейбір деректерге қарағанда «Мағжан Жұмабаев» шығармаларын құрастырушылар Х. Абдулин мен Б. Дәрімбетов былай түсіндіреді: «Бернияз Қазан баспаханасында сапалы басып шығарылуына басшылық жасайды. Сонда жүріп бір татар қызымен танысып, сөз байласады. Бірақ екеуінің үйленуіне қыз әкесі рұқсат бермейді. Өмірден махабатты санаған екі жас өздерін - өздері өлтіреді» - дейді.
Осы қайғылы сәтті естіген кезде Мағжан қаламынан «Сұлу жанның күлкісі де сиқыр қой, күлкілер көбік болып жорғалар» деген жолдар туыпты.
М. Жұмабаев қатты күйзеліп, «Тілші» газетіне азалы назалы және арнау өлеңін жазды. Бернияздың өз өмірін өз қолынан бітіруіне қандай себеп болғаны бізге мағлұмсыз. Алайда жастықтан, әсіресе тәртіпті дұрыс тәрбие алмаудан туған бір себеп болуына шүбә жоқ, олай болса, жас жанның мұндай жолға түсуіне өзінен бетер әлеумет айыпты. Түзу жолға сала білмеген, дұрыс тәрбие бере білмеген әлеумет, аласұрған жас жанның қолына мылтық беруші сол, осыны ұғу керек. Үмітті «жасымыз неге ерте кетті» деп емес, неге ерте кетеді деп ренжу керек. «Күнә сенде емес, көптікі. Жаның тыныш болғай еді, жас ұлан!» - деп жазады М. Жұмабаев. «Бернияз Күлеев», «Тілші» газеті, 1923 ж, № 28, 20 наурыз «Ақжол» газетінің 1923 жылғы 25 ақпан күнгі санында Мағжанның «Берниязға» деген өлеңі жарияланады.
Жаны жалын, жаны шерлі жеткенше,
Күлсін соған, сөнсін мейлі көп есек.
Мен сөкпеймін, сені сонау толқынмен,
Қан майданға неге ғана кірдің деп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz