Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1. Ұлттық библиография және оның дамуы . . . . . . 7
1. 1 Қазақстан библиографиясына үлес қосқан қайраткер . . . 11
1. 2 Кітапхананың библиографиялық қызметін басқару . . . 14
2. Библиографиялық қызмет көрсету жолдары . . . 19
2. 1 Анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың әдістері . . . 27
2. 2 Кітапханадағы библиографиялық жұмысты жоспарлау . . . 33
2. 3 Кітапханадағы библиографиялық жұмыстың есебі . . . 36
3. Кітапханалық - библиографиялық процестерді автоматтандыру . . . 43
3. 1 Аудандық кітапханадағы библиографиялық жұмыстың нәтижесі . . . 47
Қортынды . . . 49
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . 51
Қосымша . . . 53
1. Кітапханадағы библиографиялық жұмыстың жоспары . . . 53
2. «Азамат. Ұстаз. Қаламгер» - атты профессор Т. Кәкішевтің
80 - жылдық мерей тойына арналған - слайд шоу. CD -RW . . . 56
Кіріспе
«XXІ ғасыр - мәдениеттің, ғылым
мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана»
Н. Ә. Назарбаев
Зерттеудің өзектілігі:
Әлеуметтік прогресс, экономика және мәдениеттінің дамуы мен өсу дәрежесі адамзат пен біріңғай қоғамның ақпаратпен хабардар етілу деңгейіне байланысты болады.
Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады. Уақыт талабына сай жыл сайын баспа шығарылымдарындағы ақпарат тасқыны көбейі түсуде.
Кітапхананың рөлі мен маңызын анықтағанда оның ақпараттық қызметі бірінші орынға қойылады. Кітапхананың библиографиялық қызметі ақпараттық қызметтің дәстүрлі, сонымен бірге келешегі зор бағытының бірі.
Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруде Қазақстан Республикасының библиографиясының неғұрлым толық, жиі және тез қолға тиюіі болып табылатын библиографиялық ақпараттың мүмкіндіктері кеңейі түсуде. Жылдан - жылға баспа шығармаларында жарияланған ақпараттар легі өсе түсуде. Әдебиеттер басылымдарының жоғары шапшаңдылықпен басылып шығуы, ақпараттар көлемінің ұлғаюы, ақпаратты меңгеру адамның жалғыз өзінің қолынан келер мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Оған баспа шығармаларының ауқымды легіне төтеп беру үшін арнайы көмекшілер керек. Мұндағы басты мақсат оқырмандарға түрлі тақырыптардағы және әр түрлі мәселелерді қамтитын баспа шығармалары жайлы ақпарат беретін библиографиялық мәлімет, жекелеген библиографиялық тізімдер, көрсеткіштер, әдебиеттерге арналған шолулар шығару болып табылады.
Мәселені құрастыру дәрежесі:
Библиографиялық ақпараттың әр түрлі контекстер мен байланыстарға қатысты міндеттері әдебиеттерді талдау мен мамандарға сұраныс жүргізгенде көрінгендей болды.
Мысалы:
• идеалогиялық;
• ағартушылық;
• мәдени - ағартушылық;
• ұсыныстық;
• оқулық;
• жариялылық;
• педагогтық;
• ағартушылық;
• оқырманның санасын оятушылық;
• әлеуметтік;
• ақпараттық ортаны қалыптастырушылық;
• ақпаратқа құмарлықты тәрбиелеушілік;
• ғылымдық;
• ақпараттық;
• анықтамалық;
• тарихтанушылық;
• ұйымдастыру - басқарушылық;
• әстетикалық;
• модельдеушілік;
Жүйелеуді қажет етпейтін бұл тізімді еркімізге қарай қанша соза берсен те болады. Проблеманы құрастыру дәрежесі Кітапханалық жұмыстың міндеті ғылыми - ақапараттық аймақ, өнімді басқару, зерттеулер, өздігінен білімін жетілдіру. Ресей мемлекетінің атақты оқымастылары Р. С. Гиляревский, В. А. Виноградов, А. В. Соколов, Ю. Н. Столяров, И. И. Радионов, И. А. Болотин, Г. Т. Артомонова, К. В. Тараканов және қазақ оқымыстылары С. Ахметова, Р. Бердіғалиева, Ақшал Майра Алмабекқызы т. б.
М. А. Ақшал жұмысында ақпараттың шығуы мен қалыптасуына сұрыптау жасайды, дамудың ашық түрін ұсынып, актуальды проблемаларды қарастырады. Ал Ю. Н. Столярова еңбегінің зерттелуі бойынша ақпараттық қоғамда кітапхана рөлі енгізілді. Сол себептен кітапхана спецификациясы институт құжаттамасы ретінізе қарастырылды. Кітапхана жұмысы ғылыми даму жолына өз қорын ұсынды.
Объекты - кітапханалардың библиографиялық жұмысының жоспары мен есебін зерттеу бағыттары.
Пәндік - кітапхана жұмысындағы библиографиялық ақпарат жүйесін басқару және ақпарат саласының стратегиясын зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты - кітапхана жұмысында библиография теориясын пайдаланып, тәжірибеде қолдану. Кітапханадағы библиографиялық жұмыстың жоспары мен есебін көрсету және нақты түсініктеме беру:
1-ші библиографиялық ақпараттың жалпы пайда болу заңдылықтары мен дамуын ашып көрсету;
2-ші библиографиялық ақпараттың құрылымын анықтау;
3-ші библиографиялық қызмет жайында түсініктеме беру;
4-ші библиографияның негізгі түрлері жайында ашып көрсету;
5-ші ақпараттық технологияны енгізу;
6-ші кітапханадағы библиографиялық жұмыстың нәтижесі;
Зерттеудің ғылымдағы жаңашылдығы. Кітапхана басқарудағы стратегиялық әдістемелік - теориялық жүйедегі көз қарасты түсіну, әдістеменің қызметін, мақсатын, міндетін, стратегия барасында басқаруды қарастыру. Локальдық жүйе арқылы жаңа технологияларды басқарып, олардың қорытындысына талдау жасау.
Нарық жағдайында ақпараттық кітапханалар қызметін стратегиялық басқару проблемаларын шешілуі жағдай концепциясы нақтылайды, соның ішінде:
• коммерциялық ақпараттық қызметті стратегиялық басқаруда негізгі әдістемелік принциптері тұрақталып қалыптасқан, кітапхана қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бұрын осы облыста қалыптасып қолданбаған: кітапхана қызметінде қос мінездемелі есеп принциптері (мемлекеттік институттар мен ақпараттық нарықтың бос субъектісі сияқты), ішкі ортаға назар бөлу принципі, жүйелік үйлесуді топтастыру принципі, стратегияны құрастыру кезінде минималды мөлшерде әсер ету принципі, ақпараттық кооперация және серіктестік принципін көздеу, басшы адамның алғаш келбеті принципі, стратегияның үздіксіз даму принципі, ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру стратегиясына жариялау принципі, модельдеу принципі, енгізу тәжірибелік принципі, ақпаратты бір реттік өңдеу және оны көп рет пайдалану принципі;
• коммерциялық ақпараттық қызметті стратегиялық басқаруда комплексті әдістер құрастырылған: а) жалпы әдістемелік стратегияны бағалау жағдайы бойынша өңделген және n-мөлшерінде объекті ретінде нарық кеңістігіндегі кітапхана қызметі; б) екі мөлшерлі (нарық-өнім) және үш мөлшерлі сегментацияның қорытындысын талдау негізінде мақсаттық ақпараттық қызмет бағытын анықтау әдісі;
• қарастырылатын және құрамы мен жалғасымды операцияны құру стратегияны коммерциялық ақпараттық қызметті стратегиялық басқару технологиясы құрастырылған: а) локальды стратегия және жалпы өндірудің комплексті шешім; б) алгоримдік процедура интерактивті бағалау және селкциялы ойды технологиялық процестердің түрін елестету; в) модельдің жағдайы қиын түсу нәтижесіне байланысты интерактивті салыстыру және нақтылау стратегиясын пайдалану;
Стратегиялық басқару шешімін шешу технологиясын, құралдарды моделдеу орны туралы және жүйелік көз қарас, кітапханада болатын әдістемелік принциптері арқылы және ақпаратты жүйені қамтамасыз ететін ұйымдастыру теориясын негізгі ережелерін зерттеуге дипломдық жұмысты орындауға кірген.
Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер:
- Инновациялық процесстердің кітапханада дамуы үшін - кітапхананы жаңа технологиямен қамтып, автоматтандыру.
- Кітапханадағы инновация лық библиографиялық жұмыстарды зерттеу.
- Кітапханада жаңа технологияны пайдаланып, күнделікті жұмыста қолдану.
Іс - тәжірибенің маңыздылығы: қорыта келе зерттеу нәтижесі бойынша
- инновациялық процесстердің қалыптасуы, оны күнделікті тәжірибеде қолдану
- Қазақстанда және Бұланды ауданында библиографиялық жұмыстың жоспары мен есебін инновациялық түрде қарастыру
Дипломдық жұмыстың алдына қойған міндеттері:
- кітапханадағы библиографиялық жұмыстың жоспары мен есебін толық қарастырып зерттеу
Дипломдық жұмыс құрылымы:
дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- Ұлттық библиография және оның дамуы
Қай ғылым саласынан қандай кітаптар шықты? Оның толық дерегін қайдан білуге болады? Бұл сұраққа жауап алу үшін мемлекеттік библиографияның пайдаланады. Библиографияның барлық басқа салалары мен түрлері осы мемлекеттік библиографияның негізінде өрбиді.
Респбликамызда барлық тілдердегі жарық көрген баспа шығармаларын түгелдей тіркеп жариялап отыруды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кітап палатасы басқарады.
Қазақстан Республикасының Кітап палатасы Қазақстан Орталық Атқару комитеті мен Қазақ ССР Халық Комиссалары Кенесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі «Қазақ ССР мемлекеттік Кітап палатасын құру туралы» бірлескен қаулысы бойынша ұйымдастырылды.
1994 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Кітап палатасы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мәртебесі берілді.
Кітап палатасы шежірелерді 1938 жылдан тек орыс тілінде, ал 1939 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде шығара бастады. Кітап палатасы еліміздің аумағында шығатын барлық баспа шығармаларының міндетті даналарын қабылдап, мемлекеттік тіркеуге алып отырады.
Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік библиографияның, баспасөз статистикасының, кітапхана каталогтарын орталықтандырудың, библиографиялық анықтамалар берудің және баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі ғылыми-техникалық хабарлардың ғылыми орталығы болып саналып отыр.
Республикадағы ғылым мен мәдениеттің дамуы әр саладағы ілім-білімнің жеке-дараланып жетілу процестері баспасөзді де күрт өсіріп, өркендетіп жіберді. Міне, осыған орай Кітап палатасының жұмыс көлемі молайып, күрделене түсті.
Кітап палатасында баспасөз статистикасы 1957 ж. бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың маңызды болатын бір себебі - республикада баспасөз ісін дамытуға керекті негізгі көрсеткіштерді беріп отырады. Әуелгі кезде тек кітаптың ғана статистикалық есебі жүргізілді.
1958 ж. «Қазақ ССР баспасөз» («Печать Казахстана») деген атпен шыққан 1921-1957 жж. аралығын қамтитын бірінші статистикалық жинақ Қазақстанның Кітап палатасынан құрастырылып шығарылды.
1964 ж. бері статистикалық материалдар жыл сайын жарияланып келеді. Баспасөз статистикасы 1964-1969 жж. Арасында «Қазақ ССР баспасөздері шежіресінің» аранаулы бөлімі болады. 1970-1972 жж. «Қазақ ССР кітаптары жылнамасында» жарияланды. Ал 1975 жылдан бастап дербес басылым болып отыр.
1964 ж. бері мерзімді басылымдардың, 1967 жылдан ноталық шығармалардың, 1976 жылдан бейнелеу өнері басылымдарының статистикалық есебі жүргізіледі.
Кітап палатасы 1938 ж. бастап «Баспасөз шежіресін» шығарады. Бұл екі тілде, қазақша, орысша ай сайын шығатын тұрақты басылым. «Баспасөз шежіресі» мынадай бөлімдерден тұрады: «Кітап шежіресі» (1938 ж. ), «Диссертацияларды4 авторефераттары» (1954 ж. ), «Бейнелеу өнері басылымдарының шежіресі» (1961 ж. ), «Ноталар шежіресі» (1964 ж. ), «Мерзімді басылымдар шежіресі» (1964 ж. ) .
«Кітап шежіресіне» баспаханалардан, ротапринт және т. б. көбейтетін құрал арқылы республикада шыққан кітаптар, брошюралар, мерзімді басылымдар (ғылыми еңбектер) тіркеледі. »Диссертациялардың авторефераттары», «Кітап шежіресіне» қосымша ретінде әрбір ғылым жүйесі бойынша, ал әрбір жүйе ғылыми дәрежеге байланысты жіктеліп берілген.
«Бейнелеу өнері басылымдарының шежіресі» - бұған бейнелеу өнерінің баспадан шыққан шығармалары: плакаттар, ашық хаттар, альбомдар және т. б. кіреді.
«Ноталар шежіресі» - «Баспасөз шежіресіне» жылына екі рет, бірінші жарты жылда шыққан ноталары 6-санында, екінші жарты жылдың ноталары 12-санында берілген.
«Мерзімді басылымдар шежіресіне» республика көлемінде шығатын барлық тілдегі газеттер, журналдар, бюллетеньдер және т. б. мерзімді басылымдар кірген. Ол жылына бір рет шығарылған.
Шежірені пайдалануды жеңілдету үшін «Атаулар көрсеткіші», «Шығармалардың мазмұн көрсеткіші», «Мерзімді басылымдардың тақырыптық көрсеткіші» түзілген. Қайда, қашан, қандай басылымдар жарық көргенін осы ай сайын шығатын «Баспасөз шежіресінің» сандарынан қарауға болады. Егер өткен жылғы баспа өнімдерімен танысу керек болса, былтырғы 12-санын ақтарып жатпай-ақ «Қазақстан кітаптарының жылнамасы» жүйеленген көрсеткішті қараса болады. Жылнамада сол жылы шыққан кітаптар мен кітапшалар, диссертациялардың авторефераттары қамтылады. Жылнама әдетте «Бсапасөз шежіресінен» кейін жарық көреді.
Кітап палатасы ай сайын «Мақалалар мен рецензиялар шежіресі» көрсеткішін шығарды. Шежіре бірнеше бөлімнен тұрды:
- 1938 жылдан бастап шығарылып келе жатқан «Журнал мақалаларының шежіресінде» республикада шығатын журналдар мен жалғасты басылымдарда (еңбектер, ғылыми жазбалар, тақырыптық жинақтар) жарияланған шығармалар тіркелді.
- 1957 жылдан бері «Газет мақалаларының шежіресі» бөлімі шығады. Оған республикалық және облыстық газеттерде жарияланған шығармалар іріктелініп алынды. [5, 41-45 б. ]
- «Резенцилар шежіресіне» 1957 жылдан бері орталық және республикалық баспаларда жарық көрген шығармалар, газет-журналдарда жарияланған сын, мақалалар тіркелді.
«Мақалалар мен рецензиялар шежіресі» көрсеткіш кітабының соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіштері мен шежірені құрастыруға пайдаланылған мерзімді басылымдар тізімі берілген.
Кітап палатасының мемлекеттік библиография бөлімі 1968 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол мемлекеттік библиографияның көрсеткіштерін құрастыру үшін кітаптарға, нота және бейнелеу өнері басылымдарына, газет-журнал мақалаларына сипаттама жазып, жіктеу жұмысымен шұғылданды.
Мемлекеттік библиография көрсеткіштерінің жүйесі баспасөздің түр-түріне қарай құрылған Қазақстан Республикасының Кітап палатасы өз қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап республика көлемінде шыққан барлық саладағы баспа шығармаларын көрсететін әр түрлі шежірелер мен көрсеткіштерді шығару арқылы өзінің библиографиялық қызметіне кірісіп те кеткен еді.
Кітап палатасы шығаратын шежірелер, көрсеткіштер және статистикалық материалдардың алғашқы нөмірінен бастап палатының негізгі тұтынушылары - республикалық, облыстық, қалалықкітапханаларға ғана емес, сонымен қатар музейлерге, институттарға, жекелеген адамдарға, студенттерге, оқытушыларға, ғалымдарға, журналистерге, яғни республиканың баспа шығармалары қызықтыратын әрбір азамат үшін белгілі бір дәрежеде ақпараттардың жинағы ретінде қызмет атқарып келеді.
Кітап палатасының басылымдары - Қазақстанда шыққан барлық баспа шығармалары жайлы толық және жан-жақты мәліметтер беріп отыратын бірден-бір ақпараттық-библиографиялық құралдар.
Қазақстан Республикасының саяси бостандық алып әлеуметтік-экономикалық жолына бет бұрғанда ұлтымыздың библиографиясына да баса назар аударылуда.
Газеттер мен журналдардың атауларының көбеюі мақалалар мен рецензиялар шежіресінің ұлғаюын, сондай-акқмемлекеттік библиография бөлімінің білікті мамандармен толықтырылуын талап етті. Оқырмандардың да, мамандардың да іздегенін жылдам табуына қолайлы шежіре ішіндегі материалдарды бірінші қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде орналастыру мүмкіндігі туды.
1992 жылдан бастап «Журнал мақұалаларының шежіресі» өз алдына жеке көрсеткіш болып шығады. Көмекші бөлімде «Атаулар көрсеткіші» мен шежіреніқұрастыруға пайдаланған мерзімді басылымдардың тізімі берілген. Көрсеткіш қазақ, орыс бөлімдерінен тұрады.
Газеттерде жарияланған барша әдебиет жинақталып, 1992 жылдан бері «Газет мақалаларының шежіресі» деген көрсеткіште шығады. Онда атаулар көрсеткіші беріліп, шежірені құрастыруға пайдаланылған әдебиеттердің тізімі республикалық, қалалық, облыстық болып жеке-жеке алфавиттік ретпен жүйеленген. Ал газет-журнал бетінде жарияланған сын мақалалар «Рецензиялар шежіресі» деген жеке көрсеткіште тіркелінеді.
Мұнан әрі Қазақстан туралы өзге республикалар мен шет елдерде қандай шығармалар жарияланып жатқандығымен оқырмандарды таныстыру мақсатында 1967 жылдан бері қарай «Қазақстан КСРО және шет ел баспасөзінде» атты тоқсан сайын шығып тұратын библиографиялық көрсеткіш шығарылған. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл көрсеткіш құрамына біраз түзетулер мен өзгертулер енгізіліп, 1992 жылдан бастап «Казахстаника» деген атпен шығарыла бастады.
Көрсеткіштердің бірінші бөлімінде Қазақстан туралы ТМД халықтары тілдеріндегі жарияланған кітап, реферат, жинақтар, нота шығармалары, бейнелеу өнері саласындағы туындылары жинақталады. Көрсеткішке енген материалдар жарияланған тілдер мен көрсеткішті құрастыруға пайдаланған мерзімді басылымдар тізімінің көрсеткіші берілген.
Екінші бөлімде шет ел тілінде жарияланған және қазақстандық авторлардың шет тілі мен өзге мемлекеттерде жарияланған шығармалары жөніндегі мәліметтер беріліп отырады.
Әрбір бөлімде әуелі кітапқа, содан соң мақалаларға сипаттама беріледі. Ең соңыңда шет елдегі әдебиеттің негізгі түпнұсқа сипаттамасына қоса орыс тіліндегі аудармасы келтіріледі. Ал сын мақалалар өзіндік сипаттама ерекшеліктеріне сәйкес жеке бөлімге біріктірілген. Одан ары диссертациялардың авторефераттары, бейнелеу өнері басылымдары мен ноталық басылымдар жеке тарауға бөлінеді. Көмекші бөлімінде көрсеткіште пайдаланған журнал, жалғасты басылым, газет атаулары мен есімдер көрсеткіші, шет ел тілдерінің көрсеткіші беріледі.
«Баспасөз шежіресі» жүйелі түрде шығып тұрады. «Баспасөз шежіресінде» материалдар тілдік принцип бойынша орналасқан, сонымен қатар ұйғыр және қырғыз тілдеріндегі мақалалар қазақ тіліндегі бөлімде орналастырылған, олардың сипаттамалары өз тілінде беріледі. Ноталық және бейнелеу өнері басылымдарының көбі қазақ тілінде шығатын болғандықтан, қазақша бөлімде кітаптар бөлімшесінен кейін беріледі. Корей, неміс және т. б. тілдердегі кітаптар төл тіліндегі ескертпесімен көрсетіліп, орыс тілінде сипатталады, осы орысша бөлімде «Диссертациялардың авторефераттары» орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Кітап палатасы өзінің шежірелері мен көрсеткіштерін бұрындары 1986 жылғы КСРО кітап басыламдары үшін жіктеудің біріккен схемасы бойынша жүйелейтін еді. 1994 жылдан бері қарай әдебиеттерді жіктеудің халықаралық стандарты ӘОЖ (әмбебап ондық жүйе) бойынша жүйеленіп келеді. Себебі ӘОЖ жүйесі бойынша жіктеу қандай жаңа құбылыстар шығып жатса да, өз құрамын бұзбай тиісті бөлімі бойынша жіктеліп кете беретіндігімен ерекшеленіп, дүние жүзі бойынша қолдау табуда.
Атаулар көрсеткіші көмекші көрсеткіштердің ішіндегі ең негізгісі болып саналады, себебі ол Кітап палатасының барлық шежірелері мен көрсеткіштерінде беріліп отырады, сондай-ақ «Кітап шежіресінде» пәндік көрсеткіш, «Кітап жылнамасы», «Жалғысты басылымдар көрсеткішінде» тақырыптар көрсеткіші және «Тілдер көрсеткіші» (орыс тілінен басқасы) «Казахстаникада» беріліп отырады. 1993 жылдан бастап географиялық көрсеткіш енгізілді. Қалыптасқан технологиялардан автоматтандыру жүйесіне көшу атап айтарлық жай. 1986 жылдан бастап статистика бөлімінің баспа өнімдерінің барлық түрлерінің статистикалық мәліметтерін өңдеуге көмектесіп отырған болса, 1991 ж. Бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітап палатасының қызметкерлері статистикалық материалдарды шығаратын көрсеткіштерді, электрондық каталогтарды, мәліметтер базаларын, барлық библиографиялық қызметті жаңа компьютерлік технологияны қолданып, электронды түрде өңдеуге бірыңғай кірісті. Қазір Кітап палатасы нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңа жол іздеу үстінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кітап палатасын құру - республика баспа ісінің қауырт дамыуна және сан-салалы баспасөз туындыларын мемлекетті есепке алып, насихаттау ісіне тікелей байланысты болады. [21, 38-40 б. ]
Өзінің тарихында Кітап палатасы баспасөз шығармаларының қарапайым тіркеушісінен республиканың баспа ісі, полиграфия және кітап саудасы саласындағы, мемлекетті библиография, баспасөз статистикасы мен кітапхана каталогтерін орталықтандырудың, анықтамалық жұмыс пен жүйелік ғылыми-технологиялық хабардың ғылыми ошағына айналды.
1. 1. Қазақстан библиографиясына аса маңызды үлес қосқан қайраткер
«Біздің заманымыз-өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген ұлы ғалым А. Байтұрсыновтың сөзінде зор мағына бар. Өз ұлтының өткенін қастерлеп, бүгінгі күннің қажетіне жарата білу келешегінен үміт күттірер өркениетті елдің үлесіне ғана тиеді. Тарихымыздың ұзынсонар, сан - қилы жолынан өткен мәдени үрдістерімізді шашау шығармай бүгінгі және келешек ұрпақтың мұрасына айналдыру жолында кітаптың атқарар ролі орасан зор. Сол қазақ кітаптарының тарихын түбегейлі зерттеу үшін кітапхана ісінде библиография қыруар қызмет атқарады.
Осы ғылым саласының дамуына үлес қосқандардың бірі - педагогика ғылымының кандидаты, доцент Ақшал Майра Алмабекқызы. Оның есімі ұлттық библиографияның теориясы, тарихы, тәжірибесі дамуымен тығыз байланысты. Ақшал Майра Алмабекқызы 1946-жылы-24 тамызда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзын ағаш ауылында дүниеге келді.
1968-жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтын бітірді. 19773-1975 жылдары осы институттың аспирантурасында оқып, 1977 жылы осында кандидаттық диссертация қорғада.
Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында 1969 жылдан істейді. Библиография кафедрасының оқытушысынан бастап 1978-1986, 1989-1996 жылдары Библиография кафедрасының меңгерушісі, 1986-1987 жылдары Кітапхана факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1997-2000 жылдары Қазақтың мемлекетік аграрлық университетінің Мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану кафедрасының доценті. 2000-2001 оқу жылынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Кітапханатану, еңбек және сервис кафедрасының доценті. 2001 жылдың 1 қыркүйегінен осы институттың Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының доценті, 2004 жылдың қыркүйегінен Кітапханатану және библиография кафедрасының доценті қызметін атқаруда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz