ЖШС Сартомар шаруашылығының топырақ– климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Ғылыми әдебиетке шолу
І. 1 Бидайдың экологиялық- ботаникалық сипаттамасы . . . 5
І. 2 Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері . . . 8
І. 3 Бидайдың биологиялық ерекшеліктері . . . 11
І. 4 Бидайдың өсіру агротехникасы . . . 13
ІІ. ЖШС «Сартомар» шаруашылығының топырақ- климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы
ІІ. 1 Шаруашылықтың орналасқан орны . . . 22
ІІ. 2 Шаруашылықтың климаттық жағдайы . . . 23
ІІ. 3 Шаруашылықтың топырақ түрі . . . 26
ІІ. 4 Зерттеуге алынған тәжірибе схемасы . . . 29
ІІ. 5 Зерттеу жүргізудің әдістемесі . . . 32
ІІІ Шаруашылықта жүргізілген зерттеу нәтижелері
ІІІ. 1 Фенологиялық бақылаулар . . . 37
ІІІ. 2. Бидайдың құрылым анализі . . . 43
ІІІ. 3 Бидай сорттарының өнімділігі . . . 46
IV. Бидайдың экономикалық тиімділігі . . . 48
V. Экологиялық қауіпсіздік . . . 50
VІ Еңбекті қорғау . . . 53
Қорытынды . . . 55
Қолданылған әдебиеттер . . . 57
Кіріспе
Еліміздің экономикасын өркендетуде, ауыл шаруашылылығының алатын үлес салмағы едәуір. Қазақстанның ауыл шаруашылық үлесіне жалпы қоғамдық өнімінің шамамен 1/3-і тиеді. Ауыл шаруашылығының ең негізгі салалары мал өсіру мен егіншілік бір-бірімен тығыз байланысты және бірін -бірі толықтырып отырады.
Ауыл шаруашылығы өндірістің негізгі саласына жатады. Бұл саланың мәні біріншіден оның азықтық негізгі өнімдері нан мен астық өнімдерді алуды қамтамасыз етуіне байланысты. Басқа өнімдерге қарағанда жақсы сақталады, сондықтан азық түліктің мемлекеттік резервін құрудағы ерекше қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев еліміздің аграрлық секторына жақын арадағы 7 жыл ішінде дүние жүзіндегі ең ірі бидай экспорттанушы бес мемлекеттің қатарына кіру міндетін қойды.
Қазақстан жалпы егіс көлемі құрылымындағы бидай үлесі 6270% құрайды, соңғы 5 жыл ішінде орташа жылдық көлемі 14 млн. гектардан асып түсті. Республика тұрғындарының жан басына шаққанда 500-600 кг. Ал Солтүстік Қазақстанда -2000 кг деңгейіне бидай өндіріледі. Дақыл өсіру аумағының негізгі бөлігін жаздық бидай алады. Оның ішінде барлық экспорт бидайының 85 пайызы еліміздің солтүстік облыстарында өсіріледі.
Бұл қазіргі ауыл шаруашылық көтеру мәселесінің өткір болып отыруына байланысты. Қазақстанның алдындағы негізгі тапсырма астық өндірістің жылдам және тұрақты көтеру болып табылады. Еліміздің басты мақсаты жерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жыл сайын тұрақты, сапалы мал өнімін алуды қамтамасыз ету.
Қазақстанның әлемдік нарықтағы орны мен ролі, әлемдік астық нарығындағы эканомикалық қозғалыс механизмі, астық өндірісінің тиімділігі зор. Сондықтан еліміздің экономикасын көтеру үшін ауыл шаруашылдық бағытын ұлғайту қажет, сапалық сорттар шығару қажет. Егін шаруашылығында озық технологияны кеңінен қолданып, ауыл шаруашылық ғылыми негізделген жүйені енгізу - астық өндірісін ұлғайту өзекті бағыты болып табылады.
1999-2007 жылдары бидай экспортының көлемі жылына бидай орта есеппен 3, 9 млн. т. құрады. Азық - түлік бидай дүние жүзінің 40 еліне экспортталды, оның 57% ТМД елдеріне жіберіледі.
Соңғы 13 жыл ішінде таза сүрі танабында күшті бидайдың қалыптасуының салыстырмалы жиілігі орта есеппен 54-69% аспады. Сол себептен жаздық жұмсақ бидай селекциясының алдында астық өнімділігі мен сапасын жоғарылату, бидайдың қоршаған ортасының абиотикалық және биотикалық ықпалына тұрақтылығын арттыру, сонымен қатар шығарылған сорттарды Солтүстік Қазақстанда қолданылатын бидай өсіру технологияларына сай келтіру мәселесі.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанның Солтүстік аймағында егілетін перспективті бидай сорттарының ішінде орманды-далалы аймаққа жарамды, табиғатына төзімді және сапалы жоғары өнім алуға болатын бидай сорттарын таңдау.
Жұмыс барысында бұл аймақта Ақмола 2 стандартты сортпен, басқа жаздық жұмсақ бидайдың перспективті сорттарын салыстыру арқылы экологиялық сынақ жүргізілді. Салыстыруға Астана, Целинная 3С, Лютесценс 268, Росинка 3 перспективті сорттары алынды.
І. Ғылыми әдебиетке шолу.
І. 1. Бидайдың эколого-ботаникалық сипаттамасы
Бидай-басты азық - түлік дәнді, астық дақылы. Халықтың өскелен талабы ауыл шаруашылық өнімдерін, оның ішінде астықты мол өндіруді қажет етеді. Астық өнімін молайтуда және оның сапасын жақсартуда ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибиелер негізінде әрбір гектар жерде тыңайтқышты, күрделі қаржыны тиімді пайдалану, өнім сапасын жақсартудың кепілі. Жер шары халқының жартысынан астамы бидай өнімдері күнделікті өмір тіршілігінде пайдаланады. Басқа дәнді-дақылдардың ішінде бидай астығы мен оның өңделген өнімдері тамақтық және технологиялық жағынан ерекше орын алады. Бидай дәніндегі клейковина ақуыз түзу қабілеті ақ нан пісіруде, макарон және басқа нан өнімдерін, кондитер өнімдерін дайындауда оның маңызы зор.
Бидайдың шыққан жері - алдынғы Азия орталығы, қазіргі Иран, Аравия территориялары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай көп тараған. Семей маңында суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады. XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарының, территориясында себілген, ол XX ғасырдан бастап республикамыздың барлық жерлерінде өсіріледі. Бидайдың дүниежүзіндегі егіс көлемі 220 млн га жер. Мұны барынша кең көлемде АҚШ, Үнді, Канада, Түркия, Австралия, Аргентина, Франция, Италия, Ресей, Украина егеді.
Бидай - адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Ол жер шарында кең таралған, қазір барлық егіліп жүрген ауылшаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Бидайдың мұндай кең тарауына, тек соның химиялық ғана құрамында болатын, сумен қосылып клейковинаға айналатын ақуыздар болуы. Осының арқасында бидайдың ұнынан нан, макарон сияқты тағамдар дайындауға болады. Бидай ұнынан пісірілген нан дәмді, басқа дақылдардың (қара бидайдың, арпаның, жүрегінің) ұнынан пісірілген нанға қарағанда өте сіңімді болады. Бидай ақуызының құрамында адам организміне керекті барлық амин қышқылдар бар. Сондықтан олар түгелдей ет ақуызына айналады.
Бидайдың егістік көлемі мен оның жалпы түсімі бойынша біздің еліміз жер жүзінде бірінші орын алады. Оның егіс көлемі 70-80 млн га-дан асады. Бұл басқа егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының көлемінің 50 процентіне жуығы.
Бидай дәнді дақыл (Gramineal) тұқымдастығына, Triticum тегіне жатады, кейде қоңырбас (Pouceae) тұқымдас деп те айтады.
Дәнді дақылдар тұқымдастығы 500-ге жақын тектерді біріктіреді. Олар үш кіші тұқымдастыққа бөледі: Бамбук (Bambusoi) тұқымдастар, қоңырбас (Pouceae) тұқымдастар - бидай, сұлы, қара бидай, күріш, арпа және басқалар, тары тұқымдастар (Panicoideae) - тары, қонақ жүгері, жүгері тағы басқалар. Бидай қоңырбас тұқымдастардың ішінде арпа трибасына жатады, кейде трибасы деп атап та жүр. Tribus triticeae деп халықаралық ботаникалық номенклатура аталған. Бұл триба екі кіші текке (подродка) бөлінеді. Бидай бірінші кіші текке жатады.
Бидай тегіне 27 түр кіреді, оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай (Triticum aestivum) екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі. Ол аймақтарға Украина, Молдова, солтүстік Кавказ, орталық қаратопырақты аудандар, ал Қазақстанда - Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстары жатады. Кейінгі кезде солтүстік облыстар үшін қысқа төзімді сорттар шығарылып тарай бастады. Күздік бидай барлық бидай егісі көлемінің 20-25 процентін ғана алады. Күздік бидай жаздық бидайдан гөрі өнімді көбірек береді және ерте орылып, күзде себіліп, ауыл шарушылық қызметкерлеріне бірқатар жеңілдік жасайды.
Жаздық бидай өте көп тараған, барлық бидай егісінің 75-85% -ін алады. Әр аймақтың ауа райының жағдайына байланысты әртүрлі қасиеттері бар, өзі аудандасқан облыстарда, өнімді салыстырмалы түрде көп беретін сорттар шығарылған.
Жаздық бидай басқа астықтарға қарағанда тамыр жүйесі аздап жетілген, сіңіру қабілеті жоғары емес. Сондықтан да оның құнарлығы топырақты керек етеді.
Күздік және жаздық бидайлар бірінен бірі өзінің өсіп - өну кезеңінің ұзақтығы арқылы ерекшеленеді және олардың өсіп өнуіне керекті сапалық кезеңдері де әртүрлі. Күздік бидай өзінің яровизациялық сатысының өтуіне төмен температураны (0-20 0 С) қажет етеді және ол саты көп уақыт (60-90 күн) ішінде өтеді. Ал жаздық бидай болса, бұл сатысын +20 0 С - ға жақын температурада 5-10 күн ішінде өтеді. Егер күздік бидай көктемде себіле қалса, ол дән байламайды, қысқа дейін өсіп қыстап шығады да, екінші жылы ғана өнім береді, ал жаздық бидай күзде себіле қалса, ол қыста үсіп кетеді.
Қазақстан Республикасында өсірілетін бидай астығының 80%-нен астамы Солтүстік Қазақстан аймағының үлесіне тиеді (кесте-1) .
Кесте-1
Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жаздық бидай өндірудің жағдайы (2007ж)
Егіс көлемі
мың га
Астық
өнімі, ц/га
Жалпы
астық түсімі,
мың т
Солтүстік Қазақстан
аймағында
Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш ұнның күшіне қарай күшті, орташа және осал(әлсіз) болып үш топқа бөлінеді.
Күшті бидай ақуызының көптігі, уызының жиырымдылығы және созылмалылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан жақсы көтеріледі, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ немесе созыламалы келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар, күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар: осал бидайдың ұнына күшті бидайдың ұнын қосқанда нанның сапасы анағұрылым жақсы болады. Күшті бидай ең таңдаулы болады, сондықтан ішкі халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.
Орташа нандық күші(қуаты) бар бидай, басқаша айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар ақуызының мөлшері орташа, уызының жиырылымдығы төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған ферменттік тұрақтылығы да төмен болады. Мұндай сорттар әлсіз бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.
Әлсіз бидайдың ақуызы шамалы, дән уызының жиырылымдығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан саапасының көрсеткіштері төмен болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады.
1. 2. Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері
Бидайдың сабағы -сабан, ол түйіндерден және түйін аралықтарынан тұрады. Көптеген дәнді дақылдар сабанының іші қуыс, ал жүгері мен сорго-паренхима ұлпалармен толтырылған. Сабақ барлық түйін аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмендегі түйін аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі. Сабақ жуандығы ұзына бойына біркелкі емес: ең жуан бөлігі орта шенінде, ал ең жіңішке жері - жоғары бөлігі. Бірқатар дәнді дақылдар (жүгері, сорго т. б. ) бүйір өркендерін жер асты түйінде-рінен түзеді.
Астық дақылдарда тамыр жүйесі шашақ болып келеді, бірінші тамыр шыққанда екінші топқа қарағанда 5-8 ге дейін болуы мүмкін. Тамыр - барлық агротехникалық әдістер тыңайтқыштар, топырақ өңдеу, егу мерзімінің ең бастысы тамырға, кейін тамыр арқылы сабаққа, масаққа әсер етеді. Дәннің бөрту кезінде ылғал жеткілікті болғанда, тамыр өркені көп болады, ал ылғал аз болған жағдайда тамыр да аз болады.
Екінші және үшінші жапырақ колеоптильмен, олар 1-3 ке дейін болады. Түптену барысында, бір -екі тамыр пайда болады. Барлық тамыр жүйелерде қосалқы тамырлар пайда болады. Жалпы өсімдіктердің тамыр жүйесінің өсіп-өнуі ауа - райына, топырақтың ылғалдығына, оның тығыздығына және даму кезеңдеріне байланысты. Бидайдың тамыр жүйесінің сорттық ерекшеліктері жұмыстың ауырлығына байланысты аз зерттелген, ал экологиялық аймақтарда жоспарлы түрде мүлдем зерттелмеген. [1] Жаздық бидай тамырының өсуі сәл бәсеңдегенмен дәннің толысу кезеңіне дейін жүреді. Бидайдың тамыр жүйесі шашақ. Тамырдың жатып қалуы көбінесе бидайдың түптену мен түтікке шығу кезеңінде жауын-шашын көп түсетін аудандарда және суармалы жерлерде кездеседі. Топырақты беткі қабатының тым ылғалдану нәтижесінде өсімдіктердің жер үсті массасының салмағымен тамырлардың созылуы мен ығысуы байқалады, сабақтар тік бағытынан айырылады да жапырылады.
Бидайдың жапырағы көпшілігінде екі түрде ұрықтық (3-4) және сабақты болады. Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен - жапырак тақтасы мен жапырақ қынабынан тұрады. Жапырақ кыпабының тақтаға ауысатын жерінде тілше (Lidula) деп аталатын жұқа қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан-жағына екі жарты ай сияқты құлақша орналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының, ерте кезеңінде тілше мен құлақша дакылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ, арпада құлақша жақсы дамыған; бидай мен кара бидайда тілше мен кұлақша әлсіз дамыған.
Бидайдың гүл шоғыры масақ түрінде болады. Масақ біліктен тұрады, оның. кертпешінде кезектесіп екі жағынан масақшалар орналасады. Масақша екі масақ қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады; ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.
Жемісі - дән, ол ұрықтан және эндосперммен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада - 1, 5-5%, сұлы да - 2, 0-3, 5%, жүгеріде - 10-14%, дән массасының бөлігін құрайды. Дәнді дақылдар дәнінің құрамы дақыл түріне, ауа-райы жағдайына, топырақ, өсіру технологиясының дәрежесі мен сорттарға байланысты өзгереді. Дәннің химиялык құрамы- Ақуыздар- астық дақылдарының азық-түлік және мал азықтық маңызын анықтайтын барынша бағалы бөлігі. Каллориялылығы жөнінен ақуыздар крахмал мен қанттан асып түседі, тек қана өсімдік майынан төмен.
Дәнді астық дақылдарының ішінде ақуызға бай-бидай, әсіресе қатты бидай. Халықаралық стандарт бойынша бидай дәніндегі ақуыз мөлшері 13, 5% болуы қажет. Ал біздің елімізде өсірілетін бидайдағы ақуыз мөлшері орта есеппен 13, 9%, ал Солтүстік Қазақстан бидайында - 18-20%. Неғүрлым климат құрғақ және топырақта азот мөлшері мол болса, соғұрлым дәндегі ақуызы жоғары болады. Ақуыздар қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып ажыратылады. Қарапайым ақуыздар суда ерігіш (альбуминдер) және суда ерімейтін (глобулиндер, глиадиндер мен глютениндер) фракцияларға бөлінеді де соңғылары дән уызы (клейковина) деп аталады. Ол иілімді, байланысқан және серпімді масса. Қамырды суда шайып крахмалды аластату арқылы алынады. Дән уызының мөлшері мен сапасына нан өнімдерінің дәмдік және нандық сапасы тәуелді. Оның ең көп мөлшері бидай дәнінде - 16-дан 50% дейін, ал қара бидайда - 3, 1-9, 5%, арпада - 2-19%. Дән уызының мөлшері мен сапасына топырақ-климат жағдайлары, өсіру технологиясы, сорт белгілері т. б. әсер етеді.
Көміртектер немесе азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) орта есеппен дән массасының 68-81% құрайды және олардың негізгі бөлігін крахмал алып жатыр. Эндосперм жасушаларында крахмал дәндерінің орналасу ерекшеліктеріне қарай астық ұнды немесе жылтыр (шынылы) болып келеді. Крахмал мөлшерінің өзгеруі ақуызға керісінше: ол оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай арта түседі.
Дәндегі майдың мөлшері 2-6% шамасында, негізінен ұрықта жинақталады. Күлдің көп мөлшері қабық пеп жеміс қабықшаларында. Дәнді дақылдардың күлі фосфор қышқылына бай (күлдің 50%дейін) және кальцийге барынша кедей (2, 8%) .
Дәннің құрамына кіретін қосылыстың бірі су болып табылады. Ол химиялық, физико-химиялық және механикалық байланысқан түрде болады. Айта кету керек, сақтауға құйылған астықтың ылғалдылығы 14-15% аспағаны жөн.
Дәннің қүрамына жоғары аталғандардан басқа тағы ферменттер (диастаза, амилаза, липаза т. б. ) мен витаминдер (В ь В 2 , В 6 , РР, Е, А т. б. ) кіреді.
І. 3 Бидайдың биологиялық ерекшеліктері
Бидай қоңырбастар (Paoceal) тұқымдасына және тритикум туыстығына жатады. Жұмсақ бидай(Triticum aestivum) егіншілікте кең тараған, масағы борпылдақ, қылтықты ж/е қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жан-жағынан шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Жаздық жұмсақ бидай астық дақылдарының ішінде маңыздылардың бірі болып табылады. Елімізде жалпы бидай егістігінің көлемі 10 млн гектар, оның 9 млн гектарының жаздық жұмсақ бидай алып жатыр. Бидай дәнінің химиялық құрамына келетін болсақ, ол мынадай: ақуыздар 12-15 %, көмірсулар 70%, майлар 2%, клетчатка (жасулық) 2 %. Бидайдың ақуыздарының сіңімділігі 95 %-ке дейін жетеді. Жаздық жұмсақ бидай Солтістік Қазақстан аумағында өсіруге және одан мол өнім мүмкіндігі бар дақыл. Жаздық жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2 0 С жылықта өне бастайды. Алайда тіршілікте қабілетті егін көгі +4-5 0 С пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді -10 0 С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандалу кезендерінде -1-2 0 С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өнеді. Себу-көктеу кезеңнің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасымен ылғалдылығына байланысты. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12 0 С температурада жақсы өседі. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптеу кезеңіндегі температурасының төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына оң әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Ақмола облысы жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температурамен аңызақ бұл кезеннің өтуін тездетеді де кейінен егін өнімін күрт төмендейді. Жаздық жұмсақ бидайдың өсіп даму кезеңінде, әсіресе, түптеу-түтікке шығу және түтіктену масақтану кезеңдеріндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігінде шешуші фактор болып табылады. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп жетілу кезеңнін ұзақтығы 42-51 күнге созылады, бұл кезеңде қолайлы температура +16-23 0 С. Жалпы алғанда орташа мерзімді және ортада кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1900 0 С, ал оң температура жиынтығы 2200-2500 0 С дейін жетеді. Бірақ аязсыз кезең қысқа, орта есеппен 110-115 күннен аспайды. Бидай тұқымы құрғақ зат массасын шаққанда 50-60 % мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің организмінен 400-500 өлшемі су буландырады немесе Т к - 400-500 тең. Жұмсақ бидайдың даму кезендеріне қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес, бірақ қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде 5-7 %, түптенуде 15-20%, түптену мен масақтануда 50-60%, сүттене пісуде 20-30%, ал балауызданып піскенде 3-5% жұмсалады. Сондықтан жұмсақ бидайдың «қиын қыстау» кезеңі түптеу - масақтану, өйткені ылғалды дән осы кезеңде көп қажет етеді. Қолайлы мерзімді себілгенде жұмсақ бидайдың «қиын қыстау» кезеңі ауа - райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтын 1м қабатында 60-80 мм болғанда - төмен, 100-120мм - орташа және төмен артық болғанда - жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидайға, тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап кояды. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың ролі әрқилы. N - азот жақсы түптенуге, қуатты сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, дәндегі протеин мөлшерін артттырады.
Қазіргі кезеңде бидай дақылының сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімді сорттарын шығару ең маңызды мәселені бірі болып отыр. [2]
... жалғасыІ. 4 Бидай дақылын өсіру технологиясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz