Билік - әлеуметтік феномен ретінде


Көкшетау университеті
Саясаттану кафедрасы
Исина Айым Жаныбекқызы
«Билік - әлеуметтік феномен ретінде»
Дипломдық жұмыс
Ғылыми жетекшісі: Жусупова Р. К.
Қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі
«» 2008ж.
Көкшетау 2008ж
Кіріспе 3-7
I. Билік - саясаттанудың негізгі мәселесі
1. 1. Билік ұғымының тұжырымдамалары мен оның әлеуметтануы8-17
1. 2. Биліктің заңдылықтары, жариялығы, топтастырылуы, бөлу теориялары, концепциялары мен негізгі ресурс көздері17-29
1. 3. Саяси және мемлекеттік биліктің легитимділігі30-41
II. Билік органдар жүйесіндегі басқару интитуттары
2. 1. Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі парламент институтының орны туралы42-47
2. 2. Президент билігі - халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі, азаматтардың бостандығының кепілі47-51
2. 4. Сот билігін іске асырудың конститутциялық принциптері51-58
2. 3. Қазіргі қоғамыздағы Бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы мен ролі58-66
III. Тәуелсіз Қазақстан Республиканың саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы.
3. 1. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы57-77
Қорытынды78-79
Сілтеме80-82
Қолданған әдебиеттер83-84
Кіріспе
Күнделікті өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл ұғым саясатқа және экономикаға қатысты тереңірек қарастырғанда толық мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы өте терең, әрі күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу. Бұл ежелгі Үнді, Қытай және Греция мемлекеттерінің саяси тарихы уақытында қолданылған. Мысалға, ежелгі грек «архе»сөзі «билік», «басшылық» немесе «алғы себептер» мағынасын береді. Билік өзін ақтауды қажет етеді, бұл жағдаят саяси тарихтың көп бөлігін құрайды. Билік концепциясы - теориялық концепциялардың алғысы, ол саяси қарым-қатынастарды түсінуге, олардың механизімдерін және мемлекеттің саяси жүйесін зерттеуге көп көмек көрсетеді. Билік - әлеуметтік болмыстың ең биік және өзіне тартатын күші бар құбылысының бірі. Оның сырлы құпиясын ежелден бергі көптеген ғалымдар алуан-алуан шығармалар арнады.
«Билік» қазіргі адамдар ұғымында, ең алдымен, мемлекеттік билік, ал ол - зорлық ретінде түсініледі. Сірә, сондықтан саясаттанушылардың көбісі мәжбүрлеуді биліктің ажырамас бөлігі деп есептейді. Мұндай көзқарас бізде көп жыл бойы маркстік доктрина күмәнсіз болып есептелуімен тұрақтанды. Онда: «күштеу ескі қоғамның жаңадан екіқабат болғандығы болып табылады» делінген. Мемлекеттік билік туралы айтсақ, онда сендірумен қатар мәжбүрлеу тетігі бұл арада белгілі бір рөл атқарады.
Өкімет - мемлекеттік аппарат қана емес, сонымен бірге әлеуметтік феномен де екені даусыз. Бұл - барлық әлеуметтік құрылымдардың ортақ белгісі. Кез келген саяси компания, әлеуметтік ұйым немесе топ - өкіметтегі жаттығу. Жалпы алғанда, өкімет - жеке тұлғалардың басқаларды бақылау қабілеті. Өз кезегінде, Т. Парсонс мұндай мүмкіндікті жеке адам немесе топтың әлеуметтік мәртебесі беретініне сенімді [1] . Бір карағанда бұл пікірлер қарама қайшы, бірақ бір-бірін жоққа шығармайды. Нақты жағдайда билік қатынастарының осы түрлерінің бірі алдыңғы қатарға шығады.
Платон өзінің мінсіз мемлекет жобасында билікті ақсүйектер рухы -философтар артықшылығы ретінде қарастырады: «Мемлекетте философ-тар патшалық құрмай, әйтпесе патшалаар зайырлы, философияға жетік болмай және мемлекеттік билік пен философия біте қайнаспай . . . , осыған дейін мемлекеттер қатыгездіктен арыла алмайды [2] ».
Аристотельдің көзқарасы бойынша, мемлекет - қоғамдық болмыстың табиғи жағдайы. Сондықтан ол адамнан бұрын пайда болған, өйткені тұтас нәрсе бөлшектен бұрын туады: «Адам мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, егер әлдебір адам тысқары тұрса, ол - не жануар, не құдай" [3] . Билік мәні туралы түсінікті құқық саласынан әлеуметтік салаға көшіру Цицеронға құқықтық мемлекет идеясын жүйелеуге мүмкіндік берді. Ол бостандықтың басты шарты заңдардың билік құруында деген түйінге келді: «Тәуелсіз болу үшін біздің бәріміз заңның құлы болуымыз керек [4] ».
Н. Макиавелли мемлекет пайдасы үшін жасаған билеушінің кез келген әрекеті ақталады. «Барлық адамдар, әсіресе, тақсырлар әрекеті туралы нәтиже бойынша баға беріледі. Сондықтан тақсырлар билікті сақтау мен жеңіске жетуге тырысады. Бұл үшін қандай құрал қолданса да . . [5] ».
Қазіргі саясаттану әкелері арасында ең бірінші Гоббс өкіметтің шексіздігін мойындайды. « Тақсырдың шексіз еркіндігі жеке бостандықтардан құралады. Бұларды оған тәртіп, тыньштық пен жеткіліктілікті сақтау міндеттілігіне айырбас ретінде қол астындағылар өз еркімен береді деген [6] ».
Қоғамдық Шарт идеясы француз энциклопедисі - Ж. Ж. Руссо туындысы былай деген: «Халық депутаттары оның өкілдері емес, бола да алмайды; олар оның тек өкілеттілері, олар толықтай ешнәрсе құра алмайды. Халықтың өзі тікелей бекітпеген кез келген заң - заңсыз; ол тіпті заң емес [7] ». Руссо халық қалаулылары заңдарды жасаумен емес, оны орындаумен ғана айналысуы тиіс деп есептейді. Г. Спенсер «Әлеуметтанудың негізделуі» еңбегінде саяси институттар мен өкіметтің шығу төркінін қарастырып, табиғи теорияны негіздейді. Спенсер үшін мемлекет - біртұтас жаратылыс жүйесі. Ол ағаштар мен жануарлар мүшелері секілді стихиялы түрде пайда болды, сондықтан өкіметтің басты идеясы - келісім идеясы. Спенсер қоғамды екі бөлікке бөледі: әскери қоғам, өндірістік қоғам. Бірінші - басқарады, екінші - басқарылады. Спенсер билік құрылымын әскери қоғам деп атайды [8] .
Билік табиғаты зорлық екенін дәлелдеп, біз тіпті келесі Ф. Энгельске тиесілі сөз ұмытпауымыз керек: «бір жағынан біздікінен биік тұрған бөтеннің еркі; басқа жақтан бедел бағыныштылықты тілейді [9] ». Сонымен, билік қатынастары зорлық деп емес, керісінше еріктердің бірінің үстемдігі ретінде түсініледі. Бірақ ерік міндетті түрде екеу. Олай болса, зорлық мүлде жоқ немесе еріктердің бірінің басып-жаншуы ғана бар.
М. Вебердің саясатты билікке келу ретінде қарастырғаны бүгінгі күнге дейінгі ірі саясаттанушылар зерттеулерінің бәрінде дерлік өзінше түсіндіріледі. «Саясат, жалпы алғанда, билікке араласуға немесе билікті бөлуге ықпал етуге ұмтылыс; ол мемлекет арасында, мемлекет ішінде, топтар арасында бола ма бәрі бір [10] ». Бұдан билікті саясатпен бірдей деп қарастыру шығады, бірақ ол мемлекетпен теңдестірілмейді.
М. Вебер мен Г. Лассуэлл зерттеулердің билік туралы ұстанымы: «билік - қарсыласуға қарамастан белгілі бір әлеуметтік қатынастарда өз еркін жүргізу мүмкіндігі [11] ». В. Н. Амелин білдірген наразылығын былай мәлімдеген: «Билік қатынастары мәнін тек зорлық пен мәжбүрлеуге тіреу дұрыс емес болар еді . . . Билік қатынастары ең алдымен, қоғамдық тәріпті сақтау қажеттілігінен орнайды [12] ». Г. Гассуэлл мен А. Каплан XX ғасырдың ортасында билік біреуге бағытталған немесе өзге әрекетті айқындайтын ықпал актысы деген қорытындыға келеді [13] . Р. Даль «билік бір адамға өзгенің өз еркімен істемейтін нәрсесін жасатуға мүмкіндік береді» деп сендіреді [14] . Т. Болл бұл көзқараспен үзілді-кесілді келіспей, ол билікке диктат құқығын беруге мүлде қарсы. Оның айтуынша, зорлық биліксіздікпен тең. Зорлық жүргізетін әрбір субьект сонысымен жеке басшылық та, тиімді өзара байланыс та орнатуға дәрменсіздігін көрсетеді [15] . Х. Арендттың сенімі бойынша билік биік дәрежелі қасиетіне қарамастан, бір адамның иелігі болып табылмайды. «Билік адамның өзі әрекет етуге ғана емес, өзге адамдармен әрекетке түсу қабілеттілігін білдіреді. Билік бір жеке тұлганың меншігі емес, ол топтың келісіп әрекет етуі сақталғанға дейін меншігі болып қала береді [16] ». «Билік - достастық» үлгісі билік тобы ішіндегі мәнді байланыс пен өзара әрекеттестік тетіктерін ашуға жәрдемдеседі. Х. Арендт билікті билік тобы ішінде атқарылатын өзіндік жасырын келісім деп түсінеді.
Көнеден келе жатқан билік білімге қол жеткізу деген даусыз байлам ғаламдық ақпараттық жүйелер дәуірінде көп қырлы, соны мазмұнға ие. Егер жүзжылдық бойы әңгіме, негізінен, билік-білімге қол жеткізу туралы өрбісе, ал бүгін алдыңғы қатарға оны бөлісу шығып отыр. Б. Барнс өз көңілін осы арнаға бағыттайды, оның әмбебаптығына қайтадан баса назар аударады. «Білім туралы және билік туралы сөз еткенде, біз бір ғана шындық туралы әңгіме етеміз. Қоғам білімнің кейбір бөлінісі арқасында биліктің ұйымдасқан тәртібі болып табылады. Нақты биліктің болуы әлеуметтік құрылымның нақты нүктесінде көрініс береді, ол әлеуметтік құрылымның барлық бөлігінде таралған білімнің сансыз элементтері болуымен байланысты [17] ». П. Моррис билікті: «Билікке ие болу заттар тәртібін өзгерту қабілеттілігін білдіреді [18] ».
Авторлардың бәрі «билік» ұғымынан «күш», «ықпал», «құқық», «қулық» секілді әлеуметтік болмыс категорияларын алып тастауға тырысқан бұрынғы ойшылдар жіберген кемшілікті қайталайды. Аталған категориялар билікпен қатар субстанционалды сипатқа ие. Оларды бір-бірінен алып тастауға болмайтынын дәлелдейді. Бұлар бір-бірінсіз логикалық та, осы жағдайлардың әлде бірінің хронологиялық басымдығының да болмайтынын көрсетеді. Бұлардың бәрі бір болмыстық қатарға жатады. Шыққан көздері адамдардың араласу стихиясы, өзі реттелетін және өзі ұйымдасатын стихия болып табылады. Айтылғандар біртұтас жан-жақты әмбебап билік доктринасын құру мүлдем мүмкін емес деген қорытындыға әкеледі. Бұл ретте осындай әркеттердің болуы ойлау инерциясымен түсіндіріледі. Кез келген концептуалдық ұғымға түсінік беруді ұсына отырып, автор еріксіз осы доктринамен келісетіндер жағына шығады. Әрине, белгілі дәрежеде бұл кез келген түсіндіру процесінің өзіндік нәтижесі XXI ғасырдағы қоғамдық және гуманитарлық білім саласы зерттеушілерінің догматикалық түрден және нақты ғылымдар өкілдері мысалына ден қоюдан бас тартуы дұрыс емес. Б. Расселл билікті физикадағы «энергия» ұғымы секілді өзге әлеуметтік ғылымдардың бәрін біріктіретін негіз ретінде қарастырады [19] .
I. Билік - саясаттанудың негізгі мәселесі
1. 1. Билік ұғымының тұжырымдары мен оның әлеуметтануы
Билік туралы сөз б. з. д. 8 ғасырда Гесиоттың «Тиогения» (құдайның пайда болуы туралы) поэмасында билік («кратос») пен күш («био») бөліп көрсетілген. Бірнеше ғасырлардан кейін Эсхил (б. э. д. 525-456) «прикованный прометей» драмасында бұл түсініктің функционалдық сипатын түсіндірді. Зевстің құлдары билік және күшті құдайға сенуші адамдары «скифтік асуларға» әкеліп соқтырды. Бірақ қатаң рухани ізгілікке ие болуымен, жұмсақтық және көңіл сұраушылықты білмейтін билік тұрақты басшылық етті. Іс-әрекетке мәжбүрледі. Сонымен драммада биліктің белсенді антикалық сипаты үшін типтік ұсыныс енгізілген еді. Билік - адамзат қауымдастығының, адамдар өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде биліктің де болатындығы дәлелсіз шындық. Алғашқы билік нысандары сонау ғасырлар қойнауынан қыландап көрініс береді де, өз тамырын отбасындағы, ру мен тайпадағы өзара қарым-қатынастардан алады және де ол өндірістің дамуына да байланысты болады.
Биліктің отбасылық - рулық түрі көшпелі халықтар арасында біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында көрініс бере бастады. Отырықшылықтың дамуына байланысты бірте-бірте тайпалық, билік қалыптасты. Солардың арасынан неғұрлым күштілері, ақылдылары, айлакерлері мен қабілеттілері дараланып көзге түсе бастады. Қоғамдық өндірісті бөлу мен жеке меншіктіліктің пайда болуына байланысты аймақтық билік қалыптасты. Билікке таласу, оған ие болу үшін күресу (бейбіт жағдайда - сайлау өткізу, тағайындау, немесе жаулап алу, яки басып алу), оны қолда ұстап тұруға ұмтылу - қоғамның саяси өмірінің негізгі қырларының бірі. Саясат билікке жетудің себебі болса, ал билік - саясаттың себебіне айналады.
Сондықтан саясат пен билікті әлдебір себептерге орай бір-біріне тәуелді түрде шеңберлене байланысып жатқан көрініс ретінде қарастырған дұрыс секілді. Билік жүргізбейтін және күш жұмсамайтын адамзат қауымдастығы болды дегенді біз әлі күнге дейін тарихтан кездестіре қойған жоқпыз. Билік қоғамның тұтастығын, басқаруға икемділігі мен бейімділігін сақтайды, ұйымшылдық пен тәртіпті орнықтырады, яғни қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Биліктің нәтижесінде қоғамдық қатынастар мақсатты түрде алдағы нысанаға қарай бағытталады, басқару мен бақылау байланыстарының дұрыс сипатын қалыптастырады, ал адамдардың бірлесе өмір сүруі аса ұйымшыл және тәртіпті болады. Билік ұғымы арқылы саяси институттарды, саяси қозғалыстарды, саясаттың өзін ой елегінен өткізіп, мәнін білуге мүмкіндік туады. Билік әлеуметтік қатынастарды ретке келтіруді әртүрлі: сендіру, ынталандыру, ырықсыз көндіру мен күш көрсету секілді құралдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен, билік дегеніміз бұл - қоғамның беделінің, ерік-жігерінің, күш көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердін ұстанған бағыт-бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі.
Билік - басқа адамдарға жасалатын ықпал арқылы белгілі бір мақсатқа жету; белгілі бір тәсілдерді, күш көрсетуді қолдану мүмкіндігі; басқарушы мен басқарылушының және іс-әрекетке қатысушы ерекше тұлғалардың арасында өзгеше бір үлгідегі қатынастар арқылы сипатталады. Бұлар басқа адамдардың іс-әрекеттерін өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір тәсілдерді - күш көрсету тәсілін қолдану мүмкіндігіне негізделеді.
Бір адамдардың екінші бір тұлғаларға бағынуының маңызды әлеуметтік себебі - билік өзіндік екі жаққа бірдей тең бөлінбегендігі бірден байқалып тұрады. Кең мағынасында алғанда жеке тұлғаның немесе адамдар тобының басқаларға ықпал етуі үшін пайдаланылатын амал-шарғылардың барлығы билік ресурсы деген түсінікті білдіреді. Ал тар ауқымда бұл - өз мақсатына жетуі үшін субъект пайдаланатын амал-шарғылардың тұтастай жиынтығы.
Билік ұғымы, оның әлеуметтанымы әлеуметтану ғылымының орталық проблемаларының бірі болып табылады. Билік адамзат қоғамының міндетті белгісі болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-таптық болып бөлінуі пайда болғанға дейін ол қоғамдық сипат алды, яғни қоғамнан жоғары тұрған аппарат, ерекше күштеу мекемелері болмады. Қоғамның таптарға бөлінуімен және әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің пайда болуымен қандастық - туыстық қатынастар екінші кезекте тұрды да, ақсақалдар беделі орнына қоғамнан бөлінген және оның үстінен өктемдік еткен жария биліктің беделі пайда болды. Биліктің жалпы белгілерін, анықтаушы элементтерін талдау мынадай түсіндірмеге саяды. Билік - жалпы мағынасында өзінің еркін жүзеге асыру, қандай да бір құралдардың: беделінің, құқығының, күш қолдану көмегімен қызметіне, мінез-құлқына белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама ақпараттар жатады. Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдалынады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады. Билік мазмұнын анықтауда 3 түрлі жолды қарастыруға болады:
1. Билік өмір сүріп отырған жүйе элементтерінің біреуінің осы жүйе шеңберінде өзінің меншікті мүдделерін іске асырудағы нақтылы қабілеті. Бұл мағынада да билік дегеніміз жүйе ішіндегі болып жататын процестерге жасалатын ықпалды іске асыру болып табылады.
2. Билік кейбір мақсатты бағыттағы ықпалдың нәтижесі, өнімі.
3. Билік адамдар мен адам топтары арасындағы мәні ықпалда, әсерде болатын өзара қатынастар болып табылады.
Биліктің өз амал-жолдары, яғни өзін іске асыру үшін қолданылатын құралдары бар. Бұған мемлекет, қоғамның саяси жүйесі, басқару органдары жатады. Кейбіреулер билік пен мемлекет және басқару арасындағы айырмашылықтарды көрмейді. Басқарусыз билікті іске асыру мүмкін емес, бірақ та биліксіз басқаруды да іске асыру мүмкін емес. Алайда басқару ол - биліктің қызмет жасауы деген емес. Билік - басқарудың элементі, басқару күшінің көзі. Билік - саясаттанудағы негізгі ұғымдардың бірі. Ол саясатты, саяси институттарды, саяси процестерді түсінудің кілті болып есептеледі. Билік ұғымын, оның мәнін, сипатын анықтау саясат пен мемлекеттің табиғатын түсінуде үлкен рөл атқарады.
Саясат таптық құбылыс ретінде билікке және билікті іске асырушы органдардың жұмыстарына тікелей байланысты. Саясатта таптар мен әлеуметтік топтардың билік пен басқаруға байланысты мүдделері қарастырылады. Егер саясатта биліктің таптық ұғымына көңіл бөлінсе, онда билік мәселесі саясат туралы ғылымның басты мәселелерінің бірі болып есептеледі. Күнделікті өмірде, ғылыми әдебиеттерде билік ұғымы әр түрлі мағыналарда қолданылады. Философтар - оны қоғамдық биліктің объективті заңдылығы тұрғысынан, экономистер - шаруашылық билігі, саясаттанушылар - саяси билікті, әлеуметтанушылар - әлеуметтік билікті, жаратылыстанушылар - табиғатқа деген билікті, діншілдер - құдайдың билігі т. б. көзқарастар арқылы түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің өзін: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп бөледі.
Биліктің мәнін түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың болу себебі оны қандай тұрғыдан қарастыратындықтарына байланысты. Кейбіреулер билікті оның құралдарымен - мемлекетпен, қоғамның саяси ұйымымен бір нәрсе деп қарастырса; екіншілері оны басқарумен, оның әдістері - күштеумен, зорлаумен, көзін жеткізумен шатастырады; үшіншілері билікті беделмен байланыстырады [20] . Жоғарыдағы айтылған ұғымдар бір - біріне мәндес, жақын болғанмен, олардың өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, билік басқарумен шатастыруға болмайды, олар бір-біріне жақын ұғымда болғанмен, өз алдына шешетін мәселелері өзгеше бөлек ұғымдар. Басқарусыз билік болмайды, биліксіз басқару болмайды. Бір өзінің мәні жағынан басқару билікке қарағанда кең ұғым. Билік басқарудың элементі, басқару күшінің негізі. Басқару белгілі бір мақсатқа бағытталтан билікті іске асырудың, шындыққа айналдырудың құралы.
Ф. Бурлацкийдің пікірі бойынша биліктің табиғатын анықтау үшін мынадай жағдайлар ескерілуі керек: таптық тұрғыдан; әлеуметтік тұрғыдан; билік ұғымының жалпы мәселелерін ғана емес, оның жеке түрлерін, (экономикалық, саяси, мемлекеттік т. б. ) ерекшеліктерін ескеру; қоғамдық және жеке билікті бөліп қарау; әртүрлі формациялардағы, өркениеттегі, саяси-әлеуметтік құрылыстағы биліктің ерекшеліктерін ескеру; биліктің еріктік және құқықтық бастамаларын бөлу [21] .
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмүны - билік үшін күрес және билікті жүргізу.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Толкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар бар.
1. Телеологиялық анықтама бойынша, билік - алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс
(1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттін ерекше түрі болып табылады.
3. Инструменталистік анықтамасы бойынша билік - билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынасты көрінісі ретінде түсіндіріледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4. Құрылымдық - функционалистік анықтама (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд, М. Крозье) билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастық ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5. Конфликтілік анықтама бойынша игіліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі [22] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz