Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары


Жоспар
Кіріспе 3
I тарау.
1. 1. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің даму барысы. 6
1. 2. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) педагогика тарихында алатын орны. 10
II тарау.
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары. 15
2. 1. Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелер. (оқыту процесінде ойлау қабілетін арттыру т. б. ) 26
2. 2. Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы. (ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, отаншылдық, сұлулық, экономикалық тәрбиесі) 33
2. 3. Шешендік сөздердегі психологикалық мәселелер. 41
а) ойлау қабілетін дамыту
ә) қажыр- қайратын дамыту
б) мінезді тәрбиелеу
в) сөз өнерін жетілдіру
Қорытынды 44
Әдебиеттер тізімі 46
Қосымшалар47
Кіріспе
Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері» деп айшықтап, меншіктеп атауымыздың мәні бар. Шешендік өнер Европа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, арнайы зерттеліп келеді.
Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы. Демек, барлығының тізгінін өз қолына алған, барша өнердің қасиет-күшін жинақтаған деуге болады- деп Платон айтқан.
Шешен сөзінің дәлелдігін-оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қор-ғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады-деп Квинтилиан айтқан екен.
Шешендік өнер- адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.
Көне дәуірде б. з. д. Ү-ІҮ-ғасырларда Грециядан басталып, Румде б. з. д. бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскен шешендік өнерінің гүлдену кезеңдерінің тарихы әлемге әйгілі. Өйткені, сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Румде шешендік өнері өркендеп қана қойған жоқ, шешендік өнері туралы ғылымның -риториканың да негізі қаланды. Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені, саяси қайраткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.
Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып, жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.
Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп бізде бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек, артық айтқандық емес.
Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгілді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазананы киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ-табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер. Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ. Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін, өшпек өз алдына елдік көшіміз керуенін жалғастырып, ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар. Олар-Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады»деген ұлағатты сөз бар.
Бұлар-қазақтың әлем алдында ортақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар. Бұл үшеуі тұрғыдан, жақсыны жаман жараламайды, елімізді дау араламады. Өйткені, үшеуі жер бөліспеді, дау бөліспеді, жау бөліспеді, бәрін қазаққа ортақ санап, енші бөліспеді.
Шешендік өнердің қалаптасуында билердің орны айрықша. Билік жүйенің қалыптасуы, дамуы және тоқырауы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім. Билік жүйе жойылды. Бірақ шешендік өнер жойылған жоқ.
Қазақ шешендік өнерде сөз ойға тәуелді болады. Егер керісінше болса, айтайын деген ойдың мәні солғындайды. Ұлы Абайдың «Көңілдегі көрікті ой, ауыздан өңі қашады», - деуі содан. Демек, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсіп отырса ғана сөз әсерлі де тартымды, әрі қуатты болады, тыңдаушыны баурап алып, еріксіз мойындатады.
Қазақ шешендері сөздің осы екі жағын тең ұстаған. Би-шешендер ойдың логикалық қисынының бұлтармас тиянақтылығына баса назар аударған. Қаз дауысты Қазыбек, Төле би сияқты хас шешендер, ой байламын заттық қатынастардан емес, ойды оймен қузалау арқылы тудырған. «Ойды ой қозғайды»; «Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады», -дейді халық. Бұл диалектикалық логикаға тән байлам. Қазақ шешені өзінің ой тұжырымын көркем сөзбен көркейіп, қарсыласын өз ойын мойындауға көндіреді немесе қарсыласының ойы ақиқатқа сәйкес болса, оны мойындайды: алғашқысы-жеңіс, соңғысы-жеңіліс. Сонда шешендік сөздің екі жағы бар екен: қисынды ой, көркем сөз. Қазақ би-шешендерінің шешендік сөздері мен тағылымдары жасөспірім тәрбиесінде алатын орны зор.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, «шыншыл, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз»дейді де, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Ата-бабамыздың-төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасына сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Көшпенді ата-балаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайыттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелілік принципіне ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М. Әуезовтың: «Ел болу үшін бесігінді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.
Ілгеріде айтқандай Европа елдерінде шешендік өнер, шешендердің сөздері ертеден-ақ зерттеліп келеді. Ал біздің елімізде билердің, шешендердің сөздері көбінесе халық жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп келеді. Ертеректе мұндай сөздерді жинау ісімен Шоқан, Абай, Ыбырайлар айналысты. Шешендік өнерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеу ісі сонау бабамыз Әл-Фарабидің еңбегінен алса, кейінгі кезде Шоқан Уәлиханов, Құбанғали Халид, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Г. Ә. Мәметова, Б. Адамбаев, Р. Сыздықова, Ә. Нұрмаханова еңбектерінде өрісін тапқан.
Сонымен қатар шешендік сөз өнерінің теориялық мәселелерімен көне Грецияның ұлы ойшылдары Платон мен Аристотель, Эпикур мен Демокрит те айналысты. Шешендік өнерді зерттеуші ғалымдар Н. Н. Кохтев, Г. З. Апресян, Е. В. Клюев, А. Н. Ефимов.
Қорытындылай келе, «Европа ораторының сөзі интеллектуалды шығармашылығының нәтижесі болып табылады». «Қазақ шешендерінің сөзі- интеллектуалды импровизацияның жемісі»- деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен шығарамын.
Мақсаты: Білім беру барысында мұғалімдің оқушыларға қазақ билерінің шешендік өнерін қолданудың маңыздылығын көрсету. Билер сөздерінің жасөспірім тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиелік маңызы-ның ерекшелігін айқындау.
Міндеті: 1. Қазақ билерінің шешендік өнер туралы айтқан ойларын, тағылымдарын, еңбектерін талдау, саралау.
- Қазақ билерінің сөздерін тәрбиелік мәнін оқушыларға түсіндіру.
- Қазақ билерінің ой тағылымдарын оқу-тәрбие үрдісін де пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні: Қазақ билерінің шешендік өнерін оқу-тәрбие үрдісін де қолданудың жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Қазақ билерінің шешендік өнерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Ғылыми болжамы:
Егер қазақ билерінің шешендік өнерін оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдана білсек, онда жасөспірім балалар бойында адамгершілік, патриоттық, эстетикалық қасиеттерді қалыптастыруға болады.
І тарау.
1. 1. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің даму барысы.
Қазақстанда педагогикалық ғылымның тауып дамуы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымын зерттеу институтының тарихымен тығыз байланысты. 1933 жылдың наурыз айында сол кездегі Қазақ АССР-і Оқу халық комиссариаты жанынан Мектеп ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ол қазақ мектептері үшін педагогикалық және ғылыми-әдістемелік құралдар дайындау, халық ағарту мекемелеріне практикалық көмек көрсетумен айналысты.
Республикамызда педагогикалық ой-пікірлердің жаңа қоғамдық құрлысына сай жолға қойылуы үшін жасалған шаралардың бірі - баспа ісін қолға алу болады. 1925 жылы Қазақстан тұңғыш «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі») атты ғылыми-педагогикалық журнал шыға бастады. Осы журналдың беттерінде оқу-ағарту, тәлім-тәрбие мәселелеріне арналған ғылыми-педагогикалық, методикалық мақалалар жарияланып тұрды.
Қазақстандағы педагогикалық ғылымның елеулі табыстарының бірі екі тілде (орысша, қазақша, көлемі 40 баспа табақ) таяуда жарық көргелі отырған ұрпақ тәрбиесінің 14 ғасырлық тарихын қамтитын «Қазақстан педагогикалық ой-пікірлер антологиясы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев) болып отыр.
Бүгінде Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер қазынасы зорлық-зобырлықтың салдарынан 60 жыл бойы есімдері аталмай келген қазақ ғылымы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің тәлім-тәрбиелік төл туындыларымен молығуда. Бұл орайда көрнекті ғалым, ірі қоғам қайраткері, алғашқы қазақ «әліппесінің» авторы (1914) Ахмет Байтұрсыновтың, сондай-ақ педагогика мен психологиядан тұңғыш төлтума оқу құралдарын жазған Мағжан Жұмабаевті, Жүсіпбек Аймауытовты ерекше атап кеткен.
Республикамызда педагогикалық зерттеулерді жандандыра түсуге бірсыпыра ғылыми-ұйымдастыру шараларының да себі тиіп келеді.
Ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің туған республика топырағында туу және өркен жаю тарихын жан-жақты зерттеп білуде шешілмеген келелі проблемалар әлі де баршылық.
Қазіргі кезде қазақ мәдениетінің әр саласына белсене ат салысып, кезінде көлемі де, құнды-құнды еңбектер жазған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Н. Төлеқұлов, Қ. Кеменгеров сияқты ғылыми тұрғыдан терең зерттеу ісі де кезек күттірмейтін мәселе.
Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық көзқарасынан да бүкіл әлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы: өзінің екі сыныптық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді . . . Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек» деп жазды. Ыбырайдың «Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар. Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» деп, әке баласына берген ақыл ғибыратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдірді. Алтынсариннің мектепте татарша діни жаттамалары оқудың орнына балаларды ана тілінде оқуға ерекше мән берді, оларды халықтық дәстүр, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел негізінде оқытып-тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге, жақсы адамгершілік қасиеттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізді.
Ы. Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғалымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арналған, екіншіден, өнегелі ұстаз-тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі, азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық-зорлық, жатып ішер, жалқаулық сияқты жаман әдет, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Абай балалық шағынан бастап халықтың шешендік сөз өнерін жан-жақты меңгеріп, өсе келе асқан ділмәр, сұңғыла шешен атанған.
Қазақтың рухани тарихында шешендік пен көсемдікті қатар ұстаған, оларды халық бірлігін, тәуелсіздігін нығайтуға ұран да, құрал да етіп жұмсай білген алыптар шоғыры-Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерден Абай көп тәлім алған. Абайдың халық ауыз әдебиетін, сырбаз сөз кестелерін жетік білгендігі-оның қарасөздерінде ондаған мақал-мәтелдерді қолданып, талдануынан да айқын байқалады.
Абайдың шешендік жолдағы шәкірттік ізденістері мен ғибраттары тек ауыл-аймағы, атырабы ауқымдағы естіген, сезген үлгілермен шектеліп қалмай, бүкіл қазақ киелі, бәтуалы сөз шеберлері жасаған дүниелерді де қамтиды. Абайдың шешендік өнерінде онан сайын күшейе, асқақтай көрініс-рең тапқан деп толық сеніммен айтуға болады.
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасында дүниенің дамуы жөнінде диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады, адамды қоршаған ортаның-табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Ұлы ойшылдың поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірлерге толы.
Абайдың түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігімізбен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», дейді Абай. Абай дүниені жаратушы күш деп қарайды. Бұл жағынан алғанда дейстік көзқараста болғаны байқалады.
Алайда ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін нәсілді көзқарасқа қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз ), «адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей . . . Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі-білсем екен деу- жан құмарлығы» . . . (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым . . . ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі . . . » деген қорытынды жасайды.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған-деген екен.
Ел болу үшін қала малып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алуға қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салады. Өнерсіз-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет . . . өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі . . . »- деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Ұлы ақын Абай педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол . . . жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Кант т. б., орыстың ойшыл ұлы педагогтары: Л. Н. Толстойдың, К. Д. Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр.
Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарасында «Зарландым» деген мақаласында: «Біз қазақ жастары тіпті оқымады дейміз. Олар ептеп оқыды; оқығанда олардың кейбіреулері молла, қожа, ишан болып, елден қайыр, пітір, зеркен, ұшыр жинап, неше түрлі өтірік айтып, халықтың материалдық жақтан да рухани жақтанда да езу үшін, кейбіреулер тілмаш болып, орысша-қазақша шатып-бұтып арыз жазып беріп пара алу, бұқара халықты жеу үшін оқиды, қазаққа мұндай оқудың керегі жоқ»деген пікірін білдірді. Шоқан Уәлиханов пікірінше, халықтың психологиялық көрсететін белгілердің бірі-сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері деген. Ал, А. Брем «қазақтар сөз өнеріне жетік келеді-бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндер де, байға да, жарлыға да тән қасиеттер» дейді.
1. 2 ХҮII-ХҮIII ғасырлар аралығында өмір сүрген билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) педагогика тарихында алатын орны.
Қазақ шешендік өнері туралы сөз еткенде билер туралы айтпай кету мүмкін емес. Кезінде шешендік сөздердің билер сөзі деп аталуының өзі көп сырды аңғартады. Шындығында шешендік сөздердің көбі билердің айтысы, билік айтар шешімі сәтінде туады. Билер не бір бітімі табылмастай қиын даудың шешімін тауып, үкім шығарған. Олар халықтың көкейіндегісін тап басып айта білген. Мейлінше әділ болуға, турашыл болуға, ақихат жолын ұстауға, сөйтіп әрқашан халықтың көңілінен шығуға тырысқан. Рас, олардың арасында шындықтан ауытқушылар, параға сатушылар да болған. Халық оларды қиянатшыл, парақор би деп санаған. Бір ғажабы, көнеден жеткен билер сөзінің ішінде мұндай залым, әділетсіз билердің сөзі, ілуден бірі болмаса, көбі бізге жетпеген, халық жадында сақталмаған.
Ал шындықтың жақтаушысы болған турашыл билерді халық «қара қылды қақ жарған би» деп атаған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - дейді халық.
Билердің шешендігі де, турашыл әділдігі де дауды шешу үстінде көрінеді. Шешен, би болмаса да кез келген қазақ далбаса даңғазалықты мін көріп, қорлық санаған. «Сөз шынға тоқтайды, пышақ қынға тоқтайды», - деп шындықтың туын көрген от ауызды, ортақ тілді билердің халық аса қадірлеп, сөзді қастерлеп, қасиетті санаған, сөзге тоқтаған. Қазақта сөз кілті болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz