Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде
пайдалану жолдары

Мамандығы: Биология - 050113

Орындады:
Тельжанова Ж.С.

Жетекші: Биология және
ОӘ кафедрасының
аға
оқытушысы, б.ғ.к. Өнерхан.Г

Қорғауға жіберілді

Биология және ОӘ кафедрасының меңгерушісі ______________
Ш.Н.Дүрмекбаева

Көкшетау 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..5

1 Білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары
... ... ... ... ... ... ...5

2 Білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту технологиялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

3 Электронды оқыту және электронды оқулықтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

4 Электрондық оқулық және оның құрылымы мен құрамы
... ... ... ... ... ... .14

1. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Электрондық оқулық жасауда қолданылатын бағдарлама туралы
... ... ...18
2.2 Microsoft Front Page 2003 бағдарламасымен жұмыс істеу
жолдары ... ... .18
2.3 Зерттеу материалдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 24
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 25
3.1 Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану
жолдары атты электрондық оқулық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...25
1. Биология ғылымының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1.2 Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде
пайдалану жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..27
3.1.2.1 Цитология және гистология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
және олардың еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27
3.1.2.2 Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29
3.1.2.3 Ботаника ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.1.2.4 Зоология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.1.2.5 Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына үлес қосқан ғалымдар
және олардың еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.1.2.6 Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.1.2.7 Өсімдіктер физиологиясы ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және
олардың еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...48
3.1.2.8 Экология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3. Қазақстан территориясында биология ғылымының дамуы, қазақстандық
биолог ғалымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .52
4. Биолог ғалымдарға әліпби бойынша сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
1. Электрондық оқулықтарды биология сабақтарында пайдаланудың
тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
Қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің
бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген
сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары
пайда болуда.
Қазір негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық
оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық оқушы үшін дайын
материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық - қай кезде болмасын өздері
толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін
мәліметтер базасы болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір
оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара
жүргізу болып саналады.
Сондықтан биология ғылымының дамуын және ғылымды дамытуға үлес
қосқан әлемдік ғалымдарды, Қазақстандағы биология ғылымы салаларының
негізін қалаған Отандық ғалымдардың өмірі мен ғылыми-шығармашылық
ғұмырнамасын бүгінгі күн тұрғысында қарастырып, толықтыра жинақтау,
электронды құрал түрінде шығару – өзекті екендігі анық.
Зерттеудің мақсаты: Биология ғылымының даму кезеңдері мен оған
барынша үлес қосқан әйгілі ғалымдардың ғылыми ашылымдарын қарастыру және
олардың еңбектерін электронды анықтамалық ретінде әзірлеп, оқу үрдісінде
пайдалануға ұсыну. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді
жүзеге асыру көзделеді:
- биология ғылымының дамып, қалыптасуын қарастыру;
- биология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдардың әлемдік
ғылымда мойындалған, бүгіндері күнделікті өмір-тіршілікке қатысты
шаруашылықтың алуан саласында қолданылылып жүрген ашылымдарымен
таныстыру;
- қазіргі заманғы технологияларға сәйкес, биология ғылымына үлес
қосқан ұлы ғалымдар еңбегін электронды оқулық ретінде жасау және
электронды оқулық туралы түсінік-мағлұматтар беру;
- биолог ғалымдардың еңбектерін анықтамалық тұрғыда көрсету;
- дипломдық жұмыс бойынша зерттеу материалдарын топтастыру, сұрыптау
және қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында әлем және
Қазақстандық биолог-ғалымдардың ғасырлар барысындағы биология ғылымы
дамуына қосқан үлесі қарастырылып, электронды көмекші құрал түрінде
жинақталуы өзіндік ғылыми жаңашылдық болып табылады.
Теориялық және практикалық маңызы: Дипломдық жұмыста қарастырылған
тақырып бойынша қорытылған материалдарды түрлі жағдайда жиынтықталған
анықтамалық дереккөз ретінде пайдалануға болады және жұмыс мынадай
практикалық негіздемелерге сүйенілді:
- биология ғылымының дамуы өте ертеден қалыптасқан және оны дамытуға
атсалысқан ғалымдардың еңбегін хронологиялық түрде әр жылдары
жинақтап отырудың маңызы бар;
- Отандық биолог ғалымдар Қазақстандағы биология ғылымын дамытуға
аса зор үлес қосып келеді және олардың еңбегін дұрыс бағалап,
оқушыларға, жалпы көпшілік қауымға таныту дұрыс болмақ.
- Электронды оқу жүйесі негізінде ғалымдар еңбегін көмекші оқу құралы
болдырып шығарудың және оны мектепте биология пәнін оқытуда
қолданудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе және үш бөлім,
қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында
берілген.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

5 Білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары

Қазіргі әлемнің өркениетті елдерінде қоғамды ақпараттандыру барынша
кең өріс алуда. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби
қызмет пен адамзат мәдениетінде де, арнаулы білім беру үрдісінде де ерекше
мәнгн ие болып отыр.
Ақпараттық технология жеке тұлғаның өз шығармашылық потенциясын толық
аша алатын, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шындай алатын
жағдайлар жасалуда оқыту үрдістегі жемісті нәтижелерге жетелейді. Оқытудың
ақпараттық технологиялары ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау,
оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір
функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық
байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың
педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық технологиларды пайдалану оқыту процесінтолық өзгертуге, оқытудың
жеке тұлғаға бағытталған модеьін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі
оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары,
қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар, әртүрлі
оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың
білімгерлердің өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өздік жұмыстарды
орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.
Оқытудың ақпараттық технологиялары білім берудегі субъекті мен объекті
шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді [1].
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,
тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер
мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да
өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да
бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік
тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана
болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық –
педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық
компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген
ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді
[2].
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып
табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді
үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді
қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-
өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік
ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту
болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның
мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [3].
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек,
ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық
бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын
дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел
қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру
мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық
бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы
мысал бола алады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте
көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар
мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды
электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық
мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру,
меңгеру деңгейін бақылау [1].
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
- Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
- Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді,
құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру
процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың
мүмкіндіктерін пайдалануға;
- Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және
гипермедия жүйелерін пайдалануға;
- Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды,
іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
- Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін
бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне
қарай тапсырмалар беруге;
- Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай
жасауға;
- Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі
олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог
“жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі
ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа
материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін
және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі
функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің,
ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық
алмастыра алады);
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен
сапалы жаңа деңгейде);
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары [4].
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр
сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық
бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен
оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес [2].
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту
процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде
компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына
байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық
оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен
бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда
болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай
құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік
түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір
бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және
модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған
материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне
көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны
қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен
ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық –
коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған
жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны
қалыптастыруға бағытталады [5].

1.2 Білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту технологиялары

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,
И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы
басты, ол оқушыға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі
өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің
маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық
бағытталған өзара әрекеті болып табылады [6].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер жеке тұлға ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ,
біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:
Жеке тұлға - бұл адамның психикалық рухани мәні, ол әр түрлі
жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
• адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
• өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
• іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі,
• мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы:
• айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
• қажеттілік жүйесі;
• шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушының
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы
[7].
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Оқыту технологиясы оның жалпы құрылу қағидаларына негізделген
(Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.) сондай-ақ тұлғаның даму
ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне,
тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту
ерекшеліктеріне сүйенген [4].
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және
жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді.
Бірінше кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар,
мультимедиалық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық
жазбалар (аудио-бейне-құндақтар) жатады.
Көптеген ғалымдар компьютерлік технологияны оқу құралы ретінде
пайдаланудың мәні мен әдістемелік мақсатын мынадай дидактикалық ұстанымдар
бойынша көрсетеді: оқыту үрдісін жекелеу мен дифференциялау; оқу барысы
нәтижесін бағалау мен болжаудың кері байланысын жүзеге асыру; өзін-өзі
түзету мен өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру; жаттығу мүмкіндігі мен көмегі
арқылы оқушының өз бетінше дайындалуына ықпал жасау; үрдісті визуальды
оқыту; оқыған үрдіс динамикасын көркем демонстрациялау; зерттеліп отырған
ғылыми тұжырымдамалардың графикалық түсіндірмесін беру; компьютерлік
бағдарламаның нақты тәжірибесіне сүйеніп зертханалық жұмыстар жүргізу;
ақпарат желісімен қамтамасыз ететін оқу барысына қажет ақпараттық
мәліметтер базасын пайдалану және құру; қиынды ойлау қабілетін
қалыптастыру (мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, мәліметтер
базасын және қолданбалы пакеттер байланысын пайдалану).
Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: шүғыл кері
байланысты қамтамасмыз етеді; дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін
тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; гипермәтінді түсіндірмелерді
бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік
береді; қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды; әрбір
студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, оларды өз
бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; белгілі бір бөлім бойынша білімді
тексеруге мүмкіндік туады [1].
Қазіргі кезде компьютерлік оқытуды ұйымдастыруда жеке оқытудың үш түрі
бар: бірінші – дәстүрлі оқыту; екінші – оқушылар өз-өздеріне ұнайтын оқыту
басқаруын таңдайды; үшінші жол – аралас басқару.
Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.
1. Оқыту үрдісін компьютерлендіру тек бағдарламалау тілін немесе
дербес компьютерлердің ақпараттандыру құралдарын емес, компьютерлерді
белгілі бір үрдістерге, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда модельдеуге
үйрету,
2. Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай,
керісінше оқушымен неғұрлым тиісті жұмыс жасауына жағдай жасау қажет.
Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды
да күшейтіп, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға
болады.
3. Компьютерлерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез
шешуге көмектесуін жағдайға ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік
ұстанымын ескеру керек.
4. Оқытуды компьютерлендіруді оқушының өз бетімен ойлап, шығармашылық
белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп
ойластырған жөн.
5. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық
талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттілігі туды [7].

Бұл оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру
үшін арналған тест сұрақтары, анықтамалар, т.б. болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарғы білім беру жүйесін
ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен білім берудің
тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында ұсынған мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру, педагог – ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің
бірі болып табылады.
Қазіргі кездегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар
ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өндеудің және кез
келген қашықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды
талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультемедиялық
оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады. Бұрынғы оқыту технологиялары
негізінен сөз арқылы мәлімет беруге негізделгені белгілі. Ал бірақ адам
жадындағы кез келген мәлімет басқаша жинауы түрде сақталатының ғалымдар
анықтаған болатын, онда олар ақпараттық технологиялар арқылы оңай
көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар мен схемалар тәрізді күйде
орналасады екен. Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар
ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық
басылымдар, арнайы әзірленген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары
болуы тиіс [1].
Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану қажеттілігі
бүгінгі күннің әлеуметтік – экономикалық талаптарынан туындап отыр.
Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне ақпараттық
технологияның жаңаша өзгерістер мен идеологияларды қосатынына сенім мол.
Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқыту бағдарламасы бойынша
арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.
Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш
бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу
операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау
тапсырмалары, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы
нұсқаулар [2].
Қазіргі қолданыста ақпараттық технологияның тиімділігі оқушының
тұлғалық қасиеттерін дамыту, ақпараттың қоғамды өздігінен жемісті нәтижелі
ақпараттан іс – әрекетке дайындауын іске асыруға байланысты айқындауға
болады.
Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматтандыру
электрондық оқулық тарала бастады. Электрондық оқулықтар интерактивті –
әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым –
қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі [8].

1.3 Электронды оқыту және электронды оқулықтар

Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр
түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік
технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді
пайдалану болып табылады [2].
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық
оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту
процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде
компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына
байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық
оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен
бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда
болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға
болады:
1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.
2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі [3].
Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан
электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды
оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген
және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің
жанында жазуы болады.
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде
қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған
кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа
мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Мемлекеттік стандарт бойынша электронды оқулықтың басылымына мынадай
талаптар қойылады: оның құрылымы, функциясы, мазмұны, оқыту элементтері,
көркемделуі, құжаттандырылуы [9].
Электронды оқулықты құру жолы. ЭО құруда мынадай дидактикалық
шарттарды ескеру керек:
-Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуында;
-Электронды оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тапқырыптарға
лекция конспектісіні қамтитын негізгі: зертханалық және практикалық
тапсырмаларды орындауға арналған мқосымша материалға қатысты анықтама
библиографиядан тұратын көмекші аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан
тұратын тест материалды дайындауда пайдаланылатын әдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуын;
-Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұны қайталамауын, яғни
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру
керек;
-Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен атрық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда
экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденең жылжыту сызықтарын
электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі
пайдалаушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары тілмен
оңға солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
-Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебеі материлды
баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетәндей болуы
керек;
-Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбір пәндерге атап
айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге
-қатысты процестерді анимациялап көрсету тіпті кинофильмдер мен
диафильмдер үзінділерін MPEG.AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды
гипермәтінде формат арқылы электрондық оқулыққа
-кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады
Электронды оқулықтың құрлымы. Кез келген оқулық екі негізгі бөлімге
бөлінеді: мазмұнды және процессті. Сонымен қатар, тағыда екі бөлім
қосылады: басқарушы және диагностикалық.. Оқулықтың мазмұнды бөлімі келесі
компоненттерді қосады: танымдық, демонстарциялық. Процесттік бөлім келесі
компонеттерден тұрады: модельдеуші, бақылаушы, бекітуші. Танымдық
компоненет оқушыға білім беруге бағытталған. Бұл, мәтіндік ақпарт болып
табылады. Демонстрациялық компонент бұл — бақылау тапсырмалары, яғни
танымдық компонентті толыққанды ашушы бөлім. Бақылау — бекітуші компонент
оқушының материалдық қадам көрсетеді. Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың
бағдарламалық қабықшасы. Диагностикалық бөлім нақты программының
статистикалық ақпаратын сақтайды. Электронды басылымның мазмұнының
құрылымына қойылатын талаптар [2].
Электронды басылым контенті оқытудың үш деңгейі семантикалық бірлігіне
бөлінуі тиіс:
1 — деңгей. Модуль
2 — деңгей. Блок
3 — деңгей. Сабақ
-Модуль оқытудың ірі синтаксистік, семантикалық, фрагматикалық бірлігі
болып табылады және блоктан блокқа ақпараттар мазмұны және көлемнің
біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезеңктелуінен тұрады.
-Блок оқытудың орташа синтаксистік, сегмантикалық, фрагматикалық
бірлігі болып табылады және сабақтан сабаққа өтетін ақпараттар мазмұны және
көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады
-Сабақ оқытудың минималды синтаксистикалық, сегмантикалық,
фрагматикалық бірлігі болып табылады және оқытудың бірнеше элементтерінен
тұрады. Сабақ оқытуда теорияның материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ —
жауаптар және тестілер міндетті элементтері болуы тиіс. Оқытуда міндетті
емес болатын элементтер: анықтама, графика, аудио және видео. Электронды
оқулықтарды безендіруде қойылатын талаптар.
Электронды оқулықты безендіруде мәліметтерді нақты, ұғынықты және
қолдануға жеңіл қылып құру қажет. Мұнда сөздердің шегі болуы қажет.
- Мәтіннің қарібі мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы шарт. Негізгі
қаріпті көрсету үшін, ең қолайлы қаріпті қолдану қажет. Көлемі кіші және ең
қолайлы қаріптер керекті кезде қолданылуы қажет.
- Электронды оқулықты безендіруде ашық фондарды тек қана қалың
қаріппен жазған кезде қолданылады. Мәтіні бар беттер ашық фонда болуы
қажет. Қара түсті фон қолданылмайды. Қаріптің түсін стандартты қара немесе
қою көк түсті қолдану керек. Қызыл қаріп тақырыптардың атын немесе қажет
мәліметті алу үшін қолданылады.
- Фондық түс қолданушының назарын ең төменгі мөлшерде алуы қажет.
Негізгі мазмұндағы абзацтар үлкен болмау керек. Олар оқыту материалдарының
қабылдауын жеңілдетеді.
- Электронды оқытылу басылымында графикада көмекші мәндер болуы керек
және ол оқытудан алшақ кетірмей оқыту материалын меңгерудің жеңілдеуіне
көмектеседі. Саяси, діни және басқа материалдарды баспаға берген кезде
суреттерге баса назар аудара отырып теріп алу керек. Аудио, видео
материалдар негізгі мазмұнның контекстінде үйренушінің өз қалауымен қосылуы
керек.
- Басқару элементтері түсінікті, бір мәнді және қарапайым, үйренушінің
назарын негізгі оқыту материалынан ауытқуын болдырмауы керек.
- Электронды оқытылу басылымында ашық аумақта басылатын графикалық
объектілерін және аудио — видео материалдардың саны мен көлемі минималды
болуы керек, өйткені олар компьютердің жадысында көп орын алады және оларды
алу кезінде компьютермен желі аралығындағы байланыс арнасы критикалық
параметр болып табылады [8].

1.4 Электрондық оқулық және оның құрылымы мен құрамы

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
оқулықтарды сабаққа пайдалану — оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн
дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы
жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы
және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп
жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық
ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi.  Бұл
бағдарламалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау
қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi [4].
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi
графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез,
әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтың құрылымы:

Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады.
Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса,
онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде
баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-
мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын
айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк
түрде бейнелеу.
3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен
тапсырмалар берiледi.
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң
дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты
тоқталайық:
- сыртқы бетi;
- титульдық экран;
- мазмұны;
- аннотация;
- оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер,
бейнелер);
- оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
- қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу
қажет);
- өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
- өзiндiк бақылау жүйесi;
- мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
- авторлар тiзiмi;
- терминдiк сөздер;
- оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
- оқулықпен жұмысты басқару жүйесi [2].
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi
безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады.
Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi
қажет.
Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi
(мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық
құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi,
оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.
Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына
енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде
үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет [3].
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады:
неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың
негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi  ынталандыру
бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға
болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен
оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың
нәтижелерiн қалай бақылауға болады?  электрондық оқулықты құруды қалай
сипаттауға болады? және т.б.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн
бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi
мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және
сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы
әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының
тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация
түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына
сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады [6].
  Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге
асырылады:
1.  Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.
2.  Оқу элементтерiн үйренушiнiң бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын 
қалыптастыру деңгейiне сай    анықтау.
3.  Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.
4.  Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып,
сабақтар)  аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.
5.  электрондық сөздiк-анықтаманы (глоссарий) дайындау.
6.  Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк
слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.
7.  Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3
деңгейде – жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу).
8.  Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.
9.  Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды
дайындау.
10.  Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиялық
лабораториялардың мамандары (бағдарламалаушы, дизайнер, инженер)
жалғастырады.
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде
қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған
кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа
мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулықтың кемшілігіне экраннан ақпаратты қабылдауы (кітапты
оқудан қарағанда экраннан мәтіндік ақпаратты қабылдау біршама кері әсері
бар) және кітаппен салыстырғанда бағасы әлдеқайда жоғары [11].

2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ
2.1 Электрондық оқулық жасауда қолданылатын бағдарлама туралы

Қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі
Microsoft Front Page 2003 бағдарламасы. Бағдарламаның көлемі 150 Mб
шамасында. Кейде бұл бағдарламаны Microsoft Office 2003 пакетінен
кездестіруге болады. Бағдарламаның негізгі артықшылықтарына тоқталып
өтейік. Front Page бағдарламасының интерфейсі бәрімізге үйреншікті орыс
тіліне аударылған. Бағдарлама терезесінде Word редакторына ұқсас қолайлы
аспаптар панелі орналасқан. Егер сіз Word редакторымен үнемі жұмыс жасап
жүрсеңіз және ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде игермеген болсаңыз, онда
сізге сайт жасау үшін Front Page бағдарламасынан артық құрал табыла қоймас.
Көп жағдайларда HTML тілін білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін
арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі –
кәдімгі Microsoft Word 2003. Әрине, Microsoft Word 2003 бет жасаудың
маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б.
версиясының редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы HTML-ді бүге-
шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға
мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен
ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің
қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар – іс бітті.
FrontPage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды [8].

2.2 Microsoft Front Page 2003 бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары

Microsoft Front Page 2003 бағдарламасын іске қосу үшін:
1-тәсіл
1. Пуск (Start) батырмасын шертіңіз.
2. Менюде Бағдарламалар (Program) бөлімін таңдаңыз.
3. суретшесі бар Microsoft Front Page бағдарламасын шертіңіз.
 2-тәсіл
Егер сізде Microsoft Office бағдарламасы болса Front Page-ді Офис
администраторы (Администратор Офиса) тақтасынан батырмасын екі рет шерту
арқылы іске қосуға болады.
Бағдарламада жаңа бет жасау үшін Меню жолында Файл — Создать
командасын орындау қажет.
Бұл панел мынадай бөліктерден тұрады: Создать страницу, Создать веб-
узел және Шаблоны.
Осы бөліктен бізге қажетін таңдап аламыз. Яғни, Создать страницу
бөлігіндегі Пустая страница сілтемесін шертеміз. Осы кезде бізде жаңа
терезе ашылады [5].
Және Создать батырмасы арқылы да жаңа бет қосуға болады. Осы кезде
Шаблоны страниц диалогтік терезесі ашылады, Обычная страница командасын
орындап, ОК батырмасын басамыз.
Беттер Файл менюінің Сохранить немесе Сохранить как ... командасымен
немесе инструменттер панеліндегі Сохранить батырмасын тышқанның шертуімен
сақталады.
Бетті Файл менюінің Открыть командасымен немесе инструменттер
панеліндегі Open батырмасын маустың шертуімен ашуға болады.
Front Page бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден
тұрады:
• Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары және құжаттың
атауы орналасады.
• Мәзір жолағы – Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан
құралады:
 • Стандартты құралдар тақтасы – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару,
Көшіру, Қою т.б сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.
• Пішімдеу құралдар тақтасы – мәтін үшін талап етілетін
параметрлерді және оның құжаттағы орнын белгілеуге арналған.
• Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын
құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.
• Айналдыру жолақтары – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.
Басқа да HTML редакторлар секілді Front Page бағдарламасының да
терезесінде парақтағы мәліметтерді түзетуге, өзгертуге, алмастыруға қажетті
аспаптар панелі орналасқан.
Бағдарламаның аспаптар панелін төмендегі Word редакторының аспаптар
панелімен салыстырып көріңіз. Ұқсастық өте көп. Аспаптар панелінде
орналасқан кейбір батырмалардың қызметі Word редакторының батырмаларымен
сәйкес келеді.
 Мына панель аспаптар панелінің астында орналасады. Бұнда сол кезде
жұмыс жасап отырған сайтыңыздың құрылымы бейнеленіп тұрады. Осы панельдің
көмегімен сайтыңыздың жекелеген парақтарына жылдам ауысуға болады [4].
Ең төменде орналасатын бұл панель өздеріңіз көріп тұрғандай төрт
бөліктен тұрады. Сайтты құрастыру конструктор режимінде іске асады. Код
батырмасын басып, жасап отырған парағыңыздың HTML кодын көруіңізге болады.
С разделением режимінде парақпен де, HTML кодпен де бір мезгілде жұмыс
жасау мүмкіндігі қарастырылған. Жасаған сайтыңыздың парағы браузерде қалай
бейнеленіп тұратынын алдын-ала көргіңіз келсе, Просмотр режиміне көшесіз.
Стандартты (Стандартная) аспаптар панелі
Front Page бағдарламасымен жұмыс жасау кезінде жиі қолданылатын
панельдердің бірі Стандартная аспаптар панелі. Панель менюдегі командаларды
жылдам орындауға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта бағдарламаның жұмысы түсінікті болуы үшін осы
панельдегі батырмалардың әрқайсысының атқаратын қызметіне толығырақ
тоқталып өтейік:
Батырма Атауы Атқаратын қызметі Меню командасы
  Создание новой страницы
Егер бұл батырманың өзін бассаңыз, жаңа парақ пайда болады. Ал егер осы
батырманың жанында орналасқан кішкентай қара бағдаршаны шертсеңіз,
төмендегідей менюдің пайда болғанын көресіз:
  Бұлардың арасынан өзіңізге қажетті команданы таңдай аласыз.
Страница командасы – жаңа Web-парақты шығарады, Веб-узел командасы – жаңа
Web-құжатты, Пустая страница – бос парақты, Текстовый файл – мәтіндік
файлды, Список SharePoint – SharePoint элементтерінің тізімін, Папка – жаңа
қапшықты, Задача командасы – жаңа тапсырманы шығарады.
  Файл. Создать
  Открыть
Егер батырмадағы қапшықтың суретінде тышқанды шертсеңіз, онда Открытие
файла диалогтік терезесі пайда болады. Бұл терезеден өзіңізге қажетті Web-
парақты аша аласыз.
Ал егер осы батырманың жанында орналасқан кішкентай қара бағдаршаны
шертсеңіз, Web-парақты (Открыть) немесе Web-құжатты (Открыть узел) ашуға
мүмкіндік беретін қосымша меню пайда болады.
  Файл. Открыть
Файл. Открыть узел
  Сохранить
Ағымдағы Web-парақты html форматында сақтайды. Web-парақты алғашқы рет
сақтағанда Сохранит как диалогтік терезесі пайда болады. Пайда болған
терезеде файлдың атын, типін және орналасатын орнын көрсетіп, ОК батырмасын
шерту қажет.
  Файл Сохранить
  Найти Web-парақтың ішінен қажетті мәтінді немесе тегті іздеп табады
және алмастырады. Правка Найти
  Опубликовать узел
Ағымдағы Web-құжатты басқа жерге көшіріп алуға мүмкіндік береді.
Файл Опубликовать узел
Переключить панель
Web-құжатты құрайтын барлық қапшықтар мен файлдарды схема түрінде
көрсетеді.
Вид Список папок
Печать
Web-парақты принтерден басып шығарады
Файл Печать
Просмотр в обозревателе
Ағымдағы Web-парақты браузермен көрсетеді
Файл Просмотр в обозревателе
 Орфография
Ағымдағы парақта қатенің бар-жоғын анықтайды (өкініштісі, бағдарлама
қазақша мәтінді тексермейді)
  Сервис Орфография
  Вырезать
Ерекшеленген объектіні қиып алып, алмасу буферіне орналастырады.
Правка Вырезать
Копировать
Ерекшеленген объектінің көшірмесін алмасу буферіне орналастырады.
Правка Копировать
  Вставить
Алмасу буферіндегі объектіні курсор тұрған жерге орналастырады.
Правка Вставить
  Формат по образцу
Web-парақтың белгілі бір бөлігіндегі форматты (шрифт, абзацтық
шегініс...) басқа жерге көшіруге мүмкіндік береді.
Отменить
Болдырмау командасы. Соңгы жасаған әрекетеңізді болдырмайды.
Правка Отменить
  Вернуть
Болдырмау командасына қарама-қарсы процесті орындайды. Яғни болдырмау
командасын бекер орындаған болсаңыз, Қайталау батырмасын басу қажет.
  Правка Вернуть
  Веб-компонент Сіздің Web-сайтыңызға Front Page компоненттерін
орналастыруға мүмкіндік беретін Вставка компонента Web-узла диалогтік
терезесін ашады.
  Вставка Веб- компонент
  Добавить таблицу Курсор орналасқан жерге кестені кірістіреді. Бұл
батырманы басқанда шығатын шағын терезеде тышқанның курсорын оңға немесе
төмен жылжыта отырып кірістіргелі отырған кестенің бағандары мен жолдарының
санын көрсетуге болады.
  Таблица Вставить Таблица
  Вставить слой
Web-параққа жаңа қабатты (слой) орналастырады.
Вставка Слой
  Добавить рисунок из файла
Курсор орналасқан жерге сіз көрсеткен суретті кірістіреді. Вставка
Рисунок Из файла
  Рисование
Графикалық объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Рисование
панелін шығарады.
-Добавление гиперссылки
Ерекшеленген мәтінге немесе суретке гиперсілтеме құрады.
Вставка Гиперссылка
  Обновить
Жаңарту батырмасы. Web-парақты Front Page терезесінде қайта жүктейді.
Вид Обновить
  Завершить
Web-парақтың жүктелу уақыты тым ұзаққа созылғанда жүктеуді тоқтатуға
мүмкіндік береді.
-Отобразить все знаки
Web-парақта өрінбейтін символдарды уақытша көрсетуге немесе оларды
жасыруға мүмкіндік береді.
-Справка: Microsoft Office Front Page
  Microsoft Office Front Page анықтамасын шығарады.
 Справка Справка: Microsoft Office Front Page
Стандартты аспаптар панелі Front Page терезесінде әдетте меню жолының
астында орналасады. Панельді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның даму тарихы
Экологияның қысқаша тарихы
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
ЖОО оқыту үрдісінде биологиялық модельдеудің әдістемесін жасау
Экология ғылымы
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Экология ғылымы туралы
Экологиялық зерттеу және төлқұжат
Пәндер