Биологиялық активті талшықтардың алу жолдарының мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Биологиялық активті заттар . . . 4

1. 1Mикробтарға қарсы қасиеттері бар поливинил спирті негізіндегі талшықтар . . . 8

1. 2Mикробтарға қарсы қасиеттері бар басқа синтетикалық талшықтарына негізделген талшықтар . . . 14

1. 3 Mикробтарға қарсы қасиеттері бар целлюлоза негізіндегі талшықтар . . . 19

1. 4 Mикробтарға қарсы қасиеттері бар ақуыз негізіндегі талшықтар . . . 41

2 Эксперименттік бөлім . . . 49

2. 1 Бастапқы талшықтар . . . 49

2. 2 Талшықтарды бриллиантты жасылмен өңдеу . . . 49

2. 3 Талшықтарды йодпен өңдеу . . . 49

2. 4 Талшықтарды мыс купоросымен өңдеу . . . 50

3 Зертханалық нәтижелер және оларды талқылау . . . 51

3. 1 Өңделген мақта талшықтарының нәтижелері және оларды талқылау . . . 51

3. 2 Өңделген синтетика талшықтарының нәтижелері және оларды талқылау. . 51

3. 3 Өңделген жүн талшықтарының нәтижелері және оларды талқылау . . . 52

Қорытынды . . . 53

Қолданылған әдебиеттер . . . 54

Кіріспе

Биологиялық белсенді талшықтарға ең бастысы медициналық тұрғыда пайдаланылатын талшықтар жатады және олардың негізгі функциясы әр түрлі дәрігерлік араласудың соңы жақсы аяқталуға ықпал ету(оның ішінде алдын алу шаралары да бар) . Олар негізінен оталық (хирургиялық) тігіс жіптерін, орап-таңу маталарын, фиксациялық таңу заттарын, ішкі органдар мен тканьдердің протездерін дайындауға пайдаланылады, сондай-ақ оларды іріп-шіруге қарсы тұра алатын заттарды, сүзгіштік материалдарды, консерванттарды және т. б. дайындауға да пайдалануға болады.

Биологиялық белсенді талшықтарға микробтарға қарсы, салқын тигенге қарсы, анестезиялық, қан ұйыту, қан сұйылту, иммуннитетті депрессияға ұшыратпайтын, ісіктерге қарсы және күйгенге қарсы талшықтарды жатқызуға болады. Көрсетілген талшықтардың тағайындалу мақсатын өзінің аталған аты жартылай ашады. Сонымен, микробтарға қарсы талшықтар ауру тудырушы бактерияларды, саңырауқұлақтар мен қарапайым организмдерді (мысалы, трихомонадалар, лямблиялар) әлсіретеді және сонысымен бірмезетте патогендік микрофлорамен қоздырылатын процесстерді әлсіздендіреді. Салқын тигенге қарсы талшықтар да(антифлогистиктер) табиғатынан қоздырғыш процесстермен күресу үшін жаратылған, бірақ алғашқылардан айырмашылығы (қоздыру процесстерінің себебіне әрекет жасайды), олар қоздыру реакцияларының механизміне араласады. Анестезиялық талшықтардың мақсаты - ауруды сездірмеу қабылеттілігін арттыру. Қан ұйыту талшықтары (гемостатиктар) қан көп кеткен жағдайда қанның ұйығанын жылдамдатуға тиіс, ал қан сұйылтушылар (гемодилютиктер) - керісінше, қан ұйыған жағдайда(тромбоз) (әсіресе қан тамырларына ота жасау кезінде) . Иммунитетті депрессияға ұшыратпайтын талшықтардың пайдаланылуы тканьдердегі реакциялардың әр түрлі оталық араласқан жағдайында, оның ішінде теріні ауыстырып салғанда, ішкі органдарды ауыстырғанда және т. б. жағдайларда қалыпсыздығын жеңіп шығу мәселелеріне бағытталған. Ісіктерге қарсы талшықтардың іс әрекеті олардың ота жасалған науқастарда метастаза болмауына жол бермеу болып табылады, ал күйгенге қарсы талшықтар күйген тканьдердің репарацияға қабылеттілігін арттырады.

Биологиялық белсенділіктің жетістіктері бірқатар жағдайларда радиоактивтік, сондай-ақ, ферменттер немесе гормондары бар талшықтармен қамтамасыз етіледі. Дегенмен медициналық талшықтардың номенклатурасы олардың мақсатты тағайындалуына сай беріледі, ал жоғарыда аталған талшықтардың тағайындалуы бірден бірнеше биологиялық белсенді талшықтарға (мысалы, ісіктерге қарсы және иммунитетті депрессияға ұшыратпайтын талшықтарға) таралуына болады, олар мұндай белгілермен классификациялана алмайды. Бұл жағдайда талшықтарға радиоактивтік қосындыларды, ферменттерді, гормоналдық заттарды кіргізуді оларға қандай да бір биологиялық белсенділік деп қарастыру қажет.

1 Биологиялық белсенді талшықтар

Биологиялық белсенді талшықтар, бір жағынан, оның құрамындағы препараттармен, яғни «күшімен» және әсер ететін спектрмен, екіншіден, сол талшықтардың ылғалды қабылдауымен айқындалады. Барлық жағдайларда биологиялық белсенді талшықтарды қолданудың қажетті шарты оларда ылғалдың болуы болып табылады, өйткені ылғалдық белсенді ингредиенттердің бөлінуі мен тасымалдануын қамтамасыз етеді. Сондықтан басқа да жағдайларда гидрофильдік талшықтардың, гидрофобтық талшықтарға қарағанда, биологиялық белсенділігі артығырақ болады.

Сонда да дәрілік препараттың талшықтармен байланысы молайған сайын, оның әсер ету күші кемитіндігі түсінікті болуы керек. Дәрілік препараттардың әсер ету күші п

репараттардың өзінің полимерлік матрицада қаншалықты берік екендігіне байланысты, сондықтан биологиялық белсенді талшықтарды алудың әдістерінің маңызы өте зор.

Шынайтуында талшықтарға биологиялық белсенділік берудің барлық бар әдістерін үлкен үш топқа біріктіруге болады:

1) дәрілік заттарды химиялық байланысы бар талшықтарға біріктіру, яғни, талшықтарды химиялық модификациялау;

2) жіңішке құрылымды талшықты дәрілік заттарды құрама түріне қарай, немесе талшықтардың құрылымды (физикалық) модификациясы;

3) талшықтарға дәрілік заттарды полимерлік жабулықтар немесе төменмолекулалы «ортадағы сыбайластар» - медиаторлардың (препараттардың қосылуының «белгісіз», олардың байланысының кез келген түрімен және кез келген комбинациясында байланысуына мүмкіндік беретін механизмі) көмегімен жеке қиын еритіндей түрінде түсіру.

Талшықтарға әртүрлі медициналық қасиеттер берудің негізгі әдісі химиялық модификация - полимерге ұқсас айналдыру немесе ұсқындырылған полимерсәйкестілік болып табылады. Формалаған мезетте дәрілік заттарды кіргізу арқылы іске асатын (препаратты иіретін ерітіндіге немесе металл ерітпесіне, немесе тұндыру ванналарына кіргізу) құрылымды модификация сирек кездеседі. Әдістердің үшінші тобы кейінірек қарастырылады.

Талшықтарды полимерге ұқсас айналдыру немесе ұсқындырылған полимерсәйкестілік әдістерімен модификациялағанда дәрілік препараттар химиялық байланыстар арқылы қосылады, ол талшықтарды оларды сол заттардың (бір қарағанда іске асуы қарапайымдылығымен қызықтыратын) өзін сіңіргеніне қарағанда, терапевтік белсенділігін барынша ұзаққа қамтамасыз етеді. Талшықтардың құрылымды модификациясын медициналық препараттардың көмегімен иіретін ерітіндіге немесе металл ерітпесіне қосқанда әсер ету ұзақтығы жобамен соншалықты болады.

Осыған байланысты талшықтарға биологиялық белсенділік беру әдістерінің үшінші тобын қарастыру орынды. Талшықтарға «анықталмаған» механизм бойынша бекітілген дәрілік препараттарды кіргізу маталарға шіруге қарсы қасиет беру үшін кең қолданылады. Оған жататындар: талшықтарға тұндырылатын минералдық және органикалық заттардың қиын еритін тұнбалары түріндегі әр түрлі антисептиктер, кейіннен әртүрлі микробтарға қарсы пайдаланылатын препараттар келіп қосылатын төменмолекулалы заттар - медиаторлардың тұндырылуы, және, ең соңында, талшықтарда өз құрамында антисептиктер, антибиотиктер немесе химиотерапиялық заттар бар полимерлік композициялардың тұндырылуы (әр түрлі әдістермен, соның ішінде макромолекулалық химияның әдістерімен) . Сондықтан соңғы жағдайда «анықталмаған» қосынды механизмі туындайды, ондай өңдеуде талшық пен дәрілік препараттың арасында адсорбциялық түрдегі немесе химиялық байланыс пайда болуы мүмкіндігін естен шығармау керек. Оны қолданғанда дәрілік препараттарды төменде көрсетілгендей кіргізуге болады:

1) талшықтарды дәрілік препараттар бар полимерлердің суспензиясы, ерітінділері немесе ерітпелер арқылы өткізу керек; нәтижесінде «көйлек» тәріздес биологиялық белсенді жамылғысы бар талшықтар алынады;

2) талшықтарда немесе өздері биологиялық белсенділікке қабылетті, немесе препараттардың қатысуымен полимерлене алатын, немесе элементтік звено қалпында (немесе блок қалпында) пайда болған полимерлердің құрамына кіріп, өзінің белсенді топтарына дәрілік препараттарды қоса алатын сәйкес мономерлердің (немесе олигомерлердің) полимеризациясын немесе поликонденсациясын өткізу керек. Басқа сөзбен айтқанда, оның үстіне мәселе талшықтарда белсенді «көйлектердің» басқа полимерлерден құралуы жайында болады[1] .

Ондай талшықтарда биологиялық белсенділік үшін жауапкершілік дәрілік препараттармен қосынды түрімен, немесе химиялық байланысымен, яғни, құрылымды немесе химиялық модификацияға түскен полимерлік жамылғыларда болады. Сонымен, модификацияның қандай түріне жатқызу мақсатқа сай болады және биологиялық белсенді талшықтарды полимерлік жабылғы әдісімен алуды қарастыруға болады.

Талшықтардың химиялық және құрылымды модификацияларында олардың терапевтік әсерлерінің мерзімін кеңінен реттеуге болады. Химиялық модификацияланған талшықтарда ол препараттармен байланыстарын түрлендірумен(вариация) (коваленттік, йондық координациялық), олардың концентрациясымен, сондай-ақ талшықтардың өздерінің ылғал жұтушылығымен реттелінеді. Құрылымды модификацияланған талшықтардың әсері оларды құрастырған полимерлердің гидрофильдігіне және ондағы дәрілік заттардың құрамына да байланысты болады.

Екі жағдайда да биологиялық белсенді талшықтарды пайдаланғанда, бір жағынан, олардан терапевтік нәтиже үшін жауапты топтарды бөліп шығаруды шектеуді, ал екіншіден - осы топтарды тағайындалған орнына жеткізуді қамтамасыз ету қажет етіледі. Осы қарама-қарсылықты шешу үшін белгілі бір жағдайларда, мысалы, биоортада (қан, жарақаттық экссудатта және т. б. ) коваленттік байланыстар сияқты берік химиялық байланыстар да ыдырауға ұшырайды. Бұлар талшықтарды өзімен байланысты дәрілік заттарды олигодинамикалық әсер көрсете отырып, бөліп шығаруына қабылетті етеді. Осылай бұл талшықтар дәрілік препараттардың депосы рөлін атқарады, және де препараттың талшықпен байланысу түріне сәйкес немесе жоғарыда аталынған факторларға байланысты соңғының биологиялық белсенділігінің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни, кез келген биологиялық белсенді материалдың іс жүзіндегі тағайындалуынан талшықтардың препараттармен байланысу түрін немесе берілген материалдың терапевтік әсерінің барынша ұзақтығын қамтамасыз етудің басқа да жағдайларын таңдап алуға болады.

Талшықтарда препараттардың өте берік бекіген (мысалы сол коваленттік байланыспен) жағдайында тірі организмнен тыс (in vitro) кейде биологиялық белсенділік табылмайды. Бірақ, тірі тканьдер мен органдарда (in vitro) талшықтардың ферменттермен және организмнің басқа биологиялық жүйелерімен байланысында іс жүзінде препараттарды талшықтарда ұстап тұратын кез келген байланыстар ыдырауға ұшырайды және олар биологиялық белсенділік көрсетеді.

Биологиялық белсенді талшықтардың қолдануға жарайтындығын және нәтижесін бағалауда байланыс түрлерімен, жіберілген дәрілік заттардың күші мен әсер ету спектрімен қатар, олардың уытты қасиеттері, сондай-ақ гидрофильдігі негізгі факторлар болып табылады.

Басқа да бірқалыпты жағдайларда барынша күшті әсер ететін медициналық препараттармен байланысты талшықтардың белсенділігі барынша жоғары болуы керек. Препараттың биологиялық белсенділігінің әсер ету спектрі кең болса, олармен байланысты талшықтардың әсері соншалықты нәтижелі. Биологиялық белсенді талшықтардың уыттылығы аз болуы керек, әрі бұның талшықтардың өзіне де және оған кіргізілетін препараттарға да қатысы барынша жоғары. Егер маталық материалдарды шіруден қорғау мен медициналық және тұрмыстық заттарды антисептиктермен өңдеу үшін уыттылығы аз препараттарды пайдалануға болса, онда клиникалық тәжірибиеде, әсіресе, оталық араласқан жағдайларда талшықтардың жарақатталған жермен байланысында дәрілік препараттың байқалған қандай да уыттылығы толығымен жойылуы керек. Қолданылатын дәрілік препараттар, сондай-ақ, канцерогенді, мутагенді және аллергиялық реакция болдырмауы керек. Екінші жағынан, медициналық талшықтар зиянды қоспалардан бос болуы керек, сонда модификациялық өңдеулердің басым көпшілігі әр түрлі қатерлі агенттердің, оның ішінде, катализаторлардың, инициаторлардың, және т. б. пайдаланылуымен өткізіледі. Бұл зиянды қоспалар талшықтарға талшыққұрушы полимерлердің синтезделу процессі кезінде және талшықтардың құрылу стадисында түсулері мүмкін.

Құрылымды және химиялық модификациялаудың әдістері жеткілікті жақсы дайындалған болса да, оларды биологиялық белсенді талшықтарды алуда іске асыру барынша шектелінген. Бұл шектеулер, әдеттегідей, алдымен дәрілік препараттардың ыдырау температурасының төмендігімен байланысты (ол әсіресе оларды иіру ерітпелеріне кіргізуді қиындата түседі) . Химиялық модификациялауда препараттарда талшықтармен өзара алмасуға және бірмезетте оларда реакция кезінде биологиялық белсенділікке жауапты топтарды сақтауға қабылетті функционалдық топтардың бар болуына қосымша талаптар пайда болады. Сонымен, медико-биологиялық талаптардың ерекшелігімен қойылатын көрсетілген шектеуліктерді есепке ала отырып, биологиялық белсенді талшықтарды алу үшін препараттар таңдау шеңберінің мүмкіндігі тарыла түседі.

Биологиялық белсенділік берілетін талшықтарды таңдау да аз қиыншылықтар әкелмейді. Қалыптастыру стадиясында дәрілік препараттарды кіргізетін талшықтарды таңдауда іс жүзінде шектеулік. жоқ; ол үшін барлық химиялық талшықтар жарамды, тек маңыздылығы, олардың өзінің физико-механкалық қасиеттері бойынша әр түрлі мақсатты талаптарға сай болуында.

Химиялық модификациялау қажет болған жағдайда, сол үшін тағайындалынған талшықтардың дәрілік заттарға қосылуға қабылетті сәйкестендірілген топтары болулары керек. Талшықтардың ондай топтары болмаса, ондай топтарды полимерге ұқсас реакциялардың немесе прививка берілген полимерсеріктерінің (оның ішінде, радиациялық прививка бар) көмегімен енгізуге болады.

Сонымен, кез келген талшықтарға әр түрлі жолдармен биологиялық белсенділік беруге болады. Бірақ ол үшін гидрооксил топтары бар, яғни, поливинилспирттік, жоғары реакцияларға қабылетті функционалдық топтары бар және гидрофильдік қасиеті мол талшықтардың сай келуі басым болады.

Модификацияға қажетті объект ретінде талшықтар таңдағанда ең алдымен дайындалатын өнім медициналық қолдануда қандай функция орындауға тиісті болатынын ескеру керек. Егер өнім -эсплантаттар, яғни тірі организмде жүк көтеретін материалдар болатын болса, онда олардың қызметіне сәйкес сенімділік беретін физико-механикалық көрсеткіштері жоғары болуы керек. Демек, ол үшін байланысы берік синтетикалық талшықтар қажет. Ал биологиялық белсенді мақта, марля, тағы басқа орап-таңу заттарын және ауруханаға қажетті бұйымдарды өндіргенде кей жағдайларда целлюлоздық материалдарды қолдануға болады. Тек қана биологиялық белсенді талшықтардан тұратын өнімдерге сұраныс бола бермейтінін ескеру керек. Кейде белсенділігі жоғары ондай талшықтардың аз ғана бөлігі, биологиялық емес белсенді талшықтармен бірігіп қажетті нәтиже бере алады.

Биологиялық белсенді талшықтар мен өнімдерді мақсатты тағайындалуына сәйкес бөлуге болады: алу технологиясы жақсы жетілдірілген және ол туралы толық ақпараттар бар микробтарға қарсы талшықтар; және зерделенуі әлі де болса жеткіліксіз басқа биологиялық белсенді талшықтар: радиобелсенді, қан тоқтатушы және де басқа медициналық тұрғыда қолданылатын талшықтар.

1. 1 Mикробтарға қарсы қасиеттері бар поливинил спирті негізіндегі талшықтар

5-нитрофуран қатарымен: 5-нитро-2фурфуролмен, 5-нитро-2-фурфуролдиацетатпен, β-(5-нитро-2-фурил) акролеинмен және летилан деген атпен белгілі поливиниспиртті (ПВС) микробтарға қарсы талшықтар алынды. Талшықтардың көрсетілген альдегидтермен алмасуы ПВС-ке сәйкестендірілген ацеталдарының пайда болуымен схема бойынша өтеді:

Талшықтарды ацеталдау спирттік, сулыспиртті және сулы ортада катализатор ретінде күкірт қышқылының қатысуымен өткізілді.

Сулыспиртті ортада ацеталдау 4 сағат бойы жұмыс ваннасының 70ºС температурасында және ваннаның модулі 50 жағдайында өткізілді. Ваннаның құрамы (%) : нитрофуран препараты -2%, күкірт қышқылы - 10%, этанол - 35%. ПВС-ті ацеталдағанға дейін талшықтар 10 минут бойы 220ºС-да термостабилизацияға ұшырайды.

Осы әдіспен модификацияланған талшықтардың беріктігі 20-25 сН/текс, оларды ұзарту 35% жуық, ал өңдегеннен кейін 1 сағат бойы қайнаған сумен отырғызу 5-6% аспайды. Басқаша сөзбен, осы көрсеткіштер бойынша олар әдеттегі поливинилспиртті талшық - винолдан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Микробқа қарсы талшық летиланды зерделеу сұйық ортада (пептон-ет сорпасы), сондай-ақ, тығыз ортада (Петри чашкасында ұсақ флораны агар-агарға себу әдісімен) өткізілді. Сұйық ортадағы тәжірбиеде талшықтың бактерияға қарсы әсері салынған 1г. талшық бактерия культурасында өспеген сорпаның көлемімен өлшенді. Сонымен талшықтың бактериястаттық әсері мен залалсыздықтың барлығы айқындалды. Тығыз ортадағы тәжірибиеде талшықтардың микробтарға қарсы әсері тест культурасындағы өсудің ингибициялық зонасының көлемімен өлшенді[2] .

Бақылау үшін әдеттегі (түрленген) талшық винолды да бактериологиялық зерттеуге түсірді. Тәжірбие нәтижелері 1- кестеде келтірілген.

1-кесте байқалғандай, тек 5-нитрофурилакролеинмен және 5-нитрофурфуролмен ацеталданылған талшықтардың бактерияларға қарсы әсерлері бар, оның үстіне соңғының бұл әсерінің нашарлығы басым. Сондықтан болашақта ПВС талшықтарын өңдегенде тек 5-нитрофурилакролеин қолданылды және летилан деген атау осы альдегидпен ацеталданылған талшыққа берілді.

1-кесте. ПВС талшықтарының әр түрлі ұсақ флорадағы

бактерияларға қарсы әсерлері

Ацеталдаушы агент: Ацеталдаушы агент
Сұйық орта: Сұйық орта
Тығыз орта: Тығыз орта
Ацеталдаушы агент:

1 гр. талшықты. тест- культурадағы өсуді толығымен басып тастайтын пептон-ет сорпасының көлемі,

Мл

Сұйық орта:

Тест-культурадағы басылып қалған зонаның диаметрі.

Мм

Ацеталдаушы агент: Стафилококк
Сұйық орта: стафилококк
Тығыз орта: Ішек таяқшалары
Ацеталдаушы агент:

5-нитрофурфурол

5-нитрофурилакролеин

Формальдегид

Сұйық орта:

100

2000

б. ж.

Тығыз орта:

12

18

б. ж.

10

16

б. ж.

Шартты белгілер: б. ж -белсенділік жоқ

Талшық летилан өзінің микробтарға қарсы белсенділігін әр түрлі сыртқы ықпалдардың әсеріне жақсы шыдамдылық көрсетеді. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерінің құрамасымен сәулелендірілгеннен кейін (инфрақызыл радиациясы жәнел ПРК-4 лампасымен 7 сағат прибордан 1 м қашықтықта) летилан талшықтарының бактерияларға қарсы белсенділігі басындағыға қарағанда аз ғана кемиді. Бұл талшықтардың микробтарға қарсы белсенділігі сәулелендірілгеннен кейін сұйық ортада стафилококкты 500 мл сорпада ингибициялау үшін сынағанда және тығыз ортада стафилококк пен ішек таяқшаларының өсу зонасын, сәйкес 17 және 15мм, тежегенде білінді.

Одан басқа, талшықтардың биологиялық белсенділігіне бірнеше рет жуудың әсері зерделенді. Үлгілер суда «Новость» үгіндісінің 1%-дық ерітіндісінде он реттен өңдеуге (әр қайсысында 30 минуттан) ұшыратылды. Өңдеудің осындай қатал талаптарына қарамастан, соның бәрінен кейін талшықтар, үлгілердің бастапқысына қарағанда аздаған айырмашылықпен, микробтарға қарсы белсенділігін сақтап қалды.

Летилан талшықтары микробтарға қарсы белсенділік қана танытпайды, сондай-ақ гипстәріздес трихофитон және Кауфман-Вольф эпидермофитонына қатысты сыналған саңырауқұлақтарға да қарсы әсер етеді. Осы саңырауқұлақтар тұрғысында летилан әрі фунгистатикалық, әрі фунгицидтік әсер ететіндігі айқындалды, осы арада анықталғаны: 2мг талшық 1мл ерітіндіде 500 000 саңырауқұлақтық элементке фунгицидтік әсер етеді.

ПВС талшықтарын 5-нитрофурилакролеинмен сулыспирттік ванналарда өңдегенде олардағы препаратты 7-10%-дан артық оның суда нашар еритіндігінен жоғарылату мүмкін емес. Оны сулы ванналарда ацеталдау кезінде де істеуге болмайды. Бірақ, егерде ацеталдаушы ваннаға 20-30%-дық диметилсульфооксид қосса, онда талшықтарға 15-17% (мол) дейін нитрофуран топтарын, енгізуге болады. Ондай жағдайда талшықтарды өңдеу үшін 40-120 минут бойы 70ºС-да құрамында 2% 5-нитрофурилакролеин, 20-30% диметилсульфооксид, 20% күкірт қышқылы бар су ерітіндісі ұсынылады. Ондай талшықтардың физико-математикалық көрсеткіштері іс жүзінде жоғарыда келтірілгендерден ешқандай айырмашылығы болмайды.

Летиланды қолдану арқылы тігіс жіптері, қан тамырлары мен басқа да ішкі органдардың протездері орап-таңу заттары және сол секілді оталық материалдар дайындалды. Бұл талшықтардан жасалған өнімдер клиникалық хирургияның әр түрлі салаларында табысты қолданылып келеді.

Бұл талшықтар залалданған шаш терілерінде және адам терісінің қабықтарында болатын дерматофиттерді өлтіруге қабылетті болғандықтан, олар носки, шұлық, қолғап, төсек-орын бұйымдарын және тағы басқа да саңырауқұлақтық аурулардың алдын алу үшін қолданылатын өнімдерді дайындауға, кей жағдайларда олармен күрес жүргізу үшін ұсынылған.

ПВС талшықтарында микробтарға қарсы препараттарды тұзды байланыстармен бекіту үшін оларды дәрілік заттардың иондарын қосуға қабылетті ионогендік топтарды (сульфоқышқылдық немесе карбооксилдік), енгізу мақсатында алынды.

Талшықтарға препараттарды енгізудің ионалмасу әдісін қолдану талшал модификациялаған. Талшықтарды барынша жұмсақ түрде - әдеттегідей атмосфералық жағдайда және катализаторларды пайдаланбай өңдеуге мүмкіндік береді. Онда микробқа қарсы ерітіндіге ( әдетінше сулы) препараттардың концентрациясы литріне 2-ден 10г(10г/л) болады, ал талшықтардың статикалық ауысым сыйымдылығы 0, 4-1 мг-экв/г. Иондық алмасу болғанда ваннаның модулі 100-ге тең деп орнатылған, процесстің жүру уақыты - 60 минут[3] . Осы текті талшықтардың микробқа қарсы белсенділігі (агар пластиналарының модификацияланған әдісі бойынша анықталған) және олардың әсер ету сипаты енгізілген препараттарға байланысты 2-кестеде келтірілген.
2-кесте. Ионбекіту препараттары бар ПВС талшықтарының

микробтарға қарсы белсенділігі.

Микробтарға қарсы препарат
Талшықтағы препараттың құрамы

Ұсақ организмдердің өсу зонасының

диаметрі, мм

стафилококк
кандида
Гипсоидный трихофитон
Микробтарға қарсы препарат: Сульфоқышқылды ПВС талшықтары
Микробтарға қарсы препарат:

Стрептомицин

Колимицин

Хинозол

Бриллиант жасылы

Ризанол

Стрептоцид

Норсулфазол

Этазол оцид

н

ы ПВС талшықтары

Талшықтағы препараттың құрамы:

13, 2

7, 7

10, 0

10, 1

11, 4

1, 3

2, 4

2, 3

Ұсақ организмдердің өсу зонасыныңдиаметрі, мм:

22

20

50

16

б. ж.

16

16

12

б. ж.

б. ж.

50

18

б. ж.

б. ж.

б. ж.

б. ж.

б. ж.

б. ж.

50

34

18

б. ж

б. ж

б. ж.

Карбоксильді топты ПВС талшықтары

СтрептомицинКолимицинХинозолБриллиант жасылыРиванолТрипавлавинАльбуцидСтрептоцидНорсульфазолЭтанолЦетавлон:

Стрептомицин

Колимицин

Хинозол

Бриллиант жасылы

Риванол

Трипавлавин

Альбуцид

Стрептоцид

Норсульфазол

Этанол

Цетавлон

6, 710, 56, 917, 511, 2--1, 23, 64, 73, 9--:

6, 7

10, 5

6, 9

17, 5

11, 2

--

1, 2

3, 6

4, 7

3, 9

--

24162420б. ж.121114181618:

24

16

24

20

б. ж.

12

11

14

18

16

18

б. ж.б. ж2424б. ж.б. ж.б. ж.б. жб. ж.б. ж.14:

б. ж.

б. ж

24

24

б. ж.

б. ж.

б. ж.

б. ж

б. ж.

б. ж.

14

бж.б. ж.50341828б. ж.б. ж.б. ж.б. ж.20:

бж.

б. ж.

50

34

18

28

б. ж.

б. ж.

б. ж.

б. ж.

20

Шартты белгілер: б. ж. - белсенділік жоқ

.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәйкестендіру тәсілдерінің түрлері. Сапа көрсеткіштері. Азық түлік емес тауарлардың фальсификациясы
Анасынан және ұрық организмінде жиналған иммуноглобулиндердің кластарынан жаңа туған нәресте иммунитетіндегі рөлі
Пектинді заттардың классификациясы
Шұбар алатікеннің Silybum marianum жалпы сипаттамасы және биобиологиялық белсенділігі
Зығыр талшығының жалпы сипаттамасы
Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параматрлері
Тоқыма талшықтары
Ешкі шаруашылығы
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Жуғыш зат құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz