Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша электрондық оқулық құрастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Оқыту әдістері және оның түрлері . . . 5

1. 2 Биологиялық білім беруде инновациялық технологияны қолдану жолдары . . . 7

1. 3Электрондық оқулық және оның құрылымы . . . 10

2 Зерттеу материалдары және әдістері

2. 1 Электрондық оқулық жасайтын бағдарлама . . . 16

2. 2 Электрондық оқулыққа пайдаланылатын материалдар . . . 16

3 Зерттеу нәтижелері және талқылау

3. 1 Қолданбалы биология мен топырақтану негіздері пәні бойынша электрондық оқулықтың құрылымы мен қолдану тиімділігі . . . 17

3. 2 Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша жалпы түсінік . . . 17

3. 3 Топырақтану ғылымының дамуы және топырақтану негізі . . . 19

3. 4 Жер шаруашылығының негізі . . . 21

3. 5 Агрохимия негіздері . . . 22

3. 6 Егін шаруашылығының негіздері . . . 23

3. 7 Көкөніс шаруашылығы . . . 24

3. 8 Жеміс- жидек шаруашылығы . . . 27

3. 9 Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша зертханалық жұмыстар . . . 27

3. 10 Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша тест тапсырмалары . . . 52

3. 11 Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша глоссарий . . . 84

Тұжырымдама . . . 91

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 92

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді [1] .

Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді [1] .

Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан- жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста [2] .

Қалыпты оқулықтарға қарағанда электронды оқулықтың көлемі шағын және сонымен қатар оның берер мәліметі толығырақ болады. Дискіні пайдалану да жеңіл, түсінбей қалған жағдайда бір оқыған материалға қайтып оралу да қиын емес. Кітапты парақтап отырғаннан гөрі пернелерді басып кез келген тақырыпқа да оңай көшуге болады. Мұндай электронды оқу құралы білім алушыларды қызықтырып, сол пәнді әрі қарай тереңдетіп оқуға итермелейді [2] .

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша жоғары оқу орнына арналған электрондық оқулық құрастыру.

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:

  • «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері» тарауы бойынша электрондық оқулық жасау;
  • «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері» пәнінің тарауларын талдау;
  • Зертханалық жұмыстарды жинақтау және тест тапсырмаларын құрастыру;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаналығы. Жоғары оқу орындарында қазақ тілінде кітаптардың жетіспеушілігінен электрондық оқулық құрастыру.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері бойынша құрастырылған электронды оқу құралы жоғарғы оқу орнында қазақ тілінде оқытылатын биология мамандығының студенттерін оқыту барысында қолдануға болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мамандығында білім алатын жас мамандарды оқыту барысында қолдануға мүмкіндік береді.

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Оқыту әдістері және оның түрлері

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүние жүзінде білім алуға деген азаматтардың құлшынысы артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты [1] .

Осы тұрғыда күні жаңа технологияның тиімді әдістерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала білімінің де даму деңгейі төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес. Оған уақыт керек. «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп, Ж. Ж. Руссо бекер айтпаған [2] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен қарауға мүмкіндік береді [2] .

Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің негізі бастауыш білім беру стандартындағы дүниетану пәні негізінде құрылады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, эстетика, адам- адам, адам- қоғам, адам- табиғат арасындағы қарым- қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, георафия пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады [3] .

Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғаліммен оқушының субъектіге түсіп ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтандыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күйінің дамуына шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлес қосады [3] .

Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдаланып білім алушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Оқушы жүрегіне жол тауып оның білімге деген құшштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға деген қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуына жол ашатын- өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуқа деген қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуына жол ашатын - ұстаз [4] .

Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс бірлігін қатар дамытуы қажет. Бұл жердегі басты тұлға- оқушы, ал мұғалім - жетелеуші, бағыттаушы болып табылады. Осы әрекетте ынтымақтастық болмайынша оқытудың нәтижесі болмайды [4] .

Биология пәнін оқушыға меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын, тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл пәннің мақсаты оқушылардың қызығуын арттырып қоршаған ортаны қорғауға экологиялық сауаттылығын дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу. «Оқу мен жазу сын арқылы тұрғысынан ойлау» жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірибесінде қолданғандар өздерінің кәсіптік біліктілігінің жоғарылағаны байқалады [4] .

Жалпы жоғарыдағы айтылған стратегияларды орындау барысындағы оқушы іс- әрекетіне тоқталсақ;

- қоюға үйренеді;

- әр нәрсеге өз көз қарасы қалыптасады;

- бұрынғы білетіндерін салыстырады;

- бірігіп жұмыс жасайды;

- бір- бірімен тіл табысады келісімге келуді үйренеді;

- қорытынды жасай алады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде оқытушы нәтижеге жетеді:

- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

- оқушыны басқа жақтарына таниды;

- өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;

- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;

- оқушының жұмысын бағалайды .

Осы міндеттерді орындауға ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ процесіндегі стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс- әрекеттерді ұйымдастырады [5] .

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып, өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:

  • Оқушымен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;
  • Оқушыларға өз пікірін айта білуіне;
  • Оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;
  • Шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды [5] .

Ал енді ең маңыздысы- сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашатын жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады [6] .

1. 2. Биологиялық білім беруде инновациялық технологияны қолдану жолдары

Қазақстан Республикасының білім дамытудың мемлекеттік бағдарламасында « . . . басты нәрсе білім, білік дағдылары механикалық түрде беру емес, ақпараттық- интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын және талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады. »- деп көрсетілген [7] .

Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп құрылымды білім мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі- білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Осыған орай қазір Республикада білім берудің жаңа жүйесі жасалынып әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылды, атап айтқанда:

- білім парадигмасы өзгерді;

- білім беру үлгісінің жаңа үлгісі (моделі) жасалынды.

- білім берудің ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды;

- жаңа мазмұн мен оқу кешендері дайындалды.

Жаңа заман маманы қазіргі кезде озық идеяларды игерген, сауатты шығармашыл, сонымен қатар, онда адами қабілеттері дамыған болуы тиіс [7] .

Оқыту технологияларын пайдалану мынадай мүмкіндіктерге жол ашады.

- есте сақтауға негізделіп, меңгерілген білімді пайдалана отырып, ақыл- ойды дамытатын оқуға көшу;

- білімнің статикалық үлгісінен, ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

- оқушыға орташа білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Педагогикалық үрдісті технологияландыру- бұл бүгінгі күннің қажеттілігі.

Педагогикалық технологиялардың түрлері де көп. Бірақ оларды пайдаланып нәтижесін көрмей жүрген мұғалімдерге оларға көшу қиындық әкелуде. Бұл ретте оқыту технологиясының

- оқушылардың оқуға деген ынтасын тудыратын;

- оқудағы танымдық іс- әрекетті оңтайлы ұйымдастыруға көмектесетін;

- мұғалімнің шығармашылығына жол ашатын;

- мұғалім жұмысының нәтижелі әрі жинақты болуына көмектесетін;

- оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін оқу үрдісінің негізгі компоненті екендігін әрбір маманның білгені абзал [7]

Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет.

- қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

-таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

- жұмыстың жүйелілігі;

- бұл үрдістің тиімділігі.

Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып жатқаны белгілі. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.

Білім парадигмасының өзгеруі «білетін адам» парадигмасын «өмір сүруге дайын адам», «әрекетшіл адам» парадигмасымен ауыстыруды қажет етеді. Бұл әдістеме көп өзгерістерді көп өзгерістерді енгізуді талап етеді. Бұдан «білімді адам»- деген мағынаның қажеттігінің кеңеюі туындады. Сонымен білімді адам тек білімді емес, оның осы білім негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде жеке тұлға ретінде өз орнын табуға қабілетті адам. Ал білім беру ісі жеке тұлғаның жан- жақты дамуына барлық мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет [8] .

Осы білім парадигмасының нәтижесінде бәлетін адам парадигмасына ауыстыру бағытындағы білім берудегі негізгі бағыт өз қызметін істей алатын, барлық оқу мазмұны мен жаңа оқыту технологияларрын өзінен өткізу арқылы өзінің бағытын анықтай алатынадам тәрбиелеуге негізделген. Парадигма (латын тілінен- paradeifma) - «үлгі» деген мағынаны білдіреді (кесте 1) [8] .

Қазіргі білім парадигмасы баланың тұлғалы жеке дамуына бағытталған. Соңғы кезде барлық педагогикалық ұжымдар оқушының тұлғалық дамуына бағытталған инновациялық оқыту технологияларын тиімді пайдалануға ұмтылуда. Осыған орай жаңа білім парадигмасынан туындайтын жаңа педагогикалық технологиялардың жүйесі қалыптасады [8] .

Педагогикалық жүйе белгілі бір мақсаттағы жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іске жүзеге асыру үшін бір-бірімен байланысқан әдістер мен құралдардың жиынтығы [9] .

Біртұтас педагогикалық үрдістерде жүйе өзгеретін болғандықтан оның компоненттері де өзгерді. Бұл кездегі жаңа мақсат-өз бетімен білім алуға негізделген. Ол өз ретінде білім мазмұны мен әдістерінің және оқу құралдары мен формаларының өзгеруіне алып келеді.

Осыған орай оқушылардың таным білу іс- әрекеті өзгереді [9] .

Жаңа инновациялық технология- оқушы құзырлығын дамытудың негізі.

Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайды еске алынуы қажет. Олар:

- қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

- талданып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

- жұмыстың жүйелілігі;

- бұл үрдістің тиімділігі.

Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі - тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интелектуалдық, адамгершілік және рухани потенциялын пайдалана отырып, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады [9] .

Маманға қойылатын талап-орта мектепті бітіруші түлектің бәсекелесу мүмкіндігін тудыра алуын қадағалау. Соған байланысты адамның моделі мынадай:

  • Кәсіби компетентті;
  • Ғылыми көзқарасы бар;
  • Креативті менталитетті, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге тырысатын;
  • Жоғары мәдениетті, адамгершілігі бар;
  • Салауатты қмір салтын сақтайтын;
  • Компьютерлік сауаттылық.

Бұл қасиеттерінің қалыптасуына оқушы үнемі өздігінен жұмыс істеп, ең алдымен қызығушылығын таныта алуы қажет. Жақсы нәтижеге жету үшін орындалатын жұмысты жетілдіру мен жаңарту тиіс. Оқушы қажетті ақпаратты тауып, оны талдап, тиісті материалдарды ұтымды пайдалана алса бойындағы мына қабілеттерді жетілдіруге жол ашады.

  • Жаңа білімді белсенді меңгеруге;
  • Алға қойған мәселені шығармашылықпен шешуге;
  • Жеке тұлғалық қабілетінің айқын көрінуіне;
  • Әр түрлі тапсырммалар бойынша практикалық дағдының қалыптасуына.

Сонымен қатар өз бетімен орындайтын жұмыстар:

  • Арнайы әдебиеттермен,
  • Мерзімді басылымдармен,
  • Анықтамалық материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады,
  • Ұйымшылдыққа, алға қойған міндеттерді шешуге белсенділікке үйретеді [10] .

Негізгі мақсат- оқушының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек. Жас ұрпақты білім беруде қоғамның әлеуметтік- экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтардан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөліп қарауға болмайды. Осы орайда жаңа технологияның ұтымдылығы оқушының өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпалы зор [10] .

Жаңа инновациялық технология - білім сапасының кепілі. 1970 жылдан бастау алған педагогикалық технологияның қазіргі таңда мынадай түрлері қолданылуда.

  • Интегративтік- контексті оқыту (Муйтунова)
  • Инновациялық оқыту (Якушова)
  • Интегрвтивтік- модульдік оқыту (Ласточкин, Пак, Злоткин)
  • Осы заманғы ақпараттық технология (Кузнецова)
  • Ойын технологиясы (Кузнецова, Александрова, Тыльдсепп)
  • Дәстүрлі емес технология (Суртаева, Титова)
  • Компьютер- рейтингілік технология (Пак)

Жоғарыда аталған педагогикалық технологияның жалпы алған негізгі функциялары:

  • Әлеуметтік - педагогикалық (адам тұлғасын қалыптастыру жайлы, қоғам тапсырысын орындау) ;
  • Білімділік (оқыту, тәрбиелеу, дамыту) ;
  • Нәтижелік- бағалау;
  • Оңтайландыру (тұлғаның даму үрдісін жақсарту) .

Осыған орай әр мектептерде химия, биология пәндерінен интегративті оқыту технологиясын қолданылып келеді. Химия, биология пәнддерін интегративтивті оқытуда тұтас білім беруде бұрыннан белгілі бір текті және әр алуан құрам бөліктердің (мақсат, мазмұн, әдіс, форма, құрал технология, жағдай) басын біріктіруге негізделген оқыту үрдісі екендігін айқын аңғаруға болады [10] .

Интегративті оқыту технологиясының басты функциялары:

  • Әдіснамалық;
  • Кіріктірушілік;
  • Қалыптастырушылық;

Интеграция сөзі «integer»- біртұтас деген мағынаны білдіреді. Интеграциялық технологияны пайдалану барысында оқушы тақырыпқа сай барлық пәндерден мағұлмат алады, іздемпаздылыққа тәрбиеленеді, білім алу деңгейі ұлғаяды, танымдылығы артады [10] .

Жаңа педагогикалық технологияның пайдалану мұғалім мен оқушы іc- әрекеті арқылы қалыптасады. Нәтижесінде:

1. Оқу үрдісінде толық нәтиже береді.

2. Оқушы білімі шынайы бағаланады.

3. Оқушының шығармашылық қабілеті артады.

4. Білім сапасының артуына ықпал жасайды.

Қорыта келе айтарым: мұғалім жаңа технологияны тиімді меңгергенде өзінің интеллектуалдық, кәсіби, адами, рухани дамуына көз жеткізеді. Ал оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану заман талабы. Сондықтан «мұғалім әрдайым оқуын тоқтатпау керек, тоқтатқан жағдайда ол да мұғалім болуын тоқтатады», - деген пікірдің шынайлығы көрінеді. Олай болса, оқи отырып оқыту арқылы жан- жақты дамыған тұлға тәрбиелеу [10] .

1. 3 Электрондық оқулық және оның құрылымы

Электронды оқулық дегенiмiз - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының студентпен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр студенттер түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi [11] .

Қазiргi кезде бiлiм беру мақсаты студенттерге барынша көп ақпарат беруде ғана емес, сонымен қатар студенттерге өз бетiнше пәндiк ақпараттарды өзi тауып қолдануға үйрету.

Оның бәрi электронды оқулықтарда әр түрлi тапсырмалар, жатттығулар арқылы берiлiп отырады. Осындай жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда, студент өз бетiнше алдыңғы өтiлген тақырыпқа оралуына, кейбiр сiлтемелерге, анықтамаларға оралып қайталауына мүмкiндiктер бар [11] .

Электронды оқулықтар студенттiң бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр студенттi оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл студент үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентке қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды [11] .

Сонымен қатар студент грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, студенттердiң тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi [11] .

Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi [12] .

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.

1. Осы мәтiндi студент тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.

2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.

3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.

5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.

6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Пәнді оқытудың міндеттері
Оқыту әдістемесінің тарихы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Ақпараттық технологияның артықшылықтары
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz