Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I Кіріспе

II Негізгі бөлім: Біржан сал Қожағұлұлының

шығармашылық ерекшеліктері

2. 1 Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал -

серілік мектебі

2. 2 Біржан - мөлдір сезім ақыны, сыршыл

лирик

III Біржан шығармаларының көркемдік сипаты

3. 1 Біржан - Сара айтысы - қазақ өнерінің дара

туындысы

3. 2 Ән мен сөзді үйлестіре білген өнерпаз

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ халқы жалпы табиғатынан өнерге жақын, ақындық пен әншілік-күйшілік өнерді өздерінің өмірінен бөліп қарамаған халық.

Әсіресе XIX ғасырда өмір сүрген халқымыздың атақты өнерпаздары сал-серілік ерекше өмірлерімен ел арасында аңызға айналған Біржан сал, Ақан серілердің жөні бөлек. Осы жерде басын ашып алатын бір мәселе сал-серілік дәстүрді XIX ғасырдан бастау дұрыс емес деп білеміз. Өйткені, бұл ескіден келе жатқан, жалғасын тауып келе жатқан дәстүр. Хандық дәуірде өмір сүрген Доспамбет, Марғасқа, Ақтамберді жыраулар бір бастарына бірнеше өнерді тоғыстырған, әрі батыр, әрі ақын-жырау, әрі әнші-күйші, әрі өз өлендеріне әуен шығарушы композитор да болған. Тіпті ол кезең үшін бұл таңқалатында нәрсе болмаған, өйткені мұндай сегіз қырлы бір сырлы жігіттер қазақта аз болмағаны белгілі. Тек хандық дәуірде өмір сүрген ақын жыраулардың Біржан, Ақандардай сал-серілік құруға, алаңсыз сауық-сайран салуға мүмкіншіліктері болмаған, ат үстінде жаугершілік ғұмыр кешкендері белгілі. Тіпті олардан әрірек, көне дәуір әдебиетіне көз салар болсақ, Ә. Әл-Фараби, Қ. А. Иассауи, С. Бақырғани бабаларымыздың да өнер атаулыдан құралақан болмағанын байқаймыз. Әрине, Бұл жерде сал-серілік өнердің Біржан сал мен Ақан серідей үлкен өкілдерінің орнын төмендетіп отырған жоқпыз, керісінше, олар биікке көтерген өнердің арғы түп тамыры әріде жатқандығын, халықтың асыл қасиеттерінің тарихы тым ұзақ екендігін дәлелдеу. Бұл арқылы сал-серілік өнердің өрісін ашып, орнын биіктете түсетіндігіміз сөзсіз.

Қалай болған күнде де Біржан салдай ғажайып дарын иесі мен Ақан серідей асқан талантты өнерпаздың аяқ астынан кездейсоқ пайда бола қалмағаны, өнер қасиет болып дарыған халықтың арасынан шыққандағы сөзсіз. Жалпы кез-келген талант, асқан өнер иелері ең алдыменен өз халқының болмысынан жаратылып, ел-жұртының қасиетін танытатынын жоққа шығармаймыз.

Біржан сал мен Ақан серілер ұстанған мақсат-мұраттары бір болғанмен өмір жолдарымен өнер жолдары әртүрлі болды. Яғни, қазақтың ән өнерінде Біржан мен Ақан бір-бірімен шатастыруға келметіндей әрқайсысы бір-бір мектеп қалыптастырды. Әндері қандай бір-біріне ұқсамайтын даралығымен, өзіндік саналуан бояумен ерекшелінсе, әнге жазылған өлең сөздері де соншалықты ерекше, өзгеше қырларымен танылады.

Біржан сал тақырыбына баруыма бірнеше себебім бар. Біріншіден, мектеп мұғалімі ретінде атақты өнерпаздың қызықты өмір жолы мен көптен қызықтырып келеді. Тек оқулық деңгейімен, мектеп бағдарламасымен шектелмей, шығармашылық мұрасын тереңірек білуге талпындым. Екіншіден, сал - серілер туралы бала жастан естіп келе жатқандықтан, сол естіген - білгендерімді ғылыми тұрғыда жетілдіргім келді. Және осы дипломдық жұмысым әрі қарайғы ұстаздық жұмысымда өте қажетті болатындығына сенемін.

Дипломдық жұмысымның зерттеу нысанасына келетін болсақ, тақырыпты шартты түрде «Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылық ерекшеліктері» деп ала отырып, атақты өнерпаздың елге танылған санқырлы өнер қырларын, әнші - композиторлығы ақындық, айтыскерлік негізгі қырларын ашуға тырыстым. Ақын шығармаларын идеялық, көркемдік тұрғыда қарастырдым.

Жұмыстың жаңалығына келетін болсақ, Біржан сал көптеген еңбектерде әншілік - композиторлық тұрғыда көп айтылады да, ақындық айтыскерлік, суырыпсалма импровизаторлық қырлары көп айтыла бермейді. Тіпті оның Сарамен айтысының өзі осы кезеңдерге дейін дау тудырып келеді. Айтыстағы Біржан сал сөздеріне зейін қоятын болсақ, өнерпаздың өз қолтаңбасы, өзіндік үні айқын сезіліп тұрады. Біржанға тән отты қызулық, төгіліп тұрған шешендік, тәкаппарлық, өркеуделік, намысқойлық және терең білімдарлық айтыстың болғандығына күмән келтірмейді.

Айтыс сөздерін Біржаннан өзге біреуге қиюдың өзі қиын дер едім. Сондықтан өнерпаздың ақындық, айтыскерлік қырларына көбірек назар аудардым.

Біржан сал жалпы сал - серілер өнері - мәңгілік өлмейтін тақырып, білім саласында жүрген әрқайсымыз шәкірт тәрбиелеу ісінде үнемі назарда ұстауымыз қажет деп білемін.

Зерттеуімде көбіне ғылыми зерттеулер мен көркем шығармаларға және публицистикалық еңбектерді негізгі объектім етіп алдым. Біржан сал көптеген әдебиет жанрында танылған өнерпаз болғандықтан бұл әдіс өнерпаз бейнесін әр қырынан ашуға көмектесті.

Зерттеуімді мынадай тарауларға бөлдім. Негізгі бөлімде Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылық қырларына тоқталдым. Оның әншілік өнер мектебім қалыптастырғандығы, шығармаларының негізгі тақырыптарын, идеялық мақсатын ашуға тырыстым. Салдың ел таныған өнерпаздық болмысына тоқталдым.

Ғылыми тұрғыда Біржанның өзіндік ерекшелік қырларына, ақындық сипатына мән бердім. Біржанның өнерпаздығына қарапайым халық қана емес Абай сияқты ұлы тұлғалар да назар аударған. М. Әуезов «Абай жолында» Абаймен Біржан арасындағы шығармашылық байланыс, достық қарым - қатынасқа бір тарау арнаған. Мен дипломдық жұмысымда осы екі ұлы адамның рухани жақындығын шығарманы талдай отырып, ашуға талпындым.

Біржан - мөлдір сезім ақыны, лирик деген тарауда оның ақындық өресі, әсіресе лирик ақындығына назар аударылды. Біржан салдың адамдарға, өмір құбылыстарына арнаған өлеңдеріне тоқталдым.

Біржан шығармаларының көркемдік сипаты тарауына келер болсақ, оның өлеңдеріңдегі өзіндік ерекшеліктер, көркемдік бояулар, ешкімге ұқсамайтын тың қолданыстар әсіресе Сарамен айтысында ерекше танылған. Мысалы:

Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес

Жел қабыз, жез тағалы еңіреуімін, . . .

Жібек жал арғымақпен тұмарланған . . .

Қырмызы асыл бекзат бір мінезім, . . .

Мен Біржан алтын тудай айқындалған . . . сияқты көптеген қолданыстар тек Біржанға ғана тән ақындық ерекшелікті танытады. «Біржан - Сара» айтысы бір жағынан замана келбетін, қоғам сырын ашатын айтыс. Сондықтан халықтың өмірімен әйел теңсіздігі қоғамның әділетсіздігі сияқты мәселелермен байланыстыра талдадым.

Ән мен сөзді үйлестіре білген өнерпаз тарауында атақты өнерпаздың жалпы шығармашылығындағы көркемдік қуат, идеялық айқын мақсатты қатарластыра талдап көрсеттім. Оның осы қырлары туралы ел аузындағы әңгімелер мен ғылыми тұжырымдарды келтіріп отырдым. Мысалы ғалым С. Негимов Біржан салдың өзіндік қыры туралы былай дейді:

«Жаратылыс Біржан салға жоғары дәрежелі рухани қабілет, парасат - білік, суреткерлік қасиет, ұшқыр қиял, телегей шабыт сыйлаған. Тектілігі тағы бар. Ол орыс, қырғыз, башқұрт, ноғай, шүршіт тілдерінде шырқата ән айтқан. Егер де бір апта бойы жыр толғап, ән шырқаса бірде - бір қайталау болмайды екен. Тайбурылдың шабысындай дауылша үдеп кетеді екен. Тұран баласы Ысмайыл қария: «Біржанның дауысы он - он бес шақырым отырған ауылға жетіп, даланы жаңғырықтырып жіберуші еді» - деп еске түсіреді.

Қорытындымда Біржан салдай өнерпаздың халық алдындағы қадір - қасиеті бүгінмен шектелмейтіндігіне, әрі қарай жалғаса беретіндігіне тоқталдым. Біржан салдың бүгінгі күндегі насихатталуы, зерттелуі жөніндегі ойымды түйіндедім.

ІІ Негізгі бөлім: Біржан сал Қожағұлұлының

шығармашылық ерекшеліктері

2. 1 Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал -

серілік мектебі

Біржан сал мен Ақан серілердің алдында сал серілер болған десек те, бұл атауларды көбінесе осы екі өнерпаз есімімен байланыстыратынымыз рас. Сондықтан сал - сері атауының өзі халық арасында пайдаланыла бастағанына көп болмаған сияқты.

Ең алдымаен сал - серілер деген кімдер, қай кезеңдерден шыға бастаған, өмірлік мұрат - мақсаттары қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек деп ойлаймыз.

Белгілі әдебиетші - ғалым С. Негимов сал - сері атауына мынадай анықтама береді. Сал - сері сегіз қырлы яғни, әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа беиімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз. Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері. Сал мен сері әншілік, ақындық өнері жағынан ұқсас болса да мінез - қылығы, киім - киісі, жүріс - тұрысы жағынан өзгешелігі болған. Сал оғаш мінез көрсетуге беиім келеді. Ол ауылдың не үйдін сыртында атынан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз - қырқындар келіп, басын көтеріп, шаныраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздар ішкізіп - жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен түйіндегенде, сал не істесе, қандай еркелік көресетсе де ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім киісіне келетін болсақ, салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, күлкі, көзтартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімдерінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала - құла қырық құрау болады екен. Бөрік тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде біріңғай ақ, қызыл жасылдан, кейде қымқиғаш әр шүберектен аралыстырып тіккізген, оған шекпен де, құрым да қоса тігілген болады» (14, 179бет)

Ендігі бір көңіл бөлетін нәрсе сал - сері атауының түбіне үңілу. Жалпы сал - сері деп қосарланып аталғанымен екеуі екі түрлі ұғымды береді. Яғни, екеуінің ұстанымы екі түрлі өнер көрсетуі де киім киісі де жүріс - тұрыстарында да көзге ұрып тұратындай өзгешіліктер ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеген. Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, ерсі оғаш қылық болмайды. Мейлінше сыпайы орнықты ибалы, сәнді киімге бекзаттыққа үйір. ( 14, 179 бет )

Сал мен серінің орыны олардың бір - бірінен айырмасы туралы белгілі ғалым, жазушы М. Мағауин де өз еңбегінде жақсы тоқтала кеткен: тек XIX ғасырдан ғана емес қазақтың ескі заман, көне рухани өміріндегі өзіндік сыпаты мол арнаның бірі - салдармен серілер өнернамасы болды. Сал мен сері - суырып салма ақын әрі сыршыл композитор, оның үстіне әсем де асқақ дауысты әнші болуы шарт еді. Ақындар күн сайын дерлік көп алдына шығуға тұра келген, өлен - жыр халық арасына баспа арқылы емес, ауызша таралған заманда бір қайырым дауысы жоқ ақын сирек кездесетін, олардың кейбірі әуезді, нақышты ән де шығаратын. Бірақ сал мен сері - жай ғана ақын, немесе композитор, әнші ғана емес, осы үш қасиет бір бойына тоғысқан жан - жақты өнерпаз еді, бұл тұрғыдан алғанда оларды сақараның саңлақ артистері деуге болады.

Сырттай қарағанда ұқсас көрінгенімен сал мен серінің өнерпаздық тұлғасында бір талай айырма бар. Бұл олардың өнер туындыларына да, өмір кейпіне де қатысты.

Сал әлбетте дулы күн кешеді, төнірегі қосшы серіктер - әнші, күйші, масқарапаз, күлдіргі немесе жайғана қошеметші жұртқа толы болады. Салдың өзі бастап, барлық серіктері әлем - жәлем, ерекше пішімді киінеді, бұлардың мінез - құлқы, жүріс - тұрыс тегіс еркелікке әуелікке бейім, тіпті тентектікпен астас, қайткенде де әдепкіден өзгеше келеді. Атты шеру түзеп, ойын сауқпен күн кешкен салдар тобының басшысы - аға сал, әрине, көлдеңеңнен көзге ұрар әлекей - шәлекей киімімен де, өзіне ғана тән, айрықша сырбаз, дарқан өнерімен де жұртты таңырқата тіпті табындыра алатын озық бітімді жан болуға тиісті.

Ал сері сәнмен әсем, әрі қымбат киінетін, төңірегіне әнші, күйшімен қатар, балуан білекті, мерген, құсбегі, атбегі жігіттерді топтайтын. Салдың қилы кейіпті, қырық қырау, даңғазалы тобына қарағанда серінің нөкерлері сандарыда аз, сыртқы түрлері де жинақы, тым сыпайы келетін.

Өнерде салға да, серіге де ортақ әуен-сырлы саз десек, салдар қалжың, күлкілі асау сезімді әндерге айрықша көңіл бөлетін, ал кербездікке бейім сері мұнды, зарлы сарындарға ден қоятын. Сал мен серінің ән нақышындағы ең басты айырма да осы болса керек. Ал көп алдына тартылар өнердің басқа түрлеріне келсек, салдар тобы көңіл көтеретін, қол шеберлігі, дене машығына байланысты ойындарға бейім болса, сері тобы балуан күрес, ат бәйгесі сияқты ұлттық ойындарға көбірек ықылас танытады. Көпшілік мойындаған, халық еркесіне айналған салдар мен серілер өздерінің қосшы, қошеметші тобымен бірге ауылдан ауыл, елден ел аралап, дүбірлі той, айтулы астарға қатысып, жай жүрген жерінің өзін мерекеге айналдырып, дулы ғұмыр кешеді, шулы даңққа ие болады. ( 9, 255-256 беттер)

Міне, екі ғалымның ғылыми тұжырымдарында сал-серілердің ел арасындағы орыны, айырмашылықтары жайында өте дәл, нақты баға беріліп отыр. Осы пікірлерге қарап, түйер бір ой, сал-серілердің ел-жұрт есептескендей қадір-қасиеттерінің өте жоғары болғандығы. Түптеп келгенде, бойларына бірыңғай асыл қасиеттерді жинай білген сал-серілер, маңайларына анау-мынау жігіт ұстамаған, ел ішінен таңдап жігіттің-жігітің, нағыз майталманын, өнерлісін ерте білген. Ал олай болатын болса ондай жігіттерді қандай ел сыйламас, төбелеріне көтермес.

«Сал-серілер - дейді С. Негимов - ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын ертіп, топ құрып жүреді. Туған елдің аспанында емін-еркін қаршығаша қалықтайды». ( 14, 180 бет)

Сөзіміздің басында айта кеттік, жалпы сал-серілік дәстүр Біржан сал, Ақан серілерден бұрын басталған, олардан ілгеріде де небір өнер дүлдүлдері, сал-серілік дәстүрмен жүрген өнерпаздар аз болмаған. Осы орайда тағыда С. Негимов былай дейді: «Сал-серілік өнердің негізін салып, қалыптастырып өркендетушілер: Дәстем сал мен Дүйсен сері. Бұл ретте Сегіз серінің

(1818-1854) .

Өтіпті бізден бұрын Дүйсен сері

Болыпты күнде думан жүрген жері

Сол ердің үлгілі ісін жалғастырған

Керейде менің атым Сегіз Сері, - деген сөзі дәлел».

Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қобылан әнші, Шынияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сынды дүлдүлдер болған . . .

Бір дәуірде қатар өмір сүріп, бірін - бірі жақсы білген, тіпті етене араласып, қатты сыйласқан, өнерлерін құрмет тұтысқан осы екі ұлы тұлғаның рухани жақындығы маған кездейсоқ емес тәрізді көрінеді. Абай Біржанға баяғы бір аузын ашып әже-шешелерінің ертегісін тыңдайтын, немесе ел үсті кездейсоқ келіп қалған жыршы-қиссашылардың жыр-хикаяларын талғамсыз тыңдай беретін балаң шағында емес, есейіп, оң-солын ажыратып қалғанда, Абай атағы кеңінен таныла бастаған шағында кездеседі. Демек, ақындық, сөз өнері тұрғысында ғана емес жалпы қазақтың халықтық болмысы, өнегелік салты, тұтас ұлттық қат-қабат қыры мен сыры жайлы биік өреге қол жеткізген Абай Біржан өнерпаздығына талғаммен қарап, қапысыз тани білген. Әйтпесе, Абай, елі мен Біржан елінің арасы шалғай, арнайы сапармен шықпаса, екі күннің бірінде қатысып тұрарлық қашықтық емес. Әрине, бізде Абай Біржан даңқын естіп, арнайы шақыртыпты, немесе атақты сал ұлы ақынның атақ дабырасын естіп, өзі іздеп шығыпты деген нақты дерек жоқ. Дегенмен, бірі сөз өнерінде, бірі ән өнерінде шырқау шыңға шыққан бұл екі тұлғаны бір - бірене магнитше тартқан асыл тетті жаратылыс, талғампаз дегдарлық қасиеттер екені күиән тудырмаса керек. Қазақтың қай өлкесі болмасын өнерпазға, әнші - күйшіге кенде емес. Абай туып - өскен өлкенің тіпті атақ - даңқы белгілі, ұлы ақын ән - күйге сусап, сонау Көкшетаудан Біржанды алдырыпты деген қисынан гөрі, мұның мәніне тереңірек бойлағанымыз жөн сияқты.

Осы арнада Абайды айтып отырып, ол туралы жазылған ұлы романға, ұлы Мұхтар Әуезовке жүгінбей кете алмаймыз. Ұлы Мұхаң, сөз жоқ, қандай кезенде де бірінші абайтанушы болып қала береді. Заңғар жазушы Біржан салдың Абай еліне сапарына тұтас бір тарау арнай отырып, оның азаматтық, өнерпаздық ерен тұлғасын шалқар шабытпен көсіле суреттейді: « . . . Осындай ойын - сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар қазақ төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал - серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі - мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол - Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем әнімен ұйытқан Біржан сал.

Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, шеніл шапаны бар. Омырауы ағытылған, «сері жағаң, ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек кемзалы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады . . . ң. ( 11, 324 бет)

Осы портреттік үлгіде барлық қазаққа қадірлі әйгілі өнерпаз асыл Біржанның барлық қасиеті сиып тұр. Неткен жанды, көркем бояулы суреттер десеңізші!

Біржанды көзімен көрмеген, қадіріне тереңдеп бойламаған жан үшін бұл «соқырға таяқ ұстатқандай айқын бедерлі анықтама болатындығы сөзсіз.

Осы «Жайлауда» тарауының бір тұсында Біржан сал әніне елтіп қатты сүйсінген Абайға:

- « . . . Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай . . . - дейтіні бар еді. Біржанның аузына осындай ризашылық сөз салып отырған жазушының өзіне де осы арада дәл сондай баға берсе жарасып - ақ тұрғандай. Шынында да қос жұйріктің қалтқысыз ұғысқан таза пейілдерін, дара бейнелерін соншалық дәлдікпен, көркемдікпен жеткізген кемеңгер қаламгер танымы еріксіз тамсандырады. Маған кейде Абай бейнесін соншалықты биік дәрижеде танытқан М. Әуезов Біржан сал бейнесін танытуда да өзгелерден оқшау тұрғандай болып көрінеді. Иә, осы шығармадағы Біржан сал сапарына арналған «Жайлауда» тарауы өнерпаз бейнесін толыққанда ашқан романға барабар дүние десем қателеспеспін.

Романдағы Біржан сал бейнесіне жазушы бірде Абай болып үңіледі:

« . . . Әншінің «Біржан сал атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі Абай.

Қадіргі ақын, құрметті қонағына Абай қадалып қарап қапты. Ақ - қарасы әлі де айқын, таза, ұзынша көздері өзгеше боп телміре түсіп, шарысынан асып үлкейіп қарайды. Бірақ, қазіргі сәтте, кірпік қақпай қарағанмен, бұл көз - әнші жүзін көріп отырған көз емес. Ән мен өлең сөзді, өнерлінің өзін түгел қосып, бір бітім, бір тұтас тұлғадай қиял суретімен елестетіп, көріп отырған көз. Ерекше әсер бар күй менен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай, сол сарын, сөзбен қатар, өзге бір дүниені ойлап кететін. Өмір қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, жаратылыс, құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді.

Қазірде, міні, белгілі өр қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жырып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерең, кең кеуделі асқақ үнді әнші, сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал және оның ақындық айналасы
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Біржан сал Қожағұлұлы
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Сал-серілердің атасы Сегіз сері
Біржан сал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz