Білім жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру мәселелері мен шешімдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Білім жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру

мәселелері мен шешімдері

Кіріспе 2

1-Тарау. Мектеп кітапханасының ақпараттық-кітапханалық аумағы . . . 6

1. 1. Кітапхана -ғылымның биік белес і . . . 10

1. 2. Білім жүйесіндегі кітапханалардың

өзекті мәселелері . . . 14

2. Тарау Мектеп-медиатекасы . . . 18

2. 1. Мектеп медиатекасы қызметінің ролі

мен бағыттары . . . 23

2. 2. Мектеп медиатекасы дамуының болашағы . . . 44

3 тарау. Электрондық оқулықтар . . . 53

3. 1. Мектеп кітапханасындағы электрондық

оқулықтар . . . 53

3. 2. Электрондық оқулықтардың тиімділігі . . . 58

Қорытынды . . . 60

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Елімізде тәуелсіздік таңының атқанына да біршама уақыт болды. Мемлекетімізде болып жатқан оң өзгерістер қоғамдық өмірде, саясатта, экономикада, ғылымда, білім беру салаларында көптеген жайттарды қайтадан қарап, толықтырулар енгізуді талап етті. Білім беру бағытында да көпшілік көңілінен шығатын реформалар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде шешуші рөл атқармақ. Өз елінің ұлтжанды ұлдары мен қыздарын тәрбиелеу үшін алдымен, ұстаздар қауымы қазақтың халық педагогикасын өз бойларына сіңіру қажет. Халық педагогикасы дегеніміз- ұзақ жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы жеткен ең құнды тәрбие саласы, халқымыздың ғасырлар бойы жинаған білімінің қайнар көзі, ұлтымыздың мәдениетін, психологиясын, этнографиясын, дамуын қамтиды. Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында ХХI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғыны анық, Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы-кітапханалар кеңістігінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше.

Ол-оқу процесін қажетті құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге міндетті оқу кітапханасы. Мектеп кітапханлары педагогтерге қызмет көрсете отырып, арнаулы кітапхана қызметін атқарс, оқушыларға сыныпқа арналған және сынптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапханасы болып табылады. Сонымен бірге, мектеп кітапханалары өз жұмысын қвзіргі заманғы мектептердің оқыту-тәрбие беру процесіндегі талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізетін мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің даналық сөзі аса көрегендікпен айтылғанын өмірдің өзі дәлелдеп берген жоқ па? Ұлттық тәрбие әрбір отбасындағы тәлімнен бастау алады да ары қарай мектеп алды даярлық, мектеп және басқа білім беру мекемелерінде жүзеге асады. Ұлттық білім беру ісі жаңа ғасыр бүлдіршіндерін сол ұлттың бай мұраларымен мектеп кітапханасында танысуы қажет. «Оқусыз-білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп халық айтқандай, білім мен ғылым-әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да-мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі. Сол себепті тәрбие ошағы-мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Осы ретте еліміздегі білім жүйесінде қаншама өзгерістер болып, айтулы жұмыстар атқарылды. Білім жүйесіне нарық заманына сай реформалар енгізілді. Бірақ, ешбір сынақтан өтпеген тәжірибелер білім беру саласында айтарлықтай оң нәтижеге жеткізбеді. Оны қазіргі кездегі білім беру саласындағы жүйесіз құрылған бағдарламалар мен сауатсыз жазылған оқулықтар айғақтап отыр. Міне, осындай кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бекітіліп, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарланып қойылды. Мұны дүниежүзі елдері жалпыға жүйелі негізде терең білім беру арқылы әлеуметтік қажеттіліктерді шешудегі оң қадам деп тауып отыр. Қоғамымыздың дамуы ақпараттық кең таралуымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі. Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жарқыраған жарық сәуледей жол нұсқайтын мектеп-кітапханасы. Рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан-теңіз.

Білім беру бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін балабақшалардағы, сауат ашуды, есептей білуді, тіпті жазуды, шет тілін үйрету т. б. пәндерінде ата-бабамыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану елеулі ықпал етеді. Қазіргі кітапханалар-ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек.

1-тарау. Мектеп кітапханасының ақпараттық кітапханалық аумағы

Кітапханашылар мен педагогтер алдында тұрған міндет-ХХI ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Бірақ қоғам өз кітапханашыларының орнын, мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі Интернет қызметіне үйренген, олар электрондық тасығштарды, соның ішінде компакт-дискілерді, сақтау және ақпаратты жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды.

Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі кітапхананы тыныш, жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырмандар залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көрсетті. Мұндай суретті қазір де байқауға болады. Бірақ қазір кітапханаларда монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды. Компьютер көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды.

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі бір дәрежесі.

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Білімді ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік білімін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі дәуірдің телекоммуникация мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті, білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары. «Өмір бойы білім алу» ұстанымына ауысады.

ХХI ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр.

Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге әсер етеді. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз.

Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы Интернет, электронды пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін көрсетеді. Ақпарат алудың жылдам, көрнекі әрі қолайлы көзі-электронды залда кітапхана құрылымында айтыла бастаған «Медиатека» бөлімі.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-компьютерлік техниканық құралдары оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы, компьютер сабақтарын ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау, сонымен қатар, білікті мамандар даярлау.

Бүгінгі мектептің оқу үрдерісінде жиі кездесетін және үстем болып жүрген ұғымдар мыналар: «ақпараттық мәдениет», «компьютерлік сауаттылық», «деректер базасы», «сараптамалық жүйе», «телеқатынастық», «гипермәтін», «мультимедиа», «машиналық ақпаратты тасушы» және т. б.

Оқу үдерісіне ақпараттық технология құралдарын енгізу стандарттан тыс пед-лық тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, бұл деген мектеп кітапханасының дәстүрлі қызметін барынша кеңейтеді. Оның негізінде немесе дербес (бірақ кітапхана ісінің негізін пайдалана отырып) және бастысы кітапхана қорын пайдалана отырып медиаханалар (медиаорталықтар) құрылады - бұл мектептің жаңа құрылымдық бөлімшесі, оқытудың аудиовизалдық қорын пайдаланатын жаңашыл әдістермен қамтамасыз ететін оқу үдерісінің бөлінбес бөлігі, мектептің ақпараттық - білімдік орталығы.

Мектеп медиаханасы балаларға білім беру және қызмет көрсетудің озық түрі ретінде өзіне қызығушылық тудыруда, алайда Қазақстанда оны зерттеу және барлық жерде ашу туралы тәжірибе аз. Осы мәселені зерттеуде біршама үлесін Респ-лық ғылыми-пед-лық кітапхана қосып, ол мектеп медиахана-кітапханалары туралы біраз құжаттарды дайындап, басып шығарды. Жуыр маңда Рес-лық ғылыми-пед-лық кітапхана «Медиахана үлгісі (болашақ мектеп кітапханасы) » Алматы, 1998. жобасын жеке материал қылып және сонымен қатар медиахана-кітапхана дамуының бағдарламасы бола алатын 2 мақала басып шығарды:

1. «Жаңа заманның мектеп кітапханасы» («Учитель Казахстана» газетінде 1999ж. 31 шілде )

2. «Медиахана мектеп кітаханасының болашағы» («Қазақстан мұғалімі» 1999, 15 қыркүйек қазақ тілінде) .

Бұл әдістемелік құралдың мақсаты - бар ғылыми-әдістемелік материалды түсінікті түрде баяндау; мектеп медиаханаларын құру және дамыту мәселелеріне қызығушылық білдіретін медиахана басшылары мен мамандарын, оқытушыларды, оқушыларды, әдіскерлерді, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушыларды, сонымен қатар жалпы оқырманды болашақ мкетеп кітапханасы қызметінің ерекшеліктері, бағыты және ұстанымымен таныстыру; медиатекада жұмыс істейтін қызметкерлерге оның әдісі мен технологиясын тез, білімді меңгеру және қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

Оқу құралы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі мектеп медиаханасының негізін құрайтын мультимедиа туралы түсініктеме береді, онда мектеп медиаханасының қызметі, міндеті, мәні анықталған. Екінші бөлімде болашақ мектеп медиаханаларының үлгісі жасалған, мектеп медиаханасының қызметіне қажетті негізгі қорлар анықталған, сонымен қатар кадрлық және техникалық қамтамасыздандыру, қор құру, мектеп медиаханасының бөлмесіне қойылған талаптар анықталған, Алматы қаласындағы тәжірибелік медиахана қызметі келешек медиаханаға үлгі ретінде көрсетілген, олардың болашақ дамуы белгіленген.

Қосымша бөлімінде медиаханаларды техникалық құралмен жабдықтау, мектеп медиаханасын дәстүрлі құралдармен жабдықтау туралы айтылады.

1. 1. Кітапхана -ғылымның биік белесі.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ғылыми-зерттеу институтттары жаңындағы орталық ғылыми кітапхананың 21 бөлімшесі бар. Соның бірі-Астрофизика институтының кітапханасы. Қаншама оқырмандарды білім бұлағы мен сусвндатып, үлкен ғылым жолына аттандырған осы институттың құрылғанына жарты ғасырдан аса уақыт өтіпті.

Алғашқы рет академик В. Г. Фисенков пен қазақ мемлекеттік университетінің профессоры В. Ф. Литвинов Асирономия және физика ғылыми-зерттеу институтын ашу жөңінде ұкіметке ұсыныс жасады. Астрономдардың бұл ұсыныстары сол кездегі ССРО Ға -ің қазақстандағы филиалының орынбасары, қазақтың ғұлама ғылымы академик Қ. И. Сәтпаев қызу қолдаған болатын.

ССРО-ның Қазақстандағы филиалына қарасты Астрономия және физика институты 1942 жылы май айында құрылды. Оның қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлгендер: академик В:Г. Фесенков, ССРО Ға қореспондент -мүшесі Г. А. Тихов, Э. Р. Мустель, Н. Н. Парисский, . 1951 жылы Қаз ССР Ға -ның Астрономия және физика институтынан Астрофизика институты өз алдына бөлініп шықты. Институт кітапханасында осы жылдан бастап оқырмандарға қызмет қөрсете бастады.

Содан бері В. Г. Фесенков негізін қалап кеткен институт өзінің бағдарламасы мен жұмыс істеуде. Ғылыми жұмыстар қанат жайып, қарқын алуда. Ұлттық Ғылым Академиясының және оның ғылыми зерттеу институттарын қоруға атсалыса отырып, жұлдыздырдың пайда болуы мен орналасуын мәселе етіп көтерді. Диаметрі 50см. Л. Д. Максутов жасаған Ммининск телескобы және Лио жүйесіндегі коронограф көмегі-мен, күн физикасын, алыс тұмандықтарды күн жүесіндегі кіші планеталар тобы зерттеліп, газ тозандар томандықтарының атласы жасалды (В. Г. Фесенков и Д. А. Рожковский «Газо-пылевых туманностей » ) . Бұл атлас әлі күнге дейін институтқа аспан әлемін тамашалап экскурссияға келушілердің және әуесқой астрономдардың ең негізі құралы ретінде пайдаланылады.

Бүгінде астрофизика институтында қарапайымда үлкен жүректі ғылымдардың ортасында жұмыс істеп жүргенімді өзімде бақыт санаймын. Солардың бірі-Астрофизика институты ғылыми бағдарламаларының заман талабына сай жаңаруына зор үлесін қосқан, қазақ халқының бірінші астрономы, Қазақстан Ға кореспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының доктор профессор Т. Б. Омаров болды. Ғылымның тікелей басшылығы мен институтта осы заманның талабына сай, ауа райы қолайлы, таза, аспаны мөлдір, мүлде жарығы жоқ Алматы қаласынан 10 шақырымдай асы-түрген жайлауында 2005 метр биіктікте айнасының диаметрі 1 метр телескоппен ғарыштың терең сырын игеруге маңызды ақпараттар алынып жұмыс істеуде және алуан түрде теориялық мәселелер шешіліп келеді. Қазір ғалымның шәкірттері доктор-профессорлар: А. А. Бекоа, Т. С. Қожанов, Е. Г. Малков, т. б. оның ісін жалғастыруда. 60 жылдардың сонында Астрофизика институтында елеулі оқиғалардың бірі ретінде физика-математика ғылымдарының доктор, профессор С. О. Абашевтың басшылығымен үлкен Алматы көлінің маныңда 3мың метр биіктікте күннің тәжісін (корона) зерттейтін бақылау орны іске қосылғанын айта кеткен жөн. Бұл арнай ғылым тілінде «Корональная станция» деп аталып кетті. Сонымен қатар, институттағы ғылыми ізденістердің бірі-жер атмосферасының физикалық және оптикалық қассиеттерін тексеру мәселесіне Қазақстан Ғаның корреспондент-мүшесі Б. Т. Ташенов басшылық етіп келеді. Қазіргі кезде институтта планеталарды зерттеу бөлімінің мамандары В. Г. Тейфель, К. Ю. Ибрагимов, В. Е. Вдавиченко және бақылау астрофизика бөлімінің мамандары А. В. Фаритонов, А. И. Курчаков, В. М. Терещенко т. б. осы сияқты ғылымдар еңбек етуге. Олардың бәріде жоғары оқу орындарын бітіріп келгеннен кейін әрі қарай ғылым жолын қуып, ғылымның жоғарғы шынына жетудегі көмекші құрал ретінде-кітапхананы 1-ші орынға қойды.

Ғалымдардың талап-тілегін орындауүшін барлық күш жігерінді аямай, тер төгуге тырысасын. Өйткені, үлкен ағалардың іздегені орнынан табылмай қалатындай болса, жас балаша монтиіп, осыншама уақытынды алдын ал деп кешірім сұрағанын естілгенде өзінді кінәлі сезінесін. Ал іздегені орнынан табылып, керемет қуанышқа бөленгенің көргенде, осындай қарапайымда ғажайып жандардың ортасында қызмет істеп жүргенінді бақыт санайсын. Күнделікті күйбеңмен жүріп, уақыттын қалай зымырап өтіп жатқанын сезінбейде қаласын екенсін . . .

Кітапхана қорына негізінен, астрономия-аспан механикасы, жұлдыздардинамикасы, физика, математика және энциклопедия, сөздіктер, анықтамалықтар, жылнамалар, атластар орысша қазақша, ағылшын тілдерінде жүйелендірілген.

Кітапхана институтын ғылыми-зерттеу салаларына және ғалымдардың негізгі бағдарламаларына байланысты ақпараттық қызмет көрсетеді. Астрофизика институтының кітапханасы орталық ғылым кітапхананың бөлімшесі болғандықтан осы кітапханадан көптеген шетел журналдары мен кітаптарды алып, ғалымдардың сұранысын қамтамасыз етіп отырады.

1953 жылдан бері астросоветтің қаулысы мен астрофизика институтының кітапханасы өз алдында халықаралық алмасу қызметін атқарады.

1997 жылға дейінгі институттың ғалымдары шығарған еңбектері шетелдерге жіберіліп олардан институт мамандарына керекті әдебиеттері мен бүкіл әлемдік синпозиюмның материалдары, жылнамалары кітап қорына түсіп толықтырып тұрады. Шет елдің 29 елімен, оның 69 мекемелерімен байланыс жасаймыз. Мысалы: Америка, Франция, Жапония, Англия т. б.

Сонымен қатар, біздің кітапхана Алматы қаласында орналасқан Әл-фараби атындағы ҚазҰҰ- ның Қаз Аргу-ның оқытушылары мен студентерін және ғылыми-зерттеу институттарының (Ионосфера, математика) мамандарын қабылдайды. Осының бәрін айта келе ғалымдар мен кітапхана жұмыстары мен тығыз байланыста екендігін көруге болады. Ғылыми кітапхананың нарықты экономикаға өту дәуірінде тоқырап қалмай, оның дамуына елеулі үлес қосып жүрген басшысы К. К. Абуғалиеваның еңбегі зор.

Айталық егеменді ел болғалы мәлениет жылында башслықтың ұйымдастыруымен кітапхананың жас мамандары Индия, Европа елдеріне барып білімдерін көтеруге жол ашаса, екінші жағынан оқырман қауымның ойынан шығу үшін кітап қорын толықтырып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуде талап-тілек қояды біледі. Осындай жетістіктердің бәрін айта келіп Астрофизика институтың құрылғанына 50 жыл толуына байланысты институттың мамандарын және орталық ғылыми кітапзананың 70 жылдық торқалы тойлары мен әріптестерімді құттықтап, әр уақытта тек жақсылық, тыныштық болып, қызметте табыстан-табысқа жетіп, жоғарыдан көріне беріңіздер дегім келеді.

1. 2. Білім жүйесіндегі кітапханалардың өзекті мәселесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана білім жүйесі
Нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының кітапхана ісін автоматтандыру
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы
Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері
Орталықтанған кітапхана жүйесі
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz