Білім беру мекемелеріндегі педагог- психологтың атқаратын қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 37. 015. 3 Қолжазба құқығында
Кадралиев Алтай Амасейітұлы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Білім беру мекемелеріндегі педагог- психологтың атқаратын қызметі
6М010300
Педогогика ғылымдарының академиялық магистр дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы педагогика
ғылымдарының кандидаты доцент
Қазақстан Республикасы
Көкшетау, 2014 ж
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ; СИМВОЛДАР; АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРЫ
1 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Заманауи білім берудің педагогиклық-психологиялық ағышарттары
- Білім беру мекемелерінде педагог-психологтың оқушыларға
педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жолдары
- Педагог- психологтың ата-аналар мен мұғалімдер ұжымымен жұмыс жүргізуінің ерекшеліктері
- Педагог- психологтың білім беру ұйымдарында тәрбие
жұмысын жүргізудің ерекшеліктері
46
53
59
Нормативтік сілтемелер мен қысқартулар, анықтамалар
1 Қазақстан Республикасы /ҚР БМЖБМС 2. 003-2002/ жалпы орта білім берудің орта буын мен жоғары сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер. Алматы: 2002.
2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы 2005.
3 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Негізгі ережелері. Алматы: РОНД, 2002.
4 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім. Алматы: РОНД, 2002 - 368б. Орта буын мен жоғарғы мектеп. Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептің 1-11 сыныптарына арналған бағдарламалар.
Педагогикалық профилактика - оптимальды педагогикалық жүйені іздестіру, сонымен қатар оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, мәселелік және бағдарламалық оқытуды, компьютеризацияны қолдану.
Педагогикалық диагностика. Диагностика әдістері: мұғалімнің оқушымен, ата-аналармен әңгіме жүргізу, үлгерімі төмен балаға бақылау жасау, оны арнайы журналға белгілеу, тесттер өткізу, қорытынды анализ жүргізу, анықталған қателіктер бойынша жалпы кестелік қорытынды шығару. Консилиум - үлгермейтін оқушылардың педагогикалық, дидактикалық мәселелері шешуде, мұғалімдердің кеңес құруы.
Педагогикалық терапия - оқыту үрдісінде үлгермеушілікті жою шаралары. Бұл мақсатта ТМД елдерінде қосымша сабақ өткізіледі, шетелдерде түзету топтары құрылған. Түзету топтарының ерекшелігі сабақтар қатаң диагностиканың нәтижесінде өткізіледі, топпен оқыту да, жеке оқыту да қолданылады.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге өте белсенді ақыл- ой әрекеті.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық жеке қасиеттерін және біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан - жақты оқу жұмысы.
Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге өте белсенді ақыл- ой әрекеті
ҚР - Қазақстан Республикасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ-Америке Құрама Штаттары: АКТ- ақпараттық коммуникациялық технология
Aнтaгoнизм - өшiгy, үнeмi кeк aлyғa ұмтылy;
Жapыc - бip-бipiнeн acып түcyдi көздeйдi;
Кoнкypeнция - билiккe тaлacy;
Коммуникативті - қарым - қатынас құру;
Кoнфpaнтaция - түciнбeyшiлiк дeгeн ұғымды бiлдipeдi;
Пapитeт - тeң қaтынac бip-бipiнe зиян кeлтipмeйдi;
Рекреативті - қайта қалпына келі;
Репродуктивті - қайта өндіру;
Тoлepaнттылық - шыдaмдылық, өзгe көзқapacтapғa, мiнeз-құлықтapғa, әдeттepгe төзiмдiлiк тaнытy, қoлaйcыз әcepлepдiң ықпaлын бacтaн өткiзe aлyшылық;
Ынтымaқтacтық - идeaлды қaтынac түpi, бip бipiн түciнy, көмeк көpceтyмeн cипaттaлaды.
Осы диссертациялық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:
ЖБЖТ - жaғдaйғa бaйлaныcты жeкe тұлғaлық.
ЖБІ - жaғдaйғa бaйлaныcты-icкepлiк.
ЖТТ - жaғдaйдaн тыc-тaнымдық.
ЖТЖТ - жaғдaйдaн тыc жeкe тұлғaлық
ҚР - Қазақстан Республикасы.
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Жалпы ғылыми жүйе - кез келген пәннің атқарар мың сан қызметтерін
үндестіре жинақтап, ондағы зерттелетін ішкі-сыртқы ұғымдардың біртұтас бүтіндігі мен ауқымдылығын қамтиды. Осының арқасында әрбір пән өзінің дұрыс бағытында зерттеліп қана қоймай, оның ашылмай жатқан ғылыми танымдары да жан-жақты танылып тереңдей береді. Ғылыми жүйесі мен негіздері дұрыс қаланбаған пәнде нәтижелі мағына мен мәні де, тіпті диалектикалық жетілудің болуы да мүмкін емес. [1]
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[2], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[3], “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[4], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[5] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтеруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс барысында оқушыларға педагогикалық -психологиялық дайындықтың қажет екендігі мәлім.
Мектептерде сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін отандық ғалымдардан З. Әбілова [6], С. Қалиев, Б. Имамбекова [7],
К. Абдімәжитов [8] және т. б. қарастырса, педагог-психологтың қызметін Т. С.
Сақтағанова [9], М. Әуренова [10], және т. б. ғалымдар айналысса, білім беру жүйесіндегі психокоррекциялық жаттығуларды қолдану мәселесімен Қ. Б Жарықбаев [9], С. М. Жақыпов, Ф. Бизақова [11], және т. б. ғалымдардың еңбектері болса, педагогикалық-психологиялық іс-әрекет мәселесімен әлемдік ғалымдардан Н. В Кузьмина., А. А Реан [12], В. А. Сластенин[13] және т. б. ғалымдар зерттеп, өзіндік үлес қосқан.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған мектептердегі педагог-психолог қызметін қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып педагогика және психология ғылымынан тиесілі орын алуы керек деп санаймыз. Өйткені, егеменді еліміздің ұрпақ жалғастығын дайындайтын мектептерде қызмет көрсететін педагог-психологтың еңбегінің мәні мен мазмұнын айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы ерекше.
Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде шешімін таппаған. Сондықтан, мектептерде педагог-психологтың қызметінің өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың атқаратын қызметі ” - деп таңдап толық мәлімет беру үшін жоғары сынып оқушыларын зерттеуді жөн көрдік.
Зерттеу мақсаты мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың бағыттары.
Зерттеудің міндеттері:
1 Білім беру мекемелеріндегі педагог- психолог қызметінің ғылыми- педагогикалық негіздерін айқындау
2 Оқу - тәрбие үрдісінде педагог - психолог мамандығының кәсіби бағыттылығын анықтау
3 Білім беру мекемелерінде педагог-психологтың оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жолдарын белгілеу
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті .
Зерттеу зат: мектеп оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттелген тақырыптың дәрежесі :
1. Зерттеуге қызығушылық таныту мақсатында отандық және шетелдік авторлардың көптеген зерттеулерінде өз бейнесін тапты ;
2. Диссертацияда отандық және шетелдік авторлардың еңбектері қолданылды және идеялары дамытылды
3. Диссертацияд бойынша ғылыми әдебиеттер сараланды.
Зерттеу әдістері.
1. Эмпиризмдік зерттеу әдістері : бақылау, тәжірибе, салыстыру, тарихи-салыстыру өлшемі, тақылеттілік, абстрактциялау, талдау, индукция, дедукция, мониторинг, ретроспективтік талдау, тәжірибе үйрену, диагностикалар жасау, шкалирование, тестілеу, сұрақтар, анкетирование, әңгімелер, интервьюиро
вание, математикалық статистика, экономика- математикалық модельдеу
( ЭММ), статистикалық, социологиялық, ақпараттық -бағдарламалық қамтамасыздандыру әдісі, корреляция, ранжирование және т. б
2. Зерттеудің теориялық әдістері: идеализация, формализация, философтардың, психолог пен педагогтардың және т. б., ғылыми еңбектерінің жүйелі талдауы, заңды базаның, нормативті-құқықтық актілерінің талдауы, магистратура мамандықтарының бағыты бойынша деректі базаның талдауы, үздік тәжірибенің талдауы, біртұтас және интегралды тіл табулар көріністері пайдаланылады және т. б . . .
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер ( ғылыми шешімдер ) : Мектепте педагог- психолог қызметінің қажеттілігі мен маңызы . Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, байқау және т. б.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
1. Мектеп жастағы оқушыларға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету жолдары.
2. Білім беру үрдісіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері.
3. Мектеп жастағы балалар психологиясын зерттеу арқылы, бір тұжырымға келу.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы педагогика-психологияда жаңа алынған теориялық білімдерді және келесі ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігімен анықталады :
а) білім беру мекемелерінде зерттеулерді өткізу
б) жаңа педагогикалық технологиялар мен құралдар құру туралы жобалау;
в) қазіргі технологияларды жетілдіру, олардың жаңа түрлерін болжамдау;
Зерттеу нәтижелерін сынамадан өткізу - « Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері педагогика- психология дәрістері мен семинарларында, « Білім және ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам» ғылыми -практикалық конференциясында көрсетілді, сондай -ақ « Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» оқу курстарын әзірлеу кезінде қолданылды;
« Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың атқаратын қызметі» зерттеудің тақырыбы бойынша « Жеткіншек жастағы оқушылардың психикалық дамуының жалпы психологиялық негізі», « Мектептегі педагог- психолог қызметінің мәні» мақалалар дайындадық. Бұдан басқа дссертациялық жұмыстың нәтижелері ғылыми -зерттеу жұмысы туралы есепке енгізілді.
Жұмыстың тақырыбы бойынша мәліметтерде зерттеудің негізгі нәтижелері көрсетілген автордың ғылыми еңбектерінің саны мен көлемінің сипаттамасы.
« Зерттеудің тақырыбы бойынша басылымдар» :
1 Сеңкібаев С. Т., Кадралиев А. А білім беру мекемелеріндегі жеткіншек жастағы балаларға арналған педагог-психолог жұмысы мәселесіне «Жеткіншек жастағы оқушылардың психикалық дамуының жалпы психологиялық негізі» ғылыми мақала материалдары. « АМКУ жаршысы» Ғылыми -білім беру журналы. - Көкшетау : АМКУ, №1, 2014. -40-45Б.
2 Сеңкібаев С. Т., Кадралиев А. А « Мектептегі педагог- психолог қызметінің мәні» педагог-психолог қызметін талдау ғылыми мақала материалдары
« АМКУ жаршысы» Ғылыми -білім беру журналы. - Көкшетау : АМКУ, №1, 2014. -50-55Б.
Диссертация құрылымы және көлемі.
« Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі машинаға басылған 110 бет, 13 кесте, 8 сурет, 7 қосымша құрайды.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Мектептерге педагог-психолог мамандардың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан қарастырылып, атқаратын қызметінің бағыты толықтырылды, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Мектептердегі педагог-психолог мамандардың қызметін ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізу, соның нәтижесінде қазіргі кездегі білім беру ұйымдарында педагог- психолог атқаратын жұмыстарына талдау жүргізіп, қызметі бойынша ұсыныстар ұсыну.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы Бурабай ауданы Первомай орта мектебі
Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады. .
Бірінші бөлімде «Қaзaқcтaн-2030» бaғдapлaмacындa oқyшылapымызды aлыc бoлaшaқтa қaндaй caпaдa көpyiмiз кepeктiгi aйтылғaн. Ол үшін білім беру мекмелеріндегі педагог-психолог қызметі қандай дәрежеде болуы тиіс.
Екінші бөлімде. «Тәpбиeлey үpдici oқyшыны тәpбиeлeyгe eмec, oқyшы өзiн өзi тәpбиeлeyгe әкeлeтiн үpдic бoлyғa тиic».
Oқyшы үшiн мектеп - eң aлғaшқы дa aca бeлceндi тұлғaлық қaлыптacy көзi. Ocыдaн мектепте кaбылдaнғaн көзқapacтap, caлт-дәcтүpлep, ұcтaнымдap, әpeкeт-қылық үлгiлepi тұлғa микpoэлeмeнтiнe бacтay бepiп, oның бapшa өмipiнiң нeгiзгi cипaтын қaлaйды. Балaның дaмyының қaндaй қыpын aлмaйық, қaй жac кeзeңiндe бoлмacын oның тиiмдi бoлyындa мектептің pөлi epeкшe.
Үшінші бөлімде. Зepттey тaлдayы, білім беру мекемелеріндегі педагог-психолог жүргізілген жұмыстары мен шығарылған нәтижелеріне қорытынды жасалған.
Зepттeyдiң нәтижeci бoйыншa, көп oқyшылapдa мектепке, оқушыларға деген көзқарастарында өзгерістер байқалған. Ocы aйқындaғыштapмeн бaлaлapды өз өмipi қaнaғaттaндыpaтынын көpyгe бoлaды.
Зерттеу нәтижесі қорытындыда нақтыланған.
1 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Білім берудің педагогикалық-психологиялық алғы шарттары
Ұстаз - киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерін үйретіп, өмірге дайындау, жақсы азамат етіп шығару - өте қиын шаруа. Өмірдің шуағы мен нәрін себуші тұлға - мұғалімнің басты міндеті - алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білу. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздардың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде жоғары мәдениеттілік, терең теориялық білім мен әдіскерлік шеберлік, үйлесімділік болуы шарт. Сондықтан, мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктерін талдап көрсетудің, оларды жетілдіру мен тиімділігін арттырудың жолдарын, психологиялық әдіс-тәсілдерін пайымдаудың маңызы зор. Педагогикалық еңбек психологиясында мұғалім тұлғасының ерекшеліктері, іскерлігі мен педагогтік қарым-қатынас мәдениеті ерекше назарға алынады. Мұғалімнің психологиялық қасиеттерін талдауда бәрінен бұрын оның психологиялық ерекшеліктері, мінез сипаттары, толыққанды педагогтік іскерлікті жүзеге асыратын, мұғалімдік мамандық талаптарына жауап беретін тұлғалық танылуы есепке алынады.
Өмірінде бір рет отыз баламен сабақ өткізіп көрген адам оны жақсы түсінеді. Осы орайда, білімнің негізі мектепте, ал мектептің жаны мұғалім екендігінде ешкімнің дауы жоқ. Мұғалім қызметінде, әсіресе, мұғалімнің педагогтік-психологиялық құзырлылығы, мұғалімдік іскерлік пен қарым-қатынас мәселесінің алатын орны ерекше. Бұл мәселеге басқа тарауларда тиіп-қашып қарастырылатын мәселе тұрғысынан әңгіме еткендіктен, бұл тарауда оның негізгі кейбір аспектілеріне тоқталамыз.
Қарым-қатынастың мазмұнына, функциялары мен ішкі құрылымына қарай жүргізілген талдаулар педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтасу формасы. Бұл тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функциональды түрде - бұл білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатынастарын орнатушы контактілік, ақпараттық, түрткі болушылық, үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектілі бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнекіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас - «оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқудың эмоциялық қолайлы климатын қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек айтқанда - педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады [24, 56-58б] .
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі, ең алдымен, оның көп объектілі болатындығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы, оқу білімдерін игеруге және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталады. Осыған орай педагогикалық қарым-қатынас үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілергі және игеру пәніне. Осымен қатар, мұғалімдік қарым-қатынаста оның әріптестерімен, мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен және жалпы жұртшылық өкілдерімен қарым-қатынас түрлері болады. Мұғың өзі педагогтік қарым-қатынастың педагогикалық қарым-қатынасқа қарағанда ауқымды да күрделі болатынын көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынас оның субъектілеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды және керісінше, жалпы сыныппен жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын педагогикалық қарым-қатынас жаңа сапаға ие болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функциясын қамтиды, өйткені білім беру процесі тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Оқытушы функциясы тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (сабақта, ойын барысында, басқа адамдармен тұрмыстық күнделікті әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде: мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнындағы арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады. Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекеттесуінің органикалық бірлігі. А. А. Брудный былай деп атап көрсетеді: « . . . мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструментальды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау - бұл қашан да өзін-өзі көрсету (самовыражени) екені табиғи шындық» [26; 27]
А. Байтұрсынов «Мектеп керектері» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» [14] .
Ал орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады», - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген [14, 175б] .
Педагогтық жұмыста мақсатты іс мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы жүзеге асады. Педагог-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуальдығын төмендегі параметрлермен анықтауға болады:
- Мұғалімнің сыртқы мәдениеті;
- Мұғалімнің педагогтық басқару шеберлігі;
- Мұғалімнің өзін-өзі ұстай білуі;
- Мұғалімнің эрудициясы;
- Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті (сөйлеу әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс ырғағы, дикциясы) .
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогикалық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен, қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы мен кәсіптік мәдениеті. Мұғалім жұмысында педагогикалық әдеп сақталмайынша, оқушымен дұрыс тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша, оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеушіліктің болмайтыны ақиқат шындық.
Педагогтің әдебі ілтипаттылық сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі», - деп айтып кеткен. Қазіргі біздің заманымыздың, ХХІ ғасырдың мұғаліміне қойылатын басты талаптар:
- Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны керек жерінде айта білетін және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы керек;
- Екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
- Үшіншіден, мұғалім - білім негіздерін өз бетінше оқып-үйренуге, соған оқушыны баулуға міндетті;
- Төртіншіден, мұғалім - педагогикалық процесте баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болуы керек.
- Бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті немесе француз педагогы Жебер айтқандай: «Оқыту деген екі есе оқу».
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz