Бөйжеткен мен бозбала тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

I Бөлім: Тәлім-тәрбиенің теориялық аспектілері . . . 5

1. 1. Қазақ тәлімінің көне мәдени мүралардағы көрінісі . . . 5

1. 2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның

алатын орны . . . 10

1. 3. Тәлім - тәрбие психологиясының ерекшелігі . . . 21

ІІ Бөлім: Бойжеткен мен бозбалалалардың жеке адам

болып қалыптасуы . . . 28

2. 1. Жастардың жеке тұлғалық сипаттары мен психологиясының

құрылымы . . . 28

2. 2. Бөйжеткен мен бозбаланың бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері . . . 33

2. 3. Түрткілер, қажеттілік пен мұқтаждық және іс - әрекет түрлерінің жеке адамда қалыптасу ерекшелігі . . . 36

ІІІ Бөлім: Бөйжеткен мен бозбала тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу . . . 48

3. 1. Зерттеуді ұйымдастыру . . . 48

3. 2. Әдеп пәні бойынша жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға арналған тәрбие . . . 48

3. 3. Арнайы бөйжеткендерді тәрбиелеуге арналған «Қыз бала өмірдің қызғалдағы» атты ашық тәрбие сағаты . . . 51

3. 4. Жастар арасында «Қазақ отбасында ер бала тәрбиесінің маңыздылығы» туралы баяндама . . . 57

3. 5. Өзін - өзі сендіру бағдарламасы . . . 60

3. 6. Тәрбиелік зерттеу жүргізудін қорытынды нәтижесі . . . 64

Қортынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттер . . . 67

Қосымша . . . 69

Кіріспе

Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпакқа мұра болып, өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие үлгісі қалыптасты. Қай ғасырда болмасын, өмірін өркендетуші саналы да, салауатты ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу әрбір қоғам алдыңдағы басты міндет. Әрбір қоғам өзінен бұрыңғы ата буынның ақыл ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Адам бойындағы қасиеттер мен жағымсыз әдеттер жөніндегі күні кешегі данышпан ата бабаларымыздың өсиет-өнегесін бүгінгі мен ертеңгі ұрпак оқып білсін, содан тағылым тәрбие алсын дейміз. Халық ауыз әдебиетін оқып, сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толық азамат боларына шүбә жоқ.

Болашақ ұрпақ - ұл мен кыз тәрбиесіне байланысты казақтың сан алуан ғұрыптары, салттары, дәстүрлері бар.

Ұлттык салт-дәстүрлерге ана тіліне сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін зергерлік колөнері, ою-өрнек, кесте текемет, сырмақка, түскиізге ою салу, беіш суретөнері, ұлттық ойын мен спорт түрлері, ұлттык тағамды, ұлттық киім, үлгі мерекелерді, тарихи және материал ескерткіштер, т. б жатқызамыз. . Дәстүр ғасырлар бойы сұрыпталып, өмірден алынып келген тәрбиелік әдет-ғұрыптар, жоралғылар, өмірге, ортаға, табигатпен мәнді күштерінің даму сипаты мен коғам дамуының бірден-бір көрініс болады. Сондықтан бұл тұрғыда мәдениет құндылыктары -әлеуметтік механизмі және адамның өмір ұйымдастырудың ерекше кұралы саналады.

Тәлім - тәрбие негізінде бойжеткен мен бозбла тәрбиесіне ата бабабымыз ерекше көңіл бөлген. Олардың тұлғалық құндылықтарын, адамгершілік сипаттарына толығынан мән беріп тәрбиелеген. Бүгінгі күні жастарымыздың сипаты, сана сезімі өзгеріп бара жатқан сәтте, этнопедагогикалық тәрбие беруге бас бұрудамыз. Сондықтан, бұл өзекі мәселенің бірі болғандықтан, менің диплом жұмысымның тақырыбын «Тәлім-тәрбие психологиясы. Бозбала мен бойжеткен тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері» деп аталады.

Зерттеу мақсаты : Бозбала мен бойжеткендердің тәрбиесінің ерекшеліктеріне сүйене отырып бағдар-бығытының, түрткіліктері мен қажеттіліктерінің қалыптасу жолдарын қарастыру.

Зерттеу міндеттері :

1) Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның алатын орны;

2) тәлім - тәрбие психологиясының ерекшелігі;

3) жастардың жеке тұлғалық сипаттары мен психологиясының құрылымы;

4) бөйжеткен мен бозбаланың бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері;

5) түрткілер, қажеттілік пен мұқтаждық және іс - әрекет түрлерінің жеке адамда қалыптасу ерекшелігі.

Зерттеу пәні : Бозбала мен бойжеткен тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу объектісі: 15-18 жастағы бойжеткендер мен бозбалалар.

Ғылыми болжам : Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына, тәлім - тәрбиенің тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.

I Бөлім: Тәлім-тәрбиенің теориялық аспектілері

1. 1. Қазақ тәлімінің көне мәдени мұралардағы көрінісі

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылға арнап жолдаған үндеу хатында 2004-2005 жж. мәдени-тарихи мұраларды сақтау, жинау, қорландыру жылдары деп атауды, ол үшін халықтың орасан мол мұрасын, оның ішінде ұлттық жазба мәдениетінің сан ғасырлық тәжірибесін қорыта отырып, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздіксіз жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасауды міндеттеген болатын.

Осымен байланысты Қазақстан үкіметі өр министрлік жанынан елімізде мәдени мұраларды жинап, көп томдық кітап бастырып шығару мәселелерін алатын арнайы ғалымдар тобын міндеттеген еді.

Бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрі Ш. К. Беркімбаеваның нұсқа мен 2004 жылы ақпан айында Қазақ академиясы жанынан мәдени мұралар жинап зерттеуге арналған педагогикалық ғылыми зерттеу орталығы құрылатын болатын.

Педагогикалық ғылыми зерттеу орталығы Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының әдебиет және өнер білімі, тарих және археология институттары мен Қазақстан Ұлттық мемлекеттік және Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеттері мен Қазақ Мемлекеттік қыздар Педаго-гикалық институттарының 50-дей ғалымдарын тарта отырып, XXІ ғасырды қамтитын он томдық "Тәлімдік ойлар антологиясын" даярлауға кірісті.

Ондагы негізгі мақсатымыз:

І. Қазақстан тәлімінің ежелгі заманнан бергі даму тарихынан мағлұмат беретін бағалы мұраларды бір жүйеге келтіру.

2. Тәлім тарихын кешегі кеңестік бірпартиялық идеологиядан арылтып, бү-гінгі қазақстандық біртұтас тәрбие жүйесін құру мақсатына сәйкес қайта түзу.

З. Балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдеріне, студенттер мен ғылыми ізденушілерге, тәлімгер-ғалымдар мен жалпы ұлттық тәлім тарихына қызығушылық танытқан оқырмандар назарына ұлттық тәлім тарихының мағлұматтар кешенін ұсыну. Сөйтіп, бүгінгі егемен Қазақстанның ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік мәдениеті бар ел екендігін келер ұрпақтың санасына ұялату. Он томдық тәлімдік ой-пікір антологиясы келешек қазақ тәлімінің тарихын зерттеушілерге дерек көздері болып саналады. Сондай-ақ кешегі Кеңестік дәуірдегі тоталитарлық евроцентристік көзқарас салдарынан қазақ мәдениеті жөнінде қалыптасқан теріс түсінікті жоққа шығаруды көздейді. Тарихқа үңіліп қарасақ, кешегі кеңестік тоталитарлық саясат кезінде қазақ халқының көне мәдениет тарихы жөнінде теріс түсініктердің орын алып келгені, «қазақ халқы ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі мешеу дәуірді бастан кешірген, олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ пайызы сауатты болған, осынау көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунистік партия ғана құлдықтан құтқарды» деп, жалаң жаман-даумен болғаны көпке аян. Соған қарамастан орыстың М. Вяткин, Л. Н. Гумилев сияқты прогресшіл тарихшылары бұл пікірдің терістігін кезінде дәлелдеп берді.

Мысалы, М. Вяткин қазақтар туралы осындай ойдың шындыққа сай келмейтінін айта келіп, « Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді. Оның тамыры Қазақстан даласында көшіп жүрген тайпалардың творчествосымен астарласады, қазақтың халық болып қалыптасу дәуірінен әлдеқайда алыста жатыр. Осы тайпалардың көшпелі тұрмысы негізінде пайда болған және оның мазмұны жағынан халықтан туған басқа да мәдениеттер сияқты оптимизмге толы » деп, көне қазақ мәдениетіне жоғары баға берген болатын.

Ежелден Қазақстан жерінің байлығына қызыға қарап көз тіккен және оны мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттері бұдан әлденеше ғасыр бұрын Қазақстан жеріне саяхатшы, елшілер жіберіп, жер-суы мен шаруашылық кәсібін, қазба байлығын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуді көздеген. Өйткені қазақ өлкесі ежелгі ерте дәуірден-ақ Шығыс пен Батыстың экономикалық және мәдени қарым-қатынасынан елеулі орын алып, Еуропа мен Азияны жалғастыратын алтын көпір сияқты еді. Батыс Еуропа мен кіші Азия елдері өкілдеріне Шығыстағы Қытай, Индия, Пәкістан т. б. елдерімен сауда-саттық, қарым-қатынас жасау үшін, Тянь-Шань, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларын басып өтуге тура келді. Ол үшін жолдағы қазақ даласын, ондағы халықтың шаруашылығы мен салт-дәстүрін, мәдени өмірін зерттеп білу қажеттігі туды. Міне, осымен байланысты қазақ даласындағы тайпалардың өмірі шет жұрт ғалымдарын қызықтырды.

Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1254-1324) болды. Ол өзінің «О разнообразии мира» деген кітабында дүние жүзіндегі әртүрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарамды ат мініп, жол азық алмай, ет асып жейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген тәуекелмен жүре беретінін, атына және өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін сөз ете келіп, «Қазақтардың қарулары-садақ, семсер және шоқпар. Олар садақ тартудың шебері болғандықтан оны жиірек қолданады. Өте тамаша және ерлікпен соғысады. Соғыста ар-намысы күшті. Қашып бара жатып қуғыншы дұшпанын нысанаға дәл алып, бетпе-бет тұрғандай соғысады. Бас сауғалады деп жаңсақ ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып, жаудың тас-талқанын шығарады», - деп олардың мергендігін, қайтпас жауынгерлігін сүйсіне сөз етеді.

Неміс саяхатшысы Иоганн Шильтбергер де өзінің «Ұлы Татария туралы» деген мақаласында Сібір даласын жайлаған татар, башқұрт, қазақ, қалмақтардың тұрмыс-тіршілігін сөз ете келе, қазақтардың киіз үйде жерге отырып тамақ ішетінін, көшіп-қонуға, ыстық-суыққа көнбістігін, хан сайлау, оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсімдерін баяндайды. «Қырғыздардың (қазақтардың - С. Қ. ) Ұлы Татария даласында бүкіл түз халықтарының ішіндегі ең ержүрек ел екенін айрықша айту қажет, » - дейді.

Ал Э. С. Вульфсон деген дат ғалымы өзінің «Қазақтар» атты очеркінде (М., 1901) қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс, т. б. ұлт ойындарын сипаттай келіп: «Тап қазақтардай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі неғайбыл», - деп олардың өнерді қастерлеуін кең сахарада көшіп-қонып еркін жүруімен байланыстырады.

Осы пікір XX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында болып, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең зерттеген, академик В. В. Радловтың (1837-1918) «Из Сибири» атты еңбегінен де байқалады. «Менің, - деп жазды ол, - қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрінен танысқанымда көз жеткен ақиқат: бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екендігі. Біздің отан достарымыз ойлағандай олар тіпті де тағын ауыздықсыз, бас бұзар, қарақшы тұқымын құртуға тұрарлық халық емес Олардың мінез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқарастан басқаша қөзқараспен қарау керек. Оларды өмірге көзқарасы, салт-дәстүрлері, әдет- ғұрпы, бір сөзбен айтқанда, бар өмірі ме еңбегі малмен тікелей байланысты болғандықтан, жыл бойы көшіп-қонуға негізделген. Ойды бейнелеп беруі және ашық-айқын, өткір айта білуі жағынан қырғыздарды (қазақтарды) тіпті Бата Азияның француздары деуге болады», -деп қазақ мәдениетіне аса жоғары баға берген болатын.

Қазақтар жөнінде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған Алексей Ираклиевич Левшин (1792-1879) өзініі «Қырғыз-қайсақ ордалары мен дала сының сипаттамасы»(1832) атты еңбегінде: «Табиғатпен етене өмір сүрген қарапайым тамақ ішіп, жайбарақаттық таза ауамен тыныстаған қырғыздардын денсаулығы мықты, көп жасайтын, күш де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Күннің ыстық қаперлеріне де кірмейді. Айналасын көргіштігі таңдануға тұрарлық. Тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды ол одан да көп шақырымнан көре береді. Көздері аса өткір келеді. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көріп әзер байқайтын жерден, олар заттың сүлбесі мен тән (әсіресе малдың түсін) жақсы ажыраа біледі. Бала күнінен ат құлағында ойнайды қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былайша айтқанда, олардың үстінде туып, ең асау аттың өзін балада шебер ауыздықтайды. Әйелдер бұл жағынан еркектерден кейде асып та кедеді. Ауылға сырттан қонақ келсе, олар жиналып соны тыңдайды, берген тамағына ешкім әңгімеден басқа ештене сұрамайды. Қырғыздар үшін мейман достық ең қастерлі заң», - деп қазақтардың қонақжайлылық салт-дәстүрін мадақтаса, олардың психологиялық ерекшелігіне орай: «Қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету - олардың ең жақсы қасиеті. Халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат беріп, өлсе де ұмытпай үлгі тұтады. Қырғыздар туған жерін, атамекенін қатты қастерлейді. Кір жуып, кіндік кескен жерін тастап ешкім ешқайда кетпейді», - деп елін-жерін сүюшілік олар үшін ұлттық сезімнің ең қасиетті белгісі екенін айтып, олардың биік адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтеді.

Белгілі этнограф, фольклорист, өлкетанушы, Ш. Уәлихановтың досы

Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) «Қазақтың соңғы ханзадасының

киіз үйінде» (1870), «Шығыстың таң жұлдыздары Ш. Уәлиханов пен Доржи

Банзаров» (1890) атты еңбектерінде: «Қазақтар - еті тірі, дені салауатты,

өмірге іңкәр халық. Олар өмірде мереке, той-думандарды ұнатады. Өлгендерді еске алу бұл халықта ойындармен, ат бәйгесімен, өлең-жырмен, жарыстармен, ән айтумен, ұлан-асыр салтанатпен ұласады. Қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты. Олар - өлең айтумен қатар композитор. Олар шығармасына әуенді де, ырғақты да өздері береді. Поэзия мен музыка қолы бос жүретін еркектердің қолында. Бейнелеу өнері негізінде ою-өрнек болуы себепті онымен әйелдер шұғылданады. Қазақтар арасында ақындық творчество аса дамыған. Ақын деген сахараға сыймайды» - дейді. Атақты түрколог С. Малов: «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты, »- десе, шығыстанушы П. Мелиоранский: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті аса бай, әрі жан-жақты», -дейді.

Өткен ғасырларда Қазақстан даласында болған орыс, батыс ғалымдарының көне қазақ мәдениеті жөніндегі осы ой-пікірлерінің дұрыстығын халық өмірінің айнасы - ауыз әдебиеті үлгілерінен, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуімен, өсіп, ержетіп азамат болуымен, үйленіп. отбасын құрауымен, ел билеу, Отанын сыртқы жаулардан қорғаудағы іс-әрекеттерімен, қазаға ұшырауымен байланысты туындаған қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көруге болады.

Ол салт-дәстүрлер тәлімдік ойлар антологиясының ауыз әдебиетіне арналған «Жыр тағылымы» атты 1-томы мен «Қара сөз тағылымы» атты 2-томында көрініс тапқан. Бұл томдар 2006 жылдың басында ҚР Ақпарат, мәдениет жөне спорт министрінің нұсқауы бойынша қазақша сөздіктер баспадан шығарылды.

1. 2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның алатын орны

Халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт - сана, әдет - ғұрып, ұрпақтан - ұрапққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл - ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі т. б. Нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез - құлқы, іс - әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.

Ұлттық дәстүр мен салт - сананың адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесін, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі.

Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал - мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады. Мақал - мәтелдер адам іс - әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше түйіндейді.

Сондықтан да мақал - мәтелдер қай халықтың болмасын ішкі психологиялық түсінігі болады, оларда қазіргі жалпы педагогикалық, жас ерекшелік, медицина, музыка, спорт, қоғамдық психология деректерімен астарлас нақты іс - тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны анық. Қазақ мақалдар адамның ішкі жан - дүниесіне терең бойлап, кісінің қарым - қатынасын аша түсуге өнеге мектебі дерлік. Мысалы, халық ұғымында ақылдылық - баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: «Түйедей бойың болғанша, оймақта ойың болсын», « Ақыл озбайды, білім тозбайды» - дейді. Ақыл - білім, тәжірибе, тәлім - тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып отырмаса болмайды, онсыз мақсатқа жету қиын. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана айтуға үйретеді: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі». Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай, ондайларды өткір сынға алған «Құрғақ сөз бас ауыртар», «Көп сөз күміс, аз сөз алтын», «Қысыр сөзде қырсық көп» т. б. Осы айтылғандардың бәрі ақыл - ой мен зерделіктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын аңғартады.

Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан - ақ қазақ психологиясына тән сипат. Ш. Уәлиханов «Қазақ шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл - оспақты қатты сүйеді», - деп тегін айтпаған.

Адамның жан дүниесіндегі тілдегі көрінісі, ой шындығының сөз арқылы көрінуі де мақал - мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз - күшті, қуатты, құдіретті қару. «Сөз өнері - дертпен тең». Халқымыз ойға олақ, логикаға жүгініп отыру қажеттігін ерекше ескерткен. Мысалы «тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді, » «Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Шешеннің тілі - шебердің бізі», «Жүйелі сөз жүйесін табар» т. б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялық астары қандай болатынын жақсы аңғартады. Сөйтіп, шешен де шебер сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің біріболып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылған.

Мақал - мәтелдер қоғамдық ой - сананың қалыптасу кезеңдерінен көптеген соны мәлімет береді. Адам ақыл - ойы дамуында оң білім мен тәжірибенің атқаратын рольі зор. Төмендегі мақалдар: «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі», «Оқу - оқу түбі тоқу», «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі», «Білімнен асар байлық жоқ», «Көре - көре көсем болады, сөйлей - сөйлей шешен болады», т. б осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес. Халқымыз оқудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатынын жақсы түсінген: « Оқу инемен құдық қазғандай». Өйткені оқу табысты болу үшін ынта мен ерік жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет. «Шыдамды еңбек алғыр ой, анық досың біліп қой», «Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап».

Мақал мәтелдерге адамның жан қуаттарының бұларпдан басқа да толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан төмендегіше топтастыруға болады:

1. Психологияның жалпы мәселелері:

а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері жайлы түсінік;

ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан құбылыстарына әсері;

б) психиканың қалыптасуындағы еңбек, тәжірибе және практиканың рөлі;

в) ойын, оқу, өнер, еңбек бұлардың сана - сезімді дамытудағы рөлі т. б.

2. Сезім мүшелерінің танымда алатын орны.

3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым - қатынастағы рөлі.

4. Ақыл және ес.

5. Армен мен қиял.

6. Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық т. б.

7. Қажыр- қайрат пен бос белбеу, жүрексіздік.

8. Кісінің жеке дара ерекшеліктері (мінез, қызығушылық, бейімділік, қабілет, талғам, мұрат т. б.

9. Түрлі топ өкілдерінің ( еркек, әйел, ата - ана, бала - шаға, жекжат, жұрат, әкім т. б. ) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Бойжеткен мен бозбалалалардың жеке адам болып қалыптасуы
Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Л. Колбергтің адамгершілік туралы теориясы
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Жыныстык тәрбиенің өзінше ерекшелігі
Гендерлік тақырыптың негізгі мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz