Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-педагогикалық факультеті

Химия және оқыту әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.

Ғылыми жетекші: химия және ОӘ кафедрасының

аға оқытушысы

Әбілмәжінова Т. Т.

Орындаған: ХК - 42 тобының студенті

Айжеркенова А. Б.

Көкшетау - 2010

Мазмұны

Кіріспе

I Негізгі бөлім

1. 1 Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту - білім сапасының қажетті факторы . . .

1. 2 Химияны оқыту әдістемесі ерекшеліктерін қарастыру . . .

II Эксперименттік бөлім

2. 1 Өмірбаян, баяндау . . .

2. 2 Өткізілген сабақтар . . .

  1. Дамыта оқыту ұстанымы сақталды (8-сыныпқа арналған химия оқыту-әдістемелік кешені) . . .
  2. Тапсырмалар әр түрлілігімен ерекшеленеді (8-сыныпта «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі мағлұматтарды қорытындылау») . . .
  3. Сәйкес жауаптарды таңдау (8-сыныпқа арналған тест тапсырмалары) . . .
  4. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы . . .
  5. Ион алмасу реакциялары . . .
  6. Тұздар гидролизі . . .
  7. Күкіртті сутек, сульфидтер . . .
  8. Күкіртті қышқыл, сульфиттер . . .
  9. Күкірт қышқылы, сульфаттар . . .
  10. Аммиак, аммоний тұздары . . .
  11. Тиімді әдістердің бірі (Азот қышқылы, нитраттар) . . .
  12. Жаңа сабақты талдау (Фосфор қышқылы, фосфаттар) . . .
  13. Көмір қышқылы, карбонаттар . . .
  14. Панограмалық сабақ (Кальций және оның қосылыстары) . . .
  15. Деңгейлік тапсырмалар (Кальций және магний) . . .
  16. Көп деңгейлік тапсырмалар (Алюминий және оның қосылыстары) . . .
  17. Алюминий гидроксиді . . .

2. 3 . . .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мақсаты: Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру.

Міндеттері:

  1. Болашақ химия пәні мұғалімдерінің құзыреттілігіне қойылатын талаптарды анықтау.
  2. Жоғары оқу орнындағы арнайы пәндерді оқыту бағдарламасы мен орта мектептегі химия курсын оқыту бағдарламасы арасындағы байланысты анықтау.
  3. Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамытуға арналған сабақтарды жүргізу әдістемесін құрастыру және оны педагогикалық практика кезінде сынақтан өткізу.
  4. Тәжірибеден алынған нәтижелерді өңдеу және сараптау.

Өзектілігі. Қазіргі кезде педагогикалық жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді кәсіби-педагогикалық бағыт бере оқыту мәселесі өзекті болып табылады. Ғылыми-техникалық өзгерістер нәтижесінде жаратылыстану ғылымдарының мазмұны мен негіздері өзгертіліп, химияның кейбір бөлімдері түгелімен жаңарды, осыған байланысты орта мектептегі химия пәнінің бағдарламалары да өзгеріске ұшырады. Жоғары оқу орны оқытушыларының негізгі міндеті - арнайы пәндер бойынша білімдерін өздігінен жетілдіре алатын болашақ мұғалімді дайындау.

Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпанындағы Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн» екендігі атап көрсетілген болатын.

Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атаумыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет.

Қазіргі кезде жалпы білімнің міндеті - баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар кіреді:

  • азаматтық қасиеті;
  • еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы, сол еңбек сапасына қатысы;
  • тұлғаның кісіби еңбек бағыттылығы;
  • жалпы жарамдылығы (дене және ақыл-ой) ;
  • арнайы қабілеттері немесе белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар;
  • білім, дағды, тәжірибе, белгілі кәсіби қызметке үйрену.

Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет - баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі.

Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы.

Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы - ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейінде байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Кәсіби бағдар - бұл мақсаттардың бірлігі мен тұтас басқарумен біріктірілгер өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтас жүйе. Ол бөліктер: қызығудың дамуы; оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлеріне бейімділігі (ойын, танымдық, еңбек) ; кәсіби психодиагностикалау; кәсіби кеңес беру; кәсіби әрәктеу; кәсіби бейімделу және кәсіби тәрбие беру.

Саналы түрде таңдалған мамандық тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Оның өзін-өзі жүзеге асыруының, әлеуметтенуінің, кәсіби өсуінің нәтижелігін анықтайды. Жасөспірімдердің қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына бағыт беру - қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі.

Кәсіби бағдар беру мақсаты - жас ұрпақта саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет:

  • оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
  • түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
  • кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп тәрбиелеу.

Кәсіби бағдар берудің негізгі бөліктері төмендегілерден тұрады.

  1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
  2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету.
  3. Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
  4. Кәсіптік бейімделу.

Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру - оқушыларға түрлі еңбек қызметтері мен кәсіп ерекшеліктерімен, олардың нарық жағдайы және әлемдік өркениеттегі даму бағыттарымен, ел, аймақ экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтермен қамтамасыз ету. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек түрлеріне жас жеткіншектерді баулу. Түрлі жұмістарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы өнімді еңбекке үйрету. Оларға тәжірибелік жұмыстар кезінде өз бетінше еркіндік беріп шығармашылыққа баулу. Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер. Мұндағы басты нәрсе - кәсіп таңдауда негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттері кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру. Әсіресе, оларға мына топтар жатады.

  1. Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар.
  2. Мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар.
  3. Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер.
  4. Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншіктер.

Ендеше кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрлерін төмендегіше көрсетуге болады.

  1. Ақпараттық-анықтамалық.
  2. Психологиялық-педагогикалық.
  3. Медициналық.

Кәсіби бейімделу дегеніміз - өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде дамыту, ал өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеріп шеберлігін арттыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «ҚР Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті педагог (4 бап) кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады» деп атап көрсетіледі.

Біліктілікті жетілдіру жүйесі мазмұн, әдіс, форма және оны игерудің мерзімі, кез келген білім белсенділігін, тыңдаушылар бастамасын қолдау, өз негізінде барлық мамандарды даярлауды жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Педагог кадрларды қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттырудың қажеттіліктері мен мүмкіндіктері төмендегі факторларға байланысты болады:

  • кәсіби білім алудағы шектеулер (білім алудың түрлі себептерге байланысты мүмкін болмауы, оқыту құнының жоғарылығы, уақыт жағынан шектеулер қойылуы) ;
  • жаһандану ерекшеліктеріне байланысты кәсіби білім алуға деген сұраныстың жаңа технологиялармен қызмет ететін мамандардың қажеттіліктерінің артуы.

Кәсіби біліктілікті арттырудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, біріншіден, тыңдаушы өз мамандығы бойынша кәсіби білімнің негізінде ғылымдағы жаңалықтарды, жаңа технологиялар түрлерін игереді. Екіншіден, іс-тәжірибеде пікір алмасады және мамандықты дакмытудағы алғы шарттарды анықтайды.

Кәсіптік білім беру саласында кәсіби біліктілікті дамыту алғышарттарын қалыптастырушы, функционалды, ұйымдастыру-мазмұндық жүйеге топтастыруға болады.

Жүйе: Жүйе
Анықтама: Анықтама
Сипаттама: Сипаттама
Жүйе: Қалыптастырушы
Анықтама: Біліктілікті көтеру білім беру жүйесі
Сипаттама: Арнайы тапсырыстың болуы, білім беру үрдісіне қатысушы субъектілер, үрдіс және нәтиже.
Жүйе: Біліктілігін көтеру жүйесінің ерекшеліктері
Анықтама: Білім берудегі өзгерістерге көңіл аудару, маманды оқыту ерекшеліктері (мотивация, субъективті танымдық мүмкіндіктер, субъект-субъективтік қакрым-қатынастыр), біліктілікті көтеру білім беру жүйесі ретінде педагогикалық жүйенің үйлесімділігі
Жүйе: Функционалды
Анықтама: Біліктілікті көтеруде белгілі функцияларды, әдістер мен технологияларды жүзеге асыру
Сипаттама: Білім берушілік, ақпараттық, модулдік оқытуда, басқа да технологияларда білімді меңгеруге, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді, дағдының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасаған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады. Консултативтік, зерттеушілік, тағы басқа әдістерді, жаңа технологияларды үйрену, интерактив әдісін қолдану оқытудың жүйелі түрде сұхбатқа, диалогке (әңгімелесуге) құрылуы, білімді меңгеруге белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікірталасы, қарым-қатынасы болуы, алға қойған мақсатты ұжым болып шешуі.
Жүйе: Ұйымдастыру мазмұндық
Анықтама: Білім жетілдіру жүйесі Білім жетілдірудің үздіксіз көпсатылы сипаты
Сипаттама:

Білім жүйесінің түрлерін таңдау, оқытудың тәжірибелі сипаты (сабақтың белсенді түрлерінің көп болуы), екі жақты жәжірибелік байланыс.

Кәсіби білім жүйесінің реттелуі, уақыттың талабына сәйкес келуі; негізгі және қосымша іс-әрекет түрлеріндегі маман құзыреттілігінің дамытуға оқытуды ұйымдастыру және мазмұнының бағыттылығы. Оқыту мазмұнындағы үш бөлікті қамтамасыз ету; сауаттылыққа (әдістемелік, компьютерлік функционалдық, әлеуметтік) кәсіби оқыту (қолданбалы) жалпы мәдени дамыту.

Кәсіби деңгейде біліктілікті көтеру ісін ұтымды, тиімді ұйымдастыру жолдарының бірі - кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен жоғары оқу орындарының бірлесе отырып жүргізуі болмақ. Соның негізінде ғылыми тұрғыда дәрістерді тыңдап, білім алады және мектептерде жүргізген педагогикалық практиканың мазмұндық-әдістемелік танымдылығынан іс-тәжірибе алмасады. Кәсіптік білім беру саласында кәсіби біліктілікті дамытудың мамандарға берері мол.

XXI ғасырды білімділер ғасыры десек, ғылым мен білім саласында еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағдар беру - басты мақсатымызға айналуы тиіс.

I Негізгі бөлім

1. 1 Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту - білім сапасының қажетті факторы

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту - білім сапасының қажетті факторы.

Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Олай болса, біз педагог мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау институттарының жұмыстарын бүгінгі талапқа сай реформалауды басты назарға алуға тиіспіз.

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінің қалыптасуы мынадай бөліктерден тұрады: мақсатты, ынталандырушы, мазмұнды, тұлғалық-әрекеттік, процессуалдық, басқарушылық және бағалаушы-нәтижелі. Олардың тиімді әрекеттесуі мен толыққанды жұмыс істеудің міндетті шарты - жүйе түзуші қызметтердің жүзеге асырылуы болып табылады.

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінің моделдері мынадай қызметтерді жүзеге асырады: ақпараттық-танымдық, бағалаушы-болжалдық, реттеуші-түзетуші, кәсіби-гуманистік, ұйымдастырушы-коммуникативтік, білімдік-технологиялық, тұлғалық-тәрбиелік және шығармашылық дамытушы қызметтер.

Басты жүйе түзуші байланыстарға мыналар жатқызылады: оқытудың түрлі деңгейлері, кезеңдері мен сатыларындағы тұлғалық-әрекеттік бағдарлану мен ізгілендіру, гуманитарландыру, бірігу, байланыс үрдістерінің бірігуі; кәсібилену және әлеуметтену үрдістерінің сабақтастығы.

Осылардың негізінде мұғалімдерді оқыту мазмұны, формулалары мен әдістері моделденіп, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінің жұмыс нәтижелерін бағалау белгілері мен көрсеткіштері анықталады. Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттерінің деңгейі көтеріледі, алғашқы білім, білік, дағдылары диалектикалық тұрғыда жоққа шығарылып, тәжірибелік іс-әрекет барысында қайта зерделенеді де, неғұрлым сапалырақ сана мен тұлға құрылымына айналады.

Мақсаттылық. Мұнда мұғалім іс-әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдалып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс-әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі басқару құралы қызмет атқарады.

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде мақсаттылық ынталандырушылықпен тығыз байланысты. Өйткені, мақсатты қабылдау, олардың маңыздылығын пайымдау мұғалімнің білім беру іс-әрекетіндегі ынтасына үлкен әсерін тигізеді. Кәсіби құзыреттіліктің дамуы бұл ең әуелі тұлғаның ішкі дүниесінде жүретін үрдіс болып табылады, оның нәтижесінде сана, ынта, ұсынымдар өзгеріп, тәжірибе қалыптасады.

Ынталандырушылықты ескере отырып қойылған мақсаттар оқыту мазмұнын моделдеу бағыттары ретінде анықталады. Оқыту мақсаттары мен пән мазмұны арасындағы байланыстылық айқын болған сайын оқу үрдісі де тиімдірек жүзеге асады.

Тұлғалық-әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.

Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс-әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс-әрекетке бағдарлануын талап етеді.

Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім- мазмұн-даму деп қарастыруға береді.

Бағалаушылық-нәтижелік. Мұнда ұсынылып отырған моделдің сәйкес көрсеткіштері мен белгілерінің жасақталуымен байланысты тиімділігін анықтайды.

Тұлғаның өзін-өзі кәсіби-шығармашылық дамытуы мұғалімнің өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісті үдету тәсілдері ретінде қолданылады.

12 жылдық жалпы орта білім беретін мектепке көшу жағдайында оқу-тәрбие үрдісін оқушының жеке қабілетін ұйымдастыруға байланысты мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан біз кәсіби құзырлылық пен оны қалыптастыру бөліктерін қалыптастырып отырмыз.

Кәсіби құзырлылық - ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын (көрініс табиғатын) белгілі бір еңбек функциясын қабілеттілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін (жасайтын) психологиялық жағдай.

Құзырлылық мынадай жағдайдың жиынтығы ретінде қарастырылады:

  • мағыналық-практикалық (мақсат, міндет, мөлшер тұрғысындағы жағдайларды танып-білудің сәйкестілігін қамтамасыз ететін) ;
  • коммуникативтік (қарым-қатынас пен өзара байланыстың белгілі бір мәдени қалпына сәйкес қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін) .

Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» (кәсіби) адамның білім, білігі және дағдыларының қолдану саласын белгілейді. «Құзырлылық» - (компетентный - competents - латыншадан аударғанда қабілетті, сәйкес келетін деген мағынаны береді) адам бір нәрседен хабары бар, қандай да бір мәселені шешудің жолын білетін, беделді, толық құқықты, қолында билігі бар, қабілетті адам. Құзырлылығы қалыптасқан маман-кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатында ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына (оның ішінде дидактикалық және жеке тұлғалық) ие болатын маман.

Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімінің міндеті, олар:

  1. ақпараттық (біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу (визуализация), вербализация, кодтау, өзгерту (трансформация) және тарату т. с. с. ) ;
  2. зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны көкейкестілендіру, мақсатты, міндетті, пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу инәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т. с. с) ;
  3. интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу (классификация), абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия) ) ;
  4. креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация), сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөліп көрсете алу (акцентировать), әсірелеу (гиперболизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру және т. с. с. ) ;
  5. диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т. с. с. ) ;
  6. болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісті интуитивті болжау, болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т. с. с. ) ;
  7. коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, ақпараттарды алмастыру, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау және т. с. с. ) ;
  8. аксиологиялық (біліктер: объект пен бақылау формаларын таңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшермен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т. с. с. ) ;
  9. басқару (біліктер: ұйымдастыра отырып басқару, ынталандыру, мақсат қою, жорамалдау, болжау, мәлімет беру, іс-әрекеттерді ұйымдастыру, бақылау, іс-әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау т. б. ) ;
  10. жобалау (біліктер: мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, моделдеу, құрастыру, технологияландыру және т. с. с. ) ;
  11. инновациялық (біліктер: мәліметтер жинақтау, педагогикалық тәжірибелерді талдау, мақсат қою, болжау, жоспарлау, моделдеу, эксперимент жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет эксперимент жүргізу, өңдеу енгізу) .

Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби-шығармашылық дамыту көрсеткіштері мен белгілері мынадай.

1. Мамандық құралдары арқылы өзін-өзі дамытуды көздейтін дербестік:

- тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін, кәсіби ынтасы мен өз іс-әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеттері;

- өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымда жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz