БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының маңыздылығын ашуға, соңғылардың қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінінің алғы шарттарын туғызуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда) . Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін негізгі міндеттерінің бірі болып табылады[1]

Аталған мәселерді қарастыра келе бұл жұмысымыздың өзектілігі тонауды, диплом жұмысының тақырыбы ретінде алып,

қарастырып отырмыз:

-Бөтен мүлікті ұрлаудың маңыздылығын анықтау үшін, осы қылмыстың объектісін дұрыс құру маңызды мағынаға ие болады. Осы сұрақтың шешімі қылмыстық құқық теориясында нақты зерттелген қылмыс объектісі туралы жалпы жағдайларға негізделуі тиіс.

-Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және толығанынан құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.

-Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс-әрекет болуына, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды. Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғанғѓа және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік беретін өзіндік мінез-құлықты тањдау мүмкіндігін білдіреді.

Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді. Ата заңымыздың 26 бабында былай делінген:”Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қанда да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды” [2]

Әрбір адам белгілі бір азаматтық қоғамға тиесілі болады, содан келіп оған әлеуметтік-экономикалық құқықтар жүктеледі, сондықтан зерттеудің мақсаты мен мәселелері болып : Адамның жеке мүлкіне қол сұғылмаушылық қағидасының сақталуы мен қорғалуы және жүзеге асырылу жолдары көрсетіледі. Келесі кезекте саяси қоғамдастықтың мүшесі ретінде тұлға саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Мынаны мойындау керек, құқықтар мен бостандықтардың басым бөлігі табиғи құқықтардан келіп шығады, басқаша айтқанда оған тумысынан тиесілі болады. Бұлар жеке құқықтар деп аталады. Сөйтіп, конституциялық құқықтар мен бостандықтар былайша бөлінеді:- жеке; - әлеуметтік-экономикалық; - саяси.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мыналар табылады:

-Бөтеннің мүлкіне, меншігіне қарсы қылмыстардың ұғымы және оның түрлері, заты және нысандары

-Тонаудың сипаты мен құрамы, осы әрекетпен туындайтын нысандары,

мүлікті талан-таражға салудың түрлері

-Бөтен мүлікті тонауға байланысты қылмыс жасауға итермелейтін себептер, олардың алдын алу шаралары, жаза қолдану түрлері қарастырылады.

Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай-ақ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар-ожданы мен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты құқықтар.

Зерттеу объектісі: болып қоғамдық қатынастар мен жеке меншікке қарсы бағытталған әрекеттер танылады. Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының маңыздылығын ашуға, соңғылардың қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінінің алғышарттарын туғызуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде зерттеу пәні болып: меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда) . Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық. т. б. ) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Біз жұмысымызды зерттеу барысында заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған кейбір ғылми еңбектерді де кездестірдік. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінін маңызы жоқ. Бұл жұмыстың тақырыбына байланысты қайнар көздерін қарастыру барысында негізгі әдістері ретінде: салыстырмалы құқықтану мен талдауды қолдандық. Ұрлыққа, алаяқтыққа, сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алуға немесе ысырап етуге қарағанда тонау меншікке қарсы қылмыстардың нысандарының ішіндегі, қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық кодекстің 178-бабында «тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау деп» көрсетілген. Сондықтан да тонаудың тікелей обьектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Сонымен бірге тонау көп обьектілі қылмысқа жатады. Сол себепті оның қосымша тікелей обьектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Тонау обьективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау арқылы жүзеге асырылады. Тонаудың объективтік жағының ерекшелігі - қылмыстың істелу тәсіліне, қолдан-

ылған әдістеріне байланысты кінәлының бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық ұрлаумен ерекшеленеді. Сондықтан да тонау меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі жастары он төрттен бастап оны істегендерге жауаптылық көзделген қылмыстарға жатады.

Тонаудың жиі кездесетін түрі бөтеннің мүлкін жәбірленушінің көзінше оған күш қолдану ниетінсіз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкін иелік ету мен бірге оған өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннің мүлкін ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бірақ толық іске аспаған әрекет тонауға оқталғандық деп танылады.

Міне, жоғарыдағы айтылып отырған мән-жайларды ескере келсек осы қылмысты саралаудың оған жеткілікті дәрежеде баға беріп өз деңгейінде жаза тағайындаудың маңызы ерекше. Осындай мәселелер-

ді басшылыққа ала отырып, тонаудың меншікке қарсы өзге қылмыстар-

дан ерекшелігін ескеріп саралап көрсетуді ғылыми жаңашылдығы деп танып , мақсат тұттық.

Осы еңбектің барысында Ағыбаев. А, Алауханов Е., Зарипов З. С., Кудрявцев В. Н., Никифоров Б. С., тағы да басқа ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеулерді қолдандық .

Тақырып мазмұнына сай зерттеу құрылымы: кіріспе, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде:Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы, меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы және оның түрлері, бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі мен заты, бөтен мүлікті ұрлаудың нысандары қарастырылып, зерттеу қортындысы көрсетілген.

Екінші бөлімде:Бөтеннің мүлкін тонаудың сипаты мен құрамы, нысандары, талан-таражға салудың нысандары туралы, солармен байланысты себептер мен ұғымдарды ашып, ғылыми еңбектер негізінде талдаулар берілген.

Үшінші бөлімде:Бөтен мүлікті тонауға байланысты қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар, бөтен мүлікті тонаудың алдын алу шаралары, мүлікті тонағаны үшін жаза қолдану жолдары қарастырылған.

Қортынды бөлімде осы зерттеу барысындағы материалдар мен қолданылған қазақстандық және шетелдік ғалым заңгерлердің еңбектеріне сүйене отырып ұсыныстар мен тұжырымдамалар бердік.

1БӨТЕННІҢ МҮЛКІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы және оның түрлері

Қазақстан Егеменді мен аумақтық тұтастығы, сондай-ақ елдің қауіпсіздігін сақтай отырып, Қазақстанның Үкіметі ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық, әскери, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі көптеген шаралар жасалуда. Қазіргі кезде Орталық Азияда терроршылдықтың, діни экстремизімнің және есірткінің заңсыз айналымның таралуына қарсы әрекет ету мақсатында халақаралық қоғамдастықтықпен өзара іс қимылға басты назар аударады. Қоғамдық -саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық келісіммен әлеуметтік әріптестікті нығайту, халықтың әл- ауқатының өсуіне жәрдемдесу, азаматтардың жеке басының қауіпсіз-

дігін, олардың құқықтарымен бостандығын қамтамасыз ету құқықтық реформаны одан әрі жүзеге асырды.

Меншік құқығы адам құқығы және бостандығы жүйесінде ерекше орынға ие болады, өйткені ол жеке адам игілігінің көрсеткіші болып табылады. Тап осы құқық экономикалық қатынастардың реттеушісі болып табылады және бұл мәнде ол көп функцияналды.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды жєне әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа беріледі және тұғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.

Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс-әрекет болуына, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды. Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғануға және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік беретін өзіндік мінез-құлықты таңдау мүмкіндігін білдіреді.

Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді.

Әрбір адам белгілі бір азаматтық қоғамға тиесілі болады, содан келіп оған әлеуметтік-экономикалық құқықтар жүктеледі. Келесі кезекте саяси қоғамдастықтың мүшесі ретінде тұлға саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Мынаны мойындау керек, құқықтар мен бостандықтардың басым бөлігі табиғи құқықтардан келіп шығады, басқаша айтқанда оған тумысынан тиесілі болады. Бұлар жеке құқықтар деп аталады.

Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай-қ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар-ожданы мен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты құқықтар.

Адамның жеке басының бостандығы (16-б. ) және ҚР-да мемлекетік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-б. ) деп конституциялық түрде бекітілген. Қазіргі заманда кез келген демокра-

тиялық мемлекеттердегі сияқты Қ Р -да заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға немесе қамауға алуға жол беріледі. Бұл жағдайда тұтқындалған адамның сотқа шағымдануға, тұтқындалған сәттен бастап адвокаттың заңды көмегін пайдалануға құқығы бар.

Конституциялық құқықтарға бекітілген және бір жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін жүріп-тұруға жєне тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы конституциялық құқық болып табылады (17-6. ) . Адамдық қадір-қасиеттерге құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі.

Құқықтық мемлекетте ештеңе де адамның қадір-қасиетін түсіру үшін негіз бола алмайды. "Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп" атап көрсетілген.

Дәл осындай анықтама БҰҰ-ң Адам құқықгары туралы Халықаралық Билльінде берілген. «Декларация бостандық пен теңдік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын құрметтеу қағидаттарын бекітуден басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық қүқығы, жеке адамның дербес қүқығы, түлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам қүқықтарының заңцы кепілдігі, өділеттіліктің ресімдік кепілдігі, түлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес қүқықтар мен бостандықтардың тобын құрайды. Жалпыға бірдей декларацияның 6, 13-21-баптарында азаматтық және саяси бостандық-дықтарын құрайды». [3] Адамның қадір-қасиетіне құрметпен қарау әрбір лауазымды тұлға мен мемлекеттік қызметшінің құқықтық міндеті болып табылатындығын әркез есте ұстау керек.

Жеке құқықтар мен бостандықтар саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына конституциялық құқығы барлығын жатқызуға болады (18-6. 1 -т. ) . Осы конституциялық құқыққа сәйкес тұлғаныњ келісімінсіз оның жеке өміріне қатысты ақпараттар жинауға, сақтауға, пайдалануға жєне таратуға тыйым салынады. Ар-ожданды, қадір-қасиетті және жақсы атты қорғаудың, моральдық зиянның орнын толтыруды қоса есептегенде, соттың тәртібі заңдылықпен бекітілген.

Жеке құқықтар санатына сондай-ақ әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы барлығы жатады.

Бұл құқықтарды сақтаудың кепілдіктері адам және азаматтардың жеке өміріне негізсіз қол сұғуға қатысты заңдылықтармен қарастырыған жауапкершіліктің түрлі формалары болып табылады. Осы аталғандардың құпиялылығын жария ету Қазақстан Ресбупликасының заңымен қудаланады. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Адам жєне азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды конституциялық принциптерінің бірі заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдейлігі болып танылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жеке меншіктің басқа да түрлері белгілене алады, және де мемлекет меншік қатынастарының тұрақтылығына ғана кепілдік беріп қоймай, сонымен қатар олардың дамуына да шарттар жасайды және меншіктің барлық түрлерінің тең қорғалу принциптерін жариялайды.

Қылмыстық қол сұғушылықтан меншікті қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің мақсаттарының бірі болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп атайды. Дәл осылай олар 1922 -1926 жылдардағы ҚК тақырыптарының сәйкес тарауларында аталған, меншікке қарсы қылмыстардың көбі өз затыммен мүлік болатындықтан, осы екі ұғым бір-біріне ұқсас келеді. Қаз ССР-нің 1959- жылғы ҚК-інің ең маңызды айырмашылық ерекшелігі - ұзақ уақыт бойы социалистік (мемлекеттік, қоғамдық) мүлікке және азаматтардың жеке мүлігіне қол сұғушылықты айыруы болды. Осындай көзқарас кездейсоқ болған жоқ, өйткені оның негізінде социалистік меншікті жоғары дәрежеде қорғау қажеттілігін қамтамасыз ету идеясы жатты.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық Кодексінде ұрлықтың жалпы ұғымы бекітілген. Осындай ұғым Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» Нормативтік Қаулысында берілген. [4]

Осының барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан жұмыстың мақсаты талан- тараждың нысандарымен белгілеріне тоқталып, нақты және жан- жақты сипаттау болып табылады.

Бөтен мүлікті ұрлаудың маңыздылығын анықтау үшін, осы қылмыстың объектісін дұрыс құру маңызды мағынаға ие болады. Осы сұрақтың шешімі қылмыстық құқық теориясында нақты зерттелген қылмыс объектісі туралы жалпы жағдайларға негізделуі тиіс.

Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының маңыздылығын ашуға, соңғылардың қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінінің алғышарттарын туғызуға мүмкіндік береді. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі ( жеке дара ) болып меншіктік қатынастар танылады, яғни жеке және ұжымдық тұтынуға немесе өндірістік қызметтерді жүзеге асыруға арналған

материалдық игіліктерді бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастар жатады.

Жоғарыда айтылғандарды талдап қорыта, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектілері меншік болатынын белгілеп қоюға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне "сәйкес меншік құқығы, ол заң шығаратын актілермен танылатын және қорғалатын субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану болып табылады" [5] . Меншік иесіне өз мүлігімен иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары жатады.

Дәл осы құқықтар меншікке қарсы қылмыстар тарауында жазылған қылмыстық-құқықтық қорғаудың құқық нормаларының тікелей объектісі ретінде меншік қатынастарының мәнін құрастырады.

Иелену құқығы мүлікке нақты ие болу мүмкіншілігінің заңмен қамтамасыздалуын көрсетеді.

Пайдалану құқығы мүліктің пайдалы табиғи қасиеттерін алып, сонымен қатар одан пайда табу мүмкіншілігін заң бойынша қамтамасыз етілуі. Пайда табыс, жетілдіру, төлдету және тағы басқа түрлерде бола алады.

Билік ету құқығы мүліктің заңгерлік тағдырын анықтау мүмкіншілігін заң бойынша қамтамасыз етілуі.

Меншік құқығы адам құқығы және бостандығы жүйесінде ерекше орынға ие болады, өйткені ол жеке адам игілігінің көрсеткіші болып табылады. Тап осы құқық экономикалық қатынастардың реттеушісі болып табылады және бұл мәнде ол көп функцияналды.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы әрбір ұрлық және басқа да түрлі қылмыстар қоғамға қауіп-қатер төндіреді, өйткені олар көрсетілген қатынастарды бұзады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптын 2-тармағы) .

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың арасында ең көп таралған және қоғамға жоғарғы қауіп-қатер келтіретін қылмыс иелікке алу болып табылады. Қылмыстық заң шығару ұрлықтың іске асыру тәсіліне байланысты жауапкершілікті ҚК баптарында ұрлықтың келесі түрлерін белгілеп, нормативті бекітіп, айқын дифференциялайды:

1. ұрлық;

2. иелену;

3. ысырап ету;

4. алаяқтық;

5. тонау;

6. қарақшылық.

Қылмыстық құқық ғылымында ұрлық ұғымының зерттелуі және оның негізгі элементтерінің сипаттамасы ұрлықтың барлық түрлеріне тән белгілерін айқындауға және жекелеуге, ұрлықтың нақты түрлерінің талдауын жеңілдетуге, меншікке қарсы басқа қылмыстардан оларды шектетуге, басқа объектілерге қол сұғушылықтан, сонымен қатар қылмыстық тәртіпте жазаланбайтын әрекеттерге қол сұғушылықтан көмектесетіні танылған болатын. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінде иелікке алу ұғымы өзінің заң шығарушылық бекітуін алды .

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқада әдістермен ауыртпалық тусіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (АК 188-бабынын 3-тармағы) .

Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты карастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.

Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Ұрлықтың мәні - мүлік
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Ұрлық және алаяқтық
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Ұрлық объектісі - меншік
Шабуыл жасап тонау
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
Қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық – құқықтық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу және қылмыстылықтың алдын алу жолдарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz