БУРАБАЙ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТУРИСТІК- САЯХАТ АЙНАЛЫМЫНА КІРГІЗУ ЖОЛДАРЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«КӨКШЕ» АКАДЕМИЯСЫ
Туризм кафедрасы
Қолжазба құқында
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: БУРАБАЙ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТУРИСТІК- САЯХАТ АЙНАЛЫМЫНА КІРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Ғылыми жетекші:
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ Кафедра меңгерушісі
« » « » 2011ж.
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРМЕН ӨЗАРА МӘДЕНИ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм салаласының даму сатысы . . . 7
1. 2 Қазақстандағы туристік кластер - құрамдастардың бірі . . . 10
1. 3 Шетел азаматтарын Қазақстанға тарту мәселелері . . . 14
2 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ПОТЕНЦИАЛЫНА ТАЛДАУ
2. 1 Ақмола облысындағы туризмнің даму деңгейі және туристік
нысандары . . . 16
2. 2 Бурабай демалыс орнындағы тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерге сипаттама . . . 21
2. 3 Туристік нысандарды талдау. …… . . . 37
3 БУРАБАЙ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТУРИСТІК АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3. 1 Туристік бағдарлама және жарнамалық қызметі . . . 41
3. 2 Шортанды-Бурабай курорттық зонасындағы тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштер арқылы экскурсиялық жетілдіру . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
ҚОСЫМША . . . 66
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Туризм экономиканың жетекші және жоғары динамикалық саласының бірі болып табылады және ғасырдың экономикалық феномені болып қабылданды.
Көптеген елдерде туризм Валдық ішкі өнімде, ішкі сауда балансының белсенділігі, қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Туризм экономиканың қыстырма салаларына, транспорт және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылық, халыққа қажетті тауарларды өндіруде және т. б. үлкен әсерін тигізеді. Туризм дамуына өз кезегінде мынадай факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық, тарихи, діни және саяси - құқықтық [1] .
Дүниежүзілік туристік ұйым 2003 жылы қорытынды жасады. Шетелге саяхат жасайтын туристердің саны 657 млн. адам құрайды. Туризмнен мемлекетке түсетін пайда 2003 жылы 455 млрд АҚШ доллары, оның ішінде АҚШ 75 млрд доллар, Италия - 31 млрд доллар және Франция - 24 млрд доллар алды.
Дүниежүзілік туристік ұйымның болжауы бойынша, әлемде 2010 жылғы туристік саяхаттар млд жетеді, оның ішінде 546 млн. орталық және шығыс Еуропаға, ТМД мемлекеттерімен Балтық елдерін қоса, Еуропалық аумақтарымен салыстырғанда көп келеді[2] .
Қазір туризм тек қана таулар мен рюкзактар емес, сонымен қатар қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, аймақтағы тарихи-мәдени ескерткіштерді әлемге таныту болып келеді. Туризм саласын мәңлігік дамыту үшін мәдени, тарихи, табиғи ескерткіштерге барынша назар аударған жөн. Қазіргі кезеңде түрлі туристік орталықтардың экологиялық ахуалының ьөмендегендігі байқалып жатады. Әсіресе адаммен тығыз байланысты территориялар болашақта жоғалуы мүмкін. Сол себепті де дәл қазіргі уақыттан бастап аталған проблеманы қолға алған жөн. Айтылған мәселе әлемдік маңызға ие болып, соның әсерінен ерекше қорғалатын территорияларды құру жасалынуда. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) типтік және табиғи ландшафтты қорғауға жануар мен өсімдік әлемін, табиғи және мәдени объектілерді қорғауға бағытталған.
Шаруашылықтан толығымен және жеке алынғандар ерекше қорғанысты талап етеді. Бүкілкеңестік маңыз бен атаққа ие демалыс пен туризмнің зонасы Баянауыл табиғи саябағында көптеген сауықтыру, демалыс үйлері, пионерлік лагерьлер, туристік база орналасқан. Саябақ тек тек таза климатымен ғана емес, сонымен қатар табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді. Соның ішінде Бурабай демалыс орнын ерекше атап өтуге болады. Ата-бабаларымыз қасықтай қаны қалғанша ұлтарақтай жер үшін Жан алысып, жан берісті. Міне, соның нәтижесінде ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр жер ұрпағына мұраға қалып отыр. Оны ұқсатып ұстау, әрине, өз қолымызда. Кең байтақ даламыз көз сүріндірер көркем өлкелерден кенде емес. Сондай жер шоқтығының бірі - Бурабай. Зерттеу тақырыбымызда Бурабай демалыс орнындағы тарихи, табиғи, және де мәдени ескерткіштерді әлемдіу туристік қоғамдастық шеңберіне көтеру болмақ. Бурабай курортты аймағын туристік салада көркейту тек ҚР Туризм министлігінің ғана емес, барша қазақстандықтардың келелі үлесі болмақ.
Бүкіл дүниежүзілік туризм ұйымы бас хатшысының орынбасары Давид де Вильнус елімізге келген сапарында «Қазақстанның табиғаты өте керемет, экзотикалық болып табылады. Сондықтанда, осы елде жергілікті туризмді жан жақты дамытуды қолға алу керек», - деп айтқан болатын.
Қазақстанның адам қолы тимеген мөлдір табиғаты батыста талай адамдарды қызықтыратыны, таңдандыратыны сөзсіз. Бүкіл өңірлері де Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды көру, мөлдіреген бұлақтың салқын суына ләззаттану, биік шыңдарды бағындыру шетелдік турист үшін табылмас олжа екені рас.
Тіпті, Бурабай елі де қайталанбас әсем табиғаты үшін «Қазақстанның Швейцариясы» деген атпен аталады. Бірақ, Қазақстанның осындай табиғатқа тарихи еріткіштерге бай бола отырып, оның туризмі әлі күнге дейін қолға алынбаған. Туристерді дамытудағы табыс, оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына тікелей байланысты. Ең алдымен әкімшілік немқұрайлы қарамауы керек. Дүниежүзілік туристік ұйым мәліметі бойынша, бір турист барған жерде бір мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар, бір туристің ақшасы тоғыз жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30 пайызын қонақ үйде, 20 пайызын көлікте, 35 пайызын қоғамдық тамақтану орнында және 1, 5 пайызы басқа да қызмет көрсету (мұражай, көрме, жәрмеңкелерде т. б. ) орындарында қалдырады. Шет елдік туристердің виза алу процесін жеңілдету, Қазақстан республикасы аймағында олардың тіркелуін күрделендірмеу арқылы талай мәселенің шешімі табылатынына күмән жоқ [3] .
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі дипломдық жұмыстың тақырыбында көрсетілгендей экономикалық-өндірістік көрсеткіштерді жақсарту экономиканы дамыта отырып, экологиялық хал ахуалды жақсарту.
Дипломдық жұмыс тақырыбының іс тәжірибелі маңыздылығы: менің осы жазған дипломдық жұмысымның маңыздылығы өте зор. Себебі, Бурабай өңіріндегі курорттық-санаториялық нысандарды қалай және қандай көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығы жайлы әңгімеленеді.
Негізгі бөлімі «Шучье-Бурабай аймағы мен келешегі мен мәселесі туралы және курорттық-санаториялық өндірістік көрсеткіштерін сараптау және оларды жақсарту жолдары». Дипломдық жұмыс тақырыбындағы өндіріске енгізу туралы ұсыныс Бурабай өңіріндегі, «Ойын-сауық» орталық кешенін алып тастау.
Қазақстан табиғатына әсем Бурабайға зиян келмей болашақта ұрпағымызға сұлу табиғаттарды, таза ауамызды, аманат етіп қалдырамыз деп ойлаймын. Жоғарыда отырған басшыларға, ағаларға асығыс шешім жасамайық, Алла-тағала жаратқан сұлу табиғатымызды сақтай білейік деген тілектемін
Дипломдық жұмыстың міндеттемелері мен мақсаты . Зерттеудің мақсаты біздің аумақта туризмнің дамуына әсер тигізетін тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерге сипаттама мен рөлін анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттемелерді қоямыз:
- Қазакстан Республикасыңын және Ақмола облысының туризм салалаларының менгеру және процесстарың талдау;
- Ақмола облысының және «Бурабай» өлкесіндегі тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді талдау;
- «Бурабай» курорты территориясында тарихи және табиғи ескерткіштерді туристік дамуына іс-шараларды усыну.
Зерттеу объектісі Бурабай өлкесініңдегі демалыс орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштер болып табылады.
Зерттеу пәні «Бурабай» курортты аймағы рекреациялық потенциал болып табылады.
Зерттеудің теориялық негізі мен методологиялық базасына қозғалатын мәселелер айналасындағы отандық және шетелдер экономистердің еңбектері жатады. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.
Диплом жұмысына А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Е. Я. Морозова, Э. Д. Тихонова, Г. А. Папирян, Н. И. Кабушкин, Г. А. Бондаренко, А. Д. Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.
Материалды өңдеуде логикалық, салыстырмалы, жүйелік және сандық анализ әдістері қолданылады. Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.
Зерттеудің нормативті - құқықтық базасын туризм мен оған жақын салаларында жүргізілетін заң беруші және нормативті - құқықты актілер, Президенттің, ҚР үкіметі және мемлкеттік биліктегі жергілікті мекемелердің ресми құжаттары, мемлекеттік бағдарламалары құрайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. «Бурабай» өлкесіндегі тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді туристік айналымға енгізу іскерлігі ұйымдастырушылық - экономикалық механизммен жүзеге асырылады, туристік салада эффективті және сапалы негізде әсер етеді.
Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы мен қолданылуы. Нәтижелері Ақмола облысының «Бурабай» демалу орны сәйкес келеді, сонымен бірге саябақ территориясында туристік маршруттар жасалған.
Зерттеудің көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, әр тарау 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРМЕН ӨЗАРА МӘДЕНИ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының даму сатысы
Туризм бүгінгі замандастарымыздың өміріне мықтап енді. Қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық тіршілік жағдайына әсер ете отырып, ол бірте-бірте күрделі әрі сан қырлы құбылысқа айналуда, сондықтан туризмді зерттеумен географтар, экологтар, экономистер, социологтар, архитекторлар мен медиктер, басқада түрлі мамандық иелері айналысуда.
«Туризм» ұғымы жан-жақты, кең мағыналы. 1963 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Халыкаралық туризм және саяхат жөнінде Римде өткен конференцияда туризмнің Бүкіл Дүние Жүзілік Туристік Ұйым бекіткен анықтамасы қабылданды. «Туризм» - дегеніміз адамдардын тұрғылықты жерлерінен уакытша басқа жерге сауығу, бос уақытын қызықты өткізу немесе қызмет бабымен кәсіптік іскерлік мақсатта ақьюыз уақытша барыс-келіс әрекетін айтамыз. Туризмнің кең танымал болу себебі басқа демалыс түрлеріне қарағанда ол, адамдардың мейлінше әр түрлі талаптарын қанағаттандырады. Мәселен: қимыл-қозғалыс, адамдармен араласу, қарым-қатынас, танымдық, қызығушы талап-тілектерін, әрі осымен бірге адамдардың өз денсаулықтарын арттыруына айырықша ықпал етеді, демек бұдан туризмнің Мемлекеттік те, экономикалықта, мүдде көзқарас тұрғысынан зор маңызды бар екенін, еліміздің экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын сала екеніне көз жеткіземіз [4] .
Қазіргі заманда туризм әртүрлі елдердің өзара мәдени алмасу қызметінде ерекше рөл атқарады. Туризмнің өркендеуі дамыған елдердің де жаңадан дамып келе жатқан елдердің де маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бірдей ықпал етеді. Дүние жүзілік лидерлер туризмнің дамуын XXI-ғасырда стратегиялық және экономикалық тұрғыда ең алғы орынға қояды. Әлемдік экономикалық бірден-бір саласы дәл туризм сияқты тұрақты жұмыс істеп отырған жоқ.
Дүние жүзілік Туристік ұйымның болашағы бойынша 2010 жылы Халықаралық Туристік саяхаттың саны бір миллиардқа, ал 2020 жылы - 1, 6 миллиардқа жетеді деп есептеліп отыр.
Шетелдік туризм тәжірибесі туристік бизнестік мейлінше эконом рентабельді екенін дәлелдейді. Мәселен, Багам аралдарында елдің ұлттық табысының негізгі үлесін халықаралық туризм құрап отыр. Бұл мемлекеттің табыстарының 60 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2007 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12, 8 пайызға өсті және келушілердің жалпы санынан 5310, 6 мың адам құрады. ( 38, 5 пайыз) . 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23, 2 пайызға өсті және жалпы ағынынан 4544, 4 мың адамды немесе 33, 0 пайызды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12, 5 пайызға өсті және 3932, 6 мың( 28, 5 пайыз) адамды құрады. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863, 0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890, 7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1, 9 есеге өскенін дәлелдейді.
Есептік кезеңде 1007 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 51 жеке кәсіпкер 567, 0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылдың деңгейінде 105, 1 пайызды құрады. Туристік индустрия субъектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2007 жылы 63, 0 млрд. теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық.
Республикада қызмет ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2640, 2 мың адамға 4041, 1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 26225 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сиымдылығы 58367 жататын орынды құрайды. Ал 2009 жылы сырттан келушілер туризмнің көлемі 5, 6 млн. туристі құрайды, 2010 жылы- 5, 9 млн, туристі және 2011 жылы- 6, 2 млн. адамды құрайды. Ішкі туризм бойынша туристер саны 209 жылы 4, 0 млн. -ға, 2010 жылы-4, 1 млн. -ға дейін және 2011 жылы-4, 2 млн. -ға дейін көбейді [5] .
Елімізде Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленеді және қабылданады. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталады. Алайда, еліміздегі туризмнің жағымда даму тенденциясына қарамай, әлем экономикасындағы қолайсыз жағдай туристік ағымға кері әсерін тигізді, нақты айтсақ-әкімшілік дерек көздер мен жүргізілген статистикалық зерттеулер дерегі бойынша туристік қызмет 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қортындысы бойынша Республика аумағында ішкі туризм алдыңғы 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2, 3 пайыз( 3 370, 3 мың адам келушілердің жалпы ағымының 30, 9 пайызын құрады) келу туризмі 10, 3 пайыз кеміді( 3851, 0 мың адам немесе келушілер ағымының 32, 8 пайызын құрады) . Осы жағдай туризм индустриясы даму көрсеткіштерінің сандық және сапалық жоспарланған көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және оларды біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы. Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы, проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы бұл Қазақстанда туристік визаларды рәсімдеу, шетелдік туристерді тіркеу процедурасына, кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты. Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларына қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарына сай емес. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы елдің оң туристік имиджін жылжыту жөніндегі іс - шаралар жүйесі сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер - Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея да туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін куәландырады.
Қазақстан туризмнің әлемдік туристік нарықтағы қалыптасқан бәсекеге қабілеттігі сақталған жағдайда отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады.
Туризм экономиканың бір саласы ретінде бүгінгі таңда Қазақстанда да ерекше дамып келеді. Қазақстанда қазір 500 ден астам туристік ұйымдар мен компаниялар жұмыс атқарады. Олардың басым бөлігі табиғи, экстремальдық, экологиялық туризм түрлері мен айналысады. Қазақстанға келуші қонақтарымыз бен қала тұрғындары экзотикалық табиғи комплекстер мен көрнекті мәдени - тарихи орындарды ерекше қызығушылықпен тамашалайды. Туризмнің табиғатпен тікелей байланысты мұндай түрлері туристік компаниялар үшін экономикалық жағынан өте тиімді. Өйткені, экономикалық туризм ісінде табиғаттың өзі - сұлулық - туристік қызығушылық объектісі.
2002 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі елімізде тұңғыш рет «2003-2005» жылдары туристік саланың даму бағыттары деген бағдарлама қабылданды. Бұл құжат алдағы уақытта ішкі және сыртқы туризм бойынша да туристер қатарының жылдан - жылға артатынын межеледі. Мысалы, Қазақстанға 2003 жылы 80 мың турист келеді деп күтілсе, 2005 жылы бұл көрсеткіш 50 мыңға артты. Ал бүгінгі жылдары мысалы 2008-2009 жылдарды алып қарасақ өте жиілеп келуде, немесе асты десе де болады.
Туризм индустриясын қолға алмай - бұл саланы дамыту мүмкін емес. Туризм индустриясының 98, 4 пайызы негізінен шағын кәсіпорыннан тұрады. Кірістік туризмнен түсетін табыстар үлесі (экспортқа теңестірілген) 14, 8 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасына келуші барлық туризмнің 89, 7 пайызын бизнес және кәсіптік мақсаттарда сапар шегеді екен.
Қазақстан Республикасын статистика агенттігінің деректеріне сай 2008 жылы туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар. 713 туристік фирмалар мен агенттіктер болған. Елде шамамен 239-қонақ үй бар, олардың ішінде мейрамханасы бар қонақ үйлер - 103, мейрамханасы жоқ - 103, таулық туристік орталықтар - 7, кемпингілер - 4, басқа орындар - 22.
Енді осы түста туризм кластері жайлы аз - кем әңгімелей кетейік. Кластер сөзіне берілген анықтамаға тоқталатын болсақ (аудармасы - «шоғырлану» мағнасын білдіреді) . Ол белгілі бір саланың қосымша құн тізбегінің (шикізаттан соңғы өнімге дейін құн қосу процесстері) барлық қатысушыларын, туыс және қолдаушы салаларды және де осы салаға қатысы бар басқада құралдарды біріктіреді. Туристік кластердің өзіге - қызметтерді жеткізушілер өзгеше айтқанда, Қазақстанға шетелдік туристерді тарту бойынша қызметтер ұсынатын туристік агенттіктер болып табылады. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, көлік компаниялары да, сондай-ақ, туристік бизнестің маңызы болып саналады. Тарту орындары туристік кластер картасының өте маңызды жағы болып табылады. Себебі, олар тек, туризмнің сұранысын ғана емес, соныменен бірге әр мемлекеттің өзгеше бір нышанын көрсетеді.
Қазақстанның бәсекелестік жағдайда бірегей мәдениеті (тарихи туризм), әсем жабайы табиғаты (экологиялық туризм ), сондай-ақ Спорттық туризм, экстремальды туризм секілді демалыс түрлерімен айналысу мүмкіндіктері бар. Өкінішке орай бүгінгі күнде тур операторлардың туризмнің қандай түрлерін дамыту қажет екені туралы нақты ұғымдары жоқ.
Туризмнің түрлерін түсінбеудің салдарынан өз клиентін өзгеше айтқанда, туристердің елді білмеу проблемасы туындайды. Келушілер туристік кластердің өте маңызды бөлігі болып табылады. Себебі, тапсырыс берушінің қалауына байланысты туристік кластердің картасының өзі өзгеріп отыратын болады. Туристік қызметтерді жанамалы жеткізушілер мейрамханалар және туристердің қауіпсіздігі мен шұғылданатын ұйымдардың міндетті. Өйткені, бүгінгі таңда аталмыш сектордың туристік агенттіктермен өзара байланысы көңіл көншітпейді[6] .
1. 2 Қазақстандағы туристік кластер құрамдастардың бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz