Мемлекеттік бюджеттің орындалу рәсімінде Қазынашылықтың ролі. ( Сандықтау Қазынашылық органы мысалында )
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Тарау 1. Қазақстан Республикасында бюджет процесін қолдануда
қазынашылықтың мәні мен ролі
1. Қазынашылық жүйесінің құрылуы және даму жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Аумақтық қазынышылық органы туралы
ереже ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 6
Тарау 2 . Мемлекеттік бюджеттің орындалу рәсімінде Қазынашылықтың ролі. (
Сандықтау Қазынашылық органы мысалында )
2.1 Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру
жоспарларын жүргізу және оларға өгерістер
енгізуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. Міндеттемелер қабылдауға рұқсаттарды енгізу. Мемлекеттік мекемелер
жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі. Төлеуге берілетін шотты
ресімдеу ... ... . 43
4. Мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... 51
Тарау 3. Бақылау және қадағалау қызметін жақсарту жолдары
3.1. Қазынашылық жүйесін жаңғырту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
3.2. Мемлекеттің атқарылу жолындағы алдына-ала және ағымдағы бақылау...58
Қортынды мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .62
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..64
Кіріспе
Қазақстан бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып
табылады.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған мемлекеттің кең ауқымды
мақсаты-тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті
ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі
саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі
жиналымдардың жоғарғы деңгейлерімен бірге ашық нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы,
білім және әл-ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфроқұрлым, көлік пен
байланыс, кәсіби мемлекет.
Осынау басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық
ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегінде
барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет-республиканың стратегиялық басымдылықтарын жүзеге
асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы
ағымдарының қозғалысын реттейді. Бюджет – басты қаржылық бағыт - бағдар.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлардың бақылау және қаражаттың өз мақсатында пайдалануындағы қазына
органдарының қызметі орасан зор.
Қазынашылық органдарының қызметкерлері бюджеттік ұйымдардың шығындары
салық төлеушілердің қаржысы мен жүзеге асатынын және бюджеттің кіріс бөлігі
қиыншылықпен орындалатының ескеріп, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы
жөніндегі міндеттерін ерекше жауапкершілікпен атқаруда.
Күшті қаржы институты болмаған мемлекеттің келешегі бұлыңғыр. Содан
болар, біздің республикамыз өз тәуелсіздігін алысымен, бірден ақша жүйесін
қалыптастыру, банк қызметі, мемлекеттік қаржы саясатын реформалау туралы
заңдарға ден қойды.
Экономикалық реформалар барысындағы күнгей мен көлеңке жақтарына баға
бере келіп Елбасы: Біз егер қазынаны қоршақтап және еселеп отырмасақ,
ешқашанда қалыпты да күшті мемлекет болып саналмаймыз деп тұжырымдаған.
Диплом жұмысының тақырыбы Қазақстан Республикасындағы қаржы саласындағы
қазынашылық жүйесінің қызметі Сандықтау аудандық қазынашылық бөлімінің
негізінде.
Диплом жұмысы тақарыбын қаржы саласындағы қазынашылық жүйесінің қызметі
жайлы таңдау себебім:
Біріншіден, бюджеттің атқарылуы жолындағы қазына органдарының қызметі
орасаң зор.
Екіншіден, бұл тақырып көлемі ауқымды және көптеген мәліметтер мен заң
актілерін қамтиды.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Қазақстандағы Қазына жүйесін даму жолдарымен танысу;
- Қазына жүйесіндегі теориалық мәліметтерді, номативтік актілер мен
заңдылықтарды, зерделеу;
- Бюджеттің атқарылуы жолындағы негізгі міндеттері мен қызметін зерделеу;
- Қаржы саласындағы қызметін талдау және қазынашылық қызметін жетілдіру
және оның міндеттерінің орындалуын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар
енгізу.
Дипломдық жұмыстың негізгі методологиясы; Қазақстан Республикасының
Үкіметінің заңдары және номативтік актілері,Қазақстан Республикасының
Агенстволық статистикалық материалдары.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі болып Сандықтау аудандық
қазынашылық органының құжаттары болып табылады.

1.1. Қазынашылық жүйесінің құрылуы және даму жолдары
Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне
аздаған
жылдар өтсе де, осы мерзім ішінде ғасырға татырлық өзгерістер болды.
Еліміздің егемендік алу сәті нарықтық экономикаға тұспа-тұс келіп, халық
арасында нарық қарық қылма?! - деген мысқыл мәтел де пайда болды. Әйтсе
де бүгінгі күні бәрімізде нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір
талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Экономикасы өсіп-өркендеген,
дамыған елдердің қай-қайсысы болмасын шұғыл даму жолдарына түскен алғашқы
кезеңдерде инфляция, тауардың бағасының шарықтап кетуі, жұмыссыздық сияқты
көлеңкелі жағдайларға душар болған. Олар инфляцияны дер кезінде тізгіндеп,
одан кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді үнемі бақылауда ұстап отырған.
Егеменді ел болған соң бізде де дербес әлеуметтік саясат және
макроэкономикалық тұрақтылық болуы шарт. Бұл арада реформаны
қалыптастыратын баға мен сауданың ырықтануы, жеке меншіктің дамуы, қаржы
нарықнамасының өркендеуі қажет.
Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында
тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңге баға берілген. Жинақталған жағдаяттар
негізінде ұзақ мерзімді жеті басымдылықты жүзеге асыру қажет екені атап
көрсетілді. Республикамыздың дамуының маңызды басымдылық міндеттерінің бірі
ретінде шетелдік инвестиция мен ішкі жиналымдарды жоғары деңгейдегі ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу деп көрсетілген.
Осы ретте, елдің қаржы ресурстарын басқаруды және бюджеттің орындалуын
мақсаты туындады.
Кеңес Одағында қазынашылық жүйесі болмағаны белгілі. Республикалық және
жергілікті бюджеттің кассалық атқарылуы бақылау және ұйымдастыру КСРО
банкінің мемлекеттік контораларында жүзеге асырылған.
Еліміз егемендік алып, мемлекеттік қаржысына реформалар енгізу басты
мәселелердің бірі болды.
Елбасымыздың 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қазынашылық жүйесі
құрылды. Сөйтіп, Қазақстан бүкіл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері
ішінде осы реформаға бірінші болып, бұл салада жұмыс тәжірибесінің
жоқтығына қарамастан ірі қадамдар жасады.
Мақсаты мемлекеттік қаржыны басқару жолындағы Қаржы Министрлігінің рөлін
арттыру.
Ол - қазынашылық жүйесінің егжей тегжейлі жобасын жасап, бюджетті
орындау процедураларын айқындау, біріңғай ақпарат кеңістігін құру және
компьютермен қамту , оны тиімді пайдалану және техникалық қызмет аясын
кеңейту еді. Осының бәрі түптеп келгенде, еліміздің бүкіл қаржы саясатының
негізгі өзегі ретінде қазынашылық жүйенің ойдағыдай қалыптасып, бірқалыпты
және жоспарлы дамуына ықпал етті.
1.2 Аумақтық қазынышылық органы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола
облысы бойынша қазынашылық департаментінің Сандықтау аудандық қазынашылық
бөлімі (бұдан әрі бөлім) мемлекеттік бюджеттін атқарылуына қызмет көрсету,
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі
операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің
рәсімдік шоттар жөніндегі операцияларын жүргізу жөніндегі арнайы
функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Өз қызметінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қаржы
Министрлігінің, Қазынашылықтың жоғарғы тұрған органдарының бұйрықтарын
(өкімдерін) және өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстар, Алматы
қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық, қалалық, қалалардағы
аудандық қазынашылық бөлімдері туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленген
бекітілген ережені басшылыққа алады.
Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға
болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар, мөрлері мен
мөр табандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес ұлттық және шетел валютасына
банктерде шоттары болады және өз қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық
департаментіне бағынады.
Өз қызметінде Бөлім жергілікті өкілді және атқарушы органдармен
мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды жергілікті бюджетке бөлу,
жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттары
мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасады.
Қазынашылық комитеті бекіткен үлгілік ереже мен үлгілік құрлымның
негізінде әзірленген бөлім туралы ережені және оның құрлымын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиті шегінде бөлімнің штат
саны мен штат кестесін Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті
бекітеді.
Бөлімнің толық атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің
Сандықтау аудандық қазынашылық бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылқ комитетінің
төрайымының 2004 жылғы 28-шілдедегі 30 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті облыстар, Алматы

аудандық қазынашылық бөлімдері туралы Үлгілік ережеге сәйкес әзірленген
бөлім туралы ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Бөлімді ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен
жүзеге асырылады.
Бөлімнің функциялары болып болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарда болуға құқығы
жоқ. Заң актілерімен кіріс әкелінетін қызметті жүзеге асыру жөніндегі құқық
берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған республикалық бюджеттін
кіріс бөлігіне жіберіледі.
Негізгі міндеттері, фунциялары мен құқықтары.
Негізі міндеттері мыналар:
- Республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттерің кассалық
атқарылуын ұйымдастыру мен бақылауды жасау;
- Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының атқарылуы жөніндегі
операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету;
- Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бюджеттік түсімдерді қайта
бөлу арқылы бюджеттердің өзара іс-қимылына негізделген және біріңғай
нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілетін барлық деңгейдегі
бюджеттердің бірлігі, транспаренттігі, жауаптылығы мен дербестігі
қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету;
- Республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету мәселелерінде алдын-
ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету;
- Мемелекеттік бюджеттің атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есеп пен
есептілікті жүзеге асыру;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілердің
сақталуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау;
- Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысын істеуін
қамтамасыз ету.
Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:
- Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет ету;
- Республикалық және жергілікті бюдеттердің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, ақылы қызмет жөніндегі,
демеушілік және қайрымдылық көмек жөніндегі, оның ішінде шетел
валютасындағы шоттарды, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
шоттарын есепке алуды қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыланатын мемлекеттік
мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі жоспарларына,
жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
міндеттермелер мен төлемдер жөніндегі жиынтық қаржыландыру жоспарына,
ақылы қызметтерді іске асырудан алынатын қаражат бойынша республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыланатын мемлекеттік
мекемелердің кірістері мен шығыстарын қаржыландыру жоспарына өзгерістер
жүргізу және енгізу;
- Рұқсаттар енгізу, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді
жүзеге асыру;
- Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен
қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуге шоттарын енгізу,
сақтау, өзгерту;
- Республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелер
жүргізуге берілетін құжаттар жөніндегі төлемдердің негізділігін
тексеруді жүзеге асыру;
- Берушіні енгізуге арналған өтінімнің негізінде мемлекеттік бюджет
есебінен ұсталатын мекемелер бойынша тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді берушілердің анықтамалығын жүргізу;
- Активтердің болуы мен қозғалысын жүргізуді жүзеге асыру;
- Кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық органдары
арасындағы ауыстыруға байланысты операцияларды жүзеге асыру, салықтардың
дұрыс аударылмаған сомасын есептеу мен қайтару жөніндегі ақы төлеуге
шоттарды енгізу, сақтау және бекіту;
- Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелердің валюта операцияларын жүргізу кезінде валюталық
бақылауды жүзеге асыру, шетел валютасын сатып алуға, сатуға және
аударуға арналған өтініштерді қалыптастыру;
- Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік
мекемелерге бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен ерекшеліктер
бөлінісінде берілген рұқсаттармен жүргізілген кассалық шығыстар туралы
есепті нысандары беру, шоттар бойынша операциялар жүргізген жағдайда
банктік шоттар жөніндегі көшірмелер беру;
- Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептілікті қалыптастыру:
жергілікті атқарушы органдарға және салық органдарына жергілікті
бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы шығыс нысандарын беру;
- Жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының жағдайы
туралы күн сайынғы ақпаратты жасау;
- Ай сайын кері қайтарылуға жататын сомаға тізілім –хабарлама қалыптастыру
және Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментіне беру;
- Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету;
- Қаржылық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік қаражаттын мақсатты және тиімді
пайдалануға, жүргізілетін операциялардың заңдылығын қамтамасыз етуге
бағытталған ұсыныстарды дайындау;
- Ақпараттық қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- Қазынашылық органдарында кадр және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі
жұмысты жүзеге асыру;
- Қазынашылық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға
қатысу;
- Қазынашылық органдарын қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге
асыру.
Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру және функцияларын жүзеге
асыруы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінен,
жергілікті атқарушы органдармен, республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерден мемлекеттік
бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді
алуға.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелердің берілген рұқсаттар шегінде міндетемелер бойынша
бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражатты жұмсау туралы
міндеттемелерді қабылдауын ағымдағы бақылауды жүзеге асыру.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі
қаржыландыру жоспарлары шығыстардың біріңғай бюджеттік сыныптамасының
кодтары бойынша да, айлар бойынша да оның ведомствалық бағынысты
мемлекеттік мекемелерінің тиісті жоспарларының сомасына сәйкес келмеген
жағдайда оны қаржыландыруды тоқтатып қоюға.
Нормативтік құқықтық актілерді, қазынашылық қызметін жетілдіру және оның
міндеттерінің орындалуын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу,
өз құдыретінін шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық тәртіпті сақтауын
бақылауды жүзеге асыру.
Заңманаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бөлімнің мүлкі.
Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар. Бөлімге
бекітілген мүлік республикалық мүлікке жатады. Оған бекітілген мүлікті
дербес иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Заңнамада белгіленген жағдайда және шектен мүлікке иелік ету құқығы берілуі
мүмкін.
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысы
бойынша Департамент бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігінің қазынашылық комитеті төрайымы қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын бастық басқарады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза
қолданады.
Үлгілік ереже мен үлгілік құрлымның негізінде бөлім туралы ережені, оның
құрлымымен штат кестесін әзірлеуді және оны Ақмола облысы бойынша
Департаменттің бастығына бекітуге беруді қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімді мемлекеттік органдарда өзге
ұйымдарда білдіреді.
Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын
жүзеге асыруына дербес жауап береді.
Бөлім қабылдайтын шешімдер бастықтың немесе оның міндеттерін орындайтын
тұлғаның бұйрықтарымен ресімделеді.
Бөлімнің жұмысын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
бағыныстылығы тәртібімен жоғарғы тұрған орган екі жылда бір реттен сирек
емес мерзімділікпен жүргізеді.
Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. Мемлекеттік бюджеттің орындалу рәсімінде Қазынашылықтың ролі.
(Сандықтау Қазынашылық органы мысалында )
2.1. Қазынашылық бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру
жоспарларын жүргізу және оларға өгерістер енгізуі
Бюджет қарапайым тілмен айтқанда мемлекеттер үшін жұмыс істеп
отырғандардың игілігі. Ел бюджет ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды
құралы болып табылады. Кез келген реформаны, экономиканы жүргізу орасан
зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық
саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік қсақтандыру мен қамсыздандыру,
білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пеен
басқаруды қамтитын экономикалық реформа жүргізуге мемлекеттік сыртқы және
ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Қазақстанды бюджет жүйесін қалыптастыру және оның әртүрлі деңгейлері
арасындағы қатынастарды жақсарту үшін жұмыстар жасалып жатқанына бірінші
жыл емес. Негізінен бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру төменде
көрсетілген негізгі мақсаттарды қаржыландыруға бағытталған мемлекеттің
мүмкіншіліктер анықтайтын күрделі процесс болып табылады:
- өндірістік және әлкуметтік сфераны дамыту;
- әлеуметтік-мәдени бағдарламаларды қаржыландыру;
- мемлекеттік басқару және билік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар;
- қорғанысқа жұмсалатын шығындар;
Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы көзқараспен байыпты бағдар
ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені республика былай тұрсын, облыс,
аудандардың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Сонымен қатар әрдеңгейлі бюджеттердің міндеттемелері де әртүрлі болады.
Мысалы, республиканың бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдарламаларды соның
ішінде қорғаныс, басқару аппараты, күрделі ғылыми зерттеулер тағы басқалары
қаржыландырылады. Ал жергілікті бюджет ең алдымен аймақтың әлеуметтік
экономикалық мәселелерін шешуге байланысты бағытталған мақсаттарды
қаржыландыру үшін жауапты. Қазақстан экономикасы нарықтық қарым-
қатынастарға тайғақ кешулі қиын жолдармен, бұралаң белестерден өтіп барып
көшкені бәрімізге белгілі. Бүгінгі күні экономиканың өрлеп, әлеуметтік
міндеттер дәйектілікпен шешіліп жатқанына, халықтың нақты табыс деңгейінің
өсіп, аймақтардың аяғына тұра бастағаны үшін облыстың басқару органдары,
соның ішінде облыстың қаржы мекемелерінің жүргізген нәтижелі жұмыстары
жеткілікті. Қай облыстың бюджеті болмасын бюджет кірісін басқару процесі
ең алдымен Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы, Салықтар мен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы және тиісті жылға
арналған республиканың бюджеті туралы заңдарымен реттелген.
Кесте 2.1.1. 2001-2005 жылдардағы жергілікті бюджеттердің жан басына
шаққандағы шығындары (жан басына шаққанда, мың . теңге)
жылдар
Аймақтар
2001 2002 2003 2004 2005
1 2 3 4 5 6
Қазақстан Республикасы 10281,0 14376,5 20100,0 21150,6 22365,0
Ақмола 7443,4 11287,0 13500,0 14521,6 15210,0
Ақтөбе 7947,0 13726,3 18900,0 19661,0 17852,0
Алматы 9175,3 78100,5 8500,0 8965,3 9015,0
Атырау 11107,6 37966,2 89800,0. 82634,0 89569,8
Батые Қазақстан 9065,6 13159,9 16200,0 16987,0 17102,3
Жамбыл 7564,9 7016,3 1300,0 1425,3 1542,5
Қарағанды 8994,6 12163,4 18181,5 19618,1 20205,8
Қостанай 8584,3 10456,6 17374,7 18523,2 19862,3
Қызылорда 18355,3 13340,8 11857,2 12859,3 13585,0
Манғыстау 10212,9 33940,4 59305,07 6023,2 6835,0
Онтүстік Қазақстан 8387,4 7008,9 10401,5 11059,8 12105,0
Павлодар 10910,7 16347,3 15850,1 16289,0 17256,5
Солтүстік Қазақстан 13688,4 11147,7 12043,6 13050,0 14250,6
Шығыс Қазақстан 10581,2 14796,6 6400,0 6895,5 9853,6
Астана каласы 31906,8 62410,0 72570,3 75869,8 76989,5
Алматы қаласы 12498,0 26376,1 35788,8 37852,2 38985,7
Мәлімет көзі: Егеменді Қазақстан 2006 жыл, 3 ақпан
Кестеде көріп отырғандай 2001-2004 жылдары арасында жергілікті бюджеттің
жан басына шаққандағы шығындарын көруге болады. Кесте бойынша Қазақстан
Республикасы бойынша 2001жылы 10281,0 мың тенгені құраса, 2002 жылы 14376,5
мың тенгені , 2003 жылы 20100,мың тенгені , 2004 жылы 21150,6 мың тенгені
құрады.Соның ішінде 2001 жылы ең үлкен шығынды Астана қаласында 31906,8мың
тенгені құрады .Ал 2001 жылы ең төменгі көрсеткіш Ақмола облысы бойынша
болғанын көре аламыз.2002 жылы ең жоғарғы шығын мөлшері Астана қаласын
болса,ең төменгі шығын мөлшерін Оңтүстік Қазақстанда көсетеді.Ал ең соңғы
көрсеткіш бойынша 2004 жылы ең жоғарға шығынды Атырау қаласында көрсетсе,
ең төменгі шығынды Маңғыстау қаласында көрсеткен.
Бюджетке түсетін кірістер жобасын жасаудағы негізгі база есеп беру
мәліметтері төлемгерлер туралы мәліметер және салықтық түсімдер саласына
байланысты әртүрлі салықтық және салықтық емес түсімдерді аудару тәртібі
төлемдерді бюджетке төлеу уақыты, олардың қалыптасу ерекшеліктерін есепке
алу арқылы және бюджетке аударылатын төлемдердің көлеміне қарай анықталады.
Осыған сәйкес кез келген облыстың қаржы басқармасының негізгі міндеті жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалатын қаржының уақтылы және толық түсуін
қамтамасыз ету болып табылады. Ендігі кезекте Сандықтау ауданы бойынша
соңғы жылдардағы аймақтық бюджеттердің қалай атқаратындылығы жайында
кеңінен тоқтала кетсек, 2004 жылы республиканың бюджетен алынған
субвенцияларды қоса есептегенде облыс бойынша кірістер жоспары 99,7%-ға
несиелеуді есепке алғандағы, шығыстар бойынша жоспары 98,4%-ға орындалған
республиканың бюджетін қарастырылған 2 402 675 мың тенге соммасындағы
субвенция толығымен алынды. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына тоқтала
кетсек 2004 жылы облыс бюджетіне түскен кіріс соммаларының ішінде салықтық
түсімдер 7 630 797 мың тенгені құрады, салықтық емес түсімдер бойынша
жоспарланған 160 086 мың тенгенің орнына 169 711 мың тенге түсті немесе
жоспар 105,8%-ға орындалды, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдер
32 849 мың тенгені құрайды, бюджеттен берілген 154 655 мың тенге
сомасындағы несие жабылды.
Осы жылғы салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша жергілікті
бюджетке берешек сомалар (жыл басына және жыл аяғына) төмендегі кестеде
көрсетілген:
Кесте 2.1.2.Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша жергілікті
бюджетке берешек
Төлемнің атауы 01.01.2005ж. 01.012004.ж. Ауытқулар
1 2 3 4
Заңды тұлғалардың табыс салығы 70021 76454 6403
Жеке тұлғалардың табыс салығы 41086 48283 7197
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 7179 61 - 7118
жеке тұлғалар
Табыс салығы 439075 286137 - 152938
Әлеуметтік салық 111089 60391 - 50698
Заңды тұлғалардың мүлік салығы 1033 912 - 121
Жеке тұлғалардың мүлік салығы 34114 34107 - 7
Жер салығы 8493 15728 7235
Заңды тұлғалардың көлік құралдарына 1133 326 - 807
салынатын салық
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына 25874 69168 43294
салынатын салық
Бірыңғай жер салығы 6 2 - 4
Суды пайдаланғаны үшін төленетін 15180 632 - 14548
Орманды пайдаланғаны үшін төленетін 6 2 - 4
ақы
Мемлекеттікң акция пакеттерінің 774 2478 1704
дивиденттерінен түсімдер
Жерді жалға беруден түсетін түсімдер 3412 62 - 3350
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 13988 21841 7853
түсетін түсімдер
Мемлекет меншігіндегі мүліктерді 7771 7224 - 547
жалға беруден түсетін түсімдер
1 2 3 4
Акциздер 470 978 508
Барлығын қосқандағы жергілікті 777 286 628 434 - 148 852
бюджетке берешек сома
Мәлімет көзі : Қаржы журналы № 3 2006ж
Енді осы жылғы бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына келетін болсақ
облыс бойынша мемлекеттік басқару органдарын ұстауға 569 893 мың тенге
жұмсау көзделген болатын, соның ішінде жұмыс берушілердің жарналарын
қосқанда еңбекке ақы төлеук қоры 351 173 құрады, барлығын қосқанда 555 469
мың тенге алынды (97,5%) еңбек ақы қорын қоса алғанда 27983,6 мың тенге
(97,3%) қарастырып отырған жыл ішінде қорғанысқа жоспар бойынша 151 107 мың
тенге бөлінген болатын, сол соманың 99,8% алынды, соның ішінде жалақыға
72262 мың тенге (99,9%).
Қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарын
ұстауға 326 633 мың тенге сомасында қаржы бөлу көзделген болатын, сол
соманың 99%-ы алынды.
Қандай аймақ болмасын білім беру саласына үлкен мән береді. Соның ішінде
Сандықтау ауданыны да жыл сайын облыс бюджетінің қомақты сомасын осы салаға
бөледі. Есепті жылда білім беру саласында бекітілген жоспардағы 3 200 766
мың тенгені құрады. Соның ішінде қирау алдында тұрған ауыл мектептерін
жөндеуге 11 млн. тенге мектеп парталары мен тақталарын сатып алуға 33,7 мың
тенге бөлінді.
Республика президентінің тапсырмасы бойынша жалпы білім беретін
мектептерді компьютерлендіру 36,3 млн тенге сомасында қаржы жіберілді. 2000
жылы денсаулық сақтау саласына бюджеттің 2 792 911 мың тенге жұмсалынды.
Аудан көлемінде түберкүлезбен ауыратындар санының артуына байланысты 2000
жылдың 16 қараша айынан бастап қала әкімнің шешімімен қаланың
тубденспансерлеріндегі орындар жаңадан 50 орынға көбейтілді, бұған қосымша
қалалық бюджеттен 3 млн. тенге бөлінді. Ауылдық жерлердегі амбулаториялық
мекемелерінде халыққа алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету
бағдарламасы бойынша 134 819 мың тенге жоспарланған, нақты орындалған 123
903 мың тенге немесе 91,9%. Бөлінген қаржының толықтай жұмсалмауы аудандық
бюджеттердің кіріс бөлігінің орындалмауы мен осы ауданда мемлекеттік
тапсырыс шегіндегі бағдарламалардың сәйкесінше толық қаржыландыруымен
байланысты.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке бюджеттен 943405 мың
тенге жоспарланған, нақты орындалғаны 929 103 мың тенге немесе 98,5%
мемлекеттік атаулы көмекті төлеуге 539 443 мың тенге жұмсалынды немесе
жоспарланған саланың 98% жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлікті қолдау
мақсатында бюджеттен 41 754 мың тенге немесе көрсетілген соманың 84%
алынды. 2001 жылы Сандықтау ауданы бойынша Республикалық бюджеттен алынған
субвенцияларды қоса есептегенде кірістер жоспары 100%-ға орындалды. Жылдың
басындағы 83113 мың тенге сомасындағы бюджет дифициті бюджет қаржыларының
қалдықтарын бағыттау есебінен жабылды. Аудан бюджетінің меншікті кірістері
101,7%-ға орындалды (болжанған 10775595 мың тенгенің орнына нақты 10963775
мың тенге түсті).
Кірістер түсімінің құрылымында салықтық түсімдер 10 721 311 мың тенгені
сәйкесінше салықтық емес түсімдер 173 065 мың тенгені капиталмен
жүргізілетін операциялардан түсімдер 69 199 мың тенгені құрайды, бұрын
бюджеттен берілген 234 457 мың тенге сомасындағы несие жабылды. 2002 жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджет алдындағы қарыз 631131,2 мың тенгені
құрады. 01.01.04 жылмен салыстырғанда бюджетке қарыз 8099,2 мың тенгеге
азайған.
Мемлекеттік бюджетке Сандықтау ауданы бойынша төленетін салық түрлері мен
көлемін келесі 2.1.3 кестеден көруге болады.
Кесте 2.1.3.Салықтық түсімдер(мың тенге )
01.01.06 01.01.05. Ауытқу
Салықтар түрі жағдайы жағдайы (+,-)
бойынша бойынша
берешек берешек
1 2 3 4
Заңды тұлғалардың табыс салығы 76477 73663,6 - 2813,4
Төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс 48283 139217,3 90934,3
салығы
Кәсіпкерлерден алынатын табыс салығы 48283 139217,3 90934,3
әлеуметтік салық 280727 245462,9 - 35264,1
Заңды тұлғалардың мүлік салығы 60391 40967,9 - 19423,1
Жеке тұлғалардың мүлік салығы 912 349 - 563
Ауыл шаруашылық мәндегі жер салығы 834 1171,7 337,7
Елді мекендердің жер салығы 30973 28554,4 - 2418,6
өндіріс, транспорт және тағы басқалардың394 377 - 17
жер салығы
Су қорының жер салығы 1906 0 - 1906
Заңды тұлғалардың көлік құралдарына 15728 8850,6 - 6877,4
салық
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық326 483 157
Бірыңғай жер салығы 3712 6938,6 3226,6
Акциздер 962,5 932,5 917
1 2 3 4
Суды пайдаланғаны үшін төленетін ақы 69168 58496 - 10672
Заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын0 25 25
алым
Жер учаскілерін жалға беруден түсетін 2478 2696 218
түсімдер
Басқа да салықтар 0 236 236
Барлығы 623032 631131,2 8099,2
Мәлімет көзі : Хабаршы журналы № 3 2006ж
Бұл кестені ашып қарайтын болсақ 2005 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша берешек осы жылдың
басындағы берешекпен салыстырғанда 2813,4 мың тенгеге азайған.
Берешектердің азаюы мына кәсіпорындардың өз қарыздарын жабу есебінен
болады.
Заңды тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық бойынша берешек есепті
кезеңінде 19 423 мың тенгеге азайды, негізінен берешекіердің азаюы, олардың
өз қарыздарын жабу есебінен жүзеге асырылады. Аудан бюджеттерінің кіріс
бөлігінің түсімдерін барынша толықтыруда салық инспекциясы мен салық
полициясы органдарына үлкен үміт атқарылды. Осы жылда салық органдары
көптеген кәсіпорындарды тексеріп нәтижесінде бюджетке миллиондаған қаржы
түсірілді.
Заңды тұлғалардың мүлік салығы 2006 жылдың 1 қаңтарына 40967,9 мың тенге
болса, 2005 жылы 60391 мың тенгені құра, 19423,1 мың тенгеге артық болған.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2006 жылдың 1
қаңтарына 326 мың тенге болса, 2005 жылы 483 мың тенгені құрап ,157 мың
тенгеге аутқуды көрсетеді.
Ал бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуын қысқаша мына төмендегі кесте
арқылы көрсетуге болады.
Кесте 2.1.4.
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2005 жыл аяғына (мың тенге )
Атауы Бекітілген Анықталған Кассаның Орныдалу
бюджеттер бюджеттер орындалуы пайызы
1 2 3 4 5
Шығыстар 10171848 13327555 13173711 98,9
Жалпы мәндегі мемлекеттік341497 395176 391339 99,0
қызмет көрсетулер
Қорғаныс 166170 238773 238532 99,0
Қоғамдық қауіпсіздік 300914 414145 413544 99,0
Денсаулық сақтау 2705305 3511730 3508024 99,9
Әлеуметтік қамсыздандыру 1507087 1830587 1709871 93,4
мен әлеуметтік көмек
Комуналдық үй шаруашылығы663127 1595885 1592641 99,8
Мәдениет, спорт, туризм 354969 526517 525069 99,7
және ақпараттық кеңестік
Ауыл, су, орман, балық 136645 162308 158613 99,7
шаруашылығы және қоршаған
ортаны қорғау
1 2 3 4 5
Транспорт және байланыс 276519 484924 479858 99,0
Басқалары 246350 563010 559727 99,4
Қарыз қайтарымы 7519 14296 14296 100
Несиелеу 18994 474800 479800 100

Жылдық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың
шешімдеріне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат
шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті
атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде
бекітіледі.
Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті
бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып,
жетілдірілген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері
құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша
шығыстардың есебі негізінде жасалады.
Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, жылдық қаржыландыру жоспарына
өзгерістерді бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және оны
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді, сондай-ақ бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілеріне паспорттардың тиісті өзгерістерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекіткеннен кейін
бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары
ерекшеліктерінің мемлекеттік мекемелер өткізетін бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарындағы іс-шараларда көрсетілген операциялардың түрлеріне сәйкес
келуін қамтамасыз етеді.
Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау тәртібі.
Бюджетті атқару үшін мынадай жоспарлардың түрлері жасалады:
- мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрі –
дербес қаржыландыру жоспарлары);
- міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрі – бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары);
- түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша
жиынтық жоспар.
Дербес қаржыландыру жоспарлары Ережеге 1-15 қосымшаларға сәйкес нысандар
бойынша бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар санмен мың
теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін
қаржыландыру жоспарлары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары,
міндеттемелер бойынша жиынтық жоспар осы бөлшек қалдығынсыз бүтін санмен
мың теңгемен қалыптастырылады.
Дербес қаржыландыру жоспары мынадай: міндеттемелер бойынша мемлекеттік
мекемені дербес қаржыландыру жоспары және төлемдер бойынша мемлекеттік
мекемені дербес қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – төлемдер бойынша дербес
қаржыландыру жоспары) нысанында қалыптасатын бюджетті атқару жөніндегі
мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады. Төлемдер
бойынша дербес жоспардың жылдық сомасын ай бойынша бөлу паспортта көзделген
әрбір бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы
ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар
(жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес
келуі қажет.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарларының
жобаларын мыналардың негізінде мемлекеттік мекемелер әзірлейді:
- бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету)
кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып, жетілдірілген бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде ұсынылатын бюджеттік
бағдарламалар бойынша шығыстардың есептері (бұдан әрі – бюджеттік
өтінім);
- бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламалары бойынша іс-шаралар және
оларды іске асыру мерзімі сияқты паспорттардың көрсеткіштері;
Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы
заң) сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу
жөніндегі конкурстарды өткізу мерзімі және тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) берушімен немесе бюджеттік бағдарламаларды алушымен шарттар
жасасу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асырудағы
жұмыстарды өткізудің маусымдылығының есебі және өткен қаржы жылдарында
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын
орындау мерзімі;
- бюджеттік бағдарламалар бойынша нормативтік құқықтық актілер;
- басқа да нормативтік құқықтық актілер;
- Қазақстан Республикасының ББС (шығыстардың функционалдық, ведомстволық
және экономикалық сипаттамаларын ескере отырып);
- тиісті қаржы жылында бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің анықтамалығы;
- шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігінің құрылымы.
Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларына, оларға есептерге және
жоспарларды айға бөлу негіздемесіне бірінші басшысы немесе уәкілеттік
берілген тұлға және олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, ал тиісті бұйрықтармен олардың
міндеттері жүктелген соңғы тұлға болмаған кезде оның мөртабанымен расталады
және оны мемлекеттік мекеме оларға белгіленген мерзімде бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісіне береді.
Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын мемлекеттік мекемелер оларға
белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
Мемлекеттік мекеме дербес қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу
дұрыстығы мен олардың тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне уақтылы
берілуін қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары дербес
қаржыландыру жоспарларын жинақтау арқылы қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін
қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы бюджет шығыстарының
экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері-жылдық қаржыландыру жоспары және
бюджеттік өтінім бөлінісінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және
жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен (бұдан әрі – Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысы)
бекітілген сомаға сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттік бағдарламаларды әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мынадай
талаптарды ескере отырып жасалады:
1) бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар жоспарына сәйкес келу;
2) міндеттемелердің уақытылы қабылдануы мен орындалуын
қамтамасыз ету;
3) кредиторлық және дебиторлық берешектердің пайда болуына жол
бермеу;
4) бюджетке түсетін түсімдердің күтілген көлемін ескере отырып, ай
бойынша бюджеттің теңгерімділігін сақтау.
Экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде бюджеттік
бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жылдық соманы ай бойынша бөлу
кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен белгіленген конкурстық
рәсімдерді өткізудің мерзімі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) іске асыруда жұмыстар жүргізудің маусымдылығы, сондай-ақ
міндеттемелер қабылдаған мемлекеттік мекемелердің болжамдалған ақы төлеу
мерзімі ескеріледі.
Төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру
жоспарларының жобалары түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын
қалыптастыру үшін пайдаланылады, міндеттемелер бойынша бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобалары
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін
пайдаланылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жылдық қаржыландыру жоспарын
бекіткеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық
қаржыландыру жоспарына сәйкес келетін тиісті қаржы жылына арналған
міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын, оларға есептерді
және жоспарларды айға бөлу негіздемесін, сондай-ақ дербес қаржыландыру
жоспарларының жобаларын береді.
Дамуға мақсатты ағымдағы трансферттер және мақсатты трансферттер
бойынша, сондай-ақ бюджеттік несиелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарлама
бойынша тұтастай болатындай төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға
береді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының
жобалары бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган белгілеген форматта қағаз түрінде және магниттік
тасығыштармен, дербес қаржыландыру жоспарларының жобалары - тек магниттік
тасығыштармен беріледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларының растығын, ресімделу
дұрыстығын және бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдарға уақтылы
берілуін қамтамасыз етеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер жоспарларының
жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы орган
қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде жасайды.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерін атқару
жөніндегі уәкілетті органдар 25 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде
бюджетті атқару жөніндегі орталык уәкілетті органға алдын ала айға бөлінген
түсімдердің жиынтық жоспарының жобасын ұсынады.
Бюджетке түсетін түсімдер жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілген түсімдердің
санаттары, сыныптары, ішкі сыныптары және ерекшеліктері бойынша түсімдердің
сомасына сәйкес келуі қажет және кірістердің түсімі, бюджеттік несиелерді
өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан және қарыздар жоспарларынан
тұрады.
Республикалық бюджеттің кірістері түсімдерінің жоспарлары тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және оларға есептерді
іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданғаннан
кейін бес жұмыс күні ішінде сәйкес нысандар бойынша салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды қамтамасыз
ететін мемлекеттік органдар беретін кірістердің түсімдері жоспарларының
жобаларын ескере отырып, республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
орган қалыптастырады.
Кірістердің түсімдерін, бюджеттік несиелерді өтеуді, қаржылық
активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айға бөлуді Қазақстан
Республикасының заңнама актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді
төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін
түсімдердің серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін
және бағалы қағаздар рыногіндегі сұраныстар мен ұсыныстар деңгейін
талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы
келісімдер талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
орган жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік
кредиттер бойынша, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген
бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі
жоспарлардың жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды
және аталған түсімдердің коды бойынша тұтастай және де төмен тұрған
бюджеттер бөлінісінде ұсынылады.
Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі)
тиісті 12-бабындағы құрылым бойынша жасалады және ол бекітіледі:
Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарының (бұдан әрі – түсімдердің
жиынтық жоспары) мынадай құрылымы болады:
түсімдер, жиыны
оның ішінде:
1) кірістер:
салық түсімдері;
салықтан тыс түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттердің түсімдері;
2) бюджеттік кредиттерді өтеу;
3) мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер;
4) қарыздар бойынша негізгі борыштің түсімі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарларының (бұдан әрі –
қаржыландырудың жиынтық жоспарлары) мынадай құрылымы болады:
шығыстар, жиыны
оның ішінде:
5) шығындар;
6) бюджеттік несиелер;
7) қаржылық активтерді сатып алу;
8) қарыздарды өтеу.
26. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының Бюджет кодексінің 13-бабына
сәйкес мынадай құрылымы болады:
1) кірістер:
- салық түсімдері;
- салықтан тыс түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттердің түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік несие беру:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді өтеу;
5) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо;
- қаржылық активтерді сатып алу;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер;
6) бюджеттің тапшылығы (профициті);
7) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
- қарыздардың түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен қаржыландырудың
жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын
жылдық қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін екі апта ішінде жасайды
және оны бекітеді.
Қаржыландырудың жиынтық жоспарлары мынадай шарттарды ескере отырып
қалыптасады:
- қаржыландырудың жиынтық жоспарлары түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық
жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына
енгізу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларын
жиынтықтау арқылы қалыптастырылады;
- қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бюджеттік бағдарламаларының және
кіші бағдарламаларының жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органның қабылдаған қаулысына, ал экономикалық
сипаты бойынша – жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуі тиіс;
- жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін ресми
трансферттер мен кредиттердің сомасы төмен тұрған бюджеттің түсімдер мен
міндеттемелердің жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары
ретінде сондай көлемде және сол айларда жоғары тұрған бюджеттің
қаржыландыру жиынтық жоспарында ескеріледі;
- ресми трансферттер, төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке
берілетін кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен
алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджетке сыйақылар (мүдделер)
төлеу сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдер бойынша жиынтық
жоспарындағыдай сол көлемде және сол айларда төмен тұрған бюджеттің
қаржыландыру жиынтық жоспарларында ескеріледі;
- қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу қорытындысымен бюджетке
түсетін түсімдердің және қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу
қорытындысымен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші
бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық және айлық жоспарлары бюджетке
түсетін түсімдердің жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарында теңгерімделуі қажет.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz