Бюджетті қалыптастыру мәселелері (Қостанай облысы Жітіқара ауданы бойынша)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі м. а
Н. Сартанова
___ 20___ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бюджетті қалыптастыру мәселелері»
(Қостанай облысы Жітіқара ауданы бойынша)
Мамандығы 050509 - Қаржы
Орындаған Р. И. Гасанов
Ғылыми жетекшісі
қ. ғ. н, профессор м. а Б. Н. Жаналинов
Қостанай 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары . . . 5
1. 1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі . . . 5
1. 2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері . . . 11
2 ҚР жергілікті бюджет . . . 20
2. 1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті) . . . 20
2. 2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы . . . 22
2. 3 Жітіқара ауданы бюджет көздері . . . 30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары . . . 34
3. 1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру . . . 34
3. 2 Жітіқара ауданының даму жолдары . . . 44
Қортынды . . . 60
Пайдалынған әдебиеттер . . . 63
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық кызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жаткан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылыгы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Республика экономикасының дамуы соңғы жылдары аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық рыноктық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай есуге қол жеткізді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айкындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты. [1]
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.
Әрбір аймақтың экономикаға қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро-және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.
Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.
Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады. [2]
Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойынша қаржылық жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін пайдалану арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық деңгейін қамтамасыз ету тұжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты - ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.
- Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары
1. 1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту рөлі
Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы". Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тұжырымдамасы туралы".
Ұсынылып отырған Тұжырымдама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды.
Қаржы саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру халықаралық талаптарға сәйкес, нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiтудi, олар белгiлеген объектiлер мен құқықтық нормалардың қолданылу аясын бөлудi ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау ұғымын айқындаудың объективтiк қажеттiгiнен туындап отыр.
Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының арасында міндеттер мен өкілеттіктерді айқын шектеудің жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi. [3]
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Бюджет қатынастары - мемлекетпен, халық, мекемелер, кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайтақұруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондайөақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай -ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан. Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді. [4]
Қазақстан Республикасында республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Есеп комитетi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн тұрақты қызмет ететiн
мемлекеттiк орган ретiнде құрылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық Заңына және бекiтiлген ережеге сәйкес Есеп комитетi белгiленген тәртiппен алынатын ақпаратты талдау және жүргiзiлетiн бақылау іс-шараларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне комитет жұмысы туралы тоқсан сайынғы баяндамаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентiне өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылатын комитеттiң жылдық есебiн берiп отырады. Есеп комитетiнiң жылдық есебi Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
Жергiлiктi бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептердiң бекітілуі, оның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңға сәйкес тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органның (мәслихаттың) құзыретi болып табылады. Жергіліктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихат өзiнiң өкiлеттiк мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды және оның мүшелерiнiң санын белгiлейді. Тексеру комиссиясының өкiлеттiктерi мен жұмыс iстеу тәртiбi мәслихаттың регламентiмен айқындалады.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтiлуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың қазынашылық шешiмдерге сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтілуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын қазынашылық рұқсат беруге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының пайдаланылуына тексерулер жүргiзудiң тәртiбiн және кезеңділігiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiндiгiне қарамастан, оған оларды үйлестiру, әдiстемелерiн әзiрлеу мен енгiзу өкiлеттiлiктерi берілмеген, ал Есеп комитетiнiң осы "тәртiбi және мерзiмдiлiгi" айқындамасына қатысуы заңдарда тiптi көзделмеген де.
Есеп комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнiң қызметiне оларға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану бөлiгiнде талдау жасайды және бақылайды, көрсетiлген бағдарламалар мен оларды құрастырушы ішкi бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға бередi.
Жүргiзiлген тексерулердiң қорытындылары бойынша Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынымдар, оның ішiнде нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегі тиiстi ұсынымдарды жолдайды.
Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары салық және өзге де мемлекеттік органдарының қызметіне олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерге толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау жасайды.
Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының тексерулерi мен талдауының мәнi қаржылық есеп берудiң ғана емес, сол сияқты, есеп берудiң басқа да тиiстi түрлерiнiң мәлiметтерi болып табылады, онсыз республикалық және жергіліктi бюджеттер қаражатының тиiмдiлiгiне және мақсатты пайдаланылуына баға беру мүмкiн емес.
Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының мүшелерi тексерулердi тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк түрiндегi ұйымдардың қаражаты есебiнен емес, комитет пен комиссияларды ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының есебiнен жүргiзедi.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау және Есеп комитетiнiң тексерулерi анағұрлым кешендi, жүйелi сипатқа ие. Iс жүзiнде Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне бақылау iс-шараларын, зерттеулер мен талдау жүргiзу барысында, оның iшiнде ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жөнiндегi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған аудиторлық тұжырымдарды талдау барысында қол жеткiзедi.
Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының бұл функциялары мен мiндеттерiн iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ішкi бақылау жүйесiнiң аралас үлгiсi қалыптасты. Орталықтандырылған iшкi бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырса, орталықтың қарамағынан шығарылған iшкi бақылауды кейбiр министрлiктердiң бақылау-тексеру қызметтерi жүргiзедi.
Бұл үлгiнiң негiзгi кемшiлiгi тәсiлдер мен әдiстемелердiң үйлестiрiлмеуiне байланысты бақылау объектiлерiндегi жағдайдың терең зерттелмеуi болып табылады, бұл, бақылау процесiнде бiр-бiрiн қайталау мен кемшiлiктердiң пайда болу мүмкiндiгiн туғызады. Осы үлгi қаржылық есептiлiктiң кейбiр элементтерiмен сәйкестiк бақылауын ғана жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, ал тиiмдiлiк бақылауы одан тысқары қалып отыр.
Республикалық және жергiліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мынандай нысанда iске асырылады: алдын ала бақылау мемлекеттiк органдардың, бюджет ақшасы есебiнен ұсталатын, демеуқаржылар мен несиелер алуға үмiткер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiгiн алудың есебiнен ұсталатын мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануы жобаларын жасау және қарау сатысында жүзеге асырылады; ағымдағы бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану жөнiндегi қаржы операцияларын жүзеге асыру сатысында жүргiзiледi;
республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын уақтылы, мақсатты және тиiмдi пайдалануына, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есептердiң дұрыстығына кезектi бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қаржы операцияларын жасау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңында "бюджет процедурасы" ұғымы мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың бюджеттi әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту жөнiндегi заңнамамен регламенттелуi ретiнде айқындалған. Атқарылу мәселелерi, мысалға республикалық бюджеттiң атқарылуы аталмыш заңның тек бiр ғана бабында көрсетiлген, ал оның атқарылуын бақылау мәселелерi - баржоғы бiр сөйлеммен ғана келтiрiлген - "республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады". Тиiстi заңнамалық нормалардың осындай жетiспеушiлiгi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы мен бақылауы мәселелерiнде де орын алған. [5]
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тиiстi регламенттеу үшiн "бюджеттің атқарылуы" ұғымын, дәлiрек айтқанда республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы процесi қай жерден басталып, қай жерде аяқталатыны туралы мәселенi анықтап алу қажет. Қалыптасқан практика мен қолданылып жүрген заңнамалар қойылған сұраққа жауап бере алмайды.
Сонымен бiрге, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдерде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау саласындағы Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың мiндеттерi мен функцияларының нақты шектелуi жоқ. Бұдан басқа, салық-бюджеттiк қызмет практикасында да, ғылыми-теориялық зерттеулерде де республикалық және жергілiктi бюджеттердi талдау мәселелерi тыңғылықты, кешендi шешiмiн таппаған. Сондықтан да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сараптау, бағалау, талдау әдiстемелерi мен стандарттарын әзiрлеу және бекiту мәселесi кідiртпей шешудi талап етедi.
Қазiргi кездегi ұлттық корпорациялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде мемлекеттiк қаржының пайдаланылуын жүйелi бақылаудың жоқтығы да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiрудiң қажеттілiгiн негiздеудiң факторы болып табылады.
Бақылау органдарының мiндеттерiнiң өзiндiк ерекшелiгi бақылау iс-шараларын жүзеге асырудың нысандары мен түрлерiнiң ерекшелiктерiнде көрiнiс табады. Бақылау органының орны мен рөлiн айқындауда оның қаржылық бақылау нәтижелерiн көрсететiн кесiмiнiң мәртебесi елеулi маңызға ие. Кесiм мәртебесiнiң ерекшелiктерiнiң дәл баяндалуы ғана емес, олардың тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде нақты көрсетiлгенi де маңызды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың орын алып отырған ұйымдық және әдістемелік проблемаларын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сол сияқты жеке меншік нысанындағы ұйымдардың әлі күнге дейін есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарына толық көшпегендігі де күрделендiре түседi. Бұл жағдайлар халықаралық қаржы практикасындағы жинақталған жалпыға ортақ қабылданған әдiстемелiк базаны пайдалануды тежейдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz