Шанхай ынтымақтастық Ұйымы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1 - тарау. ШЫҰ: құрылуы, негізгі мақсат-міндеттері және ұйымдық құрылымы мен қызмет ету принциптері
- Шанхай ынтымақтастық Ұйымының құрылу алғышарттары
- «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялануы.
- Шанхай ынтымақтастық Ұйымының негізгі мақсат-міндеттері, ұйымдық құрылымы және қызмет ету принциптері
2 - тарау. Шанхай ынтымақтастық Ұйымы: ынтымақтастық бағыттары мен даму перспективалары
2. 1. ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттары
2. 2. Әлемдік қауымдастықтағы ШЫҰ-ның ролі
2. 3. ШЫҰ-ның даму перспективалары.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде аймақтық интеграция идеясы жеткілікті деңгейде кең етек алып отыр, ал динамикалық түрде дамушы Шанхай Ұйымы болашақта толыққанды интегрциялық бірлестік болуы мүмкін. Одан басқа, Ресейге оның одақтасы кім болатындығын таңдауға тура келеді: Батыс немесе Шығыс. Осыған байланысты ШЫҰ-н зерттеу бүгінгі таңда өзекті зерттеу тақырыбы болып табылады.
ШЫҰ-ын құра отырып, мүше мемлекеттер ХХІ ғасырдағы көп қырлы саясаттың қарқынды дамуы барысында экономикалық, ақпараттық жаһандану кезеңінде «Шанхай бестігі» механизмінің ынтымақтастықтың бұрынғыдан да жоғары деңгейіне көтерілуі, оған бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, заманның жаңа қаупін жеңуге мүмкіндік береді деген үміт артты. ШЫҰ-ы - өзге мемелекеттер мен аймақтарға қарсы бағыт алған Одақ емес, керісінше олармен бейбіт қарым-қатынас жасауды ұстанған ұйым.
Зерттелу мәселесі - Кімдер зерттеген, қандай еңбектерде қарастырылған азиялық аймақ елдері үшін «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялану қажеттілігі. Зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты жазу барысында аталған тақырып бойынша жазылған отандық және шетелдік, оның ішінде Ресей сарапшыларының саяси зерттеулері пайдаланылды. Сондай-ақ диплом жұмысы ШЫҰ-ы Хартиясы, ШЫҰ-ның құрылуы туралы Декларация, қытай-кеңес шекарасы аудандарындағы әскери саладағы сенімді нығайту және қарулы күштерді қысқартудағы жетекші принциптер туралы КСРО үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы Келісімге, шекара аудандарында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы РФ, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және ҚХР арасындағы Келісім, РФ, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және ҚХР-ы арасындағы шекара аудандарында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Келісім, Алма-Аты кездесуіне қатысушылардың - Қазақстан Республикасының, ҚХР-ның, Қырғыз Республикасының, РФ және Тәжікстан Республикасының Біріккен Мәлімдемесі, Қазақстан Республикасы, ҚХР, Қырғыз Республикасы, РФ және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының Біріккен Душанбе Декларациясы, терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясы, Шанхай ынтымақтастық Ұйымының мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер Кеңесінің қызмет тәртібі туралы Уақытша Ереже, ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер арасындағы Аймақтық антитеррористік құрылым туралы Келісім сияқты құжаттарға негізделген. Сонымен қатар дипломдық жұмыста мерзімді басылым мәліметтері де пайдаланылды: «Егемен Қазақстан», «Международная жизнь», «Россия в глобальной политике» және т. б.
Жұмыстың мақсаты - азиялық аймақ елдері үшін «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялану қажеттілігін зерттей отырып, ШЫҰ-ның ынтымақтастық бағытын, болашақтағы даму тенденцияларын бағдарлау.
Зерттеу объектісі Шанхай ынтымақтастық Ұйымы болып табылады.
Зерттеу пәні - ШЫҰ-ның құрылу тарихынан бастап қызмет ету саласы, мақсат-міндеттері, ынтымақтастығының негізгі бағыттары, даму перспективалары.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- «Шанхай бестігінің» құрылуын, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын зерттеу;
- «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялануын қарастыру;
- ШЫҰ-ның ұйымдастыру жүйесіне құрылымдық сараптама жасау;
- ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ШЫҰ-ның тиімді қызметін анықтау;
- Ұйымның болашақ дамуына сипаттама беру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі төмендегідей жалпы ғылыми әдістерді пайдалану болып табылады: салыстырмалы талдау, обобщения, гипотетико-дедуктивті әдіс, жүйелілік бағыты, сонымен қатар жеке ғылыми тарихи әдістер: ретроспективті, суреттемелі-баяндау, салыстырмалы-тарихи, терминологиялық сараптау әдісі. Жұмыс барысында көпшілік жағдайда ШЫҰ-ы шеңберінде түрлі бағыттарды зерттеу үшін қолданылған салыстырмалы-тарихи әдіс пайдаланылды. Суреттемелі-баяндау Шанхай ынтымақтастық Ұйымының қалыптасуы және дамуына қатысты үрдістерді қарастыру үшін қолданылды. Терминологиялық сараптау әдісі зерттеу тақырыбы бойынша ұғымдық аппаратты қарастыру барысында қолданылды. Ретроспективті әдіс «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялануының тарихи алғышарттарын анықтау үшін пайдаланылды.
Жаңашылдық және теориялық маңыздылық элементтері - отандық және шетелдік авторлар еңбектерінде сақталған зерттеу тақырыбы бойынша материалдарды жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ «бестіктің» ШЫҰ-на трансформациялану қажеттілігін анықтау.
Тәжірибелік маңыздылығы - аталған зерттеу нәтижелерін тарих және әлеуметтік-гуманитарлық факультет студенттеріне семинар сабақтарына дайындалу кезінде, сондай-ақ студенттік конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, симпозиумдарға баяндамалар құрастыру барысында қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тараудың өзі бірнеше бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Шанхай ынтымақтастық Ұйымының құрылу алғышарттары, «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық Ұйымына трансформациялануы, Шанхай ынтымақтастық Ұйымының негізгі мақсат-міндеттері, ұйымдық құрылымы және қызмет ету принциптері баяндалса, екінші тарауда ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттары, әлемдік қауымдастықтағы ШЫҰ-ның ролі және ШЫҰ-ның даму перспективалары сөз болады. Сондай-ақ аталған тарауда Ұйым қызметінің тиімділігіне сараптама жасалады.
Бұл Ұйымға мүше-елдерде (Ресейде, Қытайда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда) барлық дүние жүзі халықтарының төрттен бір бөлігінен астамының өмір сүретіндігімен, және олардың территориясында ауқымды, ал бірқатар жағдайларда алуан түрлі табиғат байлықтарының негізгі бөлігінің шоғырлануымен, және ШЫҰ-ы мүшелерінің ірі әскери потенциал иеленуімен түсіндіріледі. Осы материалдық факторлар жиынтығы, Ұйым мүшелерінің өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетін сыртқы саяси бағытын ұстануға тырысуы ШЫҰ-н қазіргі халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың неғұрлым беделді ықпал ету полюстерінің біріне айналдырады. Бұдан басқа, ШЫҰ-ның құрылуы «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуынан кейін бір полярлық әлем теориясы мен тәжірибесін жоққа шығарған неғұрлым маңызды оқиғалар қатарына жатады.
ШЫҰ-ның қазіргі қызметі және әсіресе оның одан әрі даму перспективалары түрлі пайымдаулар мен сипаттамалрдың тууын туғызады.
Біріншіден, ШЫҰ қызметінің қазіргі немесе болашақта болуы мүмкін негізгі мазмұны төңірегінде даулар жүргізіліп келеді. Бақылаушылардың бір бөлігі бұл ұйымды экономикалық әдістер басымдылығы бойынша аймақтық қауіпсіздікке қол жеткізуге тырысатын мемлекеттер бірлестігі ретінде қабылдайды. Екінші біреулері - ШЫҰ-н антибатыстық бағыттылығымен (өзіндік антишығыстық - НАТО) қалыптасушы әскери-саяи блок ретінде қарастыруға бағыт алған.
Сонымен қатар бұл ұйымның ірі мүшелері - Ресей мен Қытайдың орны мен рөлін бағалауға, сондай-ақ олардың арасында қалыптасушы сипаттағы қарым-қатынастарына қатысты алуан түрлі пікірлер бар.
Олардың бірін сәйкесті - Ресей мен Қытай ШЫҰ-н құру жолымен екі держава үшін де стратегиялық маңызды аймақ - Орталық Азиядағы өздерінің ұлттық мүдделеріне өзара тиімді баланс таба алды, және бұл балансты болашақта қайырымды көрші қатынасын және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сақтауға ниетті.
Екінші бір көзқарасқа сәйкесті ШЫҰ-ы төңірегіндегі Ресей және Қытай арасындағы қатынастардың қазіргі сипаты - уақытша құбылыс, бұл державалардың әрқайсысы ШЫҰ-ғы жетекшілікке ұмтылады, бұл өз кезегінде олардың мүдделерінің сөзсіз қақытығысуына және ШЫҰ-ы қызметінің болашағына түрлі қатынастардың қалыптасуына негіз салады.
Үшіншіден, энергетикалық және су ресурстарын бірігіп пайдалану, территориялық мәселелер бойынша ШЫҰ-ның орталық-азиялық мүшелері арасында өзара қарым-қатынас перспективаларын бағалау неғұрлым қарама-қайшылықты көрінеді. Бұған қоса көптеген зерттеушілер мен бақылаушылар Орталық Азиядағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақтық жетекшілік үшін жүріп жатқан күрсеке үлкен назар аударады.
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, ШЫҰ-ы қызметіне, осы ұйым алдында тұрған алуан түрлі мәселелерді, ұйым қызметінің тиімділігін сараптауға арналған дипломы жұмысы.
1. ШЫҰ: құрылуы, негізгі мақсат-міндеттері және ұйымдық құрылымы мен қызмет ету принциптері
1. 1. Шанхай ынтымақтастық Ұйымының құрылу алғышарттары
Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру негізі Кеңестер Одағы мен Қытай Халық Республикасы шекаралық мәселелерді шешуге кіріскен кезде, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде қаланған болатын. Кеңестер Одағының құлауынан кейін Ресей және Орталық Азияның жаңа құрылымдық мемлекеттері бейнесіндегі келіссөздердің жаңа мүшелері анықталды. Көршілес ТМД мемлекеттері - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен - барлық территориялық мәселелерді өркениетті түрде шешуге қол жеткізгеннен кейін Қытайдың алдында жемісті аймақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болашағы ашылды. Бұл Ресей мен Қытай үшін Орталық Азияға басқа әлемдік орталықтардың отарлық күші мен ықпалын тоқтатуға, орталықазиялық мемлекеттердің қарқындылығын өз қарауына біріктіруге керемет мүмкіндік берді.
Кеңес Одағының құлауынан кейін ТМД мемелкеттері тек экономикалық және әлеуметтік мәселелерге ғана емес, сонымен қатар шекаралық мәселелерді шешу қажеттілігіне тап болды. Бірінші кезекте, Қытаймен, себебі бұрынғы Кеңестер Одағының басшылығы ондаған жылдар бойы аталған маңызды мәселе бойынша қандай да бір оң шешім жасай алмады.
Аталған мәселені шешу үшін жалғыз мүмкін боларлық жол таңдап алынды - консенсус және өзара тиімді мүдделерді есепке алу негізінде даулы мәселелерді бейбіт реттеу. Нәтижесінде, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, «біз жүздеген жылдар бойы шешілмеген шекара мәселесін кейінгі ұрпақ айналыспас үшін шештік».
ШЫҰ бейнесі - «Шанхай бестігі» механизмі, бастапқыда ҚХР-ның Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен шекаралас аудандардағы сенімділікті нығайту және әскери күштерді қысқарту негізін дамытудан бастау алды. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуынан кейін халықаралық және аймақтық жағдайда күрделі өзгерістер жүрді, бейбітшілік және даму дәуір тазалығына айналды. Оның ізімен күн тәртібінде көршілес бес мемлекет - Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы қайырымды көрші, өзара сенім, достық және ынтымақтастық қатынастарын нығайту туралы мәселе тұрды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізі 1992 жылғы 8 қыркүйектегі Минск қаласындағы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуінде қаланды. Осы күрделі мәселелерді жүзеге асырудың өзіне төрт жыл кетті.
Біріккен қызметтің қорытындысы 1996 жылы 26 сәуірде Шанхай қаласында өткен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай мемлекет басшыларының бірінші кездесуі болды. Оның нәтижесі «Шекара аумағында әскери саладағы сенімділік шараларын нығайту туралы Келісімге» қол қойылуы болды. Әлемдік саяси аренада алғашқыда «Шанхай бестігі» атауын алған жаңа ұйым пайда болды.
Келесі жылы, 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеу қаласындағы «бестіктің» екінші саммитінде, тараптар «Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Келісімге» қол қойды.
Екі кездесу барасында қол жеткізілген келісімдер Азия құрлығындағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге алғышарт қалыптастырды.
2000 жылғы Алма-Аты қаласындағы «бестіктің» үшінші саммиті ұйымға қатысушы-мемлекет басшыларының кездесуі оның жарқын болашағын бейнелей отырып, тұрақты сипат алғандығын көрсетті.
Тараптар «Шанхай бестігінің» құрылуындағы бастапқы міндеттерден шыға отырып, талқыланатын мәселелер шеңберін аймақтық қауіпсіздік және сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытында кеңейтті.
Алма-Аты кездесуінің қорытындысы қатысушы-елдерінің сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азияда және жалпы Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастыру үшін сарапшылар, сыртқы істер министрлері, үкімет және мемлекет басшыларының деңгейінде кездесу шақыру туралы» біріккен мәлімдемелері болды.
Алма-Аты кездесуінің маңызды қорытындыларының бірі қызығыушылық танытушы елдерді, ең алдымен шекаралас аймақтарды қоса отырып, көпжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша дайындығы болды. Энергетика саласындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Осылайша, Алма-Аты саммитінде тараптардың қайырымды көрші, бейбіт өмір сүру және ынтымақтастық принциптеріне ұстанымдылығы тағы да нақтыланды.
1999 жылы 24-25 тамызда Бішкекте «Шанхай бестігі» мемлекет басшыларының төртінші кездесуі өтті, оның барысында «Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасында үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы Келісімге» қол қойылды.
«Шанхай бестігінің» барлық мемлекеттерінің территориясы бойынша өтетін Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Саммиттің қорытынды құжаты бес мемлекет басшылары қол қойған «Бішкек Декларациясы» болды.
Бішкектегі саммит іс жүзінде уақыты бойынша Қырғызстан территориясына шетелдік бандылық құрылымдардың басып кіруімен тұстас келді, осыған байланысты кездесуге қатысушылардың барлығы дерлік қырғыз басшылығының экстремистерге қарсы қолданылған шараларын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Аталған оқиға «Шанхай бестігі» мемлекеттерін халықаралық терроризммен және діни экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне ерекше назар аударуға итермеледі.
Бұл тенденция әсіресе 2000 жылы 6 шілдеде Душанбе қаласындағы «Шанхай бестігінің» бесінші саммитінде айқын көрінді.
Душанбе кездесуінің басты қорытындысы аймақ мемлекеттерінің барлығының дерлік қауіпсіздігі үшін шынайы қауіпке айналған экстремизмен және терриоризммен күресте ортақ бағытты жасауы болды.
Саммитте бақылаушы ретінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов қатысты. Сол арқылы Өзбекстан діни экстремизм және халықаралық терриоризмге қарсы біріккен шаралар іздеу үрдісіне қосылды.
Ұйымға қатысушылар санының кеңею болашағын назарға ала отырып, Тәжікстан президенті Э. Рахмонов оны «Шанхай форумы» деп атау бастамасын көтерді.
Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған «Душанбе Декларациясында» «бестікке» қатысушылардың өз территорияларын «ұлттық тәуелсіздікке, қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін» күштерге қолдануға жол бермеу шешімділігі көрініс тапты.
Құжатта сондай-ақ тараптардың «Шанхай бестігін» «түрлі саладағы көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық құрылымына» айналдыру ұмтылысы атап көрсетілді.
Бұл бағыттағы нақты әрекеттер 2001 жылы 14-15 шілдеде өткен Шанхай қаласындағы саммитте жүзеге асырылды.
Мемлекет басшылары Өзбекстанның Шанхай форумының құрамына тең құқылы мүше ретінде қабылдануы туралы «Біріккен мәлімдеме» қабылдады.
Бұл жағдайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының оған тағы бір мемлекеттің қосылғандығына байланысты құрылмағандығын ескеруіміз қажет. Президент Н. Ә. Назарбаевтың сөзі бойынша бір мәселені шеше отырып, «бестік» мүшелері басқа міндеттерді де шешуге кірісуі керек. Уақыт жаңа міндеттерді айқындап берді: терроризм, экстремизм, сепаратизм.
«Шанхай ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) құрылуы туралы Декларацияға» қол қою бірлестіктің сапалы жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге шыққандығын бейнелейді және бұл ұйымның аймақтағы және жалпы дүниежүзіндегі беделін айтарлықтай арттырады. ШЫҰ - бұл саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өз мүдделерінің нәтижесінде өзара қауіпсіздік және сенімділік шараларын нығайту мәселесін бірігіп шешу ұмтылысынан пайда болған ұйым.
Саммитте қол қойылған «Терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы» ұйымға қатысушы-мемлекеттердің барлық әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіріп тұрған теріс құбылыстарға бірігіп қарсы тұруға шешімділігін тағы бір рет дәлелдеді.
Орталық Азиядағы сенімділік пен тұрақтылықты арттыру жолындағы маңызды қадам «Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы шекаралардың түйісуі туралы Келісімге» қол қоюы болды.
Саммитте қабылданған Декларацияда атап көрсетілгендей, мүше-мемлекеттер өзара сенім, теңдік және бір-біріне деген құрметпен сипатталатын «шанхай рухына» адалдығын білдірді.
2002 жылғы маусым айындағы Санкт-Петербург қаласындағы мемлекет басшыларының кездесуі ШЫҰ-ның институционалдық рәсімделуін жалғастырды: Ұйымның құрылуы туралы Декларация жаңа маңызды екі актіге қол қоюға іс жүзінде серпін берді - Ресей сыртқы істер министрімен қорытынды саяси құжат деп аталған ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттердің мемлекет басшыларының Декларациясы, және ШЫҰ Хартиясы - базалық жарғылық құжат.
Мәскеу саммитінің қорытындысы бойынша (2003 жылдың 28-29 мамыры) штаб-пәтері Пекинде орналасқан ШЫҰ Хатшылығы және Аймақтық антитеррористік құрылым (ААТҚ) (оның құрылуы туралы келісімге бір жыл бұрын Санкт-Петербургте қол қойылды) құрылды. Мүше-елдер басшылары терроризммен және экстремизммен күрес мәселесін қозғады, әсіресе экстремистік Хизбут-Тахрир ұйымының қызметіне ерекше назар аударылды. сол кезде қол қойылған 30 құжаттың ішінде ұйым органдарының қызметін анықтайтын ережелер де болды - Мемлекет басшыларының Кеңесі, Үкімет басшылары Кеңесі және СІМ басшыларының Кеңесі туралы ереже.
Мәскеу саммитінің қорытындысы бойынша ШЫҰ-ның ұйымдастырушылық кезеңі аяқталуына байланысты, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жеке жұмыс механизмін, қызметкерлерін және бюджетін иеленген толыққанды халықаралық ұйым ретінде қызмет ете бастады.
Ташкент саммитінің (2004 жылдың маусым айы) қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды: отырыс қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы, ШЫҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция, сондай-ақ бірқатар басқа да құжаттар. Ұйым құрамы бақылаушы ретінде жаңа мүшенің - Моңғолияның қабылдануымен кеңейді. 2005 жылы өткізілген ШЫҰ мемлекет басшыларының кездесуі саяси шолушылардың ерекше назарын аудартты, өйткені жаңа келісімдер мен конвенциялар тобынан басқа қатысушылар одан әрі күш шоғырландыруға және үйлесімділікті нығайтуға бағытталған ортақ бағытты бейнелеген Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекет басшыларының Декларациясына қол қойды.
Бішкек саммитінің (2007 жыл, тамыз) басты қорытынды құжаты Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің ұзақ мерзімді қайырымды көрші, достық және ынтымақтастық туралы Келісімі және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекет басшыларының Бішкек декларациясы болды. Форум жұмысына сонымен қатар ШЫҰ жанындағы екі бақылаушы-ел президенттері қатысты - Монголия Президенті Намбарын Энхбаяр және Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад. Ұйымның тағы екі бақылаушы-мемлекеттері Пакістанның сыртқы істер Министрі Хуршид Касуримен және Үндістанның мұнай және табиғи газ Министрі Мурли Деормен таныстырылды.
2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.
Әлемдік саясатта жетекші рөлге үміткер, ықпалды жаңа ұйымның пайда болуы кейбір дүние жүзі елдерінің алаңдаушылығын туғызады. Мысалы, Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінен құралған үшжақты комиссия 2002 жылғы баяндамасында: «Шанхай процесі» Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан секілді елдерді біріктіріп, өзара сенім шараларын нығайтуға, бұрынғы Кеңес-Қытай шекарасындағы әскери санын азайтуға келісім жасауға әкеледі. Бұл елдер келіссөздерден кейін шекараны демаркациялауға ұмтылуда», - деп жазды.
Жалпы ШЫҰ-на қатысты екі пікірталас бар: біреулері - бұл ұйымды мүшелерінің арасалмағының әр түрлілігіне байланысты болашағы жоқ, жасанды құрылым деп есептейді. Бірақ, осы симметриялық емес, әріптестік оптимистік позицияда пайда тұрғысынан шешілуі де мүмкін. Себебі ШЫҰ-ы аясындағы 2004-2005 жылдар аралығындағы әрбір кездесу оның сапалық жағынан дамуын көрсетеді. Екіншілері - ШЫҰ Орта Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін іргелі құрылым деп есептейді. Дегенмен ШЫҰ-ның мүмкіндіктерін болашақ көрсетері сөзсіз. ШЫҰ-ы әскери-саяси одақ та, экономикалық блок та емес, сондықтан кейбір күрделі мәселелерді шешуге оның мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге ШЫҰ-ы елдерінің тарихи тәжірибелері де әртүрлі, материалдық, интеллектуалдық мүмкіндіктері де бірдей емес. Алайда, ШЫҰ аясында да күрделі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда көптеген сарапшылар бұл халықаралық институтты қазіргі халықаралық жағдайға сай келетін ұйым деп санайды. Ұйым әрдайым дамып, әлем назарын өзіне аударуда. Мұндай имидж ШЫҰ құрылымының негізіне салынған өзара тең дәрежеде келісім ұстанымы арқылы жүзеге асып отыр. ҚР Президентінің қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары Б. Сұлтановтың есептеуінше, «халықаралық лаңкестікпен ғаламдық тұрғыда күресу жағдайында, оның маңызы күрт өсуде, ал ШЫҰ-ның тәжірибесі көптеген елдерге жан-жақты қарым-қатынас мәселесінде үлгі болуы мүмкін».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz