Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының валюталық бақылауды ұйымдастыруы.
1.1. Негізгі түсініктері мен жалпы ережелері.
1.2. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын негізгі қағидалары.
1.3. Қазақстан Республикасының резиденттердің және резидент еместердің
валюталық опрациялары.
1.4 Валюта бақылауының қағидалары, тәртібі және құрылымы.

2. Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау.
2.1 Экспорт тауарлары бойынша валюталық бақлауының мақсаты. Қазақстан
Республикасына тауарларды әкелу үшін валюталық бақылауын бекіту.
2.2 Валюта пайдасының түсуі және тауарларды әкелу, сондай-ақ сол үшін
төлемді жүзеге асыратын кедендік - банктік валюта бақылауы.

3. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік.
3.1. Валюта заңнамасының нормативтік - құқықтық актілерді бұзуы бойынша
жауапкершілік .
3.2. Импортшылар мен экспортшылар валюта заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Эконмика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ол экономикалық өсімнің
барысында жоғарғы қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз
(Н.А. Назарбаев Қ.Р. Призидентінің халықына жолдауы.)
Шынындада ел басшымыздың бұл сөзінде Жаны бар және қадамды алға
басудың бір сенімділігн арттырады.
Әрине бұндай жетістікке жетуіміз мемлекеттің дамығанын көрсетпей,
керісінше әлі де тоқталмай жоғары сатыда дамуымыз керек екенін мақсат
етеді.
Сондықтан да, ел басшы Н.А. Назарбаев өзінің халқына жолдауында эконмиканы
дамытудың негізгі бағыттарын қойды:
- эконмиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру
арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру ;
- Қазақстан эконмикасының ашықтығын күшейту;
- индустриалық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру
- ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- инфроқұрылымдарды дамыту.
Қазақстан Республикасының басқа елдермен қарым -қатынастарда болуы және
әлемдік экономика жүйесінде халықаралық орнын тамыры мен жақсы жағына
өзгеруі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатты түп
негізі екеніне көзіміз жетеді
Ал Н.А. Назарбаевтің жолдауы бойынша бәсекеге қабілетті экономика
үшін Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту мақсаттарының бірі болып
қойған.
Бірақ, Қазақстанның экономикасының ашықтығынның күшеюі елдің
экономикалық қауіпсіздігінің көлемін және негізгі қажетті екенін анықтайды.
Бұның жүзеге асуы кеден ќызметінің жауапкершілігі қамтамасыздандырады.
Елдің эконмикалық қауіпсіздігің негізгі құрамы валюталық қауіпсіздік
болып табылады. Валюталық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру біріншеден
Қазақстанның мүдделеріне ќатысты валюта операцияларын жүргізу ережелерін
аныќтайтын заңнаманың бар болуы жєне оны қорғауды сақтандыру , екіншіден:
осы заңнаманың толық жүзеге асыруының қатал бақылануы.
Кеден органдары сыртқы сауда операциялары үшін валюта бақылауды бойынша іс
шаралардың өткізуінің бір шамалығын жүзеге асырады.
Олар : валюта баќылау мен валюта реттеуін ұйымдастырып, экспорт және
имопорт тауарлары бойынша валюта баќылауға үлес қосып сондай-ақ құжаттардың
ресімдеуіне жоғары ќөңіл аударады және жаңа қосылғанымен кедендік банктік
валюта бақылауды жоғары деңгейде жүзеге асырады.
Алғашқы жазбаша ақпарат бойынша сыртқы сауда қатнастары Қазақстанда Жібек
жолы сауда аймағы пайда болуымен пайда болды. Бірақ дәл кеден қызметіне
сай нормативтік құқықтық актілер болған емес. Бірақ кеден саласымен
байланысты түсінікткер қолданылып кеден сөзін таңба – белгі немесе қол
таңба ретінде қолданылған. Сондай – ақ бұл түсінікті баждар мен төлемдерді
кедендік жинау болып табылатынына орын тапты және те салықтарды жинау
объектісі бойынша экспорттық – импорттық және транзиттік болып бөлінеді.
Кейін Қазақстан жандандыру сондай – ақ өзін өзі дамыту жөнінде шаралар
қолданып осы түскен түсімді бақлау мен қатар қадағалауына қол жеткізуді жөн
көрді. Осыған байланысты Қазаќстандағы кеден органдар басқа осы салаға
қатысты органдармен қарым – қатнаста болуы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігіне жєне экономиканың асу деңгейіне әсер ететініне көзі жетті.
Бұл органдардың біреуі валютамен айналысатын орган. Алғашқыдан валюта
жүйесіндегі келесі түрге бөлінуімен байланысты дамыды.
Ұлттық , Дүниежүзілік, ең алдымен ұлттық валюта жүйесі пайда болды – бұл
дегенімізелдегі өндірушілерді дамыту процесінде валюта ресурстары қолдану
және халықаралық айналыстарды жүзеге асырудағыэ кономикалық қарым –
қатнастардың жиынтығы.
Ұйымдастырушылық көзқарстан айтқанда елдің валюталық қарым – қатнастарын
ұйымдастыру мен шаруашылық байланыстарын дамытуға бағытталған. Ал бұл
қатнастардың дамуы нәтижесінде єрине дүниежізілік ваюта жүйесінің пайда
болуына әсерін тигізді сондай – ақ ел ішінде валюталық саясаттың пайда
болып маңызды орын тапты.
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты оның сыртқы экономикалық,
сонымен бірге жалпы ақшалық несиелік саясаттың құрамды бөлігі валюталық
саясат ақшалық – несиелік саясат пен қатар қолданылғанда ұлттық валютаның
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал бұл тек мемлекеттік белгілі органдармен
жүзеге асады. Ќазіргі жағдайда бұл саясатты Қазақстан Республикасының Кеден
органдары және Қазақстан Республикасының ұлттық Банкінің арасындағы қарым –
қатанастардың дамуымен жүзеге асырылады.

1. Қазақстан Республикасының валюталық бақылауды ұйымдастыру.
1.1. Негізгі түсініктері мен жалпы ережелері.
Кеден бақылауы – бұл кеден заңнамасының нормаларын бұзуға жол бермеу
мақсатымен мемлекеттің кеден шекарасынан өтетін тауарлардың, көлік
құралдардың, жеке тұлғалардың тексеруі бойынша кеден ұйымның лауазымды

тұлғалардың қызметі.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарына;
- Оларды тапсыру Кеден Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары
туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге;
- Кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай – ақ
жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша
кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
тұлғалардың қызметіне қатысты;
- Тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген
шектеулердің сақталуына;
- Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты
кедендік бақылау жүргізеді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен
көлік құралдары кеден бақылауына жатады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар мен
көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден
бастап және Кеден кодекстің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда,
еркін айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін
тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға,
тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан
тысқары әсерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдарын
не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден кодексте айқындалған тәртіппен
кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы міндеттемелерін
орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден
ісі мәселелері жөніндегі үкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін
негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын
қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.
Мемлекеттік шекарада радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті
уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық
құқығы бар қатынасушысы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе іргеатасының –
тұтастай өзгеруін қажет етеді.
Бұл процесті талдаудың бірінші буынына әлемдік шаруашылыққа ену
дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып
бағаланды.
Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл
мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық,
сыртқы сауда, салық валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі
қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы
жүзеге асады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына
мақсаттарын ұстайды: қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен
тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан
кейінгі экономикалық дамуына ықпал етеді; одан кейінгі экономикалық
құрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын
өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел
инвестицияларын тарту және т.б.
Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен
кедендік одақ, және еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық
бірігуде одан әрі дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде
келісімдер жасау дегенді білдіреді.Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар
әлемдік қоғамдстық өмірге қатысуға, республика кедені шекарасында және одан
тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы.
Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар
және көлік құралдарын өткізудің негізгі қағидаларын қарастыру керек; олар
Кедендік іс туралы 1998 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығында қабылданған.
Бірінші принцип. Республиканың кедендік территориясына тауарлар мен
көлік құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығаружатады. Мұнда
кедендік территорияға жататындар: еркін кедендік аймақтар мен еркін
қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар
және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі.
Екінші принцип. Республикаға тауарлар, көлік құралдарды енгізу мен
оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы принципі ескере отырып, мұндай қарама –
қайшылық тәжірибеде болатын тауарлар және көлік құралдарды енгізу, шығаруға
шек қоюға қажеттілікпен түсіндіріледі. Оның мынадай себептері бар:
- ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі (стратегиялық маңызды салалар өнімдерін
шығару, тауарлы – материалдық құндылықтарды, есірткі заттарын,
бактериологиялық қару, жаппай жою қаруларын контрабандалық жолмен шекарадан
өткізу, сапа стандарттарына сәйкес емес тауарларды кіргізу және т.б.);
- азаматтардың заңды және жеке тұлғаларының денсаулығына қауіп, өсімдіктер
және жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
- Қазақстан Республикасының шығармашылық, тарихи және археологиялық
мұрасына қауіп;
- меншік құқығына, оның ішінде интеллектуалды меншік құқығына қауіп;
- әкеленетін және шығарылатын тауарлар, транспорттық құралдар сатушылар
мен тұтынушылардың мүделеріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшердер тыс көп болып кеткенінде
ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және
ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген
тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискацияланып, соттың
шешімімен мемлекет меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.
Үшінші принцип. Тауарлар және транспорттық құралдарды әкелу мен
шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер – заңды акты түрінде 30
күннен кейін күшіне енеді.
Төртінші принцип – тауарлар және транспорттық құралдардың кедендік
шекара арқылы өту принципі – кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл
принцип бірінші принциптің салдары және құрамдас бөлігі болып келеді.
Оның мағынасы мынада: шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес
кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим
таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлемі
байланысты болады. Мұнда тауар иесі алдынды таңдалған кедендік режимді
өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес 17 кедендік режим белгіленген.
Шекарадан өтпес бұрын тауарлар және транспорттық құралдар кедендік
құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік
территория периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.
Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады
және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен, кеден
заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.
Процестің көп векторлылығын ескере отырып, тауар және транспорттық
құралдардың кеден шекарасына белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі
кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
Бесінші принцип. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар және
транспорттық құралдар тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның
орындалуы кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы, экспортқа арналған
тауарлар кедендік территориядан тыс жерлерде өңделе алмайды.
Соңғы принцип – шартты шығарылған тауарлар мен транспорттық
құралдарды пайдалану және қолдану принципі. Бұларға кедендік төлемдер мен
салықтар бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі берілген мақсаттар мен
кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды орындауға міндеттенеді. ¹
Қазақстан Республикасыныњ мемлекеттік валюта реттеуі мемлекеттік өкілетті
органдардыњ қызметінде елдің төлем балансын нығайтуды қамтамасыздандыру
мақсатында жүзеге асыруды көздей отырып негізделеді.

¹ С.Т.Әлібеков Қазақстанның кеден құқығы Алматы, 2002ж Аркаим

Бұл операцияларға жататындар:
1. Қазақстан Республикасының шетел валютасымен өткізетін негізгі
операциялар.
2. Резиденттердіњ есепшоты.
3. Резидент еместердіњ есепшоты.
4. Шетел валютасымен айырбас жасау.
5. Халықаралық банктік төлемдермен – аудармалар.
6. Халықаралық пошталық аудармалар жєне валюталық құндылықтарын қайтару.
Бұл тізімді әр қайсысын жеке қарастырсақ күрделігіне көзіміз жететіне
сенемін.
1. Қазақстан Республика шетел валютамен өткізетін негізгі операциялар.
Резиденттер арасындағы операцилар төлемдер және аудармалар тек
Қазақстан Республикасының валютасында жүзеге асуы тиіс.
Сондай-ақ салық, кедендік және Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің
нормативтік құқықтық актілерін де кей кезде өзгеше болып қарастырылуы
мүмкін. Ондай жағдайда басқа валютамен операцияны жезеге асырылуы рұқсат
етіледі.
Резидент және резидент еместер Қазақстан Республикасының территориясында
шетел валютаны сату сатып алу жєне айырбастауды өкілетті банктер және
өклетті банктік емес қаржы мекемелері жєне айырбастау пунктілер көмегімен
жүзеге асырылады.
Ал егер бұл шетел валютаны сату-сатып алу жєне айырбастауды өклетті банк
жєне өклетті банк емес мекемелерден тыс өткізілетін болса белгілі
жауапкершілікке тартылады.
Резиденттер жєне резиденттер еместер арасындағы операциялар бойынша
төлемдер екі жаќтың келісімі бойынша ұлттық банктің нормативтік құқтық
актілеріне қайшы келмей кез келген валютада жүзеге асуы мүмкін.
2. Резиденттердің резиденттер еместердің есеп шоты.
Резиденттер резидент еместер Қазақстан Республикасының ұлттық банкімен
белгіленген тәртіп бойынша (ұлттық) шетел валютада өкілетті банктерде есеп
шотына ие болу құқығы бар.
Несие ретінде, қызмет көрсету және тауарлары үшін шетел валютада алатын
төлем резиденттердің өкілетті банктер есеп шотына қосылуы керек.
Қазақстан Республикасыныњ ұлттыќ банкініњ тәртібі бойынша резиденттер
шетел банктерде шетел валютада жєне Қазақстан Республикасыныњ ұлттық
валютада есеп шотына ие болу құқығы бар.
өкілетті банктер шетел банктер де және Қазақстан Республикасының
банктерінде корреспонденттік жєне басқа түрлі есеп шоты алуға әбден құқығы
бар. Корреспондентік есеп шоты дегеніміз бір немесе бірнеше банктер
арасындағы қарым – қатынастар.
Бұл қатнастар өздерінің клиенттері , яғни экспортер мен импортер
(резидент немесе резидентеместер) берген төлемді жүзеге асыру бойынша
талаптары арқылы дамиды. Осы есеп шоттарда осы банктер арасындағы және
асқақ операциялар көрсетіледі. Кейін бұл ақпарат өзінің клиенттеріне
беріледі, өйткені резидент немесе резидент еместер өздерінің күнделікті
есеп шоттың қалдығын білуі тиіс.
Бір банктің корреспонденттік есеп шот саны оның қызметінің халықаралық
географиялық төлемдеріне байланысты болады. Кеден бұл қатынаста 100 деген
түрлерге баруы мүмкін. Қазақстандық банктер халықаралық нарыққа шыққанда,
сондай – ақ валюталық операцияларын жүзеге асырған кезде корреспонденттік
қарым – қатынасқа сай түгел факторлары бағалауы тиіс.
Сондай-ақ шетел банктер Қазақстан Республикасының территориясындағы
банктерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында шетел валютасында
коррепонденттік және басқа түрлі есеп шотыалуға әбден құқығы бар.
Резидент еместер Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің арнайы
рұқсатысыз республикалық ішкі валюта нарығында шетел валютаны сатуға құқығы
бар. Егер ол осы сатқан валютадан түскен ұлттық валютаны толық көлемде
өкілетті банк шотына кіргізілсе.
Ал егер керсінше республикалыќ ішкі валюта нарығында шетел валютаны сатып
алғысы келсе, онда еш бір арнайы рұқсатсыз корреспондентік есеп шотындағы
ұлттыќ валютаны (теңге) қолданылуы мүмкін.
Резиденттер еместер өзінің атына ашқан есеп шотпен тікелей өзі немесе
белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенім хат арқылы сенімді адам
қолданылуы мүмкін.
Негізінен сыртқы экономикалық қызметің қатысушыларының валюта
операцияларын мемлекеттік реттеу қағидаларын қарастырған кезде келесі
енгізгі түсініктерді қолданады:
Валюталық реттеу- елдіњ төлем балансыз нығайту қамтамасыздандыру
мақсатында бірнеше валюталық операцияларды жүзеге асыруды көздейтін
өкілетті мемлмкеттік органдардың қызметі.
Валюта-нақтылы түде ресми стандарты немесе заңды төлем қаражат ретіндегі
мемлекет қолданған ақша бірлігі. өз түрінде ол банкнот, қазына мекемесінің
күмістері, сондай-ақ асыл металдар және халықаралық ақша немесе төлем
бірліктері де бар. Сонымен қатар есеп шотындағы халықаралық ақшалай немесе
есептік бірліктегі қаражат.
Ұлттық валюта- Қазақстан Республикасының валютасы – теңге.
Шетел валюта – шетел мемлекеттердің валютасы.
Инвестициялар: - мүліктік, құндылықты заттарды, бағалы қағаздарды,
ақшаларды тапсыру, сонымен қатар мына мүліктер мақсатында:
- инвестр объектісі капиталын бекітудегі қатысушыны қамтамасыздандыру,
яғни салған қаражат арқасында жүзеге асқан қызметке қатысу.
- бағалы қағаздарға ие болу.
Валюталық құндылықтары:
А) шетел валюта.
Б) шетел валютасына есептеген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар.
В) құйылған алтын.
Г) резиденттер жєне резиденттер еместер арасындаѓы жүзеге асқан
операцияларға ќолданған ұлттық валютамен есептеген төлем құжаттары бағалы
қағаздар және ұлттық валютасы.
Резиденттер:
Қазақстан Республикасында нақты тұратын жеке тұлғалар, бірақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарадан тыс болса.
Қазаќстан Республикасының территориясында тіркелген түгел заңды
тұлғалар, сондай-ақ өздерінің филиалдары шекарадан тыс болса
Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда жєне басқа да ресми
өкілдері Қазақстан Республикасынан тыс орналасса.
Резиденттер еместер:
А)шетел мемлекетте нақты мекен жайы бар жеке тұлғалар, бірақ өз
мемлекеттерінің құзыретімен Қазақстан Республикасының территориясында
болса.
Б) Қазақстан Республикасының территориясында филиалдары орналасқан, бірақ
шетел мемлекетте тіркелген заңды тұлғалар.
В) Қазақстан Республикасының территориясындағы шетел мемлекеттердің
дипломатиялық сауда және басқа ресми өкілдері.
Экспорттық – импорттық операциялары.
- резидент еместен резидентке (немесе керсінше) тауар құқығына ие болуды
тапсыру инвеститцияларға байланысты емес) мәмлесі.
- резидент емес резидентке (немесе керсінше) қызмет ету және осы
творчествалық қызметтің нәтижесінің құқыіына ие болу мәмлесі.
- резидент емес резидентке (немесе керсінше) мүлікпен уақытша пайдалану,
лицензияланіан келісім бойынша жеке мүлікті объектілеріне құқықтары және
осы заттарға теңестірілген жылжымайтын мүліктер туралы мәмлесі.
Өкілетті банк – валюта операцияларын жүзеге асыру банктің заңнамасымен
көзделген операцияларды жүзеге асыру бойынша.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкісінің лицензиясы бар.
Банктер.
Жеке банктік операцияларды жүзеге асыру өкілетті органдар – банкті
операциялардышетел валютамен жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық банктің лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Айырбастау пунктер – Қазақстан Республикасының ұлттық банккінің
лицензиясына сай жүзеге асыратын нақты шетел валютасы мен айырбастау
операцияларын іскеасыратын арнайы пунктер.
Валюталық операциялары:
1) мүлік құқығының және басқада құқықтарының валюта құндылықтарына
ауысумен байланысты операциялар.
2) әр түрлі әдістермен Қазақстан Республикасының валюта құндылықтарын
әкелу, әкету операциялары .
Резиденттермен және резидент арасындағы валюта операциялары ағымды
және капитал айналымымен байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымды.
1) экспорттық – импорттық мәмлелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін
аударым. Сонымен қатар тауар үшін аванстық төлем немесе төлем мерзімін 180
күн аралығына ұлғайтуды көздейді.
Аванстық төлем дегеніміз – бұл төлем түрі көптеген кезде қолдануы экспотер
пайдасына күрделі орын алады. өйткені төлемнің бұл түрі тауарды өңдеп
шығару немесе жүктеу алдында жүзеге асырылады, яғни импортер экпорттерді
несиелейді. Импортер авнс бойынша төлеуді жасаса экспорттердің тауарды
жеткізу немесе өңдеу қаражаты бар екеніне күмән болмайды. Бірақ осыған
қарамастан егер экспортер тауарды әкелмесе импортер қаражаты жоғалту
күдігін туғызады. Оның қауіпсіздік әдістері:
Импортер аванс бойынша төлем жасаса экспортер банкісі импорттерге
тауар жеткізілменген жағдайда қаражатты қайтару кепілдемесі беріледі.
2) 180 күн мерзімінен аспайтын несиені алу жєне тапсыру.
3) қарыз, депозиттер, инвестициялар және басќа да операциялар бойынша сый
ету девиденттерді тапсыру немесе алу.
4) Саудаға байланысты емес аударымдар: мұраның соммаларын аудару, еңбек
ақысы, пенияны, алименттерді.
5) сондай-ақ капитал айналымымен байланысты емес түгел операциялар.
Капитал айналымен байланысты валюталыќ операциялары.
1) инвестицияларды жүзеге асыру.
2) жеке меншік объектілеріне құқықты толық тапсыруды көздейтін мәміле
бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін аударым.
3) жылжымайтын мүлік құқығына төлемдерді аудару, жылжымайтын заттарға
теңестірілген.
4) экспорттық – импорттық мәмлелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін
аударым, тауар үшін аванстық төлем немесе төлем мерзімін 180 күн аралығына
ұлғайтуды көздейді
5) 180 күн аспай несиені беоу немесе тапсыру.
6) пенсия активтардың толтырылуы мен байланысты халықаралық аударым
мәмілесі.
7) сақтандыру немесе жинақталған қайта сақтандыру халықаралық аударымдар
бойынша келісімдер.
8) валюталық құндылықтарын сенімді қолдарға басқару үшін.

1.2. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын негізгі қағидалары.

Резидент арасындағы операциялар бойынша аударым немесе төлемдер тек
Қазақстан Республикасының валютасында жүзеге асуы керек егер бұл Қазақастан
Республикасының ұлттық банкының номативтік актімен керсінше қарастырылмаған
жағдай болса.
Қазақстан Республикасындағы резидент еместар жєне резиденттер шетел
валютаны сату, сатып алу және айырбастау өкілетті органдар немесе өкілетті
банктер көмегімен жүзеге асады. Шетел валютаны өкілетті органдар немесе
өкілетті банктер арқылы жүзеге аспайтын болса тиым салынады.
Резидент, резидент еместер арасында операция бойынша төлем екі жақты
келісімі бойынша кез келген валютада жүзеге асырылады.
Тауар экспорт және Қазақстан Республикасынан қызмет ету бойынша түскен
ваюта түсімі резиденттерді Қазақстан Республикасындағы банктер шотына еш
шектеусіз қосылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банктің бекітуі бойынша валюта
құндылықтары кіргізу немесе шығару белгілі тәртібі бойынша жүзеге
асырылады.
Ұлттық валюта есптелген бағалы қағаздарды республиканың территориясынан
шығару немесе кіргізу мемлекеттік орган анықталған тєртібін кеден заңнамасы
анықтайды.
Міндетті түрде тауарларды жазбаша түрде декларациялауға жататын
тауарлар .
1) қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар.
2) наркотикалық бұйымдар, психотропты заттар мен прекурсорлар.
3) шығарылып жатќан өнер туындылары, мемлекеттіміздің тарихи,
көркемдік, ғылыми жєне мєдени құндылықтарына жататын антиквориат пен
колекционерлік бұйымдар.
4) уландырғыш және уықаты әсер ететін заттар.
5) радиациялық бұйымдар.
6) ҚР мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін, ҚР аумаѓында
ќолданылатын байланыстыњ радиоэлектірлі жүйесі мен жигілігі жоғары
ќондырлѓан.
7) флора мен фаунаныњ өте сирек кездесетін түрлері мен коллекциялары ,
олардыњ бір бөліктері немесе дєрілік бұйымдар үшін алынған бөлшектері.
8) ҚР Валюталық заңы бекіткен валюталыќ құндылықтар ҚР территориясынан
алып шыѓарылатын болса немесе ЌР территориясына алып келінетін болса.
9) қымбат метталдар мен тастар, ҚР үкіметі рұқсат еткен жєне ҚР кеден
шекарасынан жеңілдетілген тєртіппен өткізілетін жеке зергелік бұымдардан
басќа.
10) ҚР үкіметі бекіткен ҚР территорисына кіргізілетін акциздаланған
тауарлар.
11) фармацептикалық өңімдер мен бұйымдар ҚР кеден шекарасынан
өткізілетін бұйымдарының ішінде тек өзі үшін емделуге және ќолданылуға
әкеле жатќан дәрілік бұымдардан басќасының бәрі.
12) сыртқы экономикалыќ өндірістің тауарлық номенклатурасы бойынша
9018 – 9022 тауарлық позиция класификациясына жаттатын тауарлар.
13) өндірістік және де басќа да кәсіпкерлік салаларға бағытталған
тауарлар.
14) ҚР үкіметі бекіткен саны мен баға құнынан жоғары болатын, ілеспелі
адамы жоқ жүк тасымалдаудағы тауарлар, өндірістік және де басќа да
кәсіпкерлік салаларға бағытталған тауарлар.
15) уақытша кіргізілетін (шығарылатын) тауарлар, олардыњ кіргізілуі
мен шығарылуы кезінде жеңілдіктер ќарастырылмаған тауарлар.
16) көліктік бұйымдар.
17) жеке тұлғалырдың ҚР тұрақты тұратын жері етіп көшіп келуіне
байланысты немесе ҚР-нан шетел мемлекетіне тұрақты тұратын жерлері етіп
көшіп кетуіне байланысты жағдайда ҚР кеден шекарасынан алып өтетін
тауарлары.
Жолаушылардың кедендік деклорациясының формасы кеден ісі жөніндегі
сұрақтармен айналысатын уәкілетті органдарда қарасытырылады.
16 жасқа толмаған тұлғаның алып өтетін тауарларының хатты тауар
деклорациясы оның еріп жүрген тұлғасымен іске асады.
Ілеспелі адамы жоқ жүкті тасымалдаудағы жолаушылардың кеден
деклорациясындағы тауарлары күнпарақ есебі бойынша 15 күн ішінде кедндік
органдарына жеткізіліп берілуі тиіс.
Ілеспе адамы жоқ жүктеріндегі тауарладың делорациялық істерін, сол тауарды
алып өтетін тұлға арқылы немесе сенім хат арқылы тауар өткізетін тұлғамен
жіберіледі. Тауарды деклорацияған тұлға хабарламалардың растығы туралы
кеден органдарына берген өтініші негізнде жауапкершілікті өзіне алады.
16 жасқа толмаған тұлғаның ілеспелі адамы жоқ жүгінің ішіндегі тауарларын
декларациялау оның ата-аналары арқылы немесе қоғаншысы арқылы, сондай-ақ
ата-анасы мен қорғаншыларының берген сенім хаттарымен жауапты тұлға арқылы
жіберіледі.
Жеке тұлғалар арқылы уақытша әкелінетін және әкетілетін тауарлар.
ҚР Үкіметі бекіткен тізбесіндегі тауарларды ҚР аумағында тұрып жатқан жеке
тұлғалардың уақытша алып шығуына және сол тауарларды уақытша шетел
мемлекетттерніде тұратын уақытында алып шығуы үшін бейтарифтік реттеу
шараларын қалданусыз және салықсыз, кедендік төлем ақысыз толық бағытталған
тәртіппен өткізулеріне болады.
ҚР Укіметі бекіткен тізбесіндегі тауарларыды ҚР аумағынан тысқары жерде
тұратын жеке тұлғалардың тауарларын ҚР территориясында уақытша тұратын
уақытында алып кіруі үшін, бейтарифті реттеу шараларын қолданусыз және
салықсыз, кедендік төлем ақысыз толық босатылған тіртіппен кіргізулеріне
болады.
ҚР кеден территориясында жеке тұлғалардың уақытша кіргізетін тауарлары
белгілі бір бөлек категорияға жатса, сол тауарларды кіргізудегі
жеңілдетілген тәртіптің шектеулі мерзімін ҚР Үкіметі бекітеді. Егер де
жоғарыда аталған тауарлар ауызша декларациялау арқылы өткізуге жатпайтын
болса ғана, жеңілдетілген тәртіп бойынша, уақытша кіргізілетін және
шығарылатын тауарларды декларациялау жалаушылар кеден деклорациясын жазбаша
түрде толтыру арқылы жүзеге асырады. Тауарларды уақытша әкелі мен уақытша
әкетуде кері қарай тауарларды жіберу мен қайтарып алу кезінде тауар еш
өзгеріссіз болу керек, кейде тасымалдаудың саладарынан тозып не шығынға
ұшырамағаннан бөлек.
Тауарлар кері қарай әкелі мен кері қарай әкету кезінде олар кедендік төлем
ақыдан, салықпен бейтарифті реттеу шараларынан босатылады, егер де сол
тауарлардың барлығы туралы жолаушылар кеден деклорациясында хабарламалар
бар болса, сондай-ақ олардың әкелінуі мен шығарылуы тіркелген болса.
Жеке тұлғалар арқылы көліктік мүліктердің уақытша кіргізілуімен
уақытша шығарылуы.
ҚР территориясында тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, ҚР тіркеуде бар
көліктерді уақытша қолдануға немесе пайдалануға, толық кедендік төлем
ақылардан, салық пен бейтарифті реттеу шараларынан босатылып, көліктер мен
көліктік мүліктерді уақытша кіргізуге және уақытша шығаруға құқықтық бар.
ҚР территорясынан тысқары жерде тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, шетел
мемлекеттерінде тіркеуі бар көліктерді, уақытша қодануға немесе
пайдалануға, кедендік төлем ақылардан, салық пен бейтарифтік реттеу
шераларынан босатылып, көліктер мен көліктік мүліктерді уақытша кіргізуге
және уақытша шығаруға құқығы бар.
Шетел мемлекетінде көліктік мүлік шығаруды іске асыратын тұлға, өзінің
уақытша мекендеу мерзімі мен көліктік мүліктерін уақытша шығару мерзімінен
аспай, жеңілдетілген тәртіп бойынша жүзеге асырады.
Көліктік мүлік уақытша кіргізудегі жеңілдетілген тәртібі жағдайларының
жиынтығы он екі ай есебімен есептегендегі алты айдан аспауы керек.
Көліктік мүлік бекітілген мерзімінде белгілі бір себептермен қайтадан алып
шығу мүмкіндігі болмаған жағыдайда, оны сол жерге кіргізген тұлғаға да еш
қатысы болмаса, көліктік мүлікке ҚР аумағынан шығарылатын нақты күнге дейін
пайдалану құқығын бермей, кеден органдары көліктік мүлікті уақытша шығару
мен уақытша әкелу тағы бір ай мерзімге созады.
Уақытша әкелінген көліктік мүлік бекітілген мерзімі шыққан уақытында ҚР
кеден территориясынан шығарылып, кедендік тәртіп бойынша, тауарлармен
айналысатын кеден органдарына хабарлауы керек.
Көліктік мүлікті қайта кіргізіп, қайта шығару кез-келген кеден
органдарында да іске асырыла береді.
Ертерек кіргізілген көліктік мүлік міндеттемелері кері қарай әкетілерде
кеден органдарында қалады да, көліктік мүліктің шығарылу барысы іске
асырылады.
Жеке тұлғалардың көліктік мүлік декларацияларындағы жеңілдетілген
тәртіптерді пайдалануы арқылы көліктік мүлікті уақытша кіргізу мен уақытша
шығару.
Жеке тұлғалардың көліктік мүлік декларациясындаға жеңілдетілген
тәртіптерді пайдалана отырып, көліктік мүлікті уақытша кіргізу мен уақытша
шығару үшін, жолаушылық кеден декларациясын толтырып және кеден органдарына
құжаттарын көрсету арқылы іске асады да, көліктік мүлікті теңестіру мен
ұқсатудағы, оны пайдалану мен иелік ету түралы құқығын дәлелдейтін
құжаттарды тексеру арқылы, сондай-ақ көлік тасымалдаушының қай мемлкетте
тұратыны туралы дәлелдемесі бар құжаттарын көрсету арқылы ғана жүзеге
асады.
Көліктік мүлікті уақытша кіргізу түралы декларациялау кезінде, кедендік
органдар көліктік мүлікті кері шығарылуы түралы міндеттеме құжаттарын
ресімдеп, оның формаларын кеден ісі сұрақтарымен айналысатын уәкілетті
орган бекітеді.
Жеңілдетілген тәртіп бойынша уақытша кіргізілген көліктік мүлікті
иелігінен шығаруға болмайды, басқа тұлғалардың қарамағына пайдалануға және
қолдануға кеден тәртібі рұқсатынсыз берілмейді.
Жеке тұлғалардың жеңілдетілген тәртіп бойынша өткізілетін тауарлары.
Жеңілдетілген тәртіп бойынша ҚР кеден шекарасынан тауар өткізу барысы
Кодексте қарастырылған кейбір шаралардан бөлек, тауарларға төленетін кеден
төлем ақысынан, салық пен бейтарифті реттеу шараларын қолданбайды және
төлемейді.
Жеке тұлғалардың жеңілдетілген тәртіп бойынша өткізілетін тауарларының
декларациясы ҚР кеден шекарасы арқылы өткізі жатқан жеке тұлғаның
тауарлардың құжаттарын ауызша және кноклюдентті көтрсету барысында, егер ло
Кодекстің 265 бабында қарастырылған кейбір жағыдайларды есептемегенде,
толық жүргізіледі.
16 жасқа толмаған тұлға декларациялы формамен тауар өткізуде, оның ілеспе
тұлғасы арқылы жіберіледі.
Жеке тұлғаның тауар өткізуі туралы фактісі, ҚР кеден аумағы арқылы
іліеспелі адамы жоқ жүкті жеңілдетілген тіртіппен өткізуі кезінде
пайдаланатын шартт бойынша құжаттарын жолаушылық кеден декларациясына
қарасты кеден органдарына көрсетуі тиіс.
Жеке тұлғаның ауызша декларациялауындағы өтінішінде қол жүгі мен ілеспелі
жүгінің ішінде жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екенін
көтсетуі керек.
Жеке тұлға ҚР кеден шекарасы арқылы өткізіп тауарларының ішінде міндетті
түрде жазбаша декларацияға жататын тауарлардың бар екендігі туралы жазбаша
декларацияға жазуына құқығы бар.
ҚР кеден шекарасының өткізу пунктерінде конлюдентті формадағы тауарларды
декларациялаудың мақсаты жеке тұлғалардың арнайы белгіленген жерлерден
өткізудегі мүмкіндіктер қарастырылады. Мұндай жерлердің орналасуын талап
етуді анықтау кеден ісі сұрақтарымен айналысатын уәкілетті органдар.
Жеке тұлғаның арнайы бекітілген жерден өтерндегі қол жүгі мен ілеспелі
жүгінің ішінде жазбаша декларациялауға жаттатын тауарлардың жоқ екені
туралы өтініш кеден органдары қарастырып тексеруден өткен тұлғаның жүгінің
арасында жазбаша декларацияға жататын тауарлары жоқ екендігін хабарлайды.
Кейбір айрықша жағдайларда ғана кеден ісі сұрақтармен айналысатын
уәкілетті орган декларациясының конклюдеті формасын қолдануды шектей алады.
Мұндай жағдайлар тек оперативті жағдайларда ғана қабылданады, егер ҚР кеден
шекарасы арқылы өтетін өткізу пунктінде ҚР заңына сәйкес тиым салынған
тауарларды ҚР-нан шығару және тауарларды Қазаќстан Республикасына алып кіру
кезінде ғана қолданылады.
ҚР Заңына сәйкес қарастырылған және Кодкстегі 256 баптың 2- бөлімінің
(1-11) тармақшаларында көсетілгендей ҚР кеден шекарасы арқылы уәкілетті
органры тауарларға рұқсат етілген құжаттары бар болған жағдайда ғана
өткізіледі.
Жеңілдетілген тәртіп бойынша өткізілетін тауарлардың арасынан кедендік
тексеру үшін берілген құжаттарын сұрап тексеруге құқығы бар.
Жеке тлғалар жеңілдетілген тәртіппен тауар өткізерінде кеден органдары
олардың көліктерінен шықпай-ақ кедендік тексеруден өтулеріне мүмкіндік
жасайды.
Жеке тұлғалардын оңайтылған тәртіппен тауар өткізулері.
ҚР кеден шекарасы арқылы тауар өткізудің оайтылған тәртібі дегеніміз
Кодекске сай, кедендік төлем ақыдан, салық пен тарифтен тыс реттеу
шараларынан босатпай, тауарларды кедендік тіркеулерден өткізудегі кедедік
процедуралардан босату болып таблады.
Тауарларды декларациялауда оңайтылған тәртіппен тауар өткізу кезінде
жолаушы кеден декларациясын толтыру жолмен кеден органдарына өткізіп жатқан
тауарларын көрсетіп, тауарлар өткізуші тұғаның жеке басын куәлендіретін
құжаты, тауарға берілген құны мен шыққан мемлекеті, сондай-ақ бейтарифтік
реттеу шараларын сақталуы керек.
ҚР кеден территориясында ілеспелі адамы жоқ жүкті өткізерде кеден
ақысы бағасына оның ҚР территоаиясындағы аэропортқа дейін теңіз портына
дейінгі немесе басқа да белгіленген жерлерге дейін жеткізілу үшін
көрсетілетін қызмет ақы да кіреді.
Тауарлардың құны туралы құжаттар жоқ жағдайда жолаушы кеден
декларациядағы өтініш бойынша кедендік төлем ақы мен салықтық негізінде
кеден органдарына тауардың кедендік құның төлейді.
Кодекстің 39 бөліміне сай, тауар құны туралы мағлұмат кеден
декларациясындағы өтініште жасалған болған жағдайда, кеден органдары өз
еркілерімен тауарддың кедендік құның қойып белгілейді.
Оңайтылған тәртіппен тауар өткізу кезінде тауарларға байланысты
кедендік төлем ақы мен салық кодекске сай тауар өткізу тәртібі бойынша
төленеді.
Тауарлардың шығарылған мемлекеті туралы анықтамасы дәлелдейтін
тауарлардың немесе бұйымдардың белгілері, ярлықтары, паспорттары мен басқа
да шығарылуы туралы құжаттар, өйткені онда тауардың шығарылған елі мен
мекені туралы хабарламалар жазылады.
Осы жоғарыда айтылған тауар құжаттары жоқ болған жағдайда,
оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға кодекске сай тарифті және
бейтарифті реттеу шараларын қолданылады.
Кедендік төлем ақылармен салықтарды тауарды декларациялауда жеке
тұлғалар міндетті түрде төлейді. Осыған байланысты кеден органының
лауазымды адамы кедендік кіріс орденің толтырады, өйткені бұл бланк қатаң
есеп беру құжаты болып есептеледі, осы құжаттардың толтыру тәртібін кеден
ісі сұрақтары мен айналысаты уәкілетті органдар жасайды.
Егер өткізілетін тауарлардың кедендік төлем ақылары мен салықтары
уақытында төленбегендіктен бейтарифті реттеу шаралары орындалмаған болса,
әлде құжаттарының түгел болмауынан тіркеу тез арада ьітпейтіндей болса,
өткізушінің өз еркіне байланысты тауарлардың төмендегідей түрлері:
1) ҚР кеден территориясынан тез арада артқа қарай жөнелтуі тиіс;
2) Уақытша жүк сақтау қоймаларына орналастыруы тиіс;
3) Тауарлардың өткізудің ішкі кедендік транзит процедураларын сақтай
отырып, кедендік органдарда келесі кедендік тіркеуден өткеніне дейін
белгіленген жерлерне жеткізілуі тиіс;
ҚР кеден шекарасы арқылы тауар өткізудің оңайтылған тәртібі тауарларды
шығару тәртібіне және оның еркін айналымына, тауарларды экспорттауға және
транзиттеуге мүмкіндіктер беріледі.
Жеке тұлғалар ҚР кеден шекарасы арқылы тауар өткізудің онайтылған тәртібі
қыметінен басттартуға құқылары бар . Мұндай жағдайда Кодекске сай ҚР кеден
шекарасы арқылы тауар өткізудің жалпы тәртібін қолдануға болады.

1.3. Қазақстан Республикасының резиденттердің және резидент еместердің
валюталық опрациялары.

Қазақстан Республикасында нақты тұратын жеке тұлғалар бірақ уақытша шет
мемлекете болады. Сондай – ақ Қазақстан Республикасында тіркелген заңды
тұлғалар дипломатиялық және ресми өкілдер.
Резиденттер өкілетті банктерде шетел валютада өз ваюлталары болады.
Резиденттер тауар, қызмет ету немесе несие алу үшін алған шетел валютаны
өклетті банктердегі өз шоттарына қосылуы дереу жүзеге асырылады, егер бұл
Қазақстан Республикасының ұлттық банктің лицензиясында керсінше
карастырылмаса. Сонымен қатар резиденттер өз шоттарында тек шетел валюта
ғана емес ұлттық валюта қаражатына ие брлуы мүмкін.
Қазақстан Республика резидентердің өклетті банктерде өз шоттарды алуды
немесе іске асуды Қазақстан Республиасының ұлттық банкі қарастырады.
Резидент төлем немесе ақша қаражатың аударған кезде өкілетті банкіге
ұлттық банктың берілген лицензия немесе тіркелген куәлігінің көшірмесін
және наќты құжатын көрсетуі тиіс. Сәйкестік өткен соң көшірме өкілетті
банкіде қалып ал нақты құжаты резиденттің өзіне беріледі.
Ал егер валюта операциялары іске асқан соң сол үшін резидентке ақшалай
пайдасы келсе, онда банк резидентке пайданың келгені туралы хабарлама
жіберіп, ал резидент сонынан-ақ лицензия немесе тіркелген куәлікті әкеледі.
Банк құжаттар арқасында келген ақша қаражатын резиденттің пайдасы үшін
шотына енгізіледі.
Егер экспорттық - импорттық мәмілелер бойынша валюта операциясы іске асқан
нәтижесінен түскен резидент үшін ақша пайдасының лицензия бойынша мерзімі
кететін болса өклетті банк бұл сомманы резиденттің шотына тек әкімшілік
құқық бұзузылық ісі қозғалады деген ұлттық банктің хабарламасы келген соң
қосылады.
Резидент емес резиденттер арасындақы ағымды операцияларды жүзеге асырады
ағымдағы валюталық операцияны өклетті банктер шексіз өткізеді. Қазақстан
Республиканың резиденттері шетел валютаны Қазақстан Республика валютасына
сату құқығы бар, бірақ Қазақстан Республика ішкі нарығында және өклетті
банктер көмегімен жүзеге асырылады.
Капитал айналымымен байланысты валюталық операциялары Қазақстан Республика
валютасын және шетел валютасын пайдалана отырып Қазақстан Республика ұлттық
банкпен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Жеке тұлға резидентер Қазақстан Республика территориясынан алдында
әкелінген валюта құндылықтарын қайта әкетуге құқығы бар.
Бұл декларациияда немесе басқа құжаттарда көрсетілген кеден ережелеріне
сай болуы қажет.
Қазақстан Республика резиденттері валюталық құндылықтарды кіргізу немесе
әкету Қазақстан Республикасының кеден бақылау басқармасының келісуі тек
Қазақстан Республикасының ұлттық банкімен бекітіледі.
10 000 АҚШ доллар экспортіне сай экспорт тауармен байланысты мәміле
бойынша Қазақстан Республикасының тыс заңды резидент тұлға экспортының
пайдасы өклетті банктегі өзінің шотына енгізуі әбден мүмкін .
Сондай-ақ әкелінген 10 000 АҚШ- тан аспайтын экспорттық ваюта пайдасы 1
айдан осырмай өклетті банк шотына енгізілуі тиіс жєне заңды резидент тұлға
пайданы өз өклетті банкідегі шотына кіргізу үшін арнайы кеден құжатын
тапсыру керек. Бұл құжат Қазақстан Республикасының заңды резидент тұлға
тауарды шығарып, Қазақстан Республикасына шетел валюта әкелгені туралы
дәлелдейді .
Резидент резидент емес пайдасына импорттық мәмілелер үшін төлем жүзеге
асу үшін тауар үшін аванстық төлем қарастырылып, валюта аудармасын атқарып
ол егер резидент емес өз міндетін тауарларды әкелу немесе қызметті
көрсетпейтін жағдай болса, онда бұл Сомма немесе аударма қайта резидент
шотына 180 күн мерзімінде өклетті банк көмегімен іске асуы тиіс.
Заңды резидент тұлѓа ұлттық валютаға шетел валютаны ішкі нарықта алуы мына
мақсаттарға қарастырылған:
- резидент еместер үшін ақша аудару немесе төлемді жүзеге асыру.
- өклетті банктен алған шетел валютадағы несие міндеттерін атқару үшін.
- Қазақстан Республикасынан тыс ресми және командировкаға арналған
шығымдар үшін.
- ұлттық банк нормативті құқық актілермен қарастырылатын негізгі бойынша
өзінің кореспондентік шотын ұлғайту немесе толтыру үшін.
- шетел валюталарымен айырбас жасау операциялары үшін.
- жеке тұлғалардың шетел валютада депозитке салғанның орның толтыру үшін.
Қазақстан Республикасының резидент еместер Қазақстан Республикасының
ұлттық банкімен бекітілген тәртіп бойынша өклетті банктерде шетел валюталы
өклетті банктерде шетел валюталы есеп шоты бар болуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі Қазақстан Республика валютасына
немесе шетел валютасында өкілетті банктерде резидент еместер шотты ашу
немесе іс жүргізуді бекітеді. Резидент еместер Қазақстан Республикасына
валюта құнды кіргізу, шығару немесе аударуға кеден ережелеріне көздей
отырып жүзеге асыру құқығы бар.
Резидент еместер Қазақстан Республика ұлттық банк бекіткен тәртіп бойынша
шетел валютаны ұлттық валютаға сатуды, сатып алуға құқығы бар.
Заңды резидент емес тұлғалардың банктегі шетел валютасы тек жұмыс ақы үшін
алып тасталуы мүмкін.
Өкілетті банктер заңды резидент емес тұлғаның шотынан арнайы ресімделген
құжаттарды тапсыру барысында шетел валюта беріледі.
Егер алдында алынған шетел валютада жарақаттамаса, онда бұл сомма осы
резидент емес тұлға шотына енгізілуі тиіс.
Өкілетті банктер Қазақстан Республика валюта заңнамасының бұзылмауы
маќсатында жүзеге асқан кей басқада толтырылған құжаттарды талап ету құқығы
бар.
Заңды резидент емес тұлғар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында
валютаны сатып алуға құқығы бар.
Өкілетті банк тер заңды резидент емес тұлғаларға ұлттық валюта және шетел
валютада несие беруге құқығы бар.
Сондай-ақ заңды резидент емес тұлғалар ұлттық валютада берілген нисиеге
ішкі нарықта шетел валютанысатып алуға тиым салынады.

1.4 Валюта бақылауының қағидалары, тәртібі және құрылымы.
Қазақстан Республикасының валюта бақылау – валюта бақылау органдарымен
және олардың агенттерімен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының валюта бақылау органдары:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай валюта реттеушінің функцияларын
асыруға құқығы бар мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасының валюта реттеудің негізгі органы болып Қазақстан
Республикасының ұлттық банк болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының
заңнмасына сай валютаның реттеу функциясын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының үкіметі және басқа да мемлекеттік органдар
валюта реттеуін өзінің өкілетіне болып жүзеге асырады.
Валюта реттеу органдары талдаған валюта реттеу бойынша нормативтік
құқықтық актілер Қазақстан Республикасының ұлттық банкімен келісу қажет
етеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы валюта бақлауды валюта бақылау
агенттері де өз үлесін қосады.
Валюлта бақылаудың агенттері болып банктік операцияларды жүзеге асырады
өклетті органдар жєне банктер, соњ қатар заңнамасымен бақылау міндеті бар
барілген лицензиясы бар органдар қатысады.
Валюта бақылау органдары агенттерінің міндеттемелері:
1) клиент берілгені бойынша операцияларды жүзеге асыру бойынша валюта
заңнамасының талаптарын көздеу.
2) валюта операциялары бойынша санақтың көлемділігін және толықтылығын
қамтамасыз ету.
3) өздерінің клиенттері валюта зањнамасының талаптарын құрған үшін
Қазақстан Республикасының ұлттық банкін және Құқық қорғау органдарын
хабардар ету.
Валюта бақылау органдары өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін агенттеріне
бөлек тапсырмы беріп, олардың іске асуын қадағалайды.
Әрине әрбір өкілетті немесе баќылауда жүретін орган өзінен жоғары тұрған
органға белгілі түрде немесе нақты түрде санақ, яғни өзінің жұмысы туралы
нәтиже беруі тиіс.²
Валюта операциялары бойынша өкілетті мемлекеттік органдармен келісілген
Қазақстан Республикасының ұлттық банк бекітілуі бойынша санақ тәртібі бар.
Бұл тәртіпке Қазақстан Республикасының территориясында өткізілетін қызмет
бойынша резидент және резидент еместер еруі тиіс. Түгел Қазақстан
Республика территориясында жүзеге асыратын өз қызметі бойынша (резидент
және резидент еместер) ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұл
ақпаратты қажет ететін органдар валюта бақылау бойынша Қазақстан Республика
ұлттық банкі, өклетті органдар мен ұйымдар.

² Сарсенбаев М.А. Таможенное право. Алматы, 2003 ж.

Тауарлар мен басқа да мүлік заттары ҚР кеден шекарасы арқылы
өткізулерде кедендік бақылаудан және кедендік тіркеулерден өтеді.²
ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көліктік мүліктерді өткізу ҚР кеден
органдары анықтаған жерлерде және олардың жұмыс істейтін уақыттарында
өткізіледі. Егер тауарлар мен көліктік мүліктерді ҚР кеден шекарасының
басқа жерлерінен және жұмыс істемейтін уақытында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық бақылау
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Темір жол көлігінде кедендік бақылау мен рәсімдеу жүргізу тәртібі
Халықаралық валюта қатынастары
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Пәндер