ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ
1. 1. Волейбол - дене тәрбиесінің мектептік және мектептен
тыс жүйесінде… . . . 7
1. 2. Дене шынықтыру және машықтану сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу . . . 12
1. 2. 1. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
дене дамуы мен дене қуаты дайындығы . . . 16
1. 2. 2. Жоғарғы сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері . . . 19
1. 3. Спорттық жаттықтырудың ұғымдары мен амалдары және негізгі жақтары. . 23
2. ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2. 1. Волейболшының жалпы және арнайы дайындықтары . . . 27
2. 2. Волейбол ойынындағы доп беру тәсілі . . . 37
2. 3. Зерттеу жұмысында қолданылған міндеттер мен әдістер және оны ұйымдастыру . . . 41
3. АЛҒАШҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ МЕН ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
3. 1. Техникалық-тактикалық дайындық . . . 48
3. 2. Техника - тактикалық тәсілдерге жетілдіру және үйрету кезіндегі педагогикалық амалдар . . . 49
3. 3. Допты үстінен беруді үйрету және жетілдіру кезінде қолданылған
дене шынықтыру құралдары . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
КІРІСПЕ
Жалпыхалықтық ілтипатқа спорттың барлық түрі қол жеткізе бермейді. Бұл түсінікті де. Олардың әрқайсысының өз қиыншылықтары бар: біреулерінің орындалуы күрделі, біреулерінің жабдығы тым қымбат, енді бірі спортшы үшін қызықты болғанымен, көрермені жоқ деуге болады.
Ал, волейбол ойыны өзіне ең жақсы қасиеттерді жинаған: қарапайым, көрерменге тартымды, түсінікті, әсерлі және бастысы, жасы мен мамандығына қарамай әр адамды өзіне еліктіре білу қабілетінде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі таңда дене шынықтыру сабағында волейбол ойынын үйрету мен жетілдіруде аздаған қиыншылықтар болып тұрады. Алайда ондай кемшіліктер азды - көпті кездесіп тұрады. Сондықтан да волейбол ойынындағы алғашқы оқыту кезеңіндегі допты беру мен қабылдау техникасын жетік меңгеру керек.
Адамзат тарихында спорттық ойындар сонау көне дәуірден бастап дами бастаған. Жаттығушылар түрлі түрлі спорттық ойындардың өзіндік қасиеттерін, ерекшеліктерін, ойын-тәсілдерін т. б. ескере отырып оны әр түрлі тәжірибелерде, сайыстарда кеңінен қолданған. Сол себепті мектеп қабырғасынан бастап балаларды жастайынан спорттық ойындарға баулып, оқыту кезеңдеріндегі техникаларын, яғни, оларды жетілдіру мен меңгеру арқылы оқушыларға үйрету дұрыс бағыт. Себебі жасөспірім волейбол ойынын менгеріп қана қоймай, өзінен кейінгілерге де бұл ойынның қыр-сырларын, ұтымды әрі жаттыққанды жұмыс істеу т. с. с. сапалы әрі тәрбиелік маңызы зор ептілік пен дағдыларға ие болады. Сондай-ақ, міне осындай білімдер мен жаттығулар негізінде осы ойынға деген қызығушылықтары артса. олардың сан алуан түрлері туралы білімдермен қаруланған жас ұрпақта әсемдік, эстетикалық талғамы мол, шығармашылық қабілеті кең, шеберліктері шыңдалған азамат қалыптасары сөзсіз.
Зерттеу көздеріне талдау:
Зерттеу жұмысы нәтижесінде келесі мәселелерді түйіндеу керек:
- Волейбол ойынының техникасын үйрету мен жетілдірудің нәтижелі болуы балалардың жаттығу кезеңдері және осы спорт түрімен айналысуымен тікелей байланысты.
- Оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып, жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек.
- Қолда бар құрал-жабдықтардыды тиімді пайдалана білуі.
Сондықтан, дене шынықтыру пәні бойынша көздеген мақсаттарға жету үшін ұдайы ізденіс пен жаңашыл көзқарас және шығармашылық үлестің басымдылығы заман талабы.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері:
Дене шынықтыру сабағында оқушыларға волейбол ойынының алғашқы оқыту кезеңіндегі допты беру мен қабылдау техникасын үйрету мен жетілдіру маңызы зор дұрыс шешім деуге болады. Себебі бұнымен мектеп қабырғасында оқушылар волейбол ойыны кезеңдерін менгеріп қана қоймай, ойынның қыр-сырларын, құрал-жабдықтармен ұтымды әрі сапалы жұмыс істеуді, т. с. с. тәрбиелік маңызы зор ептілік пен дағдыларға ие болады.
Міне, осындай білімдердің негізінде спорттық ойындардың сан алуан түрлері туралы білімдермен қаруланған жас ұрпақта талғамы мол, ізденімпаздық қабілеті кең азамат қалыптасары сөзсіз.
Дене шынықтыру сабағында оқушылардың дене сапаларын тәрбиелеу арқылы мектеп қабырғасында бүгінгі заманның ұрпақтарының алдында басты міндет: спорттық ойындарды жетік меңгерген, сана сезіміне терең сіңірген, оны ары қарай жалғастыруға бейім, салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Салауатты ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол себепті келешек қоғамды жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл адамзат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтардың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Зерттеу орны: Жоғары сыныптардағы оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: «Дене шынықтыру» сабақтарындағы жоғары буын сыныптары, Осы сыныптардың шығармашылық және білімділік пен біліктілік қабілеттерін қалыптастыру процесі.
Зерттеудің жетекші идеясы: Волейбол ойынындағы доп беру мен қабылдау техникасын үйрету және жетілдіру бойынша оқушылардың жүйелі білім алуы мен соған сәйкес ізденімпаздық, шығармашылық бейім-қабілеті жетілген сайын, олардың осы ойынға деген шығармашылық сапасы, шеберлік дағдылары да артады.
Практикалық маңызы: Волейбол ойынын меңгертіп, жетілдіруде, шеберлік дағдыларының қалыптасу заңдылықтары, жалпы және арнайы дайындықтардың маңыздылығын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды оқушыларға үйретуде көтерілген мәселелердің қосар өзіндік үлесі аз болмас.
Бұл диплом жұмысы арқылы волейбол ойыны кезеңінде, оның өзіндік қасиеттері және ерекшеліктері икемділігімен ерекшеленіп, дене шынықтыру жаттығуларында үйлесімді іс-әрекеттер жасауға көмектеседі. Әрбір жаттығу тәжірибеде өз дәрежесінде қолданылуы керек. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға жетеміз.
Еліміз егемендігін алып, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып, мемлекетімізде қазақ мектептері көптеп ашылып, қазақ халқы балаларын өз ана тілінде оқытып жатқан кезеңде, оларды өз тілдерінде оқытатын жоғары білімді мамандар даярлау керектігі өте күрделі мәселеге айналды. Мәселе тек қана мектептерде жүргізілетін дене тәрбиесі сабағы ғана емес, еліміздің намысын халықаралык жарыстарда қорғайтын, жоғары дәрежелі спортшылар даярлайтын спорт саласы, салауатты өмір салтының негізгі, әрекетті бағыты денсаулық, сауықтыру топтарында сабақтар жүргізетін мамандар даярлау саласы, кәсіптік және әскери қолданбалы дене мәдениеті мамандарын даярлау саласында да мемлекеттік тілде жұмыс істейтін мамандар даярлау керек болды. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарында «Дене мәдениеті және спорт» мамандары көптеп даярланып жатыр, басылып шығарылып жатқан оқу кітаптары да баршылық. Бірақ сол кітаптар әлі де жас мамандардың сұраныстарын толықтырмай отыр. Бұл диплом жұмысының құралының, басылып отырғаны да сол сұраныстарды қанағаттандыру қажеттігінен шығып отырған мәселе. Диплом жұмысының негізгі мақсаты допты беру және қабылдау, тағы да басқа элементтерге үйрету барысында тиімді әдістер мен құралдарды дұрыс таңдау және оларды дене шынықтыру сабақтарында машықтану процестерінде қолдану қарастырылған. Мақсатын шешу бойынша техника - тактикалық тәсілдерге жетілдіру және үйрету кезіндегі педагогикалық амалдары, допты үстінен беруді үйрету және жетілдіру кезінде қолданылған дене шынықтыру құралдары қолданылды.
Қазіргі сіздерге ұсынылып отырылған бұл диплом жұмысының құралында жоғары білімді «Дене мәдениеті және спорт» маманын даярлауға қажет материалдар негізгі мәселелері қамтылып отыр.
Бұл диплом жұмысының теориялық-әдістемелік базасы негізгі идеялар мен тұжырымдар Кеңес дәуірі, одан кейінгі кезеңдерде, қазіргі күндерде жазылган оқулықтардағы Ресей және шетел ғалымдарының ғасырлар бойы дене мәдениеті мен спорт саласында қалыптасқан идеялары, қөзқарастары, ойлары, тұжырымдарына, ғылыми еңбектеріне сүйене отырып жазылған. Диплом жұмысының құралында Ресей, шетел ғалымдары ұсынган көптеген кестелер қолданылған. Дүние жүзі ғалымдары зерттеген білім Ресей ғалымдары арқылы зерттелініп, анықталып, толықтырылып бізге жетіп, біз арқылы қазақ ұғымымен, бай сөз қорымен, менталитетімен сұрыпталып, қосылып, оқырман сіздерге жетіп жатса, сол арқылы қазақ мемлекетінің дене мәдениеті, дене тәрбиесі, спорт саласы білімденіп, біліктеніп жатса авторлардың мақсатының орындалғаны.
Зерттеу болжамы:
Волейбол ойынын үйретудің білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету үшін:
- Егер жоғары буындағы балалардың жеке дара физиологиялық және жас ерекшелік қабілеттері мен оқушылардың икемділіктерін ескерсек;
- Егер жоғары буындағы оқушылардың шеберлік дағдыларын психологиялық және педагогикалық проблема деп қабылдап оның теориялық негізін анықтасақ;
- Жоғарыда баяндалғандардың негізінде дене шынықтыру сабағында ұдайы оқушылардың білімдері мен біліктілік сапасына тексеру жүргізу және оларды (жеке және шұғыл тарапта шешім тауып) әрбір жеке оқушының өзіндік ерекшеліктерін (психикалық, ептілік, шеберлік, дарындылық және т. б. ) ескере отырып олармен жеке жұмыс жасаса көздеген мақсаттарға жетудің төте жолы болар ма еді?!
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен , қорытынды және қолданылған негізгі әдебиеттерден тұрады:
1 бөлім. Дене шынықтыру сабағында оқушылардың дене сапаларын тәрбиелеу. Бұл бөлімде дене мәдениеті мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орны анықталып көрсетілген. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарга теориялық түсініктер, анықтамалар берілген. Волейбол дене тәрбиесінің мектептік және мектептен тыс жүйесінде анықтамалар, олардың түрлері, дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы, жоғары сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері, спорттық жаттықтырудың ұғымдары мен амалдары және негізгі жақтары көрсетіліп жазылған.
2 бөлім. Волейболшылардың козғалыс дағдыларын қалыптастыру. Бұл бөлімде әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері, зандылықтары көрсетілген. Волейбол ойынындағы волейболшының жалпы және арнайы дайындықтары, волейбол ойынындағы допты беру әдіс-тәсілдері, зерттеу жұмысында қолданылған негізгі міндеттер мен әдістер және оларды ұйымдастыру жолдары қарастырылған. Оқушыларға жүргізілетін дене тәрбиесі сабағындағы допты беру тәсілін үйрету және жетілдіру оның мазмұны, құрылымы, түрлері, ұйымдастыру әдістері, әдістемелері, оқыту, үйрету, жоспарлау жолдары берілген.
3 бөлім. Алғашқы оқыту этапындағы допты беру және қабылдау техникасын үйрету және жетілдіру. Спорттық жаттықтыру, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткіштерге жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізу түрлері, жолдары, әдістері, техникалық-тактикалық дайындықтары, техникалық-тактикалық дайындықты жетілдіру және үйрету кезіндегі педагогикалық амалдар, волейбол ойынындағы допты үстінен берудегі және оларды үйрету мен жетілдіру кезінде қолданатын дене шынықтыру құралдары көрсетілген. Спортшыларды дайындау жақтарының сипаттамасы, жаттықтыру үрдісін жоспарлау технологиясы берілген.
1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ
1. 1. Волейбол - дене тәрбиесінің мектептік және мектептен тыс жүйесінде
Оқу барысында волейбол оқушылардың жалпы дене дайындығының маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Волейбол бағдарламасы оқушылардың теориялық мағлұмат алуын, ойын техникасы мен тактикасының негізгі тәсілдерін игеруін, сабақты өз беттерімен ұйымдастыру және ойынға қатысуда тәжірибе жинақтауын көздейді.
Волейболдың дене тәрбиесінде кеңінен пайдаланылуы бірнеше мысалдармен түсіндіріледі:
- ойынды ойнаушының жас ерекшелігі шектеусіз, денсаулықы нығайту және дене - күш дамуы үшін пайдалану мүмкіндігі, моральдық және төзімділік қасиеттерді тәрбиелейді, жастардың демалысын ұйымдастыру кезінде пайдалы және белсенді тынығудың әсерлі түрі;
- ойын ережесі қарапайым;
- ойын сайысы жоғары тиімді;
- ойынға арналған алаң мен жабдық - құралдары қарапайым.
Волейбол - әр ойыншы өз серігінің қимылын есепке ала отырып әрекеттенетін командалық ойын.
Ойынға қимылдардың түрлі алмасуы, жағдайдың тез өзгеруі, қарқындылығы мен әр ойыншының қызметінің ұзақтығы өзгеріп отыруы тән. Ойын қызметі шарттары ойыншыларды ортақ мақсатқа қол жеткізу барысында:
- өз қимылдарын ұжым мүддесіне бағындыруға;
- бар күші мен мүмкіндігін жұмсауға;
- спорттық тартыс барысында қиындықтарды жеңуге;
- өзгерістер болған жағдайға лезде баға беріп, дұрыс шешім қабылдай
білуге үйретеді[1] .
Бұл ерекшеліктер оқушыларды ұжымдастық сезімге, табандылыққа, батылдыққа, мақсатқа қол жеткізуге, назар мен ойлау шапшаңдығына;
өз сезімін басқару қабілеттігіне, негізгі дене бітімдерінің жетілуін тәрбиелеуге септігін тигізеді. Жоғарыда көрсетілген ерешеліктерді ескере отырып қойылған педагогиалық міндеттер мен оқушылардың қызығушылығын арттыру дене шынықтыру сабақтарында іске асырылады. Бірақ осы міндеттерді шешу үшін сабақты дұрыс ұйымдастыру әр түрлі әдістерден тәуелді.
Мектептегі дене тәрбиесінің ұйымдастыру формасы
Дене тәрбиесі жүйесінде дене шынықтыру жаттығулармен айналысуының бірнеше ұйымдастыру формасы қолданылады.
Дене шынықтыру сабағы . Дене шынықтыру сабағы мектепте дене шынықтыру жаттығуларымен айналысудың негізгі формасы болып есептеледі.
а) Оқушылар үшін ол міндетті, жүйелі және жаппай формасы болып есептеледі.
б) Мемлекетік бағдарламасымен негізделген ғылыми базасында, ұзақ оқыту мерзімге ұсініліп өткізіледі.
в) Оқушылардың жекелік, жас және жыныстық ерекшеліктері ескеріліп педагогтың басшылығымен іске асырылады.
г) Оқушылардың қозғалыс қабілеттеріне, спорттық нәтижесіне, медициналық топтарға бөлуінен тәуелденбей олардың жан-жақты және гармональдық жетілуіне септігін тигізеді.
Дене тәрбиесімен шұғылданудың негізгі түрі - сабақ
Дене шынықтыру сабағының басты қағидасы, жан-жақты, оқушылардың гармональдық дамуын және өмірге тиімді дайындау стратегиялық міндеттер қарастырылады.
Дене шынықтыру сабағының дене тәрбиесінің басқа формаларына қарағанда келесі басымдығы бар:
- Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі айналысуы, ұйымдастырудың ең бұқаралық формасы болып есептеледі.
- Ұзақты оқыту мерзімге есептеліп, дене тәрбиесінің негізделген бағдарламасымен ғылыми негізде өткізіледі.
- Оқушылардың жеке, жас - жыныстық ерекшеліктерін ескере дене шынықтыру және спорт педагогінің басшылығымен іске асырылады.
- Оқушылардың дене дайындығын және бағытталып дамуын қалыптастырады.
Сабақтың дене тәрбиесін ұйымдастырудың басқа түрлерінен ерекшелігі:
- білімдік міндеттерді шешетін дидактикалық бағыт;
- оқытушының оқу және тәрбие жұмыстарын бағалауда алатын орны;
- оқушылардың іс-шараларын қатаң реттеу және олардың жүктемелерін мөлшерлеу;
- шұғылданушылардың тұрақты құрамы және жас мөлшерлерінің біркелкілігі.
Дене тәрбиесі жөніндегі оқу-тәрбие, сауықтыру және жаттықтыру жұмысының тиімділігі белгілі дәрежеде сабақтардың ұйымдастырылуы мен методикасына байланысты. Сабақтарды топпен ұйымдастырып немесе өзінше өткізуге болады. Дене тәрбиесі сабақтарының алуан түрлі болуы көптеген міндеттерге байланысты. Бұл міндетті шұғылданушылар мен оқытушы бір сабақта, сондай-ақ ұзақ дайындық кезеңінде шешеді.
Дене тәрбиесі сабақтарының жетекші орны тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сабақты оқытушы, білікті маман ұйымдастырады және өткізеді. Ол жүргізілетін жұмыстың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұған төмендегідей негізгі шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізеді:
- дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі бөлімін орындау және оқу жұмыстарын жоспарлау негізінде;
- бүкіл оқу тәрбие жұмысының міндеттерін және әрбір нақты сабақты анықтау негізінде;
- шұғылданушылардың жағдайлары мен топ құрамын, денсаулығын, дайындық деңгейін және басқа көрсеткіштерін ескере отырып, сабақтарды өткізудің құралдары мен тәсілдерін тиімді іріктеу негізінде;
- жаттығудың дұрыс орындалуын түсіндіру және қателіктерін түзету, тазалық сақтау шараларын қамтамасыз ету;
- ұйымшылдықты, тәртіптілікті, саналықты және белсенділікті тәрбиелеу, осы негізде белгіленген міндеттерге және жалпы мақсатқа жету үшін жұмыс қабілеті мен мінез құлқын қалыптастыру.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама берілуі мүмкін. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді[2] .
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары жатады. . Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділіке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол пайдаланылады. Оқушылардың әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.
Спорттық іс-әрекет жаттығу сабақтарында және спорттық жарыстарда іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спорттық сек-цияларында, мектептен тыс мекемелерінде (балалардың спорт мектептері, зауыттардың мәдениет үйлері, ерікті спорт қоғамдарының балалар және жасөспірімдер секциялары т. б. ) төселген мамандар арқылы өткізіледі. Спорт-оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдық-еріктік қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктерін, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
Бір сабақ екінші бір сабақтан өзінің бағыттылығымен, мазмұнымен қаншалықты ерекшелігімен олардың әрқайсысы жекелеген бөліктердің бөлінуін көздейтін жалпы құрылымға бағынышты.
Сабақты дұрыс ұйымдастыру әдістері
Өткен сабақтардың дәйекті жалғасы болуымен қатар, біртұтас құрастырылып және толық аяқталуы қажет. Әр сабақ, келесі кезеңімен сабақтың мазмұны мен мақсатын қамтиды;
- сабақтың мазмұны оқушылардың санына, жынысына, жасына, шынығу деңгейіне және жалпы дайындығына қарай анықталады;
- оқушылардың қызықтырып, олардың өз бетінше белсенділікпен дайындалу сезімін оятады;
- денешынықтырудың жан-жақты дамытылуына, денсаулықтың нығаюына қозғалыс тірегінің қалыптасуына әсерін тигізетін жаттығулар мен ойындардан құрастырылады:
- оқып үйрену және тәрбие жұмыстарын қамтиды;
- сабақ, тазалық-гигена және қажетті спорттық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді;
- сабақтың негізгі мақсаты әр түрлі әдістер қолдану арқылы шешіледі;
- оқу- тәрбие жұмыстарын әрдайым дамытады;
- дене тәрбиесі сабағының сапасын жақсарту, бақылау жұмыстарының тұрақты жүргізілуіне тікелей байланысты.
Оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың нәтижесі мұғалімнің дайындық сапасына, оқу жүйесін дұрыс жоспарлауына, қолда бар құрал жабдықтарды жер жағдайына байланысты дұрыс пайдалануына, оқу -тәрбие жүйесін жүргізу әдістері- мен байланысты. Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалану арқылы мұғалім сабақта жоғары көрсеткішке жетуіне мүмкіншілік туғызады.
Сабақтың мақсатын орындау үшін оқу жұмыстарын ұйымдастыруда ең тиімді әдістер қолданылады.
Жан-жақты әдіс. Бұл әдістің артықшылығы, көп оқушылар тобын қамту, жаңа жаттығуларды үйретерде оқушыларды сабақтың мазмұнымен таныстыру, сабақтың тиімділіігн және жұмыс көлемін барынша ұлғайту.
Үздіксіз оқыту әдісі. Жаттығуды оқушылар бірінен соң бірі кезекпен үздіксіз орындайды. Жағдайға байланысты жаттығуларды үздіксіз орындау екі-үш топта бір мезгілде өткізілуі мүмкін. Мысалы: тепе- теңдік жаттығуларын үздіксіз 2-3 гимнастикалық орындықта бөренеде орындауға болады. Сабақты осы әдіспен өткізудің артықшылығы оның тығыздығымен жүктемесінің өсуінде. Ұзындыққа, биіктікке секіргенде, өрмелегенде немесе өрмелеп шыққанда, тепе тендік және акробатика жаттығуларын орындағанда, сонымен қатар шаңғымен өрге көтеріліп, еңіске түскенде қолдану өте ыңғайлы. Бұл әдістің тағы бір маңызы әр түрлі жаттығуларды орындауында. Мысалы: алдымен оқушылар гимнастикалық орындықпен жүріп, бөрененің астынан өтеді де биіктікке секіреді, содан кейін гимнастикалық қабырғаға өрмелейді т. б. Үздікіз оқыту тәсілі негізінен жаттығуларды дағдыландыру және жетілдіру мақсатында қолданылады.
Ауыспалы әдіс . Оқушылар жаттығуларды кезекпен орындау үшін топтарға бөлінеді, жаттығуды орындаған соң топтар орын ауыстырады. Алмасу топтары жаттығуды бір мезгілде орындайтын топтардан құрастырылады.
Алмасу тобының біреуі жаттығуды орындайды да, басқалары оны қадағалайды( сақтандырады, көмектеседі, талдайды) . Мысалы: залда 10 гимнастикалық кереге, 30 оқушы болса, жаттығуды орындау үшін олар алты баладан бес ауыспалы топқа бөлінеді. Допты нысанға және қашықтыққа лақтырғанда, асылу, өрмелеу, ұзындыққа, биіктікке секіргенде т. б. жаттығулар орындағанда «Ауыспалы әдіс» қолданылады. Бұл әдісті қолдану мұғалімге оқушыларды жақсы қадағалауға мүмкіншілік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz