ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫН ЖЕТІЛДІРУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың жан-жақты дамытудағы дене тәбиесінің маңызы ... ... ... ... 6
1.2 Спортшылардың негізгі дайындық жақтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы
мен дене қуаты
дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14

2 ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ
КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер және оны
ұйымдастыру ... ... ... .18
2.2 Техника - тактикалық тәсілдерге жетілдіру және үйрету кезіндегі
педагогикалық
амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23
2.3 Допты үстінен беруді үйрету және жетілдіру кезінде қолданылған
дене шынықтыру кұралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28

3 ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Дене шынықтыру жаттығулармен айналысудың бір түрі
волейбол
ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .37
3.2 Дене шынықтыру сабақтарында дене касиеттерін
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... 41
3.3 Волейболшының жалпы және арнайы дайындықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .57

КІРІСПЕ

Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолдауындағы ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік
даярлау бөлімінде: ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы,
өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру
жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы
басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз.
Бәріде мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан 12
жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін,
оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек. Біз
мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз - делінген.
Ал, Елбасының Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында атты
(16.03.2006 ж.) Жолдауында Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы басым
бағыттардың бағдары, Қазақстанның алдыңғы қатарлы, бәсекеге қабілетті
елдердің қатарына қосылып, сол қатардан өзіне тиесілі, лайықты орын алса
деген үлкен мақсат дейді Елбасы.
Әрине, Жолдаудағы айтылған ауқымды да, маңызды мәселелерді бүгін,
ертең шеше қою оңай шаруа емес. Өйткені, еліміздің бірнеше ондаған жылдар
бойына шикізаттың роль атқарып, қойнауы байлыққа толы болса да, сол
қазынаны тиімді пайдаланып, халықтың игілігіне жарататындай мүмкіндігі
болмай келгені, өз тізгінін, өзі алып жүрмегені баршаға аян.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Қазақстан өндіруші елден, өңдеуші елге
көшеміз деген мақсат-мүддені алға қойып келеді. Дей тұрсақ та, оны іс
жүзіне асырудың қиындықтарын бір кісідей көріп келеміз. Оны іске асыратын
білімді, білікті мамандар, экономист-реформаторлар мектеп қабырғасында
отыр. Бүгінгі оқушылар – ертеңгі азаматтар. Олардың бұл жолда үмітпен
қарағаны, ертеңгі күнге өз үлесін қосуға дайын болуы, ең алдымен денсаулығы
мықты болуы, салауатты өмір салтының керектігі айтылады.
Қай жағдайда болмасын мақсатқа жетуге, денсаулықтың алар орны дара.
Денсаулық – зор байлық, яғни денсаулық мықты болса, оған жоғарыда
айтылғандай білім мен біліктілікті қоссақ адам баласы алмайтын қамал
болмайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, салауатты өмір – ең басты
байлық.
Дене тәрбиесінің дамуы- спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі
жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен айналыса
отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғарғы
спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір
түрлеріне маманданады.
Сонымен қатар оқушылар бойын тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық
мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілеріне
тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-
ерік сапаларын қалыптастырады. Олардың бойындағы патриоттық сезім, яғни өз
халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға төзбеу, намысшыл, салт-дәстүрді
қастерлеу оны білуге құштарлануы, өз достарына, ұстазына, мектебіне деген
сүйіспеншілікке болуы, еңбекқор т.б. Қорыта айтқанда жан-жақты жетілген,
білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді.
Еліміз егемендігін алып, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып,
мемлекетімізде қазақ мектептері көптеп ашылып, қазақ халқы балаларын өз ана
тілінде оқытып жатқан кезенде, оларды өз тілдерінде оқытатын жоғары білімді
мамандар даярлау керектігі өте келелі мәселеге айналды.
Мәселе тек қана мектептерде жүргізілетін дене тәрбиесі сабағы ғана емес,
еліміздің намысын халыкаралык жарыстарда қорғайтын, жоғары дәрежелі
спортшылар даярлайтын спорт саласы, салауатты өмір салтының негізгі,
әрекетті бағыты денсаулық, сауықтыру топтарында сабақтар жүргізетін
мамандар даярлау саласы, кәсіптік және әскери қолданбалы дене мәдениеті
мамандарын даярлау саласында да мемлекеттік тілде жүмыс істейтін мамандар
даярлау керек болды. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғарғы
оқу орындарында Дене тәрбиесі және спорт мамандары көптеп даярланып
жатыр, басылып шығарылып жатқан оқу кітаптары да баршылық.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Өзек жарды ойлар кітабында: Ел болу үшін –
ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек-деген болатын.
Осы сөздің аясында, мен де мектеп бағдарламасына сәйкестіре қосымша
жұмыстар жүргіздім.
Өзектілігі: Дене тәрибесі – мектептегі оқу-тәрибе ісінің маңызды
бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап
айтқанда дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының көрсетілген
міндеттерінің табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды.
Дене тәрбиесі арқылы жүргізілетін жұмыстар мектептік оқу жоспары
арқылы алынатын білім, білік, дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың
денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі
түрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстар, елімізге деген
сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі дене
тәрбиесі жұмыстары – еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны
және оның бір бөлігі болып табылады, онымен барлық жағынан өте тығыз
байланыста болады.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі заманға сай күшті, жігерлі, төзімді,
денсаулығы мықты оқушыларды тәрибелеп, әртүрлі әдістерді пайдалана отырып,
ұлттық танымдық қабілетін ашып, олардың теориялық, практикалық бөлімдерін
жетілдурге, өз беттерімен шынығуға жағдай жасау.
Зерттеудің міндеттері: Қазіргі дамып жатқан білім тамырына оқушылардың
ой-өрісі, күш-қуатын сай болдыру. Олардың танымдық қабілетін, теориялық
білімін, пәнге қызығушылығын арттыру. Саналы, сапалы, денсаулығы мықты
ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалім өз күнделікті сабағын әртүрлі әдіспен
оқушының есінде қалатындай, қызығатындай етіп өткізу. Мұғалімнің жеке
тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушылар арасындағы қатынасы, әдістемелік
шеберлігі – оқушының білімге деген ынтасын арттыру.
Зерттеу объектісі: Дене тәрбиесі пәні, оның ішінде волейбол ойыны
арқылы оқушылырдың бойына өмірге кажетті козғалыс епшілдіктерін
калыптастыру.
Зерттеу пәні: Дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыру және
оқушылар ағзасына түсетін жүктемені қатаң реттеп жүзеге асыру.
Дипломдық жұмысқа қолданған зерттеу әдістері: анализ, синтез, талдау,
салыстыру, индукция, дедукциялық әдістер.
Зерттеудің теориялық және методологиялық базасы.
Ғылыми – таңымдылық іс – әрекет формаларымен тәсілдеріне сүйене
отырып, диалектикалық әдісті колданып, жүйелік камтамасыз етілді.
Ғылыми жаңалығы: Адам бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, ойланып-
толғануға, сезімталдыққа, басқаның жағдайына шыға білуге, жеңіске жету,
өзінің күш-қуатына деген сенімділікке, денесінің шынығуына, қиялдай, ойлай
білуге т.б. қасиеттерді қалыптастыру, тәрибелеу мақсатында қолданылады.
Практикалық маңыздылығы: Дене шынықтыру сабағында волейбол элементтерін
жетілдіру барысында денсаулығын нығайтудан басқа, кажеттті кезде, меңгерген
техниканы қолдана алуына мүмкіншілігін арттыру.
Диплом жұмысының күрылымы: Кіріспе, 3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады

1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың жан-жақты дамытудағы дене тәбиесінің маңызы.

Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты
міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы
денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының
манызды кепілі.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше
мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау
қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық колледждерде, барлық оқу-тәрбие
мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарықталған спорт залдары
мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары
мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы
керек. Осыған байланысты мектептерде дәстірлі дене тәрбиесі сабақтарынан
басқа спортталған дене тәрбиесі бірге камтамасыз ету.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды бөлімдерінің бірі
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі спортталған
дене тәрбиесі (СДТ) болып табылады.
Дене тәрбиесінің мазмұны мен түрін жаңартудың спортталған дене тәрбиесінің
мәні жалпы дене дайындығы топтарында, шаңғы спорты, спорттық жекпе-жектер,
стол теннисі, баскетбол, волейбол, спорттық гимнастиканың оқу-жаттығу
топтарында спорттың таңдап алынған түрлерімен үйренушілердің ерікті түрде
шұғылдануынан тұрады. Сабақ оқу кестесіндегі сағаттардың қатарына енгізіліп
және 2 сағаттан аптасына 3 рет сабақтан тыс өткізіледі.
Спортталған дене тәрбиесін енгізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық
құрылымын жаңарту процесін біртіндеп, кезеңмен дамытуды көздейді.
Орта мектептің 9–сыныптарының оқушыларын дене тәрбиесін ұйымдастырудың
жаңа түріне алдын-ала дайындау қажет. Оқу жылының басындағы дене тәрбиесі
сабақтарының бірі сабақтың негізгі бөліміндегі жаттықтыратын режімдердің
көлемін біртіндеп өсіру арқылы өткізіледі. Осы кезеңде таңдап алынған
спорттың бөліктерімен таныстырылады.
10-12 сыныптардың оқушылары мектеп директорының атына жазылған арызға
сәйкес спорттық оқу-жаттығу топтарында өзі таңдаған спорт түрлерімен
шұғылдануға ауысады. Ықылас білдірмегендер жалпы дене дайындығы (ЖДД)
спорттық топтарында шұғылданады.
Адам физиологиясын, яғни сенситивтік кезеңдерді ескере отырып 6 жастан
бастап иілгіштікке жаттығуларды беру қажет, 8-9 жастан бастап шапшаңдық пен
ептілікке, 11-12 жастан бастап шыдамдылыққа және 15 жастан бастап күшті
дамытуға арналған жаттығулар берілуі тиіс[1].
15-16 жастағы оқушыларда қозғалыстың кез келгенін іс жүзінде зерттеу
үшін морфологиялық және функционалдық алғы шарттар туындайды. Дегенмен де
бұл кезеңде оқушылардың қызығушылығы, сұранысы мен қабілеттеріне сәйкес оқу-
жаттығу топтарына бірыңғай 10-12 сыныптарды біріктіру есебінен
жасөспірімдер мен қыздарды бөлек оқытуды ескере отырып, жеткіншектің
жыныстық жетілу дәрежесіне байланысты дене жүктемелерінің көлеміне жеке
тұрғыдан келу қажет.
Жас шағынан бастап жалпы дайындау және спорттық бағдар беру жүріп
жатады, бұл жастарда азғана, яғни маманданудың жекелеген элементтері ғана
беріледі. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларында спорттың кейбір түрімен
шұғылдануға деген себептер айқын байқалады, бірақ бұл төменгі сыныптарда
да, спортталған дене тәрбиесін ұйымдастыру мүмкіндігі жоқтығын білдірмейді.

Сабақ оқу-жаттығу топтарда (10-12 сыныптар) жүргізіледі және 2
сағаттан аптасына 3 рет, барлығы 6 сағат көлемінде оқу кестесіне
енгізіледі. Мамандандырылған дене тәрбиесі оқытушысының жалақысы дене
тәрбиесінің міндетті 3 сағатына бөлінген сағаттардың есебінен және үш сағат
факультатив сабақтарының немесе қыздар мен жасөспірімдердің бөліп оқытылуы
үшін оқу-жаттығу топтарына біріктірілген бірыңғай 10-12-ы сыныптардың дене
тәрбиесі сабақтарының 3 сағаты есебінен төленеді.
Қазақстан Республикасы оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің қазіргі
кезеңінде, оның мақсаты мен міндеттері Үкіметтің түрлі құжаттарында, Дене
шынықтыру пәні бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген, яғни,
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты 2007-2011 жылдар
аралығында дамытудың мемлектеттік бағдарламасында оқу- жатығу процесін
тереңдетіп және спорт түрлері бойынша күн ұзағына оқып- үйренетін
мамандандырылған сыныптарды ашуды жалпы білім беретін мектептерге ұсыну,
жасөспірімдер клубтарын ашу арқылы жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі
сабақтарының құрылымы мен мазмұнын толықтыратын дене шынықтырудың мектептен
тыс түрлерін ұйымдастыруды жетілдіру көзделген. Дене шынықтыру пәні
бойынша мемлекеттік стандарт осы пәннің мақсаты есебінде денсаулықты
нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын,
адамгершілік, еңбек жане эстетикалык тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке
адамды үйлесімді дамытуды белгілеп отыр. Қазіргі мектеп оқушылары дене
тәрбиесінің мақсаты И.И. Переверзинның анықтауы бойынша – бұл дене
жатығулары және спортпен үздіксіз шұғылдану арқылы салауатты өмір салтының
бір бөлшегі есебінде оқушының жеке, дербес дене тәрбиесінің жоғарғы
деңгейін қалыптастыру[2].
Спортталған дене тәрбиесін енгізу маселелері бойынша қазіргі бар
зерттеулерді талдау оны құрайтын төмендегілердің бар екенін дәлелдеп отыр:
дененің жетілу белгілерінің даму деңгейін зерттеу; дене тәрбиесінің қосымша
жаттығу сабақтары; балалардың спортқа бағыт ұстануының педагогикалық
технологиясы; балалардың дене белсенділігін жетілдірудің әлеуметтік және
технологиялық аспектілері; оқушылардың дене тәрбиесі бойынша оқу барысын
бағдарламалық- әдістемелік жағынан қамту; жеке адамға бағытталған дене
тәрбиесі; адам құндылығының басымдылығын мойындау; дене тәрбиесінің
дамуының әлемдік тәжірибесінің қазіргі жағдайы тұрғысындағы оқушылардың
дене тәрбиесінің міндеттері мен мақсаттарын нақтылау; оқушылар дене
тәрбиесін ұйымдастырушылардың әр түрін онтайлы үйлестіру; дене дайындығын
бақылау; аймақтық жағдайларды ескере отырып оқушылар дене тәрбиесін
жетілдіру; дене тәрбиесімен шұғылданудың себептері; дене жаттығуларымен
оқушылардың дербес шұғылдануы; дене шынықтыру бағдарламаларын талдау; дене
қасиеттерін дамыту мен қозғалыс әрекеттерін игеруді оңтайландыру;
оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысын жоспарлау .
Жоғарыда айтылғандарды ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамту мамандарының
зертеулерінде негізделгенмен де, біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі
кезеңде төмендегідей мәселелері алдағы кезде де өзін зерттеуді талап етеді:

 а) оқушылар дене тәрбиесін жүйесінің бағдарламалық нормативтік
негіздерінің дамуын зерделеу;
 ә) оқушылар денесінің жетілдіру бағыттары және оларды анықтайтын
себептерді (факторларды) зерттеу;
 б) оқушылар дене тәрбиесі жетілдіруді қазіргі тұжырымдамалар тұрғысын
анықтау;
в) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы дене тәрбиесі
бойынша бағдарламалардың негізгі және өзгермелері бөлімдерінің жүзеге асу
шартын анықтау;
г) дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жоғарғы сынып оқушыларының
ынталану себептерін зерттеу;
д) жалпы білім беретін мектептерде спортталған дене тәрбиесін енгізу
технологиясын дайындау.
В.К. Бальсевич атап көрсеткендей, мектептің сабақ кестесі аясындағы
дәстүрлі дене тәрбиесі сабағы оқушының дене қасиеттерін оңтайлы дамытуға
мүмкіндік туғызатындай жаттығу тиімділігіне қол жеткізе бермейді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты оқушылардың дене дамуын, дене
дайындығын, функционалдық деңгейін, сабақтың сауықтыру әсерін арттыру
міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін иновациялық технологияны ұйымдастыру
мен іске асыруды оңтайландыруға ғылыми ізденісті тұрғыдан келу қажет.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында
қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, секіру, жүзі, лақтырыу,
шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу, тағыда
басқалары.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан
күш, жылдамдық, төзімдік, икемдік сияқты адам қабілеттерін дамыту
оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады,дене қозғалысын үйлестіреді.
Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті,алептілік
адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне нақты шешім
қабылдау қабылеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, денешынықтыру мәдениеті,
туризм, спортерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі
жұмыстарында күн ырғағын, дене жаттықтыру, организімді шынықтыру, тамақтану
гигиенасы, ұйқы тағы басқа жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Дене тәрбиесі ең басты ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы
бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрл іс-әрекеттер түрлерінің
ұзақтығы,және олардың кезкетесуі белсенді демалыс, тамақтануды реттеу,
ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезкетесуін сақтау,
организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын
қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы
жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде
оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жыасалады.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім,сынып жетекшісі,тәрбиеші
басқарады.Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіпетін негізгі
мәселелер:
1. Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ыпғағын ұтымды пайдалануды үйрету,
оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға
жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
2. Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға
қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, оқушыларды жеке және
қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
3. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру
жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді,
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттық
базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды-міндеттерді еске алған жөн:
1. Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
2. Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
3. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
4. Негізгі қозқалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар
мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның
адамды өнімді еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық,
күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа, табандылық,
ерлік , мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы
психикалық қасиеттері де дамиды. Алуан түрлі дене жаттығулары, қимылды
ойындар, спорт-дене тәр-биесінің құралдары болып табылады. Олармен үйде
гимнастика-зарядка, мектепте дене шынықтыру сабақтары, спорт және туристік
секцияларда, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде
айналысады[3].
Әр түрлі бұлшық ет топтарын, буындар мен сіңірлерді ұдайы жаттықтыру
олардың олардың атқаратын қызметі мен үйлесімділігін күшті дамытады. Дене
еңбегі организмнің мүшелері мен системаларын жаттықтырады, қимыл апаратының
қалыпты жұмыс істеуін, зат алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Белгілі бір
мөлшерде әр түрлі жаттығуларды күн сайын орындап отыру, оларды алдын ала
белгіленген көлемде, өзіңді ешбір босаңсытпай дұрыс істеуге тырысу белгілі
әдетті, одан соң мінез-құлық ережелерін бұлжытпай орындау мұқтаждығын
қалыптастырады. Осының арқасында адамның тәртәптілігі артып, оның еркі
нығаяды.
Ерлер мен әйелдер организімінің дене мүмкіндіктері әр түрлі. Ерлер
шұғыл дене еңбегін оңай атқарады, олардың күшті, қимым амплитудасы көбірек.
Әйелдер төзімдірек, бірқалыпты ұзақ жұмысты жақсы атқарады. Сондықтан ұлдар
мен қыздарға дене тәрбиесін беру дістері де біраз өзгеше болады.
Төзімділікті, жылдам-дықты, қимыл дәлдігін дамытатын жаттығулар екі
жыныстағы оқушыларға да бірдей пайдала, бірақ ұлдарға бұған қосымша күшті
дамытуға, ал қыздарға-икемділікті дамытуға арналған жаттығулар қажет.
Көптеген жас өспірім қыздар мен бойжеткендер дене шынықтыру жаттығуын
жете бағаламайды. Олар дене шынықтыру жаттығуларын енжар орындайды,
сондықтан да кейде 10-12 жастағы қыздардың дене мүмкіндіктері 16-17 жастағы
бойжеткендерден жоғары болатындығы кездей соқ емес. Бұл әйел адамның
қалыптасуына теріс әсерін тигізеді.
Ұлдарға, жас өспірімдер мен жігіттерге өздерінің дене мүмкіндіктерін
асыра бағалау мен белгілі бір абайсыздықтән, мұның өзі, кеде олардың шамасы
келмейтін салмақты көтеруіне, үлкен биіктіктен секіруіне, сөйтіп орынсыз
күш, батылдық және т.с.с. көрсетуіне себепші болады. Олар дене күшін көбіне
асыра бағалап, көзге түсе бермейтін, бірақ, әсіресе төзімділік секілді
өмірлік маңызды сапаларды жете бағаламайды.
Әсіресе, қандай көзге түсерлік болса да дене атртықшылықтарын көрсету
жолымен емес, пайдалы істерді атқару арқылы айналадағылардың сый құрметіне
бөленуге болатындығын жас өспірімдер мен жігіттер есте сақтауы керек.
Дене тәрбиесі организмге дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы әсер
етеді. Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін
жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуының жәрдемімен
көбірекқабысыңқылығын, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады.
Организмнің ерекшеліктерін және ерлер мен әйелдердің сымбатына қойылатын
эстетикалық талаптарды ескеретін ерлер мен әйел жынысына арналған арнаулы
жаттығулар комплексі бар. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның
психикалық күйін жақсартып, жалпы тіршілік тонусын арттырыды.
Бой жазу жасау денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңызды факторы болып
табылады. Ол организмнің ұйқыдан сергектікжағдайына тез өтуіне
жәрдемдеседі, мұның өзі орталық нерв системасын әлдендіріп, бүкіл ішкі
мүшелердің, ең алдымен жүрек-тамыр системасының жұмысын жандандырады. Бой
жазудың , сондай-ақ, тәрбиелік мәні бар, өйткені оны үнемі жасап отыру,
әсіресе, бастапқы кезде белгілі бір ерік күшін жұмсауды талап етеді. Бой
жазуды жасаудың арқасында адам уақытын дәл есептеуге дағдыланады, мұның да
үлкен пайдасы бар.
Бой жазу күн сайын ұйқыдан тұрған соң 10-15 минуттан кейін, жақсы
желдетілген бөлмеде жасау керек. Бой жазудың ұзақтығы, әдетте, 10-20
минуттан аспайды. Оны жеңіл бой жазу жаттығуларынан, жүруден бастап, тыныс
алу мен тыныс шығарудың біркелкілігін сақтай отыра, күрделілігін біртіндеп
арттырады.

1.2 Спортшылардың негізгі дайындық жақтары

Спорт жаттықтырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық,
психологиялық және теориялық дайындықтар деген спортшы дайындығының
жақтарынан құралады.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы
спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік
мүмкіншіліктерін жоғарылатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Дене қуаты дайындығы жалпы жэне арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене куаты
дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді.
Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса,
негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде
қамтамасыз етуге қолданылады. Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен
жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық
фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл
әрекеті қасиеті дамытылады.
Осы дайындықгар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты
негұрлым мықты болса, келесі саты соғырлым биік болады, келесі қозғалыс
қасиеттерін де сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы
үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, конкимен жүгірушілердің,
волейболшылардың, суда жүзушілердің жатгықтырулар циклдерінде анық
көрінеді. Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің
жылдық жаттықтыруьгада осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы
қажет.
Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы
орындалады.[4]
Техникалык дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жаттыгуларын
орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті -
спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді.
Мысалы, гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы
техника қозғалыс әдемілігі және нақтылығымен бағаланады. Төзімділікті керек
ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл - қозгалысты тиімді түрде
орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс, экономиялы орындау.
Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және
физиологиялық көрсеткіш - отгегі қолдану мүмкіншілігі араларында өте мәнді
байланыс бар екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс
оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 кмсағат, адым ұзындығы 150 см болғанда
ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суда жүзу,
конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі[5].
Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде эталондық
орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт
түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино
түсірулерде көрсетілген жатгығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды
үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп
талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау
техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды орындауы
керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық,
психикалық ж.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындауы керек:
1. Техника нәтижелілігі - жарыс жаттыгу техникасының нәтижелі орындалуы.
Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына түсуі,
балуанның қарсыласын ұпай санына лақтыруы, боксердің соққысының дәл тиюі.
2. Тиімділігі - биомеханика заңдылықтарына сай тиімді қозғалыс құрылысын
орындау.
3. Тұрақтылығы - тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағытталған қозғалыс
техникасын құрастыру.
4. Бейімділігі - спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс
жағдайында орындай алуы.
5. Үнемділігі - энергияны неғүрлым аз жұмсайтын қозгалыс құрылысы.
Тактикалық дайындық. Тактикалық дайындық дегеніміз - жарыс кезіндегі
жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс - амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана
білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
-спорттық күресті жүргізу жолдарын ез мүмкіншілігіне, қарсыластарының
ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
- осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен
жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін
төмендегідей міндеттерді орындау керек;
- қазіргі кездегі өзі айналысып спорт тұрінің тактикалық тәсілдер негізін
оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
- мықты спортшылардың такгикалық тәжірибесімен танысу;
- өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншіліктерін
зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.);
- жарыстың тактикалық жоспарын жасау;
- тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
- қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру,
оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;
- өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Тактикалық
дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған
тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас
жағдайларда қайталау; арнайы кітаптар оқу, әңгіме өткізу; бейне жазумен
түсірілген жарыстарды көру, оны жан - жақты талдау[6].
Психологиялык дайындық. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын
орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін
педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен түрады:
1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі турде
айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге
бағытталған.
2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы
дайындық - жарыс болар алдындағы кезенде спортшының спорттық куреске
психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.
Психикалық дайьшдыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық,
тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер - қайрат дайындығы кіреді.
Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады:
Тиянақты жаттыгу әдісі - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен
спортшыларды жаттыгуға керек психикалық күйге түсіру.
Психологиялық реттеу жаттыгуларының әдісі- көңіл - күйді көтеру,
көңілдену, қиыншьшықтары жеңуге ойша дайындылу, тактикалык ойлауды дамыту,
сыртқы қоршаган ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу,
жинақталу және т.б. әдіс - тәсілдер.
Идеомоторлық жаттыгулар әдісі - жаттығуларды ойша қайталау арқылы
негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.
Спорттағы диагностика әдісі — КБС (К -- көңіл күйі, Б - белсенділік, С
- сергектік) әдістемесі бойыңша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын,
алаңдаушылық деңгейін, көңіл - күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін әр
тұрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау[7].
Теориялық дайындық. Теориялық дайындық кезінде спортшыларға дайындық
жактарының заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйретеміз. Теориялық
дайындықсыз дайындықтьщ басқа жақтарын іске асыру мумкін емес. Спортшы
арнайы дәрістерді тындап, спорт туральг жазылған ғылыми әдістемелік,
көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып
отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық
дайындықтың маңызы ерекше. Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын
спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға
спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, кунделікті өмірде де,
маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.
Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай
бөлімдерге бөлінеді:
1. Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.
2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жагдайы.
3. Дене жаттыгуларының адам ағзасына әсері.
4. Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы
мағлұматтар.
5. Дәрігерлік бақылау, өзін өзі бақылау, жарақатгарды болдырмау, емделе
білу жолдары мен спорттық массаж.
6. Спортгық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындыгы.
8. Спортшының техникасы, такгикасы және оларды жетілдіру
әдістері.
9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.

1.3 Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы
мен дене қуаты дайындығы

Балалар мен жасөспірімдер 7 жастан 17-18 жас аралығындағы кездерінде
мектеп қабырғасында білім алады. Осы кездеріңде олардың денсаулықгары
нығаяды, дене каблеті, түзу түлғасы, әр түрлі қимыл-қозғалыс шеберліктері
қалыптасады, негізгі жан-жақты дене қуаты қасиеттері дамиды.
Ғалымдардың дәлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаульіқ белгісі
- окушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір
сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін
білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулыктарын
анықтайтын санитарлы-гигиеналык, дәрігерлік-коғамдық көрсеткіш болып
табылады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша, баланың бойы орташа
көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұрақты дәрігерлік бақылаудан өткізіп,
ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады. Салмағы орта
көрсеткішерден артық болса оның ағзасында функционалдық өзгерістер, жүрек-
қан тамыры жүйесі жұмысы нашар болуы мүмкін деп есептеледі. Осы жағдайларды
сабақ кездерінде жүктемелер бергенде ескеру қажет.
Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалар мен
жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің қозу үрдісі тез болады, олар ашуланса
көп уақыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық әсерлер
көп пайда болатын кездерде, ондай оқушыларға мұгалімдер көбірек тынығулар
беруге тырысуы керек. Салмақтары өте аз оқушыларға тыныс алу, кеуде демалу
бұшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады.
Балалардың дене даму көрсеткіштері олардың дене қуаты көрсеткіштерімен
тығыз байланысты. Денелері дұрыс дамыған балалардын көбінесе дене қуаты
көрсеткіштері де жақсы болады.
Көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене даму деңгейін анықтап, келешек
жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары
қарапайым дене куаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді:
- 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін аныктауға
арналған;
- 10 м * 3 рет қайталап жүгіру. Сынак жаттығуы жылдамдык және ептілікті
бағалауға арналған;
- кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық
денгейінін күш төзімділігін бағалауға арналған:
- шалқалап жатқан калыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы
кеудені көтеру бүлшық еттерінің күшін бағалауға арналған;
- отырған қалылтан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан
буынының икемділігін өлшеуге арналған.
- 30 метрге жүгіру. Жылдамдық деңгейін анықтау жаттығуы;
- нығыздалған допты екі қолмен желкеден лақтыру. Қол, иық деңгейінің күшін
анықтау жаттығуы.
Осы оқушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін анықтау нормалары
кестесі 1- кестеде көрсетілген.
Егер сынып оқушыларының 15% бірнеше дене қуаты қасиеті сынақтарын
төменгі деңгейде тапсырса, дене тәрбиесі сабағының үрдісіне сол қасиеттерді
дамыту туралы өзгерістер енгізу керек болады. Жоғары деңгейде болса
сабақтарды оқу, жаттыктыру түрінде өткізіп дене қуаты қасиеттерін ары қарай
дамыта береміз.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Ортанғы және жоғарғы сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар қимыл
әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Бір сабақ кезінде оку
материалын меңгеру және жетілдіру 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті
болады.

1 – кесте
Спорт түрі 30 м жүгіру 1000м ұздықсыз жүгіру
ұлдар қыздар ұлдар кыздар
Жылдамдык 3,9 2, 9 15,4 13, 5
Күш, жылдамдық – күш 15,8 18,4 79,0 69,5
каблеті
Жалпы төзімділік 3 3 2,1 13,0 12, 0
Арнаулы төзімділігі 4,1 1,0 16,4 11,3
Күш төзімділігі 9,4 3,3 37,5 19.7

Орта мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу
әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің ( спорттық ойын - волейбол)
жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Орта сыныпта оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың
дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-козғалыс мүмкіншіліктері,
психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму
деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы
ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани
білулері қажет. Өздерінің сабақ, жатгықтырулар жүргізу барысындағы
жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қуаты қасиетгерін дамыту
кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе дене
қуаты дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелік,
даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ
кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін
ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тэрбиесі
мүғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір
әдістемелік ерекшелігі - олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде
ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: 5-
сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек
жүргізілуі керек, - деп жазылған. Осы министрлік бұйрығы жалғасын тауып,
жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып,
кұрал жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі
сабақтары үлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіп жатса өте дұрыс болар
еді.
Жоғарғы сынып оқушыларының алдыға қойған мақсаттарға жетуге
ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау
қабілеттіліктері секілді ерік- жігерлік қасиеттері пайда бола бастайды.
Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қуаты
қасиеттері даму пайыздары азырақ болады, оны 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте - Жоғарғы мектеп жасындағы окушылардың дене қуаты касиеттерінің өсу
карқыны (%)

Дене қуаты Жылдық орташа дамуыЖалпы дамуы
касиеттері
ұлдар қыздар ұлдар қыздар
Жылдамдык 1,5 0,2 3,1 0,5
Күш 14,0 9,0 28,0 18,0
Жалпы төзімділік 2,1 0,7 6,4 2,1
Жылдамдык 2,1 -0,6 6,3 - 1,8
төзімділігі
Күш төзімділігі 8,5 -2,0 26,7 -6,0

Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер
арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық
және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын
үйрету, дене қуаты қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде
тандауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап
етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын
ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдык мүмкіншіліктері көп.
Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиіліп аз, қан қысымы жоғары жағдайда
орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға
қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.

2 ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ
КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1 Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер және оны ұйымдастыру

Осы диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер зерттеу жұмысының мақсатын
аңықтап, тақырыптын өзектілігіне жету үшін және допты бері тәсілдерін
жетілдіру барысында кажетті жаттығулармен әдістерді тиімді таңдап алыға
септіктерін тигізді. Зерттеу барысында 36 әдеби - әдістемелік оқулықтар
қолданылып, қарастырылды. Волейбол бойынша әдебиеттерде оған үйрету
әдістері мен тәсілдерін орындау техникасы қарастырыла отырып, келесі
кезеңдер айқындалады:
а) оқуға алдын ала жағдай жасау, үйренуге берілген тәсілдермен танысу,
ә) тәсілдерді ықшамдалған түрде үйрену,
б) тәсілдерді күрделендірілген түрде үйрену,
в) тәсілді ойынмен бекіту.
Қазір жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін техникалық дайындықгың
құралдары мен әдістерін, техниканың жалпы стандарттарын іздеуге болмайды.
Сондықтан әр ойыншының жеке ерекшелігіне қарай жаттықтырушының шығармашылық
жұмысы қажет. Бірінші кезеңде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында
насихат жүмысы жүргізіледі, сонымен қатар әр қайсының жеке мүмкіндігі,
ойынды меңгеру қабілеті, олардың физиологиялық қасиеті мен тұқым
қуалаушылығы зерттеленеді.
Бұл жерде әр жаттығушының жеке даму ерекшелігін ескерген жөн. Осыған
байланысты жаттығушылардың дайындығы мен дамуының жеке ерекшелігін ескеру
қажеттілігі туралы айту керек. Демек, техникалық шеберлікті кемелдендіру
барысының негізгі мақсаты қимыл құрылымдарын, олардың серпінін,
кинематикасы мен ырғағын спортшылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып
жетілдіру болып табылады.
Ойыншылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі техникалық
кемелдендіру барысында және волейбол бойынша мамандардың жұмысында
белгіленеді. Волейболшылардың техникалық даярлығының әр кезеңінде
ескерілетін ерекшеліктері болады. Бүгінгі күні кеңінен танымал және
тарағаны - теориялық мәртебелі жылдық жаттығу циклындағы жүктеменің
қарқындылығы мен көлем серпінінің сызбасы болып табылатын жаттықтыру
үлгілері.
Осы жағдайда дағдыларды алғаш түрақтандыру мақсатында стандартты -
қайталама жаттығулар, ал қимылдарды жетілдіру үшін қайталама - айнымалы
жаттығулар әдісін қолдану қажет.
Одан басқа дене тәрбиесін әдістерін волейболшыға кажетті дене
кабілеттерін арттыруға және допты беру техникасын жетілдіру кезінде
қолданылатын аңықталды:
1. Қатаң реттелген жаттығулардың әдісі
2. Ойын түрінде қолданылатын әдіс
3. Жарыс түрінде қолданылатын әдіс
Қатаң реттелген жаттығулар әдісі.
Бұл әдістің негізгі, әр жаттығу қатан берілген формамен және нақты
анықталған жүктемемен орындалады.
Қатаң реттелген жаттығулардың әдісі педагогикалық қабілеттермен
иеленеді, ол арқылы:
1. жаттығулардың қозғалыс әрекеттің нақты берілген бағдарламамен іске
асырылады. (жаттығуды ізденуі, оның байланыстылығы және орындалудың
реттілігі)
2. Жүктеме көлемімен және өнімді қатан реттейді және де айналышылардын
психофизикалық жағыдайына және шешілу міндетіне карай оның динамикасын
баскарады.
3.Жүктеме аралығында демалысты дәл мөлшерлейді.
4.Дене сапасын тәрбиелеу.
5.Сабақта әр жасаралық контингентке дене шынықтыру жаттығуларын пайдалану.
6. Дене шынықтыру жаттығуларының техникасын тиімді иелену.
Спортшының техникасын жетілдіру үшін осы аталған қатан реттелген
жаттығулар әдісінің түйіндес арқылы әсер ету, стандарттық – кайталау, ойын
және жарыс әдістері қолданылды.
Дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін аңықтау үшін хронометриялық
әдіс қолданылды.
Жоспарды орындау бағдарламаның бөлімдерін, қойылған максатқа жету,
окушылардың сабакта алған білімдерімен кабілеттілігінің сапасы онын
жетістіктері мен кемшілікггері. Сабактың жетістіктерін орыныктыру және
жетілдіру, кемшіліктерін жою шараларын қарастыру.
Окытушының теориялык және әдістемелік деңгейі, оқу жұмысын білуі,
сабак жүргізу әдістері, өткен сабактардың мазұнымен байланыстыруы,
жаттығулар мен ойындардың клас бағдарламасына сәйкестігі, дәрігерлік
дайындык топтағы окушылармен арнайы жұмыс жүргізу.
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін хронометриялык әдіспен аныктау
карастырылды.
Сабактың жалпы және моторлық тығыздығын аныктау мақсатында
хронометриялык әдіс кодданылды. Бұл әдістін тиімділігі сабактың бөлімдеріне
уақытты дұрыс бөлу, онын педагогикалык көз караста терендетіп және дәл
талдау.
Сабақты хронометриялауға кажетті материалдар пайдаланды:
- хронометриялаудың мәжіліс хаты;
- жалпы және моторлык тығыздыкты аныктау есебі процент бойынша;
- сабак тығыздығының такырыптык талдауы. Сабактың алдында сабак туралы
мәлімет және мәжіліс хатта сабактың барысы жазылады[10].

Дене тәрбиесі сабағының хронометрияландыруының мәжіліс хаты.

Сабактың № 58 клас 8 № 2 Преснов орта мектебі
Өтетін уакыты 11.00
Өтетін орыны: спорт зал
Сабакты өткізген мұғалімнің аты, жөні Осипов К.
Сабактың міндетті:
1. Допты үстінен алу техникасын жетілдіру
2. Допты астынан алу техникасын жетілдіру
Тізім бойынша: 28 босатылғаны 4 окушы,
Катысып отырғаны: 24 оқушы
Бақылауға алынған окушының аты: Альжанов А
Хронометрияны өткізген адамның аты, жөні: Жумагалиев К.

№ Сабақтың мазмұны Іс-әрекеСабақтыЖаттығу Бос уақытҚосымша
ттін түсінділардын кезек істелетін
аяқталуыру, орындалуы күту шаралар
көрсету
1 2 3 4 5 6 7
1 Сапқа тұрғызу, 00,02 2 мин
сабақ міндеттерінмин
түсіндіру
2 Жүру, жүгіру 00. 07 7 мин
жаттығулары мин
3 Тыныс алу 00. 30 сек
жаттығулары 07.30
4 Козғалыста 00. 12 4мин 30сек
орындалатын ЖДЖ мин
5 Окушыларды екі 00.13 1 мин
топқа бөлу мин
6 Кұралдарды тарату00.14мин 1 мин
7 Тапсырма беру 00.15 1 мин
мин
8 Негізгі бөлімнің 00.25 10 мин
Бірінші жаттығуы мин
9 Тапсырма беру, 00.26 1 мин
берілген мин
жаттығулардын
орындалуын
түсіндіру,
көрсету
10 Екінші жаттығулар00.32 6 мин
(1 сурет) мин
11 Үшінші жаттығу 00.38 6 мин
(2 -сурет) мин
12 Төртінші жаттығу 00.38 30 сек
(скакалкамен мин 30
секіру) сек
13 Кезек күту 00. 40 1 мин.30
мин сек
14 Жүру, тыныс алу 00.41 1 мин
жаттығулары мин
15 Сапқа тұру, үй 00.45 4 мин
тапсырмасын алу, мин
залдан шығу
Кортынды 45 мин 8 мин 36 мин. 301 мин. 301 мин
сек

Хронометиялаудың нәтижесі
44мин * 100%
Ж Т= ------------------- = 97,5%
45мин
Моторлық тығыздықты есептеу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының орындаған
уақыты t д.ж 100% көбейтіп, сабақтың жалпы уақытына бөлу қажет.

36мин. 30сек *100%
М Т = --------------------------- = 78%
45 мин

Қан қысымын өлшеу

Өтетін уақыты____10.00__Өтетін орыны_спорт зал_
Сабақтың типі: жетілдіру
Сабақтың міндетті:
1. Допты үстінен алу техникасын жетілдіру
2. Допты астынан алу техникасын жетілдіру
Тізім бойынша___24_____оқушы, қатысып отырғаны___22______
Бақылауға алынған оқушылардың аты, жөні__Болат Е___
Сабақты өткізген мұғалімнің аты, жөні____Бекишев А_____
Сабақта өлшенген қан қысымының нәтижесін Жумагалиев К. жүргізді

Сабақтың Қан қысымы Қан қысымынҚан қысымың соғу саны Ескерту
бөлімдері өлшенген өлшеуді
қозғалыс бастаған
әрекеттері уақыт
Дайындық 10 сек 1 мин өтте
Тыныштықта 00.00 72
Жүру жүгіру00.07 мин 102
жаттығуы
ЖДЖ 00.12 мин 114
Негізгі Бірінші 00. 15 мин 130
жаттығу
Екінші 00.25 мин 160
жаттығу
Үшінші 00. 32 мин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Волейбол оқыту әдістемесі
Денешынықтырудан дәрістер
Дене шынықтыру жабдықтары
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Дене жаттығулары кезінде спиндер
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Допты боссаусақтармен соғу
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
Пәндер