Ғ. Мүсірепов және ақын – жазушылар шеберлігі мәселесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 3
1 Ғ. Мүсірепов және қазақ әдеби сыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2 Ғ. Мүсірепов және ақын – жазушылар шеберлігі мәселесі ... ... ... ... .. 25
3 Ғ. Мүсірепов және көркем өнер мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
4 Ұлт әдебиеттері мен өнері байланысы 48
жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуі
ұлттық тарихқа жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін туындатты. Тарих ғылымы
халықтың жүріп өткен жолын, бастан кешкен оқиғаларын зерттей отырып, ұлттық
болмыстың қалыптасу, даму басқыштарын қарастыратын ғылым. Оның зерттеу аясы
кең де күрделі салаларды қамтиды. Солардың ішінде күрделі тарихи өтпелі
кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық сананың
қалыптасуы мен дамуына пәрменді ықпал жасаған түрлі қоғамдық күштердің және
жеке тұлғалардың өмір жолын талдап, зерттеу де елеулі орын алады.
Алыптар тобының өкілі Ғ. Мүсірепов жазушы ғана емес, сонымен бірге,
қоғам қайраткері, зерттеуші, сыншы ретінде бай мұра қалдырған қайталанбас
тұлға. Оның әр шығармасы тарихи негізде жазылып, Отан тарихының қилы
кезеңдерінің әдебиеттегі көріністеріне айналды.
Зерттеушілердің көпшілігі Мүсіреповтануда ең алдымен оның әдеби
мұрасын назарға алады. Бұл әрине заңды. ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне кесек
туындылар әкелген көркем сөз шебері, дара суреткер. Жазушының суреткерлік
қыры өз заманында жеткілікті қарастырылды. Оның көркемдік әлемін ашуға
бағытталған ізденістер әдебиеттану ғылымында әлі де жалғасын таба бермек.
Қазақ кеңес әдебиетінің өкілдерінің бірі Ғ. Мүсірепов ұлттық сөз
өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ол көркем шығармалар жазумен бірге
әдебиет жайлы құнарлы ойлар айтты. Өзі өмір сүрген кезеңдегі әдеби
пікірталастарға ат салысып, парасатты ой-пікірлер білдіріп отырды.
Ғ. Мүсірепов сынды қаламгердің әдебиет майданына белсене араласып,
әдеби сынға ат салысуы тосын құбылыс емес. Өзі өмір сүрген кезеңде болып
жатқан қоғамдық саяси, ғылыми және әдеби құбылыстардан тыс қала алмады.
Әдебиеттану ғылымында жазушы сыншы, жазушы сыны деген атаулар бар.
Тереңірек үңілсек, философиялық-ойлы немесе эстетикалық талғамды сын жазушы
қаламынан туады. Жазушы сыны сыршылдығымен, сырласа отырып шығарма тынысын
тап баса білетін ой тереңдігімен, талғамды толғанысымен ерекшеленеді.
Жазушылық шеберлік пен сыншылдық дарын Ғ.Мүсіреповтің бойында біте қайнасып
жатыр. Белгілі сыншы Р.Сыздықова жазушы-сыншылардың өздерінің шығармашылық
лабораториясына сүйене отырып, оқырмандарға өз тәжірибелерін жайып
салатындығын, әдебиеттану ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып,
талдаушылық, сол негізде пікірлер ұсыну басты сипатта екендігін баса айтқан
болатын.
Қазақ әдебиеті тарихы мен сынының қалыптасқан даму арнасы эстетикалық,
философиялық таным деңгейінің өрістеуіне тікелей қатысты. Өйткені сынның
кейде социологиялық, кейде эстетикалық талдауларға ден қоюының өзі де
әдебиеттің қамтыған өмір шындығына белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін
естен шығармау қажет. Сондықтан қазақ әдебиеті сынының жеке сала болып
дамуына көрнекті жазушылардың әдеби сын пікірлері айтарлықтай үлес қосты.
Қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірдің дамуы мен эстетикалық танымның тереңдей
түсуіне ықпал еткендерін де атап өту керек. Осы бағыттағы Ғ.Мүсіреповтің
әдеби сыншылық көзқарастарын барлап өту қазақ әдебиеті сынының тарихынан
өзіндік орнын айқындау болып табылады. Сол себепті жазушының қоғамдық-
әлеуметтік ойлары, әдеби толғамдары мен ұстаным көзқарастары жаңаша
пайымдалып сараланады.
Зерттеу нысаны. Ғ.Мүсіреповтің сыншылық шеберлігін нақты мақала,
әдеби-сын еңбектері арқылы көрсету.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдеби сынының дамуына үлес
қосқан академик-жазушы, сөз зергері, сыншы Ғ. Мүсіреповтің әдеби сыншылық
еңбектерін жинақтап, саралау – басты мақсат. Қаламгердің сыни мақалаларын
тақырыптық жағынан топтастыра қарастыру арқылы қазақ әдебиеті сынын
өркендетуге қосқан үлесін айқындап, зерделеуге назар аударылады. Алға
мынадай нақты міндеттер қойылады:
- әдеби сын еңбектеріне талдау жасау арқылы негізгі ұстанымдарын
анықтау;
- Жазушының түрлі әдеби-мәдени шараларда жасаған баяндамалары мен
сөйлеген сөздеріндегі ойларын жүйелеу;
- қазақ әдебиетінің дамуы мен оның мәселелерін шешуге арналған
еңбектерін талдау;
- Ғ.Мүсіреповтің көрнекті әдебиет өкілдерінің шығармашылығы жайлы
жазылған еңбектерге талдау жасау;
- көркем өнер мәселесіне арналған әдеби-сын еңбектерін қарастыру.
- сыншының өзге ұлт өкілдерінің әдебиеті мен мәдениетін талдауға
арналған еңбектерін жүйелеу.
Жұмыстың дереккөздері. Ғ. Мүсіреповтің қаламынан туған сыни еңбектер,
мерзімді баспасөзден алынған деректер.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеудің негізгі жаңалығы:
– жазушының қазақ әдебиеті мен сынының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі
ол жасаған баяндамалар мен сын мақалалары арқылы айқындалды
– қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне байланысты жазылған
проблемалық мақалалары мен баяндамалары, сөйлеген сөздерін жүйелі түрде
зерттеп, талдау жасау арқылы суреткердің шығармашылық болмысы мен таным
деңгейін, сыншылық даралығын ашу.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен
пайымдаулары әдеби сын жанрына байланысты зерттеулердің ғылыми-теориялық
негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу
барысында талдау жасалынған еңбектерін Қазақ әдеби сыны, Әдебиеттану
сияқты арнайы курстар мен семинар сабақтарында көмекші құрал ретінде
пайдалануға болады. Сонымен қоса, Ғабиттану элективті пәнін оқыту
тәжірибесінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– әдеби сын еңбектеріне талдау жасау арқылы негізгі ұстанымдары
анықталды;
– Ғ.Мүсіреповтің көрнекті әдебиет өкілдерінің шығармашылығы жайлы
жазылған еңбектеріне талдау жасалды;
– Ғ.Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің көркемдік кемелденуіне және
әдебиеттану ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан қаламгер.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, тарихи-салыстырмалы,
сараптама әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, төрт тараудан,
қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ғ. МҮСІРЕПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫ

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-
көркемдік мәнін, әдеби процестегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының
негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз
байланысты. Айталық, әдебиет тарихы мен әдеби сынның тарихы бір-бірімен
жалғас, бірін-бірі толықтырып тұрады. Әдебиет теориясы әдеби процестің
заңдылықтарын, шығармаларды идеялық, жанрлық, стильдік ерекшеліктері
тұрғысынан талдау анықтау болса, теориялық тұжырымдар беру болса, әдеби
сынның негізгі міндеті шығарманы нақты тексеріп , жетістік-кемшіліктерін
саралап, эстетикалық баға беру. Әдеби сын сөз өнерінің бүгінгі таңдағы
даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби шығармаларға пайымдаулар
жасап, түйінді пікірлер айтады.
Әдебиет сыны жалпы әдеби процестің, жеке-жеке әдеби құбылыстың сыр-
сипатын дер кезінде бағалап отыруға тиіс. Қоғам алдындағы әдебиет
атқаратын міндеттерді айқындайды. Соған орай кітаптар мен баспасөзде
жарияланған дүниелердің идеялық-эстетикалық сипатын және жаңалығы мен
мазмұн сапасын таразылайды. Осы жағынан оқырмандарды хабардар етеді.
Оқырмандардың талап-тілегін, әдеби шығарманы қабылдау қабілетін, талғамын
белгілейді [1, 35 б.].
Әдебиет сынының тарихы ертеден басталады. Көркем шығармалар дүниеге
келіп, халықтың кәдесіне ауысуының өзі-ақ оларды сын көзбен қарап, бағалау
қажеттігін туғызатыны анық. Бірақ сол бағалаудың өзі, әдеби туындының құны
мен мінін анықтап пікір қорыту әр кезде, әр жағдайда әр түрлі болады. Ауыз
әдебиеті жағдайында өлең-жырды, дастанды, ертегі-аңыз, хикаяны
тыңдаушылардың бағалауы, ауызша пікір білдіруі болашақ әдеби сынның тек
алғашқы адымдары деуге болады. Жазба әдебиет қалыптасып баспасөз, газет-
журналдар пайда болған кезде нағыз толық мағынадағы әдеби сын өрбіп-
өркендей бастайды.
Өнер шығармасының жетістік-кемшілігін пайымдау – қоғамдық сананың
нәтижесі. ХҮІІІ ғасырда Германияда Лессинг, Францияда Дидро еңбектерінің
мәні зор болды. Ал Ресейде ХІХ ғасырда В. Белинский, Н.Чернышевский, Н.
Добролюбов,т.б. әдеби сынды биік деңгейге көтерді.
Қазіргі кезде әдеби сын жан-жақты өркендеп, толыға түсті. Бұл салада
сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публицистикалық немесе
ғылыми очерк), әдеби портрет сияқты талдау, тұжырымдап пікір қорыту
ерекшілігі әр келкі жанрлық түрлер өріс алды.
Әдебиет сынының өрістеуіне біздің елімізде шығып тұратын ҚР ҰҒА
хабарлары (Тіл, Әдебиет сериясы) сондай-ақ Жұлдыз, Қазақ әдебиеті,
Жалын секілді әдеби газет-журналдар да үлкен үлес қосып келеді.
Қазақ сөз өнерінде әдеби сынның туып, қалыптасып, даму тарихында
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Садуақасов, С.Сейфуллин,
К.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты жазушылардың алатын
орны аса зор. Ғ.Тоғжанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, Е,Ысмайылов,
Қ.Нұрмаханов, А.Нұрқатов т.б. әдеби сынға тікелей араласып, оны дамытуға
елеулі еңбек сіңірді [1, 35 б.].
Өмір шындығының көркем шындыққа қалайша айналғандығын саралайтын,
көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың бүгінгі
мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми-
эстетикалық шығармашылық түрін әдеби сын дейміз.
Сын – аса күрделі сала. Көркем шындыққа айналатын өмір – аса күрделі
құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының
көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын әдеби сын да
оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін
қажетінше пайдаланып отырады. Әдеби сын көркем шығарманың жетістіктері мен
кемшіліктері жайлы пікірлер десек, мұндай ойларды қатардағы қарапайым
оқырманнан бастап, академикке дейін білдіруге хақысы бар. Әдеби сында
берілген бағаның бәрі бірдей дұрыс болуы міндетті емес. Онда артық-кем
пікірлердің кездесуі заңды да. Әдеби сын бір жағынан, көркем шығарманы
жақсы, не жаман деп насихаттап отырса, екінші жағынан, оқырман атынан
жазушы туындысын бағалап, оған белгілі бір талаптар қояды [2, 4 б.].
Сонымен, әдеби сын – көркем шығармашылыққа қатысы бар қоғамдық
ғылымдардың тоғысқан түйінінде, рухани өмір әлемінде күнделікті әдебиетті,
сол арқылы өмірді зерттейтін, пікір білдіретін қоғамдық сананың сан сипатты
бір саласы.
Әдеби сын жазба әдебиеттің, ғылымның дамуымен тікелей байланысты.
Отырарлық ғұлама әл-Фарабидің сөз өнері жайлы жазған еңбектері бізге жетіп
отыр. Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың әдебиетке қатысты
айтқан пікірлері қазіргі қазақ әдеби сынының бастапқы бастаулары іспеттес.
Абайдың Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңмен жазылған поэзияның
теориясы десе де болғандай. ХІХ ғ.екінші жартысында қазақ баспасөзінің
пайда болып, Түркістан уалаятының газеті, Дала уалаятының газеті
беттерінде әдебиетке қатысты материалдардың көріне бастауы әдеби сынның
тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. Төңкеріске дейінгі дәуірде әсіресе,
Айқап журналы мен Қазақ газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы
хабарлар, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби
шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады [2, 5 б.].
Жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы
керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері хақында қызу пікіралысулар
болды. Әсіресе, Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар жиырмасыншы
жылдардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. А.Байтұрсыновтың
Әдебиет танытқышы (1928), Ғ.Тоғжановтың Мағжанның ақындығы мен
Жүсіпбектің сыны (1926), Әдебиет және сын мәселелелері (1929) сияқты
еңбектері қазақ әдеби сынының жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық
әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов,
І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Қожанов, Ә.Байділдин, Х. Жүсіпбеков,
Е.Бекенов, Н.Төреқұлов, Ш.Тоқжігітов т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби
өмірде белсенділік танытты.
Отызыншы жылдары әдеби сынның аннотация, рецензия, айтыс мақала,
портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде
қалыптасты. Әдебиеттің тарихына, теориясына қатысты іргелі еңбектер
жазылып, сынның ғылыми сипаты арта түсті. Ғ.Тоғжанов, Б.Кенжебаев,
Қ.Өтепов, І.Қабылов, Р.Жаманқұлов, Ә.Қоңыратбаев, О.Қуанышев, М.Қаратаев,
Ж.Сәрсеков, Ж.Молдыбаев, Е.Ысмайылов сияқты профессионал сыншылар шықты.
Әдеби сынның тақырыптық аясы кеңіп, көркемдік, теориялық талдауларының
сапасы арта түсті. Бұрынғыдай идеялық жағынан көп мән берушіліктен оны
әдеби-эстетикалық тұрғыдан танып білуге ұмтылушылық байқалды. Жаңадан
шыққан әрбір көркем шығарма хақында сын өз пікірін білдіріп тұруға тырысты.
Кейбір елеулі туындылар туралы пікірталастар да өрбіп жатты. Қазақ
әдебиетіндегі формализм мен натурализм жайлы болып өткен айтыс әдеби сынның
құлашты кеңге сермеп, белсенділігінің, ғылыми сипатының арта түскендігін
байқатты [2, 6 б.].
30-жылдары өткеннің әдеби-фольклорлық мұраларын игеруге, зерттеуге
үлкен бетбұрыс болды. Ауыз әдебиетінің түрлі жинақтары шықты. Оқу
орындарына арналған әдебиет оқулықтары жазылды. С.Сейфуллиннің Қазақ
әдебиеті (1932), Ғ.Тоғжановтың Абай (1935), Қ.Жұмалиевтің Әдебиет
теориясы (1938), Е.Ысмайыловтың Әдебиет теориясының негіздері(1940)
сияқты оқулық, сын-зерттеу кітаптары әдеби ой-пікірдің өресін биіктеткен
елеулі еңбектер болды. Бұларда ауыз әдебиетін, әдеби мұраны игеру
саласында батыл қадамдар жасалды.
Соғыстан соңғы кезеңде әдеби сынның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-
толғамдардың ғылыми негізділігі арта түскенімен де әдебиеттің партиялық
принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу
саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің
барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. Ұлтшылдыққа,
ескішілдікке қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы
Абаймен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген Абай жолы
эпопеясында қазақтың өткен ғасырдағы өмірінің суреттелуінен бастап бар
қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси
науқанның нәтижесінде Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамеджанов
т.б. сотталып, әдебиеттен шеттетілді. Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин,
Ә.Қоңыратбаев т.б. қуғындалды. 1955 жылы республика басшылығы ауысып,
идеологияның солшыл бағыттағы тоңы ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа
мүмкіндіктер туа бастаған кезде тоқырауға ұшыраған қазақ әдеби сыны
қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Т.Нұртазин, Е.Ысмайылов,
Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев тәрізді сыншылар қазақ әдеби
сынын жаңа биіктерге көтерді.
Алпысыншы жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихы жасалумен бірге
әдебиеттің теориялық түрлі мәселелерін тереңдеп зерттеген бірсыпыра
монографиялық еңбектер көрінді. Жетпісінші жылдары әдеби сынның дамуына мол
мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын
алды, баспадан Уақыт және қаламгер, Сөзстан сын мақалалар жинақтары
тұрақты шығып тұрды. М.Қаратаев Асулар алда (1973), Р.Нұрғалиев Айдын,
Телағыс, Қазақ революциялық поэзиясы атты трилогиясы (1988) үшін
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. С.Әшімбаев Қазақстан жастар
сыйлығын иеленді. Қазақ әдеби сынының тарихына, теориясына арналған
зерттеулер көріне бастады.
Сексенінші жылдардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі
бетбұрыстар қазақ әдеби сынына да тың серпіліс әкелді, алға жаңа міндеттер
қойды.Саяси, шығармашылық қызметтері ақталған М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтың, М. Көпеевтің т.б. әдеби
мұраларын игеруде әдеби сын қыруар жұмыстар жасады. Кезінде жүргізілген
солақай саясаттардың салдарынан әдебиетіміздің тарихында орын алған
ақтаңдақтарды жоюда, егеменді елдің бүгінгі күн талаптарына сай ғылыми
негізді әдебиеттің тарихын қайта жасауда, күрмеуі көп қазіргі әдебиеттің
күрделі мәселелерін шешуде әдеби сын ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға бет
бұрды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруда сынның ғылыми сипаты артып,
әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті [2, 8 б.].
Қазақ әдебиеті тарихының XX ғасырдағы алыптар шоғырының көш
бастаушылары Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев,А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатовтардан басталған дүниежүзілік әдебиеттану
ғылымындағыдай игі дәстүрлердің жалғаса түсуі – уақыт шындығы. Мысалы, ХХ
ғасырдың 20-30-жылдардағы қазақ әдеби сынының ең отты, уытты мазмұнында осы
аталған алыптардың білімдарлық өнегелерімен Ғ.Мүсірепов сынды
қаламгерлермен ілесе С.Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров, М.Әуезов,
С.Мұқанов секілді бір топ талантты әдебиет сыншылары да өсіп шыққан-ды.
Жанрлық түлеуге, тақырыптық-көркемдік шеберлікке жетуге ұмтылған қазақ
әдебиеті тарихында Е. Исмайылов, Б.Кенжебаев, М.Қаратаев, Р.Жаманқұлов,
Ы.Мұстанбаев, Қ.Өтепов, Ә.Қоңыратбаев, З.Шашкин, С.Ерубаев және бұларға
ілесе Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаевтар әдебиет
сыншылары ретінде танылған болатын.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен көркем сынын дамытуда зерттеушілермен
бірге көрнекті жазушылардың да ой-тұжырымдары маңызды қызмет атқарғандығы
жоғарыда аталып өтті. Сондай алыптардың бірі көрнекті жазушы, қазақ
әдебиетінің негізін салушы – Ғ.Мүсірепов. ҚазССР-нің халық жазушысы, ҚазССР
ҒА-ның академигі, Социалистік Еңбек Ері Ғ.Мүсірепов әр кез әдебиетке өз
пікірін білдіріп, әдеби сын-зерттеу, ғылыми көзқарас тұрғысынан мақалалар
жазып отырған. Әдебиеттанудың барлық жанрларын қамтып, оның дамуына, өсіп
өркендеуіне үлес қосқан сөз зергерлерінің бірі. Сапалы, көркемдік ажары
мінсіз прозалық, драмалық еңбектерімен қатар, қазақ әдебиетінің сын
тарихынан да алатын орны айрықша.
ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап өмірінің соңына
дейін бұл салада үздіксіз еңбек еткенін, соңынан кейінгі ұрпаққа талай
мұра қалдырғанын да жақсы білеміз. Қазақстан Жазушылар одағының екінші
құрылтайында сөйлеген сөзінде Сыншы емеспін, жазушымын, сынаушы емен,
сыналушымын. Бірақ, сыншым кім, оны да білгім келеді [2, 58 б.],-дей
келіп, жалпы әдеби сын туралы құнарлы пікірлер жазған. Мерзімді баспасөз
беттерінде қос тілде (қазақ, орыс) жарияланып тұрған мақалаларымен қатар,
әдебиет сынының дамып, қанат жаюына өз үлесін қосқан оның Суреткер парызы
(1970), Заман және әдебиет (1982), Дәуір дидары (1986), Әдебиет кәсіп
емес, өнер (1987) сияқты кітаптары жарық көрді. Тазалықтың үлгісін Ғабең
әдебиет ісінде әрдайым көрсетті. Ол кісі үшін әдебиетті бағалауда бір-ақ
өлшем болған сияқты: ол – көркемдік сипаты, жасық дүниені жасық деуден,
асылды асыл деуден суреткер ешқашанда жаңылмаған және соны кімнің болсын
бетіне айтудан тайынбаған. Жазушының шығармашылық жолы өз алдына бір төбе
де, әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жеке алып қарастыратын зерттеу
тақырыптарының бірі. Жазушылық жолды алғаш бастаған тұста-ақ ол қазақ
әдебиетінің өсіп-өркендеуіне, әдебиет сынының дамып, қанат жаюына өз үлесін
қосты [3, 115 б.]. Академик-жазушы Ғ.Мүсірепов сын саласы бойынша бірнеше
сыни мақалалар жазып қалдырғаны белгілі. Соның бірі Суреткер парызы және
Заман және әдебиет атты әдеби-сын еңбектері.
Мұнда жазушы Ғ. Мүсіреповтің әдебиттегі алатын орны ұлттық
әдебиетіміздің проблемалық мәселелеріне арналған мақалалары мен ой-
пікірлерінің сыншылық сипаты сөз етіледі.
Қаламгердің қазақ әдебиеті жайлы білдірген пікірлері, әдеби сыншылық
мақаларынан оның азаматтық бет-бағдары мен ой тереңдігін аңғаруға болады.
Суреткерлік пен сыншылық – бір адамның бойында тоғыса бермейтін
күрделі өнер түрлері. Осы екеуі Ғабит Мүсіреповтің бойында қиюласа келіп,
әлеуметтік маңызы мен мазмұны бай әдеби ой-толғамдармен тоғысты. Үлкен
суреткер болмысында сыншылық қасиеттің болуы тосын құбылыс емес.
Ғ. Мүсіреповтің әдеби сынға келу жолын айтқанда, жазушының ұзақ жылдар
бойы туған әдебиетті зерделеудің барысында әр уақыт бедерлерінде
тәжірибенің, әдебиетке деген сүйіспеншіліктің жоғары талап деңгейінің
жинақталуынан сыншылық табиғаты қалыптасқанын аңғарамыз. Оның қаламынан
туған әдеби-сын мақалаларынан, түрлі жиналыста жасаған баяндамаларынан,
журналист-сыншылармен болған сұхбаттарынан өмір талабына сай әдеби үрдістер
мен көркемдік даму шежіресі, рухани азаматтық үні айқын көрінеді [3, 118
б.].
Жазушы-сыншының әдеби-сын көзқарастары мен ой-толғамдары жинақталаған
Суреткер парызы (1970), Заман және әдебиет(1982) атты мақалалар жинағы
Жазушы баспасынан, белгілі жазушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты
Ә.Нарымбетовтің жетекшілігімен баспадан кітап болып басылып шықты. Бұл
еңбектерде қазақ әдебиетінің майталман ақын-жазушылары, замандасы
М.Әуезовке арналған Мұхтардың хаты туралы, ол кісі дүниеден өткен кезде
жазылған Мұхтар туралы сөз, жерлесі С. Мұқановқа
жолданған Сәбит Мұқановқа хат, жүз жасаған бәйтерегіміз Ж.Жабаев жайлы
Жамбыл, Алып ақын атамыз, Б.Бұлқышевке арналған Өшпес өмір,
композитор А.Жұбановқа арналған Халықтың қадірменді ұлы, Ақын туралы
сөз атты қазақ кеңес оқушыларына ертеден танылған көрнекті ақын
А.Тоқмағамбетовке арналған сыни мақалалары бар.
Сыншы әдебиетіміздің қайнар көзіне айналған Қазақстан баспасының
жайы, Жалын жарқырай берсін, Баспасөз тәжірибесінен мақалалары халық
ауыз әдебиетінің озық үлгісі, әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келе
жатқан, ақындардың шабытына қанат бітірер, нағыз суырыпсалма, шешендік
өнерлерін танытатын айтыс өнері жайлы да қалам тербиді. Оған Айтыс қатарға
қайта қосылды секілді еңбегі дәлел. Сонымен қатар Амангелдінің ерлігін,
большевиктік ісін, отанын сүйген адал ұлы екендігін көрсететін, көтеріліс
басшысы Амангелді пьесасының жазылу барысындағы Қазақ халқының атақты
ері атты сыны жарық көреді. Мұхтар мен Соболев жазған Абай атты
пьесасына арналған сыншының өзіндік көзқарасы да қарастырылған. Сонымен
қатар еңбекте сөз болатын негізгі мәселелердің бірі – ұлттар
әдебиетінің бір-біріне тигізген әсері, рухани қарым-қатынасы, ұлт
әдебиетінің томаға-тұйық жағдайда дамуы мүмкін емес екені айтылып, орыс
жазушыларының шығармшылық жолдарын, образдар жасаудағы табыстарына
тоқталады. Әдебиетіміздің игі дәстүрі, Заманымыздың озық жазушысында А.
Фадеев, Жомарт талант, жайсаң жанда азамат – И.Шуховтың дүниеден озуына
байланысты мақаласы, Қайсар Виссарионда Виссарион Белинский, Совет
әдебиетінің ұлы атасында - А.Горький, Орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтов,
Біздің классикте Михаил Шолохов туралы, Украина әдебиеті туралы Үлкен
әдебиет, Украинаның бәйтерегінде Тарас Шевченкоға байланысты мақала,
Хасан Таһир Зарру туралы екі ауыз сөз, Тәжік искусствосының өркендеу
жолындағы кейбір ерекшеліктер, қазақ-өзбек байланыстары жөнінде Өнер
туыстығы, Қос жұлдыз атты мақалалар жазып, баяндамалар оқыған. Бұл
мақаланың барлығында да өзге ұлт ақындарын мадақтап, мақтау айту ғана емес,
сонымен қатар қазақ және орыс жазуышылары арасындағы әдеби байланыс,
ұлттар арасындағы үлкен достықтың орнауына да өз септігін тигізуіне ықпал
жасағандығын анық көреміз.
Бірде өзімен тұрғылас сыйлы бір замандасы әлдебір отырыста қуат-
қайратына мақтанып: Міне, қараңдаршы сексенге таяндым, таяққа сүйенбей
тік жүремін, шашым да көмірдей қара тіпті бір талына ақ түскен жоқ... -
деп асылық жасаған екен, сонда Ғабең оған мысқыл жүзбен қарап, әр сөзін
нығырлап үзіп-үзіп сөйлейтін ежелгі әдетімен: Е, оның жө-өн, қартаятын
тіпті жөнің де жоқ. Өйткені осы жасыңа дейін бірде-бір кітабыңның бір
сөйлемін жаныңды қинап ойланып жазған емессің... – дегені, сірә көп
жайттан хабар берсе керек. М.Сәрсеке өз мақаласында Ғабиттің сегіз қырлы
қасиетін атап-атап көрсетіп, соның ішінде қазақ әдебиетінде үлкен орын
алатын сынға да Ғабиттің немқұрайлы қарамайтындығын жете түсіндіреді.
Трилогия жарияланған тағы бір замандасы өзі сыйлаған кітаптары туралы
пікірін білуді тіленіп Ғабеңнің алдына келгенде, жалған мадаққа жоқ
қаламгер оған да: Үш кітабыңды үш апта мыжғыладым, бірақ бірде-бірін
аяқтай алмадым. Оқылмайды! Қазақтың орамды сөзін оңды-солды сапырысыпсың,
бірақ бір бетіне де сүйсіну қайда, бір сәт тұшына алмадым. Бұдан былай мені
қинама, оқушыны да ая... [4, 26 б.],- деп әлгі байғұстың өрепкіген
меселін басып қайтарса керек. Десек те сол қаталдықтың туған әдебиетіне
адалдықтан туғаны айдан анық. Бәлкім мұны бүгінде әсіре қаталдық деушілер
табылар. Біз бұл жерде Ғабиттің жазушы өзіне де, өзге жазушыларға да
талаптар қойып, көркем шығармаларды жазуда оқырманның көңілінен шығатындай
етіп жазуға үндейді. Әр қаламгер өзінің төл туындысына зор жауапкершілікпен
қарауы тиіс. Оны оқыған оқырман эстетикалық ләззат, жан дүниесіне рухани
азық алуы қажет. Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы
емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдіреті болмаса, төрт аяғын тең
басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ. Көркем
сөздің сұлулығы сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын [5, 396 б.], - деп,
сөз өнерінің оңай дүние емес екенін атап көрсеткен болатын. Ақын-жазушылар
ішінен қиястығы мен қытымырлығы қасынан жүргізбейтін сын саласына
жүрегінің түгі барлар, өзгеге айтар ақыл-парасаты барлар ғана жақындайды.
Ол заманда да, бұл заманда да айтары барлар ғана, өзінен өзгеге бөліп
берері барлар ғана ескексіз қайықпен көркемдік теңізіне түседі.
Ғабиттің сыншылық ой-пікірлері кеңестік жаңа әдебиеттің туу,
қалыптасу процесімен терең байланысып жатты. Ұлттық әдебиетіміздің ұзақ
жылдық тарихымен бірге жасасып келе жатқан жазушы жиырмасыншы жылдардан
бастап пролетариат бағытын ұстанған Сәкен, Бейімбет сияқты ағаларына ере
шықты да, осы әдебиеттің негізі партиялық, таптық принциптерін қорғауға
қатысты, ескішіл күштерге қарсы күресті. Орынбор рабфагінде оқып жүрген
жас Ғабиттің 1924 жылы, 24 наурызда, Еңбекші қазақ газетінің №183 санында
Қисық сынға әділ төре атты алғашқы сын мақаласы басылған еді. Суреткер
парызы еңбегі осы мақаламен басталады. Бұл мақалада ол сол кезде оңшыл
бағыттағы әдебиетшілер тарапынан қазақтың пролетарлық әдебиетінің
көшбасшысы Сәкенге жасалған шабуылға өзінше жауап беруге ұмтылды. Бұл сын
Ақ жол газетінің 432 санында Темірбай жолдас Қазақ әдебиетінің
тарихынан деген мақаланың негізінде жарық көрген. Негізгі жазылу мақсатын
айқындайтын болсақ, Темірбай деген сыншының (Ә.Нарымбетов) Сәкеннің әдебиет
тарихындағы қайталанбас бейнесіне кір келтіреді, өтірікші, мылжың, соқыр,
арсыз, әңгі дейді. Тіпті жеке басына да тізіп-тізіп кінәлайды. Осы жайында
Ғабит Темірбайдың өзі айтқандай, егер мен Темірбай болсам, дұрыс сөзді
қисық ұққан, бадырайып тұрған А хәрпін Бдеп, Т хәрпін Е деп
шатастырып, ашық жазылған сөзге көзі жетпей, жетсе де көрмей, әдебиетті
сынамай, Сәкенді сынап қай жерінен мін шығар екен деп тіміскіленіп, дұрыс
сөзді бұрыс деп, Сәкенге қара басының дұшпандығын білдірген, Темірбайдың
өзіне - өз сөздерін қайтарар едім. Бірақ Темірбай Сәкенге дұшпан болса да,
мен Темірбайға дұшпан емеспін. Екі әйел сиыр сауып отырып, тезек үшін
ұрсысып бірін-бірі: салдақы бетпақ, пәлен-түген, - деп қайдағы сұмырай
сөздерді тауып айтқандары сықылды мен де бірдемелерді шатастырып, ауызға не
келсе соны оттар едім. Бірақ мен қисық сөзге әділшілігімді айтам, біреудің
бетіне күйе жағып, ұждансыздық қылуға батылым бармайды.
Темірбайдың бар ойы, Сәкенді жұртқа жаманатты көрсетіп өту, одан басқа
түк ойы жоқ. Әйткенмен Дұшпанды, досыңдай сына деген сөз өте тура, өте
иманды сөз. Мұны Темірбай ойлауы керек еді. Біреуге дұшпан болдым деп,
түзу ісіне баға бермей, ағын да қара, қарасын да қара деу адамшылыққа жата
ма? Оныкі Сәкенді қаралау. Әйтпесе әдебиетке жаны ашып отырған Темірбай
жоқ. Сәкен әдебиет тарихынан жаңылса, не қате ұғынса, Темірбай өзінше дұрыс
ұғындыру керек еді. Сәкеннің мына жері қате, мұны былай ұғыну керек деп
айту керек еді [6, 5 б.], - дейді. Демек, Темірбайдың әдебиетте жұмысы
жоқ, әдебиет деп жүрегі соғар адамның сөзіне мүлдем ұқсамайды да. Темірбай
Сәкенді жамандағанда, ең алдымен, Сәкен қазақ әдебиетінің тарихын сөйлеу
оңай, ол жаңа ғана дүниеге келген жас бала деп айтты дейді. Сәкен олай деп
отырған жоқ, ол әдебиетті екіге бөліп қарастырады: жазба және ауыз
әдебиеті. Алғашқы бірнеше жүз жылдап, ауыз әдебиеті болып келді: мақал,
жұмбақ, ертегі, қара өлеңдер. Жазба әдебиет соңғы шықты. Бұған еш талас
жоқ, тіпті жамандауға сиятын дәнеме жоқ. Екіншіден, Сәкенді лекция оқығанда
мылжың сөйлейді. Әдебиетке жақындауға мен сескенемін, қорқамын, мен суға
кетіп қаламын, менің батырлығым жетпейтін жерден Сәкеннің қорықпағаны,
жүректілігі керегі жоқ жұмыс дейді.
Темеке! Жұрттың бәріне өзімдей қоян бол деуіңіз жолға келмейді ғой!
Әдебиет философтардың жеке алған еншісі емес. Әдебиет халықтың тілі мен
халықтың тұрмысынан алынып жазылады. Өз тұрмысында болған затқа халық
Темірбай секілді қарамайды. Өз шамасынша сынайды. Ол сынау қисық емес, түзу
сын болып шығады.
Үшіншіден, Егерде мен Сәкендей соқыр болсам, орысша оқыған қазақ
ақындары орысша сөз кіргізіп, қазақ тілін бұзды дер едім деп Темірбай
Сәкенді және түйреп жібереді. Бұл туралы Сәкеннің сөзі: Қазақ елі орысқа
бағынып, орыс оқуын оқығандар шыға бастағаннан кейін, әдебиетшілердің
әуескерлігі орысшаға ауа бастады. Бұдан былай сөздің ішіне орысша кіргізу
мақсұт болған [6, 7 б.], - дейді.
Жалпы бұл мақала, Темірбайдың әдебиеттің тарихы, дамуы мен
өркендеуінде жұмысы жоқ, тек қана Сәкеннің жеке басын ғана мін таққандығына
жазушының да, оқырманның да көзі жетері анық. Сыннан ұғынарымыз, бір-ақ
нәрсе Сәкенге деген дұшпандық, дәлелсіз ақынның аяғынан шалу деп
түсінуімізге әбден болады. Және Ғабит та сол ойды нақтылай түседі.
Сыншы С.Қирабаев болса: Бүгін біз үшін маңыздысы – мақаланың мазмұны
мен сыншылдық өнегесі емес, тарихи маңызы. Сәкенді қорғау - ол кезде бір
адамның басына араша түсу емес, ол бастаған пролетарлық, революциялық
бағыттағы қазақтың жаңа әдебиетінің таптық, халықтық позициясын қорғаумен
тең еді. Әдебиет әлеміне араласып үлгермеген студент жастың алғашқы талабын
осындай таптық күрес жағдайында ұштауы оның кейінгі творчествосын
пролетарлық, халықтық бағытта жалғастыруына негіз болды [7, 274 б.],-
деген болатын. Бұл мақалада әдебиет тарихын дәуірге бөле отырып зерттеу
мәселесін көтерген С.Сейфуллин көзқарасын жақтап шығады. Негізінен
алғанда, ұлттық әдебиет тарихының мәселесі мен әдеби мұраны игеру
жұмыстарының 20-жылдардың басындағы әдеби сында өткір қойылуы заман
талабынан болатын-ды. Әдебиет тек қана протелариат табынікі, пролетарлық
мәдениет жасаймыз деп даурыққан пролеткультшылдар өткендегі бүкіл әдеби
мұрадан бас тартып жатқан шағында бізде Ұлттық әдебиет бар, оның азды-
көпті тарихы бар деп Темірбайдың нигилистік пікіріне қарсы тұруы, өздерін
төңкерісшілдерміз деген ақын-жазушылар арасында қатты дәріптелген
пролеткультшылдықтың ықпалынан аулақ болғанын дәлелдейді.
Ғ.Мүсірепов ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби айтыстардың бел
ортасында жүріп, баспа беттерінде әдебиет мәселелері жөнінде келелі ой-
толғамдарын, байыпты пікірлерін ұсынып отырған. Әдебиеттегі жікшілдікке
қарсы мақаласы қазақ әдебиетінің сол тұстағы жай-күйін, міндеттерін
пайымдаған еңбек.. Өскен талаптар тұрғысынан, Қазақстандағы әдебиет
сынының жайы мен міндеттері туралы, Қазақ совет әдебиетінің қазіргі жайы
мен міндеттері туралы, Жазушылар және ұйым міндеттері және ҚазАПП жұмысы
туралы бірнеше әдеби-сын мақалаларын жазды. Жазушы еңбектерінде әдебиеттің
идеялық-көркемдік табыстарын, олқылықтарын сөз етумен қатар, оның өсу
жолындағы проблемаларын да үнемі қозғап отырады.
Сыншы Қазақ совет әдебиетінің қазіргі жайы мен міндеттері туралы
мақаласында С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, Ә.Нұрпейісов пен Т.Ахтанов сияқты
жас прозаиктеріміздің романдарын, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ә.Сәрсенбаев,
Ж.Саинның, С.Мәуленовтың лирикасын, Д.Әбілев поэмасының үзіндісін Қазақстан
жазушыларының басқа да шығармаларын қазақ әдебиеті онкүндікте өзінің, жас
та болса, күшті, есейген, көп жанрлы көп жоспарлы әдебиет екенін көрсетті,
ол партия мен халқымыз қойған биік талаптарға лайықты жауап беруге
қабілеті жететін әдебиет екенін танытты деп көрсетеді. Кейін 1972 жылы
С.Әшімбаевтің Ғ. Мүсірепов туралы триптих атты мақаласында: Бүгінгі қазақ
әдебиетінінң жалпы даму тенденциясы туралы қандай пікірдесіз деген
сауалына: Қазір жеті мың жазушы бар. Жалпы кеңес әдебиеті нағыз кемел
шағында. Кеңес әдебиеті кеңестік жаңа қоғам алдындағы өз міндетін абыроймен
атқарып келеді. Соның ішінде қазақ әдебиеті де тұтастай алып қарасақ өсу
үстінде екені өңешті соза дәлелдеуді керек етпейді ғой деймін. Жетістік
бар жерде кемшілік те болатындығы философтар тілімен айтқанда диалектика
заңы. Ауруын жасырған өледі деген сөз бар. Бұл мақалдың белгілі дәрежеде
әдебиеттегі істерімізге де қатысы жоқ емес. Біздегі кемшілік неде?
Меніңше, біздің әдебиетімізде сападан гөрі сандық көрсеткішке мәз
болушылық басым. Біздің кемшілігіміз де осыдан келіп туындайды [8, 63 б.],-
деп кейбір әдебиеттен сауаты бар, білімді азаматтарымыздың естіген,
көрген, елеусіз өмір шындықтарын ешқандай елексіз еміреніп-тебіренбей
сыпыра жаза бергендеріне қайран қалады.
Поэзиямыздың алдыңғы легі Абай мен Жамбыл, Сұлтанмахмұт пен Сәкендей,
прозашы Бейімбет пен Ілияс секілді ақын-жазушылар жоғары бағаға ие болған.
Қазақ поэзиясы жайлы талқылаулар жүріп жатқанда Н.С.Тихонов Біздің
Қазақстаннан келген бауырларымыз өздерінің ұлан-байтақ өлкесінің шеңберінде
ұлттық отряд болып қана қалмай, жалпы поэзиямыздың күшті отряды болып
отырғанын сезіну, олардың өмірде болып жатқан өзгерістерді суреттеп,
халқымыздың санасын кеңейтіп, бір мақсатқа бастап келе жатқанын сезіну
жақсы [4, 36 б.],- деді. Шынымен-ақ, талай жылдар надандық бұғауында
келген әдебиеттің осынша аз уақыт аралығында осынша шарықтап өркендеуі
ерекше құбылыс. Мақтанарлық жайт. М.Әуезов пен С.Мұқанов кеңес одағы
халықтыры әдебиетінің әділ жарысында мәреге жетіп, Ленин сыйлығын алу
мәртебесі де үлкен жеміс болды. Прозамызға әскери жанр сияқты үлкен де
жаңа бір тарау қосылса, ол тарау, өз заманымыздың тақырыбындағы темір
қазықтай, ортадан ойып орын алады - дейді сыншы. Бұл ретте Күткен күн
атты Ә.Нұрпейісовтің кең тынысты романы болатын. Шығарма өңделіп,
басылғаннан кейін қазақ әдебиетінің алтын қазынасына құнды мұра ретінде
енді. Жас жазушылар С.Шәймерденов романдары, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев
өлеңдері, Т.Әбдірахманова, А.Алтаев, Ә.Дүисенбиевтің және т.б ақындардың
шығармалары әдебиетімізге жаңа толқын, жаңа леп әкелді. Жоғары оқу
орындарындағы интеллегенция мен кеңес студенттерінің өмірі бейнеленген
С.Шәймерденовтің Инеші мен З.Қабдоловтың Өмір ұшқыны повесі тақырып
жағынан қазақ әдебиетіндегі елеулі жаңалық, әрі келешек жас ұрпақтың,
еліміздің болашағы болып саналатын жастарға арналғандығы бір өнеге.
Талқылауда бұл екі кітаптың тақырыптарының ұқсас болуы, және ол көбіне
орысша аударылғанда ерекше көрінеді деп көрсеткен болатын. Балалар
әдебиетіне де өз үлесін қосқан Ә.Сәрсенбаевтың Толқында туғандар романы,
жас прозашы Амантай Байтанаевтың малшы бала жайындағы, Б.Соқпақбаевтың
колхоз балалары өмірінен жазған повестері, әңгімелері өсіп келе жатқан
ұрпақты тәрбиелеуде маңызы бар шығармалар. Талқылау кезінде М.Қаратаевтың
Туған әдебиет туралы ойлар деген сын мақалалары жинағы сыншының нағыз
әдебиет үшін қызмет ететін, жанашыр, күрескер деп бағалайды. Бұл кітап
жайлы Г.Ломидзе былай дейді: М.Қаратаевтың бұл еңбегінде тағы бір қуат бар
- ол публицистикалық жағы. Қаратаев басқа пікірдегілерге семсерін қынабынан
суыра қызу жазады, өз пікірін қорғарда зор сеніммен көтеріле айтысқа
түседі. Кітапты оқығанда, көркемдік жөніндегі талғампаздығы мен
сезімталдығын көріп, қатты сүйсінесің [4, 41 б.],- деген болатын. Демек,
М.Қаратаев үлкен жазушы ретінде тарихтан өз орнын таба білген.
Ғ.Мүсіреповтің өзі айтқандай әдебиетіміздің қиын да күрделі
мәселелерінің бірі – сын. Ең бастысы, сыншы да, жазушы да біздің ортақ
әдеби ісіміздің басы-қасында жүргенмен, жазушылар әдеби сыннан адал
досының, жанашыр жолдасының жанға медет боларлық жақсы лебізін сезбей
келеді. Ендеше, жазушы мен сыншы арасында өзара сеністік орнаса және ол
сеністік ақтан жарылған адал шындыққа негізделсе, сөйтіп ол баянды
дәстүрімізге айналса, - бұл сөз жоқ, біздің бүкіл мәдениетіміздің аса
үлкен жеңісі болар еді. Әзірге мұндай жағдай бізде жоқ, сондықтан біз бұл
сапарда көп кедергілерге душар боламыз ғой деп ойлаймын.
Олай болса, сыни мәселелерге соққанда, мен ең алдымен сол сынның
қазіргі жағдайына, сынды одан әрі өрістетуге мүмкіндік туғызатын ынтымақ
жағдайына тоқталғым келеді.
Бұл мәселедегі ең маңыздысы, менің ойымша, жазушының сыншыға сенуінде,
оған сыншы аласыз қамқорлық көрсетіп, жақсысына қуанып, сәтсіздігіне
ренжитін жолдас болуында ғой деймін. Екінші жағынан, сыншы да жазушыға иі
жұмсақ тулақ деп қарамауға тиіс, - деп айтады. Бірақ, әдеби сынымыз
ескіліктің бұл сияқты қалдықтарынан әлі де болса арыла қоймағандығы
қынжылтады. Ғабит Берқайыр Аманшин өзінің жас ғұмырының ішінде қайғы мен
қасіреттің не екенін де біліп үлгермеген ақын ғой деймін. Ол былай деп
жазады:
Жанымның жарасы бар жұрт білмеген,
Ауыртты кей ақымақ түртуменен,
Күнәм не – шеккен осы азабымнан,
Көктесе жыр - бақшамда бір түп өлең.
Айттым ғой, тырнап әркім сол жарамды,
Талай шат минутымды олжалады.
Содан ба, кейде оқтай қадалады
Еш әлсіз досымның да қылжалаңы [6, 140 б.].
Көріп отырғандай, бұл арада ешқандай түсініктеменің қажеті жоқ. Егер
өлеңдері қайғы мен азаптан туса, егер достарының бейкүнә әзіл-қалжыңы
жанына жара салса, ақынның моральдық кескін-келбетін аңғару онша қиын да
емес сияқты.
Осының бәрінен сынға деген шамшыл көзқарастың күлімсі исі мүңкіп тұр.
Біздің әдеби сында көп нәрсенің жетіспейтігінде, ең алдымен, батылдықтың
аздығында ешкімнің дауы бола қоймаса керек, - деп сынның қазіргі жай-күйі
жөнінде айтып кетеді [6, 145 б.].
Өсудің, кемшілікті түзетудің ең керекті тезі – сын, - деп білген
Ғ. Мүсірепов әдеби процестегі сынның рөліне назар аударды.
Жазушылар одағының түрлі жиындарында арнайы баяндамалар жасады. Қазақстан
Жазушылар Одағының 1954 жылы өткен құрылтайында да Ғ. Мүсірепов сын туралы
арнайы баяндама жасады. Құрылтайда сөйлеген сөзінде Сыншы емеспін,
жазушымын, сынаушы емес, сыналушымын. Бірақ, сыншым кім, оны да білгім
келеді - дей келіп, жалпы әдеби сын туралы құнарлы пікірлер айтты.
Мен сынның үш саласын алғым келеді.
Бірінші саласы – ғылыми сын, тексеру-зерттеу арқылы әдебиетті ылғи
алға сүйреп отыратын сын. Әдебиет пен жазушының алдына жарығын түсіріп,
бастап отыратын сын. Бұл сын сынауды кәсіп етпей, сүйіп сынайды, үнемі
соңынан түсіп, жалпы ғылымның өсуімен бірге, өзі де өсіп отырады.
Екінші саласы – халық сыны, көпшілік сыны. Бұл, әрине, ғылыми сын
емес, халықтың жүрегінің қалай соғуын көрсетіп отыратын сын. Бұл халық
қазынасына қосуға жарамағанды аяусыз лақтырып тастап отыратын, бір айтар
үкім сияқты сын. Бұл сында бетке қарау болмайды.
Үшінші саласы – сынды кәсіп еткен, арзанқой, әдебиеттің өсуіне жәрдемі
тимейтін құр айғай болып келеді. Сынның осы үш түрінің әрқайсысына
сипаттамалар береді. Нағыз ғылыми сын әдебиетіміздің күнбе-күнгі жәйін
тексере отырып, жазушыға жөн сілтеп отыруға міндетті. Шын мағынасында сын
деп осылардың сынын айтамыз, Енді халық сынына келейік. Бір атар үкім
сияқты... Біздегі ең күшті сын осы деп ойлаймын. Себебі – жаман кітап
жазсаң, оқымайды, оқу түгіл атын да ұмытады. Бұдан артық не әділдік, сын
керек? (сонда) – дей келіп, үшінші түрі туралы ... мұнда ұрда-жық та бар.
Әйтеуір өсер жазушыға кедергі болатынның бәрі табылады бойынан... міне,
қояр қылық, жояр мінез осы емес пе? деп қатты сынайды [3, 165 б.].
Әдебиет саласы үлкен қажырлы еңбекті, сапалы, құдіретті сөзді қажет
ететінін, сын кадрларының жетіспейтіндігін, бұрынғы сыншылардың жанжалы
көп саладан кетіп жатқандығын қынжыла айтады. Неғұрлым әділ де, қисынды,
ғылыми сынның туған әдебиетімізді өркендетуге ролі мен маңызы мол екенін
баса айтты.
Әдеби өмірдің маңызды оқиғаларына қатысты өз ойларын да білдіріп, шын
сынның үлгісін көрсете білді. Әдебиет сынының ғылыми-теориялық дәрежесінің
тайыздығы, сыни мәдениеттің жетіспейтіндігі, тұрпайылығы сияқты
кемшіліктерінің көркемдік дамуға елеулі кедергі жасай отыратындығын да атап
кетті.
Қазақ әдебиетінің тарихында қаламгерді саяси-идеялық тұрғыдан қуғындау
әсіресе отызыншы жылдар мен елуінші жылдардың бас кезінде барынша күшейе
түсті. Соғыстан кейін-ақ қайтадан басталған идеологялық қыспақ 1951-1953
жылдары ушыға түсті. 1937 жылдағыдай қазақ қаламгерлері түгелге жуық саяси
сындарға ұшырады. Басқаларды былай қойғанда, қазақ кеңес әдебиетінің көш
басшылары С.Мұқанов пен М.Әуезовтің шығармашылықтарына да қара күйе
жағылды.
Жазушы 20-жылдардағы әдеби сындағы ұлтшылдардың әдебиеті көп басылып
кетті. Олар Абайды ұлтшылдық әдебиеттің туы етіп ұстап отыр деген секілді
солақай пікірдің ауанына ере қоймаған. Оған 1928 жылы жазған Қазақстан
баспасы жайлы аталатын мақаласы тағы да дәлел. Негізгі сөз болар жай кітап
тарату мәселесінен туындап жатса да, Ғ.Мүсірепов халық арасына ескі әдебиет
үлгілерін қайта таратуымыз керек деген мәселеге ден қояды. Кітапты басып
шығару ғана мақсат емес, ел ішіне таратып мәдениеттің үлкен құралы ету
мақсат қой. Әдебиет елдің рухани өмірін тәрбиелеу үшін таралу керек, - деп
жазады. Сыншы Қазақ баспасының журнал, кітаптарды бастырып шыққанымен,
тарату мүмкіндігінің жоқ екендігін айтады, халықтың кітапсыз сусап
отырғанын көрген сыншы былай дейді: Кітапты ел сөзсіз алады. Қай елге ,
қай ауылға барсаң да, , қай мектепке кірсең де кітапқа мұқтаж. Құрал жоқ,
кітап жоқ. Қазақ әдебиетінен аулақ қалдық! деп шулап отырғанын естисің
[6, 160 б.].Бірақ елге қаладан өзің келіп ал деуге болмайды, апарып беру
керек. Біздің кітаптар өмірінде ауылдың қарасын көрген емес. 23 жылғы
басылған кітаптардың әлі ел қарасын көрмегендері бар. Дұрысында, енді оқуға
да жарамай қалды - деп қынжылады сыншы. Бұл баспаның кінәсі емес, әрине
Қазақстан өкіметінің қолында екеніне көзімізді жеткізіп отыр. Сонымен
қатар, халықтың ғасырлар бойы жасаған әдеби мұрасының жиналуы, жариялануы
және жарық көруі деген келелі мәселеге келіп тірелетіні даусыз. Автор өз
ойын Сол ескі әңгіме, қиссалардың әкесі осы күні басылып жатқан жоқ па?
Бұл жағынан кітапханашыларымыз да мақтана алмайды. Оқытар еді, тыңдатар
еді, қуанар еді, қолдарына жақсы қисса түспейді, әдебиет ауылға бармайды
[6, 26 б.], - деп түйіндейді.
Дей тұрғанмен баспа мәселесі қаншалықты қиын десек те, осыған орай
жазылған Жалын жарқырай берсін деген Ғабиттің тұсаукесер пікірі

бар. Ақын С.Сейфуллин біздің заманымыздың ағысын экспресс
ұшқырлығына теңеген. Қазіргі дәуіріміздің жүрісі одан да тез. Айналасындағы
ескі-құсқыны өртеп жіберетін от шашқан жастар Жалыны болмашыға бөгелмес,
бұраң бұлтаққа ұшырамай озық ұлы арнасымен тура тартар, ұлы көштің жіп-
шуын жинап әуреленбей, көштің алдында болар деп сенеміз [6, 168 б ], - деп
үлкен үміт күтетінін айтады. Жалын - Жұлдыз журналының туған інісі.
Бірақ, оның сарқытымен күнелтпейді. Мұның өз дауысы, өз жалыны, өз бет
алысы бар, көпшіліктің талғамынан шығады деген ойдан әсте айныған емес.
Осындай тілекпен, Ғ.Мүсірепов, сәт сапар тілейді.
Зергер қазақ әдебиеті сынының қалыптасуы кезеңінде өнімді еңбек ете
жүріп әдеби мұраның ғылыми тұрғыдан игерілуі мәселесіне де ат салысты. Егер
М.Әуезовтің Әдебиеттану жүйесі бізде алғашқыда орта мектепте оқу құралын
жасаудан туды деген асқан білімдарлықпен айтылған пікіріне сүйенсек,
Ғ.Мүсірепов бұл саладағы жұмыстарға да өз үлесін қосты. Ол бұған қиын-
қысылтаяң кездерде үнемі араласып отырған. 20-жылдардың соңына қарай алаш
арыстарының мектептер мен оқу орындарында қолданылып жүрген оқу құралдары
мен оқулықтарына тиым салынып, пайдаланудан алынып тасталғаны белгілі. Бұл
оқу-ағарту саласын біршама дағдарысқа да душар қылды. Сонда жазушы ұлтшыл-
алашордашыларға қарсы күрес ықпалында тұрпайы социализм теориясына сай
көзқарастан шыға алмады. Қазақтың оқыған зиялы қауымына қарсы бұл саяси
науқанның қырсығынан ұлттық әдебиеттану мен мысын бірталай бұрмалаушылыққа
жол беріп алғаны тарихи шындық. Бұдан Ғ.Мүсірепов те сау қала алған жоқ.
Өзінің Баспасөз тәжірибесінен атты мақаласында таптық қоғамға, тап
тілегіне бағынбаған таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов – очерк шебері
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы туралы ақпарат
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
Шешендік өнері туралы түсінік
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ана туралы әңгімелер циклі
Пәндер