Газет тілінің ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Слам Толхын

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Газет тілінің ерекшелігі

050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті»

оқытудың түрі: күндізгі

Ғылыми жетекшісі: аға оқ.

Қайырбекова И. С.

Ғылыми сарапшы:

жоғары санатты мұғалім

Сүлейменова Ш. Қ.

Диплом жұмысының қорғауға

жіберілген күні:

№___ хаттама

кафедра меңгерушісі:ф. к. ғ., доц. Шапауов Ә. Қ.

Қорғайтын күні:

Бағасы :

Көкшетау-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Слам Толхын

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Газет тілінің ерекшелігі

Мамандығы: 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған: Слам Толхын

Ғылыми жетекшісі: аға оқ. Қайырбекова И. С.

Көкшетау-2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Газет тілінің ерекшелігі.

1. 1. Публистикалық стильдің қарастырылуы . . . 7-13

1. 2. Газет тілінің лексикалық ерекшелігі . . . 14-35

1. 3. Газет стилінің грамматикалық ерекшеліктері . . . 36-

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

  1. Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде тілдік жүйені тілдің коммуникативтік қызметі, тіл мен адам факторы, тіл мен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан қарастыруға ерекше назар аударылып отыр. Тіл білімінде газет тіліне, оның жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жасалды. Академик Р. Сыздық, Б. Әбілқасымов, С. Исаев, М. Серғалиев, А. Алдашева, Н. Уәлиев, Б. Момынова, О. Бүркітов,

Ш. Мажитаева т. б. көптеген зерттеушілер газет тілінің стилі мен оның жазба әдеби тіл ретінде ерекшеліктерін талдап көрсетті.

Алайда, тіл білімі ғылымында газеттің өзіндік ерекшелігін зерттеу жұмыстарының көп болғанына қарамастан, нақты шағын жанрдың мағыналық, құрылымдық сипаты, оның даму заңдылықтары мен тілі өз алдына ғылыми зерттеудің нысаны болмаған еді. Сол себепті шағын жанр тілінің семантикасы мен лексикасы мәселесі түбегейлі қарауды қажет етеді. Осы құбылыстарды тіл жүйесіндегі коммуникативті негіздегі жүйелі лингвистикалық заңдылықтар ретінде анықтау және сипаттау зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің өзектілігін бірнеше факторлармен көрсетуге болады:

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері заманауи әлеуметтік ақпараттың көп түрлілігіне орай, газеттің жанрлық жүйесі едәуір өзгерістерге ұшырады. Солардың ішінде жылдам ақпарат берудің көзі болып саналатын газеттегі шағын жанрларды анықтап, оларды жан-жақты, лингвистикалық тұрғыда зерттеудің қажеттігі туындайды;

Басылым бетіндегі мәтіндер бүгінгі жаңа ақпараттық дәуірде түрлі мағыналық өзгерістерге ұшырап әрі дамып отыр. Солардың бірі ретінде шағын жанр мәтінінің мағыналық еркшеліктерін де қайта анықтау қажет. Сонда ғана газеттегі шағын жанрдың стильдік сипатын анықтауға мүмкіндік жасалады;

Газет материалдарының өз оқырмандарының тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға көп ықпал ететіні белгілі. Газеттегі шағын жанрлардың оқырмандарымен тығыз ара қатынасының болуы оларды өздігінен ойлауға, мәселені түйсіне алуға үйретері және осы негізде «стиль-жанр-мәтін» лингвостилистикалық парадигмасының да рөлін нақтылай түсері анық.

Газет жанры тілінің стилі мен оның жазба әдеби тіл ретіндегі ерекшеліктерін талдап көрсету барысында «газет публицистикасы» деп аталатын жанрдың көп қырлылығы анықталды. Әсіресе, газеттегі шағын жанрдың түрлерін анықтап, олардың өзіндік стиль ерекшеліктеріне, мағыналық-құрылымдық сипаты мен толығуына, көркемдік ерекшеліктері мен лексикалық сипатына кешенді талдау жасаудың қажет екені дәлелденді.

Соңғы жылдары филологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына «шағын жанр» ұғымы енгізіліп, оның публицистикалық стильдің құрамына кіретіні анықталды. Шағын жанрдың өзіне тән ерекшеліктері - олардың көлемінің шағын болуымен қатар, жылдам ақпарат беру екендігі жұмыс барысында нақты дәлелденіп, шағын жанр мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасалды.

Газеттегі шағын жанрлар тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда, ондағы ең басты мәселе коммуникация, яғни тіл арқылы байланыс, қарым-қатынас жасау екендігіне орай, «стиль-жанр-мәтін» атты лингвостилистикалық парадигманы зерттеуге тура келеді. Сондықтан да публицистикалық стильде жазылған шағын жанр мәтіндерінің тілін зерттеу жалпы лингвистикалық стилистиканы зерттеу мәселесіне толық сәйкес келеді.

Зерттеу барысында газеттегі шағын жанр тілінің қызмет аясы мен стильдік ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар, шағын жанр тіліндегі стиль жасаушы факторлары көрсетілді.

Зерттеудің нысаны ақпараттанудың басты көзі мен құралы болып табылатын - газет мәтіндерінің тілі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты-газет тілінің өзіндік ерекшелігін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін диплом жұмысына мынадай міндеттер қойылды:

-қазіргі тіл білімінде публистикалық стильдің қарастырылуы (стильдің жалпы сипаттамасы) .

-газет тілі және ондағы шағын жанрлардың алатын орны.

-газеттегі шағын жанр тілінің қызмет аясы мен стильдік сипаты;

-газет тілінің лексикалық ерекшелігін (неологизм, кірме сөз, термин, фразеологизмдер) көрсету;

-газет стилінің грамматикалық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында газет тілінің өзіндік ерекшеліктері, стиль түрлері мен берілу жолдары алғаш рет жүйелі түрде топтастырылып, жаңа мағыналық қырынан танылды. Зерттеу жұмысының барысында төмендегідей тұжырымдар жасалды:

  • ақпарат берудің жаңа көзі ретінде мерзімді баспасөз жанрларына «шағын жанр» түрі болатыны анықталды;
  • газеттегі шағын жанрлар жылдам ақпарат берудегі өзіндік ерекшелігі бар тілдік бірлік екендігі анықталды;
  • газеттегі шағын жанрлардың стильдік ерекшеліктері талданып, оның орындылық, дұрыстық, нақтылық пен қарапайымдылық, әсерлілік сияқты коммуникативтік белгілерінің дамығандығы тұжырымдалды;
  • газеттегі шағын жанрларда да публицистикалық образдың жасалатыны және образ-фактінің дүниетанымдық фактілер сипатында келетіні көрсетілді;
  • газеттегі шағын жанрлар жаңа қолданыстарды таратушы және тұрақтандырушы кеңістік ретінде танылды;
  • газеттегі шағын жанрлар публицистикалық қорды толықтыруға өзіндік ықпалы бар бірлік ретінде анықталды.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының барысында қазақ тіл білімінің өкілдері Р. Сыздық, Б. Әбілқасымов, С. Исаев, М. Балақаев, М. Серғалиев, Ш. Сарыбаев, Н. Уәли, А. Алдашева, Б. Момынова, О. Бүркітов, Ш. Мажитаева т. б., орыс тіл білімінде В. Виноградов, Г. Солганик, Г. Винокур, В. Костомаров, Л. Щерба, А. Гвоздев, Б. Головин т. б. көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен тұжырымдары әдіснамалық негіз етіп алынды.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеуде сипаттамалы түрде талдау жасау, тілдік материалдарды жинақтау, топтастыру, жүйелеу, баяндау, қорытындылау әдіс-тәсілдері қолданылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысы жалпы тіл жүйесінің, оның ішінде шағын жанрлардың лексикалық, грамматикалық және стилистикалық құрылымы мен олардың өзектілігі жөнінде бүгінге дейін жинақталған ғылыми еңбектерді тұжырымдайтын зерттеу болып табылады.

Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін «Қазақ тілінің стилистикасы», «Мәтін лингвистикасы», «Сөз мәдениеті», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» курстарына қосымша ретінде, сондай-ақ аталған пәндерден оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын жазуда көмекші материал ретінде пайдалануға болады.

  1. Негізгі бөлім

1. Газет тілінің ерекшелігі

1. 1. Публистикалық стильдің қарастырылуы

  1. Публицистикалық стильдің шығармалары бір тілде сөйлейтін адамдардың жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне, наным-сенімдеріне қарамастан, сол қоғам немесе аумақ мүшелерінің бәріне ортақ болып келеді. «Публицистика» сөзінің шетел тілдерінен орыс тіліне ауысып, «көпшілік» деген мағынаға ұқсас екенін ескерсек, бұл стильдің аталуы да, ақылға қонымды келеді, себебі бұл стильде жазылып немесе айтылатын еңбектер, шынында, көпшілік қауымға арналады. Публицистикалық еңбектердің патриоттық ықпалы басым болып отырады. Қоғамдық-саяси әдебиеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының, көпшілікке арналған мәжілістердегі, жиналыстардағы баяндамалар мен жарыссөздердің стилі публицистикалық стиль деп аталады. Ғалым М. Серғалиев бұқаралық ақпарат құралдарын үшке бөліп қарастырады: визуальдық (мерзімді баспасөз), аудиальдық (радио) және аудиовизуальдық (телевизия, деректі кино) әрі олардың өздеріне тән белгілерін анықтаған:

-ақпараттық (әр түрлі фактілер мен хабарларды жеткізу) ;

-түсініктеме-баға берушілік (деректер көбінесе түсініктемемен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады) ;

-танымдық-ағартушылық (мәдени, тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады) ;

-ықпал ету қызметі (БАҚ үшінші өкімет деп атау орын алып жүр) [1, 25] . Сөйтіп, визуальды хабарларды көрермендер қабылдаса, аудиальдық хабарларды тыңдармандар қабылдайды, ал аудиовизуальдық хабарлардың адресаттары көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол хабарлардың тілдік ерекшеліктері де әр түрлі болады. Публицистикалық стильдің негізгі газет тілі деп есептеледі. Ақпарат құралдарының ішінде бәрінен бұрын пайда болғаны - газет, яғни радио мен телевизия өмірге келмей тұрған кезде -ақ көпшілік қауым газетті молынан пайдаланды. Сондықтан, бір жағынан, газетте материалдарды беру, екіншіден, сол материалдарды оқырмандарға лайықтау, редакциялап деген сияқты, талай өңдеуден өткізу тәжірбиесі болатыны белгілі.

Газет тілінің маңызын мына жайлардан байқауға болады:

-жаңалықтарды, тың ақпараттарды халыққа тез жеткізуді басты нысана етеді;

-болып жатқан оқиғаларға түсініктеме береді;

әлдебір пікірдің шыңдығына оқырманның көзін жеткізе дәлелдейді және оқырманнын оған деген сезімін оятып, қалыптастырады;

-оқырманды сол оқиғаға байланысты қимыл -әрекетке шақырады, көпшіліктің көзқарасын қалыптастырады.

Газет тілі туралы ғалымдар мен жазушылардың түрлі ой-пікірлері бар. Әлемдік деңгейде лингвистикалық стилистиканың негізін салушы Ш. Балли газет тілі туралы: «Өмірді танудың және миллиондарды олардың көздерінен тыс дүниеде болып жатқан істерге тарта білудің өте сәтті формасы»-дейді. М. С. Шагинянның атап көрсеткеніндей, очерк - «шындық әлеміне жазушының белсенді саяхаты». Публицистикалық стиль саясат пен идеологияның барлық саласында қызмет ететіндіктен, еліміздегі және одан шет жерлердегі жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру, халыққа ықпал ету сияқты өте маңызды міндет атқаратындықтан, стильдің бұл түрінің аясы барынша кең. Басқа стильдер сияқты, публицистикалық стильдің де экстралингвисликалық және лингвистикалық ерекшеліктері немесе белгілері болады.

Экстралингвистикалық белгілері:

-хабардың толық қанды болуы;

-баяндаудың:

а) нақтылығы;

ә) фактографиялылығы;

б) логикалылығы;

в) ықшамдылығы;

г) экспрессивтілігі мен эмоциональдылығы;

ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі.

Лингвистикалық белгілері:

- сөздердің үнемдеп қолданылуы;

- қалың оқырманға түсінікті болу мақсатында сөздердің ұтымды пайдаланылуы ;

- қоғамдық-саяси лексика мен фразеологияның публицистикалық ыңғайда кірістірілуі ;

- қажетті жерінде публицистикалық стильден басқа стильдердің тілдік құралдарының жұмсалуы [1, 29] .

Бүгінгі тәуелсіздік кезеңі тұрғысынан қарайтын болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының халық алдындағы міндеті орасан зор. Ол қоғам ішінде жаңа сипаттағы әлеуметтік көзқарасты қалыптастырып, оны орнықтыруды мақсат етеді. Коммуникацияның ең басты құралы - баспасөз тілі де, халық тілінің сұрыптан өткен, әбден жетілген әдеби нормасы басшылыққа алуынуы тиіс. Қазақ баспасөзінің негізгі міндеті мен бағытын анықтауда А. Байтұрсынұлының рөлі ерекше. Ол қазақ баспасөзі қызметінің қаншалықты міндет арқалайтындығын терең түсініп, газеттің қоғамдық қызметі туралы: «Газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығандары көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады», -деп атап көрсетеді [2, 54] .

Бүгінгі бұқаралық ақпарат тілінің сипаты жайлы Б. Момынованың: «БАҚ тілі стильдік тармақтарға қойылатын шектеуліктердің көбінен арылып, функционалды стильдерге тән формальды қалыптың аясына сыя бермейтін жеке ағзаға айнала бастады. Бұл ағзаның өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі ресурстар жеткілікті. БАҚ-қа деген сұраныс деңгейі де жоғары» деген ұстанымы - бүгінгі БАҚ тіліне берілген шынайы баға [3, 65б. ] .

Қазақ баспасөзінің тілі, қазақ баспасөзінің жүйесі мен құрылымы жайлы мәселелер зерттеуші ғалымдар Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, М. Балақав, Ы. Ысқақов, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов, Ш. Сарыбаев, М. Серғалиев, Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиұлы, Ә. Болғанбайұлы, т. б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болады. Мұнан басқа баспасөз тіліндегі функционалдық стиль, терминология, тіл мәдениеті мәселелері қазақ ғалымдары Х. Бекхожин, Б. Кенжебаев, Н. Қарашева, Ү. Субханбердина, А. Алдашева, О. Бүркітов, Б. Момынова, Ш. Мажитаевалардың еңбектерінде әртұрғыда зерттеліп келді.

Қазақ тіл білімінде соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген Ә. Әміров, Қ. Есенова, Г. Жұмашева, Ф. Жақсыбаева, Г. Смағұлова, С. Қисымов, Р. Тұяқбаева, А. Мұсабекова, С. Сапина, Н. Кенжебекова, Ә. Игенсартова, Н. Даулеткерееваның еңбектерін атап өтуге болады.

Баспасөз жанрлары туралы сөз болғанда, ең алдымен, жанр дегеніміз не, оның міндеті қандай деген сұрақтарды анықтап алу керек. Жанр дегеніміз - белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарының көріну, өмір сүру формасы . Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған кескін-пішіні болады және ол «жанр» деп аталады. «Жанр» сөзі бізге француз тілінен енген, «genre» - орыс тіліне аударғанда, «түр» деген мағынаны білдіреді. Қарапайым түсінікте жанр - түрлі оқиғаның, құбылыстың, шынайы өмірдің түрлі жақтарының айрықша бейнесі жазушының, суретшінің, публицистің шығармашылық құралы. О. С. Ахманова жанрды «жағдайдың нақтылы шарттарына байланысты жұмсауды мақсат еткен қолданыс тілінің түрі» деп көрсетеді [4, 86] .

Жанрды таңдау нақты бір стильдегі немесе оның шағын түріндегі сөйлеу субьектісі арқылы іске асырылады. Мәтінде қамтылатын мазмұн сол сөйлеу субьектісі арқылы таңдалатын жанр түрінің заңдары бойынша сұрыпталады. Сол себептен де әрбір функционалдық стильде жазылған мәтін белгілі бір жанрлық түрлердің қалыптасу, я болмаса қолданылу дәстүрінің тарихын көрсетеді, сонымен бірге адам қызметінің сол саладағы жағдаяттарға байланысты тілдік тұлғалардың жұмсалу, бекітілу сапасын анықтайды. Осы тұрғыдан келгенде, әрбір жанрлық түрге белгілі бір нақты құрылым, алдын ала айқындалып қойған өзіндік қасиеттер тән болып келеді.

Газеттік-публицистикалық стиль әр түрлі жанрлармен беріледі. Газеттік-публицистикалық стильдің жанрларын екі топқа бөлуге болады. Олар: таза газеттік жанр - ақпараттық жанр және әсер ету функциясын атқаратын - аналитикалық жанрлар. Баспасөзде пайдаланылатын жанрлар көп. Т. Қожакеев оларды негізінен үш топқа бөледі: Бірінші топ - хабарлама (информациялық) жанрлар. Бұған жататындар - заметка, есеп (отчет), сұхбат (интервью) және репортаж. Екінші топ - талдамалы (аналитикалық) жанрлар. Бұл топ корреспонденция, мақала, баспасөзге шолу, рецензиядан тұрады. Үшінші топ - көркем публицистикалық жанрлар. Мұның құрамына фельетон, памфлет, очерк, көркем публицистика енеді [5, 29] .

Ғалым Н. Уәли баспасөз жанрларының тілі жайында «Қазір бір ғана бағдарламада ресми ақпарат, публицистикалық талдама, репортаж, комментарий, сұхбат, очерк т. б. жанрларды кездестіруге болады. Осы жанрлардың сөз өрімі, бедері әр алуан», - деді [6, 29] .

Зерттеуші -ғалым Б. Момынова газеттің негізгі жанрлары ретінде хабар (информация), шетелдік корреспонденция, есеп, үгіт-насихат мақалалары, проблемалық мақала, очерк, сұхбат (интервью), репортаж, фельетон, пікірді (рецензия) атайды. [2, 65-68б]

Соңғы жылдары публицистика жанрында «подстиль» деген термин қалыптасқан. «Подстиль» жайлы пікірлер әрқилы. Көптеген зерттеушілер газет стилін журналистік әрекет сферасына қызмет ететін тіл қабаты деп есептеп, оны «газеттік-публицистикалық подстиль» (газетно-публицистический подстиль) деп атап, публицистикалық стильдің құрамына кіргізеді. Ал, академик М. Серғалиев «подстиль» терминін «шағын стиль» деп аударуды ұсынған. Тілші-ғалым «функционалдық стильдердің қай-қайсысы да белгілі заңдылықтардың нәтижесінде пайда болатынын» айта келіп, олардың «шағын стильдерге» жіктелетініне тоқталады. «Шағын стиль әр стильдің құрамында және белгілі бір мәтінге ғана байланысты болады» және шағын стильді «белгілі бір мәтіндердің жиынтығы», ал «сол мәтіннің әрқайсысын шағын стильдің құрамына енетін жанр деп атаған жөн», -деген тұжырым жасайды. Ғалымның бұл тұжырымы қисынды деуге болады, өйткені газет материалының шағын жанрдың қай түріне жататыны тек сол стильде жазылған мәтіннің көлемі мен композициялық құрылымына қарап қана ажыратылады.

«Шағын стиль» деп аталатын газет «подстилінің» публицистикалық стильмен ортақ жалпы сипаты бар екендігі белгілі, сонымен қатар, оның өзіне тән ерекшеліктері де бар. Ғалым М. Серғалиев публицистикалық стильдерді мағыналық жағынан үш шағын топқа бөледі:

а) үгіттік публицистикалық шағын стиль;

ә) саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль;

б) саяси бұқаралық публицистикалық шағын стильдер [1, 37] .

Осы топтаудың негізінде үгіттік шағын стилге - корреспонденция, репортаж жарнама, хабарландыру; саяси-идеологиялық шағын стилге - ақпараттық мақала, аналитикалық мақала, комментарий; саяси бұқаралық шағын стилге - интервью, фельетон, памфлет, очерк жанрлары жатады дейді. Бұның барлығы публицистикалық стильдің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға «шағын жанр» деген атаудың берілуі әбден орынды. Негізгі мәселе шағын жанр материалдарының тақырып ауқымының үлкен, ал көлемінің шағын болатынында.

Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты газет жанрларының қызметі мен дамуында да белгілі бір өзгерістер бар. Мұндай өзгерістер қоғамдық өмірдегі жаңалықтарға байланысты. Қазіргі нарықтық экономика кезінде газетке материал дайындап, басып, оқырманға жеткізгенге дейінгі атқаратын қызметтің барлығы қаржы мәселесіне тікелей байланысты. Сондықтан газет ұжымы экономикалық жағдайларға байланысты газет беттерінен «жарнама», «құттықтау», «еске алу», «пресс-релиз немесе баспасөз хабарламасы», «түйіндеме», «дайджест немесе ақпараттық шолу», «жұлдызжорамал», «сауалнама» т. б. жаңа жанрларға орын беруге мүдделі болып отыр.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде шағын жанрдың мынадай түрлері анықталды: хабар немесе шағын ақпараттық мақала, аналитикалық есеп, репортаж, сұхбат, хроникалық мақала, комментарий, журналистік зерттеу, жарнама, сауалнама, пресс-релиз, дайджест немесе ақпараттық шолу, еске алу, қазанама, хабарландыру, хат, пікір .

Газет ақпарат жеткізіп, үгіт-насихат тарататын болғандықтан, оның қызметі әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Сондықтан газет тілін әлеуметтік лингвистикамен ұштастыра зерттеген жөн. Газеттегі шағын жанрларда жазылған материалдар - коммуникацияның түрі ретінде ең көп таралған шығармалар және олардың атқаратын қызметтері де әр алуан. Олар шағын жанрлар тілінің: ақпараттық және үгіт-насихаттық, деректілік және көпшілікке түсініктілік, экспрессивтік және әсер етушілік, бағалауыштық, танымдық, пікір қалыптастыру мен тәрбиелеу қызметтері деп атап көрсетілді.

Шағын жанр тілінің стильдік ерекшеліктеріне түрлі стильдік бояуы бар лексико-грамматикалық бірліктердің болуы да ықпал жасайды. Олар газет мәтініне экспрессивті және стандартты мағына үстеп , қалың көпшілікке автор ойының нақты жетуіне мүмкіндік жасайды. Шағын жанр материалдарын стильдік тұрғыдан үнемі байытып, оқиғаның, нақты деректердің мағынасын қоюландырып отыратын - түрлі синтаксистік құрылымдар, модаль сөздер. Олар ойды сөз арқылы неғұрлым көркем, анық және нақты жеткізу үшін, автордың көзқарасы бойынша басты болып есептелінетін сәттерді, кейбір тақырыптық кезеңдерді айқындау үшін қолданылады. Бұл газет мәтінінің тілдік көрінісін байытып, әсерлендіріп отырады.

Шағын жанрлар тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері деп :

1) шағын жанрлар тілінің жалпыға бірдей түсінікті және ұғынықты болуы;

2) шағын жанр материалдарында тілдік қана емес, контекстік-бағалауыштық құралдардың да пайдаланылуы;

3) ой білдірудің дайын құралдарын жай қайталап шықпай, әрекетті шығармашылықпен сипаттау;

4) шағын жанрлар мәтінінде функционалдық тұтастық және оқиғаны баяндаушы мен оқырман арасындағы байланыстылық болатыны көрсетіледі.

Газет тілінің жетістігі оның сөздерінің тартымды болуында. Материал тілінің өзіндік ерекшеліктері бар және ол автордың шешендігін көрсетеді. Сөйлеудің мұндай түрін лингвистикада «коммуникативтілік» деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау
Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Публицистикалық стиль
Газет стилі ұғымын, жалпы сипаттамасын және оның функциясын қарастыру
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz