Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Германияның бірігу мәселесі.
1. 1 Германияның бірігу мәселесінің пайда болуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі екі герман мемлекетінің саяси жағдайы . . . 7
1. 2 Германияның бірігу мәселесіне қатысты тараптардың соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі саяси көзқарасы . . . 16
2 Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы.
2. 1 КСРО - ғы «қайта құру» мен «жаңаша ойлау» саясаты. Германияның бірігуі . . . 31
2. 2 Екі герман мемлекетінің интеграциясы және бұл тарихи үрдістегі М. Горбачевтың рөлі . . . 39
3 Тарих курстарындағы тақырып бойынша ұсынылатын әдістемелік жолдар . . . 43
Қорытынды . . . 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 53
Қосымшалар . . . 55
Кіріспе
1990 ж. 3 қазанында ГДР мен ГФР - дің бірігуі ІІ - ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі геосаяси жағдайды түбірінен өзгеркен тарихи оқиға болды. Ол жалпы Еуропадағы Германияның саяси жағдайы мен статусын түбірінен өзгеріске түсірді. Оның жарты ғасырға жуық уақыт бойына бұзылып келген суверенділігі мен территориялық тұтастығын қалпына келтірді. ГФР территориясына 357 мың шаршы шақырым жер қосылды, халқының саны 80 миллиондық межеге жетті. ФРГ дамыған өнеркәсіпті аудандарға, тұрғын - үй қоры мен бұрынғы ГДР - дің әскери техникасын мұраланды.
Бүгінгі күндегі Біріккен Германия әлемдегі ең бір бай және қуатты мемлекеттің бірі саналады, әрі болашағынан зор үміт күттіретін экономикалық потенциалға ие. Көптеген ғылыми - зерттеу орталықтарының нәтижелері Германия болашақта мұнан да зор экономикалық даму деңгейіне жетіп, әлеуметтік мәселені одан әрі жақсарта түседі сөйтіп өз елінің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген болжам жасауда. Бұрынғы ГФР - дің сыртқы саясатындағы бетбұрыс 1969 - 1972 жж. бастау алды, канцлер Вилли Брандтың «жаңа шығыс» саясаты Шығыс социалистік елдермен және КСРО мен келісімдерге келіп, күш қолдану саясатынан бас тарту өте перспективалы сыртқы саяси қадам екендігін кейінгі оқиғалар дәлелдеді. Сыртқы сасаттағы осы принцип Жалпыеуропалық қауіпсіздік конвенциясының Қорытынды актісіне негіз жасады. (Хельсинки 1975 ж. ) Кейіннен ол біртұтас Еуропа турасындағы 1990 ж. Париж хартиясында қайта қуатталды. Аталған саясат желісі қазіргі Еуропаның саяси архетиктурасын қалыптастыруға негіз болды.
Тақырыптың өзектілігі: Герман мәселесі ІІ - ші Дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастарды айтарлықтай шиеленістірген фактор ретінде шешілмеген күйінде қалды. Алайда бұл қайшылықты текетірес Германияның әлемге қарсы тұруы емес, капиталистік Батыс пен социалистік құрлымдағы Кеңес Одағы арасындағы жүйелердің тай - таласы еді.
Әңгіме соғыстан кейінгі қалыптасқан ықпал ету аймағын сақтау, кеңейту мәселесіне байланысты өрбіді. Қақтығыс өркениетті шектерде жүріп, ядролық соғыс қаупі жағдайында ол жөніндегі келіссөздер дипломатиялық жолдар арқылы шешуге әрекет жасалында. Бұл әсіресе Еуропадағы қауіпсіздік кеңесінің қортынды актісінде өз көрінісін тапты. Батыс мемлекеттерінің пікірінше Хельсинкий процесі Шығыс Еуропа елдерінде түбегейлі саяси - әлеуметтік құрылысты өзгертіп қана қоймай, экономикалық жүйені де өзгертіп оны Батысқа бұруы тиіс болатын. ГФР - дің сол кездегі сыртқы істер министрі өзінің естелігінде Хельсинкий процесінің Батыс пен Шығыстың қақтығысты жағдайын реттеуге, еркін Европаны, біртұтас Германияның қалпына келтіруге негіз болғандығын атап жазады. Кеңес Одағының ықпалымен пайда болған, социалистік мемлекет Герман Демократиялық мемлекетінің ыдырап әлсіреуіне 1980 жылдардың екінші жартысындағы КСРО - ғы және Шығыс Еуропа елдерінде болған терең саяси - экономикалық, қоғамдық өзгерістер әсер етті. «Барқыт» революциялары деген атауға ие болған бұл өзгерістер әпсәтте Еуропадағы жағдайды шұғыл өзгеріске алып келді. Шығыс Еуропа елдерінің ішінде әсіресе ГДР - де қоғамдық саяси өмірдегі қатаң жүйе ерекше еді, КСРО мен басқа социалистік елдерде «жариялылық», «қоғамды демократизациялау» БАҚ құралдары мен публицистикада кең қолданыста болған болса, Германияда қатаң цензура енгізілді, ол ұғымдар туралы ойлануға да тиым салынды КСРО - дан келетін басылымдардың бірқатарын шектеді. ГДР басшылығы өзгеріс жағдайына бейімделе алмады, саяси бастамшылық уақытын 70 - 80 - ші жылдары өткізіп алған болатын, сондықтан 90 - шы жылдардағы қыймылдары қолдарын мезгілінен кеш сермеумен бірдей еді. ГДР - дегі шіркеулік діни - оппозиция Польшадағыдай биліктің бұл әрекетіне жауап ретінде шіркеулік басылымдарда диссиденттердің шығармаларын жариялауға рұқсат етті.
КСРО - дан келетін субсидиялар тоқтасымен ақ ГДР - дің экономикасында дағдарысты жағдайлар ушыға түсті, ГДР - дің Батыс елдеріне қарызы өсіп, халық шаруашылығының тиімділігі күрт құлдырап кетті, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, жайшылықта саяси жағынан инертті болатын электораттың жылдам саясилануына ықпал жасады. Ел басшылығы халық өмірінен біржола қол үзіп өзінің бұрынғы үйреншікті саясатын жүргізе берді. Партияның жоғарғы басшылығы мен алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері мен партияның демократшыл бөлігі және халық арасындағы байланыс біржола үзілді. Міне, осы Еуропадағы халқының саны мен экономикасы жөнінен жетекші мемлекет Германияның екі мемлекет, екі қоғамдық - саяси құрлыста өмір сүруі, жалпы Еуропаның екі бөлінуінің көрінісі болатын. Бұл тақырыптың әлі де болса жете зерттелінбеген қырлары көп. Біз өз жұмысымызда осы күрделі де қайшылықты тарихи үдерістің кейбір аз зерттелінген аспектілеріне назар аудардық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы: Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі оның ішінде Германияның қайта бірігуі проблемасы қазіргі тарихнамада аз зерттелінген күрделі тақырыптың бірі болып табылады. Әсіресе осы процесстерге қатысты Герман деректемелерінің жеткіліксіздігі көптеген зерттеу мақалалардың субъективтілігіне алып келіп отырды.
Одақтастардың Герман мәселесіндегі жүргізген саясаты бірқатар тарихшылардың еңбектерінде қарастырылды.
Олардың ішінде кең танымал болғандары: Д. И. Фельдманның, Г. И. Курдюковтың, И. Н. Арцибасованың, Г. И. Тункинаның, Н. В. Захарованың, Е. А. Коровинаның, А. М. Филатовтың, А. А. Ахтамзянның, В. Н. Белецтің, М. М. Белоусовтың, В. Высоцскийдің, А. А. Галкиннің, Д. А. Мельникованың, В. Д. Кульбакинаның, Н. В. Павлованың, А. Э. Титкованың еңбектерін атап көрсетуге болады. Сонымен қатар Батыс зерттеушілері О'Коннелланың, Г. Кельзеннің, А. Фердроссаның, Р. Биндшедлердің, М. Биберштейннің, Т. Маунцтің, И. Пэканың, Ф. Хейдтенің және басқа бірқатар ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Герман зерттеушілері ішінен Германияның бірігу тақырыбына арналған еңбектер олар: Д. Блюменвитцтің, Е. Кляйннің, Х. Букинганың, Б. Гуггенбергердің, У. Еверлинганың, В. Гайгераның, Я. Фровейнаның еңбектерін атауға болады. Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы » кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді.
Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезеңдеріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М. С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді. Сондай - ақ Германияның қайта бірігу процесіне белсенді түрде араласқан М. С. Горбачевтың «Как это было» деген мемуары кеңінен қолданылды.
Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу жұмысының деректемелік нысаны ретінде маңызы бар Батыс және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің басшыларының еңбектері, сөздері, мақалалары мен сұхбаттары, сонымен бірге мемлекеттік құжаттар, кітапхана қорында сақталған мерзімді баспасөздегі материалдары, ғылыми кітаптар, зерттеулер кеңінен қолданылды.
А. М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы » аяқталғанға дейінгі аралықтағы « Герман мәселесін » және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды. Сондай - ақ сол кездегі оқиғаларға белменді қатысқан тұлғалардың еңбектері көп құнды мағлұматтар береді: И. Ф. Максимычев ГДР - дегі КСРО елшілігі қызметкері, ГДР - дің мемлекет қайраткерлері, Э. Хоннекердің (Бас хатшы, партия төрағасы), Г. Модров (ГДР премьер-министрі), батысгермандық қайраткерлер М. Вольф, В. Брандт. Неміс тіліндегі еңбектердің көпшілігі орыс тіліне әлі аударылмаған біздің зерттеуіміздің деректемесі ретінде осыған байланысты диплом жұмысында тарихи құжаттар мәселен: Тегеран, Ялта, Потсдам конфренцияларының және Хельсинкидегі қорытынды келісім хаттамалары, Германияның бірігуі туралы келісімшарт құжаттары көптеп пайдаланылды. Сондай - ақ маңызды деректер интернет сайттардан алынды, осы мәселе бойынша ғылыми журналдар мен баспасөзде жарияланған жекелеген зерттеу мақалалар пайдаланылды.
Жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері. Бұл диплом жұмысының басты мақсаты ІІ - ші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада қалыптасқан халықаралық жағдайларға сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдай отыра екі герман мемлекетінің бірігу үдерісін, ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Герман мәселесіндегі АҚШ бастаған Батыс елдері мен КСРО бас болған Шығыс елдерінің саяси ұстанымдарын ашып зерттеу;
- Соғыстан кейінгі ГФР мен ГДР - дің саяси - әлеуметтік, экономикалық даму моделдерін салыстыра зерттеу;
- Герман мәселесіндегі Хельсинки кеңесінің рөлін көрсету;
- 1980 - 90 - шы жылдардағы Шығыс Европа мен ГДР дегі социалистік жүйелердің күйреуі, бірігудің геосаяси алғышарттарының жасалуын зерделеу;
- Екі герман мемлекетінің интеграциясының жүзеге асуы герман мәселесінің біржола шешім табуын қарастыру.
Зерттеудің нысаны. Екі герман мемлекетінің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына, Батыс және Шығыс Германияның бірігуі ерекшелігіне арналған іргелі зерттеу еңбектеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының пәні. 1949 - 1990 ж. ж. ГФР мен ГДР арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық тұстарындағы өзгерістерін, мемлекеттердің бірігуін зерттеп, оның ерекшеліктері мен жетістіктерін айқындай отырып, екі герман мемлекетінің бірігуінің әлемдік тарихтағы рөлін нақтылау болып табылады.
Зерттеу әдістері: Зерттелу барысында тарихи, статистикалық, логикалық, салыстырмалы, сараптамалы әдістер қолданылды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық зерттеу жұмысын дайындау кезінде ғылыми таным әдісінің тарихилық, жүйелілік, объективтілік және логикалық принциптері басшылыққа алынды.
Жүйелілік принципіне сүйену нәтижесінде біз қарастырып отырған кезеңдегі қос герман мемлекетінің бірігу алғышарттарын, сыртқы әсерлер, экономикалық дамуы анықталды. Тарихилық принципке сүйену нәтижесінде қоғам, саясат, идеология, мәдениет мәселелерінің сабақтастығы, ішкі бірлігі мен байланысы талдауға түсті.
Жұмыстың орындалу барысында деректемелік іздестіру мен зерттеу әдістемелік тәсілдерін пайдаланып, диплом жұмысының жазылуына негіз болған зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып отырған Германияның бірігуіне текстологиялық және тұжырымдамалық талдау жасалды. Зерттеу мақсатына жету үшін статистикалық, суреттемелік, жан-жақтылық, салыстырмалық әдістер кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Зерттеудің барысында «герман бірлігі» мәселесі ІІ -ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан геосаяси контексте қарастырылады. Естеліктер мен ресми құжаттар кеңінен пайдаланылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-қолданбалы маңызы. Жұмыс нәтижелерін мектептің жоғарғы сыныптарында, Дүние жүзі тарихын, жоғарғы оқу орнында Еуропа - Америка тарихын өткенде қосымша тереңдетілген материал ретінде пайдалануға болады.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері және қамтыған территориясы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың 50 - 90 - шы жылдарының басын қамтиды. Яғни, ІІ дүние жүзілік соғыс аяталысымен басталып, КСРО - ның мемлекет ретінде дамуының соңғы ширегіне дейін жүрді. Зерттеу объектісі ретінде Батыс және Шығыс Еуропа территориясының тарихи даму жолы алынды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
- Германияның бірігу мәселесі.
1. 1Германияның бірігу мәселесінің пайда болуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі екі герман мемлекетінің саяси жағдайы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғысаяқталды. Осы сұмдықтан кейінжаңа соғыстуралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі жасалынды. Осы жұмыстың бір саласы ол Германияны бейбіт мемлекетке айналдыру іс - шаралары болатын, бірнші дүнижүзілік соғыстың сабақтарын ескерген Одақтастар арасында, аздаған айырмашылықтарға қарамастан соғыстан кейінгі Германияның болашағына байланысты көзқарастарда соншалықты қайшылықтар бола қойған жоқ еді. Мәселен, Германияда баянды бейбітшілікті қандай режимде жүргіземіз деген мәселеге келіп тірелді.
Германияталқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер елді оккупациялады, енді қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері соғыс кезінде одан кейін де үнемі өткізіліп отырылды. Тегаран конференциясы 1943 жылдың 28 қараша - 1 желтоқсан аралығында өтті, онда АҚШ Президенті Рузвельт Германия мәселесін қойды, Ұлыбритания премьері Черчилль германияның ең маңызды бөлегі Пруссиядан Баварияны және басқа провинцияларды бөлу керек десе, Рузвельт осыдан екі ай бұрын жасалған американдық нұсқаны ұсынды, онда ол Пруссияны барынша әлсіретіп, жалпы германияны бес мемлекетке бөлу жобасын ортаға салды. КСРО басшысы И. Сталин Черчиллдің жаңа герман бірлестігін, Дунай конфедерациясы сияқты ұсыныстарын қолдамады. Рузвельт жобасын қарастыруға болады деген өз тұжырымын келтірді. [1, 92-93]
Германияны бөлшектеу мәселесі 4 - 11 ақпан аралығында өткен Ялта, яғни, Қырым конференциясында да сөз болды. Хаттама жазбаларында мынандай мазмұндағы әңгімелер айтылды: Черчилль «Егер Германия толық талқандалса онда біз Германия сөзсіз тізе бүккенде оған елді бөлшектеу турасында қосымша талаптар қоямыз». Сталин «Германияны бөлшектеу туралы мәселе ол қосымша мәселе емес өте маңызды мәселе», Рузвельт бұл мәселе туралы жалпы пікірге келіп оның детальдарын кейін келісуді ұсынды. [2, 118 - 119]
Соғысқимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың бірі ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ - тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстанкейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Бұл өзерістер Одақтастар саясатына сәл- пәл өзгешеліктер әкелді.
Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. , оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардың Германияғадеген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл - социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғысөнеркәсібін жою; нацистік Германияғақызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті. шекарасы анықталды. ГерманияданПольша мен КСРО - ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Германия туралы одақтастар келіссөз қорытындысында «Одақтастар Германияны құртуға немесе құлдыққа түсіруді қаламайды, болашақта неміс халқының бейбітшілік, демократия негізінде өз өмірін қайта құруға мүмкіндік жасайды». [3, 378]
Сондай-ақ әр зонадағы соғыстұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ - ты КСРО - дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО - дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселебойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді. Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО - ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды. Германиядарепарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді.
Берлин конференциясында Германияныбіртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германияүкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германиядабилікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германиятөртке бөлінді және Берлин Германияныңастанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғысқылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ - тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды. Сот процесінде Одақтастар арасында көптеген қайшылықтар болмағанымен, болашақ Германияның мемлекет ретіндегі мәселесінде бірыңғай көзқарастың болуы мүмкін емес еді. Екі идеологияны ұстанған, әрі соғыстың негізгі зардаптары мен ауыртпалығын көтеріп зор шығынға ұшыраған Кеңестер Одағы Еуропадағы өз ықпалының еселеп артуын жеңіспен аяқталған соғыстың әділетті нәтижесі деп ұғынды. Социалистік қоғамдық құрлысты орнату, кеңестік типтегі саяси режимдердің билікке келуіне көмектесуді өзінің саяси - моральдық міндеті ретінде санады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz