Тазалық ГККП-да биогаз станциясын игеру жобасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
I бөлім.
ГККП «Тазалықтың» шаруашылық қызметінің сараптамасы
1. 1. Көкшетау қаласының тұрмыстық қатты
Қалдықтар мәселелері . . . 5
1. 2. ГККП «Тазалықтың» қызметін баяндау . . . 7
1. 3. ГККП «Тазалықтың» 1998-2000 жылдардағы
қызметіне қысқаша шолу . . . 9
1. 4. КМК 2005 жылғы қызметін сараптау . . . 17
1. 5 «Тазалықтың» 2006 жылғы қызметін сараптау . . . 29
II бөлім. «Тазалық» ГККП-да биогаз станциясын
игеру жобасы . . . 36
2. 1. Көкшетау қаласы үшін ҚТҚ-ды бөліп жинау және
қайта өндіру тұжырымдамасы . . . 38
2. 2. Органикалық қалдықтардың анаэробты ашу процессі . . . 45
2. 3. Биогаздық технологияны пайдалану . . . 48
2. 4. ГККП «Тазалық»-қа биогаздық станция енгізу жобасы . . . 53
Тұжырым . . . 59
III бөлім. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
3. 1 Органикалық қалдықтардың залалы туралы . . . 61
3. 2. Биогаздық технологиялардың кемістіктері . . . 64
IV бөлім. Тіршілік қарекетінің қауіпсіздігін сақтау . . . 66Қорытынды . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
«Экология», «табиғатты пайдалану экономикасы» сияқты пәндерді зерттегенге дейін мен адамзат алдында табиғатты қорғау және ресурстарды сақтау сияқты өткір мәселенің тұрғанын байқадым.
Экологияны қалпына келтіру және ресурстарды сақтау технологиясын енгізу туралы толық қанды, жан-жақты ойланған бағдарламаның бүгін де қаншалықты қажет екеніне көзім жеткендей. Бүгінгі күні экологиялық мәселе апатты, қауіпті сипатқа ие болып отырғанын жасырмаймыз.
АҚШ-тағы қар басып қалу, мысалы, біздегі қысқы температураның көтерілуі сияқты бұрын ешқашан бақылауға алынбаған табиғаттың әр түрлі түсініксіз, тылсым катаклизмаларын бірігіп бақылау қолға алынған.
Әрине, бұл табиғаттың оқыс жағдайлары болуы да мүмкін, біреулер жер шарының полюстерінің өзгеруі деп те атайды. Бірақ, атүсті қарауға болмайтын көзқарас та бар.
Біздің ғаламшардағы табиғаттың катаклизмалары қоршаған ортаға антропогендік ықпалымен солай немесе керісінше байланысты. Будың әсері, жер қыртысындағы ауаның озон қабатының бұзылуы, жаңбыр қышқылы және көптеген басқа әсерлердің антропогендік фактордың ықпалының бірден бір нәтижесі болып табылады.
Осы мәселелердің бәрі немен байланысты? олар бәрінен бұрын атмосфераға тасталған қоқыстарға байланысты. Ғаламшардағы барлық қоқыстардың басым бөлігі нәтижесінде көмірдің және мұнай өнімдерінің әр түрінің жануына әкеліп соғады. Мұның барлығы жылы жердегі ресурстардың жасырын энергияға немесе электр энергиясына айналуынан, электр моторы немесе двигательдердің жұмысынан жану пайда болады. Жер бетінде адам баласы энергияның көп мөлшерін қажет етеді. Осыған орай екі маңызды мәселе туындайды. Біріншісі, ғаламшардағы экологиялық жағдайдың құлдырауына әкеп соғатын атмосферадағы зиянды газдардың, қоқыстардың және т. б. көбеюіне байланысты болса, екіншісі, адамзат алдына қойған альтернативтік, энергетикалық дағдарыстың қайта орны толмайтын шығынына ұшырататын табиғат ресурстарынын тауыса пайдаланумен байланысты.
Бір қарағанда осының бәрі сенімсіз болып көрінгенімен, осы екі мәселе толығымен шешілетін мәселелер. Мұны мен өзімнің дипломдық жұмысымда дәлелдеуге тырысамын.
Әрі қарай сөз энергияның альтернативтік көздеріне байланысты екенін аңғару қиын емес деп ойлаймын.
Бүгінгі күні осы салада көптеген тың ойлар пайда болды.
Күн батареясы және жел электр станциясы ресурстарды сақтайтын неғұрлым танымал альтернативтік технология болып табылады. (ЖЕС) . Бұл құрылымның ықпал ету принципі өте қарапайым және толық мәлімет беруді қажет етпейді, сондықтан бұл туралы қысқаша айтылады. Бірақ, басты мәселе ретінде, мен шикізатты алу мен пайдаланудың тәсілдері туралы және ең қарапайым органикалық қалдықтардың энергиясы туралы баяндағым келеді.
Қазіргі жағдайда органикалық қалдықтардан шығарылатын шикізат биогаз болып табылады. Ол өзіне энергияны жеткілікті үлкен потенциалын жасырады. Сонымен қатар биогаз экологиялық жоспарда залалсыз деп айтуға болады.
Сондай-ақ, технологияларды пайдалану туралы айту - ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау сияқты біздің алдымызда тұрған өткір де маңызды мәселені шешудің бір жолы.
«Биоэнергетика - бұл дүмшелік емес, энергетика»
2001 жылдың тамыз айында Атлантада (АҚШ. Джорджия штаты) «Биомассадан биогазды өндірудің көнерген процесінің жаңа мүмкіндіктеріне арналған энергетикалық бәсекелестік стратегиясы туралы» атты кезекті баяндама жарық көрді. Атлантада негізделген «Болашақ энергоресурстар» корпорациясы (Future Energy Resourses Corp. немесе FERCO), күткеннен де тиімді болып шықты. FERCO газдандыру барысында тамыздық, қоқыс, шабылған шөп сияқты қатты отын қолданылады. Биомасса табиғи газға жақын және оны алмастыра алатын газға айналады. (Оны Silva Gas деп атаған) . Мұндай газ құрамында қазып алынған отынға қарағанда көміртек аз болғандықтан, көміртек қос тотығы да кәдімгі отынды жаққандағыдан аз шығарылады.
FERCO дайындаған технология биомассаны электр қуатына айналдыруда басқа жүйелерге қарағанда екі есе тиімділігі энергетикалық компаниялар үшін маңызды. Фирма мәліметтеріне сүйенсек, Silva Gas қазірдің өзінде табиғи газдан қымбат емес.
Бәсекелес бағалармен қатар, биомассадан биогаз энергияны өндірудің басқа да тәсілдерімен жеңіл үйлесетінін FERCO басқармасы ерекше атауда. (Мысалы, микротурбиндер немесе отындық элементтермен) »
Көңнен өндірілетін электр қуаты
2002 жыл. Девонде (Ұлыбритания) көң арқылы жұмыс істейтін әлемдегі алғаш электростанция қызмет ете бастайды. «Holsworthy Biogas» компаниясы электроэнергияны арзандату үшін күресуге бел буып, оған жалпыеуропалық сипат беруге тырысады. Станцияға арналған отынды (жылына 1, 5 млн. т. көң) жергілікті фермерлер тегін көңмен қамтамасыз етеді. Электростанцияны құру барысында, сонымен қатар Еуроодақ және «Farmatic» неміс компаниясы қомақты үлес (100 млн. доллар) қосты.
«Экология және өмір» журналы. №6/2001 жыл, 52, 54 беттер.
I-бөлім. ГККП «Тазалық» шаруашылық қызметінің сипаттамасы
- Көкшетау қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі
Қалдықтармен комплексті түрде басқару принциптеріне сай қоқысты одан әрі қайта өңдеумен, яғни оны шикізат ретінде пайдалану арқылы ТҚҚ-ды қайта өңдеу және пайдалану дұрыс болар еді. Көкшетау қаласының жағдайында бұл принципті қолдану мүмкін, өйткені қаланың тұрмыстық қалдықтары әртүрлі қосындылардан тұрады.
Көрнекілік үшін келесі диарамманы келтіре кеткім келеді.
Көкшетау қаласы бойынша қоқыс топтары.
Көкшетау қаласы бойынша қоқыс құрылымы.
Диаграмма Көкшетау қаласы бойынша ТҚҚ-ң құрамы мен құрылымын нақты көрсетеді.
Көкшетау қаласы бойынша ТҚҚ-ды қайта өңдеу және пайдаланудың негізгі мәселесі олардың қайта өңделу және пайдалануы (халықаралық стандарт бойынша) ең төменгі деңгейде өткізілуінде. ТҚҚ-мен жұмыс оларды полигонға тасымалдау және жартылай қайта өңдеуден тұрады, оларды бульдозермен пресстеп, тиянақтап жинайды. Сөйтіп, оны қайта өңдеу және комплексті түрде қолдану туралы сөз де болмайды. Бұл біздің қаламызда қолданылатын ТҚҚ-ы қайта өңдеу және пайдалану технологиясының көнеруімен байланысты. Осы дипломдық жұмысымды «Тазалық» қызметкерлерімен әңгімелесу негізінде жазу барысында маған түсінікті болғаны - қаламыздың жағдайында заман талабына сай ұсынылып отырған жаңалықтарды меңгеруге құралдардың жоқтығы ықпал етуде. Әрине, құралдардың жоқтығынан туындайтын мәселелерді шешу үшін КУО принципіне жүгінуге, яғни қала қоқысын қайта өңдеу және пайдалануға жеке кәсіпорындарды тартуға болар еді, алайда біздің қала жағдайында бұл тәсіл бірнеше себептер бойынша іске асуы екіталай. Біріншіден, бұл мәселемен айналысатын бірнеше кәсіпорын құруға қаламыз соншалықты үлкен емес, ендеше қоқыс мөлшері де соншалықты көп емес, ал бір ғана кәсіпорын құру - бәсекелестік деп аталатын даму факторынан айрылған тағы бір кезекті монополия құру деген сөз. Сондықтан бәрін сол қалпында қалдырған тиімді, яғни шығару, пайдалану және қайта өңдеу бір мемлекеттік кәсіпорынмен іске асуы керек. Алайда, өмір көрсеткендей, мұндай жағдайда бұған байланысты алуан түрлі мәселелер пайда болады да, жалпыға ортақ бір мәселені тудырады - жаңашылдықтарды игеру мақсатында қолданатын құралдардың тапшылығы ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын өз шығындарын жабатын қаржы тапшылығына ұрынады. Біздің жағдайда бұл кәсіпорын ГККП «Тазалық» деп аталады. Төменде аталмыш кәсіпорынның мәселелері қаралады.
1. 2. ГККП «Тазалық» қызметін баяндау.
Дипломдық жұмысқа сараптама жүргізу мақсатында Көкшетау қаласының коммуналдық шаруашылығының қалалық бірлестігі алынған болатын, нақтырақ айтқанда оның бір құрылымдық бөлімшесі - көліктік-механикаландырылған колонна.
Алдымен, «Тазалық» ГККП құрылуы жайында айта кетейін.
Жалпы жеке қаланың коммуналдық шаруашылығының пайда болу тарихы арнайы баяндауды қажет етпейді ғой деп ойлаймын, себебі олардың тарихы қала тарихымен байланысты. Алайда заң тұрғысынан алсақ, «Тазалық» ГККП құрылу тарихы жақында ғана басталған.
«Тазалық» ГККП Көкшетау қаласының Әкімдігінің 1999 жылғы 6-мамырға қарасты №186-р қаулысына сай құрылып, жеке шаруашылық есеп бөлімшесі болып табылады. Мемлекеттік құрылтайшысы - Көкшетау қаласының Әкімі. 1999 ж. 10- маусымында № 1777 - 1902 - ГП заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігіне сәйкес Ақмола облысының заң басқармасында тіркелген. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 175 үйде орналасқан.
Бүгінгі күні «Тазалық» ГККП бірнеше құрылымдық бөлімшелерден тұратын ірі кәсіпорын және жұмысшылардың орташа жылдық саны 413 адамды құрайды. «Тазалық» құрылымдық бөлімшелері: Көкшетау II қазандығы, көліктік-механикаландырылған колонна, қалалық монша және қала сыртындағы Қызыл жар селосының коммуналдық мәселелеріне курьерлік ететін Қызыл жар жер телімі. (I сызбаны қараңыз) .
Дипломдық жұмысымның тақырыптық ерекшелігіне сай, мен ГОКХ жалпы қарастырмай, оның бір бөлімшесі болып табылатын және Көкшетау қаласының тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, шығару және өңдеумен айналысатын көліктік-механикаландырылған колоннаға - КМК-ға тоқтаймын.
Көліктік-механикаландырылған колоннаның пайда болу және жеке құрылымдық бірлікке бөліну тарихы есте қаларлық.
Ол менің ойымша өкінішті оқиғаға байланысты басталған. 2005 жылы ақпан айына қарай қаржы жинау пайызының төмендігі нәтижесінде, және 20-миллиондық дебиторлық қарызына байланысты халық арасында қарапайым да түсінікті - «Спецавтобаза» деп аталатын жеке кәсіпорын банкрот деп танылды. «Спецавтобаза» «Тазалық» ГККП жетекшілігіне берілді, ал 2001 жылдың 1-ақпанында «Тазалық» құрылымдық бөлімшесі деп танылып, көліктік-механикаландырылған колонна - КМК деп атын өзгертті.
Көліктік-механикаландырылған колонна (әрі қарай КМК) қаладағы қалдықтарды шығарып, қайта өңдеумен, аулаішілік аумақтарды тазартумен және т. б. айналысады. Бұның бәрі күндіз-түні қала игілігіне қызмет етіп жүрген, КМК жетекшісі Черняев А. П. бастаған 250 жұмысшының күшімен атқарылуда.
Қалдықтарды өңдеу туралы айтқанда бұның бәрі жүзеге асырылатын полигон туралы айта кеткенім жөн ғой деймін. Полигон қаладан 15 шақырымдай жерде орналасқан. Оның көлемі шамамен 26, 2 га. -ды құрайды. Қалдықтарды өңдеу дегеніміз - ТҚҚ-ды үстірт өңдеу, нақтырақ айтқанда мүмкіндігінше «Тазалық» тілімен айтқанда «қоқыс тастайтын апатты жерге» айналмас үшін баспақтап, тиянақтап жинайды.
Осы кезден бастап кәсіпорын мәселесін сөз етуге болады, ол - көлік тапшылығы. 15 тұрғыны бар қала үшін 12 емес, шамамен 20 бірлік қажет. Тапшылық шамамен 40 пайызды құрайтын 8 бірлікке тең. Бұл жерде көп нәрсені ойлану керек. Бұдан әрі мен «Тазалық» ГККП құрылымдық бөлімшелерінің бірі көліктік-механикаландырылған колоннаның осы және басқа да көптеген мәселелерінің себебін түсінуге тырысамын.
1. 3. 1998-2000 жылдарға арналған ГККП «Спецавтобаза» қызметіне қысқаша шолу.
КМК қызметімен толығырақ танысу үшін осы құрылымдық бөлімшенің ГККП «Спецавтобаза» құрамында болған кезіне қысқаша шолу жасағанымыз дұрыс.
Жүргізушілердің есептік саны қалай жүргізілгеніне назар аударған дұрыс деп ойлаймын.
3-кесте.
«Спецавтобаза» бойынша қоқыс тасушы жүргізушілердің 1999 жылға арналған есебі.
Қала,
қала сыртындағы орташа жылдамдық
22
33
КАМАЗ КО 415 автокөлігінің өнімділігі,
Техниканың 3 бірлігі
122, 5
67068, 8
Есеп келесідей жолмен жүргізіледі, шығарылатын ТҚҚ-дың көлемі есептеледі.
Тасымалдау арақашықтығы, паркті пайдалану коэффициенті, қозғалу жылдамдығы және т. б. туралы мәліметтерге қарап, бір автокөліктің өнімділігі есептеліп шығарылады, яғни 1 автокөлік ТҚҚ-тың шығарылу көлемі қандай. Өлшем нәтижесі бойынша ГАЗ-53 КО 413-ң толық тиелуі 15 контейнерді құрайды. (1 контейнер сыйымдылығы 0, 75 м3 тең) . ТҚҚ-да пластикалық және картон қап жетерлік. Есеп бойынша, қоқыс таситын машинаның толық тиелуі: 15 * 0, 75 = 11, 25 м3.
Тығыздау коэффициенті:
11, 25 : 7, 5 м3. = 1, 50
КАМАЗ КО 415 автокөлігіне толтырылғанша 46 контейнер тиеледі:
46 * 0, 75 = 34, 5 м. куб.
Тығыздау коэффициенті:
34, 5 : 22, 5 м. куб. = 1, 53
№4 кесте.
1999 жылға арналған «Спецавтобаза» бойынша сұйық қоқысты шығаратын жүргізушілердің санын есептеу.
№
п/п
Тазартқыш машина жүргізушілерінің саны.
(13015, 17 + 766, 8) /1918, 6
Өлшеу актісіне сай тығыздаудың орташа коэффициенті 1, 5-ке тең. ТҚҚ жылдық мөлшері туралы мәліметтері және уақыт бірлігіндегі автопарк өнімділігі негізінде техника бірлігінің белгіленген саны, басқаша айтқанда белгіленген ТҚҚ мөлшерін шығаруды қамтамасыз етуге қажетті, бұл жағдайда 33269, 5 мың сағатқа тең автокөліксағаттардың жиынтық саны есептеледі. Оларға автопаркті пайдалануға дайындау үшін қажетті жылына 1960, 1 мың сағат қосылады және жалпы сан 1918, 6-ға тең 1 жүргізушінің жұмыс уақытының жылдық қорына бөлінеді. Нәтижесі төмендегідей:
Жүргізушілер саны = (33269, 5 + 1960, 1) /1918, 6 = 18 жүргізушілер.
Сонымен, 13 бірлік техникаға 18 жүргізуші. Бұл 18 автокөлік болу керек, немесе жүргізушілер 5 техниканың жетіспеуіне байланысты ауысыммен жұмыс істеуі керек деген сөз. Бұл - техника тапшылығын білдіреді.
«Спецавтобаза» қызметінің негізгі өндіріс көрсеткіштері төменгі кестеде көрсетілген.
№5 кесте.
«Спецавтобаза» қызметінің 1998 жылға арналған негізгі өндіріс көрсеткіштері
№
п/п
Қоқыс шығару
Сйық қоқысты шығару
132, 2
34, 4
155, 3
29, 5
Кестеде көрсетілгендей, Спецавтобазаның 1998 жылы көрсеткен қызметінің мөлшері 1997 жылмен салыстырғанда 12% өскен, бұл жұмысшылардың тізімдік санын 7 адамға немесе 3, 7 %-ға көбеюіне әкеледі. 1 жұмысшының өнімділігі 1, 3%-ға өседі. Бұл жағдайда жалақы орта есеппен 1, 7 %-ға жоғарылайды. Бұның бәрі Спецавтобаза қызметі ауқымының жоғарылайтыны туралы айтады.
Әлбетте, Спецавтобаза қызметі тұрғындардан қызмет үшін жиналатын қаражатпен қаржыланады (тариф бойынша) . Тарифтерді есептеу бойынша мәліметтер 6-кестеде келтірілген.
№6 кесте.
№
п/п
Бір адамның айлық тарифі:
168, 38 * 1, 1 : 12
Есеп келесі жолмен жүргізіледі. ТҚҚ-дың 126, 5 мың м. кубқа тең мерзімдік шығарылу мөлшері анықталады (бұл жағдайда 9 айлық) . Жалпы шығындар анықталып, оған 20% рентабельділігі қосылады. Одан кейін 140, 32 тг. тең 1м. 3 ТҚҚ-ты шығару және өңдеу құны анықталады. Оған 20% көлемінде НДС қосылады, қорыта келгенде 1м3 шығару тарифі 168, 38 теңгені құрайы. Сонан соң 1 адамға айлық тариф саналады. Ол үшін 1м3 ТҚҚ шығару құны 1, 1 м3 тең 1 адамның жылдық ТҚҚ жинау нормасына көбейтіледі де 12 айға бөлініп, адам басынан айына 15, 43 тг. аламыз. (бұл нормалар қайта қаралған, бүгінгі күні 1 адамның жылдық жинау нормасы 1, 2 м3 құрайды; жинақтау нормасы туралы толығырақ қосымшада көрсетілген) .
Алайда қабатты үй тұрғынынан арналған тариф, жеке меншікті үй тұрғынына арналған тарифтен өзгеше болуы тиіс. Оның айырмашылығы бүгінгі күні адам басына жылына 1, 5 м 3 құрайтын жинақтау нормасында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz