Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- I. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы жұп сыңарлы грамматикалық категориялар орны
1. 1. Тілдік категория ұғымына түсініктеме. .
1. 2. Қарама-қарсылықққа құрылған жұп сөздердің тілдегі өрісі………
- “Семантикалық және грамматикалық полярлар”
түсінігінің ғылыми сипаттамасы
- Мәселенің зерттелуі жайында. .
II. Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар .
2. 1. Қарама-қарсылыққа негізделген денотат және сигнификат мағыналар …
2. 2. Жалпы және жалқы мағыналарының ішкі құрылымы мен берілу жолдары . .
2. 3. Деректі, дерексіздік мағынасының лексика -грамматикалық өрісі
2. 4. Белгілі мен белгісіздік мағыналарының тілдегі көрінісі …
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . .
Кіріспе
Қарастырылып отырған жұп сыңарлы категориялар семантика-грамматикалық негізі бар табиғаты күрделі тілдік құбылыстар. Зерттеу жұмысымыздың барысында семантика мен грамматикалық көрсеткіштерге аса бай жалқы-жалпы, жанды-жансыз, деректі-дерексіз, жақты-жақсыз, белгілі-белгісіз, көптік-жекелік грамматикалық категорияларының тілдегі орны, ғылыми негізі, тіл білімінде зерттелу деңгейі анықталды. Тіл білімінде мағына - тұлғалық жағынан қарама-қарсы қолданылып жүрген жұп ұғымдар ғылымның басқа да салаларының логика, философия, психология т. б. зерттеу объектілері болып отырғандығы байқалады. Зерттеу барысында аталған категориялар тілдің барлық деңгейлерінен орын алатындығы және өзара бірі-бірімен тығыз байланыста екендігі анықталды. Жалпы табиғи негізі шындық болмыс заттары мен құбылыстарына сәйкестенетін, адамның ой-санасынан белгілі бір қарым-қатынастар нәтижесінде туындайтын, жұпталған семантикалық категориялардың табиғатын тұтастықта аша түсу қажеттігі туындайды. Әрқашанда зерттеушілердің назарынан тыс қалмай үнемі қарастырылып отырғандығын байқауға болады. Бұл мәселе жөнінде жалпы тіл білімінде де, түркітануда да, қазақ тіл білімінде де арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ой-тұжырымдамалар кездеседі. Бірақ та жұп категориялардың мағынасы мен қызметіне енетін барлық мәселе жан-жақты қарастырылды, түгелдей шешімін тапты дей алмаймыз. Сол себепті оның тілдегі көп қырлы көрінісін қазіргі тіл білімінің даму деңгейіне сай ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу маңызды мәселе болып табылады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіл білімі саласында жұп болып қолданылатын тілдік категориялар алуан түрлі және олардың алатын орны да ерекше. Осы уақытқа дейінгі жалқы-жалпы, белгілі-белгісіз, жекеше-көпше, деректі-дерексіз, жанды-жансыз, жақты-жақсыз категорияларына байланысты зерттеулер бір жақты, грамматиканың дәстүрлі деңгейінде ғана сөз етілді. Қазақ тіл білімінде аталмыш категориялардың ішінен жанды-жансыз, жақты-жақсыз, белгілі-белгісіз, деректі-дерексіз, көпшенің жекешесі арнайы зерттеу нысанасы болған емес. Ғылыми грамматикаларда, кейбір оқулықтарда бұл мәселелерге екі-үш беттік мәліметтер берілген. Соңғы жылдары белгілі-белгісіз категориясын көне орыс тіл говорларының негізінде, сөйлем төңірегінде зерттеген ғалым З. К. Сабитованың алғаш «Категория определенности-неопределенности предложения» (1999) салыстырмалы-тарихи зерттеуі жарық көрді. Ал орыс тіл білімінде А. Г. Нарушевич 1996 жылы «Категория одушевленности - неодушевленности в свете теории поля» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Жоғарыда айтылған тілдегі олқылықтарды ескере отыра, зерттеу еңбегіміздің барысында зат есімдердің жұп құрайтын семантика-грамматикалық топтарының тіл танымдық мәртебесін толық түрде, жан-жақты қарастыру қажеттілігі туындайды. Өйткені күні бүгінге дейін сыңар жақты қарастырылып келген бұл грамматикалық категорияларды салыстыра отыра, жұп күйінде жүйелеп зерттеу бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне айналуы деп есептейміз. Жұп сыңарлылардың тіл жүйесіндегі рөлін, сөйлеу процесіндегі атқарар қызметін, тілдегі алуан түрлі көрсеткіштермен берілуін, тілдік өрісін, өзара тығыз байланысын, жалпы қасиеттері бойынша біріктіріліп, жеке белгілері бойынша ажыратылатын, сөйтіп, қарама-қарсылық негізінде жұп құрайтын категория тұрғысынан тану - зерттеу еңбегіміздің өзектілігін танытады деп есептейміз.
Зерттеудің мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты - жұп сыңарлы категориялардың табиғатын семантикалық парадигматика негізінде өзара салыстырып анықтау, әр сыңар мағынасының біртұтас семантика-грамматикалық категория болып танылуын белгілеу. Осы мақсатқа сай келесі міндеттер туындайды: а) тіл біліміндегі тілдік категориялар табиғатын сипаттау; ә) қарама-қарсылық ұғымының рөлі мен қызметін анықтау; б) қарама-қарсылық негізінде жұптасқан сөздер өрісін жүйелеу; в) жұп сыңарлы категориялардың зерттелуін анықтау; г) тілдегі “семантика -грамматикалық полярлар” түсінігіне ғылыми тұрғыдан сипаттама беру; ғ) денотат және сигнификат мағыналарының қарама-қарсылығын анықтау; д) тілдегі жалпы және жалқы мағынаның ішкі құрылымы мен берілу жолдарын жүйелеу; е) деректі және дерексіз мағынаның лексика-грамматикалық өрісін анықтау; ж) белгілі және белгісіз категорияның тілдегі көрінісіне шолу жасау;
Зерттеудің нысаны: Қазақ тілінің грамматикалық жүйесіндегі зат есімдер шеңберінен орын алатын жұп сыңарлы грамматикалық категорияларды жүйелеу, мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар өрісін анықтау - зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.
Зерттеу мәні: Зерттеу жұмысымыздағы жинақталған мәліметтер, семантиканың, грамматиканың мәселелері туралы ой-пікірлер, теориялық тұжырымдар қазақ тіл білімінің теориясын одан әрі толықтырып, жандандырып, тілдің дамуына қосымша үлес қосады, ғылыми-теориялық оқулықтар жазуға септігін тигізеді.
Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмысты жазу барысында баяндау, салыстыру, анализ-синтез, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары. Қажетті теориялық мәліметтер мен материалдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, К. Аханов, С. Аманжолов, М. Б. Балақаев, Р. Сыздықова, С. Исаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Т. Жанұзақов, Ә. Төлеуов, Ғ. Айдаров, М. Томанов, Ә. Болғанбаев, М. Серғалиев, Ә. Қайдаров, М. Оразов, А. А. Реформатский, О. Есперсен, Н. М. Шанский, С. И. Ожегов, В. А. Звегинцев, Р. А. Будагов, Н. Баскаков, О. С. Ахманова, және т. б. ғалымдар еңбектерінен алынды. Ал еңбекте қолданылған мысалдар әдеби көркем шығармалардан, көне түркі жазбалар тілінен, газет, журналдардан алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Диссертация тақырыбының мазмұнын ашу мақсатында келесі дереккөздерге сүйендік: логика, философиялық сөздіктер, лингвистикалық терминдер сөздігі, тіл білімінің энциклопедиялық сөздіктері, тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мақалалар, қазақ тілі грамматикасы.
Зерттеудің теориялық негіздемесіне философия, логика ғылымдарының жалпы теориялық қағидалары, жалпы тіл білімі, семантика, грамматика саласына қатысты жалпы ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде жұп сыңарлы категориялардың тіл жүйесіндегі орны, ғылыми негіздемесі, олардың семантикалық және грамматикалық ерекшеліктерінің теориялық тұрғыдан зерттелуі лингвистикалық семантикадағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осының негізінде зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми жаңалықтар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- грамматикалық категория негізін ұғымдық және семантикалық категориялар құрайтыны анықталды;
- сөз өрістеріндегі семантикалық заңдардың көрінісі дәлелденді;
- жұп сыңарлылардың зерттелу деңгейі анықталды;
- семантикалық және грамматикалық полярларға ғылыми сипаттама берілді;
- мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар өрісі анықталды.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- оппозиция түрлерінің тілдегі сөздер өрісінен көрініс табатыны дәлелденді;
- жалпы құбылыстар арасындағы қарама-қарсылық анықталды;
- жалқы және жалпы, жанды мен жансыз, деректі мен дерексіз, жақты мен жақсыз, жекеше мен көпше, белгілі және белгісіз ұғымдарының шындық болмыстағы орны, жұп сыңарлылардың табиғаты анықталды;
- тілдік таңбаның заттық-ұғымдық мазмұны қарама-қарсылық негізде жұмсалады; қарама-қарсылықтағы денотат пен сигнификат объектив дүниедегі заттарды жалпылығы немесе жалқылығы, нақтылығы я абстрактілігі, белгілігі я белгісіздігі бойынша ажыратуға негіз болады;
- сөздердің лексикалық мағынасы құрамына еніп, сөздерді белгілі бір топтарға топтастырып тұратын, жинақтаушылық қасиеті бар мағынаны жалпы мағына деп, сол топтағы жеке сөздердің әрқайсысына тән, ажыратушылық қасиетке ие мағынаны жалқы мағына деп анықтадық;
- деректі және дерексіз мағынаның тілдегі өрісі анықталды;
- белгілік пен белгісіздік мағыналарының ядролық өрісі жалқы және жалпы есімдер, ойдың айтылу шеңберіне қатысты тема және ремалық құбылыстар, дейктикалық сөздер, тілдің синтаксистік бірлігі - сөйлем шеңберінен анықталса, перифериялық өрісіне поссесивтілік пен күшейткіш-шектеулік және сұраулық демеуліктері жатқызылатыны дәлелденді;
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Жұмыстың негізгі мазмұны «Білім беру және психологиялық ғылым: дамудың қазіргі деңгейі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (2003ж. 24 маусым, Көкшетау), “Жоғары білімнің дамуындағы өзекті мәселелер” атты жоғары оқу орындарының арасындағы 3 ғылыми-практикалық конференцияда (2002 ж. 10 сәуір, Көкшетау) көпшілік ғалымдар арасында талқыға түсті. Диссертациялық жұмыстың негізгі өзегі бойынша республикалық ғылыми басылымдар мен арнайы жинақтарда 7 мақала жарық көрді. Диссертациялық жұмыстың теориялық мәселелері, ғылыми тұжырымдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында талқыланды.
«Қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы жұп сыңарлы грамматикалық категориялар орны» деп аталатын I тараудың «Тілдік категория ұғымына түсініктеме » атты тараушасы бойынша тұжырым. Сонымен, тілдегі жалпы ұғымдар туралы ой-пікірлерді, шолуларды зерделей отыра, адам санасында объективтік шындықты бейнелеп, материалды дүние құбылыстарының жалпы және негізгі қасиеттері мен қатынастарын топшылайтын, таным мен ойлаудың ең жалпы түрлерін, ғылымның қалыптасуы мен дамуының жалпы шарттарын білдіретін ұғымдарды категория деп есептейміз. Бұл жалпы ұғымына сәйкес. Жалпылық мағынаны білдіруші материя, қозғалыс, кеңістік, себептілік - бұл философиялық категориялар басқа, жеке ғылымдардың дамуына негіз болушы ұғымдар. Бұлар табиғат пен қоғам құбылыстарының барлығына тән белгі мен қатынастарды бейнелейді. Ал жеке ғылым категориялары объективті дүниенің жеке қырларын, дүние бөлшектерін бейнелеуші жалқы ұғымдар. Жеке ғылым санатындағы тілдік категория деп, жалпы қасиетке ие болатын тілдік элементтің кез келген тобын атаймыз. Тілдегі алуан қырлы категориялар шындық болмыста бар, дерексізденген, жалпылама, тілден тыс категорияға, ұғымдық категорияға негізделеді деген қорытындыға келеміз. Ұғымдық категориялармен белгілі қоғамдық ортада қолданылатын сол тілдегі ұғымдар беріледі. Бұл ұғымдар тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысында көрініс табады. Ұғымдық категориялар синтаксистік немесе морфологиялық нысандарымен көрініп, грамматикалық ұғымға ұласып, грамматикалық категорияға ауысады. Бұл жерде ескере кететін бір жәйт, ұғымдық және семантикалық категория логикалық мазмұны бойынша бір-біріне ұқсас, себебі семантикалық категория тілден тыс шындыққа жақын. Ұғымдық категорияны бірден бір жүзеге асырушы категория деп есептейміз.
Аса абстракты және логикалы дербес категориялар болып есептелетін зат, белгі, болмыс, қатынас, қимыл, қалып, сан, сапа, кеңістік, уақыт т. с. с. семантикалық категориялар ең жалпы ұғымдармен сәйкес келеді. Семантикалық категориялардың көріну тәсілдері әр қилы, олар лексикалық та тәсілдермен, сонымен қатар грамматиканың ашық және жасырын нысандарымен берілетін, ұғымдық негізі бар абстракты мазмұнды категория деген тұжырым шығарамыз.
Тілдегі категориялар бір-бірімен әрқашан байланыста болады. Жалпы сипатқа ие негізгі ұғымдардың бірі болып саналатын грамматикалық категория семантикалық және ұғымдық категориялар арқылы көрініс табады немесе семантикалық және ұғымдық категориялар тілде грамматикалық көрсеткіштер көмегімен жасалады. Жалпы грамматикалық категориялар өз ішінен жалқы грамматикалық категорияларға сараланса, жалқы категориялар жинақталып, жалпы категорияларға ұласуын байқаймыз.
«Қарама-қарсылыққа құрылған жұп сөздердің тілдегі өрісі» атты тарауша бойынша тұжырым. Тілдегі жалпы я жалқы категориялар объективті шындық өмірге қатыстылығымен, объективті өмірде бейнеленетін объектілерімен ерекшеленеді де, бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы жалпы мен жалқының ерекшеліктерін анықтау үшін оппозиция тәсілін қолданудың маңызы зор екендігіне көзіміз жетті. Оппозиция - екі немесе бірнеше бірыңғай тілдік бірліктер арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты ажырату тәсілі. Демек, тілдегі қарама-қарсылық қызметін, өрісін зерттей отыра, оппозиция негізінде жүйеленген сөздер тобының тілдегі көрінісін келесі тілдік құбылыстар бойынан аңғарамыз. Қарама-қарсылықтағы сөздер болсын, жалпы тілдік ұғымдар болсын мағыналық - тұлғалық тұтастық құрап, жұп болып қолданылуы келесі тілдік құбылыстар деңгейінен анықталды:
- сөздің ішкі қарама-қарсы мағыналарын білдіретін құбылыс, яғни энантиосемия шеңберіндегі сөздердің жұпталуы;
- сөздің қарама-қарсы мағынада қолданылып, антонимдік жұп құрауы;
- салыстырмалы белгілері бойынша синонимдердің бір-бірімен оппозицияда жұмсалуы, сөздерді жұп қолданысқа әкеледі;
- сөздер және синонимдік тіркестер арасындағы оппозиция формальды, семантикалық белгілері бойынша жүзеге асырылады;
- тәуелділік категориясының оппозициясы;
- мағыналық-тұлғалық белгілері бойынша қарама-қарсылыққа құрылған етіс түрлерінің жұп құрауы;
- қимылдың реальді және ирреальді ұғымдарының жұпталуы.
«Семантикалық және грамматикалық полярлар» түсінігінің ғылыми сипаттамасы атты тараушамызды қорытындылайтын болсақ, тілдегі семантика мен грамматикалық белгілері бойынша полярлы, жұптасқан тілдік ұғымдар шындық болмыста да орын алғандығына көзіміз жетті. Ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың екі жақтылығы, яғни полярлығы, оларға тән белгілер мен қасиеттердің жалқы мен жалпы, жекеше я көп, жанды немесе жансыз, белгілі я белгісіз, деректі не дерексіз, жақты не жақсыз болып келуі шындық. Бұлардың адам санасында бейнеленіп, сәйкес ұғымға айналып, тілден көрініс табатындығы да белгілі. Бұл ұғымдар объективті заттар мен іс-әрекеттерді бейнелеуші семаларына байланысты және тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдермен жасалуына байланысты тілде де, шындықта да оппозициялы түсініктер болып келеді.
Осы жұп түсініктерді саралап шығатын болсақ, белгілі бір затты арнайы, даралай атау, көп заттың ішінен бір затты ерекше ажыратып атау жалқы есім тудырса, бірыңғай көп затты жинақтап, жалпылап атау жалпы есімді тудырады. Жалқы есімде нақты затпен ара-қатынас негізгі тірек болса, ал жалпы есім мен ұғым арасындағы байланыс тікелей жүзеге асады. Жалқы есімдердің мағыналары денотат жөніндегі информациядан туындайды, оның өзгешелігі сөйлеу фактісінде білінеді.
Жанды есімдерге тек қана жыныс ерекшелігін білдіретін, адамға қатысты кім? сұрауына жауап беретін ұғымдар енсе, жансыз есімдерге адамнан басқа зат атаулары, не? сұрауына жауап беретін ұғымдар жатқызылады.
Жанды заттың (адамның) қимылымен байланысты ұғым жақты ұғымның пайда болуына әкелсе, әрекеттенуші адаммен ешбір байланысқа түспейтін, жансыз заттармен байланысты, өмірде, табиғатта өздігінен болатын құбылыстарға тән ерекшелік - жақсыз ұғымын береді. Демек, жақты ұғым - субъектілі, жақсыз ұғым - субъектісіз.
Адамның көз алдында тұрған жақсы таныс нәрсе, зат я болып жатқан құбылыс, объект өзінің атымен аталып, заттың белгі, сапалық қасиеттері ерекше айтылса, зат белгілі болу ақиқат, ал объектив дүниедегі зат, құбылыс, іс-қимыл нақтыланбай жалпы түрде, бірінші рет айтылса, заттар, объектілер адамға таныс емес болса, олардың ерекше қасиеттері жөнінде айтылмай, ұғым жалпыланып берілсе, адам түйсігіндегі ұғым белгісіз болады.
Зат кеңістікте, мезгілде сан жағынан біреу ғана болса, жекеше болғаны, сан жағынан көп болса көпше болғаны.
Сезім мүшелері арқылы танып білінетін нақты зат деректі ұғымды берсе, ал адамның түйсігі арқылы қабылданатын, нақты заттық дерегі жоқ ұғымдар дерексіз деп аталады. Ұғымдар заттар мен нәрселерді белгілесе деректі болғаны, ал заттардың қасиет, сапасын бейнелесе дерексіз болады.
Мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктері бойынша қарама-қарсы қойылған бұл ұғымдар лингвистика ғылымында ғана емес, сонымен қатар философия мен логика ғылымдарында да (жалқы-жалпы, деректі-дерексіз, жекеше-көпше, белгілі-белгісіз) орын алатын сан қырлы түсініктер екендігі анықталды. Біздің зерттеу объектіміз болып отырған жұп ұғымдардың бұл ғылымдардағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Философия ѓылымындаѓы бµлек деп ќарастырылатын (зат, ќ±былыс) ерекше белгілерімен жекеленіп, тілде басќа заттардан ажыратушы белгісі бар жалќы есімдер тобымен т‰йісіп ќалып отырѓанымен, єрқайсысы єр т‰рлі ѓылымдардыњ µзіндік ж±п ќ±райтын категориялары. Философиядаѓы бµлек жекеше мен кµпшеніњ, жалпыныњ бірлігінен т±рса, тілдегі жекеше - кµпше, жалќы - жалпы зат есімдердіњ маѓыналыќ топтарына жатады. Таным процесінде де белгілі бір даму зањдылыѓы жекешеден кµпшеге, кµпшеден жалпыѓа µрлесе, тіл білімінде жекеше - кµпшеге, жалќы жалпыѓа ауысып жєне, керісінше, тілдік ќ±былыстар байќалады. Тіліміздегі жалпы есімдердіњ жалќы есімге ауысу ќ±былысы, єсіресе, антропонимдер мен топонимдерден айќын кµрінеді. Жалќы есімдердіњ жалпы есімге ауысуына орай сµз маѓынасы т‰рленеді. Єсіресе жалпы есімге ауысќан кµркем єдебиет кейіпкерлерініњ саны тілімізде кµп - аќ. Мысалы, Мырќымбай (кім болса сол), Ќожанасыр (алањѓасар), Кµсе (ќу) . Логика ѓылымындаѓы жеке жєне жалпы атаулар тілдік жалќы жєне жалпы есімдермєн маѓынасы жаѓынан, екеуініњ де ойлауѓа ќатыстылыѓынан да бір - бірімен ±ќсас. Б±л атаулар ќатарына логикадаѓы конкретті жєне абстракті ±ѓымдар жєне тіл біліміндегі конкретті - абстракті есімдер категориялары да ќосылады. Адам санасында жоѓарыда аталѓан ±ѓымдар тіл арќылы кµрініс табатын болѓандыќтан, олардыњ тіл білімінде зерттелуі зањды. Зат пен ќ±былыс болмаѓан жерде немесе олардыњ ±ѓымы болмаѓан жерде, сµз де болмайды. Адам санасында шындыќ µмірдіњ бейнеленуі тілсіз іске асуы м‰мкін емес. Тіл мен ойлау бір - бірімен тыѓыз байланыста болады дегенде, тілдегі категориялар мен ойлау категорияларыныњ µз ара байланысы, арақатысы ескеріледі. Тілдегі сөз, логикалыќ категория - ±ѓыммен тыѓыз байланыста болса, сµйлем пайымдаумен тыѓыз байланыста болады. Жоѓарыда сµз болѓан ж±п сыњарлы тілдік жєне логикалыќ, философиялық категориялар тепе тењ болмаса да, біраќ µз ара байланысты екендігін кµреміз. Сµз кейде ±ѓымды ѓана емес, пайымдауды да білдіруі м‰мкін. Логика ѓылымында жеке (частное), жекеше (единичное), жалпы (общее), белгілі я белгісіз пайымдаулар µз ерекшеліктерімен ажыратылатыны жоѓарыда аныќталды. Логикадаѓы пайымдау т‰рлері тілдегі сµйлемдер арќылы берілетін ойлау формалары. Пайымдау мен сµйлемдердіњ ќ±рылысында негізгі м‰шелері сєйкес келгенімен, олардыњ бір - бірінен кейбір айырмашылыќтары да бар. Б±л µзінен µзі т‰сінікті, µйткені сµйлемніњ грамматикалыќ ќ±рылысы т‰рлі ±лт тілдерінде алуан т‰рлі болса, пайымдаудыњ логикалыќ ќ±рылысы барлыќ халыќтарда бірдей, ол жалпы халықќа тєн.
“ Мәселенің зерттелуі жайында ” деп аталатын зерттеу жұмысымыздың тараушасын тұжырымдайтын болсақ, жұп сыңарлылардың ішінен жалқы және жалпы зат есімдер жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде жалпы есімге қарағанда жалқы есім тобындағы адам атаулары арнайы және көп зерттелген.
Зат есімдерді екі класқа бөлу қарақалпақ тілін зерттеген ғалым Н. А. Баскаковтың “Каракалпакский язык” еңбегінде кездеседі. К. М. Мусаев та “Грамматика караимского языка” деген зерттеуінде зат есімді мағыналық жағынан талдап кеткен. Зат есім сөзжасамдық тұрғыда Г. Садвакасовтың “Қазіргі ұйғыр тіліндегі зат есімдердің сөз жасауы” атты еңбегінде талданған. Адамның жас ерекшеліктеріне байланысты атаулар М. Д. Нарзиеваның “Семантическая структура имен существительных возрастной характеристики лица в узбекском языке” еңбегінде талданды. Сондай-ақ түркітануда адам есімдерінің арнайы зерттеу нысанасына айналуына А. Г. Шайхуловтың түркі тектес татар және башқұрт кісі есімдері жайлы жазған еңбегі, О. Т. Сайымбетовтың “Состав и структура каракалпакских личных имен” зерттеулері дәлел.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz