Қазақcтандағы Гулаг жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Қазақcтандағы Гулаг жүйесі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. Қазақстанның лагерлер өлкесіне айналуы

1.1. 20-50 жылдардағы қоғамдық – саяси
өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2. Қазақстанда орналасқан
лагерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІ Тарау. Саяси қуғын – сүргіннің кезеңдері

1. . 20 жылдардағы бай-кулактарды кәмпескелеу деген желеумен
жүргізілген
репрессиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..34

2. . 30 жылдардағы ұлттық интеллигенцияның жапа
шегуі ... ... ... ... ... ... 39

3. . 40-50 жылдардағы репрессиялар
құрбандары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

Қосымшалар

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда ХХ ғасырдағы Қазақстан
тарихының беттері қайтадан жазылуда. 70 жылдан астам уақыт өмір сүрген
кеңес үкіметінің кейбір фактілері интерпретацияланып, ал оның негізгі
бөлімдері ғалымдардың көңілінен тыс қалды.
Қазан революциясынан кейін халықтың мәдениетін көтеруде, әсіресе
ағартушылық салада, халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасты. Бері келе
тоталитаризмнің идеялық саясаты қазақ жерінің тарихын, негізгі тарихы болып
келген КСРО – ның тарихының қосымша құралы ретінде оқытып, санамыздан ата –
бабаларымыздың мәдени – рухани тарихын мүлдем өшіруге тырысты. Ал, ол үшін
ең алдымен, халықтың бет тұтарлары болып табылатын зиялыларымыздың санын
жоюды мақсат етті. Елі үшін, халқы үшін қызмет еткен қазақ зиялыларының өз
халқының тәуелсіздігін қалай алу керектігін ойлап, сол үшін күреске түсіп,
халық жауы аталып, өмірден қыршын кеткен зиялыларымыздың Республикада
болып жатқан оқиғалардан шет жүрмеуінің өзі Сталиндік зұламат за анның
бұғауына қарсы күрескенін көрсетеді. Дегенмен де, қазақ халқының тағдырында
кеңестік үкіметтің тәлкегін тарту тарихи тағлым болып жазылды...
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар
біздің ғасырдың 20 – 30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла
бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті. Сталиннің бұғауына қарсы
Қазақстанның Қазақстанның шартарынба ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ
күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір
бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті.
Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ
өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп,
тәуекелге бел буғызды... [1].
Қазақстандағы лагерьлер жүйесі ХХ ғасырдың ең зұлым да қайғылы
кезеңдерді қамтиды. Қызыл империяның дәуірі қазақ халқына оңай тимеді. Ел
аман, жұрт тынышта екі дүркін аштық болды. Арыстарымыз қырып-жойылды.
Қуғынға түсті. Қазақ жері НКВД лагеріне айналды: Карлаг, Степлаг, оның
толып жатқан нүктелері. Халық жауларының әйелдері де жазықсыз сотталып,
АЛЖИР - ге жіберілді. Келімсектер, еріксіз жер аударылғандар қаптады.
Ұлттық ар-намыс аяққа басылды. Ата дінінен, ана тілінен айырылуға шақ
қалдық... Мұндай зұлымдықты айта берсең,жүрегің қан жылайды. Бұған кінәлі
жалғыз Сталин бе? Мұндай зорлық-зомбылыққа нег жол берілді? Оның заңды
негіздері болды ма? Бола қалса, қалай жүзеге асырылды? Бұйрық бергендер,
төрелік айтқандар, оны орындағандар кімдер еді? Олардың кейінгі тағдырынан
не хабарымыз бар?
Сұрақ көп, жауап аз. Әйтсе де, осы мәселе төңірегінде ой-пікір
өрбітіп, қолға түскен кейбір деректерді ортаға салып, талқылау мәселесі ең
өзекті мәселе болып табылады.
Сталиндік қуғын-сүргін деп тарихқа енген 1937 жылғы нәубетке 71
жыл болып қалыпты. Дей тұрсақ та, халықты жаппай қырып – жою одан
әлдеқайда ерте басталған. Бұған кезінде кім назар аударды дейсіз. Байтақ
елге керемет үрей әкелген, жан түршігерлік зұлымдықты бастаған дүниежүзі
пролетариатының көсемі Лениннің өзі болатын. Күн көсемнің басқа қызметінде
шаруамыз жоқ, ал жазалау саясатын жүргізудегі рөлін ерекше атап айтуға
тұрарлық. Өйткені қызыл қырғын оның көзі тірісінде басталып, тікелей
басшылығымен жүзеге асырылды. Бұл тарихи факт.
Большевиктер жазалау шараларын өздерінің кібіртіктеп, істері алға
баспай жатқан бағыттарында, елді қорқытып-үркіту, еріксіз ырқына көндіру
үшін біліп қойыңдар дегендей ескерту есебінде де кеңінен қолданды. Қырып-
жою ең алдымен революцияның тап жауларына бағытталды, оның құрамына ұсақ
буржазияшылдар, ұлтшылдар, партияда жоқтар, тоғышарлар, жексұрын
интеллигенттер, тағы басқалар кірді. Патша армиясында қызмет атқарған
офицерлер, большевиктік пиғылдан тыс элементтер тап жауы ретінде
құртылды. Киев большевиктердің бақылауында болған 1918 жылдың қаңтарында
орыс офицерлері он – ондап емес, 200-300-ден тарта тұрғызылып, пулеметпен
атылған. Бұл совет өкіметінің салтанатты шеруі деп аталған кезеңнен бір
ғана мысал.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен 1997жыл-
Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу жылы деп
жарияланды. Оған да он бір жыл өтті. Содан бері осы көкейтесті мәселе
төңірегінде газет-журналдар көп әңгіме қозғады, талай радио-телехабарлары
берілді, тарихи-танымдық еңбектер жеке кітап болып шығып жатыр. Көне
тарихымыздың қасіретті беттерінің бірі болғандықтан бұл тақырып алдағы
уақытта да ел назарын аудара беретіндігі сөзсіз.
Таптық қоғам жаратылғаннан бері адам баласы теңдікті, әділдікті,
бостандықты аңсап келеді. Ата – бабаларымыз қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын күнді аңыз етті. Ал бұл деген жан дүниесі мен табиғаттың
үйлесімі – гармония емес пе? Асан Қайғы жерұйықты іздеді. К.Маркс пен
Ф.Энгельс, міне, болашақ Жерұйықтың – социализмнің принциптерін негіздеп
Коммунистік манифесті жариялады.
Ұлы Қазан социалистік революциясының туында Бейбітшілік,
Бостандық, Теңдік, Жер, Әділдік сияқты гуманистік ұрандар жазылып
қана қойған жоқ, іс жүзіне асырыла бастады. Алайда, В.И.Ленин социализм
принциптерін қалыптастырып, ой-арманын бір ізге салып үлгермей кетті. Оның
мұрагері болып партия басшылығында қалған И.В.Сталин теорияда саяздық
көрсетті, іс жүзінде революциялық шыдамсыздыққа салынды, таққа, баққа талас
барысында білім емес білек жұмсады. Әділ ел ағасы, халық ағасы болу қолынан
келмей қара күшке айналады. Ұлы идея үшін сан ғасыр күрескен халық
белшесінен қанға малынды, Ленин ілімі бұрмаланып, социализм құру ісі
тығырыққа тірелді.
Ғалым Д.Волкогонов өзінің Даңқ пен қасірет деген еңбегінде
сталинизмнің құрбаны болып, 3,5 – 4 млн адам репрессияға ұшырады, оның 600-
650 мыңы атылды, - деп мәлімдейді. М.Р. Медведев болса, атылғандары бір млн-
нан астам, - деп жобалады. 1938 жылы 5 мамырды Правда газеті абақтыға
жабылғандар санын 5 миллионнан астам екедігі туралы ақпарат береді. Ал егер
сталиндік жалпылама террор 1940 жылы 1 сәуірде Ежовтың атылуымен аяқталды
деп санасақ, онда бұл фактілердің әлі де тек болжам екендігін байқауға
болады.
Патшалық Ресейде 1905-1912 жылы 6107 адам атылып, 1 217 672 адам
(қылмыскерлерді қоса есептегенде) түрмеде отырыпты.(Қараңыз: У.Шерович,
Смертные казни в России. Харьков, 1933, 42 б )
Ендеше, сталиндік жалпылама террор ғасырларда болмаған жауыздықпен
ұштасады. Сталинизмнің көрсеткен жапа, қайғы-мұңы тек 1937-1938 жылы
аяқталмайтынын айтпасақ та болады [2].
ГУЛАГ (главное управление исправительно-трудовых лагерей, трудовых
поселений и мест заключений ), Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер
аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас Басқармасы – КСРО –
да 1934 – 1956 жылдардағы айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық
еткен Ішкі істер халық комиссариатының (1946 жылдан Ішкі істер министрлігі)
бөлімі. Қарамағында 53 лагерь болды. Оның 20-дан астамы Қазақстан жерінде
орналасқан. Олардың ішінде Карлаг пен Степлаг ең ірі лагерьлер қатарына
жатады. АЛЖИР Карлагтың 26-бөлімшесі ретінде ашылды. 1939 жылы ГУЛАГ
лагерінде өз жазасын өтеушілер 1 млн 317 мың 195 адам құраған. Осы
адамдардың 830 мыңы орыстар, 181 мыңы украиндар, 44 мыңы белорустар, 25
мыңы татарлар, 24 мыңы өзбектер, 20 мыңы еврейлер, 18 мыңы немістер, 17
мыңы қазақтар, 16 мыңы поляктар, 12 мыңы грузиндар, 11 мыңы армяндар, 9
мыңы түрікмендер, 5 мыңы башқұрттар, 4 мыңы тәжіктер, ал қалғандары 100 ден
астам ұлттардың өкілдері болған. Бұлардың басым көпшілігі халық жаулары
саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар еді. 1956 жылға дейін ГУЛАГ
лагерьлерінде 22 млн-ға жуық адам өз жазасын өтеген. Лагерьлерде адам
құқықтары аяқасты етілді. Тәртіп бұзушылар қатаң жазаланып отырды. ГУЛАГ
тұтқындары тегін жұмыс күші ретінде Солтүстік өңірлерді, Сібірді, Қиыр
Шығысты игеруге пайдаланды. 1941-1945 жылы олардың күшімен 640 зауыт жұмыс
істеді, 842 аэродром, 8 мың автомобиль жолы, көптеген долина, мартен
пештері т.б. салынды. Тұтқындар соғыстан кейін атом, сутегі, бомбаларын
шығаруға және оларды сынайтын орындарды жасау қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстандағы мәдени революцияның жүзеге
асырылу барысы, Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуының даму
ерекшеліктері, Республика мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын зерттеп жазуда
Кеңестік тарих ғылымының табысы айтарлықтай. Ал Қазақстан территорясындағы
лагерлер жүйесі, оның мақсат – міндеттері, сталиндік репрессия кезеңдері
туралы зерттеулер де жетерлік.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты Қазақстандағы
лагерлер жүйесі, сталиндік репрессиялаудың отыз жылдан артық уақытқа
созылып, оның зардаптары мен салдарларын сол кезде Республикада қалыптасқан
экономикалық, саяси мәдени – және әлеуметтік жағдайлармен байланыстырып,
жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан зерттей отырып, бағалау болып табылады.
Сондықтан біз лагерлер жүйесін қазақ халқының зардап шегушілер лагері
ретінде ашып көрсетуді мақсат еттік.
Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: ХХ ғасыр. Аталған уақыттың әлеуметтік
саяси өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де әр алуан қайшылығы
мол оқиғалардың қазақ қоғамына үлкен әсерін тигізбей қоймады, қазақ
халқының бетке ұстар интеллигенциядан бастап бұқара халыққа дейін зардап
шегу шеңберінің өлімге барып тірелуі қатты күйзелтеді.

1.1. 20-50 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір.

20 – жылдардағы қоғамдық саяси өмір әр алуан бағыт алып дамыды.
Өлкеде бұрын шашыраңқы болып, бір облыстық партия ұйымына біріккен
коммунистік күштердің жұмысы біртіндеп жолға қойылды.
Семей, Ақмола губерниялық партия комитеттерінің үгіт – насихат
бөлімдерінде неміс, латыш және поляк секциялары бар аз ұлттар бөлімшелері
жұмыс атқарды. 1924 жылы Ленин құрметіне партияға станокта еңбек ететін
жұмысшылар мен соқа ұстаған шаруаларды қабылдау қатаң бір партиялы режим
жағдайында партияны құрыштай берік топтастыра түсуге тиіс еді. Сол күндерде
партияға 7 944 адам, оның 2 000 – нан астамы қазақ өтті. Партия қатарына
алғандардың 90 пайыздан астамын өнеркәсіп жұмысшылары құрды. 1925 жылғы
ақпан айында Қырғыз облыстық комитеті - өлкелік партия комитеті, ал
облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы деп өзгертілді.
Жаңа экономикалық саясат жылдары ауыл коммунистерінің қалыптасу
процесімен тұтас келді. Социализмнің патриархалдық – феодалдық қатынастар
жүйесіне шабуыл жасауына қарай ауыл коммунистері есейіп, толыса түсті және
белсенділігі артты.
Өлкелік V партия конференциясынан кейін (1925 жылғы 1 желтоқсан)
ауыл коммунистерінің саны артты. Егер 1924 жылғы 1 қаңтарда шаруалардан
қабылданған партия мүшелері мен кандидаттарының саны 7 282 адам болса, 1927
жылғы 1 қаңтарда 16 854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы
негізінен қалыптасып бітті.
Алайда партия қатарынан сан жағынан артуы бірте-бірте оның сапа
құрамының нашарлауына әкеп соқты. Өлкелік партия ұйымының ұсақ буржуазиялық
феодал – бай элементтерімен, кулактамен былығуы ол жүргізген саясатқа
салқынын тигізбей қоймады. Ұсақ буржуазиялық психология аймақтық
көсемшілдіктің пайда болуы мен белең алуына таптық негізін орнықтырды.
Тәрбие жұмысы жүргізілмеген жағдайда ауыл коммунистері өз арасынан
феодалдық – отарлық мемлекеттік аппараттың артықшылықтары мен дәстүрін
бойына сіңірген шолақ белсенділерді өсіріп шығарды.Партия жұмысының барлық
буындарына әміршілдік - әкімшілдік жұмыс әдісі енгізілді. Ешқандай жария
оппозиция болмаған жағдайда Голощекин көсемнің жеке басына табыну,
төрешілдік, өкіметтің бетімен кетуі орын алды.
Партия қатарының өсуімен бірге жасөспірімдер қозғалысы өріс алды.
1921 жылғы шілде айында Орынборда комсомолдың Қазақстан облыстық 1-ші съезі
болып өтті. Көшпенді кедей қазақтың баласы Ғани Мұратбаев (1902-1924)
Қазақстан мен Түркістанда талантты комсомол ұйымдастырушысы болды. Ол
Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ авт.) бюросының тұңғыш
төрағасы болып сайланды. Өмірінің соңғы жылдарында ол Коммунистік жастар
интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
Ғанидың жарқын да жалынды өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді.
Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және
басқалар жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды.
1921 жылғы 1 қаңтарда КОБОС – тың қазан облыстық бюросы
ұйымдастырылды. Сол жылғы қазан айында кәсіподақтардың республикалық
бірінші конференциясы болып өтті. Кәсіподақтар жұмысшыларды сақтандыруға,
сауатсыздықты жоюға, сенбіліктер ұйымдастыруға, одақ мүшелігіне қазақ
пролетариатын тартуға, жұмысшы табының ұлттық отрядын қалыптастыруға өз
үлестерін қосты.
Өлкенің ұлан – байтақ даласында Кеңес үкіметі барынша нығая түсті.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Кеңестерді қайта сайлаудың тәртібін,
Қазақстан Кеңестерінің съезін шақыруды белгіледі. Селолық, ауылдық және
қалалық Кеңестер депутаттарының алты айлық өкілеттік мерзімі белгіленді.
Атқару комитеттері (болыстық, уездік және губерниялық) – 6 ай, Қазақстан
Орталық Атқару Комитеті – бір жыл мерзімге сайланды. Қанаушы элементтер деп
қарастырылған феодалдар, билер, имамдар, ишандар, хазіреттер, муфтилер,
мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері (қазилар, мұхтасибтер, бақсы-
тәуіптер) сайлауға қатысудан шеттетілді. Кеңес өкіметінің нығаюына
байланысты, егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары кеңес
өкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысса, оларға да
сайлау құқығы берілді. Сайлау барысында рулық сарқыншақтарға, рулық және
таптық бой көрсетулерге, бай – феодалдардың патриархалдық – феодалдық
қатынастардың қалдықтарын, қазақ кедейлерінің таптық – саяси
толыспағандығын пайдалану әрекетіне қарсы күрес жүріп жатты.
Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу
Декрет кеңінен насихатталды.
Бүкілқазақстандық V РКП(б) конференциясы (1925 жылғы желтоқсан)
ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, өкімет органдары ретінде ауылдық
кеңестерді нығайту, олардағы бай, жартылай феодалдардың зорлық – зомбылығын
жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі.
Әйелдер қозғалысы кеңінен дамыды. Әйелдер қозғалысының көрнекті
қайраткерлері Н.Құлжанованың, Н. Арықованың, А.Оразбаеваның, Ш.Иманбаеваның
және басқаларының қазақ әйелдерін кұңдіктен құтқаруға қосқан үлесі зор.
Кеңестер Кеңес өкіметін бұрын езіліп келген ұлттардың ең қалың
бұқарасымен жақындату, оларды мемлекетті басқару ісіне тарту саясатын
жүзеге асырып, еңбекшілердің мемелекеттік аппаратқа
сенбестігініңқалдықтарын сейілтуді, халықтардың туысқандық қатынастарын
нығайтуды мақсат етіп қойды.
Жергілікті өкімет органдарына көмек көрсету, Бүкілодақтық Орталық
Атқару комитеті, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті декреттерінің орныдалуын
тексеру, насихат пен үгітжүргізу мақстында кешенді экспедициялар – Қызыл
керуендер ұйымдастырылды. 1922 жылдың көктемінде Ә.Т.Жангелдин бастаған
Қызыл керуен Орынбордан Орск, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл,
Павлодар, Қарқаралы арқылы Семейге дейін көп жерді аралап өтті. Ол 25 қазақ
болыстарының ауылдарын, Спасск заводын, Екібастұз кен орындарын зерттеп,
126 митинг өткізді, 25 пұттан астам әдебиет таратып, Кеңес өкіметінің
декреттерін насихаттады, Коммунистік партияның ұлт саясатын түсіндірді. Сол
жылы Семей губерниялық партия комитеті Қызыл керуен ұйымдастырды.
Ауылдарда қызыл отаулар ағарту жұмыстарының орталықтарына айналды.
Қоғамдық ұйымдар кәсіподақ қозғалысы, шығыстың қызыл жастары
апталықтарын, Қызыл казарма күнін, Коминтерн апталықтарын өткізуді кеңінен
қолданды.
1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі
Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы декрет
қабылдады. Декретте ҚазАКСР заңдарын, губерниялық ұйымдардың нормативтік
актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді, уездік мекемелерге
төменгі мекемелермен хат – хабар алысуды бұл мекемелердің қай тілде хат –
хабар алысатына байланысты орыс және қазақ тілдерінде жүргізу міндеттелді.
1923 жылғы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Қырғыз (қазақ –
авт.) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декрет қабылдады.
Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу қиындықпен өтті. Республиканың
кейбір аудандарының орыс қызметкерлері арасында орыстарды болашақта
Қазақстаннан қуып шығады-мыс деген арандатушылық лақап таралды.
Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесінің 1927 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен қазақ уездік, округтік
мекемелерінде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу, аралас уездердің
мекемелерінде 1928 жылдың 1 қаңтарына қарай қазақ және орыс тілдерінде
қосарлас іс жүргізуді енгізу жөнінде шаралар белгіленді.
1928 жылы жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика бес
буынды (ауыл, село-болыс-уезд-округ-орталық) басқару жүйесінен төрт буынды
(ауыл, село-аудан-округ-орталық) басқару жүйесіне көшті. Бұрын болып келген
1 автономиялы облыстың, 6 губернияның, 2 округтің, 32 уездің және 410
болыстың орнына республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ пен 192 ауданға
(соның ішінде 113 (49,1%) қазақ, 3 қарақалпақ, 5 өзбек, 2 ұйғыр, 4 орыс –
казак, 47 (24,4%) орыс – украин, 13 (6,7%) аралас аудандарға бөлінді.
Жаңадан аудандастыру кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай
түсуіне, оларды кеңестік құрылысқа тартуға жәрдемдесті. Ақырында, онда
ұлттық – біртектес Кеңестерді сақтау мен бөлу, ұлтшылдық егестерді тоқтату,
рулық ауылдарды жойып, олардың орнына шаруашылық – территориялық Кеңестер
құру қажет екенін көрсетті. 3888 Кеңестен 2 199 немесе 56,7% - қазақ, 115 –
орыс – казак, 1 209 – орыс –украин (31%), 40 – неміс, 8 – түрікмен, 5 –
тәжік, 4 – дүнген және - 18 басқа ұлттар (татар, молдаван, болгар, эстон,
чуваш, мордва) Кеңестері бөлінді.
1929 жылы Қазақ АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді.
Халықтан шығып, күрес пен еңбек мектебінен өткен мамандар мен басшылар
кадрларды жаңа дүние құрылысын сынақтар мен қателіктер әдісімен үйренді.
Сонымен бірге қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф.Голощекин мен оның
төңірегіндегілер милитаристік басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды.
Функционерлердің партиялық – мемлекеттік машинасы жау бейнесін ойлап
тапты. Т.Рысқұловқа, С.Сейфуллинге, С.Меңдешевке, С:Сәдуақасовқа және басқа
да көптеген адамдарға ұлтшыл деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге
енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, тауар айналысын аяусыз жою,
идеологияның экономикадан басым болуы – осының бәрі казармалықсоциализм
негіздерінің орнығуына әкеп соқты. Халықты алдында ауыр сындар күтіп тұрды.
30 – жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады.
Жер, фабрикалар ман зауыттар, колхоздар мен совхоздар мемлекеттік
меншікке айналды. Бір жағынан, өндіріс құрал – жабдықтарына қоғамдық меншік
орнықты, екінші жағынан, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. Жұмысшы табы мен
шаруалардың жарияланған одағы шын мәнінде экономикалық негізден ада емес
еді. Елде 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық
орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ.
Республикалардың заң шығару инициативасы болмады, бұған одақтық халық
комиссариаты орталығының өктемдігі себепші болған еді. Социализм
тоталитарлық, казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе
түседі деген теориясы жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік
өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке
адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық
жауы қатарына жатқызылуы мүмкін еді.
Одақтық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын
қолдану (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау, КСРО – дан тыс
жерлерге қуып жіберу) үшін ерекше кеңес құрылды.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық – саяси жағдайдың
күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В.И.Лениннің ізбасарлары - И.Сталин мен
Л.Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін
тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен
жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің
жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің
тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын – сүргінінде өз көрінісін
тапты.
Халықтың есінде 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын – сүргінде ешбір
жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің ұлы бетбұрыс
кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың
негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады.
Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Соның салдарынан ең
алдымен азамат соғысының аяғына қарай кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп,
кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ
шығармашылық зиялылары зардап шекті. Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков,
Ж.Досмұхамбетов, Ә.Бөкейханов, және Алаш партиясының басқа да көптеген
көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылғы 4 сәуірде
Қазақ КСР ОГПУ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек
Аймауытовты атуға үкім шығарды. Мәскеудегі өнеркәсіп партиясына
жүргізілген процестен кейін іле – шала қызыл астананы салушылардың
қаскүнемдігі ашылды (Қызылорда, 1928). РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі
сессиясы талантты сәулетшілер мен инженерлер (П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор,
С.С.Баграков, М.Тынышбаев және басқалар) тобын сотқа тартып, тергеу
жұмыстарын жүргізді.
1937 - 1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес
өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А.Асылбеков, Ә.Әйтиев,
С.Арғыншиев, С.Меңдешов, Б.Алманов, Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, Ж.Сәдуақасов,
Н.Сырғабеков, С.Шәріпов, М.Жәнібековхалық жаулары деп жарияланды. Қазақстан
партия ұйымының көрнекті қайраткерлері О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов,
Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбетов, С.Сегізбаев, І.Қабылов, И.М.Беккер, С.Нұрпейісов,
Н.Нұрмақов, М.Тәтімоы, Қ.Тәштитов және басқа да көптеген адамдар сталиндік
жендеттердің қолынан қаза тапты.
Революция жеңістерін қолына қару алып қорғаған М.Масаншы, Т.Әлиев,
Құрманғалиев, С.Жақыпов және басқалар да социализм қайраткерлері арасынан
аластатылды. Тағдыр БКП(б) Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген
көптеген өкілдерін, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлерін: 1905 жылдан
партия мүшесі, кәсіби революционер В.Н.Андрониковты, 1917 жылдан партия
мүшесі Л.И.Мирзоянды, 1919 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы
К.Я.Рафальскийді, 1917 жылдан партия мүшесі В.Н.Манерсенді және басқа да
көптеген адамдарды да құтқармады.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов, жазаға ұшырап өлтірілді. Қазақстан
ғылымы елеулі шығынға ұшырады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы
А.Байтұрсынов, көрнекті тілщі ғалым профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарих
мектебінің негізін салушы С.Д.Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ
филиалы басшыларының бірі М.Төлепов және басқалар жазалау шараларының
құрбаны болды. Қазақстан картасында Карлаг (ерекше режимді Қарағанды
еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар
отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь – ЧСИР деп аталды, ол Алжир
(Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері – Акмолинский лагерь
жен изменников Родины) деген атаумен кеңінен мәлім. Э.Циолковскийдіңі
серігі әрі досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі
бірегей еңбектің авторы, ғалым А.Л.Чижевский; болашақтағы атақты
селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері В.С.Пустовойт;
радиациялық генетиканың болашақ негізін салушы Н.В.Тимофеев – Ресовский;
академик С.П. Королевтің серігі, жылу техникасы жөніндегі ірі маман
прфессор В.Л. Пржецлавский; Сәулет академиясының корреспондент – мүшесі
Т.М.Людвиг және басқа көптеген ғалымдар Карлагта ұзақ жылдар бойы қамауда
болып азап шекті.
Карлаг азабын бастан кешіргендер арасында Түрікмен КСР Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы Нәдірбай Айтақов, профессор Б.Н:Одинцов,
спортқа еңбек сіңірген шебер А.П.Безруков, қарт большевик П.С. Степенов
және басқа да көптеген адамдар болды.
Қарағанды облысының аумағында, негізінен алғанда Осакаров
ауданында 1931 жылы шамамен жиырма бес поселке – обсервация пайда болды.
Тек Жаңа Тихоновка мен Тришахтинскіге ғана 70 мыңдай адам әкелінді. Бұл
обсервацияларды бүкіл Волга бойынан, Пенза, Тамбов, Курск, Воронеж, Орел
облыстарынан, Харьков және Орныбор өңірінен кулак ретінде қуылғандар
кеңдей бастады. 1932 жылдың күзінде жазалау шараларына ұшыраған
кубаньдықтардың бірнеше эшелоны әкелді [3].
Көшіріп әкелінгендердің еңбек және тұрмыс
жағдайлары көп ретте Русьтегі крепостнойлық құқық кезіне ұқсайтын еді.
Индустрияны ұйымдастырушылар – К.В.Горбачев, Қарағанды көмір
тресінің басқарушысы Л.С.Троцкий, Балқаш мыс балқыту комбинатының директоры
В.И.Иванов, Текелі кеніштер басқармасының басқарушысы О.Жандосов, Ембі
мұнай тресі мен Ақтөбе мұнай тресінің басқарушысы В.Лаврентьев және т.б.
жазалау шараларына ұшырады.
Тарих шынайы имандылық қоғамының жеңісі, жалпы адамзаттық
қазыналардың басымдығы ғана адамзатты мұндай қылмыстардың қайталануынан
құтқара алады деп үйретеді. 90-жылдарда республикада 40 мыңдай адам ақталды
[4].
30 – 40 жылдар кезеңі мен 50 – жылдарда контрреволюциялық
қылмыскер туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес, ОГПУ
алқасы, үштіктер, ерекше кеңестер қарағаны анықталды. Артық – кемі жоқ
жүз бір мың қазақстандықтар Гулаг азабынан өтіп, жиырма жеті мыңнан
астамы атылды [5].
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясы
елді осылайша қайғы – қасіретке ұшыратты.
Конституцияда атап өтілгеніндей, Қазақ КСР – інің егеменді
құқықтары, республика халқының келісімінсіз өзгертуге болмайтын өз жері, өз
Конституциясы, өзінің жоғарғы заң шығарушы және атқарушы органдары, өз
елтаңбасы, жалауы, ән ұраны болды.
РКФСР құрамында Қазақ АКСР – і дамыған индустриялы – аграрлы
республикаға айналды. Мұндай секіріске республиканы, әсіресе оның өндіруші
өнеркәсіп салаларын жедел қарқынмен дамыту саясатының арқасында қол
жеткізілді.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың
халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп – тамырымен жоюдың қажеттігі
жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Қоғамдық сананы басқа бағытқа
бұрудың нәтижесінде бүкіл елде (оның ішінде Қазақстанда да) өткен бұқаралық
митингілерде халық сотталғандардың орындығына отырғызылған Н.И.Бухарин,
А.И.Рыков т.б. өлім жазасына кесуді талап ете бастады.
Осындай жағдайда И. В.Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын
оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата
талқандауды ұйғарды. Бұған 1937 – 1938 жылдары қуғынға ұшыраған ұлтшыл –
фашистер атанғандарға қарсы жүргізілген іс куә болды. Жалған айып
тағылғандардың қатарына 1931 – 1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына
байланысты аштық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін
қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар,
Преснов т.б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды
облысының Ә.Асылбеков, Н.Нұрсейітов, М.Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен
жүргізілген сот процесі халықтың жан – жақты талқылауына ұласты. Алайда
халық жауларының негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери
Алқасының мәжілістерінде, екілік пен үштік атанғандар мен НКВД – ның
ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты.
1920 – 1950 жылдардағы заңсыз қуғын – сүргіннің айнымас серігі –
мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын
жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын – сүргін
саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен
жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.
Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады.
Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің І тарауында
көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза
– ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды халық жауы деп жариялап,
азаматтық құқықтардан айыру,мемлекеттен қуу, дүние – мүліктерін тәркілеу,
қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен
қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған
айыптауларды әділ, жан – жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету
сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. 1919 жылғы 17 ақпанда БОАК-нің
Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы декретінің өзінде қарулы қарсылық
(контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға
тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған
ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген
айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың мойындауы ешқандай
дәлелдеусәз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті
таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне
қарсы үгіт – насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда
сондай – ақ азаматтарды ұлтшылдықпен, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы
республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық
ауытқушылықпен айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық
әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны,
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы
экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын
– сүргінге ұшыратылды.
Әлеуметтік тапсырыс беру мемлекеттік қуғындау - жазалау
органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі
ұлғайып, тасқынды сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз
бастасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД
өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын – сүргінге ұшырауға
тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп
қалуға ұмтылушылықөтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар
бұл тізімді көбейтуді ұсынған өтініштер білдірді.
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай
жасалды (Карлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен
қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған
адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі
Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937 –
1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар – М.Жұмабаев,
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, көрнекті ғалымдар – А.Байтұрсынов,
С.Асфендияров, т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен
өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия
жағдайда жерленді.
50 – жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға
қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды.
Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа
шығарылды. Саяси қуғын – сүргін құрбандарын жаппай ақтау – 1920 – 1950
жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан
қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес
өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін құрбандарының жалпы саны,
ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да
нақты емес, өйткені 20 – 40 – жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың
тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр [6].

1.2. Қазақстанда орналасқан лагерлер.

Кеңестік жүйе орнай салысымен, саяси қудалау басталды.
Большевиктер өз саясатында адамдарды бағындыруды басты орынға қойды.
Коммунистер ХХ ғасырда адамдардың құқықтарын таптауға, қорлауға бағытталған
қаныпезерлік саясат қолданды. Олар барлық саясатын өз азаматтарына қарсы
жұмсады. Бұны кеңестіктердің биліккке келген алғашқы күндерінде қабылданған
заңдық актілерінен көруге болады.
1917 жылғы 19 желтоқсанда Революциялық трибунал туралы нұсқауда
алғаш рет халық жауы деген термин қолданылды [1]. Бұл большевиктер
революциясына қарсы адамдарды, яғни еркін ойлы, қоғамға адамзаттық
құндылықтар тұрғысынан қарайтын тұлғаларды өзіндік айыптаудың пайда
болуының бастамасы еді.
Кеңес заңдары бір күнде пайда болған жоқ. Революциялық трибунал
туралы нұсқаудан соң, 1918 жылғы 5 қыркүйекте қызыл террор туралы ХКК-нің
қаулысы жарық көрді. Онда концентрациялық лагерлер және ату жазасы
туралы айтылды [1,11]. Ал 1922 жылы РСФСР Қылмыстық кодексі мемелекеттік
қылмыс тарауына контреволюциялық қылмыстар туралы арнайы баптарды енгізді.
Мәселен, 58-бапты алайық. Онда былай делінеді: контреволюциялық мақсатта
қарулы көтерілістер немесе кеңес территориясына қарулы отрядпен немесе
бандылармен басып кіруді ұйымдастыру, сонымен бірге осы мақсатта
орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкіметті басып алу әрекеттері немесе
РСФСР-дан, оның қандай да болмасын территориясын күштеп тартып алу немесе
онымен келісілген келісімшарттрады бұзу – ату жазасына және барлық мүлкін
тәркілеуге болады, жұмсартылған жағдайда, барлық мүлкін тәркілеп бес жылдан
төмен емес мерзімде қатал оқшаулап, бас еркіндігінен айыруға дейін
төмендетіледі [1,22]. Міне осы бап Кеңес өкіметінің Қылмыстық кодексінің
басты бабына айналып, көптеген адамдардың тағдырын шешуші рөл атқарды. Бап
кеңестік жүйенің мәні мен мағынасын толық ашып берді. Осыдан кейін әртүрлі
жылдарда қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Бірақ басты бағыт Кеңес
өкіметіне қарсы жауларды анықтап, жазалау болып қала берді.
Кеңес өкіметінің бүкіл тарихы жауларды іздеу, табу, құрту, жою
мақсатына айналды. Әрбір азаматтан жау іздеді.
1930 жылы мамырда КСРО ХКК-нің қазақ еңбекпен түзеу лагерін құру
туралы (Қазатлаг) қаулысы қабылданды. 1931 жылы 15 қыркүйектегі ОГПУ
бұйрығына сай ОГПУ Қазақстан еңбекпен түзеу лагері Гигант совхозы
құрамына кірмейтін барлық бөлімшелерімен қоса жойылды. Гигант совхозы
тікелей ОГПУ ГУЛАГ-ына бағынатын жеке өз алдына Қарағанды еңбекпен түзеу
лагері болып қайта құрылды [2].
Қарағанды жеке еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) 1931 жылы 19
желтоқсанда құрылды, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 км жерде
Долинка селосында орналасты. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ
филиалы болды, ол Қазақстанның территориясында өзіндік ведомоство болып
табылды. 1938 жылдың басында Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің құрылымына
кіретін Ақмола арнайы бөлімшесі ашылды [3].
1930 жылдар мен 1950 жылдардың басындағы кеңестік күштеп еңбек ету
жүйесінің қалыптасуы мен күшеюі жаппай террор саясатының, яғни сталиндік
жүйенің құрылуы мен орнығуының маңызды қозғаушы күші болды. ГУЛАГ деп
аталатын белгілі аббревиатураға ат берген лагерлердің бас басқармасы 1930
жылы құрылған болатын, он жыл өткен соң өркендеген лагерлі-түрмелік жүйенің
бір бөлімшесіне айналды. Бұған қарамастан, ОГПУ-НКВД-МВД лагерлерінің бас
басқармасы бұл жүйенің символы болып қала берді, ал ГУЛАГ бюрократиялық сөз
құрылымы кеңестік өмір шындығының үлкен қабатын қамтитын саяси,
адамгершілік, ғылыми түсінікке айналды [4].
Енді ГУЛАГ жүйесінің бір бөлігі Отанын сатқандар әйелдерінің
Ақмола лагеріне тоқталатын болсақ, лагердің тарихына байланысты тарихи
деректер өте көп. Жарияланып жатыр, ашылмаған тұстар да өте көп. Осы
деректер тасқынынан мәселені ашу үшін үш дерек көзін таңдап алдық.
1. Заңдық актілер.
2. Мұрағат мәліметтері.
3. Естеліктер, мемуарлар.
Кеңес өкіметі орнай салысымен заңдар көптеп шыға бастады.
Большевиктер өз саясатын заңдастырып отыруды міндет қойды.
Заңсыз репрессиялардың серігі - мемлекеттің, оның органдарының
және лауазымды тұлғаларының адамдардың қарапайым құқықтарын жаппай бұзуы.
20 - 50 – жылдардағы кеңес тарихы осыны айқындайды. Репрессивті саясатты
жүзеге асыру барысында адамдардың құқықтарын бұзу жаппай сипат алды, олар
кеңес заңдық нормалары, нұсқаулары көптеген институттарымен бекітілді, бұл
оларға құқықтық дәйектілік пен заңдасу түрін берді [6].
Заңдар кез-келген қоғамның тарихы бойынша маңызды құжаттарға
жатады, өйткені мемлекеттің құқықтық негізін құрайды: ол мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдардың барлық күнделікті жұмысын бағыттайды және реттейді,
азаматтар мен ұйымдар арасындағы қарым – қатынастарды белгілі бір құқықтық
нормаға әкеледі. Заңдық актілер тарихи деректердің бір түрі болып табылады,
олар мемлекеттің құқықтық нормалары мен бағытын анықтап көрсетеді. Ішкі
және сыртқы саясаттағы зерттеу үшін ең негізгі деректердің көзі ретінде
бола алады. Заңдардың шығу тегін, мәтінін, мазмұнын тексеру бізге
мемлекеттік машинаның қандай шаралар жүргізгені туралы толық мәлімет бере
алады. Тарихи дерек болғандықтан, заңдық актілер тарихи оқиғалардың жемісі
екені даусыз. Кеңес өкіметі орнауының бастапқы кезінде жаулап алу деген
сөз тұрғандықтан, оның заңдары осы мақсатты орындаумен айналысты.
Заңдық актілер құқықтық құжат және тарихи дерек ретінде қатал
объективті талдауды қажет етеді. Тарихшыға құқықтық күшін жоғалтқан және
сақтаған актілермен жұмыс істеуге тура келеді [7].
Бұл заңдарды кеңестік тарихнамада тек қана демократиялық
ұстанымдарға негізделді деп көрсетті. Басты көрсетілген декреттер,
қаулылар, Конституциялар еді. Ал кеңестік тарихнамада революциялық
трибуналдық, қылмыстық кодекстер баптары талданды. Себебі олардан
мемелекеттің ішкі саясаты анық көрініп тұрды. Өкінішке орай, отандық
тарихнамада кеңестік заңдық актілер тарихи дерек ретінде аз зерттелген.
Отанын сатқандар жанұялары мүшелерін қудалау туралы алғаш рет
1934 жылғы 8 маусымдағы КСРО ОАК қаулысында айтылды. Онда қашып кеткен
әскери қызметшілердің барлық мүлкі тәркіленіп, жанұя мүшелері 5 жылдан 10
жылға дейін бас бостандығынан айырылады деп көрсетілді [1,83]. Алайда,
репрессияға ұшыраған жанұялар мүшелеріне қарсы бағытталған бұл шара тұңғыш
емес еді.
1930 жылғы 2 ақпанда Біріккен мемлекеттік саяси басқарудың (ОГПУ)
№ 4421 бұйрығы жарияланды. Онда олардың жанұялары туралы былай көрсетілді:
сотталғандар, крнцлагерьлерге қамалған немесе жоғары айыптау шарасына (ату)
тартылғандар жанұялары одақтық солтүстік аудандарына жаппай компанияда жер
аударылған кулактармен және олардың жанұяларымен, жанұядағы еңбекке
қабілеттілердің барлығы және осы жанұя мүшелерінің әлеуметтік қауіпсіздігі
дәрежесін ескере отырып, жер аударылуы қажет. Бұндай жанұялардың мүлкі жер
аударылған кулактар жанұялары сияқты тәртіппен тәркіленеді. Кулактар мен
оның жанұяларын жер аудару компаниясы бірінші кезекте КСРО – келесі
аудандарында жүргізіледі: УКСР, Солтүстік Кавказ және Дағыстан, Орталық
Волгалық өлке, Төменгі Волгалық өлке, Белоруссия, Сібір Орал, Қазақстан
[1,108-109].
Шын мәнінде, әйелдер мен балалардың ұсталуына 1937 жылғы 15
тамыздағы № 00486 Ішкі істер халық комиссарының жедел бұйрығы [1,83]
тікелей әсер етті. Бұйрықта осы бұйрықты алғаннан соң 1936 жылдың 1
тамызынан бастап бірінші және екінші категория бойынша әскери Алқа және
әскери трибуналда айыпталған оңшыл – троцкистік тыңшылдық – диверсиялық
ұйымдар мүшелері, отанын сатқандар әйелдерін репрессиялауға кірісіңдер деп
ашық айтылды. Бұл халық жаулары деп ұсталған азаматтардың әйелдері мен
жанұя мүшелеріне үлкен шабуыл еді. Сонымен қатар, бұйрықта мына құжаттардың
жиналуы талап етілді:
а) жанұяға нақтыланған жалпы анықтама, онда көрсетілді: жанұя басшысының
фамилиясы, аты және әкесінің аты, қандай қылмыс, қашан, кім және қандай
айыпқа тартылды; жанұя құрамының атаулы тізімі (сотталғанның қарауына
тұрған және онымен бірге тұрған барлық адамдарды қоса), жанұяның әр
мүшесіне нақты мәлімет, соталғанның әйеліне қаралаушы материалдар; 15
жастан жоғары балалардың әлеуметтік қауіптілік дәрежесіне қатысты
мінездеме; жанұяда өзінің физикалық жағдайына байланысты қарауды талап
ететін ата – аналар мен қарттар барлығы туралы мәліметтер;
б) 15 жастан жоғары әлеуметтік қауіпті және антикеңестік әрекетке қабілетті
балаларға жеке қысқаша анықтама;
в) 15 жасқа дейінгі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың
атаулы тізімі:
Анықтамаларды республикалардың Ішкі істер халық комиссарлары мен
өлкелер мен облыстар НКВД басқармалары басшылары қарастырылып, шешім
шығарды. Жинақталатын құжаттардан көріп тұрғанымыздай, жанұя мүшелері толық
тексерілген. Мәліметтердің нақтылығы соншалықты, ешкімнің құтылуы мүмкін
емес. № 00486 бұйрықта ұстаудың жүргізілуі, істі қарау және жазалау
шаралары, істі безендіру тәртібі, үкімнің орындалуын жүзеге асыру тәртібі,
сотталғандардың балаларын орналастыру және т.б. Бұйрық отанын
сатқандардың әйелдерін түрмелерге тоғытудың тетігіне айналды.
Мұрағат құжаттарын қарау, бір – бірімен салыстыру біздерге лагерде
болған адамдардың тағдырын анықтауға мүмкіндік береді. Құжат – адам қолымен
берілетін ақпаратты тәсіл арқылы уақыт пен кеңістікте берілетін ақпаратты
материалдық объект. Құжаттар арқылы нақты мәселелер анықталды.
Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері туралы үлкен деректер
тобына Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
құқықтық статистика және арнайы есеп Басқармасы құжаттарына сүйеніп
шығарылағн Узницы Алжира (список женщин – заключенных Акмолинского и
других отделений Карлага) [8] құжаттар жинақтарын алуға болады. Онда
аталған лагерде тұтқында болған 5380 әйелдің тізімі берілген. Оның 4546-ы
Отанын сатқандар жанұялары мүшелері ретінде, қалғандары басқа саяси
айыптау арқылы түскен.
Осы тізімдегі қазақ әйелдері туралы мәліметт төмендегідей. Тарихшы
А.Р. Кукушкинаның пікірінше, лагерде 93 (2%) қазақ әйел болған [9]. Шын
мәнініде, тізімде 87 қазақ әйелі бар. Бұған себеп, кейбір мұсылман
әйелдерін қазақ ұлтынан деп есептеп жібермеген. Олардың барлығы КСРО НКВД
Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандар жанұясы мүшелері (ЧСИР) ретінде
ұсталған. Басқа ұлттың өкілдері ішінде контрреволюциялық топтарға
қатысқаны, антикеңестік үгіт-насихат жүргізгені, мемлекеттік құпияны
жариялағаны, өндірісті бұзғаны, қаскүнемдік әрекеті, т.б. айыптаулар бар.
Ал қазақ әйелдері тек қана халық жаулары әйелдері болғаны үшін
жазаланған.
1934 жылы 5 қарашада КСРО ХКК және ОАК КСРО Ішкі істер халық
комиссариаты Ерекше Кеңесі [1] туралы қаулы қабылдады. Онда КСРО Ішкі істер
комиссариатына қоғамдық қауіпті деп мойындалатын тұлғаларға қолданатын
төмендегідей құқық берілдіеді:
а) НКВД бекіткен тізімдегі жерлерге жария қадағалауға 5 жылға дейін
мерзімге жер аудару;
б) КСРО өндіріс орталықтары мен ірі қалалары, астаналарында өмір сүруге
тыйым салып, жария қадағалауға 5 жылға дейін мерзімге жер аудару;
в) 5 жылға дейін мерзімге еңбекпен түзеу лагерлерге тұтқындап жіберу;
г) қоғамдық қауіпті болып табылатын шетелдік бодандарды КСРО-дан жер
аудару.
Міне, осы шараларды қолдану үшін КСРО НКВД төрағалығымен Ерекше
Кеңес құрылады, құрамында:
а) КСРО Ішкі істер Халық комиссарының орынбасары;
б) РСФСР бойынша КСРО Ішкі істер Халық комиссариаты өкілі;
в) Жұмысшы-шаруа милициясы Бас басқармасы бастығы;
г) іс пайда болған территориядағы одақтық республикалар ішкі істер халық
комиссары.
Көріп отырғанымыздай, ерекше Кеңес мүшелері – лауазымды адамдар.
Бұл – Кеңес өкіметінің саясатын жоғарыдан күштеп енгізіп отырғанын
көрсетеді. Ерекше Кеңес шешімінде әрбіп жеке тұлғаның еңбекпен түзеу
лагеріне тұтқындалуы және жер аударылуы туралы осы шараларды қолдану негізі
көрсетуі, сонымен қатар жер аудару немесе лагерге қамау мерзімі анықталуы
міндетті болып табылады.
Ерекше Кеңес әрбір тұлғаның жер аударылуы мен тұтқындалуына, яғни
тағдырын шешуде үлкен рөл атқарды. Қазақ әйелдерінің барлығы осы Ерекше
Кеңеспен сотталды, себебі олар отанын сатқандар әйелі деп айыпталды.
Отаныын сатқандар әйелдері 5 жылдан 8 жылға дейін сотталды. Екі
жылдан соң, яғни 1939 жылғы 20 тамызда Карлаг басқармасы бұйрық шығарды,
онда былай делінген: ...3. 5 жылға дейін сотталған мамандарды ауданда
мамандығы бойынша пайдалану керек, ал бес жылдан асса тек қана жалпы
қарауылданатын жұмыстарда пайдалану керек [10].
Әрбір отанын сатқандар әйеліне жеке есеп карточкасы жасалды.
Онда мынадай сұрақтар қойылған: аты-жөні, тегі, туған жері, жылы,
әлеуметтік тегі, ұлты, бодандығы, білімі, бұрынғы партиялығы, тұрғылықты
жері, мамандығы, не үшін сотталды, қашан басталды, қашан аяқталды, қашан
өзгерді, қашан және қай жерден келді және т.б.
Әйелдердің түрмедегі жағдайының ауырлығын мұрағат құжаттарынан
көруге болады. Мәскеуден ағылған сотталғандарды тиеген вагондар Ақмола
лагеріне сыймай жатты. Бұл туралы Карлаг басқармасы тікелей ГУЛАГ-қа
хабарлап отырды [11], осылайша ГУЛАГ-тағылар біліп отырды. Олар
сотталғандардың тұрмыстық жағдайларын, жылу берілмегендігін және тамақтану
жүйесінің нашарлығын жөндеу туралы баянхаттар жолдады [12]. Шын мәнінде,
Ақмола арнайы бөлімінің бір аптаға берілген тамақ мәзірінің жобасын
қарасақ, тек қана таңғы және түскі ас көрсетілген. Олар мынадай: дүйсенбі
күнгі таңғы ас – сәбіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cоғыcтaн кейінгі жылдaрдaғы Қaзaқcтaн (1946-1953). Қaзaқcтaн территорияcындa ядролық полигондaр құру. Әcкери-өндіріcтік бaзaны нығaйтудың бacтaуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ДIННIҢ АТҚАPАТЫН ҚЫЗМЕТI
Дiни қoзғaлыcтap мeн кулъттepдiң тapиxы мeн тapмaқтapы
Кеңес үкметінің 30-50 жылдардағы жазалау органдары
Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі
Кеңестік сот жүйесі
А. Солженыцин, Архипелаг ГУЛАГ кітабы туралы
Қазақстандағы лютеpандық шіpкеуінің қызметі
Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бақылау
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Пәндер