Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ
КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

ЖАҢАБЕРГЕНОВА АЯГӨЗ ҚОШАНҚЫЗЫ

Диплом жұмысы

Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу
оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры

050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытудың түрі: сыртқы бөлім

Ғылыми жетекші: п.ғ.к. профессор Жахина Б.Б.
Ғылыми сарапшы:Көкшетау қаласы №3 ОМ кешенінің
жоғары санатты мұғалімі Сүлейменова Ш.Қ.

Диплом жүмысының қорғауға
жіберілген күңі: хаттама
Кафедра менгерушісі: п.ғ.к. профессор Жахина Б.Б.
Қорғайтын күні:
Бағасы:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. ТАРАУ

ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

1.1. Оқытудың жаңа технологиясы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .6
1.2. Оқыту технологияларының
зерттелеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12

II. ТАРАУ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1. Сөздің мағыналық топтарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...
26

2.2. Дамыта оқу технологиясы арқылы сөздердің мағыналық
топтарын оқыту:
2.2.1. көпмағыналы сөздерді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 42
2.2.2. омонимдерді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
2.2.3. синонимдерді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
2.2.4. антонимдерді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 61
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі таңда бүгінгі мектеп алдында түрған басты міндет - XXI
ғасырда, яғни ғылыми - техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуірінде,
жаңа қоғамға лайықты жеке тұлғаны даярлау болып табылады. Сондай-ақ
мемлекеттік тіліміз - қазақ әдеби тіліне де үлкен міндеттер жүктелген.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылы 7 ақпандағы Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында: Тіл дамуын табысты жүзеге асырудын неғұрлым маңызды
шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттін құрамдас бөлігі болып
табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін
ұйымдастыруымен қамтамасыз ету болып табылады. Талап етілетін білім мен
дағдыны толық әрі терең игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы
тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек, -
делінген. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы - қазақ
тілінде және Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда
да, білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан
келгеннің бәрін істеу керек деген тұжырымдамалары да қазақ тілін оқыту
мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді талап етіп отыр.
Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу-ағартудың,
оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Ал оқу-ағарту жүйесі
-ұлттық мәдениет, ұлттық сананың рухани даму көрсеткіші. Сондықтан қазір
бұл саланың алдында дамудың ұлттық үлгісін жасау міндеті тұр.
Еліміздің егемендігін алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық
салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан
демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге
дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс,
жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім
беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас. жаңаша қарым-қатынас (жаңа
базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын
оқулықтарымен әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау
қалыптастыру.
Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік
дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардын жеке
басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.Білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет
пайда болуда. Осы орайда қазақ тілін жаңаша ізденістермен оқыту қажеттігі
туындайды.Қазіргі таңда алуан түрлі технологиялар пайда болуда. Қазақ тілі
пәнінің өмірдегі орны мен оған артылған міндеттерге байланысты мектепте
оқушыларды ізденімпаздыққа баулып, білімін тереңдету мақсатында дамыта
оқыту технологиясы ұсынылған болатын. Ендеше, дамыта оқыту технологиясының
мәні неде? Оны қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырудың тиімділігі қандай?
Осы сынды мәселелер төңірегінде сөз қозғау, айналып келгенде, тақырыптың
өзектілігі болмақ.

Тақырыптың зерттелу сипаты.

Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту - жаңа технологияларды ұтымды
қолданумен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта әдістеме ғылымы жаңару, даму
үстінде. Өмірімізге жаңа технологиялар дендеп енуде. Білім беру жүйесінің
мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың проблемалап оқыту (М.И.Махмутов),
программалап оқыту (Ю.А.Самарин., Т.А.Илина), саралап, жекелеп оқыту
(М.ЭУнтт.б.), дамыта оқыту (Ю.Б.Эльконин), ұжымдық оқыту (В.К.Дьяченко),
дистанциялық оқыту (Нұрғалиева Г.К. Жүсібалиева Д.М.) т.б. тәрізді түрлері
оқу процесінде қолданылып жүр. Адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты,
үйлесімді дамуын зерттеген оқытуда дамыта оқыту теориясын жетілдіруде үлес
қосқан ғалымдар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин, т.б. болды. Дамыта оқыту технологиясының авторлары
-Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының
белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Белонский бүған индивидтің
абстрактіден нақтыға және, керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай
қозғалыс қабілетін жатқызса, Д.Н.Богоявленский және
Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімді жоғары үлгерімге
жетуді, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жана мысалдар
құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, окиға. құбылысқа
дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты: Сөздің лексика-семантикалық топтарын тереңдете оқыту. Осы
мақсатты орындау барысында мынадай міндеттер алға қойылды:
-дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың ара жігін ажырату;
-қазақ тілі сабақтарында дамыта оқытудың ерекшелігіне көңіл бөлу;
-лексика-семантикалық топтарын меңгерту, дамыта оқытуға арналған жаттығулар
құрастыру.

Диплом жұмысының құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу сипаты, мақсаты мен міндеттері
туралы айтылды.
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының
дидактикалық тұғыры атты бірінші тарау Оқытудың мазмұның жетілдіру
жолдары және Қазақ тілінің лексикологиясының дамыта оқыту
технологиясы деген екі тараудан тұрады. Мұнда лексика-семантикалық
топтарын дамыта, тереңдете оқыту мәселелері сипатталады. Қорытынды бөлімде
қазақ тілі сабақтарында дамыта оқытудың нәтижелері тұжырымдалады.

I. ТАРАУ

1. Оқытудың жаңа технологиясы туралы түсінік.

Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер,
жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен
қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларга берілетін білім де, тәрбие де,
дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі
арқылы қалыптасады.Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу
педагог-мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.
Жеке тұлғаның калыптасуына бірден-бір әсер ететін қоршаған ортасы.
Кез-келген адам баласының дамуына, сана-сезімінің қалыптасуына әсер
тигізетін өзі өмір сүріп отырған қоғамы. Қоғамның дамуы, ғылым мен
техниканың өркендеп қанат жаюы жеке тұлғаның дамуына орасан зор әсер етеді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
тұжырымдамасында: "Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай
дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру - мұғалімнің мамандық
шеберлігінің басты белгісі - оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып
табылады,"- деп атап көрсетілген.
Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана,
жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін
педагогикалық талант болуы қажет пе? Жалпы алғанда педагогикалық істе де
басқа салалардағы сияқты талант сирек кездесетін нәрсе. Бірақ әр мұғалім өз
ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.
Балалар мұғалімнің әділдігін, ақылдылығын, білімділігін, уәдеге
беріктігін бағалайды. Шебер мұғалім мұны әрқашан да жадында ұстайды. Шебер
мұғалім алдындағы балаға өзінен кіші жай адам деп қарамай, өзіне тән мінез-
құлқы, сана-сезімі, тілек-талаптары бар жеке тұлға ретінде қарайды.
Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту - жаңа технологияларды
ұтымды қолданумен тығыз байланысты. Технология - шеберлік туралы ғылым
деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Педагогикалық технологиялар
энциклопедиясында Колеченко осындай анықтама береді: Педтехнология –
білімді бақылау және қалыптастыру, білім мен дағдыларын, қарым-қатынасын
ұйымдастырып, қойылған мақсаттарға сәйкес жиынтығын құрастыру.
Педагогикалық технологияға әдіскер ғалымдар мынадай анықтамалар
береді: "Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері
мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы,
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы"(Б.Т.Лихачев),
"Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько) т.б.
Ғалым-әдіскерлердің берген анықтамаларына сүйене келгенде, жаңа
технология дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген
қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде сипатталады.
Сабақ процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім
жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Ахмет Байтұрсынұлы[320,1]: "Мұғалімнің қызметі оның білімінің,
шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы
қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оқу үшін, керек білімін кешікпей
кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін
белгілеген мақсатқа түзеп отыру... Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген
білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім
біліп шықпақшы", - десе, Бауыржан Момышұлы: "Арпаласып жүріп алған абырой -
өмірдің ең шырын рақаты,"- дейді.
Әрине, шеберлік бірден пайда болмайды. Ол жылдар өткеннен кейін үлкен
ізденістер мен орасан еңбектің арқасында келеді. Педагогикалық шеберлік сан
қырлы, әр-алуан. Оның күрделілігі мұғалімнің еңбек нысанасының өзіндік
ерекшелігімен түсіндіріледі. Шебер мұғалім сабақ процесінде, сабақтан тыс
уақытта да үнемі ізденіс үстінде жүреді. Осы ізденістің арқасында үлкен
жетістіктерге жетеді.
Сабақ процесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы да немесе
қолданбай да жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Ол сабақ
процесін дұрыс, жүйелі ұйымдастыра білуіне де байланысты. Мұғалім
оқушының сабақтағы белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын әдіс-
тәсілдерді ұтымды, орынды қолдана білу арқылы оятады. Сабақты бір сарынмен
өтпей, өзгертіп отыру тағы да мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Мұғалімнің шеберлігіне оның білімі, дағдысы, оқушымен қарым-қатынасы,
бейімділігі, кабілеті, жүріс-тұрысы, киген киімі, сөйлеген сөзі де кіреді.
Міне, осылардың бәрін бір басына жинақтай білген ұстаз белгілі бір
жетістіктерге қол жеткізеді. Мұғалім бала жанын түсіне білу керек.
Балаларды түсіну дегеніміз - демек олардың позициясында тұру,
олардың сезімін бағалап, қам-қарекеті мен ісін елеулі түрде қабылдау,
олармен санасу деген сөз. Олардың қам-қаракеті мен істеріне
немкұрайлы емес, ілтипатпен қарап, мүдделі, іскерлік көңіл бөлу
керек. Балаларды түсіну дегеніміз - оларға өктемдік көрсетпей, олардың
бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін
жаю деген сөз. Баланың көңіл кұбылысы мен жүрек тебіренісін, оның сезімі
мен талпынысын түсіне отырып, әрі балалар өміріне өзінің ең жақын
адамындай қоян-қолтық араласа отырып, педагог баянды тәрбиеге қол жеткізе
алады. Балаларды түсіну дегеніміз - кішкентай адамды тәрбиелеудің
тамаша шеберлігін игеру деген сөз.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар
– үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие
процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс
–тәсілдерін пайдалануға икемді келуі.
Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді
– оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.  Дамытушы оқу технологиясы мектеп
тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымалы
(Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.).      Ғалымдар
дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына
бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі
жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму аймағының мәні:
бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында
не ақылдылау дос – жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген
пікір жария болғанға дейін бала дамуы,әсіресе, оның ақыл-ойының өрістеуі
оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын. Зерттеулер нәтижесінде
(Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге
болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу
принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың
іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса,
әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.      Жоғары қиыншылық
деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті
анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді,
жетекші рөл теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың
практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.      Дамытушы
технология талаптарының және бірі – оқу ілгерілі және жедел қарқында
жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі - іс әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет
етеді (Д.Б.Эльконин).      Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-
ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше
танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру
идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз
әрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс әрекеттерінің тәсіл, әдістерін
өзінше байқап, тануы.      Рефлексиялық әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік
қадағалау және бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы
технология шарттарына орай оларға да көп мән беріледі. Дамыта оқыту идеясы
бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда.
Мектеп оқушыларының оқып-ізденуі міндетті саналатын пәндердің
негізгісі - "Қазақ тілі" тілі екені белгілі. Қазақ тілі пәнін оқыту - он
жыл бойы белгілі бір жүйемен, бірізділікпен жүргізілетін тұрмыстық ретіңде
тануға мүмкіндік беретін педагогикалық үдеріс. Сондықтан мектеп
бағдарламасында: "Тіл - кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы,
ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады," - деп көрсетеді
[31,1]. Олай болса, қазіргі кезеңде дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктері
бар үдеріс болып табылады.
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-
ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-
ойдың, интеллектінің дамуы, "оқи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы.
Оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының
кажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу түрткілермен (мотивтермен)
байланысады. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-
ықыласы, ішкі түрткілер пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер әрекетінің
амалдарын, орындаудың құралдарын белгілейді, тандауды талап етеді.
Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекеті айту қабылданған. Ол
өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа
алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Б.Г. Ананьев, Л.С.
Выготский, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурья, С.Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады.
Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов,
Л.В. Занков, П.Е. Гальперин, т.б. зерттеулерінде қарастырылды.
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы дерексізден (абстрактіден) нақтылыққа қарай
өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
Қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек
дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны
білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, қызығушылығын ояту
мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс таңдалған мәселелік жағдай,
сұрақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай
психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге
жетудің, мәселелікті шешудің әдіс-амалдарын белгілейді. Дамытушылық
сабақтарында бала осылайша ақыл-ой деңгейі, белсенді әрекеттің арқасында
өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып,
рефлексия жасалатындығын айтады.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес үйымдастырылуы үшін мұғалім мына
қағидаларды есінде ұстауы қажет:
- баланың бойындағы ынтасын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға
жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескерту,
шығармашылығын жетілдіру;
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындату,
әрі қарай дамыту керек. Ол үшін өзі де өзгеріп, дәстүрлі оқытудың қалыбынан
арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын
тандай білуі қажеттілікке әкеледі.
Салыстырмалы түрде сипаттасақ, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің
міндеттері, атқарар істері ұшан-теңіз. Ол тыңдайды, сүрақ қояды, жазады,
түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Мұнда белсенділікті
мұғалімнің өзі атқарады.
Ал дамыта оқытуда барлығын мұғалім түсіндірмейді, ол мәселе қояды,
ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді.
Осылайша оқушы қоғам, ғылымда анықталған, бірақ ол үшін жаңа болып
табылатын мәселені шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Яғни дайын
үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеттері
шектеліп, табиғи мүмкіндіктері жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге
үйренген бала, кез келген мәселені өздігінен тез шешуге үйренеді. Ондай
сыныптарда белгілі бір мәселе төңірегінде пікір алмасулар көп уакытты
алмайды, қайта оқулықтан, бағдарламадан тыс дүниелер туралы ақпараттар
алуға жол ашылады. Демек, дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта
оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
А.Жаппаров дәстүрлі және дамыта оқытудың салыстырмалы сипаттамасын
төмендегі кесте түрінде көрсетеді [130,2].:

Педагогикалық Мазмұндағы басымдылық
үдерістің
компоненттері
Дәстурлі иллюстрациялық Дамыта оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, білік,Байқампаздығын,
дағды қалыптастыру ойлауын, тәжірибелік
әрекетін дамыту.
Бастапқы мазмұны Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
тақырыптар, дәлелдер. теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың Жеке, топтық, фронтальдіБірлескен ұжымдық іс-әрекет
формалары
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Мәселелік баяндау,
корнекілік, тәжірибелік ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, багалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі
мұгалімнің бақылауы, бақылау, рефлексия
бағалауы

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол
технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды
жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала
тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту үдерісін ізгілендіру, оның тәжірибелік
бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Бүгінгі оқыту жүйесіне әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге
еніп, нәтижелер беруде.
Педагогикалық технологияға В.Л.Беспалко "практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба", — деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені
тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-
бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады [118,3].
- оқытудың технологиялары — дидактикалық жүйенің құрамдас, үдерістік
бөлімі (М.Лошанов).
- педагогикалық технологиялар — оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру және
өткізудің ойластырынған моделі (В.М.Монахов) — деген анықтамалар бар.
Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер,
амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы
деп түсіндіреді.
Технологиялық үдеріс — технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар
педагогикалық нәтижеге бағытталған. Сондықтан педагогикалық технологиялар
философияда ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.
П.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына,
ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
1. Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік,
модульдік).
2. Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық,
метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.).
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік,
психогендік).
4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативтік-рефлекторлық, биохвиростік,
гештальтехнология, дамытушылық).
5. Тұлғалық құрылымына бағытталғанына қарай (ақпараттық, әрекеттік,
сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы).
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы
және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық).

1.2.Оқытудың технологияларының зерттелеуі.

Ғылыми-техникалық өрлеу өндірістің көптеген салаларын ғана
технологияландырып қоймай, мәдениеттің, білімнің гуманитарлық саласына
батыл еніп дами бастады. Қазір ақпарат, медициналық т.б. технологиялық
салалармен бірге білімнің технологиялық мәселелері қарастырылуда.
Өндіріс үдерісін технологияландырумен салыстырғанда, педагогикалық
бағдарлама одан да қиын әрі күрделі үдеріс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Алайда бұл бағдарлама эксперимент түрінде дәлелденіп, белсенділікті
арттырып, тиімділігін көрсетті, тәжірибеде жоспарлы түрде жүргізілу арқылы
білімді технологияландыруға қолданылып келеді. Егер оқу орындары мен білім
беретін орындарды өндіріспен салыстырсақ, біріншіден, "оқушы" сондағы
"шикізат", екінші жағынан, "оқушы " дайын күткен "өнімі" болып табылады.
Педагогикалық технологияның артықшылығы, басқа технологиялардан
айырмашылығы "тірі материалдармен", демек қоғамдағы үстеме өндіріспен
байланыстылығымен ерекшелене түседі. Педагогикалық технология басқарудың
көптеген теориялық және тәжірибелік мәселелерін қамтиды. Олар — оқытудың
құралы мен әдістері және оқу үдерісін ұйымдастыру. Осы арқылы олар
педагогикалық ой-пікірді тарта алады және міндетті деген, XX ғасырдың
басындағы прагматикалық психология мен педагогиканың негізін қолдаушылардың
(У.Джеймс, Д.Ж Двюн, С.Холл) тағылымдарын растай түсуде.
30-жылдары АҚШ-та жасалған аудиовизуалдық оқудың алғашқы
бағдарламасының кіріспесінің өзі, білімдегі технологиялық революцияның
бастамасы ғана емес, қазіргі кезеңдегі дамыған, мәні, пәні, тұжырымы,
морфологиясы, әдебиеттері толық, жаңа пән - педагогикалық технологияның
негізін салды.
Алғаш 20-жылдарда "Педагогикалық технология" термині педагогтардың
еңбектерінде негізделген. Ол И.П.Павлов, В.М.Бахтерев, А.А.Ухтомский,
С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, Қ.Бержанов т.б. жұмыстарында көрініс тапты. Бұл
кезде ол басқа түсінікке "Педагогикалық технология" термині түрінде
таратылды. Екіншіден, бұл 30-жылдары педагогикалық энциклопедияға оқу
сабақтарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал мен тәсілдің жиынтығын
анықтайды - деген ұғымды берген болатын. Сондай-ақ, педагогикалық
технологияға көрнекі құралдарды пайдалану және оқу мен лабораториялық
сабақтарды өткізу үдерістері де жатқызылған.
Бұл жылдары "Педагогикалық технология" ұғымын бағдарламалап оқытуға,
техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырып отырды. Алайда бұл пән
ретінде оның деректері мен материалдары дамытылып, қайта өзгертіліп,
өндіріс адамдары, педагогтар мен ғалымдар өздерінің өндірістік және оқу-
тәрбиелік мақсаттарына қарай өзгертіп отырады. Терминнің атауы "Технология
- білімге" және "Білім технологиясы", кейіннен " Педагогикалық технология "
болып өзгертілді. Осылай, оның маңызы, міндетті оқу-тәрбиелік сипаты
біртіндеп толықтырыла түсті. А. Жаппаров өзінің монографиясында технология
дамуы тарихын үш дәуірге бөледі [133,2]:
Бірінші дәуір - 40-50-жылдардың орта кезеңінде әртүрлі техникалық
құралдар арқылы ақпаратты хабарлар беріле бастады. Әртүрлі техникалық
жазбалар. Оны жаңартып, қайта жазу техникасы келіп шықты, "аудиовизуалдық
құралдар" пайда болды. Магнитофон, пластинка ойнатқыштар, проектор мен
телевизорлар мектептің оқу-тәрбие жұмысында қолданыла бастады. Бұл,
әсіресе, тұрмыста жиі қолданылып жүрді. Сөйтіп, сол жылдары "Білімді
технологияландыру" термині оқу-тәрбие үдерісінде инженерлік ой-пікірдің
жетістіктерін уағыздауға көп көңіл бөлді.
Екінші дәуір — 50-жылдардың ортасы мен 60-жылдарды қамтиды. Бұл
жылдардың ерекшелігі, теориялық негізгі — бағдарламалап оқыту болып
есептелетін технологиялық қарым-қатынас, онымен жұмыс істету тәсілдері атты
жаңа ой-пікір келіп шықты. Аудиовизуалдық құралдар жасала бастады, ол оқу
мақсаттарын жақсартуға арналды, оған сәйкес әдіс пен тәсілдер, нысандар:
қайта байланыс құралдары, электронды сыныптар, оқыту машинкалары, лингафон
кабинеттері - болды. "Білімге -технология" термині "Оқытудың техникалық
құралдары" болып өзгерді. Ал "Білімді технологияландыру" біртіндеп, ғылыми
атауы кеңейтіліп "әдістер мен құралдар жиынтығы" термині келіп шықты. 60-
жылдары бағдарламалап оқытудың мамандары және аудиовизуалдық білімдер
маманы "Педагогикалық технологияны" — жаңа пән ретінде таныды.
Үшінші дәуір — 70-жылдар. Оқу-тәрбие үдерісінің технологиясына
жүйелі қарым-қатынас жасала бастады. Ал зерттеушілер педагогикалық
технологияны ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде оқу-тәрбие
үдерісі белсенділігін арттыруға пайдалану және оны қайта жасау мақсатында
зерттей бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, сол 60-жылдардың орта шені
мен 70-жылдардың басында жақсы дамыған капиталистік елдерде — АҚШ-та,
Англияда, Испанияда, Жапонияда - педагогикалық технология мәселелеріне
арналған баспалар, журналдар шыға бастады. Бұдан кейінгі кезеңдерде бұл
мәселелермен Ұлыбритания мен АҚШ-та педагогикалық технологияға арналған
арнаулы Кеңестер айналыса бастады.
70-жылдардың соңында, 80-жылдарда техниканың дамуы нәтижесінде,
сонымен бірге әлем тілдерінде оқытуды компьютерлендірудің басталуы,
"Оқытуды технологиялау" және "Педагогикалық технология " ұғымын оқу-тәрбие
үдерісін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру жүйесі
ретінде пайдалану тұрғысында түсіне бастады. Бұл ретте педагогикалық
технологияның екі қыры белгіленді: біріншісі, тәжірибелік технологияның
міндеттерін шешу үшін жүйелі білімнің болуы, екіншісі, оқу үдерісіне
техникалық қондырғыларды пайдалану (М.Кларк, Д.Дж. Хокрид - Ұлыбритания;
КЛедуик, Д.Фини - АҚШ; Бруслинг - Швеция, Т.Сикамото - Жапония; Т.А.Ильина,
С.Т.Шопаваленко, Л.С.Прессмон — Ресей). Бұл ой-пікірлер АҚШ-тың
педагогикалық қатысымда және технология ассоциациясында ерекше қолдау
тапты. Олардың құжаттарында мынандай анықтамала жазылған.
Педагогикалық технология — жинақталған интегралдық үдеріс — білімнің
барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау мәселелерін
талдай, оқу құралдарын жасау жолдарын көрсету, оған адам күшін пайдаланудың
экономикалық тиімділігін арттыру т.б. жатады делінген.
Төртінші саты 80-жылдары басталды. Ол — педагогикалық-технологиялық
эволюциялық ұғым. Оның ерекше сипаты компьютерлік лабораториялар мен шағын
сыныптар ашу еді. Соған сәйкес бағдарламалар жасап, интерактивті видеоларды
пайдалану болып табылады. Бұдан кейінгі кезеңдерде ғылым мен техниканың
дамуы адамдардың, ғылымның алдына кең жол ашты, жаңа технологиялар пайда
болды. Мысалы: өнеркәсіптік, электрондық, ақпараттық. Бұлар оқу және білім
беру үдерісінің жаңа, толықтырылған компоненттері болып есептеледі. Осы
негізге оқу-тәрбие үдерісіңде жаңа техникалық мамандықтар ашылды. Міне,
мұндай нәтижелер мен жетістіктер "Педагогикалық технология" ұғымының
өзіндік ерекшеліктерін тағы да аша түсті.
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының, әзірше,
бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни білімге. Қазірше қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруде дамудың жаңа жолдарын, яғни
педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үдерісінде мұғалімге басшылық рөл берілсе, ал
қазіргі оқу үдерісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны арнайлы
оқытпайды, ал ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды
дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал мұғалімнің
негізгі көңіл аударатын мәселесі — әрбір оқушының жеке қызығуы мен
мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-қылық параметрлерін
(іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше
жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады.
Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-
өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса
маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта
жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу
құралына айналады.
А. Жапбаров ізгілендіру мен демократияландыру негізінде педагогикалық
технологияларды төмендегідей топтарға бөліп көрсетеді[136,2]:
1. Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру
негізіндегі технологиялар Ш.ААмонашвили, Е.И.Илина әдістемелері
жатады.
2. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру
педагогикалық технологиялары. Оған ойын элементтері, мәселелік оқыту,
тірек сызбалары, В.Ф.Шаталов және Е.И.Пассовтың қатысындық
әдістемелері кіреді.
3. Оқыту үдерісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын
педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту (Н.К. Гузик,
Ж.Қараев т.б.), топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар
т.б. жатады.
4. Оқу материалының дидактикалық құрылымы әдіснамалық тұрғыдан
жетілдіретін әдістемелер. Мысалы, дидактикалық біліктерді түрлендіру
жөніндегі П.М.Эрдниев әдістемесі және т.б.
5. Табиғатқа сәйкестендіріп, халық педагогикасы әдістемелі қолданылатын
технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой, Монтессори, Абайдың қара сөздері,
т.б.
6. Баламалы технологиялар. Мысалы, Р. Штейнердің, Вальдорф педагогикасы.
7. Кешенді технологиялар (бұған көптеген авторлық мектептер кіреді), т.б.
Қазіргі кезде оқыту үдерісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың
жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара
тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар ішінен
өз қажетін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін
іс. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, қолданбалы, құрама блоктық
және модулъді болып бөлінеді.
1. Сызықтық - оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен
кезектестіріліп отырады.
2. Тармақты - оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат
көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Қолданбалы - өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдың
күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық
құралдарды, компьютер т.б.) қолдана алады.
Тұжырымдағанда, педагогикалық технология деп оқыту үдерісіндегі өзін
жүйе ретінде құрылысы мен басқаруда деңгейлік мақсаттар қойып, соған
тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысы деп танылады.
Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түп негізі — оқыту үдерісінің жалпы
заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіретін тану және нақты
оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді.
Мәселен, Г.К.Селевконың кітабында 40-шақты оқыту технологиялары сипатталған
.
Дамыты оқыту идеясының анағұрлым айқын түрлеріне тоқталып өтейік:
• А.Занковтың дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқыту жүйесін қалыптастыратын
Занковтың идеясы — білім өзінен-өзі ешкімді дамытпайды, сырттай
берілген білімді ішкі құлшыныс пен талпыныс арқылы оқушы өз санасына
ұғындыруы керек — деп есептейді
• Д.Б.Эльконин — В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. Дамыта
оқытудың Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек
баланың белсенділігіне байланысты
• М.И.Махмудовтың мәселелік оқыту жүйесі. Мәселелік оқыту оқушының өз
бетімен шешім қабылдай білу, өз бетімен іздену, соның нәтижесінде
дұрыс та нақты шешімдерге келе алу әдістерін үйретуді көздейді. Оның
айтуынша, оқушының жеке тұлғасын дамытуда оның ішкі мүмкіндіктерін
дамыту, жетілдіру мақсаты қойылу керек [5].
• М.И.Махмудов білім беру — білім алу әдістері ішкі және сыртқы болып
бөлінеді: сыртқы әдіс дегеніміз — мұғалім қандай әрекеттерді
қолданатындығы, ішкі әдісте нені басшылыққа алатыны деп анықтайды.
Яғни мұғалім мен оқушының оқу-танымдық қызметтегі сыртқы және ішкі
әрекеттердің бірлігі арқылы оқытудың мәселелік дамытушылық әдістері
танылады. Оқытудың монологтық әдісі — оқу материалын түсіндіруде
мәселелік ахуалдар туындайтынын сипаттау, түсіндіру әдісі айтылады.
Яғни мұғалімнің ғылымдағы дайын білімді мектеп лекциясы түрінде
жеткізуі — деп есептейді [5].
• Ш. А. Амоношвилидің бастауыш сынып оқушыларына гуманистік жеке
түлғалық бағытта оқыту жүйесі. Мақсаты: білім беру барысында
оқушылардың тек жақсы қасиеттерді дамыта отырып, жаны мен жүрегіне
ұят, ар, намыс дегенді ұялатып, ізгілікті жеке түлға қалыптастыру.
Яғни оқу, тәрбие деген идея. Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге
мүмкіншілігін ашып, тұтас психика қалыптастыру керек. Тұтас психика 3
құлшыныстан түрады: 1) дамуға деген құлшыныс; 2) ересек болуға деген
құлшыныс; 3) ешкімге тәуелді болмай, ерікті болуға деген құлшыныс.
Оқушы ұғынуға тиіс, биік рухани материялар мен құндылықтар: жан, рух,
жүрек, ізгілік, махаббат, достық, өмір, сыйластық, сүю т.б. [6].
• С. Н. Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С. Н. Лысенкованың бастауыш
сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан үлкен жаңалығы - пән
бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін,
кейбір тақырыптарды оқыту үдерісіне оза отырып енгізудің тиімділігі.
Қиын тақырыптарды С.Н.Лысенкова дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым
ертерек бере бастайды. Әр тақырыптың басталуы әр түрде келеді. [7].
Т.Садықов пен А.Әбілқасымованың "Оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастырудың дидактикалық негіздері" деген еңбегінде: "Білім беру және
оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі —
танымдық белсенділік пен саналылық.Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу
материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен
қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз
пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді", — деп атап көрсетеді
[8].
Оқу мен тәрбие — оқушының білімді және адамзат қоғамының талаптарына
сай дамуын мүмкін ететін ерекше үдеріс. Дәстүрлі оқыту жүйесіне мұғалім
оқыту материалдарына берілетін білім мазмұны "бар, өзгермейтін, даяр"
нәтиже ретінде беретін болса, дамыта оқыту үдерісіңде оқушыны білімді бірге
іздейтін, әсіресе, оқушының өзіне "жаңалық ашу" мүмкіндігін жасайтын әдіс
алдыңғы орын алады.Осындай әдістер арқылы оқушылардың оқу-танымдық
белсенділігі жоғарылап, білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей
түседі.
Н.Құрманова қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми
негіздерін зерттеген еңбектерінде "таным теориясы — басты әдіснамалық
негіздердің бірі" деп аталады. Оның айтуынша, танымдық қызмет - өмір
сүрудің басты шарты деген тұжырымын жасайды [9].
Эмпирикалық және теориялық ғылымда танымның негізгі формаларын, сондай-ақ
ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын -
категориялар. Ғылымда таным эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді:
- Эмпирикалық таным тікелей объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе
деректеріне сүйенеді.
- Теориялық таным ғылымның түсінік ақпаратын жетілдірумен және объективті
ақпараттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-
жақты танып-білуге бағытталған.
Әдетте теориялық және эмпирикалық ойлау әдістері өзара тығыз
байланыста қолданылады (мәселен, зерттеу, қорытындылау, т.б.). Зерттеудің
барлық әдістері — анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактылау,
жинақтау, салыстыру сияқты логикалық амалдардың көмегімен жүргізіледі.
Таным теориясы болса, тіл бірлігін оқып-меңгеру барысында теориялық
ойлаудың дамуындағы эмпирикалық және теориялық білімнің орны мен маңызы,
интеллектінің табиғаты мен оның қалыптасуы т.б. күрделі мәселелерді шешуге
басшылық етеді. Дамыта оқыту технологиясы — оқушының ақыл-ойын дамытуға
теориялық әдістерді қолдана отырып бағдар алған оқыту жүйесі. Оқушының
қазақ тіліне қатысты бағдарламаға сай оқылатын әрбір грамматикалық ұғымды
белсенді, өзінің ізденімпаз күш-қабілетін іске қоса отырып меңгеруін
ұйымдастыру - ақыл-ой қызметінің біртіндеп өз бетімен шешім табуға
дағдылануын қалыптастыратын тиімді жол. Дамыта оқыту технологиясы арқылы
қазақ тілі салаларын меңгертудің маңызды орны оқушының алдына қойған
мәселені дұрыс шешуі ғана емес, келесі жолы сол мәселені аз уақытта
белсенділікпен сапалы шешу жолын үйренуге жетелейтіндігінде. Д.Б.
Богоявленскийдің айтуынша, мұндай қабілет креативтілік немесе шығармашылық
деп аталады [10].
Тұжырымдағанда, 5-10-сыныптарда дамыта оқытудың басты қағидалары
ретінде мынадай ұстанымдар алынады:
• Қазақ тілі сабақтарын мәселелік сабақ ретінде құру;
• Оқушылардың ойлау қызметін белсенді етуде көрнекі-нақты, тәжірибелік,
бейнелі, дерексіз, абстрактылық, теориялық сияқты түрлі ой амалдарын
қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту;
• Оқытуда жеке-дара және саралай оқыту талаптарын ескеру;
•Оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің сатылық,
алгоритмдік, эвристикалық, мәселелік, шығармашылық қызмет түрлерін
қалыптастыру;
Дамыта оқыту шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз
етіп алатын үдеріс. Даму — мәңгі, қасиетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс.
Дамыта оқытудың қол жеткізуді көздейтін мақсаттары:
- оқушы — субъект, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;
- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды;
- білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала — белсенді таңдаушы, мұғалім —
ақпарат жеткізуші емес, керісінше, бала зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы,
ал мұғалім — оқушының оқу-танымдық қызметін ұйымдастырушы, бағыт беруші;
- дамыта оқытудағы басты іс-әрекет — диалог, пікірлесу, пікірталас, мұнда
мұғалім қызметі — диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-
әрекеттік ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатта бағыттаушы ретінде
танылады.
Білім алудың ішкі жетелеу күштері — білім алу түрткілер (мотивациясы) деп
аталады. Түрткілердің өзіндік табиғаты — білім алуға жетелейтін ішкі күштен
тұрады. Сол жетелеуші ішкі күштердің негізінде оқу-танымдық үдерістің
бірізділігі мен мазмүны анықталады. Оны дидактикада мынадай деп таниды:

Көрсетілген осы кезеңдердің әрқайсысының өзіндік логикалық мақсаты мен
міндеттері болатыны белгілі. Соған байланысты әр кезеңде мұғалім мен
оқушының бірлескен оқу-танымдық қызметі де екі жақтылық сипатта өтіледі. Ол
оқытудың формасы сабақ арқылы көрінеді. Оқу жүйесіндегі педагогиканың
сыныптық үдерісінің көп, немесе аз көлемдегі қорытынды кесіндісі - сабақ.
Сабақ - бұл педагогикалық еңбек, сондықтан да ол оқытушы мен оқушының
бірыңғай ой-еңбегімен, екі жақты ішкі түсіну-шілігімен басқа үдерістерден
өзгешелігі болуы керек.
Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымы дәстүрлі қалыптасқан
сабақ құрылымына қарағанда көптеген ерекшелігі бар. Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақ негізінен үш үлкен кезеңге бөлінеді.
1-кезең. Бағдарлау — түрткілік кезең. Бүл кезеңде мұғалім дәстүрлі
сабақтағыдай үй тапсырмасын сұраудың орнына оқу міндеттерін жаңа тақырыпқа
байланысты қою жұмысы жүргізіледі. Бұл кезеңнің өзі іштей екі кезеңге
бөлінеді:
1. Оқушылардың білімін теңдестіру. Бұл кезеңде тек қана өткен сабақтың
материалы қайталанып қана қоймай, сонымен қатар, алдағы уақытта оқушылардың
барлығы бірдей бағдар жасауына керекті білім беру. Мұғалім алдын ала еске
түсіру, толықтыру, теңдестіру үшін сұрақтар дайындайды.
2. Мұғалім мәселелік сұрақтарды қажетті сабаққа оқу міндетінің құрылуына
және жинақтылықтың құрылуы мен оны оқыту әдісін таңдайды. Мәселелік
жағдайды тудыру — сабақтың ең қиын, ең қажетті бөлігі.
Негізіңде, бүл мұғалімнің нақты тәжірибесі мен стандарты ғана емес,
тапсырма және мәселелік сұрақтармен қоса өзінің эмоциясы арқылы да
беріледі.
Сондықтан мәселелік туғызу жағдай оқушылардың ойлау қабілетіне
психологиялық факторларды қосып, оқу міндеттемелерінің орнығуы мен себебін
іздеуге ұйтқы болады.
2-кезең. Амалдық — орындаушылық кезең. Бұл кезеңде оқу міңдеттері
шешіліп, дәстүрлі оқытудағыдай жаңа материал түсіндірілмейді, ал мұғалімнің
мұндағы негізгі қызметі сабақтың оқу міндетін бөліктік, диалектілік үдеріс,
жалпыдан нақтыға өту бөлігі мен жүйелік синтетикалық түсінігін анықтау. Бұл
кезең берілген сыныптық барлық тапсырма — мәселені шешуге тікелей жол
ашады.
Оқытылған нысанды ғылыми-теориялық қалыпта қабылдау, оқу міндетін
модельдеудегі шығармашылық шешімді меңгерудегі теориялық білім болып
табылады.
3-кезең. Рефлекциялық — бағалау кезеңі. Бұл кезең — оқушылардың
дәстүрлі бекітуімен бірге өзін-өзі баға қою кезеңі. Оқушылар "бүгін мен не
үйрендім?" деген сүрақ қояды.
Бұл кезеңде оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты жалпылама сұрақтар
беріледі. Бұл құбылыс өз-өзіне есеп беру сияқты сұрақты дауыстап айту,
іштей қайталау, кезеңдерді меңгергенін түсіну, ережелерді түйіндей білуімен
анықталады. Өзін-өзі қорытынды бағалау жүргізіледі.
Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзінің іс-әрекетіне жауап беру, өзінің
мүмкіндіктерін білу, істеген жұмысын түзету, орындалған жұмысты жүйелеу, іс-
әрекет бағытын анықтау, өзіне талап қойғыштық сияқты бағалау белгілері бар.
Жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерін білуде өз мүмкіңдіктерін дұрыс пайдалана
отырып, іс-әрекет бағытын анықтау арқылы және орындалған жұмысты жүйелеу,
қорытындылау, өз тұжырымын жасау арқылы нәтижеге жетеді [208, 10].
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі түзетуі
- бір-бірімен тығыз байланысты үдерістер. Мұндай өзіндік әрекеттерге
үйретуде қарапайым сатыдан жоғарыга, одан күрделі сатыға қарай дамиды.
Содан бірте-бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен
жұмыс істеу баланың қажетіне айналады (өздігінен білім алу, өзін-өзі
басқару, бағалау сияқты әрекет дәрежесіне көтеріледі). Сондықтан оқушылар
өзіндік бағалауы кезінде оның дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта
түседі:
а) іс-әрекет бағытын, нақты мақсат-міндеттерін аңғару;
ә) өз мүмкіндіктерін біліп, өзін-өзі басқару;
б) жұмысты орындауда жоспарын жасап, өз жұмысының қателерін тауып, оны
түзету;
в) өзін-өзі тексеру, нәтижесін талдау.
Бұл аталған бөлімдер бір-бірімен тығыз байланысты болып, бірін-бірі
толықтырып тұрады.
Өзін-өзі бағалау қорытылып жинақталады. Соңынан оқушыларға үй
тапсырмасы беріледі.
Үйге тапсырма беру үш деңгейден түрады:
1. Бағдарламалық материалды білу және тапсырманы орындай алу міндеті.
2. Шыгармашылық білімді меңгеру, модельдеу тапсырмасы.
3. Алған білімі бойынша шығармашылық тапсырма. Бұл жағдай оқушыларды
грамматикалық біліктілік пен дағдыны және оларды шешудегі жаңа жолдарды
талап ету мәселесін қалыптастыруға әкеледі. Бәрінен бұрын орфографиялық
және пунктуациялық ережелер негізіңде дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік
жасайды. Қазіргі әдістемеде бұл жағдайлар сәйкес біліктілігі,
автоматтандыру қорытындысы, яғни орфографиялық және пунктуациялық
ережелерді қабылдау бойынша әрекет болып табылады.
Оқу үдерісінде мұгалімнің басты рөлі бар. Ол білім береді, оны
меңгеруге басшылық етеді, оқушылардың әрекетін бақылайды, баланың білімін
бағалайды. Бұл белгілер сабаққа белгілі құрылым және жүйелілік береді.
А. Жапбаров дамыта оқыту сабақтарын төмендегідей бес топқа бөліп
қарастырады [149, 2]:
1. Тақырыпты жалпы таңдау және зерттеу сабақтары (шарттытүрде дәріс
сабағы);
2. Оқу материалы бойынша жеке-дара жүмыс (аралас семинар сабагы);
1) білімді қорыту және жүйеге түсіру сабағы (салаланған тапсырмалар
бойынша өзіндік жұмыстарын орындау);
2) материалды пәнішілік қорыту сабағы.
3) сараптамалық сабақтар.
Жаңа сабақ мақсаты, мазмұны, құрылымы, әдістері және оқушылардың
танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастырудагы тәсілдермен ерекшеленеді.
Ұйымдастыру жағынан мұндай сабақтар оқушылардың теориядан алған білімдерін
тәжірибеде қолданылуына басты назар аударылады.
Мысалы, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру кезінде оқушылардың теориядан
алған білімдерін қолдану үш сатыда жүзеге асырылады:
- жаңа білімді игеру және таныс жағдайда пайдалану;
- игерген білімді өңдеп, таныс емес жағдайда пайдалану;
- жаңа білімді шығармашылықпен қолдану.
Аталған сатылардың әрқайсысы білімді игерудің төрт деңгейіне:
а) білу;
ә) түсіну;
б) қолдануға сәйкес келеді.
Осы таңдаулардан төмендегідей қорытыңды жасауға болады:
- Әр пән бойынша игерілген білімнің әр сатысында төрт деңгейден өту
нәтижесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сапалық өзгерістері
төмендегідей бағытта жүреді, игерілген білімді:
а) сол қалпында;
ә)сапалық өңдеуден кейін;
б) шығармашылықпен пайдалану.
Білімді игерудің әр сатысындағы төрт деңгейге сай оқу нәтижелерін
жоспарлау оқушылардың дайындық деңгейлерінің өлшемдерін анықтауға мүмкіндік
береді. Теориядан алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана білу
біліктілігін біртіндеп қалыптастырады.
Дамыта оқыту технологиясының басты ерекшелігі білімді меңгеру деңгейі
анализден бастап, синтез бағытында жоғарылай түсуіне, яғни оқушының бірінші
сатыдан шығармашылық сатыға жетуіне ыңғайлы жағдай туғызу.
А. Жапбаров дамыта оқыту сабақтарының типтерін сызба арқылы көрсетеді
[149, 2].
1-сызба. Сабақ типологиясы
Сыныптық тип
* Кіріспе сабақ
* Бақылау сабағы
* Білім, білік, дағдыларды бекіту сабақтары
* Өзіңдік жұмыстар сабақтары
* Тәжірибелік жұмыстар сабақтары
* Аралас сабақ
* Қайталау - толықтыру сабақтары
Дәстүрлі емес тип
✓ Фантазиялық сабақ
✓ Жарыс сабағы
✓ Ашық ойлар сабағы
✓ Диспут сабағы
✓ Сынақ сабағы
✓ Шығармашылық сабағы
✓ Спектакль сабағы
✓ Конкурс сабағы
✓ Ойын сабағы
✓ Ертегі сабағы
✓ Оқу сабағы
✓ Саяхат сабағы
✓ Аукцион сабағы
✓ Турнир сабағы
Ал бұл сабақ типтеріне байланысты сабақтың құрылымын мынадай сызба арқылы
көрсетуге болады.

2-сызба. Оқу сабақтарын ұйымдастыру құрылымы.

Сыныптық-сабақтық жүйе Семинар-лексикалық жүйе


Сабағы *Үйге тапсырма -
45мин * Сыныптан тыс
Сабағы 35 * Сабақтан тыс
мин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Оқытудың ғылыми принциптері
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
«Түркі жазба мәдениеті және Ахмеди Ысқақовтың тілдік мұрасы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Сөздердің грамматикалық мағынасын білу
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Пәндер