Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 2 - 4

I тарау. Дарындылықтың ғылыми теориялық аспектілер.

  1. Дарынды шәкірттер ұлт мерейі . . . 5- 10
  2. Дарындылық дамытудың теориялық негіздері . . . 11- 17
  3. Оқушылардың шығармышылық дарындылығын дамыту

жағдайлары мен мүмкүндіктері . . . 18 - 25

  1. Дарынды баланы тану және анықтау . . . 26 -27

II тарау. Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі.

2. 1. Дарынды балармен жұмыс істеудегі оқу тәрбие үрдісінің рөлі . . . 28 - 36

2. 2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері . . . 37- 51

2. 3. Дарындылықты дамыту мұғалімнің парызы . . . 52 - 57

2. 4. Психодиагностиканың теориялық негіздері . . . 58 - 63

III. Қорытынды .

Іс - тәжірибе . . . 64 - 67

Қолданған әдебиеттер . . . 68 -

Кіріспе

Балалардың дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымға. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі психология, педагогика ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А. В, Матюшкин А. М, Нурахунова А. А, Кравцова Е. Е. Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсындаа шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын-таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халықтың елдігі мен егемендігі, сол халықтың зиялы қауымына негізделеді және кез келген мемлекеттің күш -қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті мамандар санымен анықталады.

Сондықтан да инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірі маманның тұлғасына, заман мен қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімді шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың әлеуеттік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңца болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі - үлкен жетістік. Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі төмен «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін шығармашылыққа кері әсер ететін факторлар анықталады. Олар:

  • біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден шыққандығымыз:
  • екінші бір себебі бала кезден бастап біз «сен мынаны дұрыс жасамадың», «олай емес», «бұлай болмайды» деген ескертулерді естіп өскендігіміз:
  • қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы:
  • көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік дер есептелінбеуі:

Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде дарындылықты байқай алу, қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалы қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік. Біздің ойымызша бастауыш сыныпта маңызды рөл атқарады. Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. . Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды.

I тарау. Дарындылықтың ғылыми теориялық аспектілер.

  1. Дарынды шәкірттер ұлт мерейі. ( Қазақстан мектебі, 2008 ж. №10, 35-36 б. )

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттың құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан пәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми - теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қассиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Міне осы мақсатқа лайықтап мектеп қызметін ұйымдастыру барысында біз ең алдымен мектеп түлегінің үлгісін жасадық. Сонымен қатар сол нәтижеге жеткізетін дарынды тұлға тәрбиелеудың жүйесі құрастыру қажет.

Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтердің шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізінде құрылуының маңызы зор.

Білім беру үрдісінде.

  • Жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынасын қалыптастыру, сабақтағы оқушының, шығармашылық рөлін арттырып еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
  • Курстар енгізу, дамыта оқыту, деңгейлік оқыту әдістерін басым қолдану.
  • Педагогикалық - психологиялық диагностика және үздіксіз мониторинг жүргізе отырып оқушылардың ғылым және өнер салаларды бойынша қабілеттерін анықтау, жеке-дара жұмыс жүргізу арқылы оқушыларға қосымша, ерте кәсіптік бағдар және тереңдетілген білім беруді, жүзеге асыру.
  • Оқушыларды білім олимпиадаларына, кіші ғылым академиясының және «Дарын» орталығынық конференцияларына дайындау.

ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық өркениетті мемлекеттерде әлеуметтік - экономикалық политехникалық мәдени ағымдардан жеке тұлға өзгеріп дарынды балаларды оқыту, дамыту жұмыстары жаңа мазмұнға ие болды. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында «Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттігін ашуға бағытталған делінген.

Талабы таудай қабілет - қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса «Олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айырықша назар аудару қажет-ақ.

Ел басының Қазақстан халқының 2008 ж. 1-наурызындағы жолдауында нақты айтылғандай «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі».

Жолдауда межеленген таяу уақытта Қазақстанды бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қауымдастығында алғашқы елу елдің біріне айналдыру міндетін шешуге білім саласына, оның ішінде білімді, білікті мамандар даярлау негізгі рөл атқаратындығы дүние жүзілік дамыған елдер тәжірибесінен дәлелденіп отыр.

Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл - ұлттық құндылық.

Қазақстандағы талантты жастарды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 ж. 24- наурызында жаңа үйым - республикалық ғылыми - тәжірибелік «Дарын» орталығы ашылды.

Қазақ халқында «Бұлақ көрсең - көзін аш »деген ұлағатты сөздің мән - мағанасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибілік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде Сингапур, Қытай, Малазия т. б. елдер өз жастарын АҚШ пен ұлыбританияның. Ең озық университінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерінде аса жоғары қарқынмен дамытуға қол жеткізеді.

Міне Осы елдер тәжірибесінен үйреніп, Қазақстан жастарынан осы заманғы білімді меңерген білікті мамандар даярлау - Елбасы Жолдауындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі.

Алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Балалардың жеке қабілеттелігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру .

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесен зерттеуге қатысты балалар мәселесен зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын толғандырған мәселе.

Дарындылық теориясының негізі кешеге кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л. Выготский, В. Крутецкий, Н. Лейтпис, В. Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мазмұндық бөлімі - мемлекеттік стандарт пен жаңа бағдарламаларға негізделген оқу үрдісі жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығарудаға бірізділік, жүйелілік, тұрақтылық, ұзақ мерзімділік заңдылықтарын сақтау, мұғалімнің педагогикалық жоғары деңгейі және кәсіби білімін ұдайы жетілдіруі барысында жүзеге асады.

Құрылымдық бөліміне - психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада, ғылыми жоба жарысы, валеологиялық, орталық жұмыстары кіреді. Оқушыларды іректеу кезінде психологиялық жұмыстар жүргізіп, олардың жоғары парасаттылығына, ой-өрісіне, қабілеттеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Әлеуметтік бөлімде - микроэлеуметтік бағытта сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, дарындылықты дамыту жұмыстарымен бірге балаға жеке тұлғалық өсу қартасын жүргізу болып табылады. Ата-аналармен өзара іс - әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау, әдіс - тәсілдердең тиімді формаларын құрастыру жұмыстары жүргізіледі.

Іс - әрекеттік бөлімде - үйірмелерден, спорттық секцияларға, шығармашылық шаралар жүргізіледі. Денсаулықты жақсарту ағзаны шынықтыру, кеңес беру, денсаулық. Сақтаушы жұмыс сауықтыру бөлімінде жүрізіледі.

Басқару бөлімінде мұғалімдерден құрылған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі. Ең негізгі бөлімдердің бірі - нәтижені бағалау бөлімі білім санасы мен нәтижесінен мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Сонымен бұл модель дарыңды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады.

Дарынды балалармен жұмыс мазмұндық құрылымдық сауықтыру бөлімі нәтижені бағалау іс - әрекет бөлімі

басқару бөлімі әлеуметтік бөлімі.

Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу дамыту - қазіргі уақытта білім береу жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе.

Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттермен ерекшеленеді.

  1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.
  2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарлармалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденестеріне қажетті кеңес береді.
  3. Оқушыға дұрыс бағыт - бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
  4. Педагогикалық үрдісті диагностикалауы жұмыс жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.
  5. Дарындылықты анықтауға әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.

Оқыту мен дамыту өз алдына жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Ж. Пиаже, З. Фрейд, Д. Дьюид Бала даму барысында оқиды, яғни бұнда бала психикасының дамуына сүйенеміз дегенді айтады.

ХХ ғасырда А. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубенштейн Д. Эльконин «Бала оқу арқылы дамиды» дегенді алға тартты.

Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы мұғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру оның дамуына ерекше жағдай туғызу.

Жалпы барлық танып үрдістері бірігіп интелектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігін арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушынық жеке бас дамуын, зерттеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі.

  1. Оқушымен кезеңдік жұмыс мұғалімдер сынып жетекшісінің қатысуымен, мектеп психологі көмегімен кем дегенде 1-2 рет өткізіледі.
  2. Оқушының іс-әрекетін, мінез құлқын барлық мұғалімдер және оқушының өзі белгілі бір мақсатқа үнемі бағыттап бақылап отыруы керек.

Оқу тәрбие үрдісінде оқушы 2 жақтылы сипатқа ие болуы қажет. Тәрбиенің әрі объектісі, әрі субьектісі болуы тиіс. Шартты тарихи саналықта тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным үрдісіндегі 4 бөлікті үнемі бірдей іске асыру қажет. Олар: сана-сезім, сенім, мінез-құлық дағды.

Бағдарлама міндеттері:

  • Оқушылардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту.
  • Оқушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау дамыту.
  • Терең жан-жақты ғылыми негіздерін игеру білім бойынша тұрақты дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру
  • Өз бетімен білімін көтеру және ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын оқыту, сонымен қатар жеке бастың өзін жетілдіруге ішкі қажеттімгін қалыптастыру
  • Жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін, қарымқатынасын қалыптастыру
  • Жеке бастың үздіксіз жетілуіне ішкі қажеттілік қалыптастыру

Бұдан тәрбие басы, оның тамаша мектебі отбасы екендігін көруге болады отбасының үлгісіне ұстаздар қауымының ата-аналармен тығыз бірлескен жұмысы талант көзін ашуға ең басты тетік болып табылады. Балалардың дарындылығын ашуға атсалысқан ата-аналар мен мұғалімдер сынып жетекші, мектеп әкімшілігі жыл қорытындысы бойынша марапатталып насихатталып отырады. Жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін қазіргі кездегі ең үлкен фактор - ол білімді азаматтарды көбейту жақсы, нәтижелі білімге жету үшін балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек.

  1. Дарындылық дамытудың теориялық негіздері.

(Қазақстан мектебі», 2009ж., № 6, 71-76 б. )

Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікерлер жинақталған.

Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатады. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көрініс тапқан.

Ертеде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген.

Платоннық пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде, « поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости » деп жазды. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған.

Дарындылық жайында айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр.

Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар.

1) Барлық бала дарынды болып табылады.

2) Дарынды балалар өте сирек кездеседі. Бұл мәселе туралы психологтер мынадай тұжырым жасайды: әлеуетті дарындылық іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес.

Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әртүрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар іс. Әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әртүрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялық мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезендерінде өте күшті болып келеді және де ол баланың қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады.

Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, музыкалық құралда ойнайды) .

Бірақ бұл қабілеттелікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт бағдар бере алмайды.

Қабілеттілік-адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшақдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар әркімнің қолынан жаңаны дәлелдеген психикалық қасиеттінің ерекшелігі.

Дарындылық ұғымының мәтін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінісінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық.

  1. Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
  2. Қабілет - барлық тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да не бірнеше іс - әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  3. Қабілет - нақты адамға топталған білім ептілік және дағдылардан оқшау қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Бастауыш сынып математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің қызметі
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы
Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz