ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., профессор

Досанова С. С.

«» 2009ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ».

Мамандық шифрі
Оқу формасы
Мамандық шифрі: 050103 Педагогика және психология
Оқу формасы: Сырттай

ОРЫНДАҒАН

СТУДЕНТ Сулейменова Б. С.

ҒЫЛЫМИ

ЖЕТЕКШІ Бекетаева Г. Е.

АҒА ОҚЫТУШЫ

КӨКШЕТАУ, 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАРЫНЫҢ БІРІ-ҚАБІЛЕТ 7

  1. Қабілеттілік туралы түсінік 7
  2. Бала бойындағы қабілеттілікті бақылау 15
  3. Дарындылық-тіршілік көзі 16

2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 22

  1. Бала бойындағы дарындылық қасиетін дамыту ұстаз парызы 22
  2. Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту 29
  3. Дарынды балаларды оқытудағы мұғалімнің атқаратын рөлі 33

3 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ

БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ 38

3. 1. Дарынды оқушының дамуындағы танымдық белсенділіктің

бағыттары, дәрежелері және белгілері мен компоненттері 38

3. 2. Дарындық оқушының танымдық белсенділігін арттыру 51

3. 3. Дарындылықтың қайнар көзі-мектеп 55

3. 4 Зерттеу экспериментті.

Қорытынды 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі 63

ҚОСЫМШАЛАР 67

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Балалардың дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі педагогика ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А. В, Матюшкин А. М, Нурахунова А. А, Кравцова Е. Е. Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардын бойындағы дарын-таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халықтың елдігі мен егемендігі, сол халықтың зиялы қауымына негізделеді және кез келген мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті мамандар сонымен анықталады.

Зерттеу мақсаты: Дарынды оқушылардың жеке тұлғалық даму деңгейін анықтауы да инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірі маманның тұлғасына, заман мен қоғамда қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімді шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бүгінгі мектептерде, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым. Тарих сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес тапсырмалар орындаумен айналысады. Мұндай тапсырмалар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Мектеп оқушыларының кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

ееркше жағдай туғызу.

Зерттеу міндетті:

  • оқушылардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту;
  • терең және жан-жақты ғылыми негіздерін игеру білімі бойынша тұрақты дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
  • өз бетімен білімін көтеру және ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларына оқыту, сонымен қатар жеке бастың өзін жетілдіруге ішкі қажеттілігін қалыптастыру;
  • жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін, қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • жеке бастың үздіксіз жетілуіне ішкі қажеттілік қалыптастыру.

Зерттеу обьектісі: Дарындылық қабілеттің даму үрдісі. Баланың әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңда болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогресс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды балабақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Олар:

  • біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден шыққандығымыз;
  • екінші бір себебі бала кезден бастап біз «сен мынаны дұрыс жасамадың», «олай емес», «бұлай болмайды» деген ескертулерді естіп өскендігіміз;
  • қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы;
  • көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік деп есептелінбеуі.

Зерттеу пәні: Оқушылардың дарынды қасиеттерін зерттеу, қалыптастыру әдістері. Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде дарындылықты байқай алу, қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.

Зерртеу әдісі:

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Ғылыми жаңалығы. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады. Тарих пәндердің оқу мазмұнына, шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі - үлкен жетістік. Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі төмен «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін шығармашылыққа кері әсер ететін факторлар анықталады.

Зерттеу құрлымы: Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің бәрінің кілті-мыңды жығатын білімде. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында үлкен нәтижеге жетуге болады.

1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАРЫНЫҢ БІРІ-ҚАБІЛЕТ

  1. Қабілеттілік туралы түсінік.

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

  1. Іс-әрекетті тез өзгерту.
  2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі

қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай-игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді [6, 22-35 б. ] . Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тіріткендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік-адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз [11, 22-15 б. ] .

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілетті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл-адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын , істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмегн баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әрі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті-оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет [11, 22-15 б. ] .

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет-адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе-қабілеттің дамуына негі болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік-нышан.

Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923 ж. ) [15, 19-20 б. ] .

Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Психикалық қасиеттер-бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектеп оқушыларға түрлі жұмыстар жүргізгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғышқыт, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті секе алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалддар әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады білікер іс-әректі орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал еікнші біреу өте баяу орындап, сапасыз орындайды. Бұл мысалдар да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.

Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рхани қабілеттерінің бірдейлігі деп түсінеміз [13, 2-15 б. ] .

Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан-баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан-жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеленуі. Анализатор ерекшелігін қабілеттің көрінуіне себебін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленсе, оның қабілеті дамымайды. Қолайырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаздар болып шыға келеді.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды [30, 122 б. ] .

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен "қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда "қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен.

"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. "Қабілеттер" деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады [4, 54 б. ] . Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жалпы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды.

Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б. Г. Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет" деген анықтама береді [60, 123 б. ] . Ақыл-ой қабілетінің алғы шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды жасайды.

Қабілеттілік пен іс-әрекеттің арасындағы дәстүрлі байланысты ескере отырып, біз оны кеңірек контексте, яғни қабілеттіліктер мен тұлға арасындағы және оның өмірлік іс-әрекетімен байланыстырып қарастырамыз. Соның негізінде күрделі мәселелер қойылады: іс-әрекеттегі қабілеттіліктің дамуы-тұлғаның міндетке толық кіру қабілеттілігі. Сонымен қатар қабілеттің тұлғалық қалыптасу сызығы дерексіз түрде емес, адамның қоғамдағы орнымен байланыстырып қарастырылады. Қабілеттіліктің дамуы тек қана практикалық нәтиже беріп қана қоймайды, сонымен қатар тұлғалық, яғни сол процестен қанағаттану эффектісіні береді, бұл өз кезінде қабілеттіліктің шарты ретінде болады. Қабілеттілік бұл жерде іс-әрекетке деген тұлғалық ниеттенуі ретінде қарастырылады.

Т. И. Артемьева қабілеттіліктерді қуатты және өзекті деп бөлу болжамын дамытты. Қабілеттіліктер алға шығып кету ретінде түсе алады. Бұл жерде тұлғаның іс-әрекетке деген қатынасының қайнар көзі қарастырылады [11, 59 б. ] .

Сондықтан біз қайтадан-енді басқа жағынан-мотивацияның бастапқы деңгейін ажырату және оның да, бағалау сияқты, іс-әрекетті реттеудегі тұлғалық әрекеттің дайын тәсілдерінің шарттарға сәйкеспеуін бағалау емес, өз мүмкіндіктерін нақты талаптарға бағалау. С. Л. Рубинштейнің жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, қабілеттілік өз мүмкіндігіннің спецификалық жалпылануы болып табылады. Сондықтан іс-әрекет тұлғамен соңғы бейне үшін сәйкес құрылымданады, ал қабілеттілікті іс-әрекеттің реттегіші ретінде түсіну реттеудің таза «технологиялық» аспектісіне әкелмейді, тұлғаның қандай іс-әрекетті негізгі ретінде таңдайтынын бейнелейді.

Сондықтан осылай қойылған қабілет мәселесі іс-әрекеттің жекедаралануы мен жекедаралығы тұлғаның маңызды аспектісі ретінде қарастырылады. С. Л. Рубинштейн қабілетті жалпы психикалық қабілеттерге жақындастыра келе, біріншіден, кейбір қабілеттерден ерекшелеуге олмайды, өйткені бұл осы қасиеттердің қабілеттің ерекше сапасына, даму болашағына жол бермейді. Екіншіден, қабілеттілікті жекелеген адамдарға тән ерекше құрылымдар ретінде, сонымен қоса олардың шығуын кездейсоқтық деп түсіндіруге болады [55, 79 б. ]

Көптеген зерттеушілер мен психологтар "таланттылық" деп белгілі бір салада (өнер, музыка т. б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З. Гильбух, В. С. Юркевич) .

Францияның ағарту ісінің өкілі К. А. Гельвеций адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Мысалы, жаңашыл педагог И. П. Волков " . . . егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара", - дейді [70, 56 б. ] .

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әртүрлі. біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік-нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайларда да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз асапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық-адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Дарынды оқушылармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субьектілік белсенділігін арттыру
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz