Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Дарындылықтың ғылыми педагогикалық-психологиялық
негіздері
1.1. Дарындылық туралы айтылған ғылыми ой-пікірлерге шолу
... ... ... ... ... 5
1.2. Мектептің жоғарғы оқу орнымен байланысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3. Балалардың дарындылығын диагностикалаудың мазмұны
... ... ... ... ... . 18

ІІ тарау. Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
2.1. Дарынды балалар мұғаліміне сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.2. Саралап оқыту – дарынды балаларға білім берудегі басты қағида
... ... . 44
2.3. Жүргізілген эксперименттік тәжірибелік жұмыстар
... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: 1) жалпы білім беру жүйесі, педагогика ғылымы
білім берудің философиялық негізін, оның стратегиялық бағыты мен жалпы
мақсатын, білім беруді жүзеге асырудың жолдары мен әдістерін айқындауды,
ертеңгі уақыт талабы тұрғысынан қайта қарау кезеңін бастан кешіруде.
Қабілетті, дарынды балаларды бөлектеп оқытудың дүниежүзілік тәжірибеде
ғасырдан астам тарихы бар. Ол қоғамның өркениетті дамуындағы ең бір күрделі
әлеуметтік проблема.
1996 жылғы Елбасының арнайы Дарынды балаларға арналған мектептерді
мемлекеттік қолдау және дамыту жөніндегі жарлығы, дарынды балаларға білім
берудің мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын және оның біздің жағдаймыздағы
көкейкестілігін көрсетеді. Бір жағынан, дарынды балаларға білім берудің
мәнділігі мен өркениетті елдердегі сан алуан тәжірибелер, екінші жағынан,
оның дамуының кеңес мектебінің практикасында кешуілдеп қалуы, жаңа ашылып
отырған оқу орнының мақсаты мен міндеттеріне бірден мүлде жаңаша, басқа
көзқараспен қарауды талап етті. Өркениетті елдердегі дарынды балаларға
білім берудің тәжірибесі, оған негізделген педагогикалық идеялар қаншалықты
нәтижелі болғанмен, ол өзінен-өзі біздің жағдайымызды шешпейтінді. Ол үшін
бізге білім берудің тым күрделі міндеттерін шеше алатындай ғылыми-
әдістемелік база, қолайлы білімдік орта керек еді.
2) Республика Президенті Назарбаев Н.Ә. 27.05. 1996 жылғы жарлығында
дарынды балаларға арнап арнайы оқыту жоспарын дайындауды ұсынған болатын.
1996 жылдан бастап Қазақстанда Дарын атты арнайы бағдарлама жұмыс істей
бастады. Бірақта мұндай жұмысты балалардың психологиялық ерекшеліктерін
зерттемей, білмей жүргізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 17
қарашадағы №124 бұйрығына сәйкес Дарын Республикалық ғылыми - практикалық
орталығы 2004 жылғы желтоқсанның 11-12 күндері Астана қаласында дарынды
балалармен және жастармен жұмыс саласындағы инновациялық әлеуметтік-
педагогикалық жобалардың Республикалық III фестивалі өтті.
Фестивальға қатысу үшін республиканың барлық аймақтарынан барлығы 108,
оның ішінде 12 ауылдық және 58 қалалық мектептерден тапсырыстар түсті. Оның
20-сы Дарын РҒПО-ның желісі бойынша дарынды балаларға арналған білім
ұйымдарынан, 50-і жалпы білім беретін ұйымдарынан. Фестиваль ауылдық
мектептерде де дарынды балаларды анықтау, оқыту және дамыту бойынша белгілі
дәрежеде жұмыстар жүргізілетіндігін көрсетті.
Дарынды балалармен жұмыстың мақсаты иновациялық озық тәжірибесін
тарату, дарынды балаларды анықтаудың, оқытудың және дамытудың жаңа
әлеуметтік және психологиялық педагогикалық технологияларын енгізу,
педагогтардың дарынды балалармен жұмысқа кәсіптік жеке дайындығын арттыру.
Ғылыми аппарат

Зерттеудің мақсаты: дарынды балаларға білім берудің ғылыми педагогикалық
негіздерінің маңыздылығына талдау жасау.
Зерттеу объектісі: дарынды балаларға арналған мектептердегі білім
берудің нәтижелері
Зерттеу пәні: дарынды балаларға білім берудің педагогикалық негіздері
Зерттеу міндеттері:
1.дарындылық ұғымына түсінік беру.
2. дарынды балалар мектептерінің жоғарығы оқу орнымен байланысы.
3. дарындылықты диагностикалау әдістері және оларды саралап оқыту
4. дарын балалардың мұғалімдеріне сипаттама
5. ізденіс жұмыстарына талдау жасау
Зерттеудің болжамы: егер, бүгінгі педагогика ғылымының теорияларына
сүйене отырып, дарынды бала ұғымын дәл анықтай білсек, оқыту
процесінде білім дәрежелері деңгейлес оқушыларды біріктірсе, білім
мазмұнын, оқыту жолдарын саралап білім беру принципіне сәйкестендірілсе
педагогикалық білім берудің маңыздылығы арта түсер еді.
Зерттеудіңжұмыс әдістері:педагогикалық, психологиялық социологиялық,
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, мамандандырылған дарынды
балаларға арналған мектептердегі оқу- тәрбие процесіндегі озық
тәжірибелерге талдау жасау, зерттеу нәтижелерін қорыту.
Зерттеу көздері: таңдалған тақырыпқа байланысты жазылған
әлеуметтанушылар, педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектері,
Қазақстан Республикасы Президентінің Дарынды балаларға арналған
мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту жөніндегі Жарлығы, ҚР Дарынды
балаларды оқытатын мамандандырылған мектептің ережелері, ҚР Білім
туралы Заңы, ҚР Үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары, білім
беретін мекемелердегі озат тәжірибелер.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Шучье ауданы, Климовка орта мектебі
Зерттеудің сынақтан өтуі: педагогика кафедрасының оқытушыларының
қабылдауымен дипломдық жоба алдын-ала қорғаудан өтті, Щучье аудандық
психологтар бірлесітігінің отырысында талдаудан өтті.
Диплом жұмысының құрылымы: кірсіпе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер
тізімі, қосымшалардан тұрады.

І тарау. Дарындылықтың ғылыми педагогикалық психологиялық негіздері

1.1. Дарындылық туралы айтылған ғылыми ой-пікірлерге шолу

Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен
даритын құбылыс. Дарын - адамның белгілі бір дүниеге психологиялық
қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу
қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің
қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, ал үшінші біреулердің
қабілеті төмен болады. Өз қабілетіне сай бала көздеген мақсатына қол
жеткізе алады.
Дарындылық данышпандыққа жеткізген деп халық бекер айтпаған. Әлемдегі
аты шулы данышпандықтардың бәрі балалықты бастан кешірген, бірақ ешбір адам
анадан данышпан болып тумайды, тек қабілет иесі, дарын иесі болып дүниеге
келеді. Демек, осы дарын иесін шеберлікке жеткізетін қоғам, мектеп. Әрине
өте сирек те болса, өмірде дарындылықтың туа пайда болатын жағдайы
кездеседі. Әлемнің ірі композиторы Моцарт 4 жасында күрделі музыкалық
шығармалар жаза бастаған. Бетховен тас құлақ саңырау бола тұра ұлы
музыкаларды жазған. Мұндай дарын иелері өте сирек кездеседі. Дегенмен адам
қабілетінің дамуына мектептегі оқу мен білімнің, тәрбиенің маңызы зор.
Психологиялық зерттеулердің анықтағанындай, бала қабілеті, санасы,
өмірге көзқарасы әр түрлі. Мұғалімнің басты міндеті осы ерекшелікті дұрыс
түсіне білуде жатыр. Педагогика ғылымының талабы бойынша мұғалім, ұстаз жан-
жақты сауатты, мәдениетті болуы тиіс. Яғни, мұғалімнің психологиялық
танымы, сезімі, көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттеріне сүйене отырып,
мұғалім ата-ананы, алдындағы балаларды дұрыс танып, қарым-қатынасты дұрыс
жолға қоюы мүғалімнің жоғары маман иесі екендігінің белгісі. Оның үстіне
бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім
мен тәрбие берсе баланың болашағының ірге тасы дұрыс қаланады.
Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек
деген екен Ш. Уәлиханов.
Ұзақ жылдар бойы Кеңес дәуірінде Қабілетсіз бала жоқ! деген жәдігөй,
екі жүзді ұран жарияланып, барлығы дарын деп танылған. Олай болса, барлық
балалар дарын деп танылса, таланттармен жұмыс істеп, оларға оқыту мен
тәрбиенің ерекше әдістерін әзірлеп, білікті және білгір мұғалімдер
даярлаудың да қажеті бар ма?... Осылайша, өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы
небір қабілетті, талантты, дарынды балалар кейде елеусіз қалып жатты. Қазақ
мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын
факторлар да жеткілікті болды. Соның бірі көптеген мұғалімдер мен
тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық білім жүйелерінің саяздығы,
олардың жұмыс бастылығы, қабілетті шәкірттермен дербес жұмыс жүргізуге
уақыт бөлмеуі т.б.
Ал қазіргі таңда, біздің республикамызда еліміздің егемендік алуы
нәтижесінде бұл мәселе жан-жақты қарастырылып, қазіргі заманға сай білім
беру үрдісінің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер
қойып отыр. Азаттық алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында
соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен
ізгілендіру мектептегі осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты
талпыныстарға жол ашты. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оқу-тәрбие
үрдісінде елеулі өзгерістер енгізіліп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болуда.
Табиғатынан дараланып туған, ерекше қабілетті балаға қамқорлық жасалып
жатқан қазіргі кезеңде балалардың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан
дүниесінің рухани байюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл
бөлінуде.
1996 жылы Елбасының қолдауымен Дарын республикалық ғылыми
практикалық орталығы құрылып, орталықтың басты бағыты мынадай
болды: дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу;
оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бағыттау т.б.
Сонымен қатар, осындай ой-өрісі жоғары таңдаулы
тұлғаларды анықтау және іріктеу бағытындағы жұмыстар жүйесін жасауға
Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік
қолдау туралы Президенттің Жарлығы, Жас таланттарды қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы, КАТЕV" халықаралық қорының
қызметі мүмкіндік туғызып отыр.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер - ерекше
дарынды білім алушылардың әлеуметті мүмкіншіліктерін мейлінше толық
дамытуға арналған, жалпы орта білім беретін мекемелер. Оның негізгі мақсаты
- әрбір оқушының жеке ерекшелігін дамыту, қабілетін ескере отырып
шығармашылығын қалыптастыру үшін ерекше жағдайлар жасау.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің типтік
оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің 1994 жылғы 14
сәуірдегі № 156 бұйрығымен бекітілген базистік оқу жоспары және Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйекте №
693 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының негізінде әзірленген.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің типтік
оқу жоспары білім алушылардың оқу жүктемесінің
жалпы көлемін, білім беру салаларының және оқу пәндерінің құрамын
анықтайды, сыныптар, білім беру салалары мен оқу пәндері бойынша білім
мазмұнын меңгеруге берілетін оқу уақытын бөледі.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жұмыстық
оқу жоспарының ерекшеліктері мен жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып
әзірлеуге және іске асыруға арналған нормативтік базасы болып табылатын
типтік оқу жоспары Дарын РҒПО-мен келісіледі және жергілікті атқару
органдарында бекітіледі.
Типтік оқу жоспарының құрылымында мыналар белгіленген:
А) мектептегі базалық білім мазмұнының ядросын көрсеткетін
инварианттық оқу жүктемесі,
Ә) оқушылардың мүдделігі мен қабілеттеріне сәйкес олардың жеке
тұлғасын дамытуға бағытталған вариативтік оқу жүктемесі, білім беру
салаларында белгіленген пәндерді оқытуға, жаңа оқу курстарын,
факультативтерін енгізуге, дара және топтық сабақтар жүргізуге
пайдаланылады.
Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен
ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы
ерекшеліктердің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады.
Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа
айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген
ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір ойдан анық
мәселе - педагогика мен психологияда көптеген тар жол, тайғақ кешулерден
өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып,
көп қиналта қоймайды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды
нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы
Г. Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай дейді: Термометрді
алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы
мәлімет өте мардымсыз болды... түбінде жылулық теориясы
термометр және басқа да құралдармен өлшеулер
жүргізу арқылы дамыды емес пе?" Сөйтіп, Айзенк дарындылық туралы түбегейлі,
тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп ойын тұжырымдайды.
ХІХ-ХХ ғ. тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық
мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Мишель, Г.
Спенсер, Т. Циген сияқты психолгтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау
үшін 5 негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін,
ерік, қабылдау және есте ұстау.
Нышан-------Қабілет-------Дарындылы қ-------
Талант-------Данышпандылық------Дан алық!
Тек XX ғ. басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет,
ғылыми ойлау, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп
түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты өнер мен білімнің арқасында
емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімінен туындайды деген болатын. Ал
Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде маған көмекке әрдайым
мейірімді перім - гений келеді деген екен. Әлбетте, дарындылық,
тұқым қуалаушылықтан, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай
ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарынды емес деп кім айтады?
Канада ғалымы Д. Хебб генотиптік интеллект деген ұғымды енгізді. Бұл
таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната
отырып, фенотиптік интеллектіні құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге
белгілі тест әдісімен анықталады. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу
мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8 : 2. Мұнда 8 - тұқым
қуалаушылық, 2 – сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келді: ой-
өріс бұл мәдени әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын
өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді
пайдалана білудің 80% генотиптік құрылымға байланысты. Хеббтің және басқа
да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдамаларды практик-ғалымдар
мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың 1-ші
"қарсылығы - қатып қалған интеллектіні" жоққа шығарудан басталады. 8 бен 16
жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50
пайызы ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете
білген. Сонда оқушы сегіз жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды
дарындылығын танытқан. Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған
дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы
жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай
дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді іздеу керектігін айта бастады.
Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей
отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп
қарастыруға көшті Неміс ғалымы В. Штерн
жалпы дарындылық интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа
талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын
қабілеті деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық - бұл белгілі бір бағытта
ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы: қолөнер, сурет, ақындық және т.б.
Сонда көптеген бір-біріне байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой
қабілетін, интеллектіні құрайды. Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында
ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психиканың одан да
күрделі ерекшеліктері: жаңа ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны
көп стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болуы
керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
XX ғ. 50-60 жылдары креативтік ұғымы интеллект ұғымының дарындылықты
сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен
жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ,
дарындылық - тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп түр.
Тек қана бір салада ерекші қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан
дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің
көпшілігі өлең жазған, керісінше ақындардың біразы сурет, қолөнермен
қосымша шұғылданып, жақсы туындылары мен халқын тамсандырған. Дарындылық
немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалы универсалдық тұрғыдан
қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есейюімен бұл қабілет өзінің
арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл
әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін
дарындылық деп атайды.
Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер,
адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық
қызметтерінде көрініс береді.
Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық Табиғаттан берілген ерекше қабілет
деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа
берілген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз.
Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,
біреуге көптеу, бреуге аздау, ал үшіншіге мүлде жарытпай тарататыны да
анық. Ал Ә. Алдамұратов: Адам қасиеттерінің даралық ерекшеліктеріне
талант, дарындылық сияқты қасиеттер де жатады.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі,
өнердің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан
айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік,
серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет,
Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезеңге дейін ел есінде
дейді.
Дарындылық - үлкен нышаннан туындайтын қабілеттің түрі. Дарындылық
адамның сәби кезінен байқалатын ерекше таланттығы, өнердің бір түріне туа
бейімділігі. Мысалы: Дюрер үш жасында өз суретін салған, Моцарт жеті
жасында төрт соната жазған. Гаусс он төрт жасында өзін математика әлеміне
танытқан. Қабілеті жан-жақты дамыған адамдарды дарынды деуден гөрі
қабілетті деу орынды. Дарын - туа біткен ерекше қасиет. Ол - дара
психологиялық және педагогикалық құбылыс. Ал қабілеттілік әр адамда
болатын, еңбектанумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарындылық - балаға
білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-
тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуінің
нәтижелік көрінісі.
Адамның білуге деген ынта-ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық
қасиетімен ұштасуын ақыл-ой қабілетінен байқауға болады. Дарындылықтың әр
түрі болады. Солардың бірі әлеуметтік дарындылық, оны лидерлік деп те
атайды. Ол мектепте де, жанұяда да ешқандай уайым туғызбайды және өте
ерекшеленіп тұрады.
Ал бәрінен де көп танылған түрі - көркем өнерпаздық дарындылық
(музыкалық, сурет және сахналық).
Ерекше спорттық дарындылық - бұл психомоторлық дарындылық. Академиялық
дарындылық оқуға деген ерекше икемділікте байқалады, бұл болашақта жақсы
маман болуға көмектеседі және олар өте жоғары мамандандырылған жеке тұлға
болып қалыптасады.
Интеллектуалдық дарындылық - ойлау ерекшелігі жоғары деңгейде,
материалды меңгеруі, түсінуі, сөйлеу білуі шапшаң. Қорытынды жасауға,
фактілерді талдауға деген қабілеті зор Мінезінде қырсықтығы бар "қиын"
балалардың түрі. Пікірталастардан ләззат алады, мақтанғанды қалап тұрады.
Шығармашылық дарындылық - әлемге өзгеше қарайды және шаблонды емес
ойлауда байқалады. Бірақ олар алға қойған мақсаттарына жете бермейді де,
жолы болмағыштар болып көрінеді. Олар бала кезінде де мектепте және жанұяда
барлығы тітіркендіреді. Бұндай баланы дер кезінде байқап, оған көмек
көрсету керек.
Жалпы дарынды балаларды оқуға күштемеу керек. Олар өздеріне көбінесе
күрделі және интеллектуалды жұмыс іздейді. Дарынды балалар үлкендермен
қарым-қатынасты қажет етеді, өйткені олар оны жақсы түсінеді және оған
сүйсінеді. Ал құрбылары оны түсінбейді, жиі оны мазақтайды, оған күліп,
келеке ат қояды. Бұндай балалардың сезімталдығы өте жоғары дамыған: қызба
келеді, жоқ нәрсеге ашулануы мүмкін, бірақ бұл еркелік емес,
темпераментінің көрінісі.
Шығармашылық балалар әзілқой, тілдері қыршаңқы келеді. Олардың
моторикасы мен қабылдауы басқа балалардан өзгешеленіп тұрады. Ал, енді
біреулері қырсық, тікмінезді, өзімшіл, тынышсыз, және тазасүйгіш болады.
Дарынды балалардың ерекше тобын қорытындылай келіп, мынаны айта
кететін жөн: дарынды балалар сонымен қатар, ақыл-ой нашар жетілгендермен,
жас өспірім заң бұзушылармен, маскүнемдердің балаларымен қатар Бүкіл
әлемдік денсаулық қорғау қоғамының шешімі бойынша Қауіпті топ қатарына
енді.
Дарынды балалар туралы білім беру заңының № 3 бабында Жеке адамдардың
білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту деген тарауда жазылған.
Оларға ерекше тәрбие қажет: арнайы жеке оқу бағдарламасы, арнайы
дайындалған мүғалімдер мен арнаулы мектептер ұйымдастырған жөн. Бұл дарынды
балалардың ерекшелігі мен проблемасын қарастыратын және есепке алатын
ерекше мектеп болуы тиіс. Бұндай балаларға қойылатын тапсырмалар да
күрделілігімен ерекшеленуі керек.
Сонымен қатар, жасырын дарындылық та болады, олар ашық көрінбейді,
жанұяда мұндай бала болса, оны қоршағандар үлкен қиындықты сезінеді. Олар -
қандай да бір іспен әуестенген фанаттар. Соңғы кездері көптеген
компьютерлік фанаттар пайда болды. Оларға мектеп - тек бөгет.
Еріншек дарынды балалар да болады. Қандай да болмасын мағлұматты
бойына жинап алғанмен, ештеңе істегілері келмейді.
Қарапайымдылар - өздерін төмен бағалаған балалар, бойын жасырып,
өздерін онша көрсетпеуге тырысады.
Тағы да, жанұя мен қоршаған ортамен келіспеушілікке жиі ұшырасып
қалатын невротик немесе психопат түрлері де кездеседі.
Әпенді (чудак) немесе ерсі дарынды балалар - ұрыскерісті ұнатпайтын
жұмсақ, тынышты балалар. Осындай жұмсақ балаларды жанұяда тез аңғарған жөн.
Себебі, оларға үлкендердің, ата-аналардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің
әрі психологтардың көмегі қажет.
Психологтар - Б.М. Тепловтың, С. Н. Лейтестің айтуынша, балалардың
осындай ерекшеліктері жоғары нерв қызметіне (мидағы уақытша байланыстардың
берік орнығуы, қозу және тежелу процесінің алмасуы, қабілетінің молдығы,
динамикалық стериотиптердің шапшаң жасалып, жақсы орнығуы) байланысты.
Дарынды балалар зейінді, зерек, жинақы келеді. Қиындығы мол жұмысты
жан-тәнімен беріліп істейді. Мектепте мұғалімнің сөзін қалт жібермей, үнемі
жауап беруге әзір тұрады. Еңбек сүйгіштік, еңбек етуді ылғи да қажетсініп
отыру, оралымды ойлау, талдау мен жинақтау, жүйелі пікір айтуға бейімділік
- осындай балалардың психологиясының басты белгілері. Жасы тәлім-тәрбиенің
әсерімен, кейіннен ондай балаларды қабілеттің арнаулы түрлері (математика,
физика, биология, әдебиет, өнер, сурет, т.б.) дамып жетілетін болады.
Дарынды балалардың бәрі де білімді қажет етеді. Ереже бойынша оларды
оқытудың керегі жоқ, олар өздеріне-өздері жұмыс істейді, әсіресе қиын және
ақыл-ой еңбегін ұнатады. Осынысымен жиі ата-аналарын қорқытады.
Жанұядағы дарынды бала - олардың мақтанышы. Егер жанұяда барлық бала
дарынды болса, ешбіреуі ерекшеленбейді, сосын оларды қарапайым бала ретінді
қабылдайды. Олар жиі балаларының бәрімен бірдей болып, өзгешеленбеуін
тілейді. Ата-аналары мерзімінде дарындылығын байқап, оған көмектесу керек.
Кейбір ата-аналар талантты қыстап азаппен ойдан шығарады. Балалардың
бар күшін жұмсап, кішкентай қабілетінен талант жасап шығарғысы келеді.
Балалар көбінесе ата-аналарының мұндай қысымын көтере алмай, ата-аналарының
мақтаншақ үмітін ақтай алмайды. Бұзылған денсаулықты дұрыстауға болады,
үзілген рухани күшті орнына келтіру қиын.
Егер шын мәнінде талант болса, ол бәрібір көрінеді, бірақ талантты
қолдан жасау - баланы қорлау.
Ата-аналар балаларының дарындылығын көбінесе оның күрделі сөздерді
қолданғанынан, ерте сөйлеуінен, есептен немесе оқуынан, алғырлығынан
байқайды. Сонымен қатар, оған тез қабылдауы мен елестетуі, бір нәрсеге
үлкен әуесқойлығы тән. Бірақ мұндай ерекшеліктер ашық көрінбейді.
Ал, кейде "Мен баламның дарынды болғанын қаламаймын, ол одан да жай,
қарапайым, бақытты - біз сияқты болсын деп айтатын ата-аналар да
кездеседі. Не болмаса, Сізге дарынды баланы тәрбиелеу қалай келеді? деген
сұраққа олар: баламыз оқуға барып, оған дарындылықтың жапсырмасын (ярлык)
жабыстырып қойып, бізге хабар бермегенге дейін барлығы өте жақсы болатын
деп жауап береді. Осындай жағдайларда пайда болатын шиеленістер шаңырақтағы
қызық-қуаныштарды ығыстырып шығарып тастауы мүмкін.
Ата-аналардың осылай қайғыруын түсініп, оларға кеңес беруге тырысқан
кезде, ата-аналар дарын болу - нормадан ауытқу, өзінің құрбыларымен тіл
табыса алмайтын, өз орнын таба алмайтын бақытсыздық деп шын мәнінде ойлай
ма деген сұраққа батасың. Бірақ, өкінішке орай, осындай стериотиптерге
кейде ата-аналар да қосылады. Дарындылыққа деген осындай қарым-қатынас
бақытты балалық шақтың болуына көп үлкен кедергісін келтіруі мүмкін. Бұндай
стериотиптердің бетін қайтарып, мүлдем жою керек. Керісінше, баланың
керемет қабілеттерін қоғам мінезінің көңілін табу үшін жоққа шығару немесе
елемеу, болашақта баланың өмірде өз орнын табуға және бақытты болуына
ешқандай көмегін тигізбесі анық.
Осындай сәттерде ата-аналарға болсын, балаға болсын психологтың,
педагогтың көмегі қажет. Педагог ең алдымен қандай дарынды бала болмасын
оны оқытуы керек, шыдамдылыққа, еңбек етуге, өздігімен шешім қабылдауға
үйрету керек. Педагог осындай балаға өзінің қарым-қатынасын талдап алған
соң ғана өзара түсінісудің дұрыс жолын қарастырады.
Ең алдымен ата-анасы мақтан тұтатын бұндай балаларда қандай ерекшелік бар
екенін біліп алған жөн. Бала таланты ата-аналарын соқыр қылып
жіберетінін ұмытпау керек. Жанұядағы келіспеушіліктер ондай балаға қысым
көрсеткенмен тең. Ол қысымшылықты, айқайды ұнатпайды. Ал ата-
аналары мұны ұмытып кетуінен үлкен проблемалар
туындайды.
Педагог ата-аналарға баланың жеке бас қабілеттерін дамытуға
көмектеседі. Арнайы мамандарға кеңес алуға жібереді, ата-аналар мен
мұғалімдердің арасындағы байланыстарды үнемі жүзеге асырады.
Дарынды балалардың өзгеше мінез-құлқы олардың көңіл-күйінің жиі
ауысуынан көрінеді. Олар қарым-қатынаста шыдамсыз келеді, әңгімелесушісін
бөліп жіберіп, өзінің білімін көрсеткісі келіп тұрады. Әрқашан қате
жерлерін дұрыстап отырғанды ұнатады. Сондықтан, педагог балаларды
төзімділікке және адамдарды ығыр қылмауға тәрбиелеуі керек.
Талантты балалар жақсылықтың, әділдіктің, мейірімділіктің не екенін
біледі, бірақ тәжірибеде мұндай әсем идеяларды өмірге әкеле алмайды. Осыны
да нақты іске асыруға көмектесетіндер - ұстаздар, олардың білімдарлығы,
ізденгіштігі, жан дүниесінің байлығы, шәкірт зердесіне білім нәрін ұялата
білу қабілеті болып табылады.
Мұғалім өмірлік күрделі жағдайларға түскен дарынды балаға көмек
көрсету ретінде көптеген дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған ұйымдар
ашылып, осындай іспен Ресейдің арнайы дефектологы В. П. Кащенко сияқты
көптеген ғалымдар айналысуда.
Қай заманда болмасын мұғалім алдымен ұлы Абайдың "Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуге балаға" дегендей, тәлім-тәрбие ісіне жалықпайтын,
шығармашылығы мол, еңбексүйгіш, парасатты азамат болуы керек. Өйткені
баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген
атқа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді
ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық және педагогикалық-
психологиялық сауатты болуы тиіс.
Білімқұмарлық пен бәрін білуге ұмтылу, үлкен шығармашылық потенциал
қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Ондай болмас үшін, олардың ата-аналарына кеңес беру арқылы, психолгтар,
әлеуметтік педагогтар баланы мектепке дейінгі жастан бастап шығармашылық
еңбекке тартып, үлкен салмақ түсіру керектігін айтады.
Ұстаздардың бұрынғы формализмнен бас тартып, шығармашылықпен жұмыс
істеуіне, шәкірт жан-дүниесіне терең үңіліп дарынды да қабілетті
шәкірттерді анықтауға ерекше мүмкіндіктер туды. Уақыт талабының өзі де -
осы.
Қорыта келе айтатыным, елімізде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың
қолдауымен дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуіне жағдай жасалып
отыр. 2002-2005 оқу жылдары Дарын бағдарламасымен жұмыстарды жүйелі
жүргізу басты назарда болды. Осыған орай еліміздің түпкір-түпкірінде
оқушылардың әрбір пәнге қабілеттілігін анықтап, оған жетекшілер
тағайындалып, жыл бойы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әдістемелік кабинеттер
тарапынан дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын озат, жаңашыл ұстаздардың
шығармашылық тобы құрылып, Дарын бағдарламасы жұмыстарын жүйелі жүргізу,
қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Балалардың білімге деген
құштарлығы арттыру
мақсатында "Жыл оқушысы", "Үздік сынып", "Мектеп лидері" т.б. байқаулар да
өткізіліп жатыр. Сонымен қатар дарынды окушылар халықаралық
олимпиадаларға қатысып, жүлделілері оқуға түсу емтиханын тапсырмай-ақ
Қазақстанның және басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттері
атанып, оларға стипендия да тағайындалды және ең үздік мектеп түлектеріне
мектептің ең жоғары наградасы Алтын белгі медалі беріледі. Сонымен қатар,
елімізде дарынды балаларды білім нәрімен
сусындататын білім ошақтары да жеткілікті.
Тәуелсіз елеміздің өте әлемдегі мойны озық елдермен иық теңестіруі
үшін де жан-жақты білімі бар, саясатқа мәдениетке жетік зиялы қауым шоғыры
мол болуын талап етеді. Ол зиялы қауым бүгінгі мектеп қабырғасында оқып
жүрген оқушылар. Дана бабаларымыз Ұяда не көрсең, ұшқанда соны білерсің
дегенді тегін айтпаса керек.
Сондықтан, қазіргі кезде мектептердің білім беру сапасы өте жоғары
болуы тиіс. Алматы қаласындағы Болашақ арнаулы орта мектебі - осындай
заман талабына сай білім шаңырағы. Бұл мектептің алға қойған мақсаты -
қабілет-қарымы ерекше дарынды балалардың ұлттық парасатын нығайтып,
болашақта да білімін ұштай түсуіне көмектесу.
Мектеп қабырғасында кемеңгерлер, жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам
бойындағы дарындылықты нағыз данышпандылыққа айналдырудың бір ғана шарты -
табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Ізгілікті демократия кең өріс алған қоғамда ғана дарындар дами алады,
оған жағдайлар жасауға мүмкіндік туады. Сондықтан әрбір адам өзінің жеке
ерекшеліктеріне байланысты аянбай еңбек етсе, үнемі оқып үйреніп, ізденсе
ғана өзінің талантын шарықтата алады.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың еліміздің дарынды оқушы жастарымен кездесуі
1996 жылдан бері дәстүрге айналды. Осындай кездесулердің бірінде Президент:
Қазіргі таңда Дарын орталығының есебінде үш мыңнан астам дарынды балалар
бар. Бұл тізім кеңейе түседі деп ойлаймын, менің бұл пікіріммен келісетін
шығарсыздар, өйткені біздің еліміз талантты адамдармен бай деді. Мен де
осы пікірмен келісемін, Абайдай, Шоқандай, Ыбырайдай, Мұхтардай ұлы
тұлғалардың ұрпағы неге қабілетті, талантты, дарынды, данышпан болмасқа!

1.2. Мектептің жоғары оқу орнымен байланысы

Жоғарғы оқу орындарының материалдық, ғылыми-әдістемелік базасы,
ғалымдар мен ғалым-әдіскерлер, оқытушылар жоғарғы интеллектуалдық
мамандықтарға жастарды даярлауды қамтамасыз етеді. Жоғарғы кәсіптік білім
берумен мектептегі жалпы білім берудің арасында үлкен айырмашылықтар бар.
Бірі – жоғарғы ғылыми деңгейде жастарды нақтылы бір мамандыққа, екіншісі –
баланың жалпы дамуына негіз жасай отырып, оларды ертеңгі өмірге әзірлейді.
Бірақ жоғарғы оқу орындарының ішінде жастарды педагогикалық мамандықтарға
әзірлейтін гуманитарлық университеттер мен педагогикалық институттардың
жалпы білім беруге қатынасты өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар.
Педагогикалық университеттер мен институттарда тікелей жалпы білім
проблемасымен айналысатын бірнеше кафедралар жұмыс істейді. Педагогика және
психология кафедралары ортаңғы және жоғарғы сынып оқушыларымен тәрбиесіне
де даму білім алу ерекшеліктеріне де байланысты теориялық және практикалық
мәселелермен айналысады.
Жалпы білімді жаңа оқу технологиясымен байланысты жүргізуде жоғарғы
оқу орнының пән кабинеттері мен лабораториялары: интернетке қосылған
компьютерлік жүйе, ғылым салаларына қарай жабдықталған кітапханалар, ондағы
сан алуан, бай ғылым – көпшілік әдебиеттер, газет-журналдар; оқу залдары
мен арнаулы пәндік аудиториялар т.б. тікелей көмектесе алады.
Дарынды балалар мектебі – тыңнан педагогикалық жоғарғы оқу орнының
өзінде ұйымдастырылды. Біздің алдымызда дарынды балаларға білім берудің
бүгінгі талабына сәйкес, жоғарғы оқу орнының жалпы білім беруге қатынасты
мүмкіндігін тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістерін айқындай отырып, жаңа
оқу орнының оқу-тәрбие үрдісін жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білу басты
проблема болатынды.
Проблема бұл жерде ерекше қабілетті, дарынды балалардың
интеллектуалдық сұранысын дамытудағы жалпы білім беретін мектептің ғылыми-
әдістемелік, материалдық жағдайының бүгінгі төмендігінде ғана емес еді.
Барған сайын мектептің де жағдайын жақсарта отырып, білімдік деңгейін
көтеруге де, дарынды балаларға арналған жекелеген мектептердің оқу базасын
жан-жақты жабдықтап, жаңа оқыту технологиясын енгізуде болар.
Бұл жерде мәселе дарынды балаларға білім-тәрбие беру де мектептің
мүмкіндігі жетпейтін жақтарын жоғарғы оқу орнынан алып пайдалану бағытында
ғана еместі. Әңгіме одан гөрі кеңірек, басқаша. Тұңғыш рет дарынды
балаларға жоғарғы оқу орнының толықтай ғылыми-әдістемелік ахуалы
жағдайында, жоғарғы интеллектуалдық мамандықтарға, кәсіптік бағдарлы білім
беруді жүзеге асыру бағытында қойылып отыр.
Дарындылық өте күрделі құбылыс. Ғылыми теориялық түсініктер де
әртүрлі. Біз практикада дарындылықты балаға білім алуда ғылымның бір немесе
бірнеше саласында жоғарғы жетістікке жетуіне көмектесетін қабілет бағытында
алдық. Осы негізде дарынды баллар мектебінің бірден-бір мақсатына – баланың
ақыл-ой жағынан дамуын жоғарғы деңгейде жүргізе отырып, оларды
интеллектуалдық мамандықтарға даярлауды жүзеге асыру алынды.
Дарындылық нақтылы іс-әрекет барысында көрінеді, танылады, дамиды,
жетіледі. Іс-әрекет неғұрлым жүйелі де күрделі болып, балаға түсетін күш
барған сайын өсіп отырғанда ғана, баланың ақыл-ой жетілуі соғұрлым қарқынды
жүреді.
Мектептің білім деңгейі ең алдымен мұғалімге қатынасты. Жалпы білімнің
сапасы – мұғалімнің ғылыми-әдістемелік білім дәрежесімен байланысты.
Мектеп соның ішінде дарынды балалар мектебі өзінің алдына балаға
берілетін білім сапасын ерекше көтеруді ең басты мақсат етіп алса, өзін сол
талапты жүзеге асыратын мұғаліммен қамтамасыз ете білуі тиіс. Сондықтан
дарынды балалар мектебінің жоғарғы оқу орнымен байланысындағы ең басты
көзделетін жағдайы, сөз жоқ, университет арқылы өзін білімдік деңгейі
жоғары мұғалімдермен қамтамасыз ете білу.
Мұғалімге қойылатын ең басты талап, сөз жоқ оның мектеп мақсатына
сәйкес нәтижелі еңбек етуі. Ол нәтиже оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсу
кезінде және бітірушілердің жоғарғы оқу орнында қаншалықты жоғарғы деңгейде
білім алуында көрінеді.
Дарынды балалардың терең білім алуының да, жалпы ақыл-ойжағынан
дамуының да қолайлы жағдайы, олардың шығармашылық қабілетін дамыта білумен
байланысты. Оқушылар мектепте өздерінің таңдаған мамандықтарына, ғылым
саласына қарай арнаулы курстарға, пән олимпиадаларына, ғылыми-практикалық
конференцияларға, семинарларға қатынасады, баяндамалар жасайды, рефераттар
дайындайды. Ол жұмыстарды жүргізетін басшылық жасайтын университет
ғалымдары мен оқытушылар.
Бүгінгі мамандырылған мектептердегі арнаулы пәндердің білім көлеміне
толықтай сәйкес оқулықтар жазыла қойған жоқ. Болашақта жазылғанның өзінде,
тек қана оқулықтар дарынды балалардың терең де, жан-жақты білім алуын
қамтамасыз ете алмас еді. Сөз жоқ танымдық қызығушылығы сан алуан жастардың
талабын қанағаттандыру, оардың үнемі жасау – университет сияқты бай
мамандырылған мектеп жөніндегі үкіметтің қаулысында, ондай оқу орындарын
ғылыми орталықтарымен байланысты болуы тиіс деуінің объективтік негізі бар
екендігі мектеп өмірінен айқын көрінеді.
Университет базасы мамандырылған мектепте жалпы білім беретін басқа
оқу орындарының практикасын қайталамайтын төменгідей дарынды балаларға
білім берудің ең бір күрделі проблемаларын шешуге мүмкіндік берген еді:
- дарынды балаларды мектепке ғылыми негізде іріктеп алуға;
- білім беруді қатаң бірыңғай саралап жүргізуге;
- сабақты 80 минуттық ұзақтықта өткізуге;
- кәсіптік бағдарлы білім беруге;
- оқушыларды халықаралық деңгейге дейінгі студенттер мен оқушылардың
ғылыми конференцияларына тұрақты қатынастыруға.
Қабілетті, дарынды балаларға білім беруге арналған жаңа оқу орнының
жоғарғы оқу орнының базасында ұйымдастырылуы лицейдің алдында тұрған
күрделі міндетті шеше алады деген бізге бірден үлкен сенім туғызады.
Жастарды педагогтік мамандыққа әзірлейтін ЖОО жалпы білім беруде қатынасты
мүмкіндіктері өте жоғары. Мектептегі жалпы білімді тереңдетіп, ғылымның
бүгінгі даму деңгейін бағдар таба білетіндей оқытуға барлық пән
кафедраларының ғалымдары қатынаса алады.
Мектепке қарағанда, олар өздері айналысатын ғылым салаларынан әлде
қайда жоғары білікті мамандар. Жалпы білімді жаңа оқу технологиясымен
байланысты жүпгізуде де ЖОО базасы озық, тиімді.
Дарынды балаларды бөлектеп оқытудың тәжірибесі – оларды іріктеп,
топтауды да, оқыту үрдісін ұйымдастыруды да білім мазмұнын айқындауды да
саралап білім беру принципі арқылы жүргізуді талап етеді. Ол әрбір
қабілетті, талантты оқушының жеке дара өзіндік даму шапшандығын
қанағаттандырудың ғана басты шарты емес, сол арқылы олардың ертеңгі күні ең
күрделі интеллектуалдық мамандықты жоғарғы деңгейде меңгеруіне де қолайлы
жағдай жасайтынды. Мектеп бірден және кейінде өзінің ең басты бағыты
ретінде – оқушыларды мектепке іріктеп қабылдауды да, сыныпқа топтауды да
нақтылы мамандықтарға қарай жүргізді. Жыл сайын 50 оқушы қабылдай отырып,
мектеп оқушыларды институтқа әзірлеуді белгілі бір мамандықтарға қарай
ұйымдастырды. Білімдері деңгейлес, мақсаттары мен қызығушылықтары бір
бағыттағы оқушыларға шағын топтар арқылы, кәсіби бағдарлы, саралап білім
беру жүзеге асырылды. Бұл бағыт көп уақыт өтпей-ақ мектептің мақсатына
сәйкес, білім беруде өзінің тиімді екенін көрсетті. Мектептің алдында
тұрған екінші бір мәселе – ондағы білімнің мазмұнын айқындау еді.
Жаңа оқу орнының мақсатына қарай ондағы берілетін білім, үш басты
міндетті шешуі тиіс болды. Бірінші, қабілетті, дарынды балалардың
әрқайсының өзіндік даму сұранысын қанағаттандыру. Екінші, ЖОО түсуде
оқушылардың біліміне қоятын талапқа сәйкес келуі.
Үшінші, олардың жоғарғы оқу орнында жоғарғы деңгейдегі білім ауына
іргелі негіз болатын жалпы білім болуы. Жалпы алғанда, оқушылардың жеке
дара интеллектуалдық жағынан дамуын қамтамасыз етумен, оларды ЖОО даярлау
бір-біріне қайшы да қарсы да түсінік еместі. Бірақ лицейдің де кейін
мамандырылған дарынды балалар мектебінің де оқу жоспарының жалпы білім
беретін мектептің стандартына сәйкес жасалынуы қабілетті балалардың әр
қайсының өзіндік дамуын қамтамасыз ету бағытында да, жалпы жаңа оқу орнының
талабына қарай оқу жоспарын қалыптастыруға да қиындық келтіреді. Лицейдің,
кейін мамандандырылған мектептің эксперименталдық негіздегі жаңа оқу орны
екенідігін пайдаланып, оқушылардың қабілеті мен қызығушылығына қарай шағын
топтарға бөліп, олардың таңдаған мамандықтарына қатынасты пәндерді
бөлектеп, жалпы білім беретін мектептен көрі, көлемдерін 2-3 есеге дейін
тереңдетіп, саралап білім беру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Сөйтіп
оқушылардың апталық жүктемесі 42-46 сағатқа дейін жетіп, олардың меңгеруше
тиіс білім көлемі көбейді. Арнайлы пәндерден білім мазмұны күрделеніп,
оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне тура келді. Оқыту үрдісіне
ЖОО кейбір әдістемелік элементтері лекция жазу, практикалық және өз бетімен
істейтін жұмыстар т.б. енгізілді. Оқушылардың білімін көтеру, оларды ЖОО
әзірлеу бағытындағы жұмыстардың нәтижелі болуына ЖОО білімдік ортасы,
материалдық базасы, институт ғалымдары мен әдіскерлердің оқу үрдісіне
тікелей араласуы бірдей қолайлы жағдай жасады. Лицейде бірден оқыту үрдісі
жаңаша ұйымдастырылды.
Бүгінгі тәжірибеде, сыныптағы оқушының санына, жас шамалары мен білім
деңгейлеріне, сан түрлі танымдық қызығушылығы мен ертеңгі өмір мұраттарына
қарамастан, сыныптардың қай-қайсысында да сабақ 45 минут ұзақтықта өтімді.
Күнделікті білімді әр оқушының өз мүмкіндіктеріне қарай жеке дара
меңгеруіне де, өтілген материалды әр оқушымен қайталауға да ол уақыт
жетпейді. Сондықтан да, лицей бірден сабақ уақытын 80 минут ұзақтықта
бастады. Оны ұйымдастыруда басшылыққа алар не теориялық, не дидактикалық-
әдістемелік материалдар жоқтың қасы болғанмен, мұғалімдер де, университет
ғалымдары да оны сапалы білім берудің қолайлы жағдайы деп түсінді. Сонымен
қатар, дарынды балаларға берілетін білім мазмұнының күрделілігі, оның
барған сайын өсуі (қазір арнаулы пәндерден апталық жүктеме 10 сағаттан 14-
16 сағатқа жетті).
Біздің жағдайымызда балалардың мүмкіндігіне сай келе ме, жоқ па, ол да
белгісіз еді. Ал қазір ол күмән туғызбайды. Қабілетті балаларға саралап
білім беру де келесі мәселе – мұғалімге қатысты. Әр оқушының дара
ерекшелігіне қарай білім алуын, дамуын қадағалайтын, оны қамтамасыз ететін
мұғалім. Университет ғалымдары оқушыларға кең көлемде, жоғарғы ғылыми
деңгейде білім бере отырып, олардың танымдық қызығушылығын дамытса, мектеп
мұғалімі балаларға күн сайын қатаң талап қоя отырып олардың әр қайсысымен
тұрақты, жүйелі жұмыс істейді. Демек, біз дарынды балалардың білім алуына
ғалымдардың да, мұғалімдердің де қажеттілігін көрдік. Дарынды балалардың
дара даму мен білім алуындағы университет әлемі – күрделі де мол дүние және
де ол жалпы білім беру де жүйеге келмеген тыс мәселелер. Дарынды балалар
мектебінің тәжірибесінде тақырыпқа қатынасты, өзіміздің көзіміз жеткен,
практикада дәлелді көрінген педагогикалық үрдістерді ғана қамтуға тырыстық.

Мектеп тәжірибесі бір жағынан, осы практиканы одан әрі
жалғастырушыларға да екінші жағынан, қабілетті балаларға білім берудің
практикасымен бүгінгі таңда айналысып отырған педагогтар қауымына да
пайдалы бола ма деген мақсатта жазылды. Мектептің аз уақыт ішінде
республикалық деңгейде үздік көрсеткіштерге жетуі, ең алдымен университет
пен оның ғалымдары оқытулары, әдіскерлермен байланысты.

1.3. Балалардың дарындылығын диагностикалаудың мазмұны

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет
балалардың қабеліттері мен таланттарын жан-жақты Аша түсу үшін
дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау
болып табылады.
Дарынды балаларды анықтау баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ
процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы,
сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп,
сатылап анықтау қажет.
Баланың дарындылығын бағалағанда қателесу ықтималдылығын барынша
төмендету қажет, өйткені ғалымдардың өзі дарындылық атты таңқаларлық
құбылысқа тән белгілер күрделі, сан қырлы және көп деңгейлі болғандықтан
нақты анықтама бере алмай отыр.
Балалар бойындағы дарындылықты анықтау — ұлттық маңызды мүдделердің
бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле
отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз.
Өйткені, баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын
мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, дарынды балаларды анықтаудың
мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1) түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең
көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-
жақты бағалаудың кешендік сипаты;
2) баланы танып-білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы
іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
3) баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін
қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған
пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға
қатыстыру);
4) дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін
жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
5) баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары санатты
тәжірибелі мамандарды тарту (математиктер, филологтар, шахматистер,
инженерлер және т.б.);
6) баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты
деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке
ала отырып бағалау;
7) жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-
аналардың сараптамалық бағалары, баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-
әрекетін бағалаумен байланысты психодиагностиканың эксперименттік маңызды
әдістеріне сүйену. (Психодиагностика әдістері айтарлықтай күрделі екенін
және де жоғары біліктілік пен арнайы білімді қажет ететіндігін атап кету
керек.)
Демек, баланың дарындылығын тек бірегей көрсеткіштерге қойылған
бағамен негіздеуге болмайды, мысалы, ақыл-ой дамуының жеке деңгейін сандық
көрсеткіштер — психоөлшемдік сауалнамалар көмегімен анықтайтын ақыл-ой
коэффициенті. Дәл осы сауалнамалар (баланың шығармашылық қабілеттерін
зерделейтін креативтілік сауалнамалармен бірге) оқушыларды дарынды балалар
мектебінің сыныптарына іріктеп аларда өте жиі қолданылады.
Зерттеушілер ақыл-ой мен креативтілік сауалнамаларын қолданудың да
шегі бар екенін ескертеді.
Балаларды ақыл-ой сауалнамасы негізінде іріктеу ғылыми тұрғыдан
жетілмеген деп табылды, өйткені онда пайдаланылатын ену немесе өту
ұпайының (жинақы жне шашыраңқы өнімділік көрсеткіштері түрінде) нақты
тұжырымдық және эмпирикалық негіздемесі жоқ.
Сондықтан біздің мектептерде осындай сауалнамаларға тыйым салғаннан
кейін мұғалімдердің сауалнамаларға сенімі түрлі келеңсіздіктерге алып келуі
мүмкін.
Дарындылықты анықтау сауалнамалары баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ
уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және
әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-
педагогакалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет.
Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қайсыбір дарынның байқалуы мен
өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Сонымен қатар балада
танымдық ынталану жоғалғанда немесе тіптен болмаған жағдайда оның жасырын
дарындарын диагностикалауға көмегін тигізеді.
Осылайша, сауалнамалар бала бойындағы қандай да бір дарынды анықтауда
пайдаланылатын әдістердің бірі ретінде қолданылады. Сонымен қатар
сауалнамалар мамандарға өте ыңғайлы психоөлшемдік құрал екенін де
ескермеуге болмайды. Алынған ұпайдың артында не тұрғанын және сауалнама
жүргізу мен оның берілгендерін өңдеу барысындағы болар-болмас өзгерістерді
түсіну мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Ерекше балаға – ерекше мектеп
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Білім беру сапасын басқару мәселелері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балаларды анықтау
Пәндер