Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ . . . 2

I. Дарындылықтың педагогиқалық-психологиялық негіздері . . . 81. 1. Дарындылықтың теориялық зерттеу жайы… . . . 17

1. 2 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендіру ерекшеліктері . . . 27

II. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы . . . 31

2. 1 Дарынды балаларды оқытатын мұғалім . . . 42

2. 2 Мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары . . . 53

2. 3 Жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі…… . . . 62

Қорытынды . . . 72

Қолданылған әдебиет тізімі . . . 75

К І Р І С П Е

Өзектілігі: Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектелігімен ерекшеленеді.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзат құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Н. Ә. Назарбаевтың - “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”, деген ұлағатты сөзін әрқашанда естен шығармау керек.

Кез келген елдің жоғары дамуы олардағы өсіп келе жатқан жастардың жоғарғы шығармашылық және талпыныс күшіне байланысты. Бала бақша, мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің алдында балаларды тәрбиелеуде, оларға жан-жақты білім беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені белгілі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.

Осы мәселелерді көп ғалымдар зерттеген, олар : ағылшын психологы Френсис Гальтон (19 ғ), неміс педагог-психологы Э. Мейман (19ғ-дың аяғында 20 ғ-дың басында), неміс психологы В. Штерн (20 ғасырдың 1-ші жарсында), Д. Ж. Гильфорд, П. Торренс, Ф. Баррен, К. Тейлор.

Ресей психологтары : Л. С. Выгодский, Б. Т. Ананьев, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов, М. Матюшкин, С. Рубинштейн, В. Э. ЧудновскийВ. А. Крутовский, Л. А. Венгер т. б.

Сол сияқты өзіміздің Қазақстан жерінде туып, өскен қазақтың жантанушы, ағартушы ғалымдары: Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Қоянбаев және қазіргі кезде дарынды балалар жөнінде еңбегі сіңіп жүрген Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшысы Үміт Жексенбаева.

Психология жеке ғылым болып дами бастағаннан бастап дарынды балаларды табу және тәрбиелеу, қалыптастыру жұмыстарына зерттеу, ғылыми мән беру жүргізіле бастады. Көптеген ғылыми және методикалық материалдардың барлығына қарамастан психологтарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге дарынды балалармен жан-жақты қалыптасқан жұмыс жүргізуге керекті нақты методикалық ұсынымдар ұстай отыра, және де шешендік тәжірибелерді, ғылыми тұжырымдарды қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескермей көшіре салу бұл бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже тудырмайды. Сондықтан, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде ғылыми зерттеулерді қазақ тілінде тереңірек жүргізіп, дарынды балалардың ата-анасына, тәрбиешілерге, мұғалімдерге қажетті материалдарды, нақты кеңес беруді дамыту бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс істеу мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Дарынды балаға өзінің қабілетін еркін танытуға мүмкіндік беретін, өзінің дарынына қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. А. К Макаровтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез-келген әдіс-тәсілді оқу-тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділігі деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П. П. Блонский, М. Жұмабаев, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацский, В. А. Сухомлинский, қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек деді. Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерткен шақта, жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту модельін жобалай білу шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашалақ іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәжірибе жүзінде, ұлттық мектептеріміздің оқу - тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы-шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өз ісіне және өзіне деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау - нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады. Әрине, кейде мұғалімге сырттан келген факторлар қатты әсер етеді. Сабақ алдында әлдекіммен ренжісу, өзіне деген ескертулерден есту және т. б. фактірлер бізде жиі кездеседі. Кейде мұғалім сабаққа өзіне-өзі сондай сенімділікпен кірсе де сабақ барысында әр түрлі жағдайлар болады.

Ахмет Байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» - деген ғой. Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсаты деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.

Сондықтан, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады.

Осыған орай, нәтижеге бағытталған дарынды балаларға білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етуге тиісті деп мен дипломдық жұмысымды осы мәселеге байланысты алып отырмын.

Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы»

Зерттеу мақсаты : Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі кәсіптік дайындығының ерекшелігін, шеберлігін ескере отырып, қажеттілігін көрсету.

Зерттеу міндеттері:

1 . Дарынды балалар туралы ғылыми - теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.

2. Диагностикалау негізінде дарынды балалардың типтерін анықтау.

3. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің кәсіптік деңгейін белгілеу.

Зерттеу объектісі : Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығы.

Зерттеу пән: Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығын ескере отырып, олармен жұмыс ұйымдастыру жолдарын анықтап, белгілеу.

Ғылыми болжам : Егер, ұстаз баланың резустарын анықтай білсе, онда оқу процессіндегі дифференциалдық деңгейі артады.

Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерді саралау, байқау, тест тағы басқалары.

I. Дарындылықтың педагогикалық-психологиялық негіздері

Республика президенті Назарбаев Н. А . 27. 05. 1996 жылғы жарлығында дарынды балаларға арнап арнайы оқыту жоспарын дайындауды ұсынған болатын. 1996 жылдан бастап Қазақстанда “Дарын” атты арнайы бағдарлама жұмыс істей бастады. Бірақта мұндай жұмысты балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттемей, білмей жүргізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы №124 бұйрығына сәйкес «Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығы 2004 жылғы желтоқсанның 11-12 күндері Астана қаласында дарынды балалармен және жастармен жұмыс саласындағы инновациялық әлеуметтік - педагогикалық жобалардың Республикалық ІІІ фестивалі өтті.

Фестивальға қатысу үшін республиканың барлық аймақтарынан барлығы 108, оның ішінде 12 ауылдық және 58 қалалық мектептерден тапсырыстар түсті. Оның 20-сы «Дарын» РҒПО-ның желісі бойынша дарынды балаларға арналған білім ұйымдарынан, 50-і жалпы білім беретін ұйымдарынан. Фестиваль ауылдық мектептерде де дарынды балаларды анықтау, оқыту және дамыту бойынша белгілі дәрежеде жұмыстар жүргізілетіндігін көрсетті.

Дарынды балалармен жұмыстың мақсаты иновациялық озық тәжірибесін тарату, дарынды балаларды анықтаудың, оқытудың және дамытудың жаңа әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық технологияларын енгізу, педагогтардың дарынды балалармен жұмысқа кәсіптік жеке дайындығын арттыру.

Тапсырыс берілген жұмыстардың тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылардың оқу мен оқудан тыс жұмысының әр алуан салаларының: инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылуын, қабілетті балалармен жұмыстың оқудан тыс нысандарын ұйымдастыру тәжірибесін, дарынды балалар үшін авторлық бейімделу бағдарламасын, оқушылардың өзінше білім алу және ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, балалардың қабілеті мен шығармашылық ой-өрісін дамытуды қамтиды.

Ұсынымдық нысандары жағынан жобалар алуан түрлі: дәстүрлі баяндамалар, жобаларды қорғау, сабақ өткізудің стандартты немесе нысандары, көрнекі құралдармен, материялдармен, сабақтар панорамаларымен, әдістемелік әзірлемелермен таныстыру, авторлық бағдарламалардың және мектепті басқарудың жаңа үлгілерінің тұсау кесері.

Фестивальға қатысушылар санының жыл сайын өсе түсуі мұғалімдердің бағдарламарды, оқулықтарды, оқыту технологияларын еркін таңдау жағдайында мұғалімдердің өз жұмысына шығармашылықпен қарауына сұраныстың артып отырғандығын дәлелдейді.

Фестиваль жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. «Оқушылар дарындылығын дамыту процесін педагогикалық басқару» деп аталатын 1-секцияның жұмысына 30 мұғалім, оның ішінде мектеп директорлары, ректорлардың ғылым бойынша орынбасалары, білім департаментінің (басқармаларының) уәкілдері жобаларымен қатысты.

Жаңа білімдік бағдарламаларды, инновациялық әзірленімдерді әзірлеу және іске асыру өз шешімін талап етіп отырған толып жатқан басқару проблемалары мен міндеттердің көкейкестілігін алға қойды. Педагогикалық ұжымның жұмысындағы ғылымдық, ширақтық, іскерлік сауатты басқарумен айқындалды.

«Сабақтарда және сабақтан тыс қызметте мұғалім мен дарынды оқушының бірлесе іске асыру» деп аталатын 2-секцияның жұмысына 50 мұғалім қатысты (жұмыс мектептердің оқыту тілдеріне сәйкес 2 секция бойынша жүргізілді ) . Дарынды балаларға білім беру сапасын көтеруде қолда бар мүмкіндіктердің беті ашылды, әр мектепте өзіне тән, көп жағдайда жинақталған бірегей іскерліктің бар екенін дәлелдей отырып, әр мектеп өзінің жұмыс тәжәрибесін көрсете білді.

3-секция «Балалар мен жасөспірімдер дайындылығының психологиясы» деп аталды. Мұнда дарындылық феномені диагносткасының, қабілетті дамытудың, оқушылардың шығармашылықпен ойлана білуінің әдістері ұсынылды. Секция жұмысына 30-дан астам мұғалім қатысты. Фестиваль дарынды балалармен жұмыс істейтін мектеп педагогтарының шығармашылық әлеуметінің деңгейін көрсетті.

Дарынды балаларды бөлектеп оқыту, 20 ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Европа елдерінде айқын қоғамдық сипат алып, біріңғай саралап білім беру ринципі арқылы жүзеге асырылды. Дарынды балаларды іріктеу және бөлектеп оқыту, о баста интеллектуалдық, ақыл-ой жағынан ерекше дарынды балаларды ғана өз алдына оқыту бағытында жүргізіліп, кейін ол жаппай балаларды өз қабілетіне қарай топтап білім беру принципіне ауысты.

Дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда, дарынды балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т. б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде.

Білім және ғылым қызметкерлерінің Республикалық II - съезінде сөйлеген сөзінде Президент бүгінгі таңда жалпы білім берудің алдында тұрған міндеттердің бірі «Дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептерді дамытуға ерекше көңіл бөлу» екендігі, ал ол Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететін болады деп көрсеткен еді.

Сонымен қатар, қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына дарынды балаларды оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мысалы: академик В. И. Монаховтың технологиясы, В. К. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М. М. Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және профессор Ж. А. Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылықпен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Қараев технологиясының құндылығы:

  1. 100% үлгерім;
  2. жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
  3. оқушы «2» аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғарғы ұпай жинау арқылы ынтасы артады. Оқушыға 4 деңгейлі тапсырма беріледі;
  4. оқушы оқу материалын өзі меңгереді, ал ұстаз өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
  5. педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отыра жүргізіледі.

Педагогикалық технология мектептегі білім беру жүйесінің алдына келелі міндеттер қойып, оларды шешу үшін оқытудың мазмұны мен құралдарына әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыру түрлеріне өзгерістер енгізуді талап етеді.

Оқытудың мазмұнына енетін өзгерістер:

  • оқу пәндерін интеграциялау;
  • білім мазмұнын модельдеу;
  • білімді ізгілендіру;
  • білімнің өмірдегі қолданылуы

Оқыту мазмұнын жетілдірудің бір жолы ретінде көлемді тараулар мен тақырыптарды іріленген бөліктерге (модельдерге) біріктіріп оқыту жүзеге асырылып келеді.

Ірілендірудің өзі 20 ғасырдың екінші жартсында өмір талабынан пайда болды. Математика пәндерін оқытуда бұл мәселені П. М. Эрдниев, В. Ф. Шаталов , ал орта мектептегі химияны оқытуда химияны ірілендіріп оқыту әдістемесін П. Д. Васильева , дәріс, семинар жүйесін қолданудың негізін Н. П. Гузик, Л. И. Штепа негіздеді.

Көптеген мәліметтер бойынша дарынды балалар кемелденген, бейімделгіш өз еркімен жұмыс істей алатын болғанмен де көптеген педагогтар әлуметтік-эмоционалдық саланың даму бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламалар коррекциялайтын, дамытушы, интегративті болып келеді. Коррекциялау бағдарламасы эмоционалдық және тәртіп жағынан қиындық көріп жүрген дарынды балаларға арналады. Дамытуты бағдарлама эмоционалдық жағдайдың жақсаруы үшін құрылған, онда рольдік және сензититивті тренингтер, шағын топтардағы талдау пайдаланылады. Интегративті бағдарламалар эмоционалдық және танымдық компоненттерді біріктіреді. Оларды былай болуга болады: өмірлік мақсаттарды талдауға және самоактуализация проблемаларын зерттеуге бағытталған.

Балалардың шығармашылық қабілетін, интелектуалдық инициативасын, ой-санасын, әлуметтік адаптация, әлуметтік жауапкершілік және лидерлік қасиеттерін дамытуға көп көңіл бөлу керек. Дарынды балаларды арнайы оқыту қарапайым бағдарламаны кеңейту немесе жасы үлкен арналған тапсырмалар енгізумен шектелмейді.

Резинулли /1977ж. / дарынды балаларды оқытудың сапалық ерекшеліктерін талдай отырып оларға арналған бағдарламаның мазмұны қалыптасқан бағдарламадан мүлдем өзгеше, яғни білімді игерудің стиліне сәйкес болу керектігін, сонымен қатар оқылатын тақырыптың негізіне терең байлауға ұмтылысын шектеуге болмайтындығы туралы жазды.

Дарынды балаларға арналған барлық бағдарламалардың негізгі бөлігін когнитивтік және аффективті процестердің жүйелі түрде дамуы құрайды.

Каплан /1980/ дарынды балаларды оқытудың төмендегі әдістемесін ұсынады:

Оқушылардың ұсынған материалы жалпы оқу бағдарламасынан асып түседі және жаңа және ерекше сапаға ие.

Мүмкіндіктер : Оқушыларға қарапайым оқу бағдарламасынан өзге қосымша уақыт пен материалдар негізінде кең алқымдағы іс-шарамен айналасу және тереңірек зерттеу мүмкіндігі беріледі.

Дамыту : Оқушылар ең алдымен өздерінің қызығушылығы мен қажеттігіне жауап беретін оқыту курстарымен айналысады.

Дарынды балаларға арналған оқу жоспарлары үйлесімді болу мүмкін емес, себебі әр бала жеке-дара тұлға. Төменде дамытуға арналған кейбір манызды қабілеттер келтірілген.

Танымдық қабілеттер мен дағдылар

Үлкен көлемдегі ақпаратпен таныс.

- Игерілген материалдарды жаңаға ауыстыру

- Себепті - терлеу байланыстарын бекіту.

- Жасырын байланыстар мен тәуелділіктерді анықтау

- Қорытынды жасай білу

- Ақпаратты интеграциялау және синтездей алу

- Күрделі проблемаларды шешуге қатысу

- Ақпаратты ұйымдастыру

- Күрделі идеяларды тез қабылдап алу.

- Нәзік айырмашылықтарды көру қабілеті

- Қарама-қайшылықтарды сезіну

- Ақпаратты іздеудің альтернативтік жолын пайдалану

- Жағдайдың анализі

- Процеспен қатар нәтижені де бағалай білу

- Туынды жағдайларды көре білу.

- Пікір алысу.

- Гипотеза құру.

- Идеяларды практикада пайдалану.

- Өзгеріске ( жаңаруға) қабілетті

- Ойдың сыншылдығы

- Білімге құштарлық

Шығармашылық қабілеттер

- Сурет салу

- Дивергендік ой-сана

- Ойлау мен әртүрлі істерге бейімділік

- Тез олау

- Ерекше идеяларды айта алу қабілеті, жаңа нәрселер (заттар) ойлап шығару қабілеті

- Елестету қабілеті бай

- Әртүрлі (құбылыстарды) заттарды қабылдау

- Жоғары эстетикалық құндылық

- Дамыған интуиция

Эмоционалдық саланың ерекшеліктері

- Шынайы «Мен» концепциясы

- Басқаларды сыйлау

- Адамдарға деген эмпатикалық көзқарас

- Басқалардың ерекшеліктерін түсіну, қабылдау

- өзіне-өзі талдау қабілеті

- Сынды төзімдікпен қабылдау

- Идеяларымен бөлісуге дайын

- Тапсырмаларды орындаудағы тиянақтылық

- Мінездегі және ойлаудағы тәуелсіздік

- Марапаттауды күтудегі төзімділік

- Жарысқа түсу (жарысты қабылдау)

- Әділ - аспақты сезіну қабілеті

- Өнегелі проблемаларды талдаудағы сергектік

- Күші мен қабілеттеріне сенімді

- Ішкі мотивация

Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс. Дарын - адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, ал үшінші біреулердің қабілеті төмен болады. Өз қабілетіне сай бала көздеген мақсатына қол жеткізе алады.

Дарындылық данышпандыққа жеткізген деп халық бекер айтпаған. Әлемдегі аты шулы данышпандықтардың бәрі балалықты бастан кешірген, бірақ ешбір адам анадан данышпан болып тумайды, тек қабілет иесі, дарын иесі болып дүниеге келеді. Демек, осы дарын иесін шеберлікке жеткізетін қоғам, мектеп. Әрине өте сирек те болса, өмірде дарынджылықтың туа пайда болатын жағдайы кездеседі. Әлемнің ірі композиторы Моцарт 4 жасында күрделі музыкалық шығармалар жаза бастаған. Бетховен тас құлақ саңырау бола тұра ұлы музыкаларды жазған. Мұндай дарын иелері өте сирек кездеседі. Дегенмен адам қабілетінің дамуына мектептегі оқу мен білімнің, тәрбиенің маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Қазақ тілінің практикумы
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балаларға - талантты ұстаз Республикалық педагогикалық олимпиада
Талантты және дарынды бала
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz