Оралмандардың әлеуметтік демографиялық мәселелері


Мазмұны:
Кіріспе 4 бет
Негізгі бөлімі :
1) Қазақстан Республикасының халқының көші-қоны.
2) Оралмандардың әлеуметтік демографиялық мәселелері.
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік демографиялық жағдайы.
Зерттеу обектісі 1 бет
Қортынды 39 бет
Қосымша 42 бет
Жоспары:
Кіріспе
1-тарау. Қазақстан Республикасының халқының көші-қоны.
1. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы көші- қоны және ішкі көші-қон мәселелер хақында(1980-1990ж) .
1. 2 Қазақстандағы көші-қон саласындағы мәселелер, қайшылықтар және салдары, саясатының тиімділігін арттыру Қазақстанның тұрақты дамуының факторы ретінде.
2-тарау. Оралмандардың әлеуметтік демографиялық мәселелері.
2. 1 Бүгінгі Қазақстандағы оралмандардың аймақтық әлеуметтік демографиялық мәселелері.
2. 2 Тәуелсіз Қазақстанның сырт жерлерде тұратын отандастарға қамқорлық жасау.
3-тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтік демографиялық жағдайы.
3. 1 Деміккен Демография.
3. 2 Демографиялық дағдарыс кезеңі.
Қортынды.
Қосымша.
Қолданған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан халқының жалпы демографиялық өткелдің әртүрлі даму сатыларында тұрғандағы, олардың өткендегі, бүгінгі және келешектегі сананың динамикасына тікелей әсерін тигізеді. Бұндай аса маңызды айырмашылықтар елдің негізгі халықтары деп саналатын тек орыстар мен қазақтардың ғана емес, сондай ақ украйндармен өзбектердің, немістер мен ұйғырлардың, беларустар мен әзірбайжандардың, поляктар мен түріктердің, еврейлер мен дүңгендердің және тағы басқа. Халықтардың демографиялық динамикасын салыстырғанда ерекше анық болуға тиіс. Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы » заңын іске асырумақсатында және тұрғындардың саны 2030 жылға дейін 25 милион жеткізу үшін жасалынып отырған мемлекеттік саясатты іс жүзінде орындауға бағытталып жасалынды.
Қазақ халқының дәл бүгінгі күндері үлес салмағы жайлы айтсақ, қатты кеміген, бұрын Қазақстанның жерінде қазақтар ғана тұрған, тек мына солтүстікте «ноғайлар» (қазіргі татарларды айтамыз) мен башқұрттар тұрған, оңтүстігінде «сарттар» (қазіргі өзбектер мен тәжіктер) тұрған. Шығысымызда «тарапшылар», яғни ұйғырлар мен дүнгендер келіп орналасты. Сол кезде қазақ ұлтының сан 98 % - ды құрады, бұл дегеніміз қазақтың салмағы басым дегенді білдіреді. Бара- бара келімсектер басы болып қазақтың саны азайып кетіпті. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында 27 - ке дейін түсті.
Әрине, бұл бағытта бірқатар оңды нәтиже-лер бар. Қазіргі танда нормативтік-қүқықтық ба-залар баршылық, шет ел жұмысшыларының күшін пайдаланудың шарты мен төртібі анық-талуда, шет елдердегі Қазақстан азаматтарының жұмысқа орналасуы жөніндегі іс-әрекеттерді тәртіпке салу шараларының іске асырылуы, сон-дай-ақ қоныс аударушылардың мүддесі мен қүқығын заң бойынша қамтамасыз ету жүмыстары жүргізілуі тиіс.
Курстық жұмыстын мақсаты:
-Көші-қон саяси мақсаты- көші-қон мәселе басқармасы елдің мемлекеттік қауіпсіздік бекінісі және қоныс аударушылардың құқықтық ақиқатың жарыққа шығару шарты демографияның дамуына нық қамтамасыз етілді.
-Қзақстанның әлеуметтік және демографиялық жағдайының мәселесін қарастыру, шешу жолдарын анықтау.
тақырыбы :Қазақстан Республикасының әлеуметтік демографиялық жағдайы.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайы.
- Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері.
- Қазақ халқының дәл бүгінгі күндерінің үлес салмағы.
- Халық санын көбейтуге жағдай жасау .
Тақырыптың өзектілігі :
Қазақстандағы халық санының мәселесі, халықтын көші-қон мәселері .
Жұмыстың тарихнамасы :
Еуразия континентінің қақ ортасында орналасқан Қазақстан кең байтақ даласында тарихтың әр кезеңінде орын алған миграциялық процестердің жалпы адам зат дамуындағы орны мен рөлі бағаланады. Жас мемлекеттің этнодемографиялық жағдайы оның экономикасы мен саясатына және әлеуметтік тіршілігі мен халықаралық қатнасына тікелей ықпалын көрсетуде
1. 1. Қазақстан Республикасының сыртқы көші - қоны. және ішкі көші-қон мәселелер хақында (1980-1990ж) .
«Халықтардың халықаралық көші - қонның тарихы жолы мен қазіргі проблемалары: теориялық талдау» деп аталатын екінші тақырыпшада көші - қон феноменінің пайда болуы мен дамуы тарихына, халықаралық миграция ұғымының маңызына тоқталамын. Бүл үдерістердің Қазақстан үшін тигізетін және болашаққа тигізер ықпалы мен әсеріне саясаттанулық талдау жасалып, Еуразия континентінің қақ ортасында орналасқан Қазақстанның кең - байтақ даласында тарихтың әр кезеңінде орын алған миграциялық процестердің жалпы адамзат дамуындағы орны мен рөлі бағаланады.
Өркениет тарихы халықтың құрлықішілік және құрлықаралық көші - қонмен байланысты. көші - қон ежелден белгілі және жалып сипатта болады. Өндірістің капиталистік қатынастарының пайда болуы тек халықтың мобилдерінің елеулі күшеюімен ғана қатар жүрген жоқ, бірақ ол көп жағынан оған қарыздар еді. Көші - қон әртүрлі формада көрінді: бейбіт кезеңде, соғыс кезеңде де, болатын ішкі және сыртқы
көші - қон, жергілікті және дүниежүзілік соғыстар кезеңінде өзінің көлемін халықтардың ұлы қоныс аударуынан елеулі түрде ұлғайтты. Қазіргі әлемнің бейнесі көбінесе көші - қондық ағындармен қалыптасқан.
Халықтың халықаралық көші - қоны адамдардың (мигранттардың) мемлекеттердің ұлттық шекерасынан асып тұрғылықты жерін мәңгіге немесе ұзақ уақытқа ауыстыруын бейнелейтіндігі белгілі. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін АҚШ - тың, Канаданың, Австралияның, Жаңа Зеллендияның, бірқатар латынамерикандық мемлекеттердің, сондай -ақ ОАР - дың, Малазияның және кейбір басқа елдердің халықтарының қазіргі құрамын қалыптастыруда басты рөл атқарған қоныс аудару көші - қоны басым болды.
Ұзақ уақыттар бойы эмиграциялың негізгі ағыны Еуропадан келіп отырады. 1850 - 1960жж. Батыс Еуропаның 55 млн - ға жуық адам тастап кетті, ал бұл сан оның халқының жалпы санының 1910 ж. көрсеткіші бойынша 18 % - ын құрады. Еуропадан ағылып жатқан эмиграциядан ХХ жүзжылдықтың 40 жылдарында Солтүстік Еуропа елдері, Балқан түбегі мемлекеттер және Италия ерекше орынға ие болды. Мәселен, 1901 - 1930 жж. тек Балқан елдерінің өзінен ғана 1 млн. мұхит асып кетті. Қоныс аудару қозғалыстарында Қытай, Жапония, Үндістан және кейбір арап елдері де маңызды орын алады.
Отарлаудан бас тарту процесі әлемдегі ұлттар мен халықтардың көлемді қайта орын ауыстырулар мен қатар жүрді: меторополиялардан отаршылдар, колониялды әкімшілік қызметкерлер, жеке құрылымдар қызметкерлері кетті ( мысал, тәуелдік берілгеннен кейін Алжирдің өзінен ғана Францияға 1, 5 млн. - ға жуық Француз қоныс аударды) . Оған қарама - қарсы мазмұндағы ағымдар да кездеседі. Жас тәуелсіз мемлекеттерге метрополиялардан, сондай - ақ басқа елдерден шетелдіктердің үстемдігі жағдайында белгілі бір себептермен өз отандарын тастап кетуге мәжбүр болған адамдар да ағылып келе бастады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көптеген басытеуропа елдерінде, сондай - ақ АҚШ - та, Канадада, Австралияда барлық жағдайда халық саны елеулі дәрежеде иммиграциялық ағынның есебінен тартып отырды. Израиль мемлекеттерінің пайда болуы да өз мөлшері бойынша айтарлықтай болған коныс аудару көші - қонын тұдырды.
Қазіргі уақытта еңбек көші - қоны көші - қон ағынының негізін құрайды және тиісінше, ең алдымен үкімет органдарының, соның ішінде әртүрлі мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің, сондай - ақ халықаралық ұйымдардың назары ауып отыр. Егерде 60 - шы жылдардың аяғында жыл сайын мемлекеттердің шекарасын ресми түрде 1 млн - ға жуық адам қйып өтсе, 70- шы жылдары тек Парсы шығанағы елдерінің өзінде ғана шетелдік жұмысшы күшінің жыл сайынғы ротациясы кейбір мәліметтер бойынша 1 млн - нан аса адамдар құрған. 90 - шы жылдар барысында, яғни социалистік жүйенің күйреуі мен Кеңестер одағының құлауына дейін жұмысшылар мен мамандардың жыл сайынғы мемлекеттер арасындағы қоныс аудару 5 млн - ға жуық адамды құрады. Ресми мәліметтер бойынша 90 - шы жылдардың басында өз елдерінен тыс жерлерде 25 млн. уақытша мигранттар, яғни әлемдегі еңбек ресурысының 1% - ы өмір сүрді. Олардың от басы мүшелерінің, маусымдық мигранттар, жұмысшы - фронтальерлер (жылына шекараны екі мәрте қиып өтетіндер) есебінен еңбек етуші мигранттар саны шамамен 100 млн, адамды құрады. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдері белгілі бір дәрежеде еңбек ресурстарының халықаралық айырбас жүйесіне қосылған. Егер бұрынғы уақытта әлем елдерін жұмысшы күшін жеткізуші және негізінен өздерінде еңбек етуші мигранттарды қабылдаушы есебінде айқын болу орын алса, қазіргі уақытта бұлай болу барған сайын салыстырмалы болып барады. Бір мезетте жұмысшы күшінің экспортері де, импортері де болып табылатын елдер саны өсуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстан ғаламдық процестерден тыс қалмаса анық. Демек, осы үрдістерге бейімделу, бірінші кезекте өзге айақтарда болып жатқан процестерді танып білуден басталады. Осы орайда, әлемдегі халықтардың көшіп - қону дәстүрі мен заңдылықтарын өзіміздің төл көші - қон саясатын қалыптастыру ерекшеліктері мен тәжірибесін пайдаланып, үлгі алғанның айыбы жоқ.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының көші - қон саясаты біршама жетілдірудерді қажет ететінін заман талабы көрсетуде.
Қазақсанның көші - қон саясаты тиісті ведомстволары мен қызметті басқару және бақылау міндетін ескеруі тиіс және спонтанды көші - қон жағдайында түзетілуі қажет.
Ұлттық көші - қон саясатын өңдеп - әзірлеу процесі бірнеше кезеңнен өтуі тиіс. Ең алды мен қандай мақсат қойылып, не істеу қажеттігін анықтау қажет. Осыған байланыстырылып саясат әзірленеді. Негізгі критерийлердің дайындағаннан кейін, екінші кезекте, бұл саясаттың идеясын айқын анықтау және қалыптастыру қажет. Үшініші кезеңде осы мақсатқа жету үшін жасалынатын бағдарламалар әзірленеді, оларды жүзеге асыруға қажетті қаражат анықталады. Бұл үшін ең алды мен көші - қон процестері туралы ақпарат қажет.
Ұлттық көші - қон саясатын үкіметпен бірлесіп, көптеген қоғамдық, ғылыми институттар және ұйымдар шешетіні айдан - анық.
Ішкі көші-қон мәселелер хақында (1980-1990 ж. ж. )
Қазақстанның 1980-1990 жылдардағы әлеуметтік-демографиялық жағдайы жан-жақтылығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Он жыл ішіңде түрғындар сан жағынан недәуір өсті. 1970 жылмен салыстырғанда 1979 жылы 14684283 адамға немесе 12, 9 пайызға, ал 1980 жылы 16464464-ке немесе 12, 1 пайызға өсті 1 . Бұрынғы КСРО-ның жалпы түрғындар санының өсу көрсеткішімен (60%) салыстырғанда бұл недәуір жоғары 2 .
Республикада қалалықтар саны жағынан (Алматыны қоспағанда) бірінші орынға Қарағанды, екіншіге Шымкент, үшіншіге Шығыс Қазақстан облысы-ның қалалары шықты. 1989 жылғы жағдай көп өзгеріссіз, тек үшінші орынға Шығыс Қазақстанмен қатар Павлодар облысы ілікті. Қалалықтардың сандык жағынан өсуінде 1989 жылы (Алматыны есептемегенде) Ақтөбе облысы 37, 4, Алматы облысы 33, 1, Павлодар облысы 31, 9 пайызды құрады. Бұл - респуб-лика көрсеткішінен недәуір (19, 5%) жоғары.
Қазақстанда 1979 жылы 1970 жылмен салыстырғанда ауыл тұрғындары 0, 5 пайызға ғана көбейді. Ал 1989 жылы 1979 жылмен салыстырғанда 3, 4 пайыз өсімді құрады. Бұл қалалықтар өсімінен 5, 7 есе кем.
1979 жылы ауылдықгар сан жағынан Шымкент, Алматы, Жамбыл облыс-тарында көбірек тұрды. 19 облыстың 9-ында ауыл халқының саны азайды. Әсіресе Шығыс Қазақстан (0, 4 пунктке), Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Тал-дықорған, Целиноград облыстарында (0, 3 пунктке) қысқарды. 1979 жылы республикадағы ауыл тұрғындарының үлес салмағы 47 пайызды қүраса, 1989 жылы ол 42, 9 пайызға қысқарған.
Қазақстанның халық санына көші-қон үлкен әсерін тигізді. Мәселен, 1979 жылы республикаға сырттан 513112 адам келсе, оның 51 пайызы Қазақстанға түпкілікті қоныстанушылар екен. Олардың ішінде қалаға қоныстанушылар 59, 8 пайызды қүраса, ауылдықгар 41 пайыз. Келушілермен кдтар көшіп кетушілер де болды. Оған басты себеп - басқа республикадағы аса зор өндірістерді іске қосуға көмекке жіберілгендігі. Мәселен, 1976-1979 жылдары Байкал-Амур Магистралы қүрылысына барғандардың 7 пайызын Қазақстан мен Орта Азия-лықтар қүраса, 1981 жылы олардың үлесі 9 пайызға жеткен 3 .
Республика тұрғындарының 1989 жылғы (мың адам) республикааралық және ха-лықаралық көші-қон кестесі 6 .
(1-суретте ) көрсетілген
Жоғарыдағы кестеден республикааралық деңгейде келгеңцерден кеткендердің көп болғанын (-46, 8 мың адам) көресіз. 17 облыстан тек Шығыс Қазақстан ғана 0, 6 мың адамға өскен.
Халықаралық деңгейде де республикаға 1989 жылы келгендер 7, 6 мың, кеткені 54, 2 мың (-46, 6 мың) тағы да қанағаттанғысыз көрсеткіш. Статистика-лық мәліметтерге қарағанда осы кезенде КСРО-дан шетелге көшуге рүқсат алғандардың әрбір бесіншісі Қазақстан түрғындары еді. Олардың көпшілігі тарихи Отанына кеткен неміс, еврей, грек сынды үлттардың өкіддері болатын.
1988 жылы Қазақстаннан шетелге (бұрынғы одақ көлемінен тыс) 23, 6 мың, 1989 жылы - 52, 9 мың, 1990 жылы 92, 3 мың адам біржола көшіп кеткен 7 .
Казақтар Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Түркіменстан, Эстония калаларьшан Кдзақстанньщ қалаларьша ағылып келіп жатгы. Керісінше, көшіп кетіп жатқан қандастарымыз да болған. 1989 жылы Қазақстан қалала-рына 16, 642 қазақ келсе, сыртқа 10130 қазақ кеткен. Осының есебінен ғана Қазақстандағы калалық қазақгардың саны 6512 адамға өскен.
Қалалық қазактардың басқа республикалардан оралуы 1989-1990 жылдары 50 пайыз өсімді кұрайды. Әсіресе, Балтық бойы, Украина, Закавказье, Тәжікстаннан қазақтардың көшіп келуі көбейеді. Бүның әр түрлі себептері бар. Мәселен, Тәжікстандағы белгілі үлтаралық араздықтан кейін қазақтар көптеп келе бастайды. Ондағы жергілікті үлт өкілдері әуелі қырғыздармен, сосын армяндармен, түрік-месхеттермен, сосын орыстармен жанжалдасады және Тәжікстанның экономикасы да әлсіреп, жүмыссыздық көбейеді, түрғындарға жылу берілмейді. Экологиялық ахуал да нашарлайды.
1979-1989 жылдар аралығында Ресей Федерациясындағы кдзақгардың саны екі есеге жуық ұлғаяды. Тек 60 мың қазақ дәл осы кезенде көшкен. Оның 20 мындайы Өзбекстаннан, 40 мыңы Қазақстанның Ресейге жақын аудандарынан барғандар. 1970 жылдың басында жыл сайынғы кері миграци5ілық өсім 30-40 мың болса, 1989 жылы 100 мың адамға жетсе, 90-жылдардың басында Қазақ-станнан (республикааралық және халықаралық) 130 мың адам көшіп кеткен. Олардың жарты бөлігін орыстар мен украиндар қүраса, белорустар 10 пайыз, қалғанын немістер, гректер, еврейлер, тағы басқа үлттар қүрайды. ФРГ-ге немістердің қоныс аударуының көбеюі мен республикадан көшетін немістердің орташа үлесі 40 пайызды қүраса, республикадан кететін орыстар 53 пайыздан 40 пайызға төмендейді.
1989 жылғы жаздағы Жаңаөзен оқиғасы бүкіл Маңғыстау түбегін қамти-ды. Бүл жерде жергілікті түрғындар мен Солтүстік Қапказдан келген тау халықгарының (лезгиндер, шешендер, ингуштер, әзірбайжандар) арасындағы үлтаралық шиеленіс 9 мың таулықтың кетуіне себеп болады. Маңғыстау об-лысында әлеуметтік-экономикалық жағдай қалпына келе бастаған соң түркімен және қаракалпақ жерлеріндегі казақгар атақоныстарына орала бастайды. Кдзақ-тардың көп бөлігі Орта Азияда орналасқаны мәлім. Алайда Өзбекстандағы кдлалық қазақгар РСФСР-ға да көшті. Республика ішіндегі қазақгардың көші-қоны туралы бірер сөз. 1926-1980 жылдар аралығында қазақтар Солтүстік және Солтүстік шығыстан оңтүстік облыстарға көшсе, 80-жылдардың басынан бастап оңтүстіктен солтүстік об-лыстарға көше бастайды. Демек, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарын-дағы кдзақгардың бір бөлігінің Алматы және басқа облыс орталықтарына орналасқанына карамастан, қазақтар Жезқазған, Торғай, Павлодар, Қарағанды облыстарына көбірек көшіп барады. Қазақстанның оңтүстік және батыс об-лыстарындағы қазақтар санының тез өсуі демографиялық, әлеуметтік-эконо-микалық жағдайдың нашарлауына, түрғындардың шамадан тыс көбеюіне әкеледі. Сондықтан республиканың оңтүстік аймағының түрғындары өздеріне жайлы облыстарға көше бастайды.
Көшудің тағы бір түрі - сатылап көшу. Мәселен, Жамбыл облысының көшіп-қонушылары бірінші Жезқазған облысына қозғалады, келесі кезекте Қарағанды облысына, ал Семей, Шығыс Қазақстан облысының қазақтары әуелі Талдықорғанға, сосын Алматы облысына көшіп-қонған.
Қаракалпақ АССР-нің қазакгары Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстары-на орналасқаннан кейін Қостанай және Көкшетау облыстарына қозғалатын болған. Соңғы жылдары қазақтардың Солтүстік және Орталық Қазақстанға көшуі күрт өсе түседі деп күтілуде.
Жалпы көші-қонның күшеюі жекешелендіру мен нарықтық экономика-ның салдарынан әлеуметтік, демографиялық, экономикалық жағдайлардың шиеленісуі немесе шешілуіне байланысты болды. Нарықгық қатынасқа көшкен өтпелі кезенде ауыл түрғындарының хал-ахуалының нашарлауы (дер кезінде жалақы берілмеуі, өңціріс заттары түгіл азық-түліктің, киімнің жетіспеуі), қала түрғындарының дағдарысқа үшырауы (түрғын үйлерді жекешелендіру, оның иесіз калуы, су электр, пәтерақыларының өсуі, онымен жалақьшың сәйкессіздііі) байқалды. Мүнда да, негізінен, дайындығы аз қазақтар қиналды. 1989-1990 жылдары Солтүстік және Орталық Кдзақстандағы ауылдық жерлердегі шығыс славян халықгарының негізгі бөлігі облыс орталықтары мен аудан орталықга-рына орналасты. Немістер тәрізді поляктар да жаппай өз Отанына қоныс аударды.
Қазақстандағы аралас қазақ-орыс отбасыларының 70 пайыздайы қазак ұлтына жазылған, бірақ күнделікті ана тілі ретінде орыс тілін атайды. Ал Өзбекстандағы қазақ-өзбек отбасыларының балалары барлық кезеңде өзбек үлтын мойындаған. Сөйтіп көші-қон ағыны республика түрғындарының үлттық қүрылымына әсерін тигізді.
Көші-қонның Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамына өсері
(2-суретте ) көрсетілген
Кестеден көргеніміздей, 1989 жылы барлық этникалық топтар сан жағы-нан недәуір өскен. Қазақ, үйғыр, өзбектердің орташа үлес салмағы өссе, орыс, неміс, татар, белорус, украйндардың үлесі (0, 7 пунктке) кеміген.
1970 жылы қазак^ардың үлесі 32, 6 пайызды қүраса, 1979 жылы - 36 пайыз, 1989 жылы 39, 7 пайызбен бірінші орынға шығады. 1989 жылғы санак бойынша қазақтардың басым көпшілігі Гурьев (79, 8%), Қызылорда (79, 4%) облыстарында, ал аз үлес алған Қарағанды (17, 2%) және Қостанай (17, 5%) облыстары. Жалпы барлық қазақтардың 80 пайызы бұрынғы КСРО-ның одақтас республикаларында түрған. Мәселен, Өзбекстанда 9, 9%, РСФСР да 7, 8%, Украинада 1, 1, %, еліміздің басқа республикаларында 1 пайызы бол-ған.
Республикада 1970 жылдардан кейін орыстардың үлесі азая бастайды. Мәселен, 1970 жылы 42, 5, 1979 жылы 40, 8, 1989 жылы - 37, 8 пайыз. Дегенмен, республикадағы сол кездегі 19 облыстың 7-еуінде олар негізгі этникалық топты қүрады. Сол сияқты бүрынғы одаққа кірген 25 автономиялық республиканың 12-де орыстар ең көп түрғындар санын күраған. Қарастырылып отырған кезендегі республиканың халық шаруа-шылығының дамуы аймақтағы түрғындардың әлеуметтік қүрылымына әсерін тигізген. 1980 жылы Қазақстан өнеркәсібі 1960 жылмен салыстырғанда түрғындардың жан басына шаққанда 4, 1 есе артық электроэнергия, 2, 1 есе көмір, қара металдан дайын прокат 9, 6 есе, мыс 2, 8 есе, минералды тыңайт-қыш 9, 1 есе артық өндірген 8 .
Өнеркәсіптің дамуы Қазақстандағы жүмысшы табының өсуі мен оның күрамының өзгеруіне әсер етеді. 1959-1984 жылдар аралығында Қазақстан түрғындары 68, 3 пайызға өсіп, 1984 жылы 1-кдңтарда 15 млн. 648 мың адамға жеткен 9 . Бүл - табиғи және механикалық өсім негізінде жүзеге асқан.
1959-1979 жылдар аралығында республикада қазақтар саны 89, 2 пайызға өсіп, түрғындардың қүрамындағы орташа үлес салмағы 36 пайызды (1959 ж. - 30%, 1970 жылы 32, 6%) қүрайды 10 .
Қалалық түрғындар көбейіп, 1959 жылы 44 пайыздан 1979 жылы 54 пайызға өседі. Теміртау, Рудный, Қаратау сынды қалалар пайда болады. 1979 жылы республиканың 17 қаласының түрғындары 100 мың және одан аса адамды күрайды 11 .
Индустрияландырудың жеделдетілуі, совхоз өндірісінің кең етек алуынан халық шаруашылығында жүмысшылар мен қызметшілер саны көбейеді. Олар 1960-1983 жылдар аралығында 2, 13 есе көбейеді.
80-жылдары 1960 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптегі жүмысшылар көрсеткіші 3 мыңнан 5 мың адамға дейін, 6, 5 пайыздан 9, 4 пайызға өседі. Ірі зауыт, фабриктерде (5 мың жүмысшысы бар) 1979 жылы өнеркәсіп жүмыс-шылары 22, 3 пайызды қүрап, 1960 жылдармен салыстырғанда 12, 3 пайыз өсім берген 12 . Дегенмен "Түрғындардың көші-қон Заңына", Кдзақстан Республика-сы заңына сәйкес ауылдықгар мен калалықгардың әлеуметтік жағдайына бірінші кезекте көңіл бөлінбеген жағдайда Республика түрғыңдары әлемдік өркениеггің төрінен орын алатынына күмән келтіруімізге болады. Себебі, үлттың даналы-лығы, оның білім деңгейінен көрінетіндігін ескерсек, оған әлеуметтік жағдай жасалуы тиіс.
Мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа көші - кон мәселелері де қосылады, оның дұрыстап шешілуі ең маңызды мақсаттардың бірі болып саналады. Көші-қон мәселелері елдің қәуіпсіздігіне, қоғамдық келісімге, экономика мен демогрефиялық жағдайларға зор ықпал етеді.
Мемлекеттік көші-қон саясаты негізінен шетелдегі қандастарымызды ата-жұртқа әкеліп, оларды жайғастыру, сөйтіп, оралмандар үшін тиісті жағдай жасауға бағытталған. Бұл мемлекеттік маңызы зор мәселе-тәуелсіздік мәселелерімен елдің қауіпсіздігін бірге тұтастай шешу. Көші-қон болғаннан кейін соған байланысты қалыптасатын проблемалар да болатыны ақиқат. Оның бәрі өмір ағымынан туындайтын мәселелер. Мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа көші-қон мәселелері де қосылды, оның дұрыстап шешілуі ең маңызды мақсаттардың бірі болып саналады.
Көші-қон мәселелері елдің қауіпсіздігіне, қоғамдық келісімге, экономика мен демографиялық жағдайларға зор ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz