Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
I - Тарау. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
1. 1 Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама ……… . . . 7
1. 2 Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі бағыттары, ерекшеліктері, деңгейлері
1. 3 Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуда мұғалімнің іс-әрекеті . . . 42
II - Тарау. Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
2. 1 2- сынып оқушыларының математика пәнінен қызығушылығын анықтау жұмыстары . . . 50
2. 2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері…79
ҚОРЫТЫНДЫ. 84
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 86
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Зерттеудің көкейкестілігі. Педагогика ғылымында дамыта оқыту технологиясының алғаш рет ұғымын Ян Амос Коменский алғаш рет енгізген.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж. ) білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінеген.
Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық білімнің үлкен үлесі бар.
Себебі, біріншіден , математика басқа ғылымдар саласының дамуының тірегі, қызметшісі, екіншіден , математика қоршаған ортаны білудің басты көзі, үшіншіден , математика дедуктивтік құрылған ғылым болғандықтан, оқушының заңға сүйеніп, ой қорытындылауын, заңды сыйлау психологиясын қалыптастырады, төртіншіден , математика адамның рухани дамуына, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, оқыту педагогикалық технологиясын, соның ішінде деңгейлеп сараап оқыту технологисын қолданудың тиімділігі зор.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың.
Өзектілігі - Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.
Сол себептенде бұл мәселенін бір аспектісін біз дипломдық жұмыс ретінде қарастырамыз.
Зерттеудің объектісі - мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту -тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні - деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны) .
Зерттеудің мақсаты - баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.
Зерттеудің міндеттері:
- деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттаман беру;
- деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі бағыттары, ерекшеліктері, деңгейлерін қарастыру;
- бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуда мұғалімнің іс-әрекетін анықтау;
- 2- сынып оқушыларының математика пәнінен қызығушылығын анықтау жұмыстарын жүргізу;
- деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелерін ұсыну.
Зерттеу болжамы - деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды) .
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Қорғалатын жағдайлар - деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Жаңашылдығы - деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
I - Тарау. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының педагогикалық негіздері
1. 1 Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама
Қазіргі өркениетті елдерде және өркениетті елдер қатарына қосылуға талпынған мемлекеттердің көпшілігі, ең алдымен, білім ордаларына назар аударуда. Яғни, орта білім жүйесіне реформалар енгізуге жағдайлар жасауда. Мұндағы мақсат ондаған жылдар бойы Кеңес Одағы кезінде қалыптасып, әбден іргетасы бекіп қалған білім жүйесіне өзгерістер енгізу. Осы кезде, «бұл өзгерістерді енгізудің қажеті қанша?» деген сұрақ туындауы әбден мүмкін.
Бұл сұраққа былай жауап беруге болады. Біздің қазіргі қоғамдағы білім жүйесі ХVII ғасырда Ян Амос Коменскийдің құрып, қалап кеткен жүйесі. Біз осы уақытқа дейін бұл жүйені өзгертпестен бір ізбен жүріп келдік. Яғни жүздеген жылдар бойы біз мына жолды сақтадық.
- Оқушылар бір мезгілде, бірдей жас мөлшерімен сабаққа келді;
- Сынып бір жоспар, бір бағдарлама кестесі бойынша жылдар бойы жұмыс жасады;
- Сабақта уақыт мөлшері көп жағдайда тек қана сол тақырыпты игеруге жұмсалды. Оқушылар жан-жақты дамытылмады;
- 1 сыныптағы жүйе 11 сыныпқа дейін өзгеріссіз жалғасты.
Міне, осы себептерге байланысты білім жүйесін реформаландыру бүгінгі таңда алда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Адамзат қоғамы дамыған үстіне дамып жатқан уақытта дәстүрлі сабақ жүйесінің одан әрі жалғасуы мүмкін емес.
Ол үшін не істеуіміз керек?
Бұл сұраққа жауап бере қою оңай шаруа емес. Оның үстіне қанша білек сыбана кіріскенмен бір күнде орындала қоймайды. Бірақ жоғарыда айтып кеткенімдей, өркениетті елдер қатарына қосылудың бірден-бір жолы осы орта білім негізі болғандықтан біз бұл жолда көп қажырлылық танытып, ерінбей, еңбектенуіміз қажет.
Ал, бұл жолда кімге және неге сүйену керек? Бұл сұраққа жауап қазіргі уақытта өзінен-өзі табылуда. Соңғы уақытта орта оқу орындарында бұрынғы жүйеге мүлдем ұқсамайтын жаңа технологиялар қолдануда. Расында да бұл жаңа технологиялардың педагогика ғылымында пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Тек 1994 жылдан бастап қолданылуда. Көптеген педагог мамандар практика жүзінде жаңа технологияларды зерттеп, дамытуда. Атап, айтқанда, В. М. Монаховтың, Дьяченконың ұжымдық оқыту технологиясын және профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерін жатқызуға болады.
Профессор Ж. А. Қараев өзінің еңбегінде оқытудың педагогикалық технологиясына зерттеу жүргізді. Кез-келген жаңа технологиялардың ерекшелігі, олар демократия мен ізгілікке білімді компьютерлендіруге негізделген. Себебі қазіргі біздің қоғамымыздағы алда тұрған негізгі міндеттердің бірі оқытуды компьютерлік жүйеге ауыстыру.
Енді осы жаңа технологиялардың ішіндегі, өзімнің негізгі тақырыбым оқытудың деңгейлі - саралап оқыту технологиясына тоқталайын.
Бұл технологияның мәні қандай және барлық мектептердегі оқу процесіне таратқанда шығатын нәтижесі қандай болмақ?
Ең алдымен бұл технологияның авторын айтып өтейін. Ол қазақтан шыққан Ж. А. Қараев деген профессор. Ал жоғарыдағы сұрақтарға жауап берер болсам, бұл технологиямен жұмыс істейтін оқытушы ең алдымен алдындағы оқушыларға білім беріп қана қоймай тәрбиеші бола білуі керек. Ол үшін әрбір оқушының мінез-құлқын, қабілетін жете сезіне білуі қажет. Сонымен қатар сабақты ұйымдастыру барысында мұғалім оны өзіне емес, оқушыларға тиімді болатындай етіп ұйымдастыра білуі керек.
Бұлай болмаған жағдайда оқушылар сөйлегенде және жазғанда өздерінің ойлағандарын емес, мұғалімнің пікірімен кетіп қалады.
Міне, жаңа технологиялардың бұрынғы дәстүрлі сабақ формаларынан негізгі айырмашылығы осы кезде көрінеді.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма?
Бұлай дейтін себебім жаңа технология бойынша оқыған оқушы, жан-жақты дамып қана қоймай, өз ойын, пікірін айтуғада тырысады.
Ал енді деңгейлі саралап оқыту технологиясының басты ерекшеліктеріне тоқталайық.
Біріншіден, барлық оқытылатын тақырып бойынша көзделген мақсатқа жетіп, оқушылардың толық білім алуына 100% кепілдік бере алады және бұл процесс мемлекеттік стандарттың барлық талаптарын орындайды.
Екіншіден, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды меңгеру барысында оқытудың дамыту принципі жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың арасындағы дарынды балалар қатарының көбеюіне әсер етеді.
Үшіншіден, бақылау және бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу арқылы білім берудің демократия және ізгілендіру принципі сақталады. Бұл принциптің арқасында оқушы өзін-өзі бақылап үйренеді. Ол енді бұрынғыдай «2» алып қалудан қорықпайды. Керісінше, өз қатесін түзеп, көп ұпай жинауға тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz