ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

КІРІСПЕ . . .

1. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІЛУ КЕЗЕНДЕРІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ЖӘНЕ АҒЗАНЫҢ ДАМУЫН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ТӘРБИЕЛЕУ

1. 1. Дене қасиеттері туралы түсінік және оларға сипаттама . . .

1. 3. Дене тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің мақсаты

мен міндеттері . . . s . . .

2. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘР ТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛДАУ . . .

2. 1. Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша бағдармалардың айырмашылықтары

2. 2. Оқушылардың өсуі мен дамуындағы негізгі зандылықтар . . .

2. 3. Дене қасиеттерін дамыту және сенситивті кезеңдер . . .

2. 4. Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке жөне топтық ерекшеліктері . . . - . . .

3. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ . . . :

3. 1. Ойындар - дене тәрбиесінің ерекше түрі . . .

3. 2. Қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесін дамыту құралы ретінде қолданылуы . . .

3. 3. Қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарының оқушыларды жан-жақты дамытуға тигізетін әсері . . .

4. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ . . .

4. 1. Теориялық үлгілер негізінде жасалған дене тәрбиесінің бағдарламалары . . . '

4. 2. Оқудан тыс уақыттағы қосымша сабақтарда спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамыту деңгейі . . .

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ТӘРБИЕЛІК ҰСЫНЫСТАР. .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да аландаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар қолданылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бүқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығына қол қойса (1996 ж. ), 1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы" заңы қабылданса, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен зандардың ең өзекті негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік түрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат қүндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-қүлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет (1, 2, 3, 4) .

Теориялық зерттеулердің нәтижесі, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен айналысу жұмыстарын белгілі ғалымдар педагогика теориясы және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиологиясы, мектеп гигиенасы мамандарының жалпы теориялық негізіне сүйене отырып жүргізілгенін көрсетті.

Қазіргі тандагы педагогика, ғылым дене тәрбиесі және спорт бағыттарын белгілей отырып Қ. І. Адамбеков (5), А. О. Аяшов (6), З. И. Кузнецов (7), М. Б. Сапарбаев (8), Б. А. Гейнца (9), А. С. Жұманова (10), Б. У. Алимханов (11), В. Н. Платонов (12), Қ. А. Қүланов (13) сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінің педагогикалық негізі ретінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылауға арнаған. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне қарай таңдауға Н. И. Набатникова (14), Ж. Б. Қоянбаева (15), М. С. Бриль (16) сынды ғалымдар жұмыс жасаса, ал сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К. А. Атаев (17), Б. Ж. Биданов (18), В. В. Ворюшин (19) ; Мектеп жасындағы оқушылардың жеке . спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б. Қ. Қаражанов (20), В. П. Филин (21), В. А. Ашмарин (22), И. Г. Понамарев (23), Л. П. Матвеев (24), Т. А. Ботағариев (25), А. Н. Хан (26) және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған.

Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін зерттеудегі М. Т. Танекеев (27), Ж. М. Төлегенов (28), Б. Төтенаев (29), Е. С. Сағындықов (30), Х. Ф. Анарқүлов (31), М. Б. Тұрсынов (32), Б. А. Тойлыбаев (33) сияқты ғалымдардың көп жылдық ғылыми зерттеулері ұлттық қимыл-қозғалыс жөне спорт ойындарының өскелең ұрпақты қалыптастырудағы тәрбиелік қызметін атқару туралы сүрақтарға арналған. Себебі қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс және спорт ойындары жоғарыда аталған авторлардың ойынша, ' халықтық педагогиканың бірден-бір құралы бола отырып, жастардың жігерлік қасиеті мықты, іскерлігі жоғары, дене күші ақылына, ақылы дене күшіне сай адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Ал Т. Ш. Қуанышев (34), Л. К. Керимов (35), В. Т. Баженов (36), Ж. Б. Садирметова (37), В. А. Ким (38) сияқты ғалымдар . өздерінің зерттеген ғылыми еңбектерінде балалар үжымындағы адамгершілік қарым-қатынастарды қалыптастыруда оқушыларды дене шынықтырумен, спортпен шүғылдандырудың жеке амалы ретінде тәрбиелеу мәліметтері қарастырылған. Жас ерекшелік физиологиясын және мектеп гигиенасын зерттеуші ғалымдардың М. В. Антропова (39), Т. К. Мүстафина (40), Л. А. Гужоловский (41), А. А. Моркосян (42), Р. Е. Матылянский (43), А. Г. Сухарев (44) ғылыми еңбектерінде дене тәрбиесімен дұрыс айналысқанда, оның денесінің үйлесімді дамуына, денсаулық пен тәуліктік қозғалыс белсенділігіне оң әсері болатындығын дәлелдейді. Ал шетелдің жетекші ғалымдары В. В. Ромсон (45), Г. Росс, Г. Гельберт (46), мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың дене тәрбиесі дайындығы мен дамуын соншалықты жақсартпауы тиіс, шынайы әлеуметтік жағдайларда оларды нақты күреске дайындау керек деп есептейді.

Осыған орай ғалымдардың пікірінше, оқушылардың қажетті білімді және қозғалыс дағдыларын игеруі, күнделікті өмірде оларды қолдана білуі, сонымен қатар дененің қимыл қабілетінің жоғарғы деңгейін өз бетінше қолдана алуы, өзінің қозғалыс қабілетін көрсете білуі ең маңызды міндет деп саналады.

Сонымен жоғарыда баяндалған мәліметтердің, қаралған зерттелетін мәселелер талдамасының айтарлықтай елеулі дәрежссі айқындалды. Бірақ, жүргізілген зерттеулер негізінен оқушылардың дене тәрбиесінің практикасы мен теориясының жекелей мәселелерін ашуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық езгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиелеуіне, жеке спорт түрлері бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Бірақ, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқытуда жүргізіліп жүрген педагогикалық зерттеулерде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына жете мән берілмей, зерттелмей келеді.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелей денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының ңақты тенденцияларының төмендеуі аталған мәселенің қазіргі уақыт талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің теориялық негізделген ғылыми түрғыда шешім шығаруды қажет етеді.

Сонымен, оқушылардың дене тәрбиесінің қазіргі уақыттағы талап етіп отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық оқушылардың дене дайындығын жетілдіруге педагогикалык, мүмкіндіктер туғызатын спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану мәселесін ұсынады.

Аталған көкейкесті мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның теориялық түрғыдан зерттеп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын тандауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, ғылыми зерттеудің тақырыбы: "Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі" деп аталады.

Зерттеудің максаты - Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңіндегі дене тәрбиесі түжырымдамасын теориялық түрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақүлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі - Жалпы білім беретін және__спорт мектептеріндегі дене тәрбиесіне оқыту-тәрбиелеу процесі

Зерттеу пәні - Оқушылардың дене тәрбис жүйесі.

Зерттеу болжамы - Егер оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінде дене жаттығуларының әркелкі түрлерін және құралдарын тиімді пайдаланса, онда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес негізделген дәлелді мінез-қүлықты қалыптастыру арқылы оқушыларда дене және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуте белсенді түрде әсер етуге болады.

Зерттеудің басты идеясы - Қазақстан оқушыларының дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру негізі теориялық-әдістеменің айқындалуымен анықталады, спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындар жеке адамның жан-жақты дамуының құралы ретінде жинақталған жүйенің әсері негізінде іске асырылуы тиіс.

Зерттеулер бойынша қойылған мақсатқа жету төмендегі міндеттердің тиімді шешімін табу арқылы іске асты:

1. Қазақстандағы дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;

2. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай дене тәрбиесінің ерекшеліктерін айқындау;

3. Әр түрлі елдердегі оқушылардын дене тәрбиесі жүйесіне талдау жасау;

4. Спорттык және қимыл-козғалыс ойындарын оқушылардың денесін дамытудың маңызды құралы ретінде пайдаланудын қажеттілігін теориялық түрде негіздеу.

5. Оқушылардың дене тәрбиесі әдістерін және концептуалды үлгісін жасау және мақүлдау.

Зерттеудің әдіснамасы - жеке бастың маңызы туралы, оның дамуындағы өзара байланыс теориясы мен тәжірибесі туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдык қарым-қатынастың объектісі мен субъектісі екендігі туралы, коғамдағы дене тәрбиесі процесінде болатын қауіпті және баскарылатын ара қатынастар туралы.

Зерттеу әдістері - осы зерттеп отырған мәселеге байланысты, әдебиет көздерін жинактап, теориялық түрғыдан талдау, сонымен қатар эксперименттік зертгеу барысында алынған мәліметтер, озат мектептердегі алдыңғы қатарлы дене тәрбиесі тәжірибелерін жинақтап, талдау және қорытындылау, арнайы сауал-сүрақ, сүхбат, әңгіме, педагогикалык эксперимент, (дене тәрбиесі сабағы барысында берілген жүктеменің каркындылығы мен көлемін есепке алу, педагогикалық және салыстырмалы бақылау сынамаларын: (Ф. А. Анфимовтың ойлау жұмыс қабілеттілігін зерттеу әдісі, көру-моторлы реакциялар (К. М . Р. ) жүректің соғу жиілігін анықтау әдісі, дененін жұмыс қабілеттілік сынамасы PWC және математикалық статистика әдістері.

1. Дене касиеттерінің жетілуі кезеңдерінің заңдылыктарын және ағзаның дамуын есепке ала отырып тәрбиелеу

1. 1. Дененін касиеттері туралы түсінік және оларға сипаттама

Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу да, салмақты көтере алу да т. б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл-әрекеттерінен түрады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіру адам ағзасына әртүрлі салалық талаптар қояды және олар әртүрлі дене қабілеттерінен көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп - адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз.

Әдебиеттерді талдау барысында балалық және жасөспірім кезендерде қозғалыс мүмкіндігін тәрбиелеу. үшін қолайлы жағдайлар бар екендігіне көз жетті. Қозғалыс мүмкіндіктерінің күшеюі мектеп жасындағы бала ағзасының жас ерекшелігіне сай келуі қозғалыс мөлшерлерінің іс-әрекетін реттеп отыратын иннервациялық механизмдердің жоғары қозғыштығына және зат алмасу процестерінің едәуір жеделдігіне байланысты болады. Бұл жастағы окушыларға тән жүйке процестерінің өте козғалмалылығы, қимылдың ең жоғары қаркыны, бұлшық еттің босауының және жиырылуының тез ауысып өзгеріп отыруына байланысты. Біз талдаған зерттеулердің бірқатары спортпен жүйелі түрде айналыспайтын оқушылардағы жылдамдықтың жаска байланысты даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді. (75, 76, 58, 77, К), 78, 74, 80) еңбектерінде олардағы жылдамдықтың даму динамикасы көрінеді. Күшті адамнын дене қасиеті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты анықтауы керек:

1. Күш, қозғалыстың механикалык сипаттамасы ретінде, денеге көлем салмағы - күш әсер етеді (Ғ) .

2. Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, "күштін жаспен қатар дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп" және т. б.

Егер (47) бірінші мағынасында күшті козғалыстың басқа да сипаттамаларымен бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пәні ретінде сипатталады.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп, әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал, (Ғ=m. а) деген заңына сүйенеді. Қуат күші деп дененің жылдамдығы жағынан жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін бөлу, қарсы әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимыл күші дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды және тек салмақпен ғана анықталады (қозғалмай түрып жүкті үстау) . Резеңкені немесе эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды және ең бастысы сол зат тартылған ұзындықпен аныкталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне қарсы әрекет туған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына тәуелді. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация, күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан да күштің, қозғалыстың баска сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық, шапшаңдату жолы) әдетте қиын. Түрдік үлгінің тәуелділігін (Ғ=m а), таза түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.

Қандайда бір үғымды аныктаудың ең жаксы тәсілі - адамның күш мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.

Бұл фактор күштің (козғалыс кабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы арқылы күштің белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады (механикалық әсер өлшемдері) . Мағынасы жағынан дұрыс болса да бұл фаза стилистикалық жағынан "күш" деген сөздің әртурлі мағынада колданылуына байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.

Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы-түра алу қабілеті немесе бұлшык ет күші арқылы қарсы түруы деп анықтауға болады (47, 50) . Қарсы кимыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп - қимылға қарсы бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде - қозғалыс үстіндегі қимылды айтады.

Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі:

- өз ұзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп) ;

- ұзартылған. жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі) . Бұл кезендегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда

келтірілген бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға болады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін - адамның бұлшық ет қысымы арқылы сырткы қимылға қарсы түра алу қабілетін тәрбиелеуге көп орын бөліну керек. Бұлшык ет күшінің көрінуі - бұлшык ет аппараттарының іс -әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде, көлденең жолақты бұлшык еттердің физиологиялық жиырылу кабілеттері маңызды кызмет аткарады. Бұлшық еттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ак (статистикалық немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу немесе плиометрикалық тәртіп) күшті көрсете алады.

Зациорскийдің (47) жіктеулері бойынша күш кабілеттері келесі түрлерге бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалык тәртіп), жылдамдыктың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалык күш) . Адамның жылдамдык күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялык күш), сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен "жарылу күші" бөлінеді.

Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы - өсіп келе жаткан ағзаның жан-жақты дамуында, өндірістік . еңбекке дайындауда және спорттык шеберлікті көтеруде маңызы зор.

Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика сүраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы спорттын көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші факторлар болып саналатынын С. П. Летуноп (81) дұрыс атап өтеді.

Күш адам ағзасынын үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін көптеген авторлар атап өтеді (50, 20, 82, 83, 84, 85, 86, 87) . Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша жүйелері мен түтас ағзаның еңбекке жарамдылығын, тұлғаның дұрыс күрылуын және басқа да дене қасиеттерін қалыптастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс үйлесімділігін жетілдіреді.

Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады.

Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшык ет күші дамуының ерекшелігін ескеру керек.

Төзімділік деп ағзаның белгілі бір уақыт ішінде кандайда бір іс-әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады. Басқаша айтканда, шаршауға қарсы түра алу кабілетін айтады. Кейбір жағдайларда ең төзімді адамдардың өзінде де біраз уақыттан соң шаршаудың бірінші және екінші сатылары басталады. Күшею іс-әрекетті бұрынғы нәтижемен жалғастыра алмауынан көрінеді. Бірнеше адам бір тапсырманы орындаған кезде шаршау олардың әрқайсысында әр мезгілде көрінеді. Бүның себебі, ең алдымен төзімділіктің әртүрлі деңгейлілігі. Басқаша айтқанда, төзімділіктің өлшеуіші уақыт болып табылады, белгілі бір уақыт ішінде адам іс-әрекеттің өнімділігін үзбей берілген жылдамдыкта аткара алуға тиіс. Төзімділікті өлшеу үшін тікелей және жанама тәсілдерді қолданады. Тікелей тәсілде сыналушыға қандай да бір тапсырма беріп (мысалы, белгілі немесе басқа да жылдамдықпен жүгіру), осы өнімділік жылдамдықпен жұмыс істеудің уақытшегін анықтайды (жылдамдыкты төмендеткенге дейін) . Төзімділікті өлшеудің тікелей тәсілі әркашан қолайлы бола бермейді, сондыктан көбіне жанама тәсілі қолданылады. Мысалы, спорттык тәжірибедегі төзімділікті қандай да бір ұзын кашыктықты басып өтуге бөлінген уақыт арқылы анықтауға болады (мысалы, ұзақ кашыктыққа жүгіру) . Кейде төзімділікті барлығына бірдей берілген уақытта орындалған, стандарттық жүктемелерді бергеннен кейін (мысалы, шерулік жүгіруден соң (марш-броска) ), қимылдардың дәлдігі және жылдамдығы арқылы қандай да бір тапсырманы орындау барысында нәтиженің төмендігі арқылы өлшейді.

Көптеген зерттеулерде төзімділіктің төрт түрі аныкталған:

1. Ақыл-ой (мысалы, математикалық тапсырмаларды шешуде) ;

2. Сенсорлық (талдағыштық бұлшык еттердін ширығып жұмыс атқару нәтижесінде) ;

3. Эмоциялық (толқуға қарқынды тез әсерлснудің салдарынан) ;

4. Физикалық (бұлшық еттердің іс-әрекеттерінен) .

Бұл жұмыста мектеп оқушыларының шыдамдылығы туралы айтылады.

Адамның төзімділігін шартты түрде екі топқа бөлуге болатын көптеген факторлармен анықтауға болады:

1. Ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері (аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктер, қозғалыс дағдысының жетілу деңгейі) ;

2. Тұрақтылық деңгейі, ішкі ортаның қолайсыз өзгерістеріне және жүйкенің жоғарғы импульсациясына байланысты.

Әйтсе де, бұлай болу толық қатаң болмаса да, дұрыс дәлелденген. Себебі, төзімділікті тәрбиелеу барысында осы аталған екі топтың біріне бағытталған тәсіл қолданылады.

Сабақ кезіндегі төзімділік оқушылар белгілі бір деңгейде шаршай бастағанда ғана дамиды. Бұл кезеңде адам ағзасы осындай жағдайларға бейімделе бастайды, сондықтан бұл төзімділіктің жоғарылауына байланысты. Бейімделе бастау өзгерістін көлемі мен бағытты жаттығу жүктемелерінін сипаты мен деңгейіне сай болады. Жүктеменің әр түріне байланысты шаршау да әртүрлі болады, мүнда шаршаудың табиғилығы маңызды мәселе болып табылады, сондықтан төзімділікті тәрбиелеуде шаршаудың денгейін ғана емес, сипатын да ескеру керек.

Осыған орай, төзімділікті тәрбиелейтін жаттығу сабақтарынын басты мақсаты, ағзада өзімізге қажетті өзгерістерге қол жеткізу.

Дененің төзімділік қасиетін тәрбиелеуге арналған әртүрлі дене . жаттығуларын орындау кезінде берілген жүктемені мынадай бес қүрылымдармен сипаттауға болады:

- жаттығудың өнімділігі;

- жаттығудың ұзақтығы;

- демалыс аралығының ұзақтығы;

- демалыс сипаты, үзілістерді әрекеттің басқа да түрлерімен толықтыру;

- қайталаулар саны.

Осы қүрылымдардың сәйкес келуіне байланысты ағзаның жауап беру әсерінің көлемі ғана емес, сипаты да әртүрлі болады.

Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары ескіру, допты үстап алу, гирді көтеру, т. б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қиындықтарда болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Спорттың балаларға берері көп
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Казақ спорт және туризм академиясы
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Дене шынықтырудың міндеттері
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz