КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I БӨЛІМ. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Тартылған қаражаттардың мәні, маңызы, мақсаты және түрлері . . . 6
- Депозиттік операция: түсінігі, мәні, қалыптастыру принциптері . . . 13
II БӨЛІМ. «ТҰРАН ӘЛЕМ БАНКІ» АҚ- НЫҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1 Депозиттік қызмет нарығының құрылымына және динамикасына салыстырмалы талдау . . . 19
- Депозиттерді тарту саласындағы «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының қызметін бағалау . . . 24
- «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының депозиттік операцияларының стратегиясын талдау . . . 36
III БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларын жүзеге асыруда туындайтын мәселелер . . . 47
- Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларда туындайтын мәселелерді шешу жолдары және жетілдіру бойынша ұсыныстар . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаца мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардын елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады /1/.
Ұсынылған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы» Жолдауында айқындалған: «Шетел инвестициялары мен. ішкі жинақтардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, түрлаулы және барған сайын арта түсетін қаркынына қол жеткізу», яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты мақсаттар кешенін шешуді көздейді / 2/.
Алға қойылған мақсаттарды шешу қазақстандық банктердің тәжірибесінде енгізген ең ілгершіл және ұтымды жұмыстарының нысандары мен әдістерін оқып, білу, сонымен катар біршама прогрессивті, нақты нысандары мен жұмыс әдістемелері жаңалықтарын енгізу арқылы қызметтерінің тәжірибелілігіне көз жеткізуге болады. Бұл дегеніміз қарастырып отырған тақырыбымның өзектілігін көрсетеді.
Банк өз қызметі барысында әр түрлі аудиториялармен: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және тағы басқалармен табысын үлғайту мақсатында қатынас жасайды.
Бірақта бұл банктің банктік нарығында атқаратын жалғыз мақсаты емес. Сондай-ақ банктер қаржылық ресурстарының өтімділігі мен табыстылығын оңтайлы қамтамасыз етуге, банктің беделін қалыптастыруға және беделін ұстап тұруға тырысады. Банктің танымалдылығы, жақсы беделі клиенттер көлеміне әсер етеді.
Банктің клиентурамен қарым-қатынасы банктік өнімдерді сату, сатып алу үрдісінде туындайды. Олар мыналар: депозиттік шоттарды ашу, несие беру, валюталық қатынас, есеп-айырысу операциялары, бағалы қағаздарды сақтау және тағы сол сияқты операцияларды қамтиды.
Банктік операцияларды кең клиентурамен жүргізу-әлемдегі барлық елдердегі қазіргі банк қызметіндегі ең негізгі ерекшелік.
Қазақстанның ірі коммерциялық банктері өз клиенттеріне кең көлемде операциялар мен қызметтерді ұсына отырып, өз табыстылық базасын кеңейтуге, өтімділігін үлғайтуға және бәсекеге қарсы тұра білуге тырысады.
Банктің кең клиентурамен банктік операциларды жүргізуіндегі тиімді де икемді жүйесі ішкі жинақтың жиналуына себепші болуы мүмкін және болуы
керек. Банк қызметінің икемділігі өзгермелі экономиканың талабына әсер ете білуінде маңызды орын алады.
Банк мекемесінің белгілі бір коммерциялық кәсіпорындардан ерекше айырмашылығы, коммерциялық банктің ресурстардың көп бөлігі өз ақша қаражаттары есебінен қалыптаспай, тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады /3/.
Коммерциялық банктер салым (депозит) ретінде және сәйкесінше шоттар ашу арқылы халықтың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бос ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Банктермен тартылатын қаражаттар кұрылымы әр турлі. Олардың негізғілері, банктің клиенттерден ақша-қаражатгарды тарту қызметінен (депозиттер) қаражаттар, банкпен өзінің міндеттемелерінің (депозиттік және жинақ сертификаттары) эмиссиясы арқылы тартылатын қаражаттары.
Банк операцияларының негізі- банктің ресурс базасын қалыптастыру операциялары болып табылады. Банкпен банктің ресурс базасын қалыптастыру процессі пассивтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі алғашқы тарихи мәнге ие және оның активті операцияларға қатынасына байланысты анықтаушы рөлді атқарады. Жоғарыда айтылғандай, банк ресурстарының көп бөлігі банкпен депозиттік операцияларды жүргізу кезінде қалыптасады, олардың тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесінде, әр бір несиелік ұйымның тұрактылығы және пайдалылығы айқындалады. Сондықтаң, банктің ресурстар потенциалын өсіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету және пассивтерді тиімді басқару сұрақтары, ерекше өзекті.
Айта кететін жайт, депозиттік операцияларды қалыптастыруға байланысты мәселелер, біздің мемлекетімізде тоқсаныншы жылдары ерекше көңіл бөлінген жоқ. Өйткені, инфляцияның жоғарғы деңгейіне және арзан ақша ресурстарының көп болуына байланысты банк кызметтеріне жоғары сұраныс болып, ұсыныс қанағатсыз болды, ал осы пайда болған жағдайлар нәтижесінде, банк операцияларының пайдасының жоғарғы нормасын камтамасыз етті.
Пайда нормасының төмендеуі және табыс көздерінің дәстүрлі қайнарларының жоғалуы, яғни банкаралық несиелер және мерзімді валюта нарығындағы операциялар, коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың құрылымындарын оптимизациялауға және олар бойынша пайыз шығындарын азайтуға байланысты тиімді депозиттік операцияларды қалыптастыруға бет бұрды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының депозит саласындағы қызметі болып табылады.
Зерттеу пәні қазіргі таңда екінші деңгейлі коммерциялық банктердің депозиттік операциялары, мәселелері және шешу жолдары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы депозиттік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдірудегі ұсыныстарды жасау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың түрлерінің ерекшеліктерін қарастыру және олардың мәнін ашу;
- банк ресурстарын басқару жүйесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды қалыптастырудың теориялық негіздеріне талдау жүргізу, депозиттік операциялардың мәнін, қалыптастыру принциптерін, міндеттерін және мақсаттарын қарастыру;
- Республикалық деңгейде депозиттік қызмет нарығының құрылымына және динамикасына салыстырмалы талдау жүргізу;
- депозиттерді тарту саласындағы «Тұран Әлем Банкі» Акционерлікқоғамының қызметін бағалау;
- «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының депозиттік
операцияларының стратегиясын талдау;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің депозиттік операция стратегиясының мәселелерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің депозиттік операцияларда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтау және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының Заңдары, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банктердің іс әрекетін анықтайтын заңдық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары, шетелдік және отандық ғалымдардың мақалалары, газеттер мен журналдардан және интернет ресурстарынан алынған мәліметтер. Жұмыс барысында жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық - математикалық әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың тәжірибелік негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының нормативтік және қаржылық құжаттары.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - тартылған ресурстардың түрлерінің ерекшеліктерін қарастыру, депозиттік операцияларды қалыптастырудың теориялық негіздеріне талдау жүргізу, Республикалық деңгейде депозиттік қызмет нарығының құрылымына және динамикасына салыстырмалы талдау жүргізу, «Тұран Әлем Банкі» Акционерлік қоғамының стратегиясын талдау, коммерциялық банктердің депозиттік операцияларда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтау және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
I БӨЛІМ. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Тартылған қаражаттардың мәні, маңызы, мақсаты және түрлері
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Банктік тәжірибеде, барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау құрамы бойынша жан-жақты. Негізгі олардың түрі болып, депозиттік қаражаттар, яғни банктің клиентпен жұмыс істеу кезіндегі тартылған (депозит) қаражаттары және депозиттік емес жолмен тартылған қаражаттар, шоғырландыру жолымен шығарылған меншік қарыздық міндеттемелер (депозиттік және жинақтық сертификаттар, векселдер, облигациялар), банкаралық несие мен Ұлттық Банктің қарызы арқылы басқа несиелік ұйымдардан алынған қаражаттары болып табылады.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден- бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бір тұлға (депозитор) басқа түлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкіне және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе бөліп - бөліп, алдын-ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не онсыз тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша /4/.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар- бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздірінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік емес ресурстар банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады /5, 80-81/.
Депозиттік операциялар- бұл белгілі бір мерзімге немесе талап етуге дейінгі заңды және жеке тұлғалардың салымдарға ақша қаражаттарын салумен байланысты банктердің операциялары болып табылады /6, 410/.
Депозиттік операциялардың мағынасы өте кең. Бұған қаражаттарды салымға тартудағы банктің барлық іс-әрекеті жатады. Бұл пассивті операциялар тобының ерекшелігі банк осындай операциялар көлемін нашар бақылай алады. Өйткені салым салу көп жағдайдй салымшының ниетіне байланысты. Жалпы тәжірибеде көрсеткендей, салымшылар тек төленетін пайызға ғана қарап қоймайды, сондай-ақ банкке сеніп берген қаражаттарының сенімді сақталуына да қарайды.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру біраз принциптерді сақтау арқылы жүргізілуі керек:
- болашақта пайда алу үшін жағдай жасау;
- банктің жылдам өтімділігін сақтау үшін депозиттік операциялардыбасқару кезіндегі икемді операция;
- активтердің пайдалылығы мен депозиттік операция арасындағы келісімділік;
- клиенттерді тарту мақсатында банк қызметтерін дамыту.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті-
депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент - банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен, бос ақша каражаттарын тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Олар коммерциялық банк қызметіне еркін нарықтағы несиелік' ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады. Депозиттік операциялардың үлесіне пассивті операциялардың 95% келеді.
Депозиттік операциялардың субьектілері ретінде қатысатындар:
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
- мемлекеттік мекемелер;
- кооперативтер;
- акционерлік коғамдар;
- шетелдік капиталдың қатысуымен аралас кәсіпорындар;
- партиялық және қоғамдық ұйымдар мен қорлар;
- қаржылық және сақтандыру компаниялар;
- инвестициялық және трасталық компаниялар;
- жекелеген жеке тұлғалар және осы тұлғалардың бірлестігі;
10) банктер мен басқа да несиелік мекемелер.
Депозиттік операциялардың объектісі болып депозиттер табылады. Бұлар -депозиттік операциялардың субъектілерімен банкке салынған, банктің шотында белгілі уақытта қала отырып, белгілінген тәртіппен банктік және қаржылық операциялар атқарылатын белгілі бір ақша қаражаттар сомасы.
Депозиттік шоттар көп жақты болуы мүмкін. Олардың жіктелу негізіне мынандай белгілер жатуы мүмкін: салымдардың көзі; олардың мақсаты; көзделуі; табыстылық деңгейі және т. б., бірақта көбінесе салымшылардың санаты және салымды алу түрі белгі (критерий) ретінде көрінеді /7, 246/.
Салымшылар санатын былайша айыруға болады:
- заңды түлғалардың депозиттері (кәсіпорын, ұйым, басқа да банктер) ;
- жеке тұлғалардың депозиттері.
Экономикалық мағынасы бойынша салымдар-депозиттерді былайша топтастыруға болады;
- салымшылардың санатын есептеумен;
- кері алу түрі бойынша;
- сақталудағы каражаттардың қолдану тәртібі бойынша.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Депозиттерді қаражаттарын кері алу түрі бойынша 3 топқа бөліп қарастырады (кесте 1) :
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- мерізімдік депозиттер;
- халықтың жинақтық салымдары.
Кесте 1 - Депозиттердің сызба түріндегі жіктелуі
Талап етуіге дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем кұжаттар арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар /6, 41/.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіге дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай- ақ әр түрлі шағынкоммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатынқаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айрысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражатгары және олардың ;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етілмелі шоттағы каражаттардың қалдығы жоғары икемділігіне байланысты, тұрақты емес, кейде әуелі өзгермелі. Бірақта, талап етілмелі шоттағы қаражаттардың жоғары өзгермелілігіне қарамастан, олардың төменгі қалдығын және тұрақты несиелік ресурс ретінде қолдануын анықтауға мумкіншілік бар. Активті операцияларын кеңейту үшін және пассивтерді басқару жағынан банктің ең жақсы әдіспен пайда табуы үшін талап етуге дейінгі және мерізімді депозиттер жататын негізгі депозиттер түрін көбейту мен тармақтандыру қажет. Талап етуге дейінгі салымдары арқылы банк үшін пайда табу мәселесі шешіледі, яғни бұлар ең арзан ресурс және клиенттердің есеп айырысу және ағымдық шоттарына қызмет көрсету шығыны ең аз.
Көптеген коммерциялық банктерде тартылған қаражаттар құрылымының бірталай үлесін талап етуге дейінгі депозиттер құрайды.
Банктің қаржылык ресурсында талап етуге дейінгі депозиттер үлесінің ұлғаюы, %-қ шығындарын азайтып, бұл қаражаттарды банк активінде қолдану арқылы мол табыс табуға мүмкіншілік тудырады. Есеп айырысу шоты пассивтердің күтілмеген әлементі. Сондықтан бұлардың қарыздық капиталда үлкен үлесі болуы банктің өтімділігін өте қатты нашарлатады. Осыған байланысты басқарудың басты қызметі банк депозитті базасының оңтайлы кұрылымын анықтау болып табылады.
Талап етуге дейінгі шотында сақталулы, мерзімді депозит шотына аударуға болатын, каражаттардың үлесі есебі (клиентке банкке салған қаражатынан пайдасын көбейту және банк үшін несиелеу ресурсының тұрақтылығын құру мақсатында) келесі формуламен шығарылады (1) :
Д = Оср : Коб * 200 %,
Мұнда:
Д - жыл бойы әртүрлі ағымдық шоттарда сақталған, депозиттік шоттарға аударылуы мүмкін қаражаттардың үлесі;
Оср - бір жылдағы есеп айырысуы және ағымдық шоттағы қаражаттардың орташа қалдығы;
Коб - бір жылғы есеп айырысу мен ағымдык шоттағы несиелік айналым.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігімен сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылык және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында ақша- қаражаттары түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі- бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төмен мөлшерде төленеді /2, 87/.
Мерзімді депозит - бұл пайыздық төлемі мен мерізімі қатаң келісілген, депозиттік шотқа аударылатын қаражаттар. Оның мөлшерлемесі салымның көлемі мен мерізіміне байланысты. Мерзімдік салым иесінің иелігіне тек келісілген уақыт біткеннен кейін қана көшеді. Бірақ алдын-ала банктен өз қаражатын алуын жоққа шығармайды. Бірақта бұл жағдайда клиенттің алатын %-дық көлемі азаяды. Банк мерзімдік салымдарды тартуға мүдделі, өйткені олар тұрақты және банкке салымшылардың қаражаттарын ұзақ мерізім көлемінде пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма- қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Мерзімді салымдар тек қана топтық (жинақ сомада) сомада қабылданады. Көбінесе минималды салымдарда талап етіледі. Кейбір банктерде жалпы мерзімдік салымдарды салу тек қана іскерлік клиенттерге рұқсат етілсе, жеке клиенттерге капиталға орналастыру түрінде жинақтық салым салу ұсынылады. Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетгі резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады /8, 341/.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерғе бөлінеді:
- меншікті- мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күнннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай даесеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліпотырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талапетіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтербелгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі- жинак салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаыы салу және алу кезінде жинақ кітапшасын корсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. компыотердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар 191.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардын біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозитгерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражатгар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талапетілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалайқаражаттар козғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талапетіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке түлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Коммерциялық банктермен жеке түлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz