ТЕМІРБАНК АҚ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ
1. Депозиттік нарықтың қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
2. Банктің депозиттік операциядарының түрлері мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3. Халық салымдарын банк секторына тартудың маркетингтің
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
II ТАРАУ. ТЕМІРБАНК АҚ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Банктің тартылған қаражаттары және оларды
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Депозиттік қорның қазіргі кездегі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 32
2.3 Депозиттік операцияларының даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...42
III ТАРАУ. ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ЖАҢАШАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банктік депзитке халық салымдарын тартудың проблемалары
... ... ... ... ... 46
3.2 Банктегі депозиттерді сақтандыру жүйесі – салымшылардың сенімділігін
арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...60
Қосымша
Кіріспе
Елбасымыздың биылғы жолдауында айтылғандай бәсекеге қабілеттілік –
Қазақстанның экономика мен қауымдастыққа табысты ықпалдасуының жаңа
кезеңдегі негізгі міндеттері болып табылды.
Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын қамтасыз етіп, ұстап
тұрумен ғана шектеліп қалмай,оның өсуін басқаруға қол жеткізу.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тұрлаулы сипатын қамтасыз
ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру ,сондай-ақ оның
орындалуына қатаң бақылау орнату қажет болады.
Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен
өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарына негізделуге және
әлемдік дамудың үрдістері мен сырқы нарықтардағы сұранысты ескеруге тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006
жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған
"Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында" таяудағы оң жылға арналған алты басымдық пен тиісті
міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдылықтарды іске асыру Қазақстан
экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орның ілгерлете түседі.
Қазақстан нарықтық реформаларды батыл түрде жүзеге асырды. Соның
арқасында ел экономикасы тұрақты даму жолына түсті. Енді елдің кемел дамуын
қамтамасыз ету үшін экономиканы әр тараптандыруға бағыт ұстануда. Осы
мақсатта 2003-2015 жылдарға арналған елдің Индустриялық - инновациялық даму
стратегиясы қабылданды.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Қаржыгерлердің 1
Конгресінде сөз сөйлегенде, Отанымыздың экономикасын дағдарысқа
ұшыратпаудың бірден бір жолы, ол халқымыздың жинақ, салымдарының
белсенділігінде, салымдар мен жинақтарды дұрыс пайдалана білу қажеттігі
айтылды. Тек ғана халықпен бірге біз қаржы айналымына ірі ақша соммасын
тарта аламыз, яғни олар мемлекеттің экономикасын жоғарлатуға жұмыс істейтін
мемлекеттің қаржы жүйесіне айналу керектігі сөз болды.
Мемлекеттің бірден танылуы, сол мемлекеттегі халықтардың өмір
сүру деңгейінен көрініс табатыны анық. Мемлекеттің әлеуметтік -
экономикалық жағдайын қарастыра отырып, мемлекет саясаты аңғарылса керек.
Мемлекеттің өсіп, өркендеуі халықтың тұрмыс жағдайына байланысты. Ал,
халықтың көңілінен шығу, ол саясаттың да оларға деген үлкен мән берілуімен
анықталады. Сондықтан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы, ол халқына
деген сенімділік, үміт пен болашақ, мемлекеттің биік шындардан көріну
жолдары.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде халықтың ақша қаражаттарын
тартудағы банктермен жүргізіліп жатқан шаралар болып табылады. Банктердегі
депозиттердің жалпы іс жүзіндегі ролдері, бұл салаларға қаншалықты көңіл
аударылатыны, мемлекет тарапынан қандай шектеулер мен ұсыныстар
көрсетілетінің зерттеп, осы банктердегі депозиттер бойынша зерттелген өз
жұмыстарымның нәтижесін көрсету болып саналады.
Дипломдық жұмыста Темірбанктің депозит операцияларымен танысып,
олармен халық салымдарын жинақтаудың әр түрлі шараларды
сақтандырып,қорлардың қазіргі кездегі жағдайларын талдау. Банктің тек ғана
депозиттік операциялармен қызмет аясы шектелмей сол сияқты несие,
сақтандыру, тағы да басқа іс шараларды жүргізе отырып Дүниежүзілік сауда
ұйымына енудегі стандартты қызметтердің барлық мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, мемлекетіміздегі банк жүйесін одан әрі дамыту үстінде.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер
баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеретіні мәлім,
мұндағы коммерциялық банктердің мақсаты:
← депозиттік ресурстардың қаржыландаратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
← депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
← депозиттік операциялар ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер
мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
← салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайту, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасау болып
табылады.
Коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі
ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық
банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүзеге асыра отырып,
депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.
"Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамуы"
дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алу себебім: біріншіден, бұл тақырып
өзіме жақын, өйткені бала кезден белгілі бір ақшаларды жинақтаудан, ермек
еткен кездердің бейнесі болса керек. Екіншіден, бұл депозиттер халықтың
әлеуметтік жағдайының күрделі мәселесі, яғни халық өз салым жинақтарың
сақтаудан, жинақтаудан бір пайда алсам деген, мақсатпен құруы. Үшіншіден,
халықтың тұрмыс тіршілігінде депозиттің ерекше орын алатыны, оларды
пайдалана отырып халық өз мақсаттарын жүзеге асыруына, септігі тиетіні, ол
үшін, халықты депозит туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету
керектігінен туындады. Ал халықтың ақша қаражаттарын сақтаумен әрине
банктердің үлесімен жүзеге асырылатыны анық. Дипломдық жұмыстағы банктермен
жүргізілетін банктік операциялардың түрлері, олардың жіктелуі, мақсат
міндеттері толық қарастырылып, салымшылар үшін өз пайдасын әкеледі
Банктермен халықтың ақша қаражаттарын депозитке тарту үшін не істейді?
← мақсатты жарнамалар жүргізеді;
← салымдарды кепілдендіру қорына енгізеді;
← қызмет көрсету аясын кеңейтеді;
← ұтыс ойындарын лотореялар жүргізеді;
← депозиттерді басқа да категорияларға жіктейді;
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік
депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады. Салымдарды сақтандыру
жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда
барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын
кепілдейді.
Депозиттік операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай
жүреді. Салымдарды тарту бұл экономикалық ғана емес сонымен қатар
әлеуметтікте проблема. Ол үшін мемлекет тарапынан дұрыс саясаттың
жүргізілуі әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және дамуында
көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметтерінің тұрақтылығын сақтау
үшін өтімді қылуға тырысады. Банктің беделі де депозиттердің тартылуына
тікелей ықпал етеді. Банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық
субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші
жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорын мен ұйымдардың әр түрлі
қажеттерін қанағаттандырады.
Нарықта депозиттік операциялардың кең қолданыста орын алуы байқалуда,
банктердің депозиттік операцияларын ең алдымен толық ақпаратпен
қамтамасыздығы, яғни болашақта өз таңдауымыздың дұрыс шешімін табу үшін
банктің тарихына назар аударуымыз керек. Осы дипломдық жұмыста мұндай
мүмкіндік қарастырылған, яғни Темірбанк оның депозиттік саясаты.
Дипломдық жұмыстың методологиялық және тәжірибелік негізгі ретінде отандық
және шетелдік экономистердің ғылыми және оқу әдістемелік еңбектері,
Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс - әрекеттерді қадағалау
заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенствалық статистикалық
материалдары қолданылады.
Дипломдық жұмыста Ғ.С. Сейітқасымов, “Ақша, несие, банктер”оқулығына,
“Егеменді Қазақстан”гезеті , “Хабаршы”журналы , “Қаржы қаражат”журналы ,
Темірбанкінің бухалтерлік құжаттарына сүйендім.
Қорытындылар мен ұсыныстарда Қазақстан Республикасындағы депозит
нарығының қалыптасуы мен дамуының банкпен депозиттік операциялардың жүйесін
жетілдіру жолдары қарастырылған.
Тарау 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ
1.1 Депозиттік нарықтың қалыптасуы мен даму
Депозиттік нарықтың қалыптасуы – коммерциялық банктердің алғашқы
дәсүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капталы мен тартылған
қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал- банктің несиелік ресурстарының
маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын
құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында
меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен
түсіндіріледі- біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы
ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос
қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық
негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік
сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін
төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет істеуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал- банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құралады. 43, 5
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару
мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ
болатын.. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары
зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел
тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары
қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше
себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен
сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез
келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз
ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар
қолдану;
Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын
депозиттер саиылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда
резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша
пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу
парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі
бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.
Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі-
жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де
депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру
болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға
пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды
банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен житнақталады.
Екінші деңгейлі банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық

жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі
қажеттерін қанағаттандырады. Банктің пассивтік операцияларының негізінде
оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Осының есебінен банк өзінің маржасын алады.
Банк ресурстары – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан
және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету
және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын меншікті және
тартылған қаражаттарының жиынтығы. Бұл жердегі барлық тартылатын
қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
← депозиттік қаражаттар;
← депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит - жеке және
заңды тұлғалардың банкке белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен
салған қаражаттары болып табылады.
Қазіргі кезде депозиттердің әр түрі кездеседі. Бәсекелестік жағдайында
бұл банктерге клиенттердің қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі
таңда салымдардың үлкен үш тобын бөлуге болады:
- талап етуге дейінгі салымдар;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары.
Талап етуге дейінгі салымдар салым иелерінің бастапқы талап етуінде
қолма-қол берілуге тиісті. Қазақстан Республикасында талап етуіне дейінгі
салымдарға келесілер жатады:
- мемлекеттің, акционерлік қоғамдардың және әр түрлі шағын
кәсіпорындардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі салымдар бойынша банк клиенттен сол шотты
пайдаланғаны үшін комиссиондық немесе пайыздық ақы алады, алайда банктер
осы шоттарда қаражаттардың сақталғаны үшін не ең төменгі мөлшерде пайыз
төлейді, немесе тіпті төлемеуі мүмкін. Бірақ, банк бұл шоттардағы
қаражаттарды кез келген уақытта ешқандай шектеусіз береді. Талап етуіне
дейінгі салымдар бойынша коммерциялық банктер Ұлттық банкте сақталатын
міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозиттерге келетін болсақ, бұл салым түрі банктерде
белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің
уақытша бос ақшалай қаражаттары болып табылады. Яғни, мерзімді депозитті
мерзімі өткеннен кейін немесе алдын-ала хабарлаудан кейін алуға болады.
Бұл депозиттердің талап етуіне дейінгі салымдарға қарағанда ерекшелігі-
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Мерзімді
депозиттер есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және оларға ешқандай есеп
айырысу құжаты толтырылмайды.
Депозиттерді тарту мақсатында банктер салымшылар арасында ұтыстар
ойнатады. Бұл депозиттерді тартудың ең жақсы әдісі болып табылады.
Салымдардың тағы бір түріне жинақ салымдары жатады. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет. Жалпы, мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары депозиттік
ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Елімізде жинақ салымдары тек жеке тұлғаларға ашылатын болса, шетел
тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер
фирмаларға ашыла береді.
Қазіргі кезде жеке тұлғалардың салған салымдарының барлық түрі
Қазақстан Республикасыныдағы жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру
Қорымен кепілдендіріледі. Екінші деңгейлі банктердің барлығы осы Қорға мүше
болуға тиісті. Бұл қордың өзінің белгіленген шарттары бар және ол бойынша
банк жабылған жағдайда сол банкке қаражатын салған әр жеке тұлғаға 400 000
теңге мөлшерінде салымы қайтарылады. Ал, кепілдендірілетін салымға жатуы
үшін депозит сомасы 7 000 000 теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар, Қор
депозиттерге төленетін пайыздардың шекті мөлшерін тағайындайды. Қорға мүше
болған әрбір банк осы тағайындалған пайыздық мөлшерлемеден жоғары
мөлшерлеме белгілемеуге тиісті.

жүреді. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендеті арқылы несиелік
ресурстарды да арзандатуға мүмкіндік туады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға
тікелей ықпалын тигізеді. Яғни, экономиканың дамуы жағдайында депозиттердің
пайыздық мөлшерлемесі біртіндеп түседі. Сол уақытта ресурстарды жинақтау
мақсатында банктер депозиттерді салу шарттарын жақсартып, оларды неғұрлым
тартымды етеді. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қоры пайыздық
мөлшерлемелерді реттеп, соған байланысты банктер өз мөлшерлемелерін
белгілейді. Сонымен қатар, банктің беделі де депозиттердің тартылуына
тікелей ықпал етеді.
Жалпы, қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және
дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметінің тұрақтылығын
сақтау үшін өтімді қылуға тырысады. Оның қамтамасыз етілуі банктік
ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасында тепе- теңдіктің сақталуын талап
етеді. 30, 8
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар
екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің
банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің
несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт
деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән,
экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және
олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық
мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның
жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі- экономиканың нақты секторын жандандыру
болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және
табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен
ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік
коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айрысуларға байланысты
корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-
корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсететін формасы- бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
← депозиттің мерзімі
← салымшылардың категориясы
Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда
банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар.
Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері
бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың,
орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің,
шетелдік салымшылардың шоттары (2,3,4 сызбалар).
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұд пассивтерді
басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк
клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің
неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты
өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз
клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай
мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда, оларға
несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып –
клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын жетілдіруі
жатады.

депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем
қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін
зиянның орнын толтыруын кепілдейді.
Депозиттік – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттерді
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен
тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте
депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен
шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады,
екіншісі- банктің меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды жне
жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны
экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзее асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
← уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
← экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
← қолма- қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
← инвестициялық қызметті;
← клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі
банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған
қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен
тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік
займдарға және ақшалай- заттай лоторейлерге тарта отырып, халыққа
бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен
айналысты, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық
жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда,
ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8
мыңға жуық болды. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп
отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл
институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып,
байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер
бойынша мекемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады.
Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген
пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы
несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары
бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды.
1.2. Банктің депозиттік операцияларның түрлері мен қажеттілігі
Комерциялық банктердің депозиттік операциялары активті және
пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша
бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда
орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері
ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың
негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
← талап етуіне дейінгі депозиттер;
← мерзімді депозиттер;
← жинақ салымдары;
← бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
← мерзімдеріне қарай;
← салым иелерінің категорияларына қарай;
← қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
← пайыз төлеу тәсіліне қарай;
← банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
← тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
← жеке тұлғалардың шоттарына;
← кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
← жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
← қаржылық мекемелердің шоттарына;
← шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Банктік ресурстар банкпен пассивті операция жүргізу нәтижесінде
құрылады және банк балансының пассивінде көрсетіледі. Банктік ресурстарға
банктердің меншікті құралдары қарыз және тарту құралдары жатады. Олардың
жиынтығы банктік активті операцияларын жүргізу үшін қолданылады. Яғни табыс
алу мақсатымен жұмсалған ресурстарды орналастырады. Банктік ресурстардың
құралдарының негізгі көздері болып; банк клиенттерінің салымдары болып
табылады. Бірақ банкке бөтен капиталды тарту үшін өзінің барлық меншікті
капиталын көрсету керек. Банктің меншікті құралы уставтық, резервтік қорлар
жатады. 28, 13
Банктерді ұйымдастыру формасына байланысты уставтық қор әр түрлі
құралады. Егер уставтық капитал акционерлік қоғам сияқты құрылса, онда
уставтық қор акцияның құнымен құрылады. Егер банк шектелген жауапкершілік
қоғамы сияқты құрылса, онда уставтық қор бөлшектерге бөлінеді. Оның мөлшері
құрылтай құжаттарымен анықталады және осы банк мөлшері өзінің бөлшегіне
қарай міндеттемелерге жауап береді. Банктің уставтық қоры салымдарға
пропорционалды. Әрі оның акционері жыл сайын банк кірісінен дивидент
түрінде бөлшегін алады. Банктің резервтік қоры активты операцияларының
шығындарын толтыру үшін арналған. Алынған кіріс жетпеген жағдайда банктік
облигация бойынша дивидентке пайыз төлеу көзі қызметін атқарады. Резервтік
қор банкке жыл сайын түскен табыстан төленеді. Оның пайызын банк иесі
белгілейді. Резервтік қормен қатар коммерциялық банкте банкті әрі қарай
дамыту үшін өндірістік және әлеуметтік қорлар құрылады. Банктің меншікті
құралдарының ең негізгі функциясы олар салушылыр алдында банктің
міндеттерін орындау қызметін атқарады. Банктегі барлық меншікті құралдар
мөлшері, оның қызмет масштабымен анықталады.
Тарту құралдары; банк құрылымының өзгешелігі коммерциялық
кәсіпорындардың бір түрі сияқты олардың ресурстарының көп бөлігі - меншікті
құралдар емес, қарыз құралдарының әр түрлі болуы. Олардың ең негізгі
құралдарының бірі болып, банк клиенттерімен жұмыс уақытында тартылған
құралдар жатады және меншікті қарыз міндеттерін шығару жолымен немесе басқа
несиелік құрылымнан қарауға алынған құралдар жатады.
Талап етуге дейінгі депозиттер - деп, клиенттер банкке алдын -ала
айтпастан күтпеген жағдайда талап етілетін құралдар.
Жедел (мерзімді) депозиттер - бұл депозиттер банкпен анықталған
мерзімге тартылады.
Сақтандыру депозит- деп, жедел (мерзімді) депозит және талап етуге
дейінгі депозит арасындағы депозитті айтамыз.
Сертификат - (жазбаша куәлік) банк эмитенттің ақша құралдарын салғаны
туралы.
Депозиттік операциялар басқармасы- банктің өз капиталы мен тартылған
қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына, қызметтерді
атқарады:
- банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір депонент
(ақша салушы) бойынша есептеу;
- қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау;
- тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның балансының
өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
- банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге -
сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық
компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.

операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Банктер үшін салым – пассивтің ең басты түрі,активті несиелік
операцияларды жүргізу үшін маңызды ресурс (Мысалы ,АҚШ коммерциялық
банктердің активтің жалпы соммасы 93 пайын қарыздық құралдар құрастырады)
.Депозит мінездемесіне ссудалық операциялар тәуелді болады, ал олар арқылы
банк табысы құралады.
Халықтың жинақтары жеке банк ресурстар тобын құрастырады. Жалпы
халықта жинақтың пайда болуы, күнделікті немесе басқа қажеттіліктерді бас
тарту арқылы ақша құралдарын ұстау. Белгіленген қажеттілікке жұмсалған
құралдар , ұстап қалмаған мерзімде , банк ресурстарын құрайды. Құралдардың
қайтарылу халықтың мемлекетке немесек банк берілген құралдар өз
қажеттілігіне жұмсаған кезде қайтарылады. Бір азаматтар жинағын жұмсаған
кезде басқа азаматтарда жинақ пайда бола бастайды.Сондықтан банк ресурс
ретінде қолданылатың халықтың жинағы азаяды, ол систематикалық түрде өсе
бастайды.
Жинақты жинау және сақтау ұзақ мерзімге созылады. Бірақта ірі
жинақтар көзілмеген шығынға немесе қажеттілікке жұмсалуы белсенді тауар
негізінде сұрасқа айналады. Бұл жағдайда халықтыңжинағы сауда ұйымдарына
немесе өндіріске несие ретінде алынады.
Халықтың жинағын қайда жұмсауға болатыны, оны банк ресурсы несие
ретінде пайдалану, оларды қайта жұмсау халық жинағының көбейтуге тура
келеді.Сондықтан салымдар айналымға шыққанда өндіріске шикізат, тауарлар
дайын материалдар болу керек.Қазіргі кезде біздің елімізде халықтың сатып
алу сұранысы және тауардың ұсынысымен сәйкес келмейтін жағайларда пайда
болады, ол артық халықтың жинағы әкеледі, соның салдарынан тауар дифициті
пайда болады. Халықтың жиағының пайда болу факторына халықтың ақша табыстың
өсуіне, тұтыну тауарының, құнының өсуіне, тауар және қызмет нарығында
авекатты сұраныстың жоқтығы, теңдестірілмеген баға саясатын және т.б.
жатқызады. Сондықтан халықтың ақша жинағымен байланысты, несиелік
ресурстардың қолдану масштабын кенейту қажеттілігі туады.
Банк мекемесінің спецификасы басқа кәсіп орындардан айырмашылығы
қолданылып жатқан ресурстарын көп бөлігі қарыздық құралдардан құралады.
Қазіргі уақытта ұйымдық құқықтық формаға және өзіндік капиталдың көлеміне
байлаысты құралдарды тарту мүмкін болады.
Салымшы чек жазып шығарып белгіленген соманы ала алады. Бірақ
солуақытта банктік ақша пайыз әкеледі. Олар салымшыүшін екі жақты рөл
ойнайды.: ақша өрліндегі бір жағынан, пайыз әкелетін капитал рөліндегі
екінші жағынан. Депозиттің ақша құралдардан айырмашылығы депозит пайыз
әкеледі, бірақ капитал әкелетін пайыздан жеткіліксіз болады. Бұл
төмендетілген пайыз – жай құбылыс емес, банк табиғатының негізгі мәні
болып табылады. Өйткені бұл пайыз банк пен салынған ақша құралдардан түскен
пайыздан алынған.
Бұл пайыздан арасындағы депозит салымшыға ғана емес банке де пайдалы
болады. Көп депозиттер банке белгіленген қаржылық шаруашылық сферасына
жұмсауға несиелік ресурсты құрайды.пайыздар арасындағы айырмашылық,
тартқан құралдардан ссудалық капиталды орналастыру халықтың бос ақша
қаражатың тартудан, депозитпен пайыз арасындағы айырмашылық банк үшін
сыйақы болып табылады.
Алтын банктің құқықтарының бірі, банктің қаржылық талаптардың
көлемімен мерзімі оның міндеттерінің мерзімімен көлеміне байланысты болу
керек. Бұған қарағанда банктер ағымдағы шоттардағы халықтарды несиелік
ресурс ретінде қолдана алмайды өйткені олар кез келген уақытта талап
етіледі Бірақта клиенттер барлық құралдарын талап етпейді, сондықтан банк
резерві жоғары болмайды. Сонымен қатар, банктік операциялардың көпшілігі
қолма-қолсыз түрде жүргізіледі.Сондықтан кассалық резервке қосылмаған қолма
қол ақша басқа клиенттерге немесе банктерге несиелік ресурс ретінді
пайдалану мүмкіндігі болады.
Депозиттік шоттар әртүрлі болу мүмкін, олардың негізгі
классификациясының ішінде салымдар көзі қарастырылған, мақсатты жұмсалуына,
табыстылық және т.б, бірақ негізгі критерияларының бірі салымшылардың
категориясы.Екі деңгейлік банк жүйесіне көшу, экономикалық қабілетті
банктерді құру, шаруашылықты өзін-өзі қаржыландыру принципіне көшу мәселесі
пассив құру банк жұмысындағы актуалды принцип болып табылады.
Тарау 2 ТЕМІРБАНК АҚ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Банктің тартылған қаражаттары және оларды сақтандыру
Темірбанкінің депозиттері ел ішінде танымал болды және жылдан жылға
халықтық осы банктің депозиттік салымдарына қызығушылықтары көбеюде.
Темірбанк келесідей депозит түрлерін ұсынады.
"Чемпион" депозиті."Темірбанк" салымшыларының санын есепке алсақ,
ең тартымды депозит болып, "Чемпион" депозиті саналады. Ол барлық халықтың
категорияларына бірдей тартымды. Бұл жағдайда салымдар ұлттық валюта
түрінде 3 айдан 5 жылға дейін қабылданады. Сыйақы төлеу клиенттердің
таңдауымен ай сайын, тоқсан немесе салымшылардың тілегімен шарттың соңғы
мерзіміне байланысты ұсынылады. Шарттың соңғы мерзімінде сыйақыны төлеу
кезеңінде, қосымша жарналар қабылданады. Келісім бойынша бастапқы салым
соммасынан жеке-жеке қаражаттарды алуға мүмкіндік бар. Қор салымының
кепілдігінің ұсынымына сәйкес, депозит бойынша ставкалар белгіленген.
"Подумай о детях" - "Ұрпағыңды ойла" депозиті. Балалар- біздің
болашағымыз, ал ұрпағынды ойла депозиті –осы шақ пен болашақтың
арасындағы көпір. Белгілі бір сомманы жинап алуға және есептелген сыйақыны
алуға болады.(16-жасқа жетпеген) тұлғаның атына және оның атынан ашуға
болады.
"Заслуженный" - "Еңбек сіңірген" депозиті. Бүгінгі күнде әлеуметтік
жағынан аздап болса да, қорғалған адамдар болып, қарттар мен зейнеткерлер
саналады. Сондықтан да "Еңбек сіңірген" депозиті осындай адамдар
категориясы арасында үлкен сұранысқа ие.
Депозит 50 жасқа жеткен, қарттар мен зейнеткерлік жастағы
салымшыларға есептеліп, 3 айдан 5 жылға дейінгі мерзімде теңге, доллар,
еуро түрінде салынады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын немесе келісімнің
соңғы мерзімінде төленеді. Кез келген уақытта клиент қосымша жарна енгізе
алады. Теңге түріндегі жасасқан келісім бойынша, клиент банктен сомманы
бөлек-бөлек алу мүмкіндігі қарастырылған.
"Конверсионный" - "Есеп айырысу" депозиті. Бұл депозит ақшаны
жинақтау, сақтау немесе "қара күнге" қор, қазына түрінде, сақтайтын
адамдар үшін ұтымды. Осы депозитте 10 доллар соммасынан бастап, бірте-
бірте жинақтай отырып, салымшы өзінің валюталық қорын құруға мүмкіндік
алады. Депозитке 3 айдан 5 жылға дейінгі мерзімде, доллар мен еуро
түріндегі ақша- қаражаттары алынады. Сыйақылар клиенттің тілегі бойынша, ай
сайын, тоқсан сайын немесе мерзімнің соңында төленеді. Мерзімі аяқталған
соң клиент Ұлттық банктің бағамы бойынша, барлық салымдарды
конвертациялауға немесе сыйақының тек жарты бөлігін басқа валютаға
айырбастау құқығына ие.
"Краткосрочный" - "Қысқа мерзімді" депозит. Депозит ірі ақша сома
иелеріне өте қолайлы, сатып алу үшін жинақталған ақша қаражаттарының қысқа
мерзімде, қажет уақытта алуға ыңғайлы. Мысалы: бір адам өзінің пәтерін
сатып, басқасын әлі тапқан жоқ делік. Үлкен сомманы үйде сақтау, қауіпті,
ал өзімен бірге алып жүру тіпті қауіпті. Ал "Қысқа мерзімді" депозитке
салса, ақша иесі ұрлау, жоғалу тәуекелдіктерінен құтыла отырып, оған қоса
валюта түріне сай доллар, еуро немесе теңге түрінде пайыз алу мүмкіндігі
болады.
Сыйақы келісімнің соңғы мерзімінде төленеді. Салымшы алдын ала
келісімнің бұзу құқығына ие, бұл жағдайда сыйақы салымның нақты сақталу
мерзіміне сай төленеді. Егер депозиттік шотқа 30 күнге деп салынған
салымшының соммасы, салымшыға қажет болмай қалған уақытта, ол депозит
мерзімін ұзарта алады. 29, 23
"Интегрированный" - "Шоғырланған" депозит. "Темірбанк" тобының
қатысуымен ақша қаражаттарын жинақтаудың бірегей құралы. Оның ерекшелігі
өмірдегі жағымсыз өзгерістерге орай, жұмыспен, денсаулыққа байланысты өте
ыңғайлы. Осы уақытта Сізге және Сіздің отбасы үшін нағыз көмек ұсынушы
"Шоғырланған" депозит болады, барлық қиындықтарды жеңіп, Сіздің болашаққа
деген сеніміңіз арта түседі. Шоғырланған депозит банктік тобынан, яғни
зейнетақы қоры, сақтандыру компаниясы, микронесие жүйесінен, ломбардтан
және т. б. тұрады. Осы сегменттер толық шоғырланған құралдары құрайды.
Берілген депозиттің ерекшелігі -шоғырланған депозитті ашқан уақытта
сіз 3 жерден пайда көзіне ие боласыз;
- пайыздан;
- ұтыстан;
- коммерциялық кірістен.
Пайыздық кіріс - мұнда ақша -қаражаттарының максималды ставкасы %
анық көрсетіліп, толықтырулармен жеке ақша қаражаттарын алу мүмкіндіктері
сақталып, ай сайын, тоқсан немесе келісімнің соңғы мерзімінде сыйақы
ұсынылады.
Шоғырланған депозиттің ұтыс бөлігі- бұл ай сайын, тоқсан сайын
жүргізілетін, белгілі көтермелеу акциясы "Сохраним вклады и укрепим
здоровье", "Путешествие от Темірбанка", "Салымды сақтай отырып, денсаулықты
бекітейік", "Темірбанкінен саяхат".
Келесі коммерциялық құрылым- бұл әр клиенттің кірісін жоғарлатуға
бағытталған "Темір" банкінің қызмет тобын құрастырушы.
"Еңбек кепілі" шоғырланған депозиті. Жеке қаржы көзі негізінен
істелген қызмет үшін төленетін еңбекақы болып саналатыны анық. Соңғы
уақытта айналанын жылдам өзгеруіне орай, мемлекеттік ұйымда немесе
коммерциялық фирмада, тұрақты, ұзақ уақыт қызмет істеу орны кімге болмасын
кепілдендірілмеген. Тіпті белсенді ұйымдардағы өзгерістерді еңгізуді қажет
етпегеннің өзінде, мұндай жағдайға душар болатыны белгілі.
Мұндай бетбұрыс оқиға көптеген қызметкерлерді нағыз күйреуге әкеліп
соғады. Әрине, егер олар жас болса, онда олардың басқа қызметке орналасуға
мүмкіндіктері бар. Бірақ жастық шақ адамды қорғай алмайды, егер ол өзіне
деген сенімді жоғалтса.
Әсіресе, мұндай бетбұрыс жасы келген адамдар үшін ауыр тиеді, өйткені
басқа жұмысқа орналасу, оған қоса табылған қызмет ұнаса. Осы кезде еңбек
биржасы, еңбекпен қамтамасыз ету ұйымы, туыстар, достар, материалдық көмек
көсетуі жиі кездеспейді.
Жұмыс орынынан айырылған уақыттағы қиындықтарды жеңуге, бірегей,
өзінің мәнімен Сізге мәлім "Еңбек кепілі" шоғырландырылған депозит
ұсынылады. Оның жұмыстан айырылған адамдар үшін бірнеше көмек көрсету
түрлері бар. Ең басты міндеті- еңбектен айырылудан материалдық қорғанысы.
Сіздің шотыңызда депозит бойынша проценттік кіріс (тұрақты)
жинақталып, 55% кіріс алу мүмкіндігі туындайды. Мысалы: мерзімі 5 жылға 100
000 теңге соммасына салым ашсаңыз, онда осы кезең аралығында проценттік
кіріс 55 000 теңге құрайды. Егер Сіз алдын-ала депозит бойынша келісімді
бұзбасаңыз, онда Сіздің проценттік кірісіңіз салым соммасына қосылып
отырады және болашақта сыйақы үлкен соммаға есептеледі. 23, 24
Сіздің кепілді ұтыс кірісі болып, "Темірбанк Presentation"
акциясына қатысу саналады, мұнда міндетті түрде сыйлыққа ие боласыз.
Егер Сіз "Темірбанк Қорының" салымшысы болсаңыз, онда шоғырландырылған
депозит қатысушысы ретінде Сізге 0,5% салым соммасынан сыйақы есептеліп, 55
000 теңге кірісіңізге тағы да 500 қосылады. Бұл сыйақы 3 күн ішінде төлем
карточкасына жіберіліп есептелінеді.
Келесіде, *төтенше оқиғада* сақтандыру полисін ресімдеуде, Сізге 480 теңге
төленеді, бұл полисті "Темірбанк" және "Темірбанк Полис" төлейді. Оқиғаны
сақтандыру кезінде Сізге 60 000 теңге төленеді. Мұнда жұмыстан айырылған
кезде, материалдық қорғаныс түрі бар, депозит соммасының барлығы несие
түрінде 3 ай мерзімге беріледі.
"Денсаулық" шоғырландырылған депозиті. Денсаулықты сатып алуға
болмайды, деген қағида біздер үшін қашанда күмәнді. Дұрыс тамақтанбау,
өмірдегі келеңсіз жайлар және т.с.с. барлық факторлар белгісіз біртіндеп
адам денсаулығына әсер етеді. Кейде өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің
сақталмауының салдарынан түрлі ауруларға әкеліп, жұмыс күнінің жоғалуына
әкеледі.
Егер адам мүдделі болса, онда денсаулықты қалпына келтіруге
мүмкіндігі бар. Ол үшін әрине белгілі бір ақша соммасы қажет. Әсіресе,
ауыратын адамдар өзімен өзі, өзінің проблемаларымен жалғыз қалатыны жиі
кездеседі. Жұмыс беруші адам, олардан бас тартады немесе ең аз жәрдемақыны
төлеумен шектеледі, оның өзі бірнеше рет емханаға барудан қалмайды, ең
арзан дәрілерді сатып алумен өмір сүретіні мәлім.
Ал, сапалы түрде денсаулықты қалпына келтіруді, армандауды
мақсат етпейді, оған қаражат тапшы. Өз денсаулығын қалпына келтіру
мақсатында, өзіңдік жеке қаражат қорын құру үшін, Сізге "Денсаулық"
шоғырландырылған депозитін пайдаланғаны дұрыс, өйткені ол денсаулықты
қалпына келтіруші адамдарға материалдық көмек көрсету жағынан ыңғайлы.
Ол үш пайда алу көзінен қалыптасады. Проценттік кіріс сыйақының үлкен
ставкасынан жинақталады. Яғни, 5 жыл аралығында Сіз 55% кіріс аласыз, ал
осы кезең аралығында қосымша салымдар салынса, Сіздің процентіңіз негізгі
салым соммасына қосылып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz