Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыпты зертееудің өзектілігі. Елбасымыздың биылғы жолдауында
айтылғандай бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның экономика мен
қауымдастыққа табысты ықпалдасуының жаңа кезеңдегі негізгі міндеттері болып
табылды. Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын қамтасыз етіп, ұстап
тұрумен ғана шектеліп қалмай,оның өсуін басқаруға қол жеткізу.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тұрлаулы сипатын қамтасыз
ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру ,сондай-ақ оның
орындалуына қатаң бақылау орнату қажет болады. Бұл стратегия біздің
экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы
бәсекелестік артықшылықтарына негізделуге және әлемдік дамудың үрдістері
мен сырқы нарықтардағы сұранысты ескеруге тиіс. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент
палаталарының бірлескен отырысында ұсынған "Қазақстанды әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында" таяудағы оң жылға
арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған
басымдылықтарды іске асыру Қазақстан экономикасын дамытып, өркениет
көшіндегі орның ілгерлете түседі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Қаржыгерлердің 1
Конгресінде сөз сөйлегенде, Отанымыздың экономикасын дағдарысқа
ұшыратпаудың бірден бір жолы, ол халқымыздың жинақ, салымдарының
белсенділігінде, салымдар мен жинақтарды дұрыс пайдалана білу қажеттігі
айтылды. Тек ғана халықпен бірге біз қаржы айналымына ірі ақша соммасын
тарта аламыз, яғни олар мемлекеттің экономикасын жоғарлатуға жұмыс істейтін
мемлекеттің қаржы жүйесіне айналу керектігі сөз болды.
Мемлекеттің бірден танылуы, сол мемлекеттегі халықтардың өмір
сүру деңгейінен көрініс табатыны анық. Мемлекеттің әлеуметтік -
экономикалық жағдайын қарастыра отырып, мемлекет саясаты аңғарылса керек.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының зерттелу дәрежесі. Депозиттік саясатқа
байланысты сұрақтармен шетелдік , ресейлік және қазақстандық авторлар жұмыс
істеген. Соның ішінде қазақстандық авторлардың бірнешеуін атап өтуге
болады. Оған: Худяков А.И. Мухитдинов М.Т, Черник Д.Г, Махмудов Ф.О,
Жумабеков С, Камалов М, Алиев Р және басқалары жатады. Бірақ елдегі болып
жатқан экономикалық өзгерістермен байланысты бұл мәселе зерттелу барысында,
сонымен дипломдық жұмыстың мақсаты анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - екінші деңгейлі банктердің депозиттік
саясатын қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер
орындалды:
- екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын қарстыру;
- банктің депозиттік операцияларының түрлерін қарастыру;
- банктің тартылған қаражаттарын Темірбанк АҚ мысалында талдау;
- жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында депозиттік саясатты жетілдіру
жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың объектісі -ретінде халықтың ақша қаражаттарын
тартудағы банктермен жүргізіліп жатқан шаралар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні- Ақмола облысы Кокшетау қаласы Темірбанк
депозиттік саясатының қызметтері.
Болашақта даму бағытатры - Қазақстан нарықтық реформаларды батыл
түрде жүзеге асырды. Соның арқасында ел экономикасы тұрақты даму жолына
түсті. Енді елдің кемел дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әр
тараптандыруға бағыт ұстануда. Осы мақсатта 2003-2015 жылдарға арналған
елдің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды.Мемлекеттің
өсіп, өркендеуі халықтың тұрмыс жағдайына байланысты. Ал, халықтың
көңілінен шығу, ол саясаттың да оларға деген үлкен мән берілуімен
анықталады. Сондықтан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы, ол халқына
деген сенімділік, үміт пен болашақ, мемлекеттің биік шындардан көріну
жолдары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері.- жұмыс барысында жалпы-ғылыми,
статистикалық және экономикалық әдіс-тәсілдері қолданылған.
Дипломдық зертеудің ғылыми жаңашылдығы. – Қазақстанда депозиттік
саясатының экономикалық мәнін, рөлін қазіргі кезеңдегі жағдайы мен дамуын
талдау негізінде, және жаһандық дағдарыс жағдайында әлемдік тәжрибеге
сүйене отырып, аталған отандық саясаты жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектілері
мен пәні, зерттеу әдісі қарастырылыған.
Бірінші тарауда- екінші деңгедегі банктердің депозиттік саясатының
қалыптасуы мен дамуы, түрлері, халық салымдарын тартудың бағдардамалары
қарастырылған.
Екінші тарауда- Темірбанк АҚ-ның депозиттік саясаты, тартылған
қаражаттары, оларды сақтандыру шаралары, даму перспективалары талданған.
Үшінші тарауда- жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында депозииттік
сасатты жетілдіру жолдары және бағдарламалары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудың нәтижесі қортындыда жинақталған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ

1. Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік саясатының қалыптасуы мен дамуы

Депозиттік нарықтың қалыптасуы – коммерциялық банктердің алғашқы
дәсүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капталы мен тартылған
қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал- банктің несиелік ресурстарының
маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын
құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында
меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен
түсіндіріледі- біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы
ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос
қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық
негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік
сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін
төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет істеуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал- банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құралады [1].
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару
мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ
болатын.. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары
зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел
тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары
қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше
себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен
сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез
келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз
ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
-банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
-депозиттік операциялар әрекет ету керек;
-банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
-банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
-депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану;
Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын
депозиттер саиылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда
резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша
пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу
парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі
бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.
Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі-
жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де
депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру
болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға
пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды
банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен житнақталады[2].
Екінші деңгейлі банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық
субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші
жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі
қажеттерін қанағаттандырады. Банктің пассивтік операцияларының негізінде
оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Осының есебінен банк өзінің маржасын алады.
Банк ресурстары – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан
және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету
және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын меншікті және
тартылған қаражаттарының жиынтығы. Бұл жердегі барлық тартылатын
қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
-депозиттік қаражаттар;
-депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит - жеке және
заңды тұлғалардың банкке белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен
салған қаражаттары болып табылады.
Қазіргі кезде депозиттердің әр түрі кездеседі. Бәсекелестік жағдайында
бұл банктерге клиенттердің қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі
таңда салымдардың үлкен үш тобын бөлуге болады:
-талап етуге дейінгі салымдар;
-мерзімді депозиттер;
-жинақ салымдары.
Талап етуге дейінгі салымдар салым иелерінің бастапқы талап етуінде
қолма-қол берілуге тиісті. Қазақстан Республикасында талап етуіне дейінгі
салымдарға келесілер жатады:
-мемлекеттің, акционерлік қоғамдардың және әр түрлі шағын
кәсіпорындардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
-әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
-есеп айырысудағы қаражаттар;
-жергілікті бюджеттер қаражаттары;
-басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі салымдар бойынша банк клиенттен сол шотты
пайдаланғаны үшін комиссиондық немесе пайыздық ақы алады, алайда банктер
осы шоттарда қаражаттардың сақталғаны үшін не ең төменгі мөлшерде пайыз
төлейді, немесе тіпті төлемеуі мүмкін. Бірақ, банк бұл шоттардағы
қаражаттарды кез келген уақытта ешқандай шектеусіз береді. Талап етуіне
дейінгі салымдар бойынша коммерциялық банктер Ұлттық банкте сақталатын
міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды[3].
Мерзімді депозиттерге келетін болсақ, бұл салым түрі банктерде
белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің
уақытша бос ақшалай қаражаттары болып табылады. Яғни, мерзімді депозитті
мерзімі өткеннен кейін немесе алдын-ала хабарлаудан кейін алуға болады.
Бұл депозиттердің талап етуіне дейінгі салымдарға қарағанда ерекшелігі-
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Мерзімді
депозиттер есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және оларға ешқандай есеп
айырысу құжаты толтырылмайды.
Депозиттерді тарту мақсатында банктер салымшылар арасында ұтыстар
ойнатады. Бұл депозиттерді тартудың ең жақсы әдісі болып табылады.
Салымдардың тағы бір түріне жинақ салымдары жатады. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет. Жалпы, мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары депозиттік
ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Елімізде жинақ салымдары тек жеке тұлғаларға ашылатын болса, шетел
тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер
фирмаларға ашыла береді [4].
Қазіргі кезде жеке тұлғалардың салған салымдарының барлық түрі
Қазақстан Республикасыныдағы жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру
Қорымен кепілдендіріледі. Екінші деңгейлі банктердің барлығы осы Қорға мүше
болуға тиісті. Бұл қордың өзінің белгіленген шарттары бар және ол бойынша
банк жабылған жағдайда сол банкке қаражатын салған әр жеке тұлғаға 400 000
теңге мөлшерінде салымы қайтарылады. Ал, кепілдендірілетін салымға жатуы
үшін депозит сомасы 7 000 000 теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар, Қор
депозиттерге төленетін пайыздардың шекті мөлшерін тағайындайды. Қорға мүше
болған әрбір банк осы тағайындалған пайыздық мөлшерлемеден жоғары
мөлшерлеме белгілемеуге тиісті.
Депозиттік операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай
жүреді. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендеті арқылы несиелік
ресурстарды да арзандатуға мүмкіндік туады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға
тікелей ықпалын тигізеді. Яғни, экономиканың дамуы жағдайында депозиттердің
пайыздық мөлшерлемесі біртіндеп түседі. Сол уақытта ресурстарды жинақтау
мақсатында банктер депозиттерді салу шарттарын жақсартып, оларды неғұрлым
тартымды етеді. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қоры пайыздық
мөлшерлемелерді реттеп, соған байланысты банктер өз мөлшерлемелерін
белгілейді. Сонымен қатар, банктің беделі де депозиттердің тартылуына
тікелей ықпал етеді.
Жалпы, қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және
дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметінің тұрақтылығын
сақтау үшін өтімді қылуға тырысады. Оның қамтамасыз етілуі банктік
ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасында тепе- теңдіктің сақталуын талап
етеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар
екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің
банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің
несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт
деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән,
экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және
олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық
мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның
жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру
болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және
табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен
ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік
коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айрысуларға байланысты
корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-
корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады [5].
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсететін формасы- бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
-депозиттің мерзімі;
-салымшылардың категориясы.
Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда
банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар.
Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері
бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың,
орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің,
шетелдік салымшылардың шоттары (2,3,4 сызбалар).

Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұд пассивтерді
басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк
клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің
неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты
өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз
клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай
мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда, оларға
несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып –
клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын жетілдіруі
жатады.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік
депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем
қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін
зиянның орнын толтыруын кепілдейді.
Депозиттік - қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес [6].
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттерді
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен
тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте
депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен
шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады,
екіншісі - банктің меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен
айналысады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды жне
жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны
экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.[7].
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзее асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
-уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
-экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
-қолма- қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
-инвестициялық қызметті;
-клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі
банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
-депозиттік қаражаттар;
-депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған
қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен
тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік
займдарға және ақшалай- заттай лоторейлерге тарта отырып, халыққа
бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен
айналысты, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық
жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда,
ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8
мыңға жуық болды. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп
отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл
институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып,
байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер
бойынша мекемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады.
Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген
пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы
несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары
бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды [8].
Сонымен бұл бөлімде екінші деңгейдегі банктердің дипозиттік саясатына
қалыптасуна әсер ететін факторлар талдауда. Сонымен қатар дипозиттік
саясаты дамуымен қажеттілігі қарастырылған.

1.2 Банктің депозиттік операцияларның түрлері

Комерциялық банктердің депозиттік операциялары активті және
пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша
бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда
орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері
ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың
негізгі көзі.[9].
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына
қарай.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Банктік ресурстар банкпен пассивті операция жүргізу нәтижесінде
құрылады және банк балансының пассивінде көрсетіледі. Банктік ресурстарға
банктердің меншікті құралдары қарыз және тарту құралдары жатады. Олардың
жиынтығы банктік активті операцияларын жүргізу үшін қолданылады. Яғни табыс
алу мақсатымен жұмсалған ресурстарды орналастырады. Банктік ресурстардың
құралдарының негізгі көздері болып; банк клиенттерінің салымдары болып
табылады. Бірақ банкке бөтен капиталды тарту үшін өзінің барлық меншікті
капиталын көрсету керек. Банктің меншікті құралы уставтық, резервтік қорлар
жатады.
Банктерді ұйымдастыру формасына байланысты уставтық қор әр түрлі
құралады. Егер уставтық капитал акционерлік қоғам сияқты құрылса, онда
уставтық қор акцияның құнымен құрылады. Егер банк шектелген жауапкершілік
қоғамы сияқты құрылса, онда уставтық қор бөлшектерге бөлінеді. Оның мөлшері
құрылтай құжаттарымен анықталады және осы банк мөлшері өзінің бөлшегіне
қарай міндеттемелерге жауап береді. Банктің уставтық қоры салымдарға
пропорционалды. Әрі оның акционері жыл сайын банк кірісінен дивидент
түрінде бөлшегін алады. Банктің резервтік қоры активты операцияларының
шығындарын толтыру үшін арналған. Алынған кіріс жетпеген жағдайда банктік
облигация бойынша дивидентке пайыз төлеу көзі қызметін атқарады. Резервтік
қор банкке жыл сайын түскен табыстан төленеді. Оның пайызын банк иесі
белгілейді. Резервтік қормен қатар коммерциялық банкте банкті әрі қарай
дамыту үшін өндірістік және әлеуметтік қорлар құрылады. Банктің меншікті
құралдарының ең негізгі функциясы олар салушылыр алдында банктің
міндеттерін орындау қызметін атқарады. Банктегі барлық меншікті құралдар
мөлшері, оның қызмет масштабымен анықталады.
Тарту құралдары; банк құрылымының өзгешелігі коммерциялық
кәсіпорындардың бір түрі сияқты олардың ресурстарының көп бөлігі - меншікті
құралдар емес, қарыз құралдарының әр түрлі болуы. Олардың ең негізгі
құралдарының бірі болып, банк клиенттерімен жұмыс уақытында тартылған
құралдар жатады және меншікті қарыз міндеттерін шығару жолымен немесе басқа
несиелік құрылымнан қарауға алынған құралдар жатады [10].
Талап етуге дейінгі депозиттер - деп, клиенттер банкке алдын -ала
айтпастан күтпеген жағдайда талап етілетін құралдар.
Жедел (мерзімді) депозиттер - бұл депозиттер банкпен анықталған
мерзімге тартылады.
Сақтандыру депозит- деп, жедел (мерзімді) депозит және талап етуге
дейінгі депозит арасындағы депозитті айтамыз.
Сертификат - (жазбаша куәлік) банк эмитенттің ақша құралдарын салғаны
туралы.
Депозиттік операциялар басқармасы- банктің өз капиталы мен тартылған
қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына, қызметтерді
атқарады:
-банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір
депонент (ақша салушы) бойынша есептеу;
-қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау;
-тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның
балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
-банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге -
сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық
компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Банктер үшін салым – пассивтің ең басты түрі,активті несиелік
операцияларды жүргізу үшін маңызды ресурс (Мысалы ,АҚШ коммерциялық
банктердің активтің жалпы соммасы 93 пайын қарыздық құралдар құрастырады)
.Депозит мінездемесіне ссудалық операциялар тәуелді болады, ал олар арқылы
банк табысы құралады.
Халықтың жинақтары жеке банк ресурстар тобын құрастырады. Жалпы
халықта жинақтың пайда болуы, күнделікті немесе басқа қажеттіліктерді бас
тарту арқылы ақша құралдарын ұстау. Белгіленген қажеттілікке жұмсалған
құралдар , ұстап қалмаған мерзімде , банк ресурстарын құрайды. Құралдардың
қайтарылу халықтың мемлекетке немесек банк берілген құралдар өз
қажеттілігіне жұмсаған кезде қайтарылады. Бір азаматтар жинағын жұмсаған
кезде басқа азаматтарда жинақ пайда бола бастайды.Сондықтан банк ресурс
ретінде қолданылатың халықтың жинағы азаяды, ол систематикалық түрде өсе
бастайды.
Жинақты жинау және сақтау ұзақ мерзімге созылады. Бірақта ірі
жинақтар көзілмеген шығынға немесе қажеттілікке жұмсалуы белсенді тауар
негізінде сұрасқа айналады. Бұл жағдайда халықтыңжинағы сауда ұйымдарына
немесе өндіріске несие ретінде алынады.
Халықтың жинағын қайда жұмсауға болатыны, оны банк ресурсы несие
ретінде пайдалану, оларды қайта жұмсау халық жинағының көбейтуге тура
келеді.Сондықтан салымдар айналымға шыққанда өндіріске шикізат, тауарлар
дайын материалдар болу керек.Қазіргі кезде біздің елімізде халықтың сатып
алу сұранысы және тауардың ұсынысымен сәйкес келмейтін жағайларда пайда
болады, ол артық халықтың жинағы әкеледі, соның салдарынан тауар дифициті
пайда болады. Халықтың жиағының пайда болу факторына халықтың ақша табыстың
өсуіне, тұтыну тауарының, құнының өсуіне, тауар және қызмет нарығында
авекатты сұраныстың жоқтығы, теңдестірілмеген баға саясатын және т.б.
жатқызады. Сондықтан халықтың ақша жинағымен байланысты, несиелік
ресурстардың қолдану масштабын кенейту қажеттілігі туады.
Банк мекемесінің спецификасы басқа кәсіп орындардан айырмашылығы
қолданылып жатқан ресурстарын көп бөлігі қарыздық құралдардан құралады.
Қазіргі уақытта ұйымдық құқықтық формаға және өзіндік капиталдың көлеміне
байлаысты құралдарды тарту мүмкін болады.
Салымшы чек жазып шығарып белгіленген соманы ала алады. Бірақ
солуақытта банктік ақша пайыз әкеледі. Олар салымшыүшін екі жақты рөл
ойнайды.: ақша өрліндегі бір жағынан, пайыз әкелетін капитал рөліндегі
екінші жағынан. Депозиттің ақша құралдардан айырмашылығы депозит пайыз
әкеледі, бірақ капитал әкелетін пайыздан жеткіліксіз болады. Бұл
төмендетілген пайыз – жай құбылыс емес, банк табиғатының негізгі мәні
болып табылады. Өйткені бұл пайыз банк пен салынған ақша құралдардан түскен
пайыздан алынған.
Бұл пайыздан арасындағы депозит салымшыға ғана емес банке де пайдалы
болады. Көп депозиттер банке белгіленген қаржылық шаруашылық сферасына
жұмсауға несиелік ресурсты құрайды.пайыздар арасындағы айырмашылық,
тартқан құралдардан ссудалық капиталды орналастыру халықтың бос ақша
қаражатың тартудан, депозитпен пайыз арасындағы айырмашылық банк үшін
сыйақы болып табылады [11].
Алтын банктің құқықтарының бірі, банктің қаржылық талаптардың
көлемімен мерзімі оның міндеттерінің мерзімімен көлеміне байланысты болу
керек. Бұған қарағанда банктер ағымдағы шоттардағы халықтарды несиелік
ресурс ретінде қолдана алмайды өйткені олар кез келген уақытта талап
етіледі Бірақта клиенттер барлық құралдарын талап етпейді, сондықтан банк
резерві жоғары болмайды. Сонымен қатар, банктік операциялардың көпшілігі
қолма-қолсыз түрде жүргізіледі.Сондықтан кассалық резервке қосылмаған қолма
қол ақша басқа клиенттерге немесе банктерге несиелік ресурс ретінді
пайдалану мүмкіндігі болады.
Депозиттік шоттар әртүрлі болу мүмкін, олардың негізгі
классификациясының ішінде салымдар көзі қарастырылған, мақсатты жұмсалуына,
табыстылық және т.б, бірақ негізгі критерияларының бірі салымшылардың
категориясы.Екі деңгейлік банк жүйесіне көшу, экономикалық қабілетті
банктерді құру, шаруашылықты өзін-өзі қаржыландыру принципіне көшу мәселесі
пассив құру банк жұмысындағы актуалды принцип болып табылады.
Каммерциялық бакнтердің депозиттік операциялары активті және пассивті
болып бөлінетіні қарастырылады. Активті дипозиттік опертциялары банктің
уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондет бакнтердегі шоттарға
орыналастырушылар мен байланысты, ал пассивті депозиттік операциялар
клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу
шартымен тартумен байланысты операциялар.

3. Халық салымдарын банк секторларына тартудың бағдарламалар

Адамдардың көбі өз ақша -қаражаттарын банкке салуда сенімсіздікпен
қарайды, өйткені олардың көлемінің өсуінде сенімсіздік тудырмайтыны емес,
керісінше кімді салымдар бойынша төмен пайыздар қанағаттандырады. Одан да
кейбір ақша иелері, оны басқа тұлғаға пайыз түрінде бергені дұрыс деп
шешеді (5% -10% айына), оларды қысқа мерзімді депозитке салғанша (0,7%-
0,8%) Сондықтан да талап еткенге дейінгі депозиттердің ұлттық валютада
пайыздың жоғарлауы қажет.
Соңғы кездері банк салымшылардың арасында лотереяның бой көтеруі
байқалды, депозиттерде белгілі бір сомма (ереже бойынша 500 доллар) болуға
тиісті.
Банктердің көбі жабық түрде сыйлық ұтыстарын жүргізеді, ақшаны үнемдей
отыра, керісінше ашық кең ауқымды түрде жүргізген ұтыстар, салымшылардың
сенімдеріне ие болып, қосымша пайда алуға мүмкіндік пайда болар еді [12].
Қазақстан экономикасы дамыған сайын, адамдардың көбі өздерін ауқатты
деп айта алады және қазіргі уақытқа орай өздеріне түрлі қызмет аясын
қолдануда (телефон бойынша банктік агентті шақыру және т.с.с).
Сонымен қатар салымшыларға қажет уақытта белгілі бір мерзімге өз ақша
-қаражатын алу мүмкіндігін қарастырса, салым келісімін бұзбай- ақ, кейін
салымшы өз ақша -қаражаттарын әкелген кезде, бастапқы салым мерзімін ескере
отыра, оның депозитін одан әрі жұмылдыруға болады. Мұндай мүмкіндіктерге
салымшылар үлкен мағына береді.
Қазіргі кезде пластикалық карточкалар жиі қолданыста, сондықтан да
500 доллар және одан жоғары депозит салымшыларына тегін пластикалық
карточкаларды ұсыну көзделуде.
Оған қоса салымдарды тарту, бұл тек ғана экономикалық проблема емес
әлеуметтік проблема болып саналады.
Мемлекеттің экономикалық дамуы салымдардың инвестицияға айналуымен
тығыз байланысты. Экономиканың бағыты республика ішіндегі жинақ-салымдарды
жобалау, ең алдымен инвестиция көздерімен байланысты. Қазақстан үлкен қаржы
көзінің қажеттігінен, өзінің ішкі инвестиция көздерін толығымен
пайдаланбайды.
Сарапшылардың ойынша, үй шаруашылығында 1 млрд. АҚШ долларынан, астам
қолма-қол ақша қаражаттары жинақталған, яғни олар қайтарылып (салым
түрінде) экономиканың бір саласына салынуымен, мемлекеттің экономикасының
өсуіне септігін тигізері анық.
Қазақстанның экономикалық жүйесіндегі ерекше көңіл,
макроэкономикалық тұрақтылықты жүргізудегі, банктік са[13].
ланы белсенді қолдану болып саналады.Депозиттік нарықтың қалыптасуы мен
дамуында, банктің жүргізетін саясаты, уақытша бос ақша-қаражаттарын тарту
және ішкі инвестиция көзін мобилизациялау.
Дамыған банктік жүйедегі банктердің маңызды рөлдері болып, халықтың
салым-жинақтарын тарта отырып, кәсіпорындардың ірі ақша массасын
экономиканың дамуына жұмыс істеуге бағыттау. Ірі әлем банктерінің пассив
анализінен, халықтардың жинағымен кәсіпорындардың құралдары банктің
міндеттемесінің орташа 70%-80% құрайды. Қазақстанда есеп айырысу
қаражаттары, салымдар, депозит көрсеткіштері 2000 жылы банкте 15%-35%
құраған. Банк пассивіндегі салымдар мен депозиттердің ауытқу жағдайындағы,
жалпы соммасы 25% болған. Бұл сол кездегі мемлекеттегі банктердің
кәсіпорындармен, халықтың ақша- қаражаттарының тарту жолындағы, өздерінің
толық мүмкіндіктерін пайдалана алмауының салдары.
Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуын үш негізгі
кезеңге бөлуге болады:
1-кезең (1999-2000 жылдары).Салымдар мен жинақтардың нарығының жалпы
дамуы 1999 жылдың орта кезінде бой көтерді, осы кезеңде салым-жинақтарының
шынайы даму қарқыны шарықтай түсті. Бұл тұста теңге курсының тұрақтануы
болған, айлық инфляцияның төмендеуі байқалып, бірнеше айлар үшін бюджеттік
мекемелер төлемдер төледі. Халық кейбір жинақтарға ие болды.
.
Ресми берілгендер бойынша, 1999 жылдың аяғында, жинақ салымдармен, қолма-
қол ақшалар 5096,2 млн. теңгені құрады.
Халық белсенді түрде, өздерінің жинақтарын сенімді сақтаудың
негізгі түрлерін іздей бастады. Банктік жүйе деген сенім аяқ астынан,
кейбір қаржылық қызмет салаларынан күмән тудыра бастады. Әр түрлі тәуекелге
бел байлаған банк салымдары, азаматтардың сенімін жоғалтты. Оған сол
кездегі түрлі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы негіз болды[14].
Сол жылдары депозит нарығында коммерциялық банктердің халықтың уақытша бос
ақаша қаражаттарын тартудағы, банктер аласындағы бәсекенің белсенді түрде
күшейуі, ақпарат құралдарында, заңды және жеке тұлғалардың рубль мен
валютаны тартуда, жарнама компаниялардың пайда болуы арта түсті.
Депозит нарығының банкте, 2000 жылдың соңынан бастап дамуы сол
кездегі пайыз ставкасының төмендеуінен көрініс тапты. Осыдан банктің
сапалы, сенімді атаққа ие болу бәсекенің күшейуін байқатты. Кейбір банктер
өздерінің тұрақты салымшыларына, әр түрлі бағдарламалар ұйымдастырып,
дамыта бастады. Яғни, қаржы нарығында салымшылар үшін, банктердің арасында
бәсеке элементі пайда болды.
Депозиттік нарықтағы күрестің күшейуі, банктің сол сферадағы жұмыс
істеуімен сәйкес келді. Инфляцияның 2000 жылы төмендеуінен, салыммен
депозит бойынша банк пайызы он әсері байқалды. Бұл құбылыс салым
қаражаттарын банктердің банк жүйесіне салуды тартымды етті.
Қазіргі уақытта банк арасында клиент үшін, пайыздық күрес жүргізілуде. Әр
банк өзінің мүмкіндігіне сай, жоғары пайыздық ставкалар ұсынады.
Банктің пассив анализі көрсеткендей, банктер жақын арада,
мідеттемелерді тартумен нарықтың жеке пайда алу көздері ресурстарының
банктік бәсекенің күшейуіне әкеледі.
2001жылы банк жүйесіндегі депозиттік пайыз ставкасы, клиенттерге
тартымды болуы, депозиттердің ұлғайуынан көрініс тапты, 2001 жылдың 1-ші
қаңтарына, 7,7 млрд. теңге, ал 2001 жылдың 1-ші қарашасына 18,5млрд.
теңге. Ал, пайыз ставкасы басқа қаржы нарығындағы өзгерістермен
сипатталады. 2000 жыл депозит нарығының дамуы мен қалыптасуы деп аталады.
Дәл осы уақытта банктердің жоғары жауапкершілігі мен сенімнің артуы, банк
жүйесіне деген үміт отын одан әрі жалғай түсті.
Банктер депозиттерді қабылдады: ұйымдармен, кәсіпорындардың,
теңгемен, шетел валютасы түрінде депозит, мерзімді және талап еткенге
дейінгі депозиттер.
2-кезең (2001-2002 жылдары).2001 жылы инфляция көрсеткіші 26%-28%
құрады.
Депозит бойынша пайыз ставкасы екі өлшемнен тұрады: пайыз, инфляция
деңгейінің пайызы, яғни ол депозитор (депозит салымшысы) иесінің қаражатын
пайдаланғаны үшін төлем. Инфляция деңгейінің пайызын анықтау қиын, өйткені
бірнеше факторларды есепке алу керек. Екінші өлшемнің қосындысын депозит
мерзімі мен көлемін анықтау оңай.
2001жылғы барлық талап еткенге дейінгі депозиттердің 6 ай мерзім кезеңінен,
барлық талап еткенге дейінгі депозиттердің 55%, яғни ұзақ мерзімді
салымдардың тәуекелдігімен, банк жүйесінде сенімсіздікті тудырды. Талап
еткенге дейінгі депозиттер 2%-3% ставкасы мерзімді салымнан орташа 40%
жетті. Ең жиі қолданылатын 3-ай мерзімге берілетін, талап еткенге дейінгі
депозиттердің соммасы 40%-60% қолданылады [15].
Жергілікті банктегі депозиттердің 60% халық депозиті құрайтыны,
салымдардың жақсы бастамасын көрсетеді. Жеке тұлғалардың талап еткенге
дейінгі депозиттердің теңгемен, шетел валютасында 151,8% (талап еткенге
дейінгі депозит, мерзімді депозит 86,7%. Салымдардың жоғары көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды мен Маңғыстау қалаларында
байқалады.
Салым үлесінің валюта түрінде өсуі (орташа есеппен 900 доллар)
халықтың әлі де долларды ең тиімді жинқ құралы болып санайтының анғартады.
3-кезең. (2002-2003жылдары). Қазақстан Республикасындағы банк қызметтерінің
дамуы, басқаша айтқанда, банк қызметтерінің ұсынысы ең аз шығындармен,
клиенттерге қызмет көрсету бағдарламаларының дамуы. Басты назарда, банктің
қызмет көрсетудегі байланыстың тұрақтылығы. Банктің нарықта қызмет
көрсетуі, банк қызметтерінің сапасымен, санына орай бәсекенің жүргізілу
әсері.
Осыдан халықтың банк жүйесіне деген сенімнің сыртқы факторлардың
әсерімен де жоғалмауын айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2001жылдың 1
қазанына, банктегі жеке тұлғалардың депозиті теңгемен-20,7млрд, ал валютада-
9,1млрд. теңге, оның ішінде талап еткенге дейінгі депозиттердің жалпы
көлемі- шамамен 16,3 млрд. теңге құраған.
Әлемдік қаржылық дағдарыс барлық мемлекеттерде көрініс тапты.
Қазақстан Республикасына тікелей азиялық және ресейлік қаржы дағдарысының
әсері оңша қиын жағдайға әкелмеуі, қор биржасымен, ақша-несие сферасының
дамуымен сипатталады. Егер банк жүйесіне қаржы дағдарысының әсерін
қарастырсақ, әсіресе, депозит нарығында, келесі көріністерді көруге болады:
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық
мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге
сұраныстың оны ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып
табылады.
Нарықтық экономикада несие банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар
мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жүмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несилік қатынастардың
мазмұнын анықтайды [16].
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр тұрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі,
базалық буын рөлін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктердің қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылар мен салымшылардың қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдай өзгерді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-да ақша айналымын
бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын
шектеулердің күшін жойды.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың, капиталдарын, халықтың
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі - депозиттерді ұжымдық
сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орай да Ұлттық Банкпен, Банктердің
ассоциациялары және Қаржы министрлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық
сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын
нормативтік базаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру
қоры, мемлекет бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің
ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылардың қосқан қаражаттары есебінен
құрылады.
Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа
қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды құру мен жою
болып табылады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк
уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады,
сонымен олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады,
яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі
үрдісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Депозит
Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Несие берудегі несие саясаты
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКI АҚ МЫСАЛЫНДА
Пәндер