Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы

Жоспар

1Тарау. Депозиттік саясаттың мәні.

  1. Депозиттік нарықтың мәні.
  2. Банктің депозиттік операциядары.
  3. Халық салымдарын банк секторына тарту.

2 Тарау. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын талдау. (Валют-Транзит Банк мысалында )

2. 1 «Валют-Транзит Банк» депозиттерінің түрлері және оларды сақтандыру.

2. 2 «Валют-Транзит Банк» депозиттік қорының қазіргі кездегі жағдайы.

2. 3 «Валют-Транзит Банк» депозиттік операцияларда қолданатын шоттары.

3 Тарау. Депозит саясатын жақсарту жолдары.

Кіріспе.

Мемлекеттің бірден таңылуы, сол мемлекеттегі халықтардың өмір сүру деңгейінен көрініс табатыны анық. Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық жағдайын қарастыра отырып, мемлекет саясаты аңғарылса керек.

Мемлекеттің өсіп, өркендеуі халықтың тұрмыс жағдайына байланысты. Ал, халықтың көңілінен шығу, ол саясаттың да оларға деген үлкен мән берілуімен анықталады. Сондықтан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы, ол халқына деген сенімділік, үміт пен болашақ, мемлекеттің биік шындардан көріну жолдары.

Сондай мемлекеттердің бірі болып, Қазақстан Республикасы деп, айтсам қателеспеймін деп ойлаймын.

Мемлекетіміздің аз уақыт кезеңінде үлкен табыстар мен жетістіктерге жетуі Елбасымыздың жүргізген және алдағы уақытта да, жүргізіліп жатқан саясатын айта кеткенім артық болмас .

Қазақстан нарықтық реформаларды батыл түрде жүзеге асырды. Соның арқасында ел экономикасы тұрақты даму жолына түсті. Енді елдің кемел дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруға бағыт ұстануда. Осы мақсатта 2003-2015 жылдарға арналған елдің Индустриялық - инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған "Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында" таяудағы оң жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдылықтарды іске асыру Қазақстан экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орның ілгерлете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Қаржыгерлердің 1 Конгресінде сөз сөйлегенде, Отанымыздың экономикасын дағдарысқа ұшыратпаудың бірден бір жолы, ол халқымыздың жинақ, салымдарының белсенділігінде, салымдар мен жинақтарды дұрыс пайдалана білу қажеттігі айтылды. Тек ғана халықпен бірге біз қаржы айналымына ірі ақша соммасын тарта аламыз, яғни олар мемлекеттің экономикасын жоғарлатуға жұмыс істейтін мемлекеттің қаржы жүйесіне айналу керектігі сөз болды.

Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын тартудағы банктермен жүргізіліп жатқан шаралар болып табылады. Банктердегі депозиттердің жалпы іс жүзіндегі ролдері, бұл салаларға қаншалықты көңіл аударылатыны, мемлекет тарапынан қандай шектеулер мен ұсыныстар көрсетілетінің зерттеп, осы банктердегі депозиттер бойынша зерттелген өз жұмыстарымның нәтижесін көрсету болып саналады.

Әрине, банктердегі депозиттердің түрлерін шолумен қатар, негізгі қарастыратын объектім Қазақстан Респбуликасындағы ең ірі банктердің бірі "Валют Транзит Банк".

Дипломдық жұмыста «Валют Транзит Банкінің» депозит операцияларымен танысып, олармен халық салымдарын жинақтауда әр түрлі шаралар, яғни ұтыс ойындары, ай сайынғы жүргізілетін өзімізге белгілі «Я верю в чудеса» акциясымен толық ақпарат аламыз. Банктің тек ғана депозиттік операциялармен қызмет аясы шектелмей сол сияқты несие, сақтандыру, тағы да басқа іс шараларды жүргізе отырып Дүниежүзілік сауда ұйымына енудегі стандартты қызметтердің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекетіміздегі банк жүйесін одан әрі дамыту үстінде.

"Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамуы" дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алу себебім: біріншіден, бұл тақырып өзіме жақын, өйткені бала кезден белгілі бір ақшаларды жинақтаудан, ермек еткен кездердің бейнесі болса керек. Екіншіден, бұл депозиттер халықтың әлеуметтік жағдайының күрделі мәселесі, яғни халық өз салым жинақтарың сақтаудан, жинақтаудан бір пайда алсам деген, мақсатпен құруы. Үшіншіден, халықтың тұрмыс тіршілігінде депозиттің ерекше орын алатыны, оларды пайдалана отырып халық өз мақсаттарын жүзеге асыруына, септігі тиетіні, ол үшін, халықты депозит туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету керектігінен туындады. Ал халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын сақтаумен әрине банктердің үлесімен жүзеге асырылатыны анық. Дипломдық жұмыстағы банктермен жүргізілетін банктік операциялардың түрлері, олардың жіктелуі, мақсат міндеттері толық қарастырылып, салымшылар үшін өз пайдасын әкеледі деп ойлаймын.

Банктермен халықтың ақша қаражаттарын депозитке тарту үшін не істейді?

  • мақсатты жарнамалар жүргізеді.
  • салымдардды кепілдендіру Қорына енгізеді.
  • қызмет көрсету аясын кеңейтеді.
  • ұтыс ойындарын /лотореялар/ жүргізеді.
  • депозиттерді басқа да категорияларға жіктейді.

Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады. Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеретіні мәлім, мұндағы коммерциялық банктердің мақсаты:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландаратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операциялар ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайту, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүзеге асыру отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.

Дипломдық жұмыста келесі ұғымдар қарастырылады:

-депозит

-депозиттік емес қаражаттар

-талап еткенге дейінгі салымдар

-мерзімде депозиттер.

Депозиттік операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай жүреді. Салымдарды тарту бұл экономикалық ғана емес сонымен қатар әлеуметтік те проблема. Ол үшін мемлекет тарапынан дұрыс саясаттың жүргізілуі әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметтерінің тұрақтылығын сақтау үшін өтімді қылуға тырысады. Банктің беделі де депозиттердің тартылуына тікелей ықпал етеді. Банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорын мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырады.

Нарықта депозиттік операциялардың кең қолданыста орын алуы байқалуда, банктердің депозиттік операцияларын ең алдымен толық ақпаратпен қамтамасыздығы, яғни болашақта өз таңдауымыздың дұрыс шешімін табу үшін банктің тарихына назар аударуымыз керек. Осы дипломдық жұмыста мұндай мүмкіндік қарастырылған, яғни «Валют Транзит Банк» оның депозиттік операциялары.

Дипломдық жұмыста Ғ. С. Сейітқасымов, “Ақша, несие, банктер”оқулығына, “Егеменді Қазақстан”гезеті, “Хабаршы”журналы, “Қаржы қаражат”журналы, «Валют Транзит Банкінің» бухалтерлік құжаттарына сүйенді.

Қорытындылар мен ұсыныстарда Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қалыптасуы мен дамуының банкпен депозиттік операциялардың жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылған.

Тарау 1 Қазақстан Республикасында депозиттік саясаттың мәні.

1. 1 Депозиттік нарықтың қалыптасуы.

Депозиттік нарықтың қалыптасуы - коммерциялық банктердің алғашқы дәсүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал- банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі- біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет істеуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал- банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

- депозиттік операциялар әрекет ету керек;

- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Банкралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын депозиттер саиылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі- жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен житнақталады.

Депозиттік операциялардың қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.

Екінші деңгейлі банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырады. Банктің пассивтік операцияларының негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Осының есебінен банк өзінің маржасын алады.

Банк ресурстары - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Бұл жердегі барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  1. депозиттік қаражаттар;
  2. депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит- жеке және заңды тұлғалардың банкке белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен салған қаражаттары болып табылады.

Қазіргі кезде депозиттердің әр түрі кездеседі. Бәсекелестік жағдайында бұл банктерге клиенттердің қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда салымдардың үлкен үш тобын бөлуге болады:

  • талап етуге дейінгі салымдар;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары.

Талап етуге дейінгі салымдар салым иелерінің бастапқы талап етуінде қолма-қол берілуге тиісті. Қазақстан Республикасында талап етуіне дейінгі салымдарға келесілер жатады:

  • мемлекеттің, акционерлік қоғамдардың және әр түрлі шағын кәсіпорындардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі салымдар бойынша банк клиенттен сол шотты пайдаланғаны үшін комиссиондық немесе пайыздық ақы алады, алайда банктер осы шоттарда қаражаттардың сақталғаны үшін не ең төменгі мөлшерде пайыз төлейді, немесе тіпті төлемеуі мүмкін. Бірақ, банк бұл шоттардағы қаражаттарды кез келген уақытта ешқандай шектеусіз береді. Талап етуіне дейінгі салымдар бойынша коммерциялық банктер Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозиттерге келетін болсақ, бұл салым түрі банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақшалай қаражаттары болып табылады. Яғни, мерзімді депозитті мерзімі өткеннен кейін немесе алдын-ала хабарлаудан кейін алуға болады. Бұл депозиттердің талап етуіне дейінгі салымдарға қарағанда ерекшелігі- оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Мерзімді депозиттер есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және оларға ешқандай есеп айырысу құжаты толтырылмайды.

Депозиттерді тарту мақсатында банктер салымшылар арасында ұтыстар ойнатады. Бұл депозиттерді тартудың ең жақсы әдісі болып табылады.

Салымдардың тағы бір түріне жинақ салымдары жатады. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Жалпы, мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Елімізде жинақ салымдары тек жеке тұлғаларға ашылатын болса, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

Қазіргі кезде жеке тұлғалардың салған салымдарының барлық түрі Қазақстан Республикасыныдағы жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қорымен кепілдендіріледі. Екінші деңгейлі банктердің барлығы осы Қорға мүше болуға тиісті. Бұл қордың өзінің белгіленген шарттары бар және ол бойынша банк жабылған жағдайда сол банкке қаражатын салған әр жеке тұлғаға 400 000 теңге мөлшерінде салымы қайтарылады. Ал, кепілдендірілетін салымға жатуы үшін депозит сомасы 7 000 000 теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар, Қор депозиттерге төленетін пайыздардың шекті мөлшерін тағайындайды. Қорға мүше болған әрбір банк осы тағайындалған пайыздық мөлшерлемеден жоғары мөлшерлеме белгілемеуге тиісті.

Депозиттік операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай жүреді. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендеті арқылы несиелік ресурстарды да арзандатуға мүмкіндік туады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға тікелей ықпалын тигізеді. Яғни, экономиканың дамуы жағдайында депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі біртіндеп түседі. Сол уақытта ресурстарды жинақтау мақсатында банктер депозиттерді салу шарттарын жақсартып, оларды неғұрлым тартымды етеді. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қоры пайыздық мөлшерлемелерді реттеп, соған байланысты банктер өз мөлшерлемелерін белгілейді. Сонымен қатар, банктің беделі де депозиттердің тартылуына тікелей ықпал етеді.

Жалпы, қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметінің тұрақтылығын сақтау үшін өтімді қылуға тырысады. Оның қамтамасыз етілуі банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасында тепе- теңдіктің сақталуын талап етеді.

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі- экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.

Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айрысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк- корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.

Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма- қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың даму болашағы және өзекті мәселелері
Депозиттік емес қаражаттар
Банктің депозиттік портфелінің құрылымы
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz