Дидактикалық ойындардың оқушылар қабілеттілігін дамытудағы рөлі


Мазмұны
Кіріспе
1. Бастауыш мектепте білім беруі 3
1. 1 Мазмұны мен әдістері 5
1. 2 Ойын -сабақ өрнегі 9
1. 3 Ұлттық ойындар 10
Дидактикалық ойындардың оқушылар қабілеттілігін дамытудағы рөлі
2. 1 Ойын-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру құралы және ойын түрлері 12
2. 2. Дидактикалық ойындарды пайдалану мен оның орны 21 2. 3. Қазақ мәдениетіндегі ұлттық ойынның ерекшелігі 56
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі 62
КІРІСПЕ
Бастауыш мектепте білім беруі
Қазіргі заманғы бастауыш мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, іщкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек .
Мақсат - бастауыш мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйрену, оқу, іс-әрекет жасай алатын болу керек . Оқушының өз бетімен оқулықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті талаптардың бірі - оқулық соған бейімделіп жазылу керек .
Мектептің даму кезеңіне келсек ол көне дәуірден басталғаны мәлім . Жалпы мектеп дамуы және ол терминнің шығуы ежелгі грек мемлекетінен басталғанын білеміз . Сол кезден бастап осы күнге дейін дамып, өзгеріп, молайып, көбейіп келе жатыр .
Қазіргі кезде білімді алатын бала болып табылады . Бала мектепке келгенде түк білмейді, тіпті өз ойын дұрыс, дәл етіп жеткізе алмайды . Сондықтан ең негізгі талабы : - сауатты, жан-жақты білімі бар, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан азамат қалып шығару .
Осы негізгі талап мектепте қойылса, ол сабаққа да қойылады . Ал білім беруші, сауатты адам қалыптастырушы - ол педагог . Сондықтан мұғалімге де осы талап қойылады .
Әр елдің өркениеттің даму кезеңіне байланысты сабаққа әр түрлі талаптар қойлып отырған . Бірақ мемлекеттің дамуына байлагысты өзгеріске түсіп жойылмаған талаптар бар .
Қазіргі кезде мектепке деген оқушылардың көзқарасы мүлдем басқаша . Олардың оқуға деген, білім алуға деген тиісті құштарлықтары өте төмен . Оларды қызықтыратын заттардың көпшілігі тәрбиеден алшақ жатыр . Кейбіреулері шетел музыкасына, шетел дөрекі киноларына, кейбіреулері сауатсыз ортаның әсерімен ішімдік пен нашаға әуестеніп өзінше өмір сүріп жатыр . Солар біздің еліміздің өркениетіне жақсы ықпал етеді деп айтуға ешкім сенбес және сондай тәрбие алған жасөспірімдер сан алуан қылмысқа барары сөзсіз . Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің, барлық қоғамның ортақ мақсаты - мектепке барлық балаларды қатыстырып салауатты өмір салтына бағыт беріп, жалпы білімге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру . Бұл өз алдына үлкен қажырлы еңбек етуді көздейді . Мектепке қойылатын талаптардың жаңаруын қажет етеді, яғни мектептегі әр сабақ баланы өзіне тартып, қызығушылығын артатын болуы тиіс . Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселерді ескере отыра таңдап алынған курс жұмысының тақырыбы бүгінгі күні өзекті екені сөзсіз .
Қазіргі кезде дүниежүзілік білім кеңістігінде, соның ішінде мектептегі білім беруде де, білімнің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған позитивті тенденциялар қалыптасып жатыр.
Бұл ретте мұғалімге жүктелер міндеттер жетерлік. Н. В. Савиннің тұжырымдауы бойынша, «мұғалым-оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы ұйымдастырушы, балалардың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтиятты да қамқор адам”. Ал нәтижеге бағдарланған білім моделінде “мұғалім-оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылықпен құрастыруға жауапты”- деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда “оқушыны қалай оқытуда” емес, “оқушыны оқуға қалай үйрету” қажеттігін ойластыруды талап етеді. Сондықтан “оқушыны оқуға қалай үйрету”жолдарын табу бүгінгі педагогикалық зерттеліп жатқан үлкен мәселесінің бірі болып табылады .
Ғалымдар оқушының оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын көрсетеді :
Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы ( Голант 1969; Есипов, 1961; Скаткин, 1966, 1971, т. б. )
2. Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Богоявленьский, 1969; Кабанова-Меллер, 1968:Менчинская, 1972:Давыдов, 1972, 1986:Эльконин, 1960)
3. Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімді енгізу арқылы(Гальперин, 1976: Талызина, 1975)
4. Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (Лернер, 1981:Коротяев, 1986:Пидкасистый, 1972, 1980) .
5. Оқу іс-әрекетінің өздігінше бағалауды дамыту арқылы(Рувиский, 1981) .
Мұғалім алдыменен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығу - танымдық іс- әрекеттің қозғаушы күші . Оқушыдағы танымдық қызығуды қалыптастырудың үш жағадайы бар:
1. Оқытудың мазмұны, мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнын берілуі түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңқалдыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматын жаңа қырынан ашылуы.
2. оқушының таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Оқушының өздігінен істейтін жұмыстарын, өздігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарына белсенділік қалыптастыру, білімді тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
3. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасы сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тындап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Мазмұны мен әдістері
Мазмұны мен әдістері Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті- ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу-таным әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Ойын-балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.
Бастауыш сынып мұғалімі қойылатын төменгі әдістемелік талаптарды біліп орындап отыруы тиіс:
- Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
- Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
- Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді . Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді . Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын .
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті -ойын десек, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу ( таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс . Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады .
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді .
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жай -ында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді . Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады .
Әдістемелік әдибеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің
Тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп . Алайда,
олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді . Сондықтан ғылыми
тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен
отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.
Дидактикалық ойындар-балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты,
маңызы бар әрекет . Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді ;
- танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту ;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру .
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді :
- Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу .
- Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі .
- Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі .
- Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады .
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар :”Лото”, “Домино” және т. б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада;
1) . Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) . Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3) . Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік
танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді .
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі
орны мен міндетін, мақсатын, дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы
мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік
танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын
үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты .
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады ;
- егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе ;
- егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
- егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.
Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен
материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы . 23
Ойын әдісін қолданғанда Ахмет Байтұрсынұлының “ . . . баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбейтіндей етіп үйрету керек” деген қағидасын басшылыққа алған жөн .
Ойын - үйрету әдісін ерекше түрі . Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады . Ойында оқушының бәрі бірдей, “жақсы оқушы” немесе “ жаман оқушы” деп бөлінбейді, бір-бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды .
Ойын әдісі мына бағытта жүргізілінеді :
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешілінеді ;
- оқушыларға граматикалық ұғымдарды меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланады ;
- үйрету де, үйрену де ойын - жарыс түрінде жүргізілінеді ;
- оқушылар мәселені шешу тетігін іздейді шығармашылық ойлауы қалыптасады .
Сонымен, бастауыш сыныптарда оқыту барысында ойын түрлерін пайдалану маңызды рөл атқарады :
- ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі
- берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады
- оқушылардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, іздеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды .
- ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, пәнге қызығушылық арта түседі .
Бастауыш сыныпта оқып үйрену өздігінен жүзеге аспайды. Білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Мұғалім - мектептің жүрегі,
Оның методикасының басты міндеті сапалы білім беру, оқушылардың жеке басындағы қасиеттерді көріп, белсенділігін, ынтажігерін, қызығушылығын арттыру. Білімнің алғашқы басқышы қиын да жауапты, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде көз-қарасын қалыптастыру. Ал математика пәні баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады, өздеріне сенімді, сабырлы, салмақты болуына ықпал етеді.
Өз сабағымда әр түрлі әдіскерлер Ж. Караевтің, деңгейлік тапсырмалары, С. А. Лысенкованың тірек схемасын, В. Ф. Шаталовтың 80-90 тірек белгілерін, Сын тұрғысынан ойлаудың стратегиясын пайдаланамын. Оқушыларға пайдалы, өз ойларын жеткізеді, практикамен ұштастырады.
Технология - білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жиынтығы, ол - өнер, шеберлік, іскерлік. Сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, талдау жасауға үйрету, танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мұғалімге байланысты. Бастауыш сыныптағы математика курсы төмендегідей іріктеледі:
- арифметикалық амаладарды қолдану және олардың қасиеттері Қосу, азайту, көбейту, бөлу, амалдарын орындай отырып, оларға кері амалдарды пайдаланып тексеру.
Ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік
заңдарын білуі қажет.
- алгебралық, геометриялық элементтер кесінді, түзу, сауле, бұрыштың түрлері т. б. білу
- шамалар: ұзындық, масса сыйымдылығы, уақыт, аудан, көлем см, м, км, тәулік, куб, т. б. білу керек.
- нөлдің және бірдің қасиеттері туралы санды нөлге бөлу мен көбейтуді, нөлге санды көбейту мен бөлуді нақты көрсетіп, ұмытпайтындай қалыптастыру кез келген санға бірді көбейтсек не бөлсек сол санның өзі шығады.
- санның, шаманың үлес ұғымы. Бұл жоғарғы сыныптағы математиканың бастамасы.
- миллион (2-4 амалдар, жақша, теңдіктер, теңсіздіктер)
Сонымен осы тақырыптарды, игерту барысында
білім беру үш мақсатта көзделеді.
- Білімділік
- Дамытушылық
- Тәрбиелік
Шығармашылық бағытта баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастыру үшін оқушыларға проблема қою қажет, кейбір мәселелерді өздеріне шештіру, ауызша есептеу, бақылау, өздік жұмыстарын алу, тірек схемасы, деңгейлік тапсырмалар орындауы керек.
Осы дипломдық жұмысын зертеу объектісі өзім жұмыс істеп жүрген мектебім алынған, яғни Зеренді ауданының Ақкөл орта мектебі .
Ойын - сабақ өрнегі
Оқытып-тәрбиелеудегі негізгі мақсат -олар мектептегі оқуға, үйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлық, олардың бойына адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сойлеу қаблетін дамыту . Сабақ үстінде
жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар
ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздеймін . Ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кез-дерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым , түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі . Ойын арқылы ол
өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қортынды жасай алады .
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі . Бала ойынында қоғамдық ұжымдық сипат болады . ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық
тәжірибені меңгереді. Бала ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды . Баланың түрлі қасиеттері дамиды . Ойын жайында А. С. Макаренко былай деп көрсетті : “Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет
істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай маңызға ие. -Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста сондай болады “ . Баланың таным қабілеттері ойын арқылы дамып отыратындықтан мектеп жасына дейінгі кезеңде ойындарды жиі қолданудың маңызы ерекше .
Баланың жасы өсуімен бірге, ойнайтын ойындарының мазмұны да
өзгеріп, кеңейіп отырады . Алайда, ойын баланың уақытын өткізу емес,
баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызу болып табылады .
Мектеп жасына дейінгі кішкентай балалардың зейін көлемі өте тар деңгейде болғандықтан, ойын мазмұны да, шағын болып келеді . Ал, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың зейін көлемі кішкентайларға
қарағанда едәуір деңгейде дамитындықтан, ойын мазмұны да сан алуан .
Ойын мазмұны түрлене түскен сайын балалардың ойынға зейінділік
танытуы арта түседі . 3-4жастағы балалар 10-15минут қана ойнаса, 4-5жас-
тағы балалар 40-45минутқа ал 6-7 жастағы балалардың ойындары бірнеше
сағатқа, тіпті бірнеше күнге дейін созылады .
Жалпы үлкендер ойынның балалар өмірінде алатын орнын түсіне білуі
шарт . Егер үлкендер өзін қоршаған дүниеде болып жатқан құбылыстарды балаға көрсетіп, таныстырмаса ( жол, құрылыс, көлік, жануарлар, табиғат
т. б. ), онда балалар ойындарына арқау етер ешнәрсесі болмайды . Қазақ халқының “ Баланы ойын өсіреді ” деген сөзі тегіннен тегін айтылмаған .
Яғни ұлттық ойындар тәрбие құралы ретінде туған . Заман өзгерген сайын адам баласының өткендері бала ойынында көрініс тауып отыра-ды. Ойын мәселесіне Т. Тәжібаев, Ә. Диваев, Ж. Аймауыт, Т. Төтенаев, Е. Сағындықов т. б. ғалымдарымыз өз еңбектерін арнады . Ерте кезде қазақ
халқы өз ойындарына ерекше назар аударып, зейін қоя ойнағандары
соншалық, қойы басқа ауылдың қойына қосылып, қозысы жамырап кет-кенін де байқамай қалған . Ұлттық ойындардың басым көпшілігі мазмұны
жағынан ертегі, әңгімеге жақын болып келетіндіктен, бала зейінін бірден
өзіне тарта алады. Осыған орай жасөс-пірімдер ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары баланың жас ерекшеліктеріне байланысты әрі қысқа,
әрі нұсқа болып келеді . Айталық “Кім сені түртті . “, ”Даусынан таны !”
“Кім шертті . “ т. б. ойындар бала зейіні сөнбей тұрған кезде жылдам
жауап беруді талап етеді. Бала зейіні төңіректегі заттар мен осы заттарға
қатысты іс- әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, ұлттық ойындар да осыған негізделе құрылған . “Тақия тастамақ “ ойынында бас киімді пайдаланса, “Қамалды қорғау “ ойынында орындық пен жүннен жасалған допты пайдаланған. Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі- эмоциялық жағынан алып қарағанда бала зейінін бірден өзіне аударады.
Эмоциялық әсерлерге бала бірден назарын аударатыны белгілі. Жүсіпбек Аймауытұлы “Өзіндігінен қызық емес, ынта тартпайтын нәрсе ынтаны тартатын нәрсемен байланысса, қызық болып кетеді”деген. Мұны ерте сезген халқымыз адам бойынан табылатын барлық жақсы қасиеттерді тартымды етіп, өз ойындарында көрсеткен. Ұлттық ойындар барысында зейіннің аударылу қасиетінде байқауға болады. Мысалы: “Көкпар тарту”ойынын алсақ, басы кесілген бағылан немесе ешкіні алып қашқан адамды қуып жетіп,
Екіншіден оны тартып алып, үшіншіден, оны басып озу арқылы шапшандық танытпаса, яғни зейінді тез аудара білу қасиеті жетілмесе, бұл ойынға қатыса алмас еді. Ал балалар ойнайтын “Ақ сандық, көк сандық” ұлттық ойыны барысында айтылатын өлеңнің мәтініне назар аудару, өлең аяқталысымен орнынан тез тұрып кету, қарсыласын арқалай жөнелу т. б. әрекеттерге зейінін неғұрлым тез аудара білулері керек. Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік мал шешуші орын алатындықтан, ұлт ойындарының басым көпшілігі жан-жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді. “Ақ байпақ”, “Көк сиыр”, “Соқыртеке”, “Түйе, түйе” т. б. Зейіннің бөліну қасиеті ұлттық ойындар барысында қалыптасып отырады. “Соқыртеке” ойынында соқыр теке рөлін ойнаушы ойыншылардың дыбысы қай жақтан шыққанын, олар алыста ма, жақында ма екендігін және өзінің қауіпсіздік жағдайларына да (құлап қалмауға, бір нәрсеге соғылып қалмауына) зейін бөле алады. Бұдан ұлттық ойындар барысында зейіннің бөліну қасиетінің дамитындығы көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz