ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.

1. 1 КСРО Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі Қазақстанның

дипломатиялық қызметі . . . 9

1. 2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылуы және

құқықтық базасының қалыптасуы . . . 16

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.

2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: көпвекторлық мемлекетаралық қарым-қатынастар . . . 33

2. 2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің шет

елдердегі және халықаралық ұйымдардағы қызметі . . . 48

ІІІ. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ

ЖҰМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

ҚОСЫМШАЛАР . . . 77

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы Отан тарихының өзекті мәселелері қатарынан мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан бергі тарихи кезеңдегі Қазақстанның дипломатиялық қызметінің қалыптасуы мен дамуы ерекше маңызды орын алады. Бейбіт іс-шаралар мен тиімді әдістер арқылы мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың құралы ретінде дипломатия өзіне ерекше мұқият қарауды және үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Осыған байланысты, Қазақстан дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы үрдісіне қоғам назарын аударудың саяси жағынан ғана емес, тарихи тұрғыдан да өзекті мәселе екені анық.

Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы мен қазіргі кезең аралығы еліміздің тарихында ұлттық мемлекеттілікке қол жеткізумен қатар саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың жаңа формаларын іздестіру уақыты болғаны белгілі. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауының нәтижесінде құрылған әрбір тәуелсіз мемлекеттің алдында өтпелі кезеңде егемендік пен ұлттық тәуелсіздік идеалдарын сақтау мен нығайтудың күрделі міндеті тұрды. Сол уақытта Қазақстанның да шұғыл шешімін табуды қажет ететін басты міндеттері жеке мемлекет ретінде сақталып қалу, кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүргізу болып табылды. Осыған байланысты Президент Н. Ә. Назарбаев: «Енді біздің дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдап, жағдайды терең ұғыну және біздің реформаларымыздың орындалуы мен жаңа институттардың қалыптасуы деңгейін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды болмақ. Өзіміздің әлсіз және күшті жақтарымызға айқын талдау жасап, тек содан кейін ғана өзіндік стратегиямызды жасауымыз керек» деген болатын [1] .

Дүниежүзілік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық құқықтың субъектісі ретінде ретінде мойындауы және өзіндік жеке сыртқы саясатын анықтауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Сыртқы саясаттың қалыптасуы мен дамуы біздің еліміздің халықаралық байланыстардың аясына енуімен, дүниежүзі елдерінің көпшілігімен қарым-қатынастарын орнатуымен және дамытуымен қатар жүрді. Қазақстанның тең құқықтық қызметтестік пен өзара мүдделерін ескеру принциптеріне негізделген ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатуға ұмтылуы қазақстандық дипломатияның мақсаты болды. «Дипломатия» ұғымының өзі «Нақты шарттар мен шешілетін міндеттердің сипаттамасын ескере отырып қолданылатын әдістер мен тәсілдердің, әскери емес практикалық шаралардың жиынтығы түріндегі мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың құралы» [2] . Сыртқы саясаттың қалыптасуы мен даму процесінің заңды салдары қазақстандық дипломатия мен дипломатиялық қызметтің қалыптасуы болып табылды. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі - республиканың сыртқы саяси қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық келісім-шарттарына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі» [3] .

Қазақстандағы дипломатиялық қызметті зерттеудің өзектілігі мен уақыт талабына сай екендігі бірқатар мәселелерге байланысты туындайды. Біріншіден, дипломатиялық қызмет мемлекеттік қызметтің бір құраушы ретінде мемлекеттіліктің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, егемендіктің алғашқы жылдарында оның рөлі зор болды. Екіншіден, қазіргі кезеңде дүниежүзінде даулы мәселелерді бейбіт жолмен, атап айтқанда, дипломатиялық құралдар арқылы шешуге басты назар аударылады. Үшіншіден, қазіргі уақытта және одан әрі қарай да дипломатиялық қызмет мемлекеттік жүйедегі орталық буындардың бірі болып қалмақ, сол арқылы ішкі саясатты табысты жүргізу үшін сыртқы жағдайлар жасалатын болады, өз кезегінде ішкі саясат белгілі бір түрде сыртқы саясатқа әсерін тигізеді. Төртіншіден, сыртқы саясаттың теориялық мәселелерін зерттеу оны іс жүзіне, шынайы өмірге енгізу механизмін, яғни дипломатиялық қызметті зерттеусіз мүмкін емес.

Осыған байланысты, Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің әр түрлі аспектілерін, мемлекеттің сыртқы саяси бағытын жүзеге асырудағы оның рөлін зерттеу, оның әрі қарай даму үдерістерін талдау ғылыми-тарихи және саяси тұрғыдан өзекті мәнге ие болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - әртүрлі деректерге, арнайы тарихи еңбектер мен мерзімдік баспасөзге сүйене отырып, Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен даму эволюциясын айқындау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

  • Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің даму кезеңдерін айқындау;
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметінің құқықтық базасының дамуын қарастыру;
  • Қазақстанның сыртқы саяси бағытын жүзеге асырудағы дипломатиялық қызметтің рөлін, оның негізгі міндеттері мен функцияларын зерттеу;
  • Қазақстанның шетелдік өкілдіктерінің қызметін айқындау;
  • Дипломатиялық кадрларды дайындау бойынша жұмысқа талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуы мен тәуелсіздік кезеңдегі дамуы, ал зерттеу пәні Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің тарихи-құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің шет елдердегі және халықаралық ұйымдардағы қызметі болып табылады.

Зерттеу тақырыбының хронологиялық аясы - ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап осы уақытқа дейінгі кезең.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі ретінде ғылыми-тарихи танымның негізін құрайтын объективтілік, тарихилық, жүйелілік, нақтылық сияқты принциптер басшылыққа алынды. Қойылған зерттеу міндеттерін шешу мақсатында салыстырмалы-тарихи талдау, жинақтау, тарихи жүйелеу сияқты арнайы зерттеу әдістері қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс тақырыбының тарихнамасын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа көрнекті шетел дипломаттардың тарихи еңбектері кіреді. Олардың қатарында Д. Вуд, Ж. Серре, Э. Сатоу, Ж. Камбон, Р. Заллет сияқты авторлардың еңбектеріне шолу жасалып өтілді [4] .

Қарастырылып отырған тақырып тарихнамасының екінші тобын кеңес авторларының еңбектері құрайды. Соның ішінде В. Зорин, Ф. Молочков, Д. Никифоров, А. Борунков, О. Селянинов сияқты авторлардың еңбектері бар [5] . Бұл еңбектер жүйелілік тұрғысынан қарастыру, салыстырмалы және құрылымдық әдістер негізінде жазылған. Шетел және кеңес зерттеушілері еңбектерінің бір қарағанда Қазақстанның дипломатиялық қызметіне тікелей қатыстылығы көрінбейді, алайда оларды қарастырмайынша және зерттемейінше шын мәнінде қазақстандық дипломатиялық қызметтің жүріп өткен жолын дұрыс бағалау және оған талдау жасау мүмкін емес. Қазақстандық дипломатия өз уақытында жоқ жерден пайда болмады, ұйымдастыру тұрғысынан ол КСРО дипломатиялық қызметінің ісін жалғастырушы болды және қазіргі кезеңде өзге мемлекеттердің оң тәжірибесін пайдалануға ұмтылады.

Тарихнаманың үшінші тобына республикамыздың дипломатиялық қызметін белгілі бір деңгейде қарастыратын қазақстандық авторлардың еңбектері жатады. Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағанға дейін іс жүзінде өзіндік сыртқы саясат жүргізбеді, ал Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі КСРО СІМ-не толық бағындырылды. Дей тұрғанмен, бұрынғы сыртқы істер министрі М. Исиналиев сол жылдары-ақ алғашқылардың бірі болып қазақстандық дипломатиялық қызметтің дамуына қатысты мәселелерді көтерді [6] . Салыстырмалық әдіс пен анализді қолдана отырып, ол біздің дипломаттарымыздың шетелдік өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінде болу мүмкіндігі мен қажеттілігін дәлелдеді.

Халықаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын зерттеуші Д. Қыдырбекұлы өз мақалаларында қазақстандық дипломатияны негізгі тақырып етіп алады [7] . Бұл мақалаларда автор қазақстандық дипломатияның тарихын көпфакторлық әдістің, жүйелілік тұрғысынан қарастыру негізінде зерттейді.

Көрнекті мемлекет қайраткері Қ. К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік туы астында», «Еңсеру. Дипломатиялық очерктер» атты еңбектерінде Қазақстан Республикасының көп қырлы сыртқы саясатының дамуы проблемаларына қатысты көзқарастар білдіріледі. Бұл еңбектерде жаңа мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуының барлық кезеңіне дәйектілікпен талдау жасауға, дипломатиялық қызметтің қалыптасуына, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөліне, аса ірі халықаралық ұйымдардың әлемдік саясатқа ықпалын зерттеуге, әлемдегі қазіргі заманғы қайышылқтарға талдау жасауға арнайы назар аударылады [8] . Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» (2001 ж. ) атты монографиясында Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен даму барысына жан-жақты талдау жасалды. Бұл еңбекте республиканың әлемдік қоғамдастықпен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарына баса ден қойылады. Қазақстанның сыртқы саясатының басқа да көптеген мемлекеттермен ынтымақтастығындағы басым бағыттары баяндалады [9] .

Қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш Елші А. Арыстанбекованың «Біріккен Ұлттыр Ұйымы және Қазақстан» атты монографиясында Қазақстанның БҰҰ-на енуі, екіжақты ынтымақтастықтың дамуы, нығаю барысы ашып көрсетіледі. Автор БҰҰ-ның ресми құжаттарын отандық тарихт тұңғыш рет ғылыми айналымға кең ауқымда енгізу негізінде Қазақстан Республикасының әмбебап ұйыммен оның 1992 жылдың наурызында мүшелікке енген сәтінен бастап және он жыл бойындағы ынтымақтастық тарихын, проблемалары мен келешегін зерттейді [10] .

Дипломдық жұмыстың деректемелік негізі. Еліміздегі дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы мәселесі деректердің кең ауқымы негізінде зерттелді. Деректердің бірінші тобына өзекті мәселелер бойынша мемлекеттің ұстанымын көрсететін заңнамалық актілер жатады. Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» заңы маңызды дерек ретінде пайдаланылды. Дипломатиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған бұл заң бойынша дипломатиялық қызметтің деңгейі туралы түсінік алуға болады. Сонымен бірге, аталған заң еліміздің сыртқы саяси байланыстар жүйесінің әрі қарай даму болашағын, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі жұмысының принциптерін айқындайды.

Деректердің осы тобына өзге де заңнамалық актілер, атап айтқанда, 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы, 1944 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақ КСР одақтық-республикалық сыртқы істер комиссариатын құру туралы» заң, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елшіліктер ашу және елшілерді тағайындау туралы жарлықтары жатады. Бұл деректердің барлығы заңнамалық актілер тобына енеді, жоғары шынайылық деңгейіне ие болып табылады және дипломатиялық мекемелердің қызметіне едәуір деңгейде әсерін тигізеді.

Деректердің екінші тобын «дипломатиялық құжаттама» тобына біріктірілген деректер құрайды. Бұл топқа Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің жарлықтары мен нұсқаулары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережелер (1992, 1996), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызметкерлерінің қызметтік аттестатталуын өткізу тәртібі туралы ереже (1994), Қазақстан Республикасы мемлекеттік хаттамасының негізгі ережелері (1996) жатады. Деректердің мұндай түрі сыртқы саяси мекеменің ағымдағы қызметін бейнелейді, күнделікті жұмыста басшылыққа алынатын нұсқау ретінде пайдаланылады.

Дипломдық жұмыстың деректемелік базасының үшінші тобына саяси және мемлекеттік қайраткерлердің еңбектері, түрлі деңгейдегі ресми жиындарда жасаған баяндамалары жатқызылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы», «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектері, Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстанның сыртқы саясаты: әдістері, басымдылықтары және міндеттері», «Қазақстанның сыртқы саяси бағытын жүзеге асырудың бірқатар аспектілері», «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» және тағы басқа еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Деректердің төртінші тобын мерзімдік баспасөз беттерінде, атап айтқанда «Дипломатия жаршысы», «Хабаршы - Вестник. Халықаралық қатынастар топтамасы», «Мысль», «Ақиқат», «Саясат», «Заң» журналдарында жарық көрген, М. Исиналиев, С. Құрманғожин, А. Арыстанбекова, І. Қозыбаев, С. Абдулпаттаев, Д. Қыдырбекұлы, Д. Мажиденова, А. Есдәулетова сияқты авторлардың зерттеу мақалалары құрайды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Дипломдық жұмыста қазақстандық дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы процесін неғұрлым толық және жан-жақты тұрғыдан қарастырып, жүйелеуге талпыныс жасалды. Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің алғышарттарының жасалуы, қалыптасуы мен нығаюы процесі кешенді тұрғыдан зерттеліп, талдау жасалды. Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған, сыртқы саяси бағытында қойылған әр түрлі міндеттерін жүзеге асыру бойынша қызметі айқындалды.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың материалы, зерттеу жұмысы барысында алынған негізгі нәтижелер Қазақстанда дмпломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы тарихымен, мемлекеттің сыртқы саяси бағытын табысты жүргізудегі басты құрал ретіндегі дипломатияның рөлі және маңызымен байланысты мәселелерді қарастырған кезде қолданыла алады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы алдына қойған мақсат, міндеттері негізінде белгілі бір логикалық жүйеде құрылған. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, дипломдық жұмыс нәтижелерін практикалық жұмыста қолдану бөлімінен тұрады. Жұмыстың соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар көрсетілген.

І. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің

тарихи-құқықтық негізі.

  1. КСРО Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі Қазақстанның дипломатиялық қызметі.

Әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін жасайтын белгілі. Қазақстандық дипломатияны шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады. Олар - Қазақ хандығы кезіндегі; Ресей империясы құрамындағы отарлық кезеңіндегі; Алашорда кезіндегі; кеңестік кезеңдегі, тәуелсіздік төріндегі дипломатия.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы байланыстар саласындағы бүгінгі тәжірибесі жоқ жерден бастау алып, жинақталды деуге болмайды. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа ену, өз алдына жеке сыртқы саяси қызмет органдарын құру, дипломатиялық қызметтің нормативтік-құқықтық негіздерін жасау және жетілдіру сияқты ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру барысында халықаралық дипломатиялық ілімге сүйеніп қана қоймай, кеңес уақытындағы дипломатиялық қызметтің де оң тәжірибесін пайдаланды. Сондықтан, Кеңес Одағының Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі қазақстандық дипломатияның елу жылға жуық сыртқы саяси қызметті атқаруға қатысып, белгілі бір деңгейде тәжірибе жинақтауы, оның дамуында орын алған қиындықтар мен кемшіліктер мәселелеріне тоқталу шынайы тарихи көзқарас қалыптастыру үшін маңызды болмақ.

Қазақстан дипломатиясының кеңес дәуіріндегі қызметін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі - республиканың Сыртқы істер министрлігінің қызметі 1944 жылы құрылғаннан бастап Одақтық министрліктің толық бақылауында болған 1980-жылдардың аяғына дейінгі ұзақ мерзім. Екінші кезеңі - дипломатиялық мекеменің қызметінде кейбір мәселелерді орталықтың бақылауынсыз шешу мүмкіндігі пайда болған 1980-ші жылдардың аяғынан мемлекеттік тәуелсіздікті иеленген 1991 жылдың желтоқсанына дейінгі аралық [11, 15] . Аталған екі кезеңге тән ортақ белгі болып еліміздің өткен ХХ ғасырдағы сыртқы байланыстарының басым бөлігінің кеңес сыртқы саясатының шеңберінде дамуы табылады.

Кеңестік заманда қазақ елінің сыртқы саясаты бүгінгідей дербес жүргізілмесе де, дипломатиялық дәстүр сабақтастығы жекелеген тұлғалардың қызметімен жалғасып жатты. Мәселен, қазақтың дара ұлдарының бірі Нәзір Төреқұлов ХХ ғ. 30-шы жылдары КСРО-ның Арабиядағы елшісі қызметін атқарды. Өкінішке қарай, ол да еліміздің маңдайалды азаматтарын қынадай қырған сталиндік зұлматтың құрбаны болды.

ХХ ғ. 40-шы жылдары Кеңес Одағы құрамындағы республикаларға сыртқы істерге қатысты аздаған құқықтар берді. Атап айтқанда, 1944 жылдың басында КСРО Жоғарғы Кеңесі одақтас республикаларға сыртқы байланыстарда өкілеттік беру туралы заң қабылдады.

Республиканың Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы Қазақ КСР Сыртқы істер комиссариатын ұйымдастыру үшін тиісті құқықтық базаны құрды. Парламент сессиясы «Қазақ КСР Сыртқы істер халық комиссариатын құру туралы» заңды бірауыздан бекітті. Заңның ресми мәтінін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы А. Қазақбаев пен Президиум хатшысы С. Нұрмағанбетов 1944 жылғы 13 сәуірде өз қол қоюларымен бекітті. Осыған сәйкес Қазақ КСР одақтық - республикалық Сыртқы істер халық комиссариаты құрылды. 1944 жылдың 29 ақпанында осы салаға кадрлар даярлау туралы шешім қабылданды.

Қазақстан дипломатиясының тарихы жайында сөз қозғағанда осы қызметтің қалыптасуына көп еңбек сіңірген алғашқы сыртқы істер министрі - Төлеген Тәжібаевтың тұлғасына тоқталмай өте алмаймыз. Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, Қазақ Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болған Төлеген Тәжібаев Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігін тоғыз жыл бойы мемлекеттік және ғылыми жұмыстың қомақты тәжірибесін жинаған тұлға ретінде басқарды. 4 тамызда баспасөзде КСРО-ның Үндістандағы елші - кеңесшісі болып істеген, талантты дипломат, қоғам қайраткері, үкімет басшысының орынбасары болып қызмет атқарған Төлеген Тәжібаевты Сыртқы істер халық комиссары етіп тағайындау туралы республика Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығы жарияланды. Төлеген Тәжібаев қызметке кіріскен күннен-ақ республика басшылығы алдына жаңа ведомствоның көкейкесті мәселелерін қояды, оның біріншісі - кадр мәселесі. Қазан айынан бастап қазақстандық дипломаттар шетел тілдерін үйрене бастады. Төлеген Тәжібаевтың бастаумен шет тілдері институтында ұйымдастырылған шығыс тілдері факультетінде 28 адам оқыды. Бұл факультет негізінен сыртқы істер ведомствосы үшін аудармашылар даярлады [12, 41] . Сыртқы істер министрлігінің басшысы қызметіне кіріскеннен кейін ол республика басшылығының алдына шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелерді қойды. Олардың қатарында жаңа қызметке ауадай қажет жоғары білікті дипломат мамандарды даярлау және оларға шет тілдерін үйрету ісін жолға қою, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін кеңінен қолдану жөнінде маңызды ұсыныстар айтылды. Төлеген Тәжібаевтың бастамасымен Қытай Халық Республикасы, Синьцзян және Монғолия тәрізді көршілес елдермен экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды. Қытай Халық Республикасы консулдықтарымен бірге Қазақстандағы дұнғандар мен қытайлардың азаматтығын анықтау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілді.

Төлеген Тәжібаев Қазақ КСР-нің шет елдегі өкілеттігіне қатысты ғажап жоспар жасады. Оның өтініші бойынша КСРО Сыртқы істер халық комиссариаты республикамызға кеңестік шетелдік мекемелерінен 5 орын берді. Қазақ тілі мәртебесін халықаралық дәрежеге дейін көтеруді мәселе етіп қойды. Сыртқы істер халық комиссариаты мыналарды атап көрсетті:

1. Барлық кеңес және шаруашылық жүргізу мекемелерінде қазақ тілінде іс жүргізуді қалпына келтіру.

2. Халкоматтар мен мекемелерге қаржы бөлуді көздей отырып, мекемелерде қазақ тілін үйретуді ұйымдастыруға дереу кірісу, оқу орындарында қазақ тілін меңгеруді қамтамасыз ету.

3. Барлық мекемелер мен оқу орындарында қазақ тілін ойдағыдай меңгерген басқа ұлттардың өкілдері үшін көтермелеу шараларын еңгізу.

4. Оқу-ағарту халкомы мен жергілікті кеңестер тарапынан қазақ машинка басушылары мен стенаграфистерді өндірістен қол үздіріп және қол үздірмей даярлау жөнінде қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру.

Төлеген Тәжібаев жоғары білікті дипломат қадрларын даярлау ісіне өте мән берді. 1945 жылы қазақстандықтардың бірнешеуі Жоғары дипломатиялық мектепке және Мәскеудің мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға жіберілді. Бұлардың арасынан Мәлік Сабырұлы Фазылов Республика сыртқы істер министрі, КСРО-ның Төтенше және өкілетті елшісі болды.

1945 жылғы 27 ақпанда Қазақ КСР Сыртқы істер халық комиссары Орталыққа ведомствоны ұйымдастыру кезеңі аяқталғанын хабарлап, өкілеттік басқарманы таратуды ұсынды. КСРО Халком кеңесі Т. Тәжібаевтың ұсынысын қабылдады. Сөйтіп, Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы «қос билік» кезеңі аяқталып, қазақстандық дипломаттар көптеген мәселені Мәскеуге алаңдамай өздері шешіп жатты [13, 103] .

Келесі кезекте дипломаттарды рангілеу жүзеге асырылды. 1945 жылы ақпанда тиісті комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша халком орынбасары А. Сарыновқа 1 сыныпты кеңесші, хаттама-консул бөлімінің меңгерушісі К. Құлымбетовке, құпия-шифрлаушы бөлімінің меңгерушісі И. Сейіловке, халком кеңесшісі А. Ағышевке, саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары Х. Бекмұратқа, сарапшы-консултант М. Ермағанбетовке 1 сыныпты екінші хатшы, хаттама - консул бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н. Нұрпейісовке, халком орынбасарының көмекшісі Ш. Шибановқа, саяси бөлімнің жауапты референты В. Абрамичевке 2 сыныпты екінші хатшы, Д. Қонақбаевқа үшінші хатшы, К. Коржева, А. Сахаутдинов, А. Туғанбаев, А. Гавриловаға атташе атақтары берілді. Ал, Орталықтың жеке шешімі бойынша Төлеген Тәжібаев жоғары дипломатиялық ранг - 2 сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл атанды.

1946 жылы наурызда Сыртқы істер халық комиссараты Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі болып аталды [14, 38] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Дипломатиялық хаттамалар
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Дипломатиялық құқық
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz