Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1. 1. Педагогикалық дискурс - білім беру функциясының тілдік компоненті . . . [4; 8]

1. 1. 2. Сөйлесім әрекеті және оның түрлері . . . [9; 11]

1. 1. 3 Тілдесім әрекеті және оның түрлері . . . [12; 21]

1. 2. Тілдесім арқылы оқытудың психологиялық ерекшеліктері . . . [22; 24]

1. 2. 1. Техникалық құрал арқылы ұстаз бен шәкірт тілдесімі . . . [25; 26]

1. 3. Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру . . . [27; 31]

1. 3. 1. Ұстаз бен шәкірт тілдесіміндегі педагогикалық этиканың ролі . . . [32; 38]

1. 3. 2. Педагогикалық сұхбаттың психологиясы . . . [39; 46]

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Буыны бекімеген икемсіз саусақтарын ананың жылы төсіне жүгіртіп, ана сүтін қылқ-қылқ жұтып жатқан нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Ана сүті баланың қарынына тарап, ана сөзі баланың сезімін оятады. Бара-бара баланың тілі шығып, ата-ананың, отбасының, бүкіл халықтың дәстүрін құрметтеп, өзінің ана тілінде емін-еркін сөйлейтін болады. Сүтпен енген, миға сіңген сол тіл есейген адамның саналы өмірінің аса көрнекті рухани байлығы, адамның адамдық белгілерінің бірі болып табылады.

Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүруі мүмкін емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұл-қызы болғандықтан, халықтың, Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Кісі білімді, білім-тәрбиені, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы, қарым-қатынас арқылы үйренеді. Бала ересек адамдармен араласып, өзінің жеке ойын білдіріп, өзін қоршаған ортаға қажетпін деп есептеуі керек.

Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, яғни тілдесу адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол - табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процес.

Тілдесім - айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Тілдесім - адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы.

Тілдесім процесі оқушының жеке басына тән сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орны мен сананың қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген, өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені әрбір адамға басқа адамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылы өзінің бойында жиналған білімді, тәжірибені екінші біреуге жеткізеді, мінезін, қабілетін, өз ойын аңғартады.

Тілдесудің нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жан дүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне-бірі қол ұшын береді. Ол да өмірдегі ең маңызды факторлардың бірі.

Менің бұл тақырыпты таңдауымның себебі: келешекте мен де ұстаз болып шәкірт тәрбиелесем деген ойым бар және сол ойымды жүзеге асыру үшін бар күш жігерімді саламын. Менің ойымша, ұстаз оқушылармен тілдесе алуы керек, яғни әр шәкірттің тілін таба білуі керек деген сөз. Психалогиялық тұрғыдан қарағанда әр оқушыны жеке бір тұлға ретінде қарастырады. Ал ұстаз сол тұлғаның сабақ үлгерімін, мінез-құлқын, отбасылық жағдайын біліп, жалпы оқушыға қатысты барлық мәліметтерден құлағдар болғаны абзал.

«Тәрбие басы - тіл», - деп М. Қашқари ақын бабамыз айтқандай, ұстаз шәкірттеріне біліммен қоса тәрбие де береді. Мұның барлығы тілдесім арқылы жүзеге асады. Ұстаз шәкірттерімен тілдесе отырып, олардың сабаққа қаншалықты дайын екендерін немесе дайын емес екенін және мұндай жағдайларда не себепті дайын емес екендігін анықтайды. Яғни ұстаз шәкірттерімен тығыз қарым - қатынаста болуы тиіс.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

  1. Ұстаз бен шәкірт тілдесімінің тәрбиелік ерекшелігін таныту.
  2. Тілдік қатнастың ортақтығын көрсету.
  3. Тілдесім арқылы оқытудың психологиялық ерекшеліктері.
  4. Ұстаз бен шәкірттің тілдесіміндегі техникалық құралдардың ролін анықтау.
  5. Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру.
  6. Ұстаз бен шәкірт тілдесіміндегі педагогикалық этиканың ролін анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан ттұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1. 1. 1. Педагогикалық дискурс - білім беру функциясының тілдік компоненті

Адам - коммуникацияның басты субъектісі. Өмір сүру үшін адамға басқа адамдармен сөйлеу, байланысу керек. Адамдардың қоғамда бір-бірімен араласуы - бұл, біріншіден, әлеуметтік коммуникация, бірнеше коммуникативтік актілердің қосылуын қажет ететін, жеке тұлғаның әлеуметтік-бағдарлы қызметінде өз бейнесін табады.

К. М. Абишеваның ойынша әлеуметтік коммуникация - бұл жеке тұлғаның әлеуметтік коммуникациялық әрекеті байланысу кезінде өз ішінен жүргізілетін арақатынас, белгілі бір әрекеттерімен алмасады. Олардың тіл құралы ретінде діни-ақпараттық өмірге қажетті әр түрлі әлеуметтік-психологиялық процес құрайды.

Адамдардың тіл арқылы байланыс жасап, сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасқа түсуі, сонымен қатар қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысып, түсінісуі еліміздің халықаралық байланыстары мен мәдени қарым-қатынастарының артуына байланысты мәдениетаралық қатысымның кеңінен дамуына жол ашып отыр.

Дискурс мәселесімен айналысып, зерттеген адамдардың пайымдауынша, дискурсивтік компетентия дегеніміз - дискурстің әр түрін ажырата алу, оларды құру жолдарын білу, сөйлеу жағдаятына байланысты дискурстың түрлерін қолдану түсіну біліктігі болып табылады. Ал дискурстың өзі көп мағыналы ұғым, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің уақыт талабына сай үнемі өзгеріп отыруына байланысты дискурс ұғымы да жаңа мәндерге ие болып, оның рөлі мен қызметі де өзгерістерге ұшырады.

Алғашқы кезеңде дискурс сөйлемдердің байланысқан тізбегі ретінде мәтін ұғымымен бірге қарастырылған. Ал қазіргі уақытта дискурс дегеніміз Т. А. Ван Дейктің анықтамасы бойынша «күрделі коммуникативтік құбылыс, оның құрамына мәтінмен қатар экстралингвистикалық факторлар (өмір, әлем туралы білім, пікірлер, көзқарастар, адресаттың мақсаты тәрізді мәтінді түсінуге қажетті факторлар) кіреді». Экстралингвистикалық параметрлерге Ю. А. Синица коммуникацияға қатысушылар, олардың коммуникативтік мақсаттары, прагматикалық установкалар, әлеуметтік рөлдер, қатысым жағдаяты туралы фондық білімі сияқты факторларды жатқызады.

Жоғарыда айтылған ой, пікірлерді былайша қорытуға болады: тіл үйренушінің мәтіндерді берілген тақырыпты ашудың жолы ретінде жаттап алу қажет емес, сөйлеу жағдаятына және коммуникативтік мақсатқа байланысты тақырып бойынша дискурс құрып, оны түсініп, қабылдауы қажет. Осыған байланысты, сабақта өзара тілдесім барысында шәкірт ең алдымен өзінің коммуникативтік мақсатын анықтап алуы тиіс, яғни не үшін сөйлейді немесе жазады, соны негізге ала отырып, дискурстың тақырыбы мен түрін таңдайды. Мұнан соң қандай жағдайда (ресми немесе бейресми) және кіммен тілдесетініне байланысты мәтіннің мазмұны мен тілдік нысанын анықтайды. Ал оның ұстазы өзімен тілдесіп отырған коммуниканттың қандай коммуникативтік мақсатты көздеп отырғанын және жалпы ситуацияны түсініп, бағалап, тілдесімге бейім болуы керек. Осындай шарттар орындалған жағдайда ғана айтылып жатқан ой түсінікті болып, соған сәйкес жауап беріліп, реакция жасалынады.

Оқыту процесінде қолданылатын дискурстар сол оқу орнындағы оқыту мақсаттарына сәйкес болғаны дұрыс. Бұл орайда оқу орнын бітіргеннен кейін коммуникант қандай ортада, кімдермен, қандай салада тілдесетін жағдайды ескерген абзал. Бұл оқытудың кәсіби бағдарлы болуына және жеке тұлғаға бағытталуына мүмкіндік туғызады.

Күнделікті жұмыс тәжірибемізде нақты бір дискурспен таныстыру коммуникативтік ситуацияны көрсететін бейне немесе аудиотаспалар арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың бастапқы кезеңінде жұмыс негізінен бейресми тілдесім құрылған тұрмыстық, мәдени және білімдік сипаттағы дискурстар бойынша ұйымдастырылады. Мысалы: тұрмыс, мәдениет, білім тақырыбындағы хабарламалар бойынша өтініш жасау; әрекет, құбылыс, фактіге түсініктеме беру; заттар, оқиғалар, құбылыстарды суреттеу; әңгімелеу; оқиға, құбылыстарды талдау, бағалау; құптау немесе жоққа шығару; жауап беруден жалтару; көзін жеткізу; кеңес беру. Ал оқытудың келесі кезеңінде ресми тілдесім және кәсіби қызметке байланысты дискурс түрлеріне машықтандыру жұмысы жүргізіледі. Ауызша сөйлеу бойынша дискурсты мына түрлерде өткізуге болады: іскерлік әңгіме, іскери және кәсіби мәселелерді талқылау, қайталап сұрау, пікірталас, полемика, баяндама, хабарлама, ауызша пікір беру, шолу, есеп. Бір түрлі аутентивті дискурсты талдау арқылы оның коммуникативтік мақсаты, логикалық-мазмұндық және синтаксистік құрылымы, сонымен қатар мәтін ішіндегі байланыс құралдары да анықталады.

Осылайша дискурстың түрлеріне байланысты ситуациялар, проблемалар анықталғаннан кейін коммуниканттардың статусы және олардың коммуникативтік мақсаттары белгіленіп, көрсетіледі. Енді «әлеуметтік лингвистика саласы бойынша институционалдық дискурсқа» қатысушы-агент пен клиеттің қатынасы мынадай түрде болуы мүмкін: ата-аналар мен балалар; ұстаз бен шәкірт; дәрігер мен ауру адам; сатушы мен сатып алушы; полиция қызметкері мен тұрғын; делегация мүшелері мен қабылдаушы; жүргізуші мен жолаушы; конференцияға қатысушы мен мекеме қызметкер.

Аталған ситуацияларға тән мынадай коммуникативтік мақсат қойылу мүмкін:

  • қажетті ақпаратты сұрау, алу хабарлау;
  • шешім қабылдау үшін бір мәселені талқылау;
  • өз пікірінің, ұстанымының дұрыстығына әріптесінің көзін жеткізу;
  • белгілі бір оқиға, фактіні талдап, оған баға беру;
  • өз пікірін, көзқарасын білдіру;
  • әріптесінің пікірін құптау немесе құптамау, жоққа шығару;
  • келісу немесе келіспеу;
  • өз ұсыныстарын негіздеу;
  • мәселені шешудің жолын көрсету;
  • фактіні, деректі көлденеңнен тарту;
  • қорытындылау, талдау, сараптау, баға беру;
  • идеяны қолдау немесе қарсы болу;
  • сенім / сенімсіздік білдіру;
  • талқыланып жатқан мәселеге сын айту;

- белгілі бір оқиғаны, құбылысты, объектіні, адамды сипаттау.

Мәдениетаралық тілдесімді жүзеге асыруда дискурсты ұйымдастыру, ситуацияларды, проблемаларды анықтап, коммуникативтік мақсатқа жетудің құралдарын белгілеп, қатысымға байланысты компоненттердің әрқайсысының статусы яғни мәртебесі.

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады - қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дискурс - тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.

Ф. Де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.

Шындығында, тіл - бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен

Адамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принципті түрде тамамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көп дауыстылықтан, көп мағыналылықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік «иісі», тіпті өзіндік «дәмі» де бар.

Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынас, сұхбат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

1. 1. 2. Сөйлесім әрекеті және оның түрлері

«Сөйлесім әректі» - / «речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатынасын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-ғалымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т. б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік - қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойға қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; олардың неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқытатынын; оларды неге және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету.

Сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасуы деген пікір айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі - ойды, хабарды жеткізу. [4; 102]

Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажетігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.

Бұл - тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі процесс.

Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіріп, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу /информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу/ қатысымдық құбылыстың қоғамдық мәнін ашады, адамдар арасындағы әлеуметтік көпір бола алады. Демек, адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес, олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін, өзара қарым-қатынаста болу үшін қарым-қатынастық бірлікке ұмтылады. Осыдан келіп тілдік қатынастың қоғамдық - әлеуметтік мазмұны, мәні шығады.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.

Олар:

1. Сөйлеу /говорение/

2. Оқу /чтение/

3. Жазу /писмо/

4. Түсіну /аудирование/ [5; 122] .

Біз жан-жақты тәжірибелерге сүйене келіп, сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырамыз. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалам, айтылым, тілдесім. Бұлардың барлығы-әдістемелік ізденіс жолындағы жаңаша терминдер. Қазақ тілінде бұл мәселе бұрын - соңды арнайы сөз болмағандықтан, сөйлесім әрекетінің түрлері де бір жүйемен аталып, өзіндік терминдер әлі қалыптаспаған. Шетел және орыс тілдерінде қолданылған жоғарыда атап өтілген терминдер: «говорение» - «сөйлеу», «аудирование» - «аудиолық», «чтение» - «оқу», «писмо»- «жазу» деген сияқты әр түрлі сөздермен айтылып жүр.

Бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. Өйткені олар, біріншіден, тілдік қарым-қатынастың басты ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар қазақ тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік орындары бар түбір сөздер. Үшіншіден, олар зерттеу мәселемізге сай тоериялық және әдістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, әрқайсысы әр түрлі емес, қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сәйкес бір ізбен жасала келіп біртұтас қатысымдық қызмет атқарады. Соның ішінде тілдесімге келетін болсақ.

1. 1. 3. Тілдесім әрекеті және оның түрлері

Тілдесім - сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қатитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолдануына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.

Тілдесім (общение) - айтылым және жазылымнан өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі.

Тілдесім - адамдардың қоғамдық-әлеуметті өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Мұнда пікір алмасу ауызша (айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де іске асып, белгілі бір ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатнасқа мүмкіндік туғызады.

Тілдесім арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олар тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді. [8; 105]

Тілдесім арқылы ұстаз шәкірттерді рухани қарым-қатнасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, пікірлеседі, түсініседі.

Тілдесім процесі оқушының жеке басына тән сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орны мен санасының қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген, өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені әрбір адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылы өзінің бойында жиналған білімді, тәжірибені екінші біреуге жеткізеді, мінезін, қабілетін, өз ойын аңғартады.

Тілдесудің нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жан дүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне бірі қол ұшын береді. Ол да өмірдегі ең негізгі факторлардың бірі.

Тілдесім - адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі жағынан ықпал етуі. Бұл - қоғамда қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзара әсері.

Тілдесім арқылы болатын әсер әр түрлі болуы мүмкін:

а/ жағымды не жағымсыз әсер;

ә/ ашық не жасырын әсер;

б/ тікелей не аралық әсер;

в/ негізгі не қосалқы әсер;

Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды мынадай деп жеткізуге болады.

  1. Ресми тілдесім.
  2. Бейресми тілдесім
  3. Қалыптасқан тілдесім.
  4. Кәсіби / мамандыққа қарай/ тілдесім.
  5. Әлеуметтік тілдесім.
  6. Дербестік тілдесім. [8; 55]

Ресми тілдесім - тіл үйренушілерге ресми қарым-қатнастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгеру.

Бұл кездесетін адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл - өмірде болатын кез келген жағдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтің коммуникативті шеберлік. Көпшіл бола білудегі кәсіби және тұлғалық маңызды сапалар
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Төлеу сөз
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz