ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі - лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің басты мақсаты - жалпылама қолданымға арналып түзілетін, ортақ лексика-грамматикалық минимумға негізделген, құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік лексиканы қамтитын шағын көлемді сөздік түзудің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін анықтау. Аталған мақсатқа жету мүддесі төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
1. Оқу лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып, оның жалпы теориялық мәселелерін бағамдау;
2. Отандық оқу лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;
3. Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты ғылыми-теориялық әдебиетті зерделеу;
4. Шағын сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты алғанда тілдік сананың лексикалық базасын құрайтын бірліктердің, құрылымдық сөздердің, жалпы ғылыми базистік сөздіктің құрамын анықтау;
5. Сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет ету ерекшеліктерін көрсету;
6. Зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын айқындау.
Көне түркі тілінің қалыптасып дамуын жан-жақты қарастыра келіп, олардың қолданылу ерекшелігін айқындау.
- түркі тілінің қалыптасып даму тарихына шолу жасау;
- түркі тілдерінің қалыптасуындағы дәуірлерле тоқталу;
- көне түркі сөздеріндегі лексика-фонетикалық ерекшеліктердікөрсету;
- көне түркі сөздеріндегі грамматикалық ерекшелігін қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер, салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары:
- қазақ лексикографиясындағы «оқу лексикографиясы», «оқу сөздігі» атауларының орнына терминдік мәнде «тілүйренім лексикографиясы», «тілүйренім сөздігі» атауларын қолданған жөн;
- 4000 бірліктен тұратын шағын оқу сөздігінде қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексика толық қамтылуы қажет;
- қазақ тілінің лексикалық негізі - инвариант қызметін атқарады;
- базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктер құрамы үш бөліктен құралады (құрылымдық сөздер, ең жиі қолданымдағы лексикалық бірліктер, ең басты тақырыптық сөздер) ;
- құрылымдық сөздер - тілдегі лексикалық негіздің өзекті бөлігі;
- бір тілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесіне тақырыптық топтар құрамындағы негізгі атаулардың мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет;
- сөздіктің барлық түрінде де дидактикалық интенция басым болады.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Қазақ лексикографиясының қалыптасуы» тарауында қазақ лексикографиясының қалыптасу, даму тарихына және сөздіктің түрлерінен толық ақпарат беріледі.
«Диуани лұғат ат-түрік - қазақтың тұңғыш сөздігі» атты тарауында сөздіктің қазақ лексикографиясынан алатын орны және құрылымы жан-жақты сөз болады.
Қорытынды бөлімде сөздіктің тарихы және құрылымы, оның қазақ лексикографиясы саласына қосатын үлесі жайында тұжырым жасалады.
- ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫҚазақ лексикографиясының зерттелуі
Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны білгендіктен Ф. Соссюр де «сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын» айтып еді [1] . Осыған ұқсас пікірді орыс ғалымы А. И. Смирницкий де айтқан болатын: «Сөз - тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік» [2] . «Лексикография - лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал» (В. В. Морковкин) екендігін, оның үстіне, тіл білімі ғылымындағы жеке сөздің, сөздік бірліктің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығын тілші қауым біледі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғам арасын жалғайтын тілдесім қызметі десе де болғандай.
Қазіргі кезде лексикографияның негізгі салалары ретінде жалпы лексикография, терминологиялық лексикография, есептемелік лексикография және оқу лексикографиясы қалыптасып үлгерді. Олардың өздерінің ішінде де жаңа салалардың бой көтеруі - табиғи процесс. Мысал үшін терминологиялық лексикография саласында деректерді автоматты өңдеу мен сөздіктерді машина (электрондық есептеуіш машиналар) көмегімен түзу қолға алынуда. Осыған байланысты есептемелік лексикографияда да жаңалықтар көбейе түсуде.
Лингвистиканың қоғам алдында есеп беретін, қоғамға көрсететін басты өнімі - сөздік. Тіл білімі ғылымынан хабары жоқ қарапайым қоғам мүшесінің түсінігі бойынша, жалпы лингвистиканың бар болмысын ақтайтын жалғыз өнім - сөздік.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіне дейін яғни академик Л. В. Щербаның еңбегіне дейін жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз [3] . Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді. Кеңес Одағы тіл білімінде лексикография теориясын алғаш рет қарастырған ғалым П. Н. Денисов болатын. Ғалымның еңбегінде негізінен сөздіктер типологиясы мен сөздіктің элементтері мәселелері сөз болады [4] . Лексикографияның теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеу ісін оқу лексикографиясы саласында жалғастырған В. В. Морковкин жоғарыда аталған екі аспектіге тағы да бес аспектіні қосып, олардың жалпы санын жетіге жеткізеді («лексикография» ұғымының мазмұнын ашу, сөздіктік лексикология, сөздіктердің типтері туралы ілім, сөздіктің құрылымдық элементтері туралы ілім, лексикографиялық құрастырманың негіздері туралы ілім, бастапқы сөздіктік материалдар туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім) . Ғалым лексикография теориясының құрылымын төмендегі үлгі бойынша бейнелеуді жөн санайды:
- лексикография
- теоретикалық лексикография
1. 1 лексикография теориясы
1. 1. 1 «лексикография» ұғымының көлемін, мазмұнын, құрылымын анықтау
1. 1. 2 сөздік лексикологиясы
1. 1. 3 сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім
1. 1. 4. сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім
1. 1. 5 лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім
1. 1. 6 бастапқы материалдар (картотекалар) туралы ілім
1. 1. 7 сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім
1. 2 лексикография тарихы
1. 2. 1 сөздіктер тарихы
1. 2. 2 типтік лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы [5] .
Біз теоретикалық лексикография мәселелері бойынша осы үлгіні қабылдай отырып, оны негізге аламыз. Сол себепті лексикографияның теориясына байланысты бұдан арғы зерттеу жұмысы осы жүйе бойынша жүргізіледі. Лексикографияның теориялық мәселелері күн тәртібіне сөздік түзу ісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында қойылған болатын. Бұл саланы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып, теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі бірінші рет 1817 жылы неміс ғалымы Э. Манн еңбегінде сөз болды [6] . Сол кезден бері сөздіктер, бір жағынан, лексикографиялық практиканың нысаны, екінші жағынан, лексикографиялық теорияның зерттеу пәні болып табылады.
Лексикографияның жеке ғылым саласы екендігі, оның өз ғылыми нысаны, болатындығы дәлелденді. Қандай түрлі сөздік болса да, оны түзу процесінде, белгілі бір тілге лексикографиялық сипаттама жасау кезінде лексикограф күрделі теориялық мәселелерге душар болады. Олардың шешімін дұрыс табу үшін осы саланың ғылыми-теориялық негіздерін білу шарт. Тіл-тілдегі жекелеген сөздердің мазмұны уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып отыратыны тәрізді, сол сөздерді тіркеп, түсіндірумен айналысатын лексикографияның да ғылыми әдіс-тәсілдері жаңғырып отырады. Осыған байланысты типтес лексикографиялық мәселелердің шешімдері де әр тарихи кезеңде өзгеріп жатыр. Жаңалықтар көп. Жаңа кезең жаңа талаптар қояды. Сөздіктердің құрылымы өзгеруде. Олардың жаңа типтері мен жанрлары пайда болуда. Қазіргі кезеңде лексикография лингвистика ғылымының аясынан асып ғылым мен техниканың жүздеген, мыңдаған салаларында қызмет жасауда.
Теориялық проблематикасы бар, демек теориясы бар жеке лингвистикалық пән ретінде қарастырудың қаншалықты ақиқаттылығын анықтау үшін, ең алдымен, осы проблематиканың көлемін анықтап алу қажет. Сол үшін де лексикографияның басқа лингвистикалық пәндермен байланыстарын қарастыру қажет. Тілдегі сөздік құрамды тіркеп, көрсеудің тәсілдері мен көлемін зерттеуші теориялық пән ретінде лексикография әсіресе лексикологиямен тығыз байланыста. Тілдегі сөздік құрамды жүйелі түрде зерттейтін пән болғандықтан лексикология көбінесе лексикографиялық туындыларда бейнеленген материалдарды пайдаланады. Тілдегі лексикалық бірліктерге лексикография тұрғысынан жасалатын тізімдеме мен сипаттама ұзақ уақыт бойы лексикологиялық зерттеменің бір түрі саналып келді. Шындығында, лексикология лексиканың жекелеген фактілерін зерттеумен айналысатын болса, лексикография тілдегі лексикаға жаппай сипаттама жасаумен айналысады. Сөз мәселесін зерттейтін лексикология лексикография үшін ең маңызды нәрсені: ұлт тілінің сөздік құрамына толық сипаттама жасауды, ұлт тілінің сипатын ашатын ерекшеліктерді ашып көрсету ісін жүзеге асыра алмайды. Ұлттық тілдің толық сөз құрамы тек қана лексикографиялық туындыларда көрініс табады. Мұндай сипаттама табиғи тіл құралдарының немесе қосымша арнаулы метатілдің көмегімен жасалады. Лексикографиялық туындыларда лексикалық бірліктің грамматикалық сипаттамасы да жасалады. Сөздік мақала құрамында берілетін сипаттамада бірліктің жеке өзіне тән грамматикалық белгілер (категориялық, парадигматикалық, синтагматикалық) қамтылады. Сөздіктің көптеген түрлерінде, әсіресе аударма сөздіктерде, бұған қосымша қысқаша грамматикалық очерк беріледі. Демек, сөздік пен грамматикада да проблематика ортақтығы бар. Сөзге толық лексикографиялық сипаттама жасау кезінде оның фонетикалық ерекшеліктері де қамтылады. Тілдің фонетикалық құрылымы туралы деректердің көлемі сөздіктің көлеміне, мақсаты мен міндеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Лексикографияның негізгі қызметі лексикалық бірліктің мағынасын ашу болғандықтан ол сөздің мазмұндық құрылымының компоненттерін қарастыратын ғылым ретіндегі семасиологиямен тығыз байланыста дамып отырады. Осы тұрғыда, мысалы, сөздің басты, лексикалық мағынасынан өзге мағыналары мен мәндері туралы айтуға болады. Олардың қатарында лингвоелтанымдық және мағыналарды атауға болады. Сөз болған мағыналар тілді тұтынушылар арасында белгілі бір сөздің мәніне қатысты болатын алуан түрлі мазмұнды белгілер мен жағдаяттардың жиынтығын береді. Демек, сөз мағынасының құрамы мен құрылымына, оларды сөздіктерде қамтудың әдіс-тәсілдеріне қатысты мәселелер екі пәнге ортақ болып табылады. Лексикографиялық туындыларда ұлттық тілге тән ассоциациялар жүйесі бейнеленеді. Бұл мәселенің психолингвистикаға қатысы болатыны белгілі. Себебі олар ұлттық дүниетаным, ұлттық діл ерекшеліктерін құрайды. Демек, лексикографияның дамуы үшін психолингвистикалық, этнолингвистикалық, зерттеулердің нәтижелері маңызды болмақ.
В. Г. Гак теоретикалық лексикографияның қарастыратын мәселелері қатарында сөздіктердің жалпылама типологиясы мен жаңа типтерін жасауды; сөздіктің макроқұрылымын зерттеуді (лексиканы сұрыптап алу, сөздер мен сөздік мақалаларды орналастыру принципі, омонимдерді беру, сөздікте және оның соңындағы қосымшада қосалқы материалдарды: грамматикалық мақалаларды, дәйектемелерді, т. б. беру) ; сөздіктің микроқұрылымын, яғни жеке сөздік мақаланың құрылымын (сөздің грамматикалық және фонетикалық түсіндірмесі, мағыналарға бөлу мен жіктеу, сөздік анықтамалардың түрлері, шартты белгілер жүйесі, тілдік дәйектеме материалдардың түрлері, фразеологияның берілуі, қосалқы деректерді орналастыру, т. б. ) зерттеуді атайды [7] .
Теоретикалық лексикографияның құрамы туралы қазақ лексикографиясында бізден бұрын жүргізілген зерттеу жұмыстарында жақсы жазылған: «Қазіргі кездегі әлемдік лексикографияда қалыптасқан жіктеме бойынша теоретикалық лексикография өзара байланысты екі бөліктен: лексикография теориясы мен лексикография тарихынан құралады. Лексикографияның тарихы түрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде жасалған сөздіктерге жалпыфилологиялық талдау жасап, оларды ғылыми айналымға қосу мәселелерімен айналысады. Лексикографияның теориясы сөздік түзу тәжірибесін қорытып, жүйеге салады, сөздіктердің тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрларын жетілдірудің теориялық мүмкіндіктерін зерттейді. Сөздіктерді түзудің ұстанымдары (принциптері) мен әдіс-тәсілдерін жасайды. Лексикографияның теориясы лексикографияның тарихына, лексикографиядағы отандық және әлемдік дәстүрлерге, сондай-ақ‚ теориялық зерттеулерге сүйенеді. Лексикографияның теориясы, тарихы, практикасы өзара бірлікте қарастырылатын‚ бірінсіз бірі болмайтын‚ бірімен бірі өте тығыз байланысты‚ біріне бірі тәуелді салалар болып табылады» [8] . Біз де осы тұжырымды жөн көреміз.
Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект - «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Белгілі бір ғылым саласының арнаулы ғылыми тілін, ондағы ғылыми аппарат құрамын, ұғым мен зат, құбылыс атауларының табиғатын талдау ісімен салалық метатіл ілімінің айналысатыны белгілі. Лексикографияның да өз метатілі бар . Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х. Касарес оны «сөздік жасау өнері» деп атайды. ХХ ғасырдың орта шеніндегі ғалымдар осыған ұқсас көзқарасты ұстанған: «Лексикография - сөздіктерді түзу өнері, сөздік түзу техникасы» . Кеңес Одағы тіл білімінің өкілдерінің пікірі бойынша лексикография - «сөздік түзу бойынша жасалатын ғылыми жұмыс», «сөздік түзумен айналысатын ғылым түрі» [9] . Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте: «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» [10] түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ. Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы - ретінде көрінеді. О. С. Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы - деген анықтама беріледі. Кірме сөздер сөздігінде: 1) сөздік түзу ісі; 2) тіл біліміндегі сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін сала; 3) сөздік түрінде басылған еңбектердің жиынтығы, сөздік түріндегі әдебиет . Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В. П. Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы [11] .
Жоғарыда келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе. Бұл туралы бұдан арғы зерттеу барысында «оқу лексикографиясы» терминінің мәнін ашу кезінде кеңірек сөз болады.
Испан лексикографиясын зерттеген Я. Малкил 1959 жылы сөздіктер типологиясын жасау үшін қажетті үш айырым белгіні атайды: 1) сөздіктің диапозоны, яғни материалды қамту аясы; 2) сөздіктің перспективасы; 3) сөздіктің презентациясы. Бірінші және үшінші айырым белгілер түсініктеме беруді қажет етпейтін болғандықтан, екінші белгіге тоқталалық. Ғалым перспективаның да үш түрін қарастырады. Бірінші: тарихи (динамикалық) және синхронды (статикалық) сөздік. Екінші перспектива материалды орналастыру ұстанымына байланысты: а) әліпбилік (дәстүрлі) орналасу; ә) семантикалық (сөз таптары немесе тақырыптық топтар бойынша орналастыру) ; б) еркін орналастыру. Соңғы үшінші перспектива, автордың өз сөзімен айтқанда, сөздіктің негізгі тоны [бұл жерде сөздік метатілінің ерекшеліктері сөз болып отыр - Ж. Б. ] мен нормативтілікке қатысына байланысты. Сөздіктің тоны: а) объективті, ә) нұсқаушы (preceptive) немесе б) ойнақы болуы мүмкін. Нұсқаушы тонға байланысты автор оқырманды тәрбиелеудің яғни оның сөз мәдениетін көтеру мақсатының байсалды лексикографиялық еңбекке келісімсіздігін, лайықсыздығын ескертеді.
Сөздіктер типологиясы бойынша 1962 жылы арнаулы еңбек шығарған Т. А. Себеок өзінің жіктемесін эмпирикалық негіздерге сүйене отырып жасайды. Ол он жеті белгіні атайды: 1) сөздіктің автордың ана тілінде жасалуы; 2) сөздіктің мәтіндерге байлаулы болмауы; 3) сөздіктің материалды қамту шектері; 4) сөздіктегі материалдың алуан түрлілігі; 5) атау сөздің жекеше немесе көпше тұлғада берілуі; 6) сөздіктің сөз формасына негізделуі; 7) сөздіктің сөз мағынасына негізделуі (синонимдер сөздігі) ; 8) сөздік мақалалардың әліпбилік ретте сыртқы тұлғалары бойынша берілуі; 9) сөздік мақалалардың мағына, мән бойынша реттеліп берілуі; 10) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды формалық жағынан қосалқы безендірудің болуы; 11) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды мағыналық жағынан қосалқы безендірудің болуы; 12) сөздің паспортталуы: а) қандай диалектіге жатады, ә) қандай мәтіндерде тіркелген; 13) экземпликация (қолданым мысалдары) ; 14) глосса (сөзге жасалатын түсініктемелер мен ескертпелердің болуы) ; 15) сөздік бірліктің қолданым жиілігінің көрсетілуі; 16) сөздік бірліктің этимологиясының берілуі; 17) сөздік мақалада энциклопедиялық түсініктеменің болуы . Ғалымның пікірі бойынша, сөздік лексикографтың өз ана тілінде жасалатын болса, мұндай сөздікте нұсқаушы, академиялық типті сөздікке айналу тенденциясы сақталады. Сөздік нақты мәтіндер негізінде жасалса, мәтіндерді басты назарда ұстаса, ол анықтамалық сөздік типіне жақындайды.
Бұл жіктемеде сөздіктің тілі, ішкі құрылымы, сөздік бірлік пен сөздік мақаланың орналасу реті, құрамы мен құрылымы ескерілген. Автордың практикалық бағдарды басты назарда ұстануына байланысты құнды жіктемелердің бірінен саналады.
Француз лексикографы Ж. Рей-Дебов Я. Малкилдің, Т. Себеоктың, т. б. біраз ғалымдардың жіктемелерін қорыта келіп өз жіктемесін ұсынады. Ол тоғыз айырым белгіні нұсқайды: 1) дидактикалық шығарма (автордың жеке пікірі байқалмайды) ; 2) анықтамалық ретінде пайдалану үшін жасалған (сөздік кірістер белгілі жүйе бойынша кодталған, ақпарат берудің арнайы бағдарламасы бар) ; 3) екі құрылымды: макроқұрылымы (номенклатурасы, яғни сөзтізбесі) және микроқұрылымы (сөздік мақалалардағы ақпараттар жиынтығы) бар; 4) материалдың ерекше орналасымы (тұлғасы немесе мазмұны бойынша) ; 5) сөздік бірлігі (кіріс сөз) құрылымы жағынан әріп пен фразадан жоғары бірліктер аралығында; 6) ақпараттардың реттеліп, бірақ бір-бірінен бөлектеліп орналастырылуы; 7) сөздіктің номенклатурасы - реттелген, иерархиялық тұрғыдан құрылымданған көпшілік; 8) сөздіктегі айтылым (сипаттама) екі мағынаны біріктіреді: таңбалар туралы айтылым және заттар туралы айтылым. Білдіру және болу етістіктері арқылы ашылатын мұндай қарама-қарсылық жай сөздікте байқала бермейді. Мұның өзі анықтамаларда аталған айырым белгілерді анықтау мақсатында семиотикалық талдау жасаудың қажеттігін көрсетеді. Ғалым аталған мәселелерді терең зерттеп, талдаумен айналысатын ерекше лингвистикалық пәннің - теоретикалық лексикографияның жасалуы қажеттігін жазады[12] . Бұл жерде басты назар аударатын нәрсе - ғалымның сөздіктегі дидактикалық интенцияның басым болатындығын тұжырымдауы. Тоғыз айырым белгі ішінде сөздіктің дидактикалық шығарма ретінде көрінімін бірінші атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz