Домбыра жасау технологиасы


Мазмұны
Кіріспе 3
I. 1. 1. Қазақ халқының ұлттық қол өнері 5
Қазақтың ою-өрнектері, ағаш ою 11
Құрал саймандар 13
1. 2. Ұлттық музыкалық аспаптар және дыбыс құдіреті 26
А) Домбыраның пайда болу тарихы, домбыраның түрлері 22
Ә) Домбыраның жасалу технологиясы 28
Б) Ойып және жинап жасау 30
1. 3. Домбыраға қолданылатын материалдар 33 А) Ішекті жасау және оның технологиясы 34
Ә) Сүйекті ұқсату 36
II. Еңбек сабағында музыкалық аспапты жасау тарихы 42
2. 1. Еңбек сабағында балаларды домбыра тарихымен және оның құрылысымен таныстыру. Жеңіл бөлшектері мен сувенир жасату А) Бала тәрбиесіндегі музыкалық аспаптардың маңызы
2. 2. 1-ші сабақ
2 -ші сабақ
3-ші сабақ
Қорытынды 46
Қолданылған әдебиеттер 47
Қосымша
Кіріспе
Қазақ қолөнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады . Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы - кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетінің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениет жер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқының бойына сініріп, үкемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтежиесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілд. Революцияға деиінгі қол өнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік -экономикалық жағдай, көпшелі өмір, біртіндеп отырыңшылыққа көшу процесі, бұрын үстелі болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Россиямен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың орта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланыса болды. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізіне, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қол өнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қол өнер түріне мамандана кәсіп ету шеберлердің негізгі күн көрісі көзіне айналатын. Соның өзінде қол өнер шеберлерінің өнерлері еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбайды. Сондықтан, қол өнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Қазақ қол өнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі олардың басым көпшілігінде жабдық талған арнайы шеберханалардың болмады . Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы тұрғын үйінде жатып істеді.
Күй -қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады.
Домбыра -ерте заманнан бері халқымызбен бірге жоласып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық апаптардың бірі.
Сонғы жалдары музыкалық оқу орындарында домбыра үйрету бағдарламалары қазіргі уақыт талабына сай жаңартылып, толықтырылуда. Домбыра репертуары әр ел композиторларының шығармаларымен молйтылып, аспаптың орындаушылық мүмкіндігі де арта түсті. Дегенмен де, күй шертудегі дәстүрлік ерекшеліктерді, ұлттық бедернақышты өз қалпына сақтауға барынша көңіл бөлуде.
Бұл методикалық оқу құралы бүгінгі уақыт тынысынан туындалған талаптарды ескере отырып, домбыра үйретудің көп жылғы тәжірибенің негізіне сүйеніп жазылды.
Музыкалық аспаптарды зерттеу және қайта жасау ісі Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін қолға алынды. Осы орайда А. Агатанов, И. Жинович, А. Руднева, М. Лысенка, С. Абдуллаева, К. Вертков, А. Мирек және тағы басқа музыкалық зерттеушілерінің атын атау керек. Орта Азия халықтарының музыка мәдениеті жайында бағалы еңбектер, белгілі ғалымдары В. М. Беляев пен В. С. Виноградовтың қаламынан туындады. Әйткенменде түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптардың пайда болу және даму жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Аспап тану ғылымы енді ғана өркендеп келе жатыр. Бұл саладағы арнайы жұмыс Қазақстанда 1964 жылдан бері ғана қолға алынды.
Ағартушы ғалым Шоқан Уалиханов (1835-1865) шығармаларының томдық жинағында қазақтардың, қырғыздар мен ұйғырлардың халық музыкасын жанрлық ерекшеліктерін және көне аспаптары жайында, халық ішінен шыққан дарынды орындаушылар жөнінде
I. 1. Қазақ халқының ұлттық қол өнері
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көпшелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналасқан қазақ қауымының күнделікті тұмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өндеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардын өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «Ерші», «Арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әр қайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да ұсақ -түиек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, Ұста атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі метал және сүйек өңдеу ісімен де айналасты. Ал, ағаштан- бедерлі, әшекейлі мүсіндер, оюлар жасау, яғни ағаштан «түйін-түю» де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Ағаштан ою оятын шеберлердің барлығы да ер адамдар болған. Үй ағаш бұйымдарын айтпай -ақ тек үй ішіндегі жиһаздарының кейбіреун айтатын болсаң, ағашпен жасалып, сүйек, мүйіз, металл (жұқа қаңалтыр, жұза мыс, жез) күміспен ойыстырған сандық, кебеже, ер-тұрман, ыдыс-аяқ, ағаш төсек, жүл аяқ әшекеилері көз тартады. Тіпті киіз үй есігінің жасалу ерекшелігін көруге болады. Екі жарма болып ашымтан есікті «сықырлауық» деп атайды. Ағаш адамның жасыл досы.
Ата бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруды да, отына да, бас панасы да осы ағаш болған. Содан бері ағаштың атқарған міндеті шаруашылықтың барлық самасында үнемі артып келеді.
Ағашты әрлеу (өңдеу)
Ағаш бұйымдарының әрлеу процесі бірнеше сатыдан өтеді. Бірінші сатысы: дайындау операциялары. Бұл ағашты тазалау, ажарлау, кедір бұдырын тегістеп жөндеу.
Екінші сатысы: бояу, бұйымға қосымша өң беріледі Әрмудің соңғы сатысы: бұйым айнадай жарқыратымды, әрлеу технологиасы үздіксіз ысқылау, үйкеу арқылы жүргізіледі. Қолмен ағаш әрлеу көп еңбек сіңіруді, үлкен тәжірбие шеберлікті қажет етеді. Сондай-ақ талғампаздық пеншыдамдылықты шыңдайды. Ағаш әрлеу саймандарына келсек сүргі, шаппа шот, аталғы шот, моғал ыңғыру, қарғыш, имек ыңғыру және ойыс жүзді қашаулар жатады. Демек, ысқылайтын материалдар киіз, мата, ұсақкезек, қышырлы қайрақ қағаздарды орнымен пайдалана білген. Жоғарыдағы саймандармен халық шеберлері әртүрлі ағаштан ойып, ыдыстар (көбіне терек, самырсын, қарағайдың ұрысы, сексуіл, аршаның түбірі, қайың) жасады. Астау, саптаяқ, тостаған, ожау, қымыз құятын шарааяқ т. б. неме алуан түрлерін жасай білген. Тостағанды қолға ұстауға жеңіл, әрі ыңғайлы етіп қояды. Мейманға қымыз ұсынар тостағанды күміс түйіршігімен және ірі -ірі асл тастармен нақыштайтын болған. Күнделікті тұрмыста қолданатын шарааяқ сияқты ағаш ыдыстарды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі. Сондай -ақ қазақ шеберлері мебель де жасаған. Оның алдыңғы жағына қараған бетін ғана әшекейлеп оюлаған да, екі жаны, үстіңгі беті жай ғана тақтайдан қадалған. Сандық, көбеже, жүкаяқ, ағаш төсек сияқтылар қазақтардың көшпелі өміріне сәйкестірілген. ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында қазақта күнделікті тұрмыстағы ағаш төсектің үш түрі болады. қазақтың күнделікті тұрмысына қолданылатын мебельдің түріне төсек -орындар мен сандықтар, қол диірмені сияқты үй ішінің заттарын жиып қоятын, бет жағы неше түрлі оюлармен әшекейленген жүкаяқ, сабааяқтар да жатады. Ағашқа көркем ою, өрнек салуда қазақтар өсімдік ою -өрнектерінен (ағаш ою, гүл ою) геометриялық және аз да болса зооморфтық ою өрнектерін қолданған. Әсіресе ағашқа көркем сурет салуда зооморфтық элемент кеңінен таралған. Қымыз сабының піспегінің сабын, ожау сабын әшекелеуге баса көңіл бөлген. Бұларды оюлап өрнектеумен бірге сүйекпен, күміспен әшекейлеген. Ожау жасауда шеберлер өздерінің тамаша өнертапқыштығы мен асқан шеберлігін көрсеткен. Біртұтас ағаштан ожаудың жеке де, қос басты да түрін қызық етіп шығыршықты тізбектерден жасаған.
Зергер-алтын, күмістен әртүрлі нәзік, сәндік бұйымдар жасайтын шебер. Алтын мен күмістен созылған жіңішке сымды парсы тілінде "Зәр" дейді. Қазақ тілінде "Зер"-ді "оқа" деп те атайды. Байырғы зергерлік өнердің озық үлгілері бізге Керей, Найман руларынан, Жетісу өңірі, Сыр бойы халықтарымен ерте кездегі обалардан табылғаны мәлім. Қазақ шеберлері зергерлік өнерді көркем құйма, бүршік, лаж, ширатпа, бағдар, темірге қақтаған күміс жалату, күміске алтын жалату тағы басқа көптеген тәсілдерді жеттік түсінген.
Ұста, зергерлердің жұмыс атқаратын орнын дүкен дейді. Дүкен үшін көбінде жіңішке жас талды тоқып, шанала тәрәзді іші сыртын лай (сары батпақ) сылап қояды. Немесе кигіз үй тігіп құрал-жабдықтарды сонда орнатады. Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасайды. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар-сәукле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өніржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ пең тараған заттар. Сондай-ақ ерлегре арналған кемер белбеу, кесе, ер-тұмандарының күмістелегн, алтындалған әшекейлердің нешетүрлісі өте әдемі жасалады. Ал, жалған, кебеже, сандық, асадал, төсағаш, адалбақан, піспек, тегене, ожау сияқты үй жиһаздары мен ыдыс - аяқ бетіне орнатылатын күмістелген әшекейлер мен түрлі-түсті шыныдан не болмаса асыл тастардан орнатылған көздері бар заттары кез-келген үйден кездестіруге болатын еді. Қару - жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысты. Жоғарыда көрсетілген сәндік бұйымдар, негізінен, орыс немесе қытай күмісінен жасалады. Шетелдермен сауданың дамуына байланысты қазақ даласына жайылған Россияның күміс және алтын ақшасы, қытайдың қой тұяз, тай тұяқ жамбылары, поляк күмісі іскерлердің қолына түсісімен, олардан сан түрлі сәндік бұймдар жасалды. Күмісті, әйресе, алтынды асыл тастарды, көбінесе сәндік бұйымдар жасатушылардың өздері тауып береді. Кейбір қала мақында мекендейтін зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдар жасап сататын болған. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде ең кең жайылған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымкәптеу, жұқа күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, алтындау, дәнекелеу, омалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалар. Зергер теңгелер мен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектер дайындап алатынды. Оны отқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартқан соң қиып темір әшекейлер бетіне күмістеуге болады. Құйма бұйымдарды жасау үшін күміс кесектерін шойын ожау да балқытып, арнайы қалыптарға құяды, сонда ол суыған соң, өндеуге кіріседі. Қалып, әдетте, иі қанған балшықтан жасалып, алдын аш мұқият кептіріледі. Құю әдісімен тек күміс бұйымдар ғана емес, сонымен бірге мыс, жез, қола, қалайы және қорғасыннан неше түрлі заттар жасалады. Күміс бұйым бетіне түрлі заттаржасалады. Күміс бұйым бетіне түрлі - түсті тыныке жүргізу әдісі Қазақстанның солтүстік және оңтүстік шығыс аудандарында кекінен тараған. Тыныкені еріту арқылы салады екен оны күміс бұйым бетіндегі бізбен безенген іздерге құйып, суығаннан кейін егеумен өңдейтін болған. Күміс бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері ертеден білген. Әсіресе, Қазақстанның батыс, солтүстік, солтүстік шығыс және орталық өңірлерінде қаралау тәсіліне көп мән берген. Күміс бұйым бетін қаралауда "қара бағдар", "қара алтын" кейде "қарала кавказ" жүргізу деп атайтын болдған. Бұлай деудің мәні, әрине кавказ зергерлерінің әсеріне байланысты болса керек. Жазба жеректерге қарағанда, Батыс Қазақстан өңіріне Кавказ зергерлерінің өнері ХІХ ғасырдың бірінші жартысына келк бастағанға ұқсайды. Бұған қосымша қазақ этнографы Э. А. Масановтың зергерлеріне ХІІІ - ХVІ ғасырлардан белгілі екен. Автор содан бері зергерліктің бұл тәсілі қазақ даласында ХІХ ғасырларға дейін беймәлім болып келуі шындыққа үйлеспейтіндігін ескере келіп, қаралау тәсілін зергерлердің кавказдықтар әсерінен, яғни ХІХ ғасырдан, әлдеқайда бұрын білгендігін дәлелдейді. Оның үстіне, қазақ зергерлерінің айтуынша, олар қараны өздері жасапты. Оның құрамы -күміс, мыс, қорғасын және күкірттен тұратын көреді. Бұл құрамдардығ арасалмағы әр түрлі болады. Қараланы, көбінесе, әйелдерге арналғанкүміс білезік, қапсырма, сырға, жүзік, белбеу, еркектердің кісілеріне, кейде ертұрман әбзелдеріне, тағы басқа да үй бұйымдарына көркемдеуге де жиі пайдаларылы. Темірден соғылатын әртүрлі әшекейлер бетіне күміс шабу тәсілін, көбінесе, күміс шабылады. Ол үшін темір әшекейлердің беттері өткір шапқымен өте жиі шекіліп, оның бетіне бөлек қапталқан жеке күмісті жеңіл балғамен жайлап, кіріктіре соқтыру арқылы роындалады. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық аймақтарына кеңінен тараған. Сымкәптеу тәсілімен әйелдерге арналған қапсырма, шолпы, түйеуші, білезік сияқты шағын күміс әшекейлер жасалады. Ол үшін таза ақ күмістен жіңішкеарнайы сымдар темір қалып арқылы созылп, сол сымдардан жоғарыда көрсетілген әшекейлер жасалады. Қазақстанның батыс, оңтүстік -батыс және оңтүстік аймақтарда әйелдерге арналып жасалатын алтынданған үлкен білезік, жүзік, сақина, алқа, өніржиек, қалтыңшалар беттеріне сіркелеу тәсілімен геометриялық өрнектер жүргізіледі екен. Құйылған күміс бетіне сірке түсіру арнайы қалып арқылы жасалады.
Қазақтың ою-өрнектері, ағаш ою
Қай халықтың да өнерінде, бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғашы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгісі бір өнер түрініңбасым дамыпотырғанына қөз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою-тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырда, ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі жесек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою - өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жихаздарымен құрал-сайиандардан да, ер-тұрман, әбезелдері мен қару-жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи-ғылыми деректерге жгінсек қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі змамндардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-зарымен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілері бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар андронов мәдениеті мен байырға сақ, ғұн үйсін өнері мұраларынан ұшырататынымызды айтсақ та жеткілікті. Ою-өрнек өнерінің белгісі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы бір халықтың өнерін ден қоя зерттеп, самысқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алып отырады. Әрине, қазақ халқының ою-өрнек өнері құны бүгінге дейін жан-жақты толығымен зерттеле қойған жоқ дей тұрғанымызбен, бұл өнер саласының белгілері бір дәрежедежүйеленізіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылармен этногровтар атсалысқанында атап өткеніміз орынды болмақ. Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою-өрнекті өнертану ғылымында көкініс өрнек (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл, ағаш және т. б. ) зооморфтық өрнек (жан - жандардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қоңыр мүйіз, сының мүйіз, сондай - ақ табан, өркеш, қаз мойын және т. б. ) геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдызша, көпбұрыш, балдақ, қармаң және т. б. ) қосмогониялық өрнек ( дөңгелек, төрт құлақ, шұғыла, шимай, бітпес және т. б. ) деген топтарға болу қалыптасқан. Сол секілді кейбір ғалымдар барлық ою-өрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа ғана бөліп қарастырады. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейінгі өнертанушы ғалымдар ою - өрнектің екі жүздей түрін тауып, түрін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама берген екен. Әйткенмен ою-өрнектің түрлері осымен ғана шектелмейтіні өзінен - өзі түсінікті. Өмірдің өзінің танымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер дер заманның, әр кезеңнің бағыт-бағдарына, сұраныс - қажеттілігіне қарай дамып, өрнектек отырады. Сан ғасырлар бойы халықтың рухани да, материялдық та игілігіне айналған осынау ою-өрнек өнері бүгінгі күннің талабына орай, халық арасынан шыққан ісмер - шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, соны мазмұнға ие бола түсуде.
Құрал саймандар.
Қазақ халқы ерте заманнан бастап тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден қарапайым саймандарың түрін жасай білген. Енді ағашты әрмуге арналған саймандардың бір тобымен танысайық.
Имек қашау-ұзындығы 25-30 см, сабынан дүзіне дейін темірден жасалған имектелген жеріне өткір дүз шығарады. Бұйымдардың ішін оюға арналған сайман.
Тік қашау - ұзындығы 20-25см, дүзін немесе жұмыс бөлігіе металдан істеп, сабын ағаштан жасаған, ағашты тесуге арналған құрал.
Шаппа шот - ағашты шауып қалыңдығын жұқартумен қатар әртүрлі формаға келтіріп жөндейтін сайман. Оның имек басын металдан жасап, өткір дүз шығарады, сап орнататын ұнғысы болады. Шоттың басын тал, қайыңнан жасайды.
Аталғы шот - ағаштан жасалған ыдыстардың ішкі қуысын шауып жөндеуге арналған сайман. Оның дүзі жартылай доға тәрізді болады.
Могол оңғыру - ағаштан жасалған ыдыстар мен домбыраның ішкі қуыстарын әрлеп жонуға арналған, жұмыс бөйгін имек металдан жасап өткір дүз шығарған сайман. Сабы ағаштан орнатылады.
Үскі ағаш-сүйек, шегерлердің орнын белгілеп тесуге арналған біз. Бұл біздің формасы үш қырлы, кейде төрт қырлы болады. Біздің жұмыс бөлігін темірден, сабын, ағаш мүйізден саптау ға болады.
Тістеуік- ағаш, мүйіз, металл шегелерді қысып, суырып алуға арналған шағын қысқым. Бұл сайман металдан жасалады.
Балта- ағаш шеберлері балтаны атқаратын қызметіне қарай үлкен, кіші болғызып темір ұсталарына жасатып алады. Кішкене балтаны айбалта деп атайды. Балтамен көбінде ағаш бұйымдарды алғашқы жөндеуден өткізеді, дүзі өткір сайман.
Имек ыңғыру-қолға ұстауға ыңғайлы, жұмыс істейтін бөлігі имек, өткір дүзі бар, сабы ағаштан жасалған, қуыс бұйымдарының ішін әрлеп оюға арналған сайман.
Пышақ- жұмыс бөлігі металдан, сабы ешкі мүйізінен жасалған, бір жағына дүз шығарып өткірленген сайман. Пышақтың түрі өте көп. Ою - өрнек шығаруға, тері тарамысты жөндеуге, ағашты жонуға арналған пышақтың түрлері әр алуан болады.
Бұрғы- ағаш, сүйек, мүйіз, металл бұйымдарды тесуне арналған сайман. Бұл сайманды металдан істеп екі жағына қарама - қарсы дүз шығарып жасайды. Бұрғының түрі өте көп болады.
Қуыс құлақ - малдың құлағы тәріздес, екі жағы ұшына дейін дүзді, бұрғылап тескен тесікті үлкейтіп, кеңейтуге арналған ыңғырудың бір түрі. Қолдан жасап алуға ыңғайлы сайман.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz