ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақтың драмалық шығармалары


КІРІСПЕС
Сан ғасырлық даму жолынан өткен қазақ халқының өзіне тән көркем шежіресі жинақталды. Халықтың мұң-зары, арман үміті, алдағы жарқын өмірге деген сенімі жарық жұлдыздай алдан жарқырап көрініп тұрғандай еді.
XX ғасырдың басындағы әлеуметтік қозғалыстар, төңкерістер әдебиет беттерінде өзіне лайық таңба қалдырып отырды.
Көптеген идеялық ағымдары бар, жанрлары жан-жақты тармақтала бастаған әдебиеттегі өзгерістерді жазушы қауым әртүрлі қабылдады
Төңкеріс кезіндегі аса күрделі, шиеленісті әлеуметтік жағдайлар жазушы қауымына да түрліше әсер етті. Тығырыққа тіреп, түрлі саяси қуғын-сүргінге түсті, түрлі жала жабылды, абақтыларға қамалды. Олар зорлық-зомбылықтың неше атасын көрді, отбасынан айырылды. Асыл азаматтар елінен қудаланды. Шығармалары електен өтті, құртылды. Қаншама еліміздің бетке ұстар, көзі ашық, кеудесі кең азаматтары, қаламымен жыр қозғап еліне күн болам деген ақындары мен жазушылары, оқыған қауым зиялы өкілдері құрбандыққа шалынды. Аяусыз опат болды.
Әдебиет дегеніміз - халық өмірінің айнасы, көркем бейнесі. Бұл заңдылықты қазақ әдебиетінің туу, өзіндік қалыптасу жолынан да көруге болады. Кең байтақ даланың дүбірлі өмірі бейнелі тіл өрнегімен қағаз бетіне өзіндік бедерін салып жатты.
Драматургия саласына келсек, бұл өзі әдебиетімізде кішкене кенжелеу дамыған жанр болды. Оның өзінің себептері де жетерлік, өйткені қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда театрлар болған емес. Сондықтан театр сахнасына арналған шығармалар да болмаған ғой. Бар байлығымыз, негізгі игілігіміз - фольклор. Ал төңкерістен кейін өнер мен әдебиеттің, күллі мәдени қазынаның көзі ашылып драматургия, опера, балет, симфония тәрізді өнер салалары жақсы дами бастады.
Табиғатынан дарынды халқымыздың мұраларын игеру кезеңі келді. Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Көлбай Төгісов, Қошке Кемеңгеров, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Асқар Тоқмағанбетов, Сәкен Жүнісов еңбектері елеулі.
ХХ ғасырдың 20-30жылдарындағы қазақтың драмалық шығармалары негізі туралы айтар болсақ, бұл драма жанрының аяқ алып, өмірге нық еніп қанат жаяр кезеңінің нағыз бастауы, қайнар көзі екені мәлім. Қазан төңкерісінен кейінгі далаға еніп жатқан жаңалықтар, халық күресінің кей келелі тұстары драмалық шығармаларда өз арқауын тауып жатты.
Ұлы Қазан төнкерісіне дейінгі әдебиет саласындағы негізгі байлығымыз халық ауыз әдебиеті, яғни фольклор болса, төңкерістен кейін әдебиетімізде цивилизацияға тән жанрлық формалар өрістеді.
Қазақ әдебиеті мен өнері туралы тұтас ғылым салаларының туып, қалыптасып, шарықтап дамуында А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Исмаилов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев көп еңбек сіңіріп, жаңа арналарға негіз бола білді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында қазір барлық жанр түрлері зерттеу нысанасына айналып, көптеген оқулықтар, зерттеу еңбектері жазылуда
Ал драматургия туралы арнайы еңбектерден Ә. Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), Р. Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы» (1975), М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979), Н. Ғабдуллиннің «Ғ. Мүсірепов - драматург» (1982), Р. Нұрғалидің «Арқау»(1, 6), Ә. Шапауовың “Драмадағы дәстү”зерттеу еңбектерін бөліп атау қажет.
Егер әлем драматургиясы сан ғасырлық ұланғайыр жолдан өтсе, қазақ драматургиясының тарихы әлі бір ғасырға жеткен жоқ. Қазан төңкерісінен кейін қауырт өрлеп дамыды, халықтың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі өнері, бай әдебиеті озық дәстүрлерімен қауыша түсіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін - драматургия мен театр өнерін дүниеге әкелді.
Тұтас жүйелі, жан-жақты әдеби-мәдени процесс пайда болды.
Қазір кемелденіп өсіп, дамып келе жатқанқазақ драматургиясы уақыт талаптарына сәйкес драма өнеріне тән формаларды толық игерді деуге болады. Тұтас жүйелі әдеби-мәдени процесс бастауы негіз алды. Бұған пьеса тілінің дамуы, көтерер ауқымды тақырыптарының көптүрлілігі дәлел болмақ
Жанр тудыратын элементтер деп - сюжет түзілісі, композиция, тақырып, поэтика, бір сөзбен шығарма идеясын және мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтады. Бұған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс. Трагедия - қайғыртады, комедия - күлдіртеді, драма - толқытады. (1, 226)
Даму үрдісінде бұл жанрлар өзара ықпалдасады, бірін-бірі толықтырып, байытады. Негізінде трагедия, комедия жанрлары өмірге алдымен келгенге ұқсайды. Ал драмада күлкі де, күйзеліс те, қайғы мен өлім де болуы мүмкін. Сонда драма екі жанр арасынан пайда болған ерекше аралық жанр ретінде қалыптасқандай сыңайда
«Жанр, - деп жазды М. Бахтин, - әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады. Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр-әдеби даму процесіндегі творчестволық тұжырым түрінде қалады». (2, 178-179)
Кіріспе мен екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұратын бұл жұмысты драманы зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отыра жазғанды дұрыс деп есептедік. Алғашқы драматургия жанрының көшбасындағы аяулы азаматтарымыздың еңбегі елеулі екендігіне шүбә жоқ. Әдебиетіміздің кейінгі өскелең ұрпағы әділ бағасын қазірден беріп жатыр. Асыл мұралар халқымызға қайта оралып, өшкеніміз жанғандай болды.
1 ТАРА
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ- ТАҚЫРЫПТЫҚ ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГ
Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі-трагедия. Трагедияда өмірден алынған қарама-қарсы қайшылықтар мен кейіпкер басынан кешетін қым-қуыт оқиғалар легі көрініс табады. Кейіпкер түрлі ауыртпалықтарды басынан кешіріп, қатты күйзелістерге шалдығады. Оларды жеңудің жолдарын іздестіреді. Психологиялық тұрғыдан көп зардап шегеді, жеңіп шығар жолдарда адасады, аласұрып қайғырады. Осындай күрес үстінде жүрсе де тура шешім таппай, ақыры өмірмен қош айтысады
Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді. Трагедиялық тартыс үстінде кейіпкердің мінез-құлқы жан-жақты ашылып, түрлі қырларынан көрінеді. Оқиға жедел дамып, басты кейіпкер әлеуметтік- тарихи, қоғамдық- саяси үлкен оқиғалар барысында күресе жүріп аяусыз опат болады
Трагедияның тағы бір маңызды сипаты - басты кейіпкер түрлі оқиғалар әлегінен үлкен қателікке душар келеді, зор адасуға ұшырайды. Бұл әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым - қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбейтін күштер немесе тағдырдың басына жазғаны іспеттес. Сонда да алға қойған мақсатына жету жолдарын іздестіреді, біра сұрапыл күштер өзіне күшті екендігін мойындай бермейді, оны сараптап жатуға мұршасы келе бермейді
Трагедия қаһарлы тартыс пе шайқасты қат-қабат өмірді қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы
Қалыпты өмірдің өзіндік тілек, талап, шарттары мен тарихи, трагедиялық тұлғалық мақсаты арасындағы күрес-конфликт, тартыс атаулының әр қоғамда, әр дәуірде, әр әлеуметтік ұлттық ортада сан алуан формаларда болуы - объективті заңдылық. Трагедиялық тартыстар мен адасулар табиғаттың, эстетикалық-эмоциялық әсер ерекшеліктерін, сюжеттік материалмен көркемдік- композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады:
а. эпикалық трагедия
ә. тарихи трагедия
б. адамгершілік-тұрмыстық трагедия (1, 228-229)
азақ драмаларының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі, алатын арқауы, күре тамыры-халық ауыз әдебиеті үлгілері, яғнифольклордың сан алуан нұсқалары. Әлем драматургиясы мектебінен үлгі ала отыра қазақ қаламгерлері ұлтты берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта білді.
Қай драмалық шығарманы қарастырсақ та, шығарма тілінің көркем, әдемі жеткізілгені нұр үстіне нұр болары хақ. Шығарма сахна төріне қойылуға лайықталып, тілі шұбалаңқы болмауы керек.
Кейіпкер тілі жатық, сөйлемдері мен айтатын репликалары нақты, шығарманың негізгі тақырыбын, мазмұнын ашуға жәрдемді болуы тиіс деп ойлаймын. Бірақ, бұл шығарманың тілі құр қатып қалған пікірлер легінен тұрады деп есептемеу керек. Сәтті қойылым көпшілік қауым көңілінен ұзақ уақытқа орын алары сөзсіз. Театр әртістерінің шебер ойыны мен бет пішінінің түрлі құбылуы, эмоциялық байытуы ерекше мағына береді. Пьесаны көруші көрермен көзбен көре отырып, көңіліне тоқиды. Ләззат ала отыра, бойына құяды. Сондықтан шығарма авторы көп тер төгеді. Драмалық шығармалар көлемі жағынан шағын, 70-80 беттен аспауы керек.
Драма жайында ой тербеген кезде ең алдымен М. Әуезов есімі тілге оралады. М. Әуезов драматургия саласында көп еңбек еткен. Бұның бірнеше себептері де бар. Халық әдебиетінде, фольклорда форма жағынан драматургияға ұқсас нұсқалар көп еді. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түр мазмұны жағынан драматургия шығармашылығына ағайындас.
ХХ ғасырға дейін қазақ халық әдебиеттерінде драматургияға өзек балатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген - М. Әуезов. Ол халық әдебиетінен нәр алды. 9 жасынан Мұхтар қалада өсіп, орыс театрында жиі болып, Еуропа драматургиясымен танысты. Бұл таныстық реалистік драмаға жетеледі. Алғашқыда Шекспир, Гоголь, Погодиндерді аудара отырып, үйрене отырды.
Мұхаң көп уақыт театрда істеген, сахна сырына қанық. 30-дан аса ірі шығармалар тудырған қалам иесі. Жеке пьесалар варианттарын қоса есептесе 50-ден асады.
Бұларды тақырыптық материалдарына қарап шартты түрде бірнеше салаларға бөлуге болады.
А) Аңызды, эпосты тарихи оқиғаларды арқау еткен шығармалары:
«Еңлік-Кебек»
«Қобыланды»
«Айман-Шолпан»
«Бекет»
«Хан-Кене»
Ә) Тарихи - төңкерістік тақырыптағы шығармалары:
«Октябрь үшін»
«Түнгі сарын»
«Ақ қайың»
Б) Кеңестік дәуір кезеңін бенелейтін шығармалары:
«Тартыс»
«Тас түлек»
«Алма бағында»
«Шекарада»
«Алуа»
В) Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалары:
«Намыс гвардиясы»
«Қынаптан қылыш»
«Асыл нәсілдер»
Г) Фантастикалық пьесалары:
«Дос-Бедел дос»
«Елу жыл өткен соң»
Ғ) Ақындар өмірі туралы:
«Абай»
«Ақан-Зайра»
«Қарагөз»
Д) Сценарийлері:
«Райхан»
«Абай әндері»
«Қалқаман-Мамыр»(1, 256-258)
М. Әуезов әлемдік классикадан “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ревизорды” қазақ тіліне 30-жылдары аударып, аудармашылық қызмет те атқарған. (17, 287
МӘуезов драматургиядағы жанрлық формаларды түгел қамтыған. Шығармаларында драма да, комедия да, трагедия да бар.
М. Әуезов әдебиетке «Еңлік - Кебекті» әкелді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдегі әдебиетте мұндай тәжірибе өнімді дәстүрлердің бірі. Гетенің «Фаусты» да осындай тәжірибеден туған. Шекспирдің 2-3-ақ шығармасы автордың өзі тапқан тың сюжетке жазылған. («Махаббат машақаты», «Жазғы күнгі түс», «Виндзор қулары») .
М. Әуезовке дейін «Еңлік-Кебек» бірнеше нұсқада жарық көрген. Бұлардың екеуі әңгіме жанрында, екеуі поэма, біреуі интермедия, екеуі пьеса. Әңгімелердің біріншісі 1892ж. «Қазақ халқының есінен кетпей жүрген сөз», деген әңгіме басылды. Бұл “Еңлік-Кебек” болатын. Авторы белгісіз. Осы нұсқада кейіпкерлер аты, жер-су аттары сақталған. Екіншісі 1900ж. «Қазақ тұрмысынан хикая» деген атпен «Дала уалаяты» газеті беттерінде жарияланды. Адам аттары өзгерген. Үшіншісі Мағауия Абайұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы деп аталатын нұсқасы. (4, 153) Енді бір нұсқасы Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» деген туындысы.
М. О. Әуезов жазған «Еңлік-Кебек» алғашқы интермедия. 1917 жылы, Ойқұдықта қатар қосып тіккен 2 киіз үйде, мамыр айында қойылған. Абай ауылында қойылып, сахара қазақтары үшін бір жаңалық болды. Көрермендер Еңлік пен Кебектің махаббатының тереңдігіне қанығып, қастық еткендерді айыптап тарайды. Пьеса режиссері де, суфлері де автор өзі болды. Осы жолы сәтті айтылған ойлар мен шебер сөздер 1922ж нұсқасына енді. Пьесаның 1922ж нұсқасында Еңліктің әкесі, шешесі, Абыздың ырымшыл, қонақшыл, ақылгөй бәйбішесі Таңшолпан көрсетілетін, ал соңғы нұсқада бұлардың бірде-бірі жоқ. Пьесада редакторлық өзгерістер де жоқ емес Кейіперлердің айтар сөздеріне өзгертушіліктер болып, сарыны да өзге мағынаға тоғысты.
1922ж нұсқада Абыз рушыл батагөйлігін місе тұтқан, бір рудың мерейін үстем қылуды көздесе, соңғы нұсқада Абыз - әлеуметтік еңсесі биік, көрнекті, көнекөз өкілі, қараңғылықты түсінген, әділетсіздікті көріп күрсінген ақылгөй қарт бейнесінде.
1956ж нұсқасында Еңліктің әкесі, шешесі ауызға алынбайды. Абыздың әйелі Таңшолпанға қатысты кей жерлер пьесаға енбеген. Еңліктің 1922ж нұсқада елмен, туған жермен қоштасу өлеңі 11 шумақ болса, кейінгі нұсқада ықшамдалып, 4 шумақ етіп берілген. 1922ж пьеса Орынбордан жарық көрген. Автор қолжазбасы жоғалған. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор шығармалары мотивінен алшақтамаған Абыздың тұлғасы күшейтілген. Сөйтіп, шығармалардың негізгі мотиві Абызға ауысқан. Ғашықтық көріністері тереңдеген. Пьеса айта 1956ж қаралды. Билер сахнасы күшейтілді. Абыз толғауымен басталды, Абыз жырау толғауымен аяқталды. Толғау қазақтың ауыр өмірін көрсетеді, заманды сынайды. Пьеса 1917 жылы алғаш қойылғанда билет құны 50т, 100-ден аса көрермен жиылған. Барлық ақшалай қор 54с. 50т болған. Бұл ақша Құлжада ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың пайдасына жөнелтіледі.
Алғаш пьесаларды қоюда тек ер адамдар ғана болған.
Абыз - Зікәйіл.
Кебек - Ақкенже.
Еңлік - Ахмет.
Қалампыр - Жағыпар.
Жапал - Жебірейіл.
Кеңгірбай - Ысмайлхан.
Көбей - Құтайба.
Ақанды - Бастами ойнайды. (1, 23)
«Еңлік - Кебек» жайлы алғашқы сын мақалалар сол кездегі баспасөз беттерінде жарық көрді. Пьесаға байланысты сындар айтылды: әртістер ойынына, киім жұтаңдығына, образды сомдау, декорацияның мақсатқа сай болуы туралы. «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан 3 мақалаға көңіл бөлерлік. (1, 23) Бірінші мақалада жоғарыда айтылған жайлар сөз бола келе, соңында олқылықтарды көрсете отыра Орынборда болсын, кейінгі астана Қызылордада болсын, болған ойындардың ішіндегі өңді көңілге қонымдысы болды деп ойын түйіндейді.
Екінші мақала әртістерді атамай, тек кейіпкерлер мінез-құлқы мен образдарына тоқталады.
Үшінші мақала трагедияның кей кемшіл тұстарын көрсетеді. “Пьесаның құрылысы сахнаға ауырлық көрсетеді”, -деп “Еңбекші Қазақ” газеті көрсетті. (1, 24)
ұл сол заман талабының көрінісі. Дегенмен, бұл мақалалар сол кезде драматургия жанрының жаңа бір белеске шығуының көрінісі. “Көш жүре келе түзеледі”-демекші, пьеса ойындары қойылымымен байланысты театр сыны да өрбіді, бір шығарма қайта өңделіп, мазмұны тереңдеді, талаптары заманына қарай кей өзгерістерді көтерді. Негізгі мақсат: шығарма идеясы мен мазмұны сақталады, оған жетер жолдар қайта қаралып, өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: “Еңлік-Кебек” трагедиясында Еңлік бірде суға, бірде ат құйрығына байланып өлтіріледі, бірде басқаға күйеуге шығуға мәжбүр болады. М. Әуезов “Еңлік-Кебек” трагедиясына бес рет қайта оралып, түзетулер енгізіп, шығарманың кемелденуіне көп көңіл бөлген Бұл жазушының еңбекқорлығы мен өз шығармасына әкелік мейірмен қарауының көрінісі. Көпшілік қауым көңілінен шыға білу қабілетінің күшті болғаны.
Шығарманың экспозициясында пьесаның болар оқиғасына бастама жасалады. Алдыңғы көріністен көрермен екі ру арасындағы тартыстың неден өрбу алып, басталуынан хабардар болады. Сонымен қатар Кебектің орасан күшті батыр екендігінен жұртшылық мағлұмат алады Кебектің қарсылысы да елде батыр атанған, Көшен кегін қуушы, оның інісі- Есен
«Еңлiк-Кебек» пьесасында билер сахнасы кең өрiс алған. Нысан абыздың үйiнiң төрiнде отырып күңiренуi, Асан қайғы сарынымен сарындас келедi. Абызды ел жағдайы көп толғантады. Көптi көрген көнекөз абыз терең толғаныста. Алдымен абыз үйіне тобықты билері келеді. Нысан абыз олардан ел жайын сұрап біледі. Сөз сыңайларынан екі ел билерінің ел жағдайы емес, өз бастары мен беделдерін жұрт алдында түсірмей, керек десең бірін-бірі аясыз мұқатуға даяр екендігін көреміз. Олар кеткен соң ақылгөй қарт қобызын алып, құлақ күйіне келтіре отырып, билерге әділ баға береді:“
“Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім қайтіп күн көрер”
Абы үйінде Кебекпен, Есенмен кездесемі. Алғаш Кебекпен кездескенде жиырма жасар жас Кебек баты болашағын дәлдiкпен болжай бiледi. Нысан абы батырға бата бередi. Бiрiншi суретосымен бiтедi. Ары қарай қойшы Жапалдың бейнесі пьесаға арқау болады. Жапал тау ішінде асыр салып ойнап жүр. Жапал қойшы, мінезі ұнамды образ. Қазақ ертегілерінде көп кездесетін қу тілді, ойнақы мінезді, жол тапқыш, мейірімді, жақсылық сүйер нанымды кейіпкер. Сонымен қатар Жапал Еңліктің жанашыр ағасындай болады. Еңлік те жалғыз, Жапал да жалғыз. Біріне-бірі медеу болмаса бұл екеуін кім елемек?!
Сонымен бірге Жапал арманшыл жас. Оған дәлел өзін батырмын деп елестетуін жазушының суреттеуі. Елді тобықты басқан екен дейді. Бәрі қорқуда. Сонда бірталайы: “Е, қайтушы еді, Жапал бар ! Жапал ағам бар. Жойқын Жапал бар!” деп мені арқа тұтуда екен деп таудан- тасқа секіруде. Оның бұл қылықтарына Еңлік те алаңсыз мәз болып тас арасынан шыға келеді, сол кезде Жапал қатты шошып, жерге жата кетеді. Бұл күлкі тудыратын жайт. Екеуі жеңіл тіл табысып, ой бөліседі. Еңлік батыр жайында тағы естиді. Көрмесе де естуі бар, тілеулес екендігін хабар етеді.
Ата-ана әлпештеген баласымын,
Көзінің ағы менен қарасымын,
Аға жоқ, бауыр да жоқ, жалғыз басым
Кәрілер сүйеу көрген дарасымын…(5, 20)
Еңлік әндетіп кетіп қалады. Сол кезде Есен келеді. Жапал Еңліктің әніне салып, Есенді байқай сала қаша жөнеледі. Есен қуып жүріп, бетін ашса- Жапал. Есен Еңлікті сұрастыруда. Жапалға қызды аңдуды тапсырады.
Енді Еңлік келеді. Есен мен Еңлік тіл қатысып, алғаш бет шарпысады. Есен батыр екндігін айтып төсін қағады. Еңлік өзінің әйел жаратылысты екенін, Есенді қайнаға ретінде білетінін айтады. Есен қорқыта сөзін аяқтайды, басқан ізің аңдулы дей келе кетеді.
Осы кезде аң қуушы дыбысы елең еткізеді. Қараса қодықты қуған жігіт, Еңлік садағын кезеп, атып жібереді. Оғы дөп тиеді. Бұл жерде Еңліктің ақылы мен көркі сай, епті, қазақ қызының сол замандағы барлық жақсы қасиеттерін бойына құя білгенін көреміз.
Кебек Еңлікті алғаш ер бала деп ойлайды. Еңлік адасқан батырды қонақжайлық дәстүрімен үйіне шақырады.
Екінші актіде Кебек пен Еңлік көңіл қосып, Кебек еліне кетеді. Еңлік артта қалған ата-анасын айтуда. Жапал оларға бала боламын, саған аға боламын дейді.
Есеннің мақсаты туыс намысы емес, жеке басын қанағаттандыру, Еңлікті өзіне жар етіп алу.
Еңлiк пен Кебек диалогі «Жолсыз жазадағы» диалогпен сарындас. Белгiлi болғаны екi жас бiрiн бiрi сүйдi. Есен мен Кебек екеуi бiрiне-бiрi қарама-қарсы образдар. Еңлiк олардан ерекше. Адамды тани бiледi, әйелге тән қулығы да бар, керек десең Есендi алдарқата бiледi. Кебек Еңлiктi бiлмейтiндей сыңай бередi, Есендi қайдан келгенiң белгiсiз деп кемсітеді. Бұл Есендi ширықтыруға жасалған әрекет. Еңлiк келiнiң, сен қайнағасысың дейдi. Есен бұны естен шығарған, әмеңгерi екенiн ғана бiледi. Екi батырдың шарпысуын Еңлiктiң бiр ауыз сөзi тоқтатады, әр батыр өзiнше жориды. Трагедиялық конфликт ширығуда. Таңдау бiреу. Не Есен, не Кебек өлуi тиiс.
Таңдау Кебекте. Еңлiк елiн, аяулы ата-анасын, туған жерiн қиып Кебекпен қол ұстасуға бел шештi. Екi ел жаулас. Қыз-матай, жiгiт- тобықты. Бұл әрекет ауруға-сылтау iспеттi болды. Екi елдiң жауласуына түскен келесi сызат. Еңлiктiң қоштасу өлеңi осыдан хабардар етедi.
Бұл үшеудiң конфликтi осымен тыным тапқандай. Бiрақ әсте олай емес, одан да шырғалағаң оқиғалар легiне бастау бұл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz