Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы Еспенбет поэмасының халықтық сипаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы "Еспенбет" поэмасының
халықтық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10
1.1 Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармаларының
сипаты ... ... ... ... ..10
1.2 "Еспенбет" поэмасының жазылу үлгісі және халықтық
сипаты ... ... ... 33
1.3 "Еспенбет" поэмасының құрылымы мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... .35
ІІ. "Еспенбет" поэмасының ұлттық психологиялық, салттық тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.1 "Еспенбет" поэмасының ұлттық психологияға тигізітен
әсері ... ... ... ..46
2.2 XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі "Еспенбет" поэмасының алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
2.3"Еспенбет" поэмасының дәстүрлік сипаты, басқа шығармалардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...78
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Кіріспе
ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі- Дулат
Бабатайұлының 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында
(бұрын Семей облысы болған) дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат
таниды, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол
сусындап, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық
жырларды тыңдап, жастайынан нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді
адамдардың бірі болды.
Дулат халықтық шығармаларды, алдыңғы дәуірлерден жеткен ұлттық поэзия
үлгілерін жаттап өскен, құрметпен қарай білген, көне түркі поэзиясынан
тағлым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша
да, жазбаша да шығарған ол ақындық дәстүр арнасында шығармалар тузығып,
қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байытып, түр, көркемдік тәсілдер
тұрғысынан сапалық белгілер әкеліп, жаңа сатыға көтерді.
Дулат өзі өмір сүрген уақыттың ахуал-жайын қаз-қалпында жырлаған, оған
өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз кезінде
ел ішіндегі жан ауыртқан іс- әрекет, оқиғаларды өлеңге айналдырған жыр
дүлділі ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл
дәрежесіне көтерілді.[1.58б]
Дулат шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен
ауыр халін суреттеуге құрылған: бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанау;
екінші, патша үкіметі тарапынан тағайындалып, солардан қолдау табатын
жергілікті әкім, билердің езіп-жаншуын өз өлең, толғауларына арқау етеді.
Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына,
үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен Дулат 1871 жылы өзі туған өлкеде
қайтыс болады.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынамын...
Осылай деп жырлаған Дулат ақынның қайғысы- отар ел ретінде басына зіл-
батпан ауыртпалық түсе бастаған қазақ елінің қайғысы еді. Патшалық Ресейдің
отарлау саясатының әсерінен ел ішінің бүлініп, психологиялық өзгеріске
түсуі, билік құмарлыққа салынған әкім, билердің ықпалымен адамдар арасында
өзара талас-тартыс көбейіп, ынтымақ, бірлікке нұсқан келуі, ғасырлар бойы
жаугершілік жорықтарда намысын ешкімге таптатпаған асқақ рухты халық
ұрпағының билікке жетуі, жеке пайдасы үшін жағымпаздыққа бой алдыра бастауы
ақын кеудесін қайғыға толтырады. Сол қайғыны тұнық жермен жуа отырып,
Дулат ұлт бойына сыналып кіріп, дендей бастаған жағымсыз мінез,
көріністерді сынайды, ұнамсыз кейіптегі бейнесін жасайды. [2.66б]
Дулат ел әкімдерімен ел сорғыш, зорлықшы, озбырлығына қоса қазақ елін
патша үкіметінің езгіге салуына себепші, елді сатушылар деп біледі.
Бараққа, Тырнақтай меңі болған соң, Әуелгі қазақ деген жұрт, т.б
өлеңдері мен толғауларында ел әкімдерін уыты тілмен өлтіре сынайды.
Дулат өлеңдерінің ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл өсиеттер ретінде
айтылатын дидактикалық жырлар, ертек-аңыз сюжетіне жазылған толғаулар,
мысал сөздер және тағы басқалары бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр
алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі бір кезеңнің тарихи
шындықтарын сөз етеді: қоғамдық-экономикалық құрылыстың өзгеруі, патша
үкіметінің қазақ жерін отар ел ретінде жаңаша, топтық қайшылықтар,
әлеуметтік теңсіздіктер, діни түсініктер, хандық билік жойылған соң, оның
орнын басқан аға сұлтандық басқару тәртібінің орнауы, сауда-сатыққа
байланысты пайда болған өзгерістер, қоғам ісіндегі ақшаның әсері- міне,
осыларды тілге тиек етеді.
Дулат- қазақ елінің патша үкіметіне тәуелді болғанына наразы ақын.
Патшалық Ресейдің капиталистік қарым-қатынасының қазақ жеріне енуіне де,
одан туындаған өзгерістер мен жаңалықтарға да жаны қас. Қазақтың өз алдына
бөлек хандық құрып, дербес өмір сүруін көксейді, хан басқарған феодалдық
тұрмысты жақтайды. Ол бұрынғы кезде аруақты батырлар бар еді, олар елін
сыртқы жаулардан қорғай алатын еді, сондықтан бұл батырлар бар кезде қалмақ
та, жоңғарда, Ресей патшалығы да қауіпті емес еді, енді олар жоқ, дүние
өзгерді, жер, су тозды, адам да, әкім де, азды, бұзылды, енді бұл дүниені
өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытындылар жасайды. [3.78б]
Ел тарихы, жер, қоныс жайындағы өлең, толғаулар. Ел тарихының тағлымды
тұстары, туған жерге деген сүйіспеншілік, атақонысқа деген қимастық сезім,
оның ертеңіне деген алаң көңіл көріністері Дулат шығармаларында молынан
қамтылған.
Дулат Бабатайұлының- қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көрнекті
тұлғаларының бірі. Сан ғасыр, ықылым замандардан бері келе жатқан жыраулық
өнерден тамыр тартқан оның шығармашылығы қазақ поэзиясына соны леп әкелді.
Өлеңдегі өрнегін өзгеше сала білген Дулат ұлы Дулат өлеңдеріне үлгі, ықпал
боларлық жаңа поэзия жасады. Дулат ақын өзінің шығармаларында қазақ
поэзиясында бұрын-соңды болмаған тың образдар берді. Ол- заманалар бойы
ауызша, туып, ауызша тарап, ауызша сақталып келген мол дәстүрлі қазақ
поэзиясын жаңа жазба поэзияға ұштастырған, қазақ көркем сөзінің жаңа
кезеңге, жаңа сапаға көшуіне дәнекер, аралық саты болған ақындардың бірі,
қазақ өлеңінің зергері. ХІХ ғасырда жасаған, патшалық Ресей отыршылдығы
барынша ойран салып жатқан уақытты өз көзімен көрген Дулат- заман келбетін,
сол заман адамының кейпін өрнекті көркем сөзбен кестелеген, сол дәуір
туғызған зар заман әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол отаршылдыққа қарсы алғаш
үн қатқан. Қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет ұлттық санасы оянған жаңашыл
ақын. Отаршылдықты, жергілікті әкімдердің халықты қан қақсатып отырған
қылықтарын, парақорлықты, жемқорлықты әшкерелеуге арналған өлеңдерінде
халық мұңына үн қосып, бойына қуат, ойына қанат бітіруге, шерлі-шерменде
болғандарға дем береді, рухтануға шақырады. [4.96б]
Дулат шығармалыран қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты,
поэзиямыздың мазмұнын байытты, көркемдік тәсіл, түр жағынан жетілдіре
түсті.
 Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және
алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп
жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады.
Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда
шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында
ескеріп отырған жөн.
Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем
зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін
халықтың бұрынғы еркін өмірінің өткенін, адамдардың мінез-құлқы мен
психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер
орын алғанын – бәрін-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп,
жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған
билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс,
құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат
Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның еркіндік сүйініш рухы
мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат,
міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына,
еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды.
Сонымен бірге, Дулат Бабатайұлы- қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын
алатын ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті
мәселелері зор ақындық қуатпен, шынайы да өткір сыншылдықпен бейнеленеді.
Ақын отаршылдық тауқыметіне душар болған халқының ауыр халін күйзеле
суреттеді. Ел мен жердің тағыдырын естерінен шығарып, өз бастарының қамын
ойлап кеткен атқанамінерлердің опазсыздығына күйініп, оларды аяусыз шенеді.
Дулат өлеңдеріне суреттілік, бейнелеу тәсілдерінің сонылығы, сөз
өрнектерінің айқындылығы мен әсемдігіне тән. Бұл тұрғыдан импровизаторлық
поэзияны реалистік жазба поэзияға жалғастырушы көпір іспетті. Дулат
Бабатайұлы- қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көрнекті ақындардың бірі болып
саналады. Оның замана шындығына тамыр тартқан тамаша көркем туындылары
қазақ поэзиясындағы тарихи құбылыс болып табылады. Дулат өзімен тұстас және
өзінен кейінгі ақындар шығармашылығына үлкен әсері болған жаңа идея, жаңа
мазмұн, жаңа өрнекті поэзия жасады, қазақ поэзиясына тың образдар әкелді.
Ол- суырыпсалма дәстүрлі қазақ поэзиясына жазба поэзияға жалғанған екі
ортадағы алтын көпір, аралық саты болған аз ғана ақындардың бірі, қазақ
өлеңінің зергері. Дулат- зар заман әдебиетінің көрнекті өкілі.
Отаршылдықты айыптап, шен-шекпенге сатылған атқамінерлердің өз халқын
жатпен қосыла тонағанын, ұлттық намыс аяқ асты етілгенін, халық құнарлы
қонысынан шеттетіліп, бас иесіз қалғанын ашына бейнеледі. Ақын жұрт назарын
ескі күндердің сабағына аударып, халық кегін жоқтаушы ердің образын
сомдаған жаңа сипатты поэма жазды. [5.89б]
Халқымыздың арғы дәуірлерден бүгінгі заманға келіп жеткен сөз қазынасы
көп емес: көркем сөз кезінде әр дәуірде мол жасалғанмен, халық басына тап
келіп отырған дүрбелең шақ, ұрпақ ауысуы тұсындағы кілт үзілістер сөздердің
көбін жоғалтып отырған.
Мұның сыртында әр заманда шығып отырған кемеңгер ақын сөзін жаттап
айтушы я хатқа түсіріп жинаушы жүзден біреу болды. Олар болса, бұл сөздерді
өздері жеткен жеріне әкеп қалдырып отырды. Керекке жаттатар, қадірін білер
ұрпақ кезікпеген жағдайда, олар сол жеткен жерінде біржола қалып қалды.
Анық шындық сол: өліп қалғандардың өлмейтіндігі, олардың өлмейтін еңбек
етуінен гөрі, өткенін өлтірмейтін заманға ие ұрпақтың болуына байланысты,
өткеннің жақсысын- халықтың шын игілігін қадірлей білетін, теріс-темейтін
заманға ие ұрпақтың болуына байланысты. Өйткені, нешеме өлмейтін еңбек
иелері қадірін білмес, қараңғы ортаға, я жауға тиісіп, я әдейі жойған
қаскөй ортаға тап болып, тарихтан біржола із-түзсіз кете барған.
Өздереңізге ұсынып отырған Дулат жырау сөзі де қараңғы заманның осындай
қатыгез кәріне ұшырай жаздап барып қалған көп сөздің бірі.
Дулат жыраудың ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың 40-50
жылдарға дейінгі аралықта қазақ халқы басынан кешкен экономикалық, қоғамдық
тарихи жағдай туғызды. [6.101б]
Дулат- қазақтың патриархтық-феодалдық институты ішінен өсіп шыққан
ақын. Феодалдық- патриархтық қоғамда қауымның барлық басқару шаралары ру
басшыларының ырқымен жүріп отырды. Сондықтан да олардың іс- әрекеті,
шаралары, өз мүдделері талап етуден барып туғанына қарамай, қауымның барлық
мүшелерінің ортақ мүддесінен туған сияқты көрінеді. Олардың таптық сипатын
рулық қоғамдағы таптық жіктелестің анық көріне бермегені де, ру мүшелері
мен олардың басшылары мүдделері арасында бадырайып көрініп тұратын
қайшылықтар болмайтыны да бүркемеледі. Сондықтан да ол заманның
ойшылардары да осы түсінікте болды. Олар қауым шеңберінде болатын әр түрлі
сәтті-сәтсіз оқиғаларды таза ру басшыларының қайраткерлік ісінің ғана
жемісі деп білді. Халық басына тұс келген әр алуан оқиғалардың себепкері
тек қана ел жақсылары деп түсінді: сөйтіп, үмітін де соларға артты, сынын
да соларға айтты; мақтауы да, жерлеп сөгуі де соларға арналды.
Дулат ғылымға дейінгі жердегі осы түсініктің ақыны болды. Сондықтан да
оның өз кезіндегі бір ел жақсысына үміт артуының да сыры, негізі, міне,
осында жатыр. [6.97б]
Сонымен бірге, Еспенбет поэмасы- Дулат шығармаларының ішіндегі ең
күрделі және оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес,
сюжетті шығармаларға да шебер екендігін көрсетеді. Поэманың түпнұсқасы
Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында
сақтаулы. Баспа жүзін бірінші рет 1957 жылы көрді.
Еспенбет- сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның қасиеті де осы
шағындығында. Олақ ақындардай көп сөздікке салынбай, поэмада суреттелетін
көп оқиғаны аз жолға сыйғызып, көрсетейін деген образын, айтайын деген
идеясын шебер түрде, ойдағыдай етіп бере білген.
Поэманың идеялық мазмұны екі- ақ жолға сыйғызылған:
Еспенбеттей ер қайда?
Ер күтетін ел қайда?
Ел- Дулат өлеңдерінің негізгі мотиві. Елдік, бірлік Замана,
Ақтан жас, Сүлейменге т.б. өлеңдерінде жырланады. Елдің бірлігі азайып,
бұл елдікке нұсқан келтіретіндігін, аға сұлтан, бай- феодал, ел
басқарушылар халықтың бірлігін ойламай, өз тіршілік құлқындарын
ойлайтындығын айта келіп, бір өлеңінде жырау құмырсқа мен бөденені мысалға
алады:

Елдігінің кетіп ыдырап,
Білгені өсек сыбырлап.
Алтын жығаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да, жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да,-

деп, Дулат ашына жырлап, көпшіліктің бәріне ұрсады. Ел боламын десең
өсек, өтіріктен аулақ қаш. Алтын жығаң- бірлігіңді бұзба деп басалқылық
айтады. Бірлік, ұйымшылдық үшін ең кішкентай жәндік құмырсқаның өмірін
суреттей келіп, ең болмаса осыны аңғармайсыңдар ма дейді. Бөдененің үйі
жоқ, қайда барса бытпылдақ деген халық мәтелін келтіреді де, бірлік
мәселесінде қазақтың қазіргі жағдайы дәл бөденеге ұқсайды деп сынайды.
Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар
болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде Еспенбет поэмасы туғанға
ұқсайды.
Дулат өз кезіндегі адамдардың іс-әрекеттерін ұнатпай қатты сынай
шенегенде, қара басының қамы үшін емес, ел қамы, жұрт тілегі үшін атой
салды. Сол елді бірлігі берік, елдігі мығым ел ету үшін жауға айбар, елге
қорған боларлық адам іздеді. Айналасындағы ел серкесі атанып жүргендер
жырауға тым ұсақ, құлқын құлдар болып көрінеді. Оларға тақымы толмаған
жырау, елін емірене сүйіп, қияға көз тігіп, қиыннан тоят тілейтін адамды
арман етті. Іздей келе Дулаттың тапқаны Еспенбет болды. Образдың жасалу
жолдарының тұрғысынан алсақ, шап-шағын поэмада жұрт сүйерлік патриот
батырдың бейнесін ойдағыдай етіп шығаруы жыраудың шын мәнінде суреткер
екндігін көрсетеді. [7.61б]
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің
іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Дулат
Бабатайұлының Еспенбет дастаны, дастанда бейнеленген батырлар, әсіресе
ақын шығармаларындағы теңеулерді тәрбиелік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз
болып отыр. Дулат Бабатайұлының шығармаларының патриоттық табиғатын қазақ
халқының таным-түсінігімен және қазіргі таңдағы жастардың партиорттық
сезімдерге сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын
ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы
дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден
сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір
сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да
қатты шықкан. Ақынның шығармаларын қазіргі кезде жастарға таныстыру
жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанындағы теңеулерді түрлі
әдістермен талдау қажеттігі.Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделді:
- теңеу жасалымындағы ұлттық сана мен халықтық таным ерекшеліктерін
анықтау;
- қазақ мәдени өмірінен ақпарат беретін этномаркерлі теңеулер
қолданысына талдау жасау;
- прецедентті атау арқылы қалыптасқан теңеулердің прагматикалық
қызметін саралау;
- ақын өлеңдеріндегі тұрақты теңеулер мен авторлық қолданысқа ие болған
тұрақты теңеулердің қолданыс ерекшелігін дәйектеу;
- теңеулердің концепт құрушылық және танымдық ерекшелігін көрсету.
Зерттеу нысаны. Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанындағы теңеулердің
тәрбиелік -танымдық сипаты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанындағы
теңеулердің қазіргі таңда жастар арасында алғаш рет тәрбиелік-танымдық
тұрғыдан талдануы мен жүйеленуі – ізденісіміздің ғылыми жаңалығы.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Ғылыми зерттеу тәрбиелік , теңеушілік,
бір аңызды мақсатын талдау әдістерімен қатар, салыстыру, баяндау әдісі,
теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан талдау әдістері
қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол
жеткен нәтижелер мен тұжырымдар әдебиетіндегі Дулат Бабатайұлының
шығармашылығына арналған курстар мен семинарлар жүргізуде пайдалануға
болады. Зерттеудің практикалық құндылығы жоғары оқу орындарында “Еспенбет”
дастанының тәрбиелік мәнін талдау, “Әдебиет” пәндерінен дәріс беруде
кеңінен зерттеп пайдалануға болады.

І. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармалары және "Еспенбет" поэмасының
халықтың сипаты
1.1 Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармаларының сипаты
Дулат ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ақындық құрды, осы дәуірде
қазақтың көшпенді дәуіріне тән ауызша әдебиетінде екі жақты қанауды сынап,
бірінші болып көрінді.
ХVІІІ ғасырда Бұқар, ХІХ ғасырдың 30-жылдары Жайық жағасында Дулат, ал
30-40 жылдары келіп Қазақстанның екінші түкпіріннен Дулаттың шығуы
кездейсоқ құбылыс емес. Ақын әр кезде де болған. Дулаттың өз тұсында да
тілінен сөз төгілген Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай, Сабырбай сияқты көп-көп
ақын болды. Бұлар да өз кезінің өте атақты тіл зергерлері болды. Әруақты
ақындар болды. Бірақ бұлардың бәрі бір деңгейде тұрған айтыс ақындар ғана
болды, өз руының, өз руы ірі феодалдарының намысын жыртатын мақтаушыл
ақындар болды. Ал халық өзінің басына түскен ауыр күнде, не ірі-ірі
дүрбелең заманда, не төңкерістер заманында нақты іс-қимылдың иесіне, ақылшы
болар ой-пікірдің иесіне қашанда да зәру боп отырған. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы тарихи жағдай Қазақстанның қиыр бір шетінде Дулатты берсе,
екінші бір шетінде Дулатты берді.
Бірақ осы ақын- сонау ХІХ ғасырдың бірінші жартысында 30-40 жылдарда
отаршылдық езгіні қатты сезініп, екі жақты қанауды өз шығармаларында ашық
айта алған ақын. [9.21-23б]
Дулат жыраудың кейбір оппоненттері оның патша самодерживиесінің
отыршылдық езгісін әшкерлеген шығармаларын, бұқара халықты шұрайлы жерінен,
ата мекенінен ығыстырып, егін салар жерді алды деген сөзін көрінеу
кемісітіп бағалайды, онда да отаршылдық езгіні, қанауды сынауын қазақ
халқының Ресейге қосылуы мәселесіне нұқсан келтіретін пікірдей сезініп,
өздерін Дулаттан гөрі патриот етіп көрсетеді. Бұлай басы қосылмайтын екі
нәрсені- қосылу мен қосылу тұсындағы қанауды араластырып алып, соңғысын
сынау алғашқысын сынауға ұласатындай көріп қауіп ойлау, сөйтіп барып
Дулатқа кінә айту, сөз жоқ, терең білімділіктен гөрі, жалаң сезімге, әсерлі
сезімге көп ұқсас еді.
Тарихи ақиқаттың өз кезінде қазақ ақындарының бәрі бірдей көре берген
жоқ. Себебі, олардың біразы өте тар түсініктің ақындары болды, ал біразы
халықты патша өкіметімен қосыла қанаған хан-сұлтандардың, бай мен бектің
сарай ақындары болды. Олар қайда бай, мақтаншақты таңдап барып тамақ үшін
өлең шығарды. Солардың ішінде Дулат, Дулат сияқты бірлі жарым ақындар ғана
қанаудағы бұқара халықты сол кездің үстем табынан айырып қарай алды. Дулат
таптық езгіге, отырлық тепкіге қарсы шыққан ақын болды.
Шындап келгенде, Дулаттардың отаршылдық қанауды сынауына тиісті назар
аудармау, ол ол ма, осы сынауын төмендетіп барып бағалау, ал ақынның
езгідегі халықтың жақтасы болуына артықшылығы деп айтқан авторларды сол
үшін кінәлау- патша самодержавиесін, тіпті оны айтуды мін көрумен бірдей.
[10.98-100б]
Дулат қазақ халқының қорлыққа түскен күні үшін ел жақсыларын аяусыз
сынады, күшік ит, қорқау қасқыр, жемтікке қонған күшіген, үйіңді тас
мола, өлексе, аузын буған қой, жаман ит т.б.деп бар жағымсыз дүниеге
соларды балап, мазақты образдар жасады.
Патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатының бұл кезеңінде қазақ халқының
әкімшілік жүйесін өзгертті, яғни өзінің үстемдік жүргізуіне қолайлы жаңа
әкімшілік жүйесін құрды. Ал жергілікті халықты сулы жерден ығыстырып,
оларды өте мардымсыз болса да байырғы егіншілік арқылы табатын күнкөріс
көзін тарылтты. Ең негізгісі, мұның өзі бұқара халықтың мал шаруашылығына
үлкен соққы болды.
Әрине, отаршылдық бағыттағы саяси шаралардың бұл кезде әлі өзінің
нәтижесін бермеген, бірақ өзі ұрығын еккен пргрестердің нышан күйіндегі
белгілері болды; біріншіден, рулық-тайпалық түрінде сатылай жіктелген бөлек-
бөлек билеу жүйесін бұзу арқылы, әрі жерді тарылту арқылы өзара байланысы
жоқ, бір-бірінен өте шалғай жатқан ауылдарды (ауылдық жүйедегі қауымдарды)
жақындастырды; екіншіден, қазақ халқының саяси бостандығын тартып алу
арқылы: жаулаушының семсері ғана дүркін-дүркін зорлап қана біріктіретін,
қанша тайпасы, руы болса, сонша әкімі бар, (ханға екінші дәрежелі сипатта
ғана тәуелді жағдайда болған әкімдікке бөлінген, сол үшін де өзара жауласып
жататын, бұл ұрыс-керісте хан жарлығын күтіп жатпайтын әкімі бар) ру
мемлекеттерін қиратты, сөйтіп, қазақ халқының саяси бірілігіне қарай бір
адым ілгерілеу болды. Екіншіден, қазақ даласындағы есепсіз мал, оның
өнімдері ежелгі дәуірден беріақ айырбас базарына көп түстін. Бірақ
көшпелілік тұрмыс жағдайының қажеттіліктері өте аз әрі қарапайым
болғандықтан, айырбастың бұл тері де өзгеріссіз қалып отырды. [11.58б]
Мұның сыртында Дулат қазақтың өзі өскен өлкесінің Ресейге қарағанға
дейінгі, осы қарау тұсындағы (оның алғашқы жүз жылдығындағы) ақын: ол, қиыр
жағынан, қалмақ шапшылығына ұшырып, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада
тоз-тоз боп бытыраған қазақ халқының енді ғана басы қайта біріккен, өз
алдына ел бола бастаған дәуірінің- өз алдына хандық құру түрінде ел болу
дәуірінің- хандық дәуірдің ақыны; екінші жағынан, кеше ғана қалмақ
қонтайшылары езгісінде болған халықтың, жерден қысым көрген, еркіте бұғаулы
болған халықтың еркіндікке түсіп, ең жерді иемденуі тұсындағы идеялары мен
ой-пікірінің ақыны,үшіншіден, ол таптық қайшылығы ағайындық салт-санамен
бүркелемеген біртұтас рулық-патриархаттық қоғамның ақыны; төртіншіден, ол
қалмақ қонтайшылары тұсында ондаған жылдар қысымда, езгіде болып, қытай
сияқты үлкен, зорлықшыл империяның тізе батыруын көріп, жат ел
басқыншылығына деген өшпенділігі, жат жұртқа деген жек көрушілігі үйреткен,
осы сырт ел езгісі жұртты жау деп тануға үйреткен психологияның ақыны.
Мұнда да толық заңдылық бар еді: патша өкіметінің отаршылдық саясатты іске
асыру барысында қазақ жұртына қойып отырған шарттары және отаршылдық
саясаттың барысы жөніндегі ақын түсінігі бұрынғы болып өткен тарихи
тәжірибелерінің, өткен тарих берген түсініктің ықпалында болды. Осылайша
етпей, бұрын болып өткен ұқсас тарихи процесті еске алмай тұрып, жаңа
тарихи процесті еске алмай тұрып, жаңа тарихи ықпалында болды. Ал қазақ
хандары мен сұлтандары, би-бектері патша өкіметіне елді қаратқан кезде,
өзін жат езгісіне салатындай сезінген халықта хан-сұлтанға деген байырға
көзсіз бас шұлғи сенудің быт-шыты шықты, олардың жат жұртты жау деп тануға
үйреткен психологиясы енді келіп өз хан- сұлтандарына да жау деп тануға
әкелді, сөйтіп патша өкіметіне қарамай тұрған кездегі қазақ хандары жақсы
хандар боп шықты да, кейінгі хандар елді сатушы хандар, елдің жаулары
болып шықты,- Дулат осы психологияның ақыны; бесіншіден, патша өкіметіне
қарау қазақ шаруаларын жерден айырды, күйзеліске түсірді, ал осы
күйзеліске, жерден айыруға қарсылық- қазақ патриархаттық ауылының қарсылығы-
Дулаттың да қарсылығы болды. Дулат жерден айырылған осы қазақ шаруасының
ақыны. Дулат 30-40 жылдарда қазақ ауылын аралап, тыныштық сақтап жүрген
полоция қызметіндегі қазақ- әскерлерге де, 50-жылдарда өз күнкөріс көзі
болған жерін кесіп алып, орналасып жатқан қоныстанушы қазақ-әскерлергеде
осы шаруа көзімен, осы шаруа мүддесі тұрғысынан қарады. Дәл осы себепті де
Дулат та, өзі ақыны болған қазақ шаруасы да мына өз жерінің шұрайлы бөлігін
кесіп алып, күнкөріс көзін тарылтып жатқан қазақ-әскер қоныстанушыларын
патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлаушы әскери мекемесінен бөліп қарай
алған жоқ. Тіпті олар казак атанып келіп, жаңа қоныстана бастаған орыс
шаруаларын да ( оларды жаңа жерге, шұрайлы жерге орналастырып, әр жақты
материалдық көмек беріп, жеңілдіктер жасап, өзіне үлкен қамқорлық
көрсеткен, патшаға деген сенімділігі, ризашылдығы мен жекеменшіл
психологиясы, әрі діни көзқарас қайшылығы, әрі патша насихатшыларының
өздерінің санасына еккен бұратана жұртқа деген өшпенділік салқыны әуелгі
кезде жергілікті халықпен араластыра қоймағане орыс шаруаларында да)
жазалаушы казактардан бөліп қарай алған жоқ. [12.88б]
Дулат қазақ даласының патшалық Ресейдің отаршылдық езгісіне, бұқара
халықты қанауына, жергілікті ірі феодалдардың таптық езгісіне қарсы
ереуілдер көбейген 30-50 жылдардың ақыны болғандықтан әрі оның
творчествосының дені, тіпті бәрі дерлік осы екі жақты езгіге, қанауға қарсы
идеяға толы болғандықтан, сөз жоқ, ақын шығармаларындағы бұл батыл үн сол
кездегі бұқара халықтың осы екі жақты езгіге қарсы ниетінің күшеюінің
жемісі, сондықтан да Дулатты, оның творчествосын сол 30-50 жылдардағы
тарихи жағдайлардан бөліп алып қарауға болмайды. Егер сол кездегі
отаршылдық езгіге қарсы ереуілдер, бұқара халықтың бұл езгіге қарсы ниеті
терістелсе, Дулаттың творечствосы толығымен терістеледі.
Дулатқа қазақ халқының ішкі феодалдық қанауға, сыртқы отыршалдық езгіге
ұшырағаны және оны көруі бәрінен гөрі қаттырақ батқан әрі осы қатты бату
оны үндетпей қалдыра алмаған ақын ретінде қарауымыз керек. Дулат өз
ортасында үстем тапқа қарсы, оның бұқара халыққа жасаған зорлық-
зомбылығына қарсы бірінші болып тойтарыс берген ақын.
Дулат поэзаясына тән екінші ерекшелік- өзіне дейінгі қазақ поэзасында
болмаған тақырыпты- патша өкіметінің қазақ халқын езгіге салуын, қанауын
сөз етуі. [13.44б]
Әрине, патша өкіметі тарапынан келетін отыршалдық қыспақты, қанау
қаупін Бұқар да сезінді, ол да патша өкіметінің отарлау саясатына
байланысты қазақ даласының тарыла түскенін сөз етті. Бірақ Бұқар заманында
патша өкіметінің қазақтың шұрайлы жерін кесіп алуы жаңа басталған еді.
Қазақтардың ішкі билеу тәртібіне араласып, әкімшілік билікті өз қолына
алған жоқ еді. Дулат қазақ даласының отар өлкеге біріндеп айналу процесін
көз алдынан өткізді: қазақтың өз алдына тәуелсіз елдігінің ақырғы белгісі-
хандық биліктің жойылуын көрді; қазақ даласына хандық билік орнына бірнеше
дуандар құрылып, билікті патша өкіметінің өз қолына алғанын көрді; дуанда
сайланған аға сұлтан мен қазылардың, билердің қазақ даласында патша патша
өкіметі құрған осы мекеменің қолжаулығына айналғанын көрді; ол билеушілер
қазақ тағдырына қатысты істі де өздігінен шеше алмайтын, тек патша
өкіметінің жергілікті отарлық мекемесінің атар оғы аға сұлтан мен билердің,
бектердің патша өкіметі құрған қазақ даласындағы әскери-чиновниктік
мекеменің өкілі ретінде барынша күшті билеуші болып алғанын көрді- осының
бәрін өз көз алдына өткізді.
Осы себепті де Дулат қазақтың билеуші әкімдеріне патша өкіметінің
отаршылдық саясаты зардаптарын қазақ даласында жүзеге асырушы қолжаулық
билеуші, патша өкіметінің қойып қойған қарауылы, атшабары деп қарады да,
оларды патша өкіметінің отаршылдық езгісіне бөліп қараған емес.
Дулат жыраудың өлеңдері отаршылдық езгіге қарсы халықтық ниеттен
туғандықтан, ол ел әкімдерін сынағанда, жай озбыр, зорлықшы, елді сорушы
деп қана сынамайды, қазақ елін патша өкіметінің езгіге салуына себепші,
елді сатушылар деп санайды. [14.36б]
Әрине, дулат жырау қазақ әкімдерін сынағанда ,біріншіден, олардың саяси
әрекетін, арамдығын, айла-шарғысын, осы алуан іс-әрекеттің қазақ ішінде
әкелген зардаптарын- бәрін сырттай көріп қана сынады. Екіншіден, оларды
жалпы қазақтын, бұқара халықтан бөлмей, осы жұрттың шын басшысы деп тани
отырып сынады. Сондықтан да Дулат қазақ ақсүйектерінің таптық мүддесін, осы
таптық мүдденің бұқара халық мүддесінен бөлектігін көре алмады, басқа емес,
дәл осы бөлек мүдде оларды бұқара халық жағында болмай, патша өкіметінің
отаршылдық саясаты жағына шығарып отырғанын сезе алмады, көре алмады.
Дулат отаршылдық езгіге қарсылығы Аягөз, О, Сарыарқа, Сарыарқа,
Ақжайлау мен Сандықтас сияқты туған жерге деген сезімін оятып,
сүйіспеншілігін арттыруды бірінші кезекке қоя отырып, осы жер енді
кімдікі... дегенді айту арқылы ел зердесіне түрткі салып, зығырданын
қайната түспек болды. Жыраудың осы түрткі идеясы туған жерге деген
сүйіспеншілік тақырыбын туғызды. Бұл сүйіспеншілік, мадақтай сүю Дулат
поэзиясына туған жер туралы ода түрін әкелді.
Ақын мұнымен тынбайды, Ақжайлау мен Сандықтас туған жер дегенде өз
қабырғасы қалай қайсатынын айтып, тыңдаушы көпшілікті өз идеясына тіпті
жақын жерден тартады.
Дулат тағы да бір жақты кетіп отыр: ол қазақ жерінің шұрайлы бөлігін
патша өкіметінің отаршылдық мекемелері кесіп алғанын ғана көріп, сондай
жерді азғана ат төбеліндей қазақ шонжарларының емін-еркін жайлап-төстеп
отырғанын, халық бұқарасының атақ қнысқа айналған жайлау-күнде тартып алып
жатқанын көрмейді. [15.47б]
Сонымен бірге, ұзын ғасырдан созылып аққан қазақ сөзінің мәйегі Дулатқа
кеп, өзін-өзі танымастай жас қуатпен жайнап, жаңа арнаға лықсыды. Осы кеп
құйған дариялардың толқыны Дулаттық ағыстың ұзына бойында арқауын үзбей
жөңкіліп жатыр. Дулат мұны сезген жоқ, бағалаған жоқ деуге ауыз бармайды.
Дулат Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырауды бекерге ауызға алмайды. Бұлар-
сарай ақындары емес, Дулат жек көретін ел ақтап өлең айтқан, сөз қадірін
кетірген қатардағы өлеңшілер емес. Бұлар, күмәнсіз болмасын- Дулат үшін,
өзінің алдында өткен қазақ ақындарының ішіндегі ең қадірлі есімдер. Бұқар,
Дулат, Шортанбайларды мансұқтау- таза эстетикалық деңгейдегі терістеу.
Айталық, Шортанбай, Дулат шығармашылығының халықшылдық, әлеуметшілдік
сипаттарын, өзіндік шындығы мен әсемдігін жоққа шығару емес- жаңа
поэтиканың туғанын жариялау. Осы фактіні жұрт санасына сіңіру үшін нақ
солардың беделі қажет болды деп түсіну керек. [16.27-29б]
Меніңше, кейбір әдебиеттерде, айталық көне шығыс поэзиясында пәленшенің
ұстазы (немесе ізбасары, шәкірті) түгенше деп нақтылай айту тым шартты
нәрсе. Мәселен, ортағысырлық шығыс шайырларының негізгі, анық ұстазы- тұтас
әдеби канондар. Қазақтағы жыраулық поэзия туралы да осыны айтуға болады.
Бұқардың, Дулаттың ұстазы Шалкиіз, немесе Доспамбет еді деу- жеткіліксіз.
Оларға ұстаз- тұтас поэтикалық дәстүр, жыраулық поэзия. Дулаттан бастап,
жалпы поэтикалық әлімінде үзілмей желі тартып жататын жеке есімдер пайда
болды. Дулат үшін қазақ топырағындағы мұндай ең алғашқы тұлға, даусыз-
Дулат.
Дулаттағы әлеуметтік сарынға бойлаңыз. Тақырыпты шолыңыз, поэтикалық
тіл кестесіне, түрлік, бейнелік үлгілерге, кейбір ырғақтық- интонациялық-
әуендік құбылыстарға назар аударыңыз- Дулат әлемін зерлеген дулаттық
өрнектерді жазбай танисыз.
Дулаттағы әлеуметтік мұң- қазақ санасында бұрын болмаған жаңа күй, жаңа
сарын. Әуелден бар ел айырылғанын зары, жерден кеткеннің сағынышы, жаудан
көрген жапаның ыза-наласы, қара-орман, қарындастың қайғысы емес, мынау-
бауыры бүтін, бас аман, елде жерде отырып елдіктен кетудің күйігі.
Әлеуметтік азып-тозудың назасы.
Бұл сарын Дулатқа да көшті.
Кері кеткен заманын ойлағанда, ұйқы беріп, қайғы алатын Дулат өзінің
әлеуметтік Уайымында- бір сарынды. Қазіргіні, азған ел, тозған құлықты
сыпыра сынау, өткенді- алтын дәурен, құт-береке заманды таусыла көксеу,
талмай жоқтау. Тұйықтан шығар жол қайсы, тығырыққа қаматпас айла бар ма-
жауап жоқ. [17.47-50б]
Дулаттың аңсары- өткенде. Дулатдың тілеуі- келешектен күдер үзбейді.
Дулаттың назары- болашақта.
Дулат көбінесе, заманның жалпы сипатын мінездейді. Адамның кемшілігі,
кеселді мінез, кесірлі құлық- сол заманның кейіп-келбетіне детальдар ғана.
Дулаттың зары- адамнан басталады. Тұстарының надандығын, күйкілігін,
алауыздығын, ынтасыздығын, пәлеқорлығын, кербаққан берекесіздігін...
мінеуден басталады. Пенденің құлқы түзеліп, көкірегіне ғылым, білім шам
жаққанда ғана заман оңалмақ, қазақ теңелмек, Дулат шығармашылығының
әлеуметтік пафосын айқындаған- осы сенім.
Әлеуметтік уайым тұрғысынан Дулатқа бастау болған Дулатта мұндай
тиянақ, бағдар жоқ.
Дулат жаңа поэтикалық тіл жасақтады дедік. Оның бұл жөніндегі де ең
жақын кеңесшісі- Дулат болғаны күмәнсіз.
Ал, жалпы, мұндай ауыс-түйістерді ізіне түсіп тәптіштеу, ұқсастықтарды
тізбелеу- жеке мақсат бола алмайды және мұндай зерттеуде мағына жоқ.
Мағына болады егер осы белгілер ақынның әлеуметтік тұрғысы, әдеби санасы,
поэтикалық әлемі қай ыңғайда қалыптасты, қай өрістерден құнар тартты деген
мәселені айқындауға бағытталса ғана.
Дулаттың Бұқар, Шортанбай, Жанақтарға қатынасы Пушкиннің державин,
Жуковскийлерге ілтипатын еске түсіреді. Ал Дулат пен Дулат қоян-қолтық
ымыраластығы Пушкин пен Лермонтовтың тығыз байланыс, етене жақындығы
орайлас. [18.11-15б]
Дулаттағы көп жүлге Дулатта арна тартады. Дулат тілінің ажары Дулат
сөзінің шырайында тұр. Дулаттағы уайым Дулаттың да сыры болып күңіренеді.
Дулат- Дулаттың ризашылығына анық лайық ақын еді. Дулат кемеңгер
інісіне мадақ дәметуге толық хақылы кісі еді. Есіл жырау, керісінше, Бұқар
бабасы, Шортанбай замандасымен бір сапта данышпан ізбасарынан аяусыз
сөгіс естіді. Жетілген, толған, озған шәкірттің, ұлы дарынның астамсуы
емес (болса да, айып емес), бұл сөгіс- поэтикалық ұлы реформаның
декларациясы еді. Ал бұл жарияның формасы- сөгіс бола ма, мадақ бола ма,
мәселе онда емес. Өлеңі бірі-жамау, бірі-құрауды Дулат анықтап өзі
айтпаса да, Дулат шығармалшылығының рухы жаңа поэтикалық мәдениеттің шырқау
биігі айтар еді. Бұл- ескіні жерлеу емес, жаңаны жарлау. Ал, жарнаманың
тілі жақынды, жатты танымайды- жарық дүниеге жаңа шығу керек. [19.78-79б]
Поэт всегда имеет прешественников, и всегда его с предшественником
соединяет не только традиция, столько отрицание,- дейтін В. Шкловский
сөзінде шындық бар.
Өз жаңалығында толғатқан Дулат та ескілікті ет жақындарын танымай
кетеді. Бірақ, Жаңаның жадында қашанда күңіреніп Көне тұрмақ- ескіні жаңа
ұмыта алмайды. Дулаттың алуан сырмен жаңғырып, сан бояу, мың сәулемен
құбылған поэтикалық ғажайып ғаламында дулаттық ұлы өнердің де нұры шалқып
жатыр.
Егер орыс поэзиясындағы арнау өлең дәстүрі ( ақындар арасындағы) қазақ
поэзиясына сол тұста сіңісті болса, Дулат- Дулат туралы Пушкиннің
Жуковскийге арнаған сөзіндей:
Его стихов пленительная сладость
Пройдет веков завистливую даль,-
деген сыңайда ризашылық, құрмет танытар да ма еді деп ойлаймын. Кім
білген... қайткенде де, әділетті сол еді дейді.
Заманның зарын жырлаған ақындар өлең сөзді қадірлеген, өз өнерінің
бағасын білген. Ақындықтың құдіретін көркем тілмен кестелеп айтқан. Сол
арқылы жыр жүйріктерінің өз бейнесі танылады.
Зар заманның қайғысын зарлап айтпай, зерлеп айтқан Дулаттың тұнық
жыры- қиыннан қиылыстырылып, шебер түзілген ойлы образдар мен айшықты
тіркестерді құрайды. Қазақ поэзиясын биік белеске көтеріп, қара өлеңге жан
бітірген ол шайырлық өнерді пір тұтты. Ақындықтың жемісі- өлеңге зор талап
қойды. Сөз- жібек жіп, жыр- кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз тігіп
баттаса- оның талғам таразысының өлшемін көрсететін бейнелі ұғымдар. Дулат
осы деңгейден бір сәтке төмендеген емес.
Дулат өлеңдерінде дәуірді сипаттайтын кер заман, азған заман
тіркестері қолданылса, Шортанбай кейін тұтас бір ағымның атауына айналған
зар заман ұғымын санаға сіңірді. Халықтың тығырыққа тірелуін кер болдың
кер заманға деп ұқтырған. Дулаттың дәуірінен соң да елдің ахуалы қиындай
түсті. Отаршылдық қамытын еріксіз киген жұрттың зары бірте-бірте үдеп,
қайғы- шер түсінігі замана сипатын аңғартатын балама мағынаға ие болды.
[20.87-89б]
Дулаттың толқынды теңіз заманы, Шортанбайдың текеметтің түріндей
құбылған заман Мұраттың (Мөңкеұлы) тұсында өңін өзгертіп, басқаша сипатқа
ие болған. Дулат осы ұғым арқылы бағдарсыздықты, Шортанбай құбылмалықты
аңғартса, Мұраттың бейнелегені- бет-пердесі айқындалған, нағыз қырсық
шалған, қиюы қашқан заманы екенін көрсеткен.
Дулат Бабатайұлы- туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен
қайталанбас ақын. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау
кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық
білдірген ел басы адамдардың бірі. Ашықтан-ашық күш жұмсап, қару-жарағы
кем, бейқам да бейбіт жатқан байтақ өлкені қарулы күшпен меңгеру, ешбір
себепсіз басып алу саясатына түбегейлі қарсылық білдірген азамат. Отарлау
саясатының қазақ елін талан-таражыға салу, халықтың егемендігін біржола
жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекетіне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін
алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл сыршыл ақын.
Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі
басшылықтан (хандық биліктен), ата- баба жайлаған үйреншікті ғадет-ғұрып,
наным- сенім өзгеріп жатқан ауыр қасірет ретінде танылды. Қоғамның заңды
өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым- қатынас,
сауда-саттық, ақшалы ала-аяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты
ұнамаса, ақынға да соншалықты жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да,
Дулат- өзі жасаған заманға, отаршыл зорлығына, ол қауымға қызмет еткен
әкімдерге, аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халқының
тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын. [21.74-76б]
Дулат Балқаш пен Аягөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге
жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше
оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап
етіп тізіп жүрген.
Өсиет наманы шығарушы Дулаттың қолжазбасынан өзі көшіріп алғанын ғана
баспаға ұсынып отырғанын ескертеді. Бұған қоса, ақын өлеңдерінде,- құран
кітаптарды оқыдым, молдаға жүгіндім,- деген сияқты ұғымдар көп қолданылады.
Өзі сол діни кітаптардың сөзін уағыз етіп, оны білмеген молдасымақтарды
сынайды. Өлең стилінде де ескі кітаби әдебиет әсері байқалады.

Араб, парсы тілінен
Шариғатын білсін деп,
Мұсылманға қаратты
Софыалдияр кітаптан
Сұрап көрің сүрені.
Кітап сөзін тұтпасаң,
Тәңірім ісі қиынды,
Он екі хат жазғанын
Қияға сұңқар таратты

Дулатты өз көзімен көріп, оның өлеңдерін жазып сақтап келген
Шығыстанушы ақындар, сөзуар азаматтарының әсіресе, Ғаббас Байділдәұлы мен
Шәкір Әбенұлының еңбегі ерекше. Бұл азаматтар Дулаттың өзін көрмесе де оны
көрген Байділдә ақсақалдың қолжазбасын сақтап, ғылыми жұртшылыққа табыс
еткен. Байділдә (1839-1919) Дулатты жақсы білетін замандас, өкшелес адам
болған. Ол Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба күйінде сақтап келген.
Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет пен өнер институты қолжазба қорындағы
Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай) соның сақтауы арқылы жеткен.
[22.87б]
Дулат- қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Өзі туған өлкеде тұрып қоймай,
Шығыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі
ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі
өлеңдерді шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші,
жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді
жырлауға ойысқан.
1880 жылы Қазанда шыққан Өсиет нама кітапқа ақынның біраз өсиеттері
мен толғаулары енген. Жалпы көлемі 800 жолдай. Дулаттың өмірі туралы
деректер және өлеңдері біздің дәуірде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен,
ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз алғаш орта
мектепттің сегізінші сыныбына арнлаған С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939
жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің
1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында
Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын
жасады. Дулат шығармашылығы туралы осы жолдардың авторы 1957 жылдан бастап,
зерттеулер жүргізіп келді. Сол тұста жазған кейбір зерттеулеріміз Қазақстан
ҒА-ның Хабаршы журналының 1959 жылғы үшінші санында, 1960 жылы басылған
Әдеби мұра және оны зерттеу деген жинақта жарияланды. Бұрын жарияланбаған
Еспенбет дастаны қалың қауымға табыс етіліп, Жұлдыз журналының 1959
жылғы 5- санында басылып шықты. [23.64б]
Біраз жылдар зерттеушілердің Дулаттың нағыз кертартпа әдебиеті өкілі
санап келгені мәлім. Оны бұл сияқты біржақты түсініктерден арылтып,
шығармашылығына ғылыми баға беріп, әдебиет тарихынан алатын орнын
белгілеуге күш салып келдік. Бұрын баспа бетін көрмеген шығармаларын,
Еспенбет сияқты тұлғалы туындыларын жариялап, ақынның елдік, ерлік,
адамгершілік идеяларының тамыры тереңде екенін айқындадық. Өз заманына орай
ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.
Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді.
Сөйте тұрса да кейбір тілші ғалымдар тарихи шындықты бұрмалап, ақынға
басқаша баға беру талабын сөз қылып жүр. [24.70б]
Дулат шығармашылығна қиянат жасаудың да шегі болуға тиіс. Өсиет
наманың мазмұны ұнасын, ұнамасын, ол- Дулаттікі. Оны шығарушыға айып
тағудан гөрі алғыс айту орынды. Әрине кітапта кейбір полиграфиялық
кемістіктердің, жеке сөздің бұрмалауына, бөгде сөздің араласуы орын алған.
Бірақ жинақ Дулаттың өз атымен шыққан, оның өз стиліндегі туынды екені еш
күмән тудырмайды. Бұл жайларды біз айтыс үшін емес, ақиқат үшін ескертіп
отырмыз. Оны әдебиетші қауым, оқушы жұртшылық дұрыс түсінуге тиіс.
Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандарының өлеңдерімен
салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ өлеңдер, нақыл-өсиет
ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау
және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан.
Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.
[25.41-43б]
Дулат өз елінің патша өкіметіне тәуелділікке түсуіне наразы болған
дедік. Ол бұрынғы кезде аруақты батырлар бар еді. Олар елін сыртқы
жаулардан қорғай алатын еді. Сондықтан да бұл батырлар бар кезде қазаққа
ешбір жау- жоңғарлық та, патшалық та қауіпті емес еді. Енді олар жоқ. Дүние
өзгерді. Хан би, барлық әкім біткен әділеттен айрылып, заман азды, бұзылды,
енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытындылар
жасайды.
Дулат Бірінше сөз деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу
табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді.
Дулат өзінің Бесінші сөз немесе Ата қоныс Арқада деп аталатын
өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол
қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап
келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі
ерлікті, дербестікті мадақтайды.
Жоңғарлардың қанды шабуылына ұрынған қазақ елінің ауыр да қайғылы жайын
ақын былай бейнелейді:

Ел үшін өз жанын,
Ереуілге шыққан ер,
Өлексесін құшақтап,
Қала берді туған жер.

Қанаттан құйрық айрылды,
Қанды көз, қайқы қара кер.
Қара бұлттай қабындап,
Халықты басты қайғы- шер.

Бұл шумақтардан елі, туған жері үшін жанын пида еткен ерлердің аянышты
қазасымен шерлі болған қазақ топырағының бүкіл шындығын аңғарасың.
Жоңғарлардың қазақты Арқадан қуып, сыр бойына босатып жібергенін, сол
қиындықтан қазақ халқы өзінің ерлік күресі нәтижесінде ғана құтылып,
Бұл жолдарға қарағанда, ақын халық жүрегіндегі сөнбейтін сәуле,
үзілмейтін үміт сырларын да түсінетін тәрізді. Халықтың алып күшін, өз
жерін, туған елін қандай жаудан да қорғай алатынын да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман өкілдері мен шығармашылығы
Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Дулат Бабатайұлы өмірбаяны
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
Азаттық жырының ақтаңгері
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Дулат Бабатайұлының өмірі
Пәндер