Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 3

І тарау: Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер ... ... ... ... ... ...
6
1.1 Романның шығармашылық тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Роман және өмір шындығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15

ІІ тарау:
Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.1 Романдағы образдар жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

2.2 Дулат Исабеков шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі монологтар
мен автордың тілдік шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .. 44

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
47

КІРІСПЕ

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданында дүниеге келген. Талантты жазушы, әрі драматург. 1966 жылы
Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1967-68 жылдары телевизия және радио
хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор болып қызмет
атқарады. 1968-70 жылдар аралығында қазақ кеңес энциклопедиясы бас
редакциясында аға ғылыми редактор болып істейді. 1971-76 жылдар аралығында
Жұлдыз журналында бөлім меңгерушісі, 1980-88 жылдары Мәдениет министрінде
репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы болып істейді. Бірер
жылдан кейін қазақ телевизиясының бас директоры. 1992-96 жылдары Жазушы
баспасының директоры қызметін атқарады. 1998 жылдан Қазақ мәдениеттану
және өнертану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалады.
Алғашқы Жолда деген әңгімесі 1963 жылы жарияланды. Кейін 1966 жылы
Бекет, 1969 жылы Ащы бал, 1970 жылы Мазасыз күндер, 1973 жылы Қара
шаңырақ, 1975 жылы Тіршілік атты повестер мен әңгімелер жинақтары,
Қарғын романы жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып
Полынь, Отчий дом, Смятение, Новоселье в старом доме деген атпен
басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, чех тілдерінде жарияланды.
Исабековтың Редактордың қабылдау күндері, Әпке, Ертеңгі күту,
Мұрагерлер, Алыстан келген ананас, Кішкентай ауыл т.б. пьесалары
республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Гауһар тас,
Дермене, Тіршілік повестері бойынша көркемдік фильмдер түсірілді. Ай-
Петри ақиқаты атты повестері мен әңгімелері жинағы үшін 1992 жылы Қазақ
Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Жазушының шығармашылық даралығын, оның
көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды саралап,
туындылардағы мазмұндық бірлік пен түрлі ерекшеліктер үйлесімін, көркем
прозадағы кейіпкердің ішкі жан сезімін беру тәсілдерін дамытуға қосқан
үлесін, оның шығармаларындағы замандас бейнесін ашу, образ сомдау, жалпы
қазақ прозасына қаламгер әкелген әдеби жаңалықтарды айқындауға бағытталған.

Зерттеу жұмыстың міндеттері. Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында көрнекті
орны бар жазушы Д.Исабеков прозасының ерекшелігін айқындау, қаламгердің
шеберлік қырларын, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу,
шығармаларындағы кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдерінің көріну
формаларын зерделеу – бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы міндеттерінің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Д.Исабеков прозасы қазақ әдебиетіне соны
кейіпкерлер, қайталанбас типтер мен характерлер, әсіресе қарапайым ауыл
адамдары образдарының тұтастай галереясын әкелді. Жазушы шығармашылығы
жөнінде құнды пікірлер айтылып, сыни мақалалар көптеп жазылды. Жазушы
шығармаларының жанрлық ерекшелігі, сюжеттік-композициялық құрылымы, стилі,
ондағы кейіпкерлердің адамгершілік сана табиғаты, көркем уақыт пен кеңістік
проблемалары, авторлық позиция және тағы басқа да мәселелер М.Хамзин,
Т.Есембеков, М.Қанафина, С.Таханов, А.Таңжарықова, Ж.Мауытова, және т.б.
еңбектерінде жан-жақты талданды. Д.Исабеков шығармашылығына байланысты
зерттелген біршама диссертациялық жұмыстарды атап өтуімізге болады.
Мәселен, Д.Неталиева Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты атты
зерттеу еңбегінде Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінезді әдеби дәстүр мен
жалғастық аясында анықтап, талдаған.[1,1] Қ.Хамзинаның Қазақ
повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік атты диссертациялық еңбегінде
уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысында 60-80-жылдардағы қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілдерімен бірге Д.Исабековтың де бірталай шығармаларындағы адам
концепциясына көңіл бөлген. М.Қанафина Проблемы творческой
индивидуальности Д.Исабекова деген еңбегінде жеке тұлға мен жағдай
арасындағы тартыс, жеке тұлға мен қоғам арасындағы тартыс жайында сөз етіп
жазушының Қарғын романына осы тұрғыдан және ұлттық характердің берілуі
тұрғысынан келіп, жан-жақты саралаған. [2,2] Ж.Жарылғапов 70-80-жылдар
қазақ прозасындағы адам концепциясы атты диссертациялық жұмысында
жазушының бірқатар шығармаларына экстенциализм тұрғысынан баға берген.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Зерттеу нысаны ретінде
Д.Исабековтің Ескерткіш, Талахан-186, Есепшот, түйетауық және домино,
Шойынқұлақ, Қара шаңырақ, Кемпірлер, Шалдар, Тыныштық күзетшісі,
Ақырамаштан наурызға дейін атты әңгімелері, Гауһар тас, Пері мен
періште, Тіршілік, Сүйекші, Өкпек жолаушы сынды повестері мен
Қарғын романы тағы басқа туындылар алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері.
Дипломдық жұмысты жазу барысында осы тақырыпқа қатысы бар еңбектер
мүмкіндігінше қарастырылды. Атап айтқанда С. Қирабаев, М.Қожахметова, А.
Таңжарықова, Ж. Мауытова, Б.Ергөбек, Қ. Құрманғали, Р.Нұрғали, З.Қабдолов,
Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Қ. Хамзина, Д.Неталиева, Р.Бербібай, С.Асылбеков
және тағы басқа ғалым, жазушылардың ой-тұжырымдары басшылыққа алынып,
зерттеу тақырыбымыздың мақсатына орай пайдаланылды. Кейбір орыс
әдебиеттанушылардың да қажетті пікірлері мен зерттеулері қарастырылып,
ғылыми жұмысыма да мүмкіндігінше пайдаланылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазу барысында негізінен
салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Бұл зерттеу Дулат Исабеков шығармашылығын арнайы
қарастырған ғылыми еңбек болғандықтан, суреткер шеберлігіне, оның өмір
шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ерекшеліктеріне
басты назар аударылды. Өйткені талантты суреткердің шығармалары қазіргі
кезеңнің әдеби-қоғамдық беталысын бейнелеуге ұмтылған шығармалар болып
табылады. Әсіресе сөз зергерінің шығармаларында өмір шындығын таныту, сол
дәуірдегі замандас бейнесін ашу арқылы дәуір келбетін көрсету, сол сияқты
ұлттық психология, әйел кейіпкерінің ішкі жан әлемін бейнелеудегі көркемдік
әдістері зерттеу жұмысымның негізгі жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы әдеби процесті
зерделеу – күрделі де көп қырлы құбылыс. ХХ ғасыр аяғындағы әдебиет, оның
ішінде 60-80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, әрине, іштей
қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет әлеміне келген, өндірте жазған,
туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген жазушылар шығармашылығына баса назар
аудару қажет. Д.Исабеков шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы,
композициясы туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, прозалық туындыларындағы
замандас бейнесін ашу жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта
қарастырылмады. Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау,
шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан дүниесінің иірімдерін бейнелеу
тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті
ашып көрсету, шығармаларын зерттеу барысында замандас бейнесін ашу сияқты
мәселелер жұмысымның өзегі болып табылады.

І. Д. Исабеков – роман жазушы, суреткер
Дулат Исабеков шығармалары – өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде
көріп жүрген құбылыстарды өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік
деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар. Суреткердің арнасынан
асқақтамай, қысқа да жинақы адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер
шынайы суреттелген.
Қазіргі әдебиеттегі кейіпкер кескіні деген тақырып – күрделі, терең
зерттеуді есепке ала отырып сөйлеуді керек ететін тақырып. Кейіпкер
кескіні қаншалықты кесек, көркем, сенімді жасалып жүргенін анықтау,
бұл саладағы жетістіктер мен олқылықтарды әрдайым талдап ашып,
көрсетіп отыру әдебиет сынының парызы, - дейді Р.Бердібай.
Дулат туындылары риясыз таза ақиқат, бөгде қоспасы жоқ мөлдір ақиқат,
өзі жасаған замандағы қазақ өмірінің айнасы. Ол айна халық болмысының сырт
құбылысын, адамдардың сан алуан характерлерінің суретін түсіріп қана
қоймаған, сонымен бірге өмірдің терең ағымдарын, адамдардың рухани бейнесін
де тамаша түсіндірген. Ұлы өзгеріс, қоғамдағы түбірлі өзгеріс жылдарындағы
қазақ қоғамының диалектикасын аша білген. Осы орайда ізденуші жас ғалым
А.Мантаева былай дейді: Жазушы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат
Исабековтің шығармаларын оқыған сайын менің есіме Л.Толстойдың Зерделі,
білімпаз жазушының шығармаларынан адамның жаны, адам жанының күй қозғалысы
мен диалектикасы мәңгілік екені, саясаттың өткінші екені сезіліп тұруы
керек деген жазбасы түседі. Қарғын, Тіршілік, Сүйекші, Гауһартас –
бәрі де социализм салтанат құрған кезеңде жазылған тамаша туындылар. Жазушы
өз заманының қаһармандарын жазды, бірақ ол кеңестік дәуірді дәріптемеді.
Дулат Исабеков шығармаларының құндылығы неде? Меніңше, адамның жаны, адам
жанының күй қозғалысы мен диалектикасы мәңгілік екенін көрсете
білгендігінде.
Дулат Исабековтің уытты да тартымды тілмен жазылған қысқа әңгімелерінен
60-жылдардағы жылымық тұсындағы ой еркіндігін, сөз бостандығын байқауға
болады. Шынында да, Д.Исабеков шығармаларының, әсіресе, оның әңгіме
жанрындағы жазылған туындылары өзі өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығын
шынайы көрсете алғандығымен құнды.
Әрбір дәуір әдебиетіне тарихи құбылыстар мен үрдістерге негізделген
өзіндік ерекшелік, өзіндік стиль, өзіндік бағдар тән. 60-80 – жылдардағы
қазақ прозасы халықтық сөз өнері мен қазіргі заманғы роман дәстүрінің
синтезінде қалыптасып дамыды. Осы кезеңдегі қаламгер шығармаларына арқау
болатын тақырыптар аясына – заман көрінісі, замандас бейнесі, табиғат
қорғау мәселесі, ауыл адамдарының боямасыз шынайы бейнесі негіз болған.
Міне, осындай өзекті мәселелер әдебиет әлеміне өзгеше ой-сезіммен,
әлеуметтік күшімен келген жас жазушының бірі Дулат Исабеков шығармаларына
да басты тірек болды, – дейді А.Таңжарықова.
Сонымен, тіршілік, адам өмірінің мәні, оның қоғамдағы орны, сан-қилы
адам тағдыры, оның сенімі, сезімі, ақыл-ойы, күрес-тартысы – Дулат
шығармаларының негізгі тақырыбы. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір
құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы
туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.
Жазушы Д.Исабеков шығармаларының негізгі идеясы – кейіпкерлердің
қоғамдағы нақты орнына, яғни өмірбаяндық нақты мәліметтерге, тіпті олардың
бастарындағы дәуірлік өзгерістерге пәлендей мән де бермейді. Жазушы
кішкентай адамдардың, қор болғандардың тағдырын көркем әдебиет арқылы
суреттеп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтады. Д.Исабеков үшін кейіпкері,
яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы
жеке тұлға болып табылады.
60-жылдардың ортасына таман сол кездегі Лениншіл жас газетінің екі-үш
нөмірінде Шойынқұлақ атты әңгіме жарияланып, ә дегенде-ақ әдебиет құмар
қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері – қаламгер қауымын елең
еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған. Қилы
пікір, талай қисын тудырған әңгіменің авторы... Д.Исабеков екен, – дейді
Жусан иісі деп аталатын Д.Исабеков шығармашылығы туралы мақаланың
авторлары Оралхан Бөкей мен Шағатай Жаңабай.
Дулат Исабеков қаламынан осы Шойынқұлақ әңгімесінен кейін талай-талай
әңгіме, повесть, пьеса, роман, мақалалар туды. Оқырманын ойлы, жинақы шымыр
шығармаларымен баурап әкететін жазушы әдебиетке әңгімелерімен келді, –
дейді жас ізденуші ғалым Н.Базарбекова.
Бүгінде Исабековтің тұсаукесер туындысы әйгілі Шойынқұлақ әңгімесі
еді. Теңіздің дәмі – тамшысынан деген аталы сөз бар. Бағзы заманда дуалы
ауыз бабалар айтқан осы ақиқаттың мәні мәңгілік екендігіне ешкім шубә
келтірмес. Дарынды жазушы Дулаттың бүгінгі шыққан биігінен өткеніне ой
жіберсек, оның шығармаларының шырайын, шығарған шымырлық пен шеберлік осы
тұңғыш әңгімесі Шойынқұлақтан басталған екен. Жазушының шығармашылық жолы
хақындағы әңгіменің әлқиссасы осы туындыны талдаудан басталатындығы бұл
тұжырымымызға толық дәлел. Сырт келбеті сондай көріксіз, морт мінез, тіпті
топастау көрінген Алданыштың жан сарайы сұлу, нәзік те намысқой жігіт
екендігін Назира қызға ғашық болу тарихы арқылы танып білеміз. Жазушы
атаулы аттап өтпеген қызықты тақырыпты Д.Исабеков өзінше игерген, жаңаша
жазған. Сол себепті де әңгіменің Адамда осындай мінез бен махаббат та
кездесе береді екен-ау! деген соңғы сөйлемін ішіңнен таңдана қайталап,
таңдай қағасың. Көркем шығарманың құдіреттілігі де осындай қасиетінде. Егер
осылайша оқыған шығармаң жадыңда жатталып қалса, оқиғалары әлсін-әлі ойыңа
оралып, мазасыз күй кештірсе, жаныңды толқытса, толғандырса, қашықтырса,
қуандырса, күйіндірсе, қынжылтса, қытығыңа тисе, көңіліңді көкке көтерсе,
жабықтырса, еріксіз езу тартқысса, ойландырса, опындырса, сезіміңді селт
еткізіп, санаңа сәуле түсірсе, өзегіңді өртеп өкіндірсе, ашындырса,
алдарқатса, бақыттың бағасын, өмірдің өткінші екендігін ұқтырса, үмітіңді
жалғап, күдігіңді үздіктірсе, жарық дүниенің жақсылық пен жамандықтан
тұратынын көкейіңе құйса, мына іңкәр дүниеде ізгілік, мөлдір махаббат,
мейірім-қайырым, адалдық барын аңғартса, соған деген сеніміңді арттырып,
ұмтылдырса – міне көркем шығарманың ғажабы, құдірет-күші осында ғой. Ал
көркемдік құдіреті нақ осындай жазушының дарынын дәріптеу, талантына табыну
біле білген кісіге сол қаламгердің қара басына емес, ұлтының бүгіні мен
болашағына қажет кесек мінез, керек мінез. Дулаттың жүрегімен жазылған
шығармаларын оқи отырып, осындай ой-қиялдарға беріліп, тұжырымдар жасауға
болады.
Ізденуші ғалым Алуа Таңжарықова Дулат Исабеков шығармаларындағы ұлттық
таным атты еңбегінде Дулаттың шығармашылығына мынадай баға береді: Жақсы
сомдалған кейіпкер бейнесі, қапысыз тартылған оқиғалар желісі, ең бастысы
қоғамның әлеуметтік тіршілік-тынысын дөп басып айту сияқты сипаттар
Д.Исабеков шығармаларына тән. Қаламгер өз оқырманының жан дүниесіне ене
отырып, адам тағдыры, жұтаңдаған ұлт бейнесін аяусыз ащы мысқылмен қамшылап
көрсетеді. Жазушының тағы бір ерекшелігі оның қай кейіпкерінің ісіне ішіңіз
қынжылса да, жек көріп кетпейсіз. Өйткені Кеңес үкіметі тұсындағы өзіне
танылған жаңалықтар жетегінде кетіп, өзінің кім екенін ұмытуға айналған
аңғал да аңқау қазақтың тіршігіне реніштен гөрі жан ашу, жүрек ауыру сезімі
басым.
Дулат Исабеков – қарапайым ауыл адамдарының бар болмысын аса
сезімталдықпен орынды аша білген – психолог жазушы. Жазушының талантты
қаламгерге тән жазу мәнері, көркем әдебиеттің ең басты және бірден-бір
тақырыбы мен нысанасы – үлкен әріптермен жазылған Адам екендігін әуел
бастан-ақ ұғынамыз. Жазушының өмірдің қатпар-қатпар қалтарысынан зерттеуші
ретіндегі қарым-қабілеті, адам жанының терең иірімдерін қапысыз тани
білетін зерделілігі, сонан соң жастық балғын шағынан, сол кезден бастап-ақ
ол таңдап алған көркемдік бағдар – қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия
қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысана оның барлық шығармаларынан да
айқын аңғарылады.
Тіл – ұлттың жаны. М.Жұмабаевтың: Тілсіз ұлт тілінен айрылған ұлт болып
жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарты –
тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір
ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарих-тұрмысы, мінезі айнадай көрініп
тұрады, – дегенін еске алсақ, ұлттың өмірі, ұлт мінезінің сақталуы бірден-
бір ұлтқа қатысты екенін көреміз.
Қаламгердің шығармаларында социалистік идеологияның басты міндеттерінің
бірі – орыстану, қазақша ойлаудан, сөйлеуден бас тартқызу екенін
әшкерлейтін эпизодтар байқалып қалады. Әңгімелері нақ кеңестік заман
тұсында өмірге келгенімен, парасатты жазушы тілден айырылған ұлттың бірте-
бірте өзіндік ұлтқа тән мінез-құлықты жоғалтқанын ерте сезініп, астарлы
юмор арқылы осы мәселені көтере білді.
Дулат Исабеков – шығармаларында өз халқының кемшілігін көріп, аяусыз
сынай алған батыл жазушы. Ұлттық характерді ашу дегеніміз – сол ұлттың
қасіретін, қарекет, тіршілігін, тағдырын бүркелемей сыртқа шығару. Автор
осынау аса қиын, аса маңызды күрделі мәселеге өзінің көркем туындылары
арқылы жауап іздеуді мұрат тұтқан.
Д.Исабековтің сол кезеңде өмірге келген Тіршілік, Дермене,
Сүйекші, Гауһартас, Кеш туған жұлдыз повестері моральдық-
адамгершілік, этикалық мәселелерді көтерумен ғана емес, сюжеттік
канондарды, характерлерді сомдау тәсілдерін қолдану жағынан да жаңалық
танытты. Мұнда ауыл жастары арасындағы махаббат, сезім мен сенім мәселелері
– жас отаудың қалыптасуы, жас жұбайлардың өзара түсінісуі түрлі сынақтар
арқылы көрініс табады. Образ жасаудағы табиғилық, идея ашуға ықпал жасайтын
сюжеттік желілердің іріктеліп алынуы, моральдық түйіндер өмір шындығына
жақын келеді.
Қазақ әдебиетінде қазіргі өмір шындығына арналып жазылған шығармалар
ауқымы кең. Олар дәуіріміздің маңызды мәселелерін көтерген, қызықты
кейіпкер, жаңа адам бейнесін жасаған. Уақыт өте келе әдебиетімізде кейіпкер
бейнесін суреттеу заман талабына сай кең қанат жайып, жазушы шығармасының
негізгі тақырыбына айналды. Әдеби шығарманың тақырыбы мен сюжеті қоғам
тіршілігінен алынады. Кейіпкер кескінін бейнелеуде, оны толығымен ашып
көрсетуде жазушының өмір шындығын жете зерттеуі қажет. Әрбір заманның
шындығы шежіре боларлықтай оқиғалардан тұрады. Замандас тұлғасын мүсіндеуде
әр жазушы әр түрлі жол табады. Д. Исабеков өз повестерінде қарапайым
адамдар өміріне қалам тартқан, еңбек адам өмірінің қыр-сырына терең
үңіліп, замандас бейнесінің әдебиеттегі болмыс-бітімін қалыптастырған
қаламгердің бірі.
Ғалым, әдебиетші С. Асылбеков Д.Исабеков жайлы мынадай пікір айтады:
Алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардың басындағы модаға
айналған жазушылардың бірі болған Дулат Исабековты біреулер мақтады,
біреулер оның шығармасындағы кейде шеттен шығыңқырап кететін
сентиментализмге күдіктене қарады. Оны мақтаушылар да, оған күдіктенушілер
де қателескен жоқ: алдыңғылар жас суреткердің өзгеше қабілетін көре білсе,
соңғылар сол өзгешеліктің табиғатын жасандылықтан сақтандырды.
Дулат Исабеков – әйелдің ішкі жан иірімдерін суреттеуде өзіндік
соқпағын салған суреткер. Уытты да қарапайым тілмен жазылған қысқа да
жинақы шығармаларында ол әйел кейіпкерлерінің жан дүниесіне бойлай отырып,
оның кәусар бұлақтың сылдыры секілді өзгеше күйін шертуге талпыныс жасайды.
Оның әрбір туындысындағы әйел бейнесі (мейлі ол қыз бала, ана, кейуана)
өзіндік рухани тазалығымен құнды. Әйел бойындағы адамдық қасиетті биік
шыңға көтере отырып, оның арманы мен мақсатын білуге ұмтылады. – дейді жас
ізденуші ғалым А.Таңжарықова.
Ғалым, әдебиетші С. Асылбеков Д.Исабеков жайлы мынадай пікір айтады:
Алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардың басындағы модаға айналған
жазушылардың бірі болған Дулат Исабековты біреулер мақтады, біреулер оның
шығармасындағы кейде шеттен шығыңқырап кететін сентиментализмге күдіктене
қарады. Оны мақтаушылар да, оған күдіктенушілер де қателескен жоқ,
алдыңғылар жас суреткердің өзгеше қабілетін көре білсе, соңғылар
сол өзгешеліктердің табиғатын жасандылықтан сақтандырады
Дулат Исабеков шығармалары - өмірдің өзінен алынып, айналадағы
күнде көріп жүрген құбылыстарды өзіндік құнарлы да қарапайым
тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар.
Суреткердің арнасынан асқақтамай, қысқа да жинақы адамгершілік,
қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген.

Дулат Исабеков табиғат суретшісі ретінде де өзінің авторлық бейнесін
жасаған. Автордың өзінің туған жерінің табиғатын, әсем табиғатын әсірелемей-
ақ, табиғи болмысымен көз алдымызға әкеледі. Көркемдік шеберлектің
арқасында кейіпкер көңіл-күйі мен табиғаттың сипатталуы іштей бір-бірімен
үндесіп, сырласып жатады.

Дулат Исабеков Өкпек жолаушыда табиғат тылсымын философиялық
терең мағына, астарлы сырмен бейнелейді. Сол табиғаттың әрбір деталі автор
бейнесін ашудағы негізгі құралының қызыметін атқарады. Жазушы табиғаттың
кезі мен көркін көлденеңінен көруші болып суреттемейді. Өз көңілі мен
айналадағы дүниенің суретін, сырын шарпыстырып, табыстыра суреттейді.

Д. Исабеков шығармаларында кейіпкерлерінің көңіл-күйін, жан-дүниесін
табиғат көріністерімен шарпыстыра, табыстыра суреттеп отырады. Шығарманың
ішіне кірген сайын сол бірлік, табиғаттың терең мағыналы сырының әсерлілігі
күшейе түседі. Домбыраның қос ішегіндей қатар тартылған Зейнеп пен табиғат
Д. Исабековтей суреткердің шеберлігі мен адам жанының көңіл-күйінен тамаша
сыр шертеді. Әсіресе, кейіпкер тағдырының қысылшаң сәттеті мен шешуші
кезеңдерінде табиғаттың осы күреңсіз кезеңі ғажап үндестік пен үйлесім
тапқан.

Осы арадан бастап табиғат суреттері қоян-қолтық араласып кетеді.
Табиғат суреттері кейде кейіпкердің алдындағы қауіп-қатері мол тағдырын
меңзейді.

Д. Исабеков кейде табиғат тылсымына жан бітіріп, кейіптеу түрінде
береді. Мысалы, Бонапарттың үйленуі әңгімелер жинағындағы Талахан – 186
әңгімесінде:

- Астанадағы күннің жерге төніп, қырдағы қырық шақты үймен жекпе-
жек шайқасып тұрған шағы. Маңайдан жөн сұрайтын тірі жан таппағанына
ашуланған ызалы күн қолына түскен шілде қоңыздың жанын көзіне көрсетіп,
шырқыратып жауып алып жатыр. Көктем өтісімен -ақ өгіз терісіндей тып тыпыр,
көнтақа күйге көшкен адырлы дала от жанында қалған терідей жиырылып барады.

Осы жолдардағы күннің жекпе-жекке шығуы, шілде қоңыздан жауап алуы
арқылы сөйлемге көріктендіргіш мән-мағына үстеп, тілдік тәсіт кейіптеуді
шебер қолданған. Атап айтқанда, шыжыған шілденің ыстық күніне мінез бен
әрекет беріп, жансызға жан бере суреттеп философиялық ой-иірімнің жоғарғы
шегін көрсете білген. Сонымен бірге күнге адам психологиясындағы мінез-
құлықты қатыстыра, құлпыра суреттеу арқыла өмір шындығын жақындата түскен.
Етістіктерінің осы шақта (жатыр), ауыспалы осы шақта (жиырылып бабарады)
берілуі сөйлемдерді жандандыра түскендей. Осы кітаптағы Ай-Петри
әңгімесінен.

Батыс та жоқ, шығыс та жоқ. Айналаң ұшы-қиырсыз теңіз. Уысына
түссең қас-қағым сәтте жұтып қояды да, түк көрмегендей керенау толқыпжата
береді. Ол тұңғиыққа бәрібір – адамсың ба, еркексің бе, сәбисің бе –
таңдап, талғап жатпайды. Мына теплоходтың түбі тесілсе, оны да жұта салады
. Көз алдыңа жанды сурет елестейді. Аузын кең ашып жатқан лақа балық не
жесе де кете береді, оның тоқтауы да жоқ, сұрауы да жоқ. Жоқ болса
іздемейді, келіп қалса кет демейді. Міне, осы жолдарды оқығада көз алдыңа
келетінсурет бірінші осындай. Осы сөйлемдердің етістіктерінің барлығының
ауыспалы осы шақта берілуі жанды суретке одан сайын жан бергендей әсер
қалдырады. Талахан 86 (151 б.) Кеседей-кеседей қызыл, қызғыш жемістер
бүйірін бұрынғыдан да жалаңаштап, көк көрпелерінің арасынан апан басындағы
көп жұртқа бадырая қарап қапты.

Жазушы жаратылыстың жансыз нәрселерін тап жанды нәрселердей етіп
жандылардың істейтін амалдарын жасап, құлпырта суреттейді. Мысалы: Трактор
мені бір жоғары, бір төмен тербеп, тыныш бір дүниеге жетектегендей, ұйқымды
ұйыстыра түседі. Менің мүшкіл халымды көріп, мазақ еткісі келгендей, тау
тасасынан күн де мойнын қылқыйтып сығалай бастады. Тек арықтың ар жағында
шашақ атқан жүгерілердің ғана сыбыр - сыбыр еткендері еситіледі. Яғни бұл
жерде автор трактордың, күннің, жүгерінің бейнесін бейне жанды нәрсе сияқты
етіп суреттеп, көз алдымызға керемет бір әдемі суреттерді елестеді.

Бұл кейіптеулердің барлығының астарында адамдар, адам тағдыры,
тіршілік тартысы жатыр. Дәлірек айтсақ табиғат көріністері тірі әлемнің қам-
қарекетін, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашатын психологиялық сипаттамасы
болып келеді. Автор қолданған тіркестері көркемдігі, кестелілігі дау
туғызбайды. Сөзбен салыңған суреттер.

Автор бейнесі – ол шығарманың тілінен, оның баяндау құрылымынан
көрінеді. Сондықтан шығарманың тілін, баяндау құрылымын талдау арқылы автор
бейнесінің сан алуан қырлары, оның қалыптасу, даму эволюциясын аша аламыз.
Қандай да болмасын мәтінді зерттеу, ондағы тілдік қолданымдардың негізгі
формалары мен типтерін анықтамай, олардың құрылымдық – стилистикалық
ерекшіліктерін, элементтерінің байланыс, қарым-қатынастарының сырын ашпай,
табысты болмақ емес.

Мәтінді құрғанда автор ен алдымен белгілі бір мағына беруді көздейді.
Сондықтан ондағы сөйлемдер мағыналық бірлікте болуы шарт. Алдымен жазушы
белгілі бір мазмұнға сәйкес сөйлем үлгілерін таңдайды. Мақсатына қарай не
іс-әрекетті беру үшін етістік предикаттан құралған сөйлемдерді, не зат, не
сын есім предикаттардан құралған сөйлемдерді өзара байланыстырады.

Көркем шығарма стилін анықтауда шешуші рөл атқаратын міндеттердің
бірі – автор бейнесінің тілдік құралдарымеғн берілу жолдарын ашу, оның
тілдік құрылымын айқындау болып табылады. Өйткені автор бейнесі –
шығармадағы барлық стилдік құралдарды біртұтас тілдік – көркем жүйеге
біріктіруші орталық стилистикалық категория, шығарманың стилистикалық
жүйесінің ішкі діңгегі. Ол – шығарманың ішкі бірлігі мен тұтастығының
арқалы.

Автор бейнесенің көркем прозалық шығармалардағы мәні ерекше.
Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әртүрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор
сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады.

Шығармадағы автор бейнесі дегенде жазушының жеке басын түсінбейміз.
Әрине, жазушының өз туындысынан біліп алып тастауға да болмайды. Себебі
жазушының өмірі, дүниеге деген көзқарасы, оқиғаға, құбылыстарға
шығармашылық қатынасы т.б. оның шығармаларнда ізін қалдырады. Көркем
шығармада жазушының өз бейнесі яғни өмірдегі бейнесі көрінбей, оның орнына
шығармадағы автор бейнесі көрініс табады. Өмірдегі жазушының орнына
әңгімелесуші автордың бейнесі қалыптасады. Яғни шығармадағы автор бейнесі
мен өмірдегі автор мүлдем екі бөлек дүние.

Кез келген шығармалардағы сияқты Д.Исабековтың шығармаларында да
автор бейнесі көзге көрінбей қатысып отырады. Бірақ оның көріну дәрежесі
шығармада бірдей болмайды. Ол жазушының баяндалып отырған жағдайларға
қандай арақашықтық болатынына байланысты.

Дулат Исабековтің шығармаларның өн бойындағы автор бейнесі тек үшінші
жақтық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге бірінші жақ тұлғасында да көп
баяндалады. Автордың өзі, өзінің ойы тек үшінші жақтағы көрінбейтін
кейіпкер арқылы танылып отырылады.

Баяндаудың басқа бір типі де болады. Ол – арнайы баяншы. Кейіпкер –
баяндаушы жазушының рөлін атқарады. Жазушы өз міндетін соған жүктейді.
Кейіпкер – баяндаушы оқиғаларға және басқа кейіпкерлерге өте жақын
болғандықтан, оқиғаларды, кейіпкерлерді әр қырынан көрсете алады.

Дулат Исабеков кейде автор – жазушы кейпінде, кейде автор –
әңгімелеуші тұрғысында көрінеді. Автор – әңгімелеуші баяндауы ғылыми
түсінік бойынша, субъективтік ыңғайға құрылып, табиғилық, нақтылық немесе
асыра бояламалық қасиетке ие болды. Мұндай жағдайда әңгімелесушінің өзіндік
дара тілдік қолданысында ерекшелік болады. Автор өз кейіпкерінің деңгейіне
түсіп, сол сезімді сезінеді, сол әлеуметтік ортада сол ауамен дем алады.

Дулат Исабековтің шығармасында эмоционалды мағына туғызу үшін ойын
жеткізудің әсерлі құралы ретінде сұрақ формалы сөйлемдер көп қолданылған.
Тыңдаушыдан жауап алу мақсаты жоқ. Мақсат – оқырманға ой салу, өзінің түпкі
ойын құптату. Автор бейнесінің толықтай көрінетін тұстары да осындай
философиялық толғамды ойдың берілетін тұстары.

Мұндай сұрақтардың қойылысы Д.Исабеков шығармашылығында мол
кездеседі. Сондықтан да мұны біз автордың стилдік мәндерді беруінің бір
тәсілі деп есептейміз.

Жазушының тіліндегі көркем бейнелі тіркестер, көріктеу амалдарының
әрқайсысы өзінің орнында тұрғандығынан аса әсерлі болып тұр. Сондай-ақ
табиғи сөздер, яғни сөздерді тура мағынасында қолдану арқылы елестете
алатын қабілетті жазушы.

Жазушының қаламынан туған монологтардың мазмұнында жан құбылыстарын
сыртқы әлем тынысымен салыстыру, символдық құрылымға иек арту ұтымды
тәсілдердің бірі болған деп есептеуге болады.

1.1 Романның шығармашылық тарихы.
Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері
ең алдымен сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны ақиқат.Қазіргі таңда,
қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке,
әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан
қаламгерлеріміздің бірі – Дулат Исабеков.
Белгілі қаламгер Д.Исабеков туындыларында қашанда шынайы және жалған
құндылықтар проблемаларын шеше отырып, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің мәнін,
кәдімгі және қатардағы тұлғалардың маңызын айқындайды. Уақыттың тынымсыз
алға өрлеуінің бір көрінісі – ғылыми-техникалық ілгерілеушіліктің шұғыл
дамып, қалыптасқан өмір ағысының өзгертуі. Д.Исабеков те өмір өзгерістеріне
орай алдына әлеуметтік-адамгершілік бастауларын зерттеп, ғылыми-техникалық
төңкерістің адамның рухани әлеміне, қоғамның моральдық күйіне әсерін
көрсетуді мақсат етті. Осы мақсат оны Қарғын романын жазуға әкелді. Жарық
көрген бұл туынды кезеңде қалың оқырман қауымның зор ықыласына бөленген
Д.Исабековтің Қарғын романы әдеби сын тарапынан салқындау қабылданды.
Жазушы романда замандас бейнесін жасаудан гөрі нақты болмыстағы жеке
тұлғаның рухани әлеміне көбірек үңіледі.
Роман жөнінде белгілі ғалым Ш.Елеукенов Д.Исабеков романында өзінің
бірбеткей, әділ, адамгершілік талаптарымен осы заманғы өмір шындығын
эстетикалық тұрғыдан игеруге жаңа үлес қосты, – деп баға береді. [25, 276]
Қарғын романында автор қоғамымызға 70-жылдары тән болған қоғамдық
әлеуметтік мәселелерді кеңінен әрі жан-жақты көрсетуге ден қойған.
Қазіргі заман туралы ұғым романда қоғамдық қатынастардың бірнеше
қабаттарын құрайды: оның ең биіктегі қабатынан еңбекші халықтан шыққан
Көлбай, Теңге, Кенжетай секілді адамдарды көре аламыз, ортаншы қабатында
аупартком хатшысы Қаратай, оның қызы Бағила, жеңгесі Мәлике, жазушы Жасын
Мәдиев, төменгісінде Сәргел мен Тұрғат секілді тоғышарлар ортасы көрінеді.
Романдағы жарқ етіп көзге бірден шалынып, езу тарттыра отырып, көңіл
төріне қонақтап қалатын образдардың бірі - Кенжетай Оразов. Бойының
алыптығына ойының тәуелсіздігін серік еткен бұл жас тракторист бастығының
бұйрығынан жолда қалып, аяғын үсітіп алады. Бұған біреуді кінәлау, басшыға
көктену деген де жоқ. Әрі үлкен басшыға жағымпазданбай адамша тілдеседі.
Ойы таза, табиғи пәк жанмен көптен бері тілдеспеген Қаратай да оған
сүйсініп қалады. Тоғышарлықтың торына шырмалып қалған Тұрғат пен совхоз
директорына бұл жылы қарым-қатынас ақпандағы аяздан бетер ызғарлы әсер
етеді. Жеңіл күлкісін жимай, тракторшы болса да жанынан кітабын
тастамағанына қарап, сол кезең жастарының алдыңғы қатарласымен танысып
тұрғаныңды сезуге әбден болады. Айдалада ақ боранда суық көзі өңшеніңнен
өтердей таныс бейнені көрген Қаратай мұның тегін еместігіне көз жеткізеді.
Жас студент қыздың да, жас тракторист жігіттің де жанын сала оқып, жанындай
қорғаштап жатқан жазушысын Қаратай да білмекке құмар болады. Романдағы
қарапайым халық өкілдерінің осындай әрекеттері олардың өздеріне және
айналасына жоғары талаппен қарайтын белсенді тұлғалар екенін, өз мүддесін
жоғары қою немесе бастықсымақтар алдында құлша иілу оларға жат екенін
көрсетеді.
Иә, адам образына психологиялық талдау жасау өте күрделі проблема. Оқиға
тереңдеп, әрекеттер күрделеніп, драмалық шиеленіске толы ситуацияның тууы -
психологиялық талдауға негіз болады. Осындай жағдайда ғана кейіпкердің ой-
сезімі ішкі монолог арқылы көзі аршылған бұлақ атқылап қоя берсе керек.
Ішкі монолог тәсілінің қолданылғанын аз да болса Қаратай образынан байқау
қиын емес. Оның Қырым жерінде Бағила ауырып қалғанда кешірім сұрауы ішкі
психологиялық монологтың жемісі. Оның Бағила сезіміне іштей қолдау жасап,
қуаттағанын Дулат екі-ақ сөйлеммен шебер аңғартады: – Кінәлмін,
кешір,–деді ол сыбырлап.– Бұрын неге білмегенмін? Әке болған соң білуге
тиіс едім ғой.–Оның даусы дірілдеп, теріс айналып кетті. [26, 184]
Кейіпкердің әрекетке бастайтын ішкі шешімінен жасандылық өрбітпеу –
жазушының адам психологиясын жете білуінің белгісі.
Дулат Исабеков шығармалары – өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде
көріп жүрген құбылыстарды өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік
деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар. Суреткердің арнасынан
асқақтамай, қысқа да жинақы адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер
шынайы суреттелген.
Қазіргі әдебиеттегі замандас бейнесі деген тақырып – күрделі, терең
зерттеуді, күллі жанрдың даму процесін, ізденістерін есепке ала отырып
сөйлеуді керек ететін тақырып. Замандас бейнесі қаншалықты кесек, көркем,
сенімді жасалып жүргенін анықтау, бұл саладағы жетістіктер мен олқылықтарды
әрдайым талдап ашып, көрсетіп отыру жауынгер сынының парызы, – дейді
Р.Бердібай.[3,142]
Дулат туындылары риясыз таза ақиқат, бөгде қоспасы жоқ мөлдір ақиқат,
өзі жасаған замандағы қазақ өмірінің айнасы. Ол айна халық болмысының сырт
құбылысын, адамдардың сан алуан характерлерінің суретін түсіріп қана
қоймаған, сонымен бірге өмірдің терең ағымдарын, адамдардың рухани бейнесін
де тамаша түсіндірген. Ұлы өзгеріс, қоғамдағы түбірлі өзгеріс жылдарындағы
қазақ қоғамының диалектикасын аша білген. Осы орайда ізденуші жас ғалым
А.Мантаева былай дейді: Жазушы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат
Исабековтің шығармаларын оқыған сайын менің есіме Л.Толстойдың Зерделі,
білімпаз жазушының шығармаларынан адамның жаны, адам жанының күй қозғалысы
мен диалектикасы мәңгілік екені, саясаттың өткінші екені сезіліп тұруы
керек деген жазбасы түседі. Қарғын, Тіршілік, Сүйекші, Гауһартас –
бәрі де социализм салтанат құрған кезеңде жазылған тамаша туындылар. Жазушы
өз заманының қаһармандарын жазды, бірақ ол кеңестік дәуірді дәріптемеді.
Дулат Исабеков шығармаларының құндылығы неде? Меніңше, адамның жаны, адам
жанының күй қозғалысы мен диалектикасы мәңгілік екенін көрсете
білгендігінде. [4,3]
Сонау ХХ ғасыр басында белгілі орыс ақыны А.Блоктың Если не жить
современностью – нельзя писать деген тұжырымы біз зерттегелі отырған Дулат
Исабеков шығармашылығын зерделеудегі басты қағида десек те, артық емес.
Өйткені алғашқы әңгімелерінен бастап қазіргі соны шығармаларымен өз
замандастарының ішкі сезімін, жан айқайын, қоғамның өзекті мәселелерін
көрсете білген жазушы туындылары оқырманға ой салады. Заман қысымынан биік
тұрған бөлекше туындылар жөнінде: Әдебиеттің міндеті – адам баласына оның
өмір сүріп, тіршілік етуінің бағыт-бағдарын айқындап, өз тұрғыластарының
ішіндегі өзінің даралық мәнін сезіндіріп, қасаңдықтан қашыртып, тарихтың
құрбандығына айналудан аман алып қалу , – деп жазады И. Бродский. [5,130]
Дулат Исабековтің уытты да тартымды тілмен жазылған қысқа әңгімелерінен
60-жылдардағы жылымық тұсындағы ой еркіндігін, сөз бостандығын байқауға
болады. Шынында да, Д.Исабеков шығармаларының, әсіресе, оның әңгіме
жанрындағы жазылған туындылары өзі өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығын
шынайы көрсете алғандығымен құнды.
Әрбір дәуір әдебиетіне тарихи құбылыстар мен үрдістерге негізделген
өзіндік ерекшелік, өзіндік стиль, өзіндік бағдар тән. 60-80 – жылдардағы
қазақ прозасы халықтық сөз өнері мен қазіргі заманғы роман дәстүрінің
синтезінде қалыптасып дамыды. Осы кезеңдегі қаламгер шығармаларына арқау
болатын тақырыптар аясына – заман көрінісі, замандас бейнесі, табиғат
қорғау мәселесі, ауыл адамдарының боямасыз шынайы бейнесі негіз болған.
Міне, осындай өзекті мәселелер әдебиет әлеміне өзгеше ой-сезіммен,
әлеуметтік күшімен келген жас жазушының бірі Дулат Исабеков шығармаларына
да басты тірек болды, – дейді А.Таңжарықова. [1,90]
Сонымен, тіршілік, адам өмірінің мәні, оның қоғамдағы орны, сан-қилы
адам тағдыры, оның сенімі, сезімі, ақыл-ойы, күрес-тартысы – Дулат
шығармаларының негізгі тақырыбы. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір
құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы
туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. [6,156]
Жазушы Д.Исабеков шығармаларының негізгі идеясы – кейіпкерлердің
қоғамдағы нақты орнына, яғни өмірбаяндық нақты мәліметтерге, тіпті олардың
бастарындағы дәуірлік өзгерістерге пәлендей мән де бермейді. Жазушы
кішкентай адамдардың, қор болғандардың тағдырын көркем әдебиет арқылы
суреттеп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтады. Д.Исабеков үшін кейіпкері,
яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы
жеке тұлға болып табылады.
60-жылдардың ортасына таман сол кездегі Лениншіл жас газетінің екі-үш
нөмірінде Шойынқұлақ атты әңгіме жарияланып, ә дегенде-ақ әдебиет құмар
қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері – қаламгер қауымын елең
еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған. Қилы
пікір, талай қисын тудырған әңгіменің авторы... Д.Исабеков екен, – дейді
Жусан иісі деп аталатын Д.Исабеков шығармашылығы туралы мақаланың
авторлары Оралхан Бөкей мен Шағатай Жаңабай. [7,6]
Дулат Исабеков қаламынан осы Шойынқұлақ әңгімесінен кейін талай-талай
әңгіме, повесть, пьеса, роман, мақалалар туды. Оқырманын ойлы, жинақы шымыр
шығармаларымен баурап әкететін жазушы әдебиетке әңгімелерімен келді, –
дейді жас ізденуші ғалым Н.Базарбекова. [8,89]
Бүгінде Исабековтің тұсаукесер туындысы әйгілі Шойынқұлақ әңгімесі
еді. Теңіздің дәмі – тамшысынан деген аталы сөз бар. Бағзы заманда дуалы
ауыз бабалар айтқан осы ақиқаттың мәні мәңгілік екендігіне ешкім шубә
келтірмес. Дарынды жазушы Дулаттың бүгінгі шыққан биігінен өткеніне ой
жіберсек, оның шығармаларының шырайын, шығарған шымырлық пен шеберлік осы
тұңғыш әңгімесі Шойынқұлақтан басталған екен. Жазушының шығармашылық жолы
хақындағы әңгіменің әлқиссасы осы туындыны талдаудан басталатындығы бұл
тұжырымымызға толық дәлел. Сырт келбеті сондай көріксіз, морт мінез, тіпті
топастау көрінген Алданыштың жан сарайы сұлу, нәзік те намысқой жігіт
екендігін Назира қызға ғашық болу тарихы арқылы танып білеміз. Жазушы
атаулы аттап өтпеген қызықты тақырыпты Д.Исабеков өзінше игерген, жаңаша
жазған. Сол себепті де әңгіменің Адамда осындай мінез бен махаббат та
кездесе береді екен-ау! деген соңғы сөйлемін ішіңнен таңдана қайталап,
таңдай қағасың. Көркем шығарманың құдіреттілігі де осындай қасиетінде. Егер
осылайша оқыған шығармаң жадыңда жатталып қалса, оқиғалары әлсін-әлі ойыңа
оралып, мазасыз күй кештірсе, жаныңды толқытса, толғандырса, қашықтырса,
қуандырса, күйіндірсе, қынжылтса, қытығыңа тисе, көңіліңді көкке көтерсе,
жабықтырса, еріксіз езу тартқысса, ойландырса, опындырса, сезіміңді селт
еткізіп, санаңа сәуле түсірсе, өзегіңді өртеп өкіндірсе, ашындырса,
алдарқатса, бақыттың бағасын, өмірдің өткінші екендігін ұқтырса, үмітіңді
жалғап, күдігіңді үздіктірсе, жарық дүниенің жақсылық пен жамандықтан
тұратынын көкейіңе құйса, мына іңкәр дүниеде ізгілік, мөлдір махаббат,
мейірім-қайырым, адалдық барын аңғартса, соған деген сеніміңді арттырып,
ұмтылдырса – міне көркем шығарманың ғажабы, құдірет-күші осында ғой. Ал
көркемдік құдіреті нақ осындай жазушының дарынын дәріптеу, талантына табыну
біле білген кісіге сол қаламгердің қара басына емес, ұлтының бүгіні мен
болашағына қажет кесек мінез, керек мінез. Дулаттың жүрегімен жазылған
шығармаларын оқи отырып, осындай ой-қиялдарға беріліп, тұжырымдар жасауға
болады.
Ізденуші ғалым Алуа Таңжарықова Дулат Исабеков шығармаларындағы ұлттық
таным атты еңбегінде Дулаттың шығармашылығына мынадай баға береді: Жақсы
сомдалған кейіпкер бейнесі, қапысыз тартылған оқиғалар желісі, ең бастысы
қоғамның әлеуметтік тіршілік-тынысын дөп басып айту сияқты сипаттар
Д.Исабеков шығармаларына тән. Қаламгер өз оқырманының жан дүниесіне ене
отырып, адам тағдыры, жұтаңдаған ұлт бейнесін аяусыз ащы мысқылмен қамшылап
көрсетеді. Жазушының тағы бір ерекшелігі оның қай кейіпкерінің ісіне ішіңіз
қынжылса да, жек көріп кетпейсіз. Өйткені Кеңес үкіметі тұсындағы өзіне
танылған жаңалықтар жетегінде кетіп, өзінің кім екенін ұмытуға айналған
аңғал да аңқау қазақтың тіршігіне реніштен гөрі жан ашу, жүрек ауыру сезімі
басым. [2,2]
Жазушының (Ескерткіш, Бонапарттың үйленуі, Талахан-186, Қара
шаңырақ, Кемпірлер, Ай-Петри ақиқаты, Шойынқұлақ т.б.) әңгімелерінде
көбіне қоғамды тікелей әлеуметтік айыптау, сынау-мінеу жоқ, жазушы
керісінше салқынқанды әңгімеші ретінде көрініп, кейіпкерлерін әлеуметтік
психологиялық типтер деңгейіне көтере сюжеттерді күлкілі ситуация
төңірегінде өрбітіп, үлкен философиялық жинақтауға бас ұрды.
Тыныштық күзетшісі, Ақырамаштан наурызға дейін әңгімелері талант
кемелі, шеберлік өскінін айғақтайды. Нақтылап айтсақ, ерлі-зайыпты тіршілік
кешіп келе жатқан екі адамының жан дүниесінің мүлде екі басқа екенін,
тағдыр айдауымен зорлағандай қосақталып бірге жүргенін психологиялық талдау
тұрғысынан бейнелейді. Кешегі сұрапыл соғыс сау адамды қойып жарымжан
тағдырына қаншалық салмақ салғаны – көлемі шағын Тыныштық күзетшісі
әңгімесінде әдемі ашылады. Ақырамаштан наурызға дейін – бір ауыл
адамдарының мінез қақтығыстарына құрылған. Автор тіршілік жайлы ойын сол
характерлер қақтығысы арқылы аңғартуды жөн көріпті.
Бүгінде соғыс жаңғырығы алыстап кеткенімен, оның адамдар жүрегіне
түсірген улы жарасы әбден жазылып кетті деу қиын. Соғыс салған ауыр
жарақатты – жан жарақатын өз көңіл көзімен көріп, санасында саралап, сол
сын сағатта майысса да сынбаған, қайғының, қасіреттің теңізіне батып
кетпеген қазақ халқының елдегі ерлігін, рухының беріктігін жан-жақты әрі
жаңаша көрсеткен жазушылардың маңдай алдында, әрине, Д.Исабеков тұр. Мұны
оның соғыс тақырыбына жазған шығармасы Тыныштық күзетшісінен айқын
аңғаруға болады. Бұл бар тіршілік-тынысы майданға көмектесіп, ауылда қалған
әйелдер мен қарттардың, ашөзек балалардың жеңіс деген жалғыз тілек жолында
атқарған жанқиярлық еңбегін, олардың қара қағаз алып, қайғы мұңға бата
жүріп те елдікті, адамгершілікті, адалдықты бәрінен де биік ұстап, ұлттың
рухын сақтай білген қарапайым қазақтардың ішкі сезімін жарқырата ашып
берген айтулы шығарма. Осыған орай Д.Исабековтің замандасы, қаламгер
Қ.Құрманғали: Соғыс жылдарындағы күлкіге сараң, мұңға жомарт қысталаң да
ауыр шақтар туралы талай шығармалар жазылған. Алайда Д.Исабековтың
Тыныштық күзетшісі хикаятының жөні бөлек. Әуелде әумесер, жынды Демесін
атанған жігіттің – қан майданына миы зақымданып оралған кешегі жауынгердің
өзі өлсе де жүрекке тастап кеткен өшпес ісі мен ізі қанша қайғы-қасіретке
толы болса да, бұл өзі елдің ерлігін баяндайтын оптимистік трагедия, –
деп баға берген. [9,319]
Осы орайда Оралхан Бөкейдің Бәрі де майдан повесімен салыстыратын
болсақ. О.Бөкейдің геройлары – біздің бүгінгі замандастарымыз. Кәрісі де,
жасы бар – қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді
атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы солардың әрекеті, мінез-құлқы, көзқарасы
арқылы бүгінгі өмір шындығын, оның алуан түрлі сырларын ғана ашып қоймайды,
өткенімізге де ой тоқтатып қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол
характерді шебер ашады, солардың көзқарасы, ұғым түсінігі арқылы дәуірдің
өзекті проблемаларын батыл көтереді, – деп С. Қирабаев баға береді.
[10,177] Бәрі де майдан повесі – Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек
армиясында болғандар мен ауылдағы жесір әйелдер еңбегін көркем бейнелеген
туынды. Яғни, бұл шығарма соғыс кезіндегі тылдағы өмір шындықтарын шынайы
көрсетумен, кейіпкер характерін нанымды жеткізумен құнды. Жазушының
эстетикалық мұраты да Ақан мен Алма сынды абзал жандардың сол бір сұрапыл
кезеңдегі рухани ерлігі мен адамгершілік тазалығын көрсету болған. Дулаттың
Демесіні мен Оралханның Ақаны бір-біріне ұқсас образдар. Оралхандағы Ақан –
жасынан еңбек етіп өскен, саналы өмірін жалтақсыз, бұлталақсыз, адал
өткізген адам. Намысын ешкімге бермейтін, басқаға қиянаты жоқ жан.
Дулаттағы Демесін – жаны жайсаң, ары таза, адал сезімі мөлдір, бар мақсаты
фашистердің көзін жою, жапандағы жалғыз ауылдың тыныштығын күзеткен, сан
миллион адамның өмірі қыршынынан қиылған сол соғыс құрбандарының санына
кірмей қалған көп бейбақтың бірі.
Дулат Исабеков – қарапайым ауыл адамдарының бар болмысын аса
сезімталдықпен орынды аша білген – психолог жазушы. Жазушының талантты
қаламгерге тән жазу мәнері, көркем әдебиеттің ең басты және бірден-бір
тақырыбы мен нысанасы – үлкен әріптермен жазылған Адам екендігін әуел
бастан-ақ ұғынамыз. Жазушының өмірдің қатпар-қатпар қалтарысынан зерттеуші
ретіндегі қарым-қабілеті, адам жанының терең иірімдерін қапысыз тани
білетін зерделілігі, сонан соң жастық балғын шағынан, сол кезден бастап-ақ
ол таңдап алған көркемдік бағдар – қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия
қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысана оның барлық шығармаларынан да
айқын аңғарылады.
Негізі, Оралхан Бөкей мен Дулат Исабековтің қалам тартқан тақырыбы,
қозғаған мәселесі бір, яғни адамды ардақтау, ұлылығын жырлау, бірақ
шығармада оқиға желісінде бұл тақырып әркелкі көрініс тапқан.
Жазушы кейіпкерлерінің жүрек сыздатар аянышты тағдырын түрлі жағдайлар
аясында бейнелеп, тығырықтан шығуға ұмтылған талпыныстарын әсерлі де
аянышты қалыпта суреттеп, оқырман қауымының көңіл таразысына салып отырады.
Мәселен, жазушының Мәңгілік қағида атты әңгімесінде жас жеткіншек
Андастың аянышты халге душар болғандығы жайлы айтылады. Бүкіл ғұмырында не
көрсе де, үнсіз көріп, көндіккен Андас басына түскен ауыр тауқыметті
көтеруге тағы да үнсіз келіседі. Жалғыз тірегі – осы үнсіздіктен
құтқаратын, көңілін жылытатын тәтті арманында аяусыз суық қолдар мәңгілік
тартып алғандай. Әңгіменің Мәңгілік қағида деп аталуының себебі де автор
танымынан туындаған ой-өрнегіне келіп саяды.
Ал О.Бөкей Сайтан көпір повесіне оның өмірдің қандай қиын-қыстау
кездері, қандай ауыр минуттары басқа түссе де, менің жүрегім: Жасай бер,
адам! - деген гимнді шырқаудан танған емес – деген М.Горький сөзін
эпиграф есебінде алуы да тегін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дулат Исабековтың өмір жолы
Жазушы және өмір шындығы
Қазақ прозасындағы жатсыну мәселесі экзистенциализм
Дулат Исабеков драматургиясы
Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Пәндер