Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплдомдық жұмыстың өзектігі:

Дүниетанылым- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі: Дүниетанымның қалыптасуында адам, табиғат, қоғам білімдері тірек болады. Оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам- табиғат аралығындағы қарым қатынас түрлері жайында мағлұмат беріледі. Жас ұрпақ дүниетанылымын қалыптастыруда басқа пәндермен сабақтастығы, байланысы. Өйткені, заман сұранысына сай жеке тұлғалық дүниетанымын қалыптастыруда ұлттық рухани ерекшіліктерді ескере отырып салт-дәстүрді; - бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр.

Жұмыстың негізгі мазмұны. Дүниетану оқушыларды объективті дүниемен таныстырылады, соны үйретеді, сол туралы білім береді: «Дүниетану» пәнінің білім берудегі маңызы - оның мазмұнының негізгі мектепте оқылатын білім жүйесімен сабақтастығында, басқа пәндермен байланысында. Оқу процессінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда берілетін білімнің ғылымилығымен қоса пәнаралық сабақтастық жүзеге асырылады. Бастауыш буын мен негізгі мектеп мазмұнының сабақтастығы оқушылардың бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімінің байланысын күшейтіп, оларды дамыту мақсатын жүзеге асырады.

I тарау. Дүниетануды оқытудың теориялық негізі

  1. «Дүниетану» ұғымының ғылыми негізі.

Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады.

Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі тәрбиеге ықпалы әр түрлі.

«Дүниетаным, дүниеге деген көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мәні мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүиелетен жиынтығы». Дүниетанымның көзі - Білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына б/т. . », «. . адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер» - дейді, философтар Д. Кішібеков пен Ұ. Садықов.

Ғылымы мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам табиғат, қоғам - бір тұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.

Дүниетану ұғымы диалектиалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығына сүиенбей өте алмайды. Дүние -ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол- адам, адам мен адамның қарым қатысы, ол табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол -қоғам, әр қоғамның өркендеуіне, адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.

Дүниетану - «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады.

1. 2 Терең тамырлы тарихы бар халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған, ежелгі мұраларының қай-қасысының да пайда болуында және пайдалануында белгілі бір ғылыми негіз, өркендік-тәрбиелік талғам, табиғат пен адам өмірінің берік байланысын тани білуден туған білімдарлық, талғам мен келісті келбет бар. Адам баласының дүниетанымы талғам түсінігі, әлемнің тұтастығын, өлшемсіз шексіздігін түйсіну адамға етене таныс, қарапайым оқиғалардан бастап суреттеліп, бірте-бірте кеңейеді.

Дүниетаным, адам ойы кеңістігіндегі негізгі және аса күрделі түсініктердің бірі. Дүниетанымның негізін көне грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель салды. Шығыс ойшылдары Қорқыт ата, Әль-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи т. б дүниетаным табиғатын саралауға маңызды үлес қосты. Ақын-жыраулар, олардың әлеуметтік - философиялық дүниетанымы, ойлары халықтың қоғамдық сана-сезімінің қалыптасуына, кейінгі ұрпақты парасатты ұлтжанды рухта тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізеді.

Жұмыстың негізгі мақсаты адамнын туғаннан айнала қоршаған ортаны танып-білудегі іс-әрекеті, кейіннен ата-ана, бала-бақша, мектептің атқаратын қызметі, орнын көрсету.

Дүниетанымның көзі-білім. Адам тіршілігінің көзі- табиғат. Дүниетаным - дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу- танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.

Оқушылардың дүниетанымын дамытуда дүниетану сабағындағы пәнаралық байланыстардың алатын орны ерекше.

Бастауыш сыныптан бастап дүниетану сабағында оқушыларға қарапайым түсініктерді пәнаралық байланыс арқылы түсіндірудің ролін ашу.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс уақытында қоршаған ортаны зерттеп, жаңалық ашуда, проблемаларды шешуде ең алғашқы қадам бастауыш сыныпта дүниетану сабағында қаланатыны белгілі.

Осы уақытта мұғалімнің оқушылар бойында дүниедегі болып жатқан өзгерістерді, құбылыстарды түсіндірудегі орнының ерекше екені белгілі.

Түсініктерді қалыптастырудағы маңызды қадам - балалардың заттың ең маңызды ролін және белгілерін айыра білуге үйрету дағдысын дамыту.

Дүниетану сабағында химиямен байланыстырудағы негізгі мақсат қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсіндіруде қолдану, дамыту. Қоршаған ортаның ластануындағы химиялық заттардың әсерін түсіндіру.

Физика пәнімен байланыстыру өлшеуіш құралдар, физикалық құбылыстарды физикалық қасиеттері туралы түсінік берген кезде қолданып, дамыту.

География пәнімен байланыстыруда қоршаған ортадағы денелер, өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, таулар, қыраттар туралы білім негізі қаланып, әрі қарай география пәнінде күрделене оқитынын айтып, түсіндіру.

Сондай-ақ экология, валеология, астрономия пәндерімен пәнаралық байланыстар да оқушының ойын дамытуға, салыстыру, талдау секілді кабинеттерін дамытып коймай, оқушының сөз қорын дамыта отырып, алғашқы ғылыми түсініктер береді.

II. Негізгі бөлім. Дүниетануды тәрбиелеу және дамыта оқыту

2. 1. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.

Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И. Нұғыманов, Т. Сабыров және т. б өз еңбектерін дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты - оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.

Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып. Оны нақты қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымының негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.

Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерінде, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрюбие процесінде өндірілу тәжірибесінде жасалған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:

  • оқушылар дүниетанымын қалыптастырып оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
  • бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнеміаударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
  • оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
  • бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектеулі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі;
  • осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім беруден әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.

Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.

Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» - пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр.

Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылыми мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми- сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасында байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері- жастардың қандай болуға тиіс екендігін айта келіп, «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалар иелері, биржа делдарлары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады…, »- дейді.

Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді. Осыған байланысты білімнің мазмұның оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс.

2. 2. Дүниетанымның көзі -білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшілігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой- пікірі, білім-деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезім кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. «Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады».

«Таным» - философиялық ұғым, …. Айналадағы материалыдқ шындықты - адам санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние объективті түрде өмір суретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстарғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамиды.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналар, зауыттар мен өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп түғызады. «Адамзат өмір суретін табиғат аясы да азып-тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда».

Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің түкпір-түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Арал теңізінің апаты бүкіл жер жүзіне зиян келтіретіндігі белгілі болып отыр.

Есепсіз кесілген ағаш, есепсіз пайдаланған судың қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны ұшан-теңіз. Ағаштың азаюынан топырақтың құрғап кетуі, судың тартылуынан аса бағалы халық байлығы, балықтың азаюы - осының бәрі де бізді қоршаған дүниеге адам баласының өз қолымен жасап отырған зияны. Пайдалы қазбалар өндірген шахталар орны толмайтын үңгір апандарға айналды. Ол жерлерде тіршілік ететін қаншама тірі табиғат енді келмеске кетті.

Ғылымның дамуы қоршаған табиғи ортаны зерттеп қана қоймай, оның кейбір ерекшелітерін техниканың өркендеуіне пайдалануға мүмкіндік береді.

Осының нәтижесінде аралық ғылымдар пайда болды. Мәселен бионика ғылымы биологияны, техниканы, физиканы байланыстырады. Жаңа ғылым - ғаламдық биология дамыды. Табиғат байлығы, адам еңбегін үнемді пайдалану экологиялық білімі жоғары, дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауымның өсуін қажет етіп отыр.

III. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы

және оның басқа пәндермен байланысы

3. 1. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негізгі бір жолы - пәнаралық байланысты күшейту.

Пәнаралық байланыстың міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыға берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш А. Коменский айтқан-ды. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогтері М. А. Данилов, В. В. Давыдов, Н. А. Лашкарева еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымдар пікірлер айтылды. 1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгері болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыта оқыту міндеті де қойылған. Осы тұста да пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәнаралақ байланысқа ден қойып, бұл саланы көбірек зерттеуге кірісті.

Бағдарламалық талаптарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр уақытта да назардан тыс қалған емес. Себебі пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің жан-жақты меңгерілді, білім сабақтастығы қамтамасыз етіліп, пәнді оқытудың тиімділігі артатыны белгілі.

Пәнаралақ байланысты екі түрлі жолмен іске асыруға болады. Бірінші - уақытылы байланыс, екіншісі- ұғымдық байланыс. Уақытылы байланыс әрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пән бойынша алған ұғыммен күнбе-күн байланыстырып отыру арқылы болса, ол ұғымдық байланыс. Уақытылы байланыс әрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пән бойынша алған ұғыммен күнбе-күн байланыстырып отыру арқылы болса, ал ұғымдық байланыс - әр пәнді оқыту барысында олардың бәріне ортақ ғылыми ұғымдарды солардың бәрінде де қолдануға көңіл бөлу арқылы жүзеге асты. «Дүниетану» деген мағынаға ой жүгіртсек, «тану» сөзі қандай болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін немесе, екінші сөзбен айтқанда оқып, танысып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіруде. Сол арқылы оқушының ми қызметінің белсенділігін арттырып, ізденімпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін білімнің жүйелігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту. Бұл үшін- оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының байланыстылығымен қоса сол сыныпта оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен байланысына да көңіл бөлінді. Бұл берілген ұғымды оқушының тиянақты меңгерін қамтамасыз етуге көмектесті. Байланысты күшейту үшін оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін жаңадан қабылдағалы отырған білімнің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі байқалды.

Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрыңғы білімнің байланысының маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты, құбылыспен оқиғаны, сол сияқты әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін жете тануы үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы отырған затпн салыстыру, талдау, жинақтау арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, тұптастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе отырып байланыстыру да жиі қолданылды. Кез келген пәнді оқыту барысында ұтырлы бөлімін тауып, сабақ желісіне басқа пән мазмұнындағы байланыстылықты, заңдылықтарды кіріктіре кету жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып, оқушылардың ой жемісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндеріне арттыруға жағдай жасалады. Пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын оқып өткен мағлұматты не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау, тиянақтай түсу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім негіздерінің бірлігі туралы пікір қалыптасады.

Сол сияқты пәнаралық байланысты күшейтудің екінші жолы- арнайы жүргізілген кешенді топсаяхаттар екені ескерілді. Мұндай жағдайда ана тілі пәнінің де, табиғаттану пәнінің мүддесіне жарайтындай мазмұндама ұйымдастырылған топсаяхаттар өте тиімділік көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқыту әдістемесі
Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта дүниетанудың мазмұны
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz